Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
тигізген ойшыл тұлға. Үшіншіден, әлеуметтік-адами тұрғысынан
алғанда Қосын-ұлы кейінгі ұрпақтарға өнеге боларлық өшпес
рухани, ғылыми-біліми өлшемдер қалдырды. Оларды басшылыққа
алып, халқымыздың өзіндік ойлау жүйесін толық және жан-жақты
пайымдап, зерделеп, одан әрі дамытуға тигізген әсері мол.
ХV–ХVІІІ ғасырлар қазақ хандығы құрылып, тайпалар бірлес-
тігінің феодалдық мемлекетінің нығая бастаған дәуірі: Қоғамдық
құрлыста әлеуметтік қайшылықтар айқындала берді. Әр топ
көзқарасын тарату мақсатында идеологиялық құрал іздеді. Моңғол
басқыншылығы солардың нәтижесінде мәдениетіміз төмендеп,
қоғамдық өмірде жікшілдік пайда бола бастады.
Осы бір замана тұсында ноғайлы қазақ көшпелі ұлысынан
кемеңгер ойшылы, замана сыншысы Асан Қайғы, Шалкиіз, Бұхар
жырау т. б. сынды ірі тұлғалар қазақ даласында әдебиетіміз бен
мәдениетіміздегі жыраулық дәстүрді тудырып, қоғамдық төл ой-
санамызды қалыптастырудағы еңбектерінің рөлі орасан зор болды.
Қазақ ақын жыраулары халық өмірінің алмағайып-аласапыран,
тарихта қалу-қалмауы екіталай кезеңінде тұрмыс кешіп, өз
толғауларында сол тарихи кезеңдегі көкейкесті күрделі де қиын
мәселелерге жауап іздеп, соның бірден-бір жоқшысы бола білді.
Біле-білсек, қазақ халқы – бүкіл түркі халықтарының ата қонысын
«найзаның ұшы, білектің күшімен» сақтап қалған жауынгер де
жомарт халық. Ауыз-бірлікті білімдар халық.
Өз табиғи болмысынан табиғатқа, өмір құбылыстарына таңдана
да танын біле қарап, терең философиялық ой толғай білген халық.
Сөзден күмбез соққан шешендері мен «қара қылды қақ жарған» тура
билері, елді асқан ақылдылықпен билей білген хандары, болашақты
болжай білген дана қарттары, ойшыл философтары болған. Мұны
ғасырдан ғасырға атадан балаға мұра болып қалған көне жазба
мәдени ескерткіштеріміз, рухани мұраларымыз растайды.
Жалайыр ұстаған тарих философиясы бағытында жемісті
қызмет атқарған, аты шыққан ақын-жыраулар атадан қалған мұраны
көздің қарашығындай сақтап, рухани дәстүр сабақтастығын әрі қарай
жалғастырады. Көшпенділер үшін философия пән болған емес, ол
олар үшін өмір салты, болмысы. Қазақ философиясының өмір сүруі,
ол белгілі бір жоғары философиялық деңгейге көтеріліп барып өмір
сүрді.
Қазақ философиясының өзіне тән ерекшелігі – адам, бақыт,
көркемдік, сұлулық, өмір мен өлім, дүние, әлем, болмыс пен батыр-
лық, адам мен табиғат үйлесімі мәселелері қазақтың фольклорында
өзінің молдығымен, көркемдік сұлулығымен, тарихи деректілігімен,