Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


- əр тақырыптағы талқылауға бір уақытта жауап беру (қатысу); -



Pdf көрінісі
бет84/145
Дата29.06.2023
өлшемі1,08 Mb.
#103706
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   145
- əр тақырыптағы талқылауға бір уақытта жауап беру (қатысу);
- телеконференцияға қатысушыларға тек өзің жайлы ғана емес 
өзіңнің ортаң жайлы да хабарлай білу. 
Интернет желісінде немесе басқа да осы мамандыққа қатысты 
желілерде орналасқан оқу телеконференциясы тек бұл конферен-
цияға қатысушыларды ғана емес басқа да қызығушыларға арналады. 
Бұл əдісті сипаттайтын ерекшелігі мектеп оқушыларын 
2-3-5 арнайы топтарға бөліп ақпарат құралдарын пайдалана 
отырып, жаңа телекомуникациялық технологиялармен жұмыс 
жасауға үйрету. Осындай ортада жұмыс жасай отырып
əрбір оқушының академиялық үлкен топтардан бөлініп, белгілі 
бір əлеумет мүшесі екендігін сезіне отырып, жекелей шағын 
ортада жұмыс жасауға мүмкіндігі а шылады. Шағын топтарға бөліп 
оқыту əр оқушының конференцияға белсенді қатысуына мүмкіншілік 
береді. 
Мұндай өте қызықты жəне мүмкіншілігі зор бағдарламалар 
виртуалды ортада оқушылардың топтарын басқа атпен атап қою 
жəне бір-бірімен қарым-қатынастарын ұлғайту мақсатында да 
көптеп қолданылады. Оқушылар бір-бірімен хабарламалар арқылы 
білімдерімен алмаса отырып дамиды. 
Шағын топпен жұмыс барысында оқушының жеткен 
жетістігі емес топтың бір-біріне көрсеткен көмегі жəне соның 


223
нəтижесінде жеткен жетістігі бағаланады. Осылайша бір 
уақытта топпен жұмыс жасау əр оқушының белсенділігін арттыра 
түседі. 
Қатынастық технологиялар базасын пайдалана отырып оқу те-
леконференциясын жүргізу барысында арнайы оқу-танымдық орта-
сы кеңейе түседі жəне келесідей сипаттамалар қалыптасады: 
- интербелсенділік, оқушылардың қарым-қатынасының 
белсенділігін арттыра түсіп, интернет желілері арқылы түрлі 
ресурстарды пайдалану техникасын жəне оқу əдістемелік 
құралдарын жетілдіреді;
- ақпараттану – ақпараттық-қатынастық технологиялар пайда-
лана отырып ақпарат жетілдіру ортасында деңгейді жоғарылату 
жəне ұйыммен жұмыс жасау барысына арнайы топшалардың 
қалыптасуы;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет