ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы тарихи үдерістің зерделенуі «жоғарының» меңзеуімен жүргізілді. Дінбасылар қоғамның күнде-
лікті істеріне тікелей араласпады. Олар өмірдің жетіспейтін жақта-
рын көріп-білумен қатар оған сәйкес келмейтін басқару жүйелерінің
кемшіліктерін аңғарды. Бірақ өздері аластатылған күнделікгі
тіршіліктен олар өз жоспарларын жасауға көп кеңшілік, еркіндік
алды. Дегенмен оларды іске асыру мүмкіншіліктерді өте аз еді.
Осыдан келіп аса зор проктерді өлермендікпен іске асыруға
ұмтылыс пайда болды. Қазақ ойының ерекшелігін аңғартатын осы
бағыт ақылдың болмыспен қабысуын, онымен қарсыласуға бармауын,
еркіндік бірлікпен астасып, шетке шыққан қарама-қарсылыққа жол
бермеуін байқатады. Бұның негізінде әлемге құшақ ашу, оған деген
сүйіспеншілік, жарасымдық, нәзіктік және қамқорлық жатыр.
Осы аталған мәселелердің Қадырғали Қосынұлы Жалайыр
бабамыздың қазақ философиясындағы алатын орнын анықтауда зор
мәні бар. Жалайыр ұлтымыздың қазақ ретінде қалыптасу басында
өмір сүріп, қызмет атқарды, қоғамдық ойдың дамуына, қазіргі
философиялық білімнің мағынасын кеңейтуге үлкен үлес қосты.
Ұлттық ойлау дәстүрлерін жаңартуға, ұлғайтуға және байытуға,
тарихи өлшемді ескере отырып біршама еңбек сіңірді. Ол былай деп
жазды: «Кім көп білікті (бітік, жазу) біліп көңілінде тұтса, дәулеті
артар» [2, 19 б.].
Қ. Жалайыр шығармаларын тарихилық-афоризмдік және
қарапайым түрде, көркемдік, таным деңгейі жоғары және өнер
талғамы жарасты жағдайларға келтіріп жазған. Мысалы, Шыңғыс
хан мен басқада хандардың қарым-қатынасын, қазақ жамиғатының
ішкі жағдайларын, ортақ мүдделер мен адами көзқарастар ара
салмағын баяндауы рухани дәстүрлеріміздің бастауы сонау атақты
Бабырдың және Дулати шығармашылығымен астасқан Қадырғали
Қосынұлында жатқанын көрсетеді. Қазақ, орыс, басқа ұлттар
бауырластығын сипаттаған дүниетанымдық ойлары да, көзі көрген
оқиғаларды тұтас және ішкі байланыстарын сақтай отырып бейнелеуі
тарихи философиясын зерттеудің бір үлгісі іспеттес.
Ал басты шығармасы «Шежірелер жинағы» өзіне тікелей
көмектескен Б. Годуновқа арналуы Жалайырдың кең ауқымды
ойшыл, табанды тұлға, үлкен ақыл иесі, парасатты да білімдар,
кеңпейіл тарихи адам болғанын растайды және оның өмірбаянын
зерттеген оқымыстылар осы қасиеттерін атап өткен.
Өзінен бұрынғы, заманындағы тарихи оқиғаларды объективті
қарастырған Қадырғали оларды эмпирикалық жүйелі түрде
зерттейді. Бұл әлі теория емес, бірақ фактология деңгейінен әлде
қайда жоғары, себебі оқиғалардың ішкі байланысына, логикасына