ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы тарихи үдерістің зерделенуі құлық ережелерін оқып үйренбесе де, өзінің парасаты мен ақылының
арқасында жақсыны жаманнан айыра алады. Сондықтан оларды
жабайы көшпелілер деп атауға болмайды, есесіне оларды табиғи
мәдениеті бар адамдар деп атаған дұрыс та нақты болар еді. Осы
ойды дәлелдеу үшін өлең түріндегі нақыл сөздер келтірген:
Шаңда жатқан алтынның жарқылы кетпейтіні сияқты, Туған жердің абыройы жеке адамның қабілетіне әсер ете алмас. Қалада тұрған кейбіреудің бейнесі дәл жабайы адамдай. Көшпелінің қаншасын біз байқадық, бейне Платон данадай. Кейбір мәселелерді баяндағанда және жеке құбылыстардың
себебін түсіндіргенде автор мұсылман дінін ұстаушы, дін ілімін
зерттеуші ғалым ретінде, исламды уағыздап, діннің рөліне үлкен мән
береді. Сонымен бірге, біз оның еңбегінен қазақ халқының кейбір
«рухани тәрбиешілері» – надан молдалар мен «заңды» молдалардың
қызметіне қарсы көзқарасты да кездестіреміз. Арнаула параграфта
осындай дін қызметшілеріне нақты, әшкерелеуші сипаттама берілген
және халық тарапынан оларға деген өсіп келе жатқан өшпенділіктің
себебін түсіндіруге тырысқан.
Қ. Халидтің молдалар туралы ашу-ызаға толы баяндауларын
оқи отырып, оның ойының қазақтың шығыстанушы ғалымы, ағарту-
шысы және демократы Шоқан Уәлихановтың «Сот реформасы
туралы жазбаларында» дәл осындай қасірет жайлы жазғандарымен
астасып жатқанын көреміз.
Екі автор да патша үкіметінің қазақ халқын «ағартуға» бағыттаған
надан молдаларының залалды әсерлері туралы айта келіп, олардың
қарамағындағы маңызды қоғамдық істің бірі – неке мен ажырасуды
бұрынғысынша, билер сотының қолына беруді талап етті.
Қазақтардың дінге сенуі, діни реформаның қажеттігі жөніндегі
мәселелерде екі автордың көзқарастары қарама-қарсылыққа
ұшырайды. Олар қазақтардың қай дінді ұстайтындығы жөніндегі
мәселеде келіспейді. Қ. Халид қазақтарды «шын мәніндегі дінге деген
сенімі терең, берік нанымдағы мұсылмандар» деп есептейді.
Қ. Халид әр халықтың тілін зерттеп оны өз оқырмандарына
таныстырып отырады. Ол лексика және терминология мәселелеріне
айрықша тоқталған, сонымен бірге түрік, араб, парсы тілдерін
білетіндігін пайдалана отырып, әр сөздің, терминнің этимологиясын
немесе пайда болуын түсіндіруге тырысқан. Алайда айта кететін
нәрсе, автор кей кезде араб тілінің қазақ тілі лексикасын байытудағы,
әсіресе терминдерді қалыптастырудағы маңызын әсірелеп жіберген.