Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі «Болашақ» академиясы


ҚАБЫСПАЛЫ ОРАЛЫМДЫ СӨЙЛЕМДЕРДІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ



Pdf көрінісі
бет26/68
Дата06.03.2017
өлшемі5,4 Mb.
#7947
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   68

ҚАБЫСПАЛЫ ОРАЛЫМДЫ СӨЙЛЕМДЕРДІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ 

 

Жақсылық Н.А. 



№17 ЖББОМ, Теміртау қ., Қарағанды обл., Қазақстан Республикасы 

 

Қабыспалы  оралымды  екі  топқа  жіктейміз:  есім  қабыспалы  оралым;  есімше  қабыспалы 



оралым. 

а) Есім қабыспалы оралым 

Əдеби  тілімізде  қабыспалы  оралымды  жасауға  көбінесе  есімше  тұлғалы  сөздер 

қатынасып отырса, сонымен қатар осындай функцияға есім  сөздер де ие бола алады. Мұндай 

сөздер  оралымды  жинақтап,  өздерін  меңгере  жұмсалған  белгілі  бір  мүшеге  қапсарласа 

айтылады. Меңгеруші сөз əр тұлғада келе береді, соған лайық сол сөйлемнің əр түрлі мүшесінің 

де  қызметін  атқарады.  Есімше  қабыспалы  оралымдағыдай,  мұнда  да  меңгеруші  сөз  көбінесе 

атау түрінде жұмсалады. 

Жидебай мен сай-саласы ағашқа толы Орда тауы мұндайлық зор апатқа ұзақ жылдардан 

бері ұшырап көрген жоқ болатын (К.Оразалин). 

Оралымды  меңгеруші  сөз  басқа  да  септік  жалғауларында  қолданылады. «Ақшаның 

алмайтыны  жоқ»  деген  сенімдегі  Малтабардың  ол  кұрғырға  бірінші  рет  өкпелеуі  осы  ғана 

(С.Мұқанов). 

Қабыспалы  оралымдарды  жасауда  бар,  жоқ  сөздері  де  қатынасып  отырады.  Кейде  бір 

қабыспалы оралым əрі есімше, əрі есім сөздерінің қатарласа жұмсалуымен де жасала береді. 

Үнсіз  түксиген // қабағы  бар // салқын  жүзді  Сағит  сол  жастықтарға  сүйене  отырып, 

жеңге мен шешеге жүзін бермей, қырындай қарап шайды соңырқай тартып отыр. 

Міне,  бұл  келтірілген  сөйлемдердегі  арнайы  белгіленген  сөздер  (негізгі  бөлшектегі 

бастауыштар)  өзінен  бұрынғы  шоғырлана  айтылған  топтарды  тікелей  өзіне  жымдастыра, 

қабыстыра,  меңгеріп  тұр.  Осы  орайда  профессор  С.Аманжоловтың  үйірлі  мүшелердің  жасалу 

табиғаты меңгерілу мен меңгеру принципіне негізделеді деп айтқан пікірін біз де қуаттаймыз. 

Қабыспалы  оралым  құрмалас  сөйлемнің  бір  қанатында,  сондай-ақ  екі  қанатында  да 

қолданыла  береді.  Мына  сөйлемде  оның  алғашқы  қанатта  (бағыныңқы)  жұмсалып  тұрғанын 

байқаймыз. 

Сол  жас  жігітті  көруге  ынтық  Сұлтанмахмұт  төсегінен  тез  киініп,  ауызғы  үйге  шыға 

келсе, қоңқақ мұрын, сом денелі жас жігіт шайын ішіп болып, үстіне сырма тужурка киіп, белін 

қайыс белбеумен шиыршық арттыра тартып буынып, енді шығып кеткелі тұр екен (Д.Əбілев). 

Ал  мына  сөйлем  қабыспалы  оралым  құрмаластың  екі  қанатынан  да  (бағыныңқы, 

басыңқы) орын алған. 

Оны іздеуге я тосуға уақыты жоқ Есқара қаруларын қолына ұстай кейін жүгіріп, аңдыған 

терезенің түбіне таяна бергенде, сыбысын сезіп қалған Дуська шəуілдей жөнелді (С.Мұқанов). 

Қабыспалы оралым негізінен алғанда, белгілі бір сөзді айқындау мақсатында жұмсалады. 

Осыған  орай  да  сөйлем  ішінде  оның  жұмсалуы  айқындалатын  обьектінің  болуымен  тығыз 


157 

 

байланысты  келеді.  Демек,  қабыспалы  оралым  негізгі  сөйлемде  хабарланған  ой  желісінің 



мазмұнын  толықтырып  отырады.  Оны  (оралымды)  айтпасақ  та  сөйлем  мазмұны  бұзылмайды. 

Қабыспалы оралымның басқа синтаксистік категориялардан басты бір айырмашылығының өзі 

де  осы  болмаққа керек.  Осы  тұрғыдан  келгенде  кейбір  күрделі  мүшелерді қабыспалы  оралым 

деп тануға болмайды. 

Енді қабыспалы оралымдардың сол жиі қолданылатын есімшелі жолын талдалық. 

ə) Есімшелі қабыспалы оралым 

Қабыспалы  оралым  жасауда  есімшенің  барлық  тұлғаларының  қызметі  бірдей  емес.  Бұл 

ретте оның əсіресе -ған тұлғалы түрі айрықша қызмет атқарады. Өзге қалған түрлері (баратын, 

бара  тəрізділері)  оралым  құрамында  белгілі  мөлшерде  ғана  ұшырасады.  Өйткені  бұл 

біріншіден,  тілімізде  жалпы  -ған  форматты  есімшенің  жиі  қолданысымен  байланысты  болса, 

екіншіден,  осындай  есімшенің  синтаксистік  оралымдарды  қайырып  тұрудағы  бейімділігінің 

молдығынан  ба  деп  ойлаймыз.  Мұндай  бейімділік  -ған  форматты  есімшенің  есім  сөздерге 

жақын, туыстық қасиетімен де байланысып жатады. Бұл айтылған жай қабыспалы оралымдар 

жайында  əңгіме  болғанда,  негізінен  алғанда,  осы  -ған  тұлғалы  түрін  түсінетінімізді  бекіте 

түседі. 

-ған форматты есімшелі оралым да, сөйлемнің əр алуан типтерінің құрамында қолданыла 

береді.  Алайда  оның  қолданылу  өрісінің  кеңдігі  əсіресе  жай  сөйлем  шеңберінде  көп  болады. 

Қабыспалы  оралымның  жай  сөйлемге  қабаттаса  тіркесуі  оның  мазмұндық  желісін  де 

ұлғайтады, құрылымдық негізін күрделендіреді. 

Қабыспалы  оралымдарға  байланысты  тіліміздің  заңдылығы  бойынша  əдетте  негізгі 

бастауыш (сөйлемнің түп қазығы) өзінен бұрынғы үйірленген мүшелерден кейін қолданылады, 

яғни ол сөйлемнің екінші бөлшегінен орын алып түрады. 

Қабыспалы  оралымды  жинақтаушы  есімше  сөзі  кейде  барыс,  табыс,  шығыс 

жалғауларында  да  кездесіп  қалады.  Мұндай  да  оралым  толықтауыш  қызметінде  жұмсалады. 

Осындай оралымды сөйлемдер де қазақ тіл білімінде əр жақты түсіндіріліп жүр. Əсіресе барыс 

септікті  жолы  біреулермен  жай  сөйлем  қатарына  жатқызылса,  екіншілерімен  ол  құрмалас 

сөйлем  деп  танылады.  Біз  қабыспалы  оралымның  осындай  конструкциядағы  түрін  де 

күрделенген жай сөйлемнің аясында танитын боламыз. 

- Барыс септікті қабыспалы оралым: Жердің үстіндегі Төстік жердің астына түсті дегенде 

соған жолдас болайын деп жолын тосып жүрген адам едім...(«Қазақ ертегілері»). 

-  Табыс  септікті  қабыспалы  оралым:  Құлақ  естігенді  көз  көреді.  Білек  сүріндіре 

алмағанды білім сүріндіреді (Мақал). 

- Шығыс септікті қабыспалы оралым: Мені жақсы көргеннен өзіңше маған да шен бермек 

болғаның ба? (М.Əуезов). 

Атау  түріндегі  қабыспалы  оралымдар  мен  септік  жалғауларын  (ілік,  барыс,  табыс, 

шығыс)  қабылдаған  есімшелі  оралымдардың  айтылу  заңдылығында  айырмашылық  бар. 

Алғашқысында, қабыспалы оралымның жеке өзі дауыс жігімен бөлінбейді, өзі меңгеріп тұрған 

сөзімен ғана оқшаулана айтылады, демек, интонациялық жікте де ұйымдастырып тұратын сол 

атау түріндегі есімшелі сөз болады: Баласы жақсы оқыған Асан бүгін көңілденіп отыр. 

Қабыспалы  оралымдағы  интонациялық  құбылысты  екі  жақты  түсінуіміз  керек:  бірі – 

меңгерілген сөзімен жікке бөлінуі де, екіншісі – өзінің-ақ даралана айтылуы. 

Жанаспалы  оралымдар  деп  отырғанымыз – құрылысы  жағынан  сабақтас  құрмалас 

сөйлемдермен  тығыз  астарласып  жататын  синтаксистік  категорияларды  қамтиды.  Мұндай 

сөйлемдердің  тəуелді  бөлшегінің  баяндауышы  (жасалу  жолдары,  формалық  құбылыстар) 

сабақтас  құрмаласпен  бірдей  түсіп  жатады.  Айтылу  барысында  жанаспалы  оралымдар  жеке 

интонациялық  құбылысқа  ие  болып,  өз  алдына  дараланып  тұрады.  Ал  жазуда  олар  үтірмен 

ажыратылады 

(қабыспалы 

оралымдармен 

салыстырыңыз, 

бұларда 

бұл 


заңдылық 

сақталмайтынын жоғарыда ғана айтқанбыз). 

Жанаспалы оралым қабыспалы оралымдарға қарағанда, əдеби тілімізде жиі қолданылады.  

а) Көсемшелі оралым.  

Жалпы  оралымды  сөйлемдерді  жасауда  көсемше  тұлғалары  активті  қызмет  атқарады. 

Мұның  өзі  біріншіден,  көсемшенің  баяндауыштық  қызметімен  байланысты  болса,  екіншіден, 

оның сөйлем ішіндегі сипаттағыш, амалдық қасиетімен де астарласып жатады. 

Көсемше  оралымды  сөйлемдерді  жеке  қарастырудың  өзіндік  мəні  бар,  өйткені  осындай 

конструкциялар  қазақ  тілі  былай  тұрсын,  кейбір  түркі  тілдерінде  күні  бүгінге  дейін  сабақтас 

құрмалас деп танылуда. 



158 

 

Көсемшелі  оралым  басқа  да  кейбір  синтаксистік  категориялар  тəріздес,  күрделенген 



сөйлемдерді  жасаудағы  ең  өнімді  грамматикалық  көрсеткіш.  Осындай  оралымдардың 

табиғатын жеке ашып алу – құрылысы осы тəріздес амал, себеп т.б. бағыныңқылардан оларды 

ажыратып отыруға мүмкіндік туғызады. 

«Оралымдардың  бағыныңқы  сөйлемдермен  алғашқы  компоненттер  бойынша  құрылысы 

тең  түсіп  жатқанымен,  предикаттық  қатынастары  жағынан  ара  салмақтары  əр  түрлі  болады. 

Көсемшелі  оралым  да,  өзге  оралымдардай,  бір  предикаттық  қатынастың  негізінде  құралады. 

Олай  болса,  көсемше  тұлғасымен  қайрылған  конструкциялы  сөйлемдерді  бір  дəрежеде,  бір 

шеңбердің  бойында  қарастыруға  болмайды.  Əрқайсысы  синтаксистік  байланыстың  берілуіне, 

предикаттық  қатынастың  көрінуіне  байланысты  əр  түрлі  грамматикалық  категориялардың 

қатарынан танылады» [1, 98]. 

Синтаксистік  оралымдарды  жасауда  көсемше  сөздері  қандай  қызмет  атқарса,  есімшелі 

сөз де сондай функцияға ие болады.  

ə) Есімшелі оралым. 

Есімше сөздер жай сөйлемнің баяндауыш қызметін атқарғаннан кейін, құрмалас сөйлем 

компоненттерінің де баяндауышы болады. 

Есімше оралым негізгі сөйлеммен байланысу тəсіліне қарай, негізінен алғанда, екі түрлі 

амалмен  жасалады:  септік  жалғаулары  жəне  көмекші  (шылау)  сөздерімен  тіркесе  жұмсалуы 

арқылы. 


-  Септік  жалғаулы  есімше  оралымдар.  Осындай  сөйлемнің  жасалуында  есімше  сөздері 

кеңістік қатынаста жұмсалады. 

-  Мезгіл.  Оралымды  қайырушы  сөз  -ған  тұлғасымен  аяқталып,  сол  оралым  тұтасымен 

тұрып негізгі сөйлемде хабарланған негізгі ойдың мезгілін білдіре жұмсалады. Сөйлем бойында 

мезгілдік  мəннің  орын  алуында,  басқа  да  оралымдардағыдай,  оралым  мен  негізгі  сөйлем 

баяндауыштарының өзара үйлесе қолданулары əсер етіп түрады. 

- Шарт. Алғашқы оралымды (тəуелді) конструкция кейде негізгі сөйлем мазмұнына шарт 

мəнінде  құрылып  түрады.  Мұндайда  оралымдағы  есімше  сөзі  көбінесе  болымсыз  тұлғада 

келеді. Сөйлемдегі шарттылық мəн кейде мезгілдік ұғыммен астарласа қабаттасып жұмсалады. 

Септік  жалғаулы  есімшелі  оборот  сонымен  қатар  шығыс  септік  формасында  да  жұмсалады. 

Негізгі сөйлем баяндауышы көбінесе етістіктің өткен шақ формаларында келеді. 

-  Көмекші  сөзді  есімше  оралымдар.  Егерде  атау  түріндегі  есімшелер  жанаспалы 

оралымды  жасауға  қатынаса  алмаса,  шылау  не  шылау  мəніндегі  сөздер  сол  есімшелерді 

меңгеру  арқылы  оларды  осы  қызметке  түсіре  алады.  Демек  шылау  сөздерімен  тіркесе 

жұмсалған  есімшелер  жанаспалы  оралымның  құрылысына  ұйытқы  болып  тұрады.  Мұндай 

көмекші сөздер есімшенің атау түрімен, сондай-ақ септік жалғаулы (шығыс септік) түрімен де 

қабаттаса  жұмсалады.  Есімше  оралымның  осы  жолындағы  əсіресе  соң,  кезде,  кейін,  бері, 

көмекші сөздері айрықша қызмет атқарады. Бұлардың алғашқылары (соң, кезде) атау тұлғалы 

есімшелермен  бірге  жұмсалса,  кейінгілері – шығыс  септік  түрімен  тіркесе  қолданылады. 

Сонымен,  есімше  сөздері  де  жай  жəне  құрмалас  сөйлемдерде  баяндауыш  қызметіне 

жұмсалуымен қатар жанаспа оралымды жасауға да қатынаса алады. 

б) Шартты рай тұлғалы оралым. 

Тіліміздегі синтаксистік конструкцияларды ажырата білуде көбінесе шартты рай тұлғалы 

сөзі бар сөйлемдер қиындық туғызады. 

Сөйлем  ішіндегі  шартты  рай  тұлғалы  баяндауыштың  басқа  баяндауыштардан  (есімше, 

көсемшелі  сөздерден)  елеулі  айырмашылығы  бар.  Ол  айырмашылық  ең  алдымен  шартты  рай 

тұлғасында келген баяндауыштардың жақ жалғауын көрсетіп тұруларымен айқындалады. Жақ 

жалғауын  көрсетеді  деу – қимыл  иесін  көрсетеді  деген  сөз.  Демек,  осындай  тұлғалы 

сөйлемдерде грамматикалық бастауыш арнайы айтыла бермесе де, оның қай жақты бастауыш 

екендігі шартты рай баяндауыштан белгілі болып тұрады. 

Шартты  рай  сабақтастан  да  жалпы  сабақтас  құрмалас  сөйлемге  тəн  заңдылықты  талап 

етеміз.  Ол – сабақтас  құрмаластың  əрбір  синтаксистік  компонентінде  грамматикалық 

бастауыштың  болуы.  Егер  шартты  рай  сөйлем  бұл  талапқа  жауап  бермей,  ортақ  бір  ғана 

бастауыштың  төңірегінде  кұрылса,  оның  сабақтас  құрмалас  бола  алмағандығы.  Мəселен, 

үлгерсем,  келемін  тəріздес  бір-ақ  жаққа  байланысты  айтылған  сөйлемдер  кейбір  еңбектерде 

сабақтас құрмалас деп танылады. 

Шартты  рай  оралымдағы  негізгі  сөйлеммен  əр  түрлі  мағыналық  белгіде  жұмсалып, 

жалпы  сөйлем  мазмұнына  əр  түрлі  айқындық  енгізіп  тұрады.  Шартты  рай  тұлғалы  сөздер 



159 

 

көбінесе  шарт  мəніндегі  оралымды  сөйлемдерді  жасауға  қатынасса,  сонымен  қатар 



қарсылықты, мезгіл жəне салыстырма мəніндегі оралымды сөйлемдерді де жасауға қатынасады. 

Мұның өзі шартты рай тұлғалы сөздердің сөйлем ішіндегі синтаксистік қызметінің əр жақты да 

алуан түрлі болып келетіндігін байқатады. 

в) Қимыл есімді оралым. 

Оралымды  сөйлемдерді  жасауға  етістік  тұлғалары  қатынаса  алады.  Мұндайда  қимыл 

есімдері  жеке  өзі  тұрып  не  болмаса  көмекші  сөздермен  қосыла  айтылып  оралымды  бөлшекті 

қайырып тұрады. 

Қимыл  есімді  оралымды  сөйлемдер  -ысымен  жұрнағы  жəне  тұйық  райлы  етістіктің 

көмекші  сөздерімен  тіркесе  қолданылуы  негізінде  мезгілдік  мəнге  ие  болады.  Алайда 

əрқайсысында  мезгілдік  мəннің  көрінісі  əр  түрлі  болып  келеді.  Мəселен, -ысымен  тұлғасы 

арқылы  жасалған  оралымды  сөйлемде  хабарланған  оқиға,  əрекеттердің  орындалу  мезгіл 

мөлшері  бірінен  соң  бірі  келіп  отырады,  яғни  оралымдағы  белгілі  бір  оқиға  орындалғаннан 

кейін барып негізгі сөйлемдегі ой желісі орындалатын болады. 

Қимыл  есімді  оралымды  сөйлемдер  тұйық  райлы  етістіктің  үшін  шылауымен  тіркесе 

берілгенде, мақсат мəнінде жұмсалады. Осыған орай негізгі сөйлемнің баяндауышы да үйлесіп 

жұмсалып, ол да кейде, керек модаль сөзімен қосыла айтылған тұйық райлы етістікпен беріледі 

[2, 57]. 

Сонымен,  синтаксистік  оралымдардың  аталған  тармақтары  күні  бүгінге  дейін  қазақ  тіл 

білімінде,  сондай-ақ  кейбір  түркі  тілдерінде  де  сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  бағыныңқы 

сыңары ретінде танылып келеді. Бұған ең басты себеп – қабыспалы оралымда сөйлемдік қасиет 

–  бастауыш  пен  баяндауыш  бар  делінсе,  жанаспалы  оралымның  құрылысы  бағыныңқы 

баяндауышының жасалу жолдары мен ұқсас түсіп жатады деліну. 

Оралымның  жеке  өз  бойында  субъект-предикаттық  қатынас  болмайды,  мұндай  қатынас 

тек бүтіндей сөйлем бойынан ғана көріне алады. Бағыныңқы сөйлемдер мен оралымдардың бір-

бірінен ажыратылатын шегі де осы жерде жатыр деуге болады. 

 

Əдебиеттер тізімі: 

1. Шəкенов Ж. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар. – Алматы: Ана тілі, 

1991. – 360 б. 

2. Сауранбаев Н. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 

418 б. 


 

 

ƏОК 81(091) 



 

ЕСКІ ҚЫПШАҚ ТІЛІНДЕГІ МЕЗГІЛ ҮСТЕУІНІҢ ДАМУЫ 

 

Жалдыбаева А.Ж. 



«Болашақ» академиясы» ЖММ, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы 

 

Ескі  қыпшақ  тілінің  үстеулерін  сұрыптағанда,  оларды  арыда  Алтай  тілдері,  беріде  көне 



түркі  тілі  жəне  жаңа  түркі  тілімен,  сондай-ақ  бүгінгі  қыпшақ  тілдерінің,  оның  ішінде  қазіргі 

қазақ тілінің үстеу сөз табына сүйене отырып қарастырдық. 

Мезгіл  үстеулеріне  тоқталғанда,  Э.Н.  Наджиптің  «Тюркоязычный  памятник XIV века 

«Гулистан» Сейфа Сараий и его язык» атты шығармасындағы үстеулер туралы: «В нашем же 

памятнике  такие  наречия  образуются  от  слов,  означающих  не  только  времена  года,  но  время 

вообще, а также определительных словосочетаний с временным же значением и от некоторых 

прилагательных  и  существительных  не  имеющих  отношение  ко  времени»  деген  пікірі  еске 

түседі [1]. Ол бұл пікіріне дəлелді мысалдар келтіреді:  



Axşamin karvan bir jerga jetti 

«mağrib vägtin bir ağac tübüna jetip jattım» 

Бұл мысалдардағы “ахşamin, mağrib”сөздері мезгіл үстеулері болып табылады. 

Осы кезеңде «-ın//un» қосымшасы арқылы да мезгіл үстеулер жасалған: 

«Ol biliksiz küzdüzün kim šäm’ï kafüri jägar» 

Осы «in/un» қосымшасы  арқылы  «жалғыз»  деген  сын  есімнің  «үстеуге» (сын-қимыл) 

айналғанын жəне оның сөйлемдегі орнын көрсетіп берген. 



160 

 

Э.Наджип: “От  слов  ﮎﻮﻧ kün и  تﻮﻧ tün при  помощи  этого  аффикса  образуется  парное 



наречие 

ذﻮﻧ


تو

 

ﮎوذو  ن



  künün tünün  “днем  и  ночью”,  однако  каждый  компонент  этого  парного 

наречия  самостоятельно  не  употребляется.  От  kündüz  “днем”  образовано  кündüzün c тем  же 

значением” 

اﺮﺗﺎ  ерта- äртä “утро”,  а  в  сочетаний  с  аффиксом  принадлежности 3 лица  ﺳى si образует 

производное наречия اﺮﺗﺎ ﺳى со значением “утром следующего дня”  

Еrtasin äräb ni kordi lär (на следующий день утром увидели араба) 



Tang “заря”  в  местном  падеже  в  сочетаний  с  аффиксом  принадлежности 3-го  лица 

образует tangdasi (на следующее утро)”, -деп жазады [1].  

Ескі  қыпшақ  жазба  ескерткіштерінің  ішіндегі  ең  көнесі  жəне  ең  маңызды  орын  алатын 

гот  жазуымен  жеткен  “Кодекс  Кумманикус”  шығармасында 97 үстеу  сөз  қолданылған [2], 

олардың ішінде мынадай мезгіл үстеулері бар: авалы - əуелі, һаркіз-əрқашан, ақшам – ақшам, 

һергіз - ешуақытта, анүз - қазір, бурун - бұрын, бүгүн - бүгін, енді - е нді, ерте - ерте артынча - 

артынша , йай(ы)н - жазда, күзүн – күзде. 

Араб жазуымен жазылған қыпшақ тіліндегі көркем шығарма болып табылатын “Хұсрау -

Шырын” шығармасындағы мезгіл үстеулер [3]: 

Йылда –жылда 

Тамашасыз кечүрмäз йылда бір дäм 

Тамашасыз өткізбес жылда бір дəм  

Сабыр ет, ісің бітер ақыры  

Жүсіп Баласағұнның Құтты Білік” шығармасында кездесетін мезгіл үстеулер: 

Aşnu – бұрын 

Bu tüş ilmi bilgü kerek aşnu ked  Түс ілімін аса жақсы білген жөн, 

yöre bilse ötrü idi saknu ked Сонсоң бəрін жорып, сезіп жүрген жөн [2]. 

Махмұд  Қашқаридің  Түркі  сөздігі  атты  шығармасында  кездесетін  мезгіл  үстеулер 

санаулы ғана ахшам, ашам (ақшам), еrte (ерте), өң (бұрын, алдымен), ілк (əуелі, алдымен), күz 



(күз), емді (енді) үстеулері кездеседі [4]. 

Өң –бұрын, алдында 

Ol menden өңdүn bardы: Ол менден өңдүн барды - Ол менен бұрын барды. 



Ілк - əуелі, алдымен Ilk sen barғыl: ілк сен барғыл - Əуелі сен барғын. 

“Көне түркі сөздігінен” [4]: 

ürdin beri – издавна, ür keč – давно 

jïllar ajlar ertgäli ür keč boltï – давно прошли годы и месяцы  

Bu kün – сегодня 

Bu kün barγïl – иди сегодня  

Burun – раньше 

Burun ïdγum erdi qamuχ edgülüg – прежде я должен был отсранить всякое блогополучие  

Ахмет  Йүгнекидің  Ақиқат  сыйы  ”  еңбегінде  де  мезгіл  үстеулер  көп  дей  алмаймыз. 

Мəселен, бүгүн (бүгін), йарын (ертең), ерта (таңертең), кеча (кешке), оза, бурун (бұрын), емди 

(енді)  деген  сияқты  мезгіл  үстеулердің  бар  екенін  Ə.Құрышжанов  пен  Б.Сағындықовтың 

еңбегінен көре аламыз [46, 149-150]. 

 ﻴ وﻖ ﺒ ﻮ د وﺬﻴﺎ ﺬﺎ ﺬآى

ﻴﺎ ﺮﻴ ﻦ


 

 ﺒ ﺎ ر


ﺒو آوﻦ

  

Бұл дүние бүгін бар , ертең жоқ.  



Енді осы үстеулер көне түркі тілінде қандай тұрпатта қолданылды екен?  

Күлтегін” ескерткішінде:  

Күнтүз –күндүз, емті – енді, йіче- тағы, екін-екін, кісре-содан кейін. Мысалы: “Ол сабығ 

есідіп,  түн  удысықым  келмеді,  күнтүз  олурықым – Ол  сөзді  (хабарды)  естіп,  түн  ұйқым 

келмеді,  күндіз  отырғым  келмеді ”; “Иуғзы – сығытчы:  өңре  күн  тоғсықда  Бөклі  чөлліг  іл 

табғач, түпүт, апар, турум, қырық аз, үч қурықан, отуз татар, қытан, татабы бурча будун 

келіпен, сағтамыс, йығламыс.  

Мезгіл  үстеулерінің  ішіндегі  “күндə” (күнде), “ертəдəн”(ертемен)  үстеулерінің 

жасалуынан  морфологиялық  өзгерістердің  əсерін  көруге  болады.  Яғни  үстеу  сөздердің 

морфемалық  құрамының  өзгермей  (күн-де,  ерте-мен),  мағыналық  тұрғыдан  өзгеріп  тұрғанын 

көреміз.  Мұндай  процесті  декорреляция  процесі  дейді.  Декорреляция  сөздің  морфемалық 

құрамын  өзгертпейді,  сөз  морфемаларға  алғашында  қалай  мүшеленсе,  қазірде  де  солай 

мүшеленеді. Осы процесс арқылы үстеулер құрамында жүретін аффикстер жайлы К.Ахановтың 

пікірін  келтіре  кеткен  орынды: “… босқа,  текке,  бекерге,  бірге,  кешке  деген  сөздердің 



161 

 

құрамындағы  барыс  жалғауы (-қа, -ке, -ға, -ге)  сөз  түрлендіруші  (сөздерді  байланыстырушы) 



қызметінен  айрылып,  аталған  үстеулердің  құрамындағы  сөз  түрлендіруші  аффикске  айналған 

[6]. 


Түйіндей  келе,  ескі  қыпшақ  тіліндегі  мезгіл  үстеуінің  дамуы  мен  қазіргі  қазақ  тіліндегі 

үстеулердің арасындағы байланыстың ортақтығы байқалады.  

 

Əдебиеттер тізімі:  

1. Наджип Э.Н. Тюркоязычный памятник ХІҮ века “Гулистан” Сейфа Сарайи и его язык. 

– Алматы, 1971. 

2. Құрышжанов Ə. Ескі түрік жазба ескерткіштері. – Алматы, 2000.  

3. Ибатов А. Құтыбтың “Хұсрау уа Шырын” поэмасының сөздігі. – А., 1976. 

4. Махмуд Қашқари. Түркі сөздігі. (Құраст. А.Егеубаев). – Алматы,1997.  

5. Құрышжанов Ə., Сағындықов Б. Ахмет Йүгнеки “Ақиқат сыйы”. – Алматы, 1985. 

6. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы, 2003.  

 

 

ƏОК 81”373; 001,4 



 

КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДАҒЫ АНАФОРА МЕН ЭПИФОРАЛЫҚ ҚОЛДАНЫСТАР 

 

Жикеева А.С. 



№13 ЖББОМ мұғалімі, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы 

 

Сөз 



қолданудың 

оңтайлы 


тəсілі 

ретінде 


ақын-жазушыларымыз 

поэзиялық 

шығармаларында  қайталауларды  көптеп  қолданып  келеді.  Соның  ішінде  мағыналы  бір  сөздің 

толығымен  қайталанып  қолдануы  көптеп  кездеседі,  ойымызды  дəлелдеу  үшін  лексикалық 

анафора, эпифораларға талдау жасап көрейік. 

Ортақ өсу - өткелім, 

Ортақ аңыз – ертегім, 

Ортақ күңгірт өткенім, 

Ортақ жарқын ертеңім, 

Ортақ дұрыс – терісім... (Қ.Мырзағалиев). 

Осы  өлең  жолдарында  «ортақ»  сөзі  əр  жолдың  басында  қайталанып  келіп  отыр.  Автор 

мұнда  сөз  таба  алмағандықтан  «ортақ»  сөзін  əр  жол  сайын  қайталап  беріп  отырған  жоқ. 

Керісінше,  осы  «ортақ»  сөзіне  жұрттың,  көпшіліктің  назарын  аудару  үшін  қайталанған.  Яғни 

автордың айтайын деп отырғаны біздің қоғамымызда жер бетіндегі барлық байлық, барлық зат 

адам  баласына  ортақ  екендігі,  сондықтан  автор  «ортақ»  сөзіне  ерекше  акцент  беріп,  əр  жол 

сайын қайталанғаны байқалады.  

Келесі  шығармаға  тоқталар  болсақ,  Ə.Мариям  адамшылықтан  шығатын  əйел  емес. 



Мариямда  жасырын  сыр  болуға  тиісті  емес.  Мариям  шынын  айтады.  Мариямнан  анығын 

естісе ғана Раушан басты улатқан жұмбақты шешіп көңілін жұбатпақшы (Б.Майлин). 

Ал  мына  үзіндіде  «Мариям»  сөзі  əр  жолдың  басырда  қайталанып  отыр.  Автордың 

мақсаты – Мариямның  жақсы  қасиеттерін  көрсету.  Мариямның  ешнəрсе  жасырмайтынын, 

өтірік  айтпайтынын,  айтқаны  анық  болатыны  сияқты  адамгершілік  қасиеттерін  ерекше  атап 

көрсету.  Сондықтан  «Мариям»  сөзін  əр  жол  сайын  қайталайды.  Сол  сөздердің  (Мариям) 

бірнеше  сөйлем  қатар  келгенде,  солардың  əрқайсысында  айтылмай,  біреуінде  ғана  жіберуі 

əбден мүмкін. Сондықтан автор əр жол сайын қайталайды. 

Қызғандым оны дауылдан, 

Қызғандым оны ағыннан, 

Қызғандым, жастан, кəріден, 

Қызғандым жұрттың бəрінен. 

Өзіңнен шыққан сол сырды 

Келемін сақтап əлі мен (С.Мəуленов). 

  Жаңа шумақта қайталанып келіп отырған сөз – «қызғандым». Бұл үзіндіден де алдыңғы 

жайды аңғаруға болады. Демек, «қызғандым» сөзін бір ғана жолда қолданса, автордың мақсаты 

айқын орындалмаған болар еді. Автор «қызғандым» сөзін əр жол сайын қайталау арқылы, сол 



162 

 

сөзге  ерекше  леп,  акцент  беріп,  жұрттың  назарын  сол  сөзге  аударып  отыр.  Ақын  сыр  сақтай 



білу керек екендігін айтады.  

Көркем шығармадағы лексикалық эпифораға тоқталатын болсақ:  

 Өледі кімдер, туады кімдер, 

Батады күндер, шығады күндер. 

Семеді гүлдер, өседі гүлдер, 

Келеді күндер, көшеді күндер. 

Өмірде қымбат асылдар – күндер 

Өмірде қилы ғасырлар – күндер... (М.Мақатаев) 

Мұнда  «күндер»  сөзі  əр  жолдың  аяғында  қайталанған,  сондықтан  бұл  лексикалық 

эпифораға  жатады.  Автор  «күндер»  сөзін  уақытпен  байланыстырып,  сол  сөзге  ерекше  леп 

беріп, өлеңнің оқырманға əсерін күшейту мағынасында қолданылған. 

 Бізге елдің еңбекші табы қымбат, 

Бостандыққа бет алған жағы қымбат, 

Екіталай жерлерде көзге ұшырап, 

Жол тапқан ер сынбатты жаны қымбат (С.Мəуленов). 

Осы  көрсетілген  шумақта  қайталанып  келіп  отырған  сөз  «қымбат». «Қымбат»  деген 

сөздің өзі адамға жағымды, ұғымды естіледі. Автордың айтып отырғаны – біздің елдің еңбекші 

табы. Сол еңбекші таптың арқасында біздің бостандыққа қолымыз жетіп, қиын-қыстау сəттерде 

жол  тауып  отырғанымызды  айтады.  Сол  себепті  автор  «қымбат»  сөзін  əр  жолдың  аяғында 

қайталап  отыр. «Қымбат»  сөзіне  жұрттың  назарын  ерекше  аудару  үшін  шеберлікпен 

ұйқастырылған.  

Синтаксистік  анафорада  сөз  тіркесі  немесе  сөйлем  қайталанып  келетіні  көркем 

шығармада жиі ұшырасады.  

Сөйлем немесе сөз тіркесінің қайталанып келуі кездейсоқ құбылыс емес. Олар неше рет 

қайталанып  келсе  де,  белгілі  дəрежеде  стильдік  қызмет  атқарады.  Осындай  қайталаудағы 

сөздердің  əрқайсысының  өзіндік  қолданылу  ерекшелігі  танылып  отырады.  Мұндай  жай  сол 

қайталауларды контекс ішінде тұтастай алып, стилистикалық, грамматикалық талдау жасағанда 

анық байқалады. 



Өмір жайлы сұрай берме сен менен 

Өмір жайлы əлі зерттеп көрмеп ем. 

Өмір жайлы білгің келсе қартқа бар, 

Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген, 

Жесір келін бір нəресте көрмеген, 

Жетім шалды бала орнына тербеген, 

Өмір жайлы не түсінем мен деген... 

Өмір жайлы сұрай берме сен менен. 

Өмір жайлы білгің келсе, қартқа бар, 

Өміріне кегі кеткен өлмеген. 

Жалған айтып тағылғанда көлденең, 

Ақиқаттың аппақ туын бермеген (М.Мақатаев). 

Мұнда  қайталанып  тұрған  сөз  тіркесі – «өмір  жайлы».  Бұл  тіркес  əр  жолдың  басында 

қайталанып тұр. Автор Ұлы Отан соғысы біткеннен кейінгі елдегі қалған жесір келін мен жетім 

шалдың  басынан  өткізіп  жатқан  ауыртпалықты, «өмір  жайлы»  деген  өлең  тіркесінен  бізге 

жеткізіп  тұр.  Сол  себепті  автор  осы  сөз  тіркесін  əр  жолдың  басында  қайталап,  оқырманның 

назарын сол сөзге аударып тұр. 



Суық күн, 

Ақша қармен жерді жапқан, 

Суық күн, 

Жұрт жүрегін қалтыратқан. 

Суық күн, 

Ұлы Отанның жүрегіне 

Жау жендет жасырынып бір оқ атқан. 

Суық күн, 

Сұмырайды көргенге жек: 

Қатты ашу, мұзға айналды, қайнаған кек (І.Жансүгіров). 

163 

 

Автор  əр  жолдың  басында  «суық  күн»  сөз  тіркесін  қайталап  отыр.  Осы  тіркес  жұрттың 



назарын  өзіне  аударып  тұр. «Суық  күн»  дегеннің  өзі  бір  түрлі  суық  естіледі,  жүрегіңді 

қалтыратады, мұздатады. Ұлы Отанымызға жаудың оқ атқан күнінде автор «суық күнге» теңеп 

отыр. Жалпы, «суық күн» дегеннің өзі жаныңды түршіктіретін күн.  

Бұл жерде күңіреніп ел тұрыпты, 

Бұл жерде көз жасынан сел тұрыпты, 

Бұл жерде Разиннің басын шауып, 

Бұл жерде Пугачевті өлтіріпті (С.Мəуленов). 

Мұнда қайталанып тұрған сөз тіркесі «бұл жерде». Осы тіркеске автор жұрттың назарын 

аударып  тұр.  Сол  жерде  болған  оқиғаны,  тарихи  жағдайды,  елдің  күңіренгенін,  төккен  көз 

жасын  айтып  отыр.  Сондай  жерді  жұрттың  есіне  салып,  барлық  назарды  сол  жерге  аударып 

отыр. 

Синтаксистік  эпифораны  ақын-жазушыларымыз  тек  жолдың  басында  ғана  қайталап 



қоймай, сондай-ақ жолдың аяғында да тамаша қайталап қолдана білген. 

Кімде-кім  ақыретте  де,  дүниеден  де  қор  болмаймын  десе,  білмек  керек;  еш  адамның 

көңілінде екі қуаныш бірдей болмайды, екі ынтық, құмарлық бірдей болмайды, екі қуаныш, екі 

қайғы – олар  да  бірдей  болмайды  (А.Құнанбаев).  Бұл  Абайдың  «Отыз  төртінші  қара  сөзінде» 

айтылған. Автор дүниеде қор болмаған адам ақыретте де қор болмайды дейді, ол үшін білмек 

керек. Мұнда қайталанып тұрған тіркес «бірдей болмайды». Бұл тіркестің «бірдей болмайды» 

бірнеше адам қатар келгенде солардың əрқайсысында айтылмай біреуінде ғана ұшырасуы ойды 

түсініксіз,  күңгірт  етіп  жіберуі  əбден  мүмкін.  Сондықтан  əр  автор  əр  сөйлемнің  соңында 

қайталап отыр. 



Барып  қайтқан  жері – осы  тұрған  Қазалы.  Біріне-бірі  есептерімен  аңырайысып, 

соқырайысып  қарайтын  үйме-жүйме  белуарлап  сыз  тартып  тұратын  сұр  балшық  Қазалы. 

Түйелі керуендей шұбалып өретін түтіндері тоғысып жататын Қазалы (Ғ.Мүсірепов). 

Бір сөздің əр сөйлемнен кейін қайталанып отыруы бір ғана қаланың жай күйін санамалап 

отырғанын көрсетеді. Мұның сол қаланың оқырманның есінде ұзақ дəл осы мағынада келіп, тек 

қалаға  ғана  қатысты  емес,  адамның  жай-күйін,  табиғат  құбылысын,  өмірде  болып  жататын 

жағымды-жағымсыз  көріністерді  нақтылай  жеткізу  мақсатында  да  жұмсалып  отырғанын 

көреміз. 



Ілезде  оның  жүзі  қайта  өзгеріп  жүре  берді:  қанын  ішіне  тартқан  жолбарыстың 

мейірімсіз  жүзі,  аяу  білмес  жауыздық  жүзі,  озбырдың  жүзі.  Кейде  капиталист  үйінің  тап 

осындай  жүздері  көрініп  қалады:  жауыздық,  озбырдың  жүзі,  мейірімсіздің  жүзі 

(Ғ.Мүсірепов). 

Мына мысалдан жазушының үлкен сатирик екенін көрсететін сөздерді байқап отырмыз: 

бір  ғана  «жүз» (бет,  кейіп  мағынасында)  сөзін  алты  рет  қайталап  отырып,  оқырманның  сол 

кейіпкерді  барынша  жек  көрмесіне  қоймайды.  Осы  қайталаудың  арқасында  жағымсыз 

пландағы қаҺарманның бар ниеті айқын ашылады. 



Ағызатын жүлделеп, 

Шөл далаға су керек. 

Шөл далаға гүл керек, 

Шөл дадаға нұр керек (С.Мəуленов). 

Мына  шумақтың  екінші,  үшінші,  төртінші  жолдары  қайталанып  келіп  отыр.  Сондай-ақ 

мұнша сөйлем толығымен қайталанып тұр. Автордың бұл сөйлемді үш рет қайталауы қисынды. 

Олай болғанда, шөл далаға бір ғана нəрсе керек болар еді де екіншісі туралы ешбір ұғымға ие 

болмас едік. Сондықтан автор жұрттың назарын аудару үшін бұл сөйлемді əдейі қайталап тұр. 

Түйіндей  келе,  стилистикалық  фигуралардың  үлкен  бір  түрі  болып  табылатын 

қайталаулар, оның ішіндегі ең басты екі түрі (анафора, эпифора) көркем шығарманың барлық 

түрінде де молынан кездесетіндігі аңғарылады.  

 

Əдебиеттер тізімі: 

1. Серғалиев М.С. Ғ.Мүсірепов əңгімелеріндегі қайталаулардың стильдік  қызметі /Қазақ 

тілі мен əдебиеті. – Алматы: ҚазМУ, 1976. – 136-бет. 

2. Аманжолов Қ.Р. Шығармалар жинағы. І том. – Алматы, 1977. 

3. Жансүгіров І. Шығармалар жинағы. І том. – Алматы, 1960. 

4. Құнанбаев А. Шығармалар толық жинағы. І, ІІ том. – Алматы, 1954. 

5. Мəуленов С. Жұлдыз жүрек. – Алматы, 1985. 

6. Мүсірепов Ғ.М. Ұлпан. – Алматы, 1982. 

 


164 

 

ƏОК 821.512.122 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет