Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті



Pdf көрінісі
бет11/60
Дата28.01.2023
өлшемі2,33 Mb.
#63492
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   60
балалар, олардың тамақтануға жұмсалатын шығыстары ішінара өтеледі (40% 
мөлшерінде) – 54 880 адам. 


17 
Қосымша білім беру
35,10%
10,50%
22,90%
27,70%
3,80%
ҚБ қамту (563833)
Мектептегі спорттық үйірмелер (687353)
ҚБ және спортпен айналыспайтын балалар (107036)
Мектептегі үйірмелер (871437)
Спорт мектептері (261580)
Өсіп келе жатқан жеткіншектердің жан-жақты дамуы мен өзін-өзі танытуы, 
кәсіпте және өмірде өзін-өзі айқындауы үшін оның бойында құндылықтар мен 
құзыреттер қалыптастыру қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру 
арқылы жүзеге асырылады. 
Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының білім басқармаларының 
деректері бойынша 2013 жылы қосымша білім беру ұйымдарының желісі 641 
(2011 ж. – 621, 20 ұйымға ұлғайған) болды, оның ішінде: 
- мемлекеттік – 608; 
- жеке меншік – 33; 
- ауылда – 230. 
Қосымша білім берумен қамтылған 6 – 18 жас аралығындағы балалардың 
саны 563 833 адам болды, оның ішінде: 
- мемлекеттік – 559 319;
- жеке меншік – 4 514; 
- ауылдағы 169 151. 
Балалардың қосымша білім беруге қатысу деңгейі Батыс Қазақстан 
облысындағы 83,3%-дан Оңтүстік Қазақстан облысындағы 7%-ға дейінгі 
аралықта құбылады. 
Білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасында балалардың қосымша білім берумен 30-дан 50%-ға дейін қамту 
көзделген. 
Мазмұны жағынан балаларға қосымша білім беру әртүрлі бағыттарды 
білдіріп, әртүрлі салаларды қамтиды. 
Қосымша білім беру жүйесі әлемдік мәдениет пен шығармашылыққа қол 
жеткізуді қамтамасыз етеді. Балалардың шығармашылық жетістіктерін анықтау 
және тарату мақсатында конкурстар, фестивальдер, көрмелер өткізіледі. 


18 
Республиканың қосымша білім беру ұйымдарында 16,6 мыңнан астам 
педагог қызметкер жұмыс істейді, олардың 5,6 мыңы ауылдық жерлерде жұмыс 
істейді. 
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 – 
2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарында балаларға қосымша білім 
беру жүйесін дамыту жөніндегі шаралар көзделген. 
Аталған ұйымдардың материалдық-техникалық базасы жаңартылып
оқытудың жаңа технологиялары енгізіледі. 
Мұның бәрі жеке тұлғаның кәсіпте өзін-өзі тануы мен оқушылардың 
бойында шығармашылық және инновациялық қызметке деген қажеттілікті 
қалыптастыруға ықпал ететін болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет