Срсп-3 И. В. Сталин: өмірбаяны,билік еткен жылдары,қызметі



Дата04.11.2023
өлшемі17,05 Kb.
#121921
түріӨмірбаяны
Байланысты:
Кенес мемлекеті Канатова Азиля Срс-3


Тобағұлқызы Динара
Срсп-3
И.В.Сталин: өмірбаяны,билік еткен жылдары,қызметі.


Иосиф Виссарионович Джугашвили грузияның Гори қаласында (1801 жылы Ресей қосқан аймақ) 1878 жылы 6 желтоқсанда Юлиан күнтізбесі бойынша дүниеге келді; Ол 1878 жылғы 18 желтоқсанға өзгертілетін қазіргі күнтізбені қолдана отырып, ол өзінің «ресми туған күнін» 1879 жылы 21 желтоқсан деп жариялады. Ол Екатерина Георгиевна Геадзе (Кеке) және Виссарион (Бесо) Джугашвили, төрт баланың үшінші ұлы болды, бірақ ол нәресте кезінен аман қалды.
1894 жылы Тбилисидегі православиялық діни семинарияға оқуға түскен. Онда оқи жүріп, құпия үйірменің жұмысына ат салысып, “Месамедаси” (үшінші топ) атты грузин социал-демокр. ұйымына мүше болып кірді.
1899 жылы саяси қызметі үшін семинариядан шығарылып, біржола төңкерісшілдік жолға түсті. 1901 жылы РСДЖП-ға мүшелікке өтті. “Коба” деген лақап атты иемденді. Астыртын қызмет барысында бірнеше рет тұтқынға алынып, Шығыс Сібірге жер аударылды. 1912 жылдан РСДЖП-ның ОК-не мүшелікке сайланды. 
1906 жылы - "Анархизм немесе социализм?" атты мақалалар сериясы жарық көреді.
1912 – 13 жылы Санкт-Петербургте жұмыс істей жүріп, “Звезда” және “Правда” газеттерінің жұмысына белсенді ат салысты. Осы кезде “Марксизм және ұлт мәселесі” деген еңбегін жазды. 
1913 жылы ақпанда тағы да тұтқындалып, Турухан өлкесіне жер аударылды. Айдаудан 1917 жылғы Ақпан революциянан кейін оралып, РСДЖП-ның ОК бюросының құрамына және “Правда” газеті редакциясына енді. Қазан төңкерісін әзірлеуге және оны жүзеге асыруға қатысты. Кеңестердің Бүкілресейлік 2-съезінде (8.11. 1917) Ұлт істері халкомы (1917 – 22) ретінде алғашқы кеңес өкіметінің құрамына сайланды. 
1917 жылы - Орталық атақарушы комитетке мүше болып сайланады.

Билік еткен жылдары

1922 жылы сәуірде РК(б)П ОК Пленумы Сталинді ОК-нің Бас хатшысы етіп сайлады. КСРО-ны құруға белсене қатысты. Алғашқы кезде “автономияландыру” (бүкіл республикалардың РКФСР-ге автономия құрастурықығында енуі) жобасын ұсынды. Ленин өмірінің соңғы жылдарында бар билікті қолына топтастыруға талпынған Сталиннің жеке басына сенімсіздік танытты. Ол Кеңестердің Бүкілодақтық 1-съезіне (1922 жылы желтоқсан) жолдаған хатында Сталинді орнынан ауыстыру жөнінде ойластыруды ұсынды. Алайда РК(б)П-ның 13-съезі (1924 жылы мамыр) Сталинді Бас хатшы етіп қалдыруды ұйғарды. 
Сталиннің басшылығымен ауыл шаруашылығын коллективтендіру қолға алынып, байлар мен кулактарды тап ретінде жою саясаты жүзеге асырылды (қ. Кәмпескелеу). Бұл халық арасында жасанды ашаршылық пен босқыншылықты туғызып, ауыл шаруашылығын коллективтендіруге қарсы шаруалар қозғалысының өрістеуіне алып келді. Сталин елде қуғын-сүргін саясатын жүргізіп, тоталитарлық жүйені қалыптастырды. Ұлттық интеллигенция өкілдерін “халық жаулары” ретінде қуғындауды күшейтті. “Халық жаулары” жазасын өтейтін лагерлердің санын арттырды (қ. ГУЛАГ). Одақтас республикалар мен ұлттық автономияларды саяси және экономикалық биліктен айырып, Кремльге тәуелді етті. Ол гитлерлік Германияның КСРО-ға соғыс ашу мерзімін бағалауда қателік жіберді. 2-дүниежүзүлік соғыс жылдарында КСРО Қорғаныс халкомы, КСРО Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы болып тағайындалды. Кеңес Одағының басшысы ретінде үш держава – КСРО, АҚШ, Ұлыбритания басшыларының Тегеран (1943), Қырым (1945) және Потсдам (1945) конференцияларына қатысты. 
Соғыстан кейінгі кезеңде жеке басқа табыну қарқыны онан әрі өрістеді. Сыртқы саясат саласында Батыс елдерімен ымыраға келуден бас тартып, қырғи қабақ соғыстың басталуына ықпал етті. Оның жаппай қырып-жою қаруын жасау мақсатының нәтижесінде Семей полигоны дүниеге келді. КОКП-ның 1956 жылы өткен 20-съезі Сталиннің жеке басына табынушылықты сынға алды. Сталин 3 рет Ленин орденімен, 2 рет “Жеңіс” орденімен, Социалистік Еңбек Ері (1939) және Кеңес Одағының Батыры (1945) атағымен марапатталған. Мәскеудегі Қызыл алаңға жерленген.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет