211
бағыттап, реттеу қажет. Маңыздысы, оқу материалының мазмұны,
формасы, əдісі, оқу құралдары оқушылардың шынайы жəне əлеуетті
мүмкіншіліктеріне сай болуы жəне оқытуда ынталандыру факторы
ретінде алға шығады.
Педагогикалық тəжірибеде білім алушының танымдық қызметін
ұйымдастыру əдістері өте маңызды орын алады. Себебі, олар
белгілі бір білімді меңгеруді, іскерлік жəне дағдылық шеберлікті
қалыптастыруды қамтамасыз етеді, соның ішінде, өмірлік мəні бар
қиын мəселені шешу барысында білім алушының алған білімін,
іскерлігі мен дағдыларын тəжірибеде қолдануға мүмкіндік береді.
Оқу жобаларының əдісі тұлғаның шығармашылығын дамытудағы
əдістердің бірі болып табылады.
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын пайдала
отырып оқушыларды оқытуда жобалау əдісін қолдануға қойылатын
басты талаптарға жатады:
- зерттеу, шығармашылық тұрғыдағы мағыналы тапсырмалардың
бар болуы, яғни, олар интегралданған білімді жəне оның
шешімін табу үшін зерттеу ізденістерін қажет етеді;
Достарыңызбен бөлісу: