Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


III тарау. Қазақтың халық философиясының



Pdf көрінісі
бет151/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

III тарау. Қазақтың халық философиясының
дүниетанымдық ерекшеліктері
ақын-жыраулар өтпелі дүниенің көрікті бейнесін жасады. Бейне 
тұлғасымен толықты, нақтыланды, бейнелі жанның қоғамға деген 
түсінігі талқыланды, анықталды. Сергек сезім, көтеріңкі стиль 
адамның өзіне деген сенімді күшейітті. Жыраулар өміршең және 
адамгершіл көзқарасты құрметтеу, соның құндылықтарын баптау 
арқылы әдеби дәстүрді жаңғыртты. 
Жыраулардың көркемдік шығармасындағы өнеге халықтың 
даналығынынан, елдің қуатынан, жұрттың туыстық қарым-
қатынасынан нәр алды, нұсқау тапты. Кейіпкер өз атынан да, кейде 
ел атынан да сөйлейді, өткен мен барды салыстырып сырласады. 
Ел-жұрт арасындағы тоздық пен азғындықты сынай, міней отырып, 
ақырында уақыт төрелігіне сиынады.
Ауызша өрнек халықтың нақыл сөздерінен ғана көрініс тапқан 
жоқ, ол сондай-ақ жыраулардың жинақы ойынан, нәзік сезімінен 
демеулік тапты. Поэзия тілі өмір мен өнерді көркемдеудің әдеби 
дәстүрі мен құралын өрнектеді, әспеттеді. Лирикалық жырау тілі 
төкпе жырға, түрлі сырға, адамгершілік арқауына толы. Бәрі де 
өтпелі де өткір оқиға, есте қалар құбылыс. Жырау сергек сезімге 
қозғау салады, өзіндік сенім орнықтырады. Жырау сөзі – жаңалықтың 
жаршысы, адасқандардың арашасысы. Кемістікке қарсы келді, 
ықыласты келбеттеді. Жырау халыққа бөтен, қарсы билікті сынады, 
халық беделін еш байлыққа қимады.
Жырау – халық ойын жариялаған ашық, азулы ақынжан. 
Ақындар халыққа жақын, кісіге деген көңілі жарқын. Олар 
кісіліктің нарқын көтерді, азаматтықтың парызын өткерді. Өнерде 
ақындық дәстүр жалғастығын, дарындылар сабақтастығын тапты, 
шығармашылық өнеге қалыптасты. Жырау – өзін таныған тұлғаның 
көңіл-күйін білдіретін, қауым қолдайтын қимыл-әрекетті жеткізетін 
өтімді құралы. Жырау – ел-жұртына деген сүйіспеншіліктің, отаны 
туралы отандастардың айқын, ашық үні. Жырау маңызды әңгімеге 
тіл тартты, ойды жеткізудің шешендік өнерін өрбітті, елін елеулі 
әрекетке шақырды. Жырауда эмоция күші нақты көрнекілікпен 
ұштасады, көркем сөйлеу ұстанымы ережеге айналды, жағымды 
іс сенімділікпен тұстасты, тыңдаушы тамыр тереңдігін тануға 
құштарланады. Жырау елімен сырласты, сұхбаттасты. Көркемдік, 
айқындылық, қарапайымдылық, ұғынымдылық оның стилін 
құрайды. Жырау – тілдік диалектінің жиынтығы. Онда ұлттың терең 
тамырлы дәстүрі дәйектелінді, халықтың болмысы, салт-санасы, 
рухани байлығы ұрпақтан ұрпаққа жетті.
Жыраулық туған жердің тағдырын сипаттаумен, ел-жұрттың 
табысын тамашалаумен өрісін ұлғайытты. Тұтастықты ту етіп, 


154 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет