Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет219/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
берілген, қаһарынан түпсіз қорқып, рахымынан шексіз үміттенген 
күйінен, ихсан-ықыласынан ажырап қаламын ба деген қорқыныш-
қаупі. Құдай уағдасы дидар талапқа жетемін бе деген – үміті. 
Алла сипатын ашықтауға тіл жетпейтініне сенімі кәміл Әзірет 
сұлтан өз хәлін, ішкі сырын айту арқылы хақ хикметін шәкірт көңіліне 
жеткізеді. Жүрегіне жол іздейді. Сондықтан да оның хикметтері 
зікір алқасында айтылып келген, дәруіштерді экстаз мастық күйге 
жеткізердей қуаты болған. Тағат-ғибадаттың ұлығы Құдайды еске 
алу, түрік тіліндегі шәкірт көкейіне жол тапқан бір формасы ретінде 
пайдаланылған. Ұлы ұстаздың сонымен қатар тариқат жолын 
ұстанған шәкірттері, дәруіштер ел арасына кең тарағаны, этикалық-
танымдық, ғибраттық-дидактикалық мәндегі аңыздардың ел аузында 
сақталып, уағыздалғаны белгілі. Сондықтан оның имандылық 
ғибраты, рухани ықпалы жыраулардың шығармашылығында көрініс 
табуы заңды да.
«Сіз бен бізді хақ жаратты тағат үшін, 
Бұл бір ғажап ішіп-жемек рахат үшін. 
«Қалу бала» деді рухым мехнат үшін, 
Қара бет боп жер астына кірдім мен» 
дегенде бүкіл өмірінің мәнісін тағат-ғибадат деп білерін аңғарамыз. 
Тағат-ғибадатқа орай сауабы бар екенін айтып көпті дін-иманға 
шақырады. Бұқар жырау «Бірінші тілек тілеңіз Бір Аллаға жазбасқа», 
«Бесінші тілек тілеңіз, Бес уақытта бес намаз біреуі қаза қалмасқа», 
– деп ниет тілеуді түзетуді, имандылықты тілеп-сұраумен бастап, 
адамның асыл қазынасы дін-иманды сақтаудың маңызын айтады. 
Жыраулардың «Құдайға құл болған адам ғана өзге құлдықтан 
азат» деген қағиданы бірінші орынға қойғандары белгілі болады. 
Яғни Рухтың тәуелсіздігі мен азаттығы нәпсінің және хауастың (бес 
сезім) өктемдігін жеңумен басталып, түп мақсаты – рухтың нәпсі 
тұтқынынан мүлдем азат болуымен іске асады. Қорыта айтқанда, 
қазақ ойшылдары Адамды ғалам жаратылысының телеологиялық 
(мақсатты) себебі ретінде таныған. Сондықтан гносеологиялық 
тұрғыдан адам мәселесі орталық мәселе болуымен қатар, адам 
ақиқатты өз тереңіне үңілумен ғана танитынына ден қойған. 
Аксиологиялық құндылықтар жүйесінде ислам имандылық ілімін 
шәк-шүбәсіз қабылдап, оны көркем сөзбен адамдардың эстетикалық 
талғамына сай жеткізді. Этика-дидактикалық, ғибраттық мағынадағы 
шығармалар тудыруымен қатар, өздері де ақиқат теңізіне бойлап, 
мағрифат ілімін игерді. «Сонымен, Ясауи дүниетанымында Аллаға 


 
223


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет