Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



Pdf көрінісі
бет24/145
Дата29.06.2023
өлшемі1,08 Mb.
#103706
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   145
Негізгі желілік топологиялар.
Желінің ақпараттық қызметіне байланысты топологиялардың 
үш түрі болуы мүмкін. Шиналық топология. Мұнда жұмыс станция-
лары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистралға 
қосылады. Дəл осындай тəсілмен магистралға басқа да желілік 
құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау үрдісінде тасы-
малданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының 
барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген 
жұмыс станциясы қабылдайды. 
Жұлдыз тəрізді топология. Мұнда ортақтандырылған 
комутациялық түйін желілік сервер болуы тиіс, ол барлық 
мəліметтерді жеткізуді жүзеге асырады. Бұл топологияның 
артықшылығы кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы 
жалпы байланысқа əсер етпейді. Сақиналық топология. Мұнда 
байланысу арналған тұйықталған сақина бойынша орналаса-
ды. Жөнелтілген мəлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияла-
рын аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң 
жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі кез келген бір 


63
жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысты бұзады. 
Желілік техникалық құралдар.
Жергілікті немесе аймақты тармақталған желілер архитектура-
сына байланысты негізгі компоненттер мен технологиялар мынадай 
бөліктерден тұрады:
- кабельдер;
- серверлер;
- жергілікті интерфейс тақталары;
- концераторлар;
- коммутаторлар;
- аймақтық тармақталған желілер үшін бағдарлауыштар;
- аймақтық тармақталған желілер үшін қашықтықтан қатынас 
құру серверлері;
- аймақтық тармақталған желілер үшін модемдер.
Серверлер. Клиент сервер желісіндегі сервер дегеніміз осы 
желіге қосылған басқа компьютерлер пайдалана алатын файлдар мен 
қолданбалы программаларды сақтауға арналған жоғарғы көлемді 
қатты дискісі бар дербес компьютер болып табылады. Бұған қоса 
серверге жергілік операциялық жүйе басқара алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет