14
Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін республиканың жалпы білім беретін
мектептеріне енгізу басталды.
Бұдан басқа, «Нұрорда», «Мирас», «Хэйлибэри Астана» халықаралық
мектептері қызмет етеді, олар халықаралық стандарттар мен бағдарламаларға
сәйкес арнайы бағдарламалар бойынша жұмыс істейді.
Көптілді білім беруді енгізу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп келеді.
Көптілді білім беру енгізілген мектептердің саны 2013 жылы 33 мектептен
90 мектепке дейін жетті.
Бүгінгі күні
4033 мектепте (2012 жылы - 3898)қазақ, орыс және шетел
тілдерін оқыту үшін мультимедиалық лингафон кабинеттері бар.
Білім берудің сапасын арттыру мақсатында жыл сайын Оқудағы
жетістіктерін сырттан бағалау (ОЖСБ) және Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ)
жүргізіледі.
Оқудағы жетістіктерін сырттан бағалау 2013 жылғы 9 – 25 сәуір аралығында
төрт пән (қазақ тілі – міндетті, алгебра, физика және шет тілі) бойынша
республиканың
430 мектебінде өткізілді.
Тестілеуге мектептердің
24 601 оқушысы қатысты.
2013 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу ҰБТ өткізілетін
155 пунктте өткізілді.
ҰБТ-ға
95 мың абитуриент немесе өтініш бергендердің 96%-ы қатысты
(2012 жылы 117 мың). Демографиялық себептер бойынша 2013 жылы мектеп
бітірген түлектер 14 мыңға аз болды.
Тестілік тапсырмалардың сапасы едәуір жақсарды.
Республика бойынша ҰБТ орташа балы – 74,5 болды, бұл былтырғы
жылғыға қарағанда 3,5 балға жоғары.
50 балдық шекті деңгейді еңсере алмағандардың саны 14 мың адамға
азайды. Сонымен қатар, 100-ден жоғары балл жинаған түлектердің саны бір
мыңға ұлғайды (2013 ж. – 10787, 2012 ж.– 10127).
7 түлек ең жоғары 125 балл жинады (2012 жылы – 3).
Мұндай оң серпін, ең алдымен, білім беру сапасына қойылатын
талаптардың күшейтілуіне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: