IV тарау. Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының
этникалық дүниетанымның іргетасына айналуы
Он екі төбет, шұнақ хан!
Шабатының ел екен,
Күндейтінің мен екем.
Хан ұлына бас болу,
Қара ұлына бас болу,
Мендей ерге жөн екен [1]
Махамбеттің «Жалған дүние» деген өлеңінде өмірдің ащы шын-
дығын былайша ашып көрсетеді:
Қоғалы көлдер, құм сулар,
Кімдерге қоныс болмаған?
Саздауға біткен құба тал,
Кімдерге сайғақ болмаған?
Басына жібек байлаған,
Арулар кімнен қалмаған?
Таңдап мінген тұлпарлар
Иесін қайда жауға салмаған?
Осыдан келіп ешқандай түңілудің, тоқыраудың сары уайымға
салынудың қажеті болмайды. Тірі адам бұл дүниеде өзінің тіршілігін
жасай бермек:
Ішелік те желік,
Мінелік те түселік,
Ойналық та күлелік,
Ойласаңдар жігітттер,
Мынау жалған дүние
Кімдерден кейін қалмаған?!
Махамбет шығармашылығынан туындайтын төмендегі алты
қорытындыларды тұжырымдайық.
Қазақ қоғамының сан ғасырлық тарихи дамуы елеп-екшеп, бүгін-
гі күнге дейін жеткізген ұлттық діліміздің өзге отандастарымызды
біріктіретін, сөйтіп бірегей халық боп ұйысуға жәрдемдесетін қандай
қадір-қасиеттері бар. Мінез-құлқымыздағы жарамсыз әдеттеріміз
қайсы?!
Біріншіден, қазақ халқы – табиғатынан қиналғанға қол ұшын
беруге даяр тұратын, ізгілікке жаны құмар, данышпан, гуманист
халық. Қонақжайлығы да, кеңпейілдігі де, жомарттығы да, тіпті,
шашпалығы да осы сезімнен туындаған. Діні қаттылықты, бар бола
274
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
тұра ештеңе татырмайтын шық бермес шығайбай сарандықты әжуа
етумен келеміз. Бәлкім, аталарымыздың дұрыс байлық жинай алмай
кеткені де осыдан болар. Алайда, ұлттық діліміздегі бұл қасиетті
мансұқ етуге болмайды. Керісінше, жарлы-жақыбайға көмектесуді
жаппай дәстүрге айналдырғаннан ұтылмаймыз.
Екіншіден, ізеттілік, яғни үлкенді сыйлау, кішінің көңіліне қаяу
салмау – атадан балаға көшіп келе жатқан асыл қасиеттеріміздің бірі.
Қазақтар, тіпті, ренішінің өзін ишаралап жеткізеді. Жоқ, бұл – шығыс-
тық қулық емес, шын көңілден шыққан ибалылық пен имандылық.
Үшіншіден, қоғамның кішкентай ұясы түріндегі отбасындагы
ынтымақ – аға ұрпақ пен жас ұрпақ арасындағы рухани келісім қазақ
қоғамында көздің қарашығындай сақталған. Ата-ананы, аруақтарды
қастерлеу, анасының, әйелінің, әжесінің, қарындасының арына кір
жұқтырмай сақтау – биік адамгершілік парыз деңгейіне көтерілген.
Тіпті, қоғамдағы жесір дауы жер дауынан кейінгі екінші орынға
көтерілетіні де сондықтан. Мұны озге отандастарымыз да, шетелдік
әріптестеріміз де мықтап есте ұстағаны ләзім.
Төртіншіден, адалдық, яғни досқа, ағайынға, ұлтқа, Отанға
деген адалдық қазақ халқының ұғымында айырықша әспеттеледі.
Ата-бабаларымыздың ғасырлар тереңінен жеткен аманаты
сынды батырлық жыр-дастандарымызды қайтадан бір парақтап
шығайықшы. Олардың бәріндегі негізгі трагедиялық желі жауын
жапыра жеңіп келген батырдың ту сыртынан жасалған опасыздықтан
туындап жатады. Бейне опасыздық пен сатқындыққа айтылған
лағнеттің үні құлағыңа келгендей болады.
Осы орайда, жеке құлқынының қамы үшін топалаң тиген мал-
дың етін, елді емдеудің орнына, қосымша сырқатқа душар қылатын
дәрі-дәрмектерді шекарадан бері өткізіп жіберіп отырған кеденші
қандастарымызға осы батырлық жырларымызды қайта бір оқыса
ғой деген ой келеді. Бәлкім, ар-ұяты оянар. Халқымыз «жақсының
жақсылығын айт – нұры тассын, жаманның жамандыгын айт – құты
қашсын» деген даналықты баяғыдан өсиет етін кетсе де, қазіргі ұрпақ
кім-кімнің де жамандығын атын атап, түсін түстеп, көзге шұқып
көрсетуден, сөйтіп бүкілхалықтық тазалану арылу үлгісін бастаудан
тайсақтап-ақ келеді. Кімнен тайсақтайды, неден қорқады? Сондай-
ақ, біз жақсылықты да мойындаудан, айқайлап айтудан да именетін
тәріздіміз. Әлде
қызғанамыз ба?! Әйтпесе, қаңқу сөздердің бірін де
құлағына ілмей, ел мүддесі мен халық қамы үшін өз ісіне адал беріле,
қауіп-қатерге басын тігіп қызмет етіп жүрген азаматтарды, жігіттерді
неге мақтаныш етпейміз. Мұндай әрекет болашақ ұрпағымыздың да
адалдықты, халқына берілгендікті қанына сіңіріп өсуіне әсер етер еді.
275
Достарыңызбен бөлісу: |