Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
тобы күн мен түннің тоғысар сәтіндей тоқайласты. Оң қанат пен
сол қанаттың айқасының айбаттылығы сондай – жер қайысып, көк
күңіренді» [4, 371 б.].
Автор табиғат пен әрекетті салыстыра зерделейді. Бұл – Бабыр-
дың оқырманды баурап алу үшін қолданып отырған эстетикалық
бағыттағы ұстанымы. Тіпті соғыс көрінісінен де сұлулық іздегендегі
тұстары оның өз көркемдік әлемінің пердесін ашып көрсете
алатындай. Бабыр тағы бірде тегеурінді, кескілескен шайқасты
көрсетеді: «Мыңдаған атты-жаяулы лашкердің айқасынан көтерілген
шаң бұлтқа айналып, күннің көзін жауып, соғыс алаңының үстін шар-
бып қалды, сатырлаған қылыш-найза жай отындай жарқылдады.
Ат тұяғының ұшқыны жанар таудың шашыранды шоқты тасы
сияқты айқұш-ұйқыш от шашады» деп [4, 342 б.], шаңды бұлтпен,
қылыштың жарқылын жай отымен, тұяқ ұшқынын вулканның
шоқты тасымен салыстыра отырып, оқиғаның тартымдылығын
арттыра түседі. Оқиғаны бейнелеуде табиғат құбылыстарын адам
әрекетімен баламалап, байланыстыра бейнелейді.
Бабырдың өзі бас кейіпкер болғандықтан мұрадағы жүйені
өз өмірінің ізі мен жүріп өткен жолы арқылы сипаттаған. Автор
өзі көзі көрген елеулі оқиғаларын 1493 жылдан бастап 1529 жылға
дейін күнделікті жазып отырған. Мұндағы хронологияның сақталуы
еңбектің тарихи деректілігін сақтауға септігін тигізген.
«Бабырнама» – шағатай тілінде 1526 жылдан бастап жазылған
тарихи шығарма, Орта Азия халықтарына ортақ құнды мұра.
ЮНЕСКО-ның ұйғарымы бойынша тарихи жазбаның дүниеге келуі-
нің 460 жылдығы 1990 жылы қазан айында Ташкентте тойланып,
1993 жылы ғылыми-теориялық симпозиум өткізілген. «Бабырнама»
алғаш аударылып, халыққа ұсынылған кезде оны «қазақ халқының
тарихы жазылған шығарма» деп танығандар көп болды. Қазақтың
зиялылары да бұл пікірмен келіседі. Себебі Бабырдың бұл еңбегінде
бүгінгі қазақ, өзбек, түрікмен сияқты түркітектес халықтардың құра-
мындағы ру-тайпалардың тарихы баяндалған. Сол ғасырдағы бір-
қатар қазақ хандары, қоғам қайраткерлері, батырлары, ақындары
туралы құнды деректер жазылған. Ежелгі қазақ жерінің табиғаты бұл
шығармада көзбен көріп, қолмен ұстағандай етіп, анық суреттелген.
«Бабырнамада» қазақтың алғашқы хандары Жәнібек, Қасым
туралы, Хасен, Әли сияқты ақындары, тарихшы бөлесі Мұхаммед
Хайдар Дулати жөнінде тарихи деректер бар. Сол сияқты қыпшақ,
дулат, жалайыр, арғын руларынан шыққан қолбасыларға, Ұлықбек
сияқты қоғам қайраткеріне Бабыр нақты мінездеме берген. Оның
әскери іс, музыка, заң ғылымы, тәлім-тәрбие жөнінде жазған көптеген