Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



Pdf көрінісі
бет53/145
Дата29.06.2023
өлшемі1,08 Mb.
#103706
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   145
Байланысты:
bilimdi akparattandyru

Бірінші топтың технологиялары білім беру əрекеті мəселелерін 
жеңілдетуге арналғандығымен, оларды толығымен шеше алмайды. 
Бұл технологиялар эксклюзивтік конфигурасы, оригинал контроллер, 
арнайы программалық қамтамасыз ету жəне сыртқы құрылғылардың 
қызметтік-бейімдеуші жүйелері дербес компьютерлердің көмегімен 
жүзеге асырылады.
Интегралдық интерфейстік технологиялар Ақпараттық-
қатынастық технологиялар құралдарын құруда оқушы-мүгедектерді 
интеграциялау жəне реабилитациялау мəселелесін түбегейлі шешу-
ге бағытталған. Бұл технологиялар оригинал үрдіссорлар, контрол-
лерлер жүйесі жəне арнайы программалық қамтамасыз ету, жоғары 
дəрежедегі дербестендіру негізінде жүзеге асырылады. 
Жалпы орта білім берудің осы аймағында Ақпараттық-
қатынастық технологиялар құралдарының таралуында оқу 
материалының басты көрінуімен, оқу бейнематерилындағы мəтінге 
интербелсендікті əдістерді қолданумен, сөзді тану жүйесінің 


151
қолданылуымен, оқытушының сөзін мəтіндік сүйемелдеу жүйесінің 
енгізілуімен өңделуімен, интербелсендік мультимедиа презентация-
ларымен жəне мектептің білім беру үдерісін максималды түрде ды-
быстандырумен байланыстырылады.
Ақпараттық-қатынастық технологиялар жаңа құралдарын 
өндірушілердің мүмкіндігі шектеулі оқушыларға мұндай 
құралдардың əмбебап мүмкіндіктерін түсінуге деген қажеттілігі 
бар. Оқушылардың осы категориясының арнайы қажеттіліктеріне 
менсінбей қарау технологиялық дискриминацияға (жəне оның сал-
дарынан білім беру жəне кəсіби əрекетке) əкелуі мүмкін. 
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға арналған Ақпараттық-
қатынастық технологиялар құралдары мынадай талаптарды 
қанағаттандыруы тиіс:
1. Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының жаса-
луы мен қызметінің ерекшеліктері білім беру əрекетіндегі кез келген 
құрал сияқты мүмкіндігі шектеулі оқушылардың компьютерлік жəне 
телекомуникациялық техника физикалық деңгейіне сəйкес келуі 
тиіс. 
2. Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын құруда 
осы құралдарды қолданушы болып табылатын мүмкіндігі шектеулі 
жандардың психофизикалық мүмкіндіктерін анықтайтын маңызды 
көрсеткіштері анықталуы жəне ескерілуі тиіс. 
3. Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдары оқытудың 
жоғары интеллектуалдық технологияларын тиімді қолдануға 
мүмкіндік береді, егер оларға кіру мүмкіндігі шектеулі немесе 
өміршеңдік шектеу үшін мүмкін болмаса. 
4. Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдары мүмкіндігі 
шектеулі оқушылар үшін кіріктірілген білім берудің көпдеңгейлі 
үздіксіз тұжырымдамасы сəйкес келуі тиіс. 
5. Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдары білім беру 
жəне реабилитациялау технологиялары өзара сəйкестендірілуі жəне 
толықтырылуы керек, жалпы орта білім беру жүйесінің аясындағы 
білім беру жəне реабилитациялау үдерістерін қамтуы тиіс.
6. Ақпараттандыру құралдарындағы арнайы білім беру техноло-
гиялары ақпараттық жəне интеллектуалдық технологиялар түрінде 
қарастырылуы тиіс.
7. Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдары мүмкіндігі 
шектеулі оқушыларды толық түзету жəне компенсациялауға 
бағдарлануы тиіс. 


152
Коррекциялық педагогиканы ақпараттандырудың тиімділігін 
арттыру қажеттілігі мүмкіндігі шектеулі оқушыларды оқытуда 
қолданылатын Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын 
құруға деген негізгі нұсқауларды белсенді түрде қалыптастырады. 
Жасалу барысында мұндай құралдарды жеке оқушының дербес 
психикалық немесе физиологиялық сипаттамаларының салдарынан 
пайда болатын арнайы ерекшеліктеріне бейімделу мүмкіндігіне ие 
əмбебап қолданушы интерфейсімен қамтамасыз ету қажет. Мұндай 
интерфейстің маңызды құраушысы объектіге бағытталғандығы, 
кеңдігі, мультимедиалығы, қолданушыға қатысты алғанда 
қолайлылығы болып табылады. 
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын қолдану 
арқылы оқыту үдерісі кең түрде дербестендірілген болуы тиіс, оның 
нəтижесінде оқушыларды табысты оқыту жəне бейімдеуге жағдай 
жасалады. Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың шектеулерімен, оның 
жеке мектеп пəндері немесе тақырыптарын меңгеру дəрежесін еске-
ре отырып, сəйкесінше оқыту кестесін дербестендіруді жоспарлау 
есебінен Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарымен 
қарым-қатынас жасау сценарийін құру ұсынылады. Ақпараттық-
қатынастық технологиялар құралдарында жеке мектеп пəндерінің 
арасындағы байланысты ескеру арқылы өздігімен дербес бақылау 
жүйесі болуы тиіс. 
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарында 
дидактикалық материалдардың өзгерісінің мүмкіндігін, əртүрлі 
күрделілік деңгейлерін еңгізу жəне мүмкіндігі шектеулі оқушылар 
мектептегі оқыту кезеңінде оқытудың өздігінше қарқынын таңдауы 
қарастырылуы қажет. Мүгедек оқушыға кез келген тақырыпты 
меңгеру оңай болатындай Ақпараттық-қатынастық технологиялар 
құралдары мультимедианың: мəтін, графика, дыбыс, бейне, анима-
ция тəрізді барлық мүмкіндіктері ескерілетін бірнеше көп қызметті 
компьютерлік оқытушы программалармен сəйкестікте болуы тиіс. 
Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды кейіннен жұмысқа тұра алатын-
дай, оларға тиесілі жұмыс орындарының сипатын, олардың еңбек 
жағдайы ескеріліп, арнайы жұмыстың мазмұнын жəне əдістемесін 
оқу жоспары негізінде қалыптастыру қажет. Ақпараттық-қатынастық 
технологиялар құралдарын құру жаңа телекомуникациялық техно-
логиялар негізінде жүргізілуі тиіс. Ақпараттық-қатынастық техно-
логиялар қатынастық мүмкіндіктеріне негізделген қашықтықтан 
оқыту, мүмкіндігі шектеулі оқушыларға білім алуда кедергі 


153
келтіретін жағдайларды болдырмауға көмектеседі: басқа мектепке 
көше алмауы, ауруы себебінен сабақ жіберуі, арнайы педагогикалық 
көзқарастың жоқтығы.
Осыған ұқсас мақсаттарға жету үшін ақпараттандыру 
құралдарымен жұмыста интернет жергілікті компьютерлік желінің 
мүмкіндіктерін қолдану ұсынылады. Ақпараттық-қатынастық техно-
логиялар құралдары арқылы Интернет ресурстарын жəне мүмкіндігі 
шектеулі оқушыларды мүмкін болатын қашықтықтан оқытуда 
қолдану олардың əлемдік ақпараттық кеңістікке енуіне жағдай жа-
сайды, онда мүгедек оқушылардың білімді алу мүмкіндігі уақыт 
жағынан жəне өзін-өзі дамыту жағынан болсын кеңістік жағынан 
шектеусіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет