Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


IV тарау. Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының



Pdf көрінісі
бет281/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

IV тарау. Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының
этникалық дүниетанымның іргетасына айналуы
бір шетіндегі Бөкей ордасы, оны билеген Жәңгір хан келеді. Осындай 
заманда сөз өнерінің дамуына себеп болған, ешқашан үзілмей, бар-
ған сайын үдей түскен еркіндік идеясы еді. Шындығында, ақын болу, 
сонымен бірге батыр болу, оның бір тұлғаның бойынан табылуы
азаттық, еркіндік аңсаған ерлердің азап пен қорлыққа шыдамай 
қарсы шығуы – барлығы сол кезеңдегі Уақыт пен Кеңістікке бізді 
жүгіндіреді. Махамбеттің арманы мен мақсаты, сол жолдағы ерлігі 
елдің елдігіне, еркіндігіне арналған. «Ереуіл атқа ер салып, егеулі 
найза қолға алып» жүргені бүгінгі біздің егемендігіміз, еркіндігіміз. 
Оның жыры – тек жорық жыры еді. Адам басында болатын сезім мен 
сыр, іс пен әрекет, қимыл мен қарекет, өмір мен өлім, тағдыр мен 
талай – осы жорық жырының арнасында толғамын тапты. Махаб-
батты ол жырламады, себебі оның қолында қалам емес, найза еді. 
Түн қатып жүріп, түс қашпай,
Тебінгі теріс тағынбай,
Темір қазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай
Ерлердің ісі бітер ме!!! [1, 203 б.]
Жақсы менен жайсаңның басын өлiмге байлаған ХVIII ғасыр 
Абылай хан дүние салуымен қазақтың маңдайындағы бағын ұшыр-
ды. Ресейдiң бодандығына кiрген қазақ қоғамы әлеуметтiк-саяси 
және территориялық тұтастығынан айрылды. «Бөлiп ал да билей 
бер» саясатынан туындаған әрбiр саяси күш, әлеуметтiк қауым өз 
биiгiне, көздегенiне лайық ұлттық идеяны дүниеге әкелдi. 
Ресей отаршылары қазақ даласына басып кірген тұста бодандыққа 
қарсы наразылық күшейді, елдің қаймағы болған алдыңғы қатардағы 
ойшыл тұлғалардың саяси, әлеуметтік көзқарастары қалыптасты. 
Еркіндікті аңсаған сарындағы жырлар алға шықты. Қазақ қоғамының 
болмысы азып бара жатқанына өкініш білдірген, отарлау саясатынан 
туындап отырған қайшылықтардан елді сақтандыруды мақсат еткен 
өлең-жырлар кең тарады. «Бұрын болымсыз үміт, белгісіз келешектен 
күткен азғана сәуле болса, барлығы да жаңағы ерлердің жолсыз 
жорығынан соң, сөніп біткендей болды. Сондықтан ХІХ ғасырдың 
орта кезінен кейін зар заман күйі қалың елге түгел танылды», – дейді 
Мұхтар Әуезов [2, 129 б.]. Зар заман ақындары халықты азаттық 
көтеріліске үндеумен қатар елін сатқан екі жүзді сұлтандар мен 
төрелердің, бектердің жағымыз әрекеттерін аяусыз сынға алды. 
Ресей империясы отарлаушыларының озбырлығы мен 
сұрқия саясаты Зар заман ақындарының өлең-жырларында жан-


286 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет