Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


III тарау. Қазақтың халық философиясының



Pdf көрінісі
бет203/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

III тарау. Қазақтың халық философиясының
дүниетанымдық ерекшеліктері
Балаларыма өсиет:
Қылмаңыздар кепиет,
Бірлігіңнен айырылма,
Бірлікте бар қасиет.
Татулық болар береке,
Қылмасын жұрт келеке.
Араз болса алты ауыз,
Еліңе кірген әреке…
Ел аман болсын ылайым,
Тілегім берді бәрін де,
Разымын, құдайым! [4, 57–58 бб.].
Бірлік пен татулық бар жерде адамдарға өмірдің кез-келген қиын 
асуын алуға мүмкіндіктер ашылады, адамдардың бір-біріне деген 
ыстық ықыласы өрбіп, дау-жанжалдардың алдын алынады. Сөйтіп 
шендесу, бақталасу, бәсекелесу сипатындағы қарым-қатынастың 
орнына жұртшылық арасында іштесе, түсінісе, бір-біріне көмектесе 
өрбитін байланыстар белең алады. Бұл адамның нағыз адами 
болмысын жетілдіре түсетін іргетастар екені анық. 
Қазақ даласының ғұлама ойшылдары ХV-ХІХ ғасырларда өмір-
дегі, әлеуметтік дүниедегі қиындықтарды өз шығармашылығының 
іргетасы ретінде алып оны бейнелесе де, суреттесе де негізгі іргетас 
ретінде туған жерге, туған елге махаббаты бейнелейді. Міне, осы 
отансүйгіштің негізінде, адамның Ғалам құндылығын бағалаумен 
астаса отырып, нағыз рухани құндылықтар жүйесін қайта жаңғырту 
жатыр. Адамның шынайы мәні, этикалық, эстетикалық түсініктері 
осы рухани құндылықтармен байланысты рауажданып, көрініс беріп 
отырады. 
Адамның адамгершілікке толы дүниетанымы рухани компо-
ненттерді қалыптастыру барысында түзелетіні белгілі. Бұл тұрғыдан 
алғанда қазақтың кең даласында данагөй ұлы тұлғалардың өмір 
сүргені белгілі. Солардың ішінде ХVІІІ ғасырда өмір сүрген қазақтың 
шоқтығы биік үш биін этикалық дәстүрін қалыптастырған тұлғалар 
деп атаймыз: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. Олардың қазақ халқын 
топтастыруға сіңірген еңбегі руханилықтың биік шыңы десе де 
болады.
Халықтың ұлттық дүниетанымын тереңірек танып білуге, мәде-
ниетіміздің інжу-маржандарын рухани игілікке айналдыруға тыры-
су парызымыз. «Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымының семантика-
лық діңгегі «құт» ұғымы. Оны «өмірлік күш», «өркендеу басы», «өмір 
нәрі», сонымен қатар байлықпен байланысты «бақыт», «игілік», 


206 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет