Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


І тарау. Қазақ хандығы дәуіріндегі ұлттық



Pdf көрінісі
бет16/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   297
І тарау. Қазақ хандығы дәуіріндегі ұлттық 
бірегейленудің философиялық негіздері
өзгеріске түсе отырып, дамыды. Қазақ тарихындағы басты кезеңдер 
түгел дерлік, жаңа өміршеңдік мұраттардың пайда болуымен өзара 
байланысты болды, солар арқылы халықтың тағдырын жақсарту 
бағытында өзгерту мақсаттары көзделді. 
 
Әдебиеттер
1 Тюркская философия: десять вопросов и ответов. – Алматы, 2006.
Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: Летопись трех тысячелетий. 
Алма-Ата, 1992.
Беккер Г., Босков А. Современная социологическая теория. – М., 1962. 
1.2 Асан Қайғы пайымдауларының халықты ұлттық 
топтастырудағы құндылықтық мәні 
«Асан қайғысы – бүгінгі тіршіліктің, ертеңгі 
болашақтың қамын ойлағандықтан туған қайғы» 
(М.Мағауин) 
Асан ата Майқы бидiң алтыншы әулетi едi деседi. Ол өзi Қорқыт 
сияқты жұрт қамын жеп өткен дана, батагөй, кемеңгер кiсi. Өзiнiң 
ұзақ жасында халықтың қамын көп ойлап, уайым жеп өткендiктен 
«Асан Қайғы» атанған» [1, 146 б.]. Осыған ұқсас пiкiр белгiлi тарихшы 
Құрбанғали Халидұлының еңбектерiнде де кездеседi [2, 93 б.]. Бұл 
тұжырымдардан Асан қайғысы жеке бастың уайымы емес, халық 
үшiн туған ердiң үлкен жүрегiнен шыққан көңіл мұңы, терең сезім 
иiрiмдері және рухы биік ұмтылыстар, ішкі дүниенің қайнаған 
көрiнiстерi деген ой туады. 
Асан Қайғының өмiр сүрген дәуiрi ХIV ғасырдың аяғы мен ХV 
ғасырдың екiншi жартысына дейiн, яғни Алтын Орданың ыдырап
қазақ хандығының ендi-ендi қалыптаса бастаған шағы. 
Асан Қайғының атын бiлмейтiн қазақ тайпасы мен руы болған 
емес. Олар Асан Қайғыны қазақ халқының бiрiгуiне, жас мемлекеттiң 
өмiр салтын, аймағын зерттеп бiлуге үлес қосқан ұлы тұлға деп 
танығандай. Асан Қайғының жыр толғауынан туған жерге деген тың 
идея ұғымдық деңгейге көтерілді, ал «атамекен», «туған ел» деген 
ұғымдар қазақ үшiн жалпы дүниетанымның дiңгегi, мәйегi болып 
қалыптасты. Содан да болар, Асан туралы аңыздарда қазақтар өмiр 
сүрген әрбiр өңiрдiң сипаты кездеседi; Асан айтпай кеткен жерлердi 
қазақтар өздерi-ақ аңызға қосып отырған, өлеңмен өрнектеген. 


18 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет