Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет13/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
тікелей және жақын ұрпақтары болды. Шыңғысханның ұрпақтары, 
міндетті түрде шетінен сұлтандар мен төрелер атақтарын алып
руларды, тайпаларды, ұлыстарды басқару құқығына ие болды және 
сол сияқты хандық билікке де үміт арта алатын еді. Сұлтан атағы мен 
құқығы мұрагерлік жолмен берілді, ал басқа қауымдағы адамдар-
дың сұлтандардың қауымына өтуіне қатаң тыйым салынды немесе 
қатаң жазаға тартылды. 
Мұхаммед пайғамдардың ұрпақтары болып саналған және сұл-
тандар мен төрелердің бодандарына рухани билікті жүзеге асырған 
қожалар айрықша әлеуметтік санатты құрады. 
Сұлтандар, төрелер және қожалармен қатар, қоғамның ерекше 
бөлігін мырзалар деп аталған билер, тархандар, батырлар, ақсақал-
дар құрады, олар да бодандарға билік жүргізді. Олардың алатын 
орны мен әлеуметтік рөлі тегі жағынан емес, жеке қабілеті мен 
сіңірген еңбегіне қарай анықталды. Аталмыш топтағылар, негізінен, 
қарасүйектің өкілдері, өздерінің бар күш-жігерлерін аянбай жұм-
саудың нәтижесінде, осындай мәртебеге қол жеткізді.
Ең айырықша және саны жағынан басым болған қауым, ол – ақ-
сақалдар. Олар көшпелі қазақ қоғамындағы барлық ұрпақтардың, 
өштесуші отбасыларының, ру ішіндегі топтардың, тіпті рулар арасын-
дағы қарым-қатынастарды әлеуметтік реттеушілердің рөлдерін 
атқарды. 
Шетелдік әлеуметтік-философиялық әдебиетте мынандай кон-
цепция мейлінше кең түрде тарады: бұған сәйкес, қоғам өзінің 
тарихи даму барысындағы тыныс-тіршілігінде, провербалды және 
прескриптивті (бұйрық беруші) сатыларды іске асырады. Бұл саты-
лар әлеуметтік ұйымдасудың екі типін көрсетеді [3, 151 б.]. Олар 
нақты шындықта қатар өмір сүре алады. Әлеуметтік ұйымдасудың 
провербалды да, прескриптивті де типтерінде, мызғымайтын 
өнегелілік-құқықтық ұғымдар мен түсініктерден тұратын, 
құндылықтар жүйесі болады [3, 182 б.]. 
Егер әлеуметтік ұйымдасуды осындай екі типке бөлумен келісетін 
болсақ, онда провербалды қоғамдағы құндылықтар жүйесінің мыз-
ғымастығы, прескриптивті, яғни жазбаша түрдегі заң-ережелерге 
бағытталған қоғаммен салыстырғанда, анағұрлым тұрақты және берік 
екенін оңай байқауға болады. Провербалды қоғамның құндылықтар 
жүйесі мен ағылақтық-құқықтық нормалары жазбаша түрде кодтал-
маған және тіркелмеген. Мұндай қоғамдағы ағылақтық жазбаша 
тіркелген заңдар мен ұйғарымдар түрінде көрінбейді, қоғамдық пікір 
тұрғысынан алғанда, бұзу мүмкін емес, ғасырлар бойы қалыптасқан 
және күнделікті әдетке айналған салттар мен дәстүрлерге сүйенеді. 


 
15


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет