Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
126
Хайдеггер осындай талпыныстардың батыстық дәстүрді
тығырыққа тірейтінін баса айтады. Өйткені бұл «ішкі он-
тологияны» туындатады, адам мен әлем бір-бірінен басы-
нан дербес дүниелер сияқты танылады, олардың өзара бай-
ланысы жете ескерілмейді. «Субъект және объект», «мән
мен құбылыс», «ішкі мен сыртқы» және т.б. категориялар
– «ішкі онтологияның» экзистенциалық мағынасы жоқ таза
категориялар болатын.
Мұндай онтологиялық құрылым қазіргі кезеңнің
сұраныстарын қанағаттандыра алмайтындығын кезінде
М. Хайдеггер ескерткен болатын. Адам да, оның ғылымы
да әлем мен адамның о бастағы бірлігін мойындайтын тұ-
жырымдамаға бағынғаны көңілге қонымды. Хайдеггер осы
ойларымен шығыстың философияларымен тікелей сұх-
батқа түседі. Міне, сол арқылы ол батыс философиясын-
дағы категориялар мен мәдениет әмбебаптары арасындағы
байланысты қайта орнатқысы келеді.
Қазақ философиясының қайнар көздері ежелгі дү-
ниеде, бұрынғы протоқазақтардың және қазақтардың ми-
фологиялық алғашқы философиясында (б.э.д. І-ІІ мың-
жылдықтар) жатыр. Қазақ халқы көптеген тайпалардың
өзара әсерлесуі мен қатынасы арқасында пайда болып,
олардың әр түрлі мәдени қырларын мұралаған.
Шығыстық философия батыстық философия туындат-
қан «субъект-объект» схемасымен қозғалмайды, оған «адам
мен әлем» байланысы маңыздырақ және ол жерде табиғат
өзіндік қасиетке ие болады. Міне, осындай онтологиялық
түсінік философиялық категорияның экзис-тенциалдығын
туындатады, жаңа мағыналардың пайда болуына әсер етеді.
Бұл дегеніңіз философиялық категориялардың мәдениет
әмбебаптарымен толық сәйкес келеді деген сөз емес. Фи-
лософиялық категориялар мәдениеттің рухани квинтэс-
сенциясы бола тұрып, әр түрлі экзистенцияға зер салады:
мәселен, философия дегеніміз өзіндік таным, әсерлену, мә-
дениет әмбебаптарын тұтастай пайымдау.
3 Дәстүр, демократия, философия
127
Дәстүрлі мәдениеттің тұтастығы шаруашылықты
жүргізудің ерекше түрімен анықталады. Көшпенділер
табиғатқа іс-әрекеттің белсенді субъектісі ретінде қатынас
жасады, бірақ оның қожасымын деп есептемеді. Орталық
Азияның Ұлы Даласындағы қатал климатпен есептесе оты-
рып, көшпенділер шаруашылықтың ең тиімді, ыңғайлы
тәсілдерін қолдана білді. Малды қай жерде, қашан жаю
керек екендігін анықтап, жердің тозып кетпеуін мұқият
қадағалап отырды. Қыста малды өзеннің төменгі жағына,
қардың астында сақталған көк шөпке жайса, жазда – тауда
немесе тау етегінде малды ұстаған. Көшпенділер табиғатпен
үнемі етене жақын болып, онымен іштей түсінісе ала-
тын, өзінің іс-әрекетін оның заңдылығы мен ыңғайына
бейімдейтін, яғни табиғаттың жаны бар деп есептеді.
Жердің де, судың да, орман мен таудың да рухы бар деп
саналатын. Адам шаруашылығы жақсы жүріп тұрған кез-
де адам мен жердің құдіретіне ризашылығымен қарады,
оның құпиясына таң қалумен болды. «Табиғат пен адам,
өмір мен өлім өте таң қалдыратын, оның іші толған
құпия болатын», – деп жазған Ш. Уәлиханов. Шығыстық
философияның ерекшелігі қатаң философиялық жүйе
болмай, поэтикалық-шығармашылық, фольклор, халық
ертегілері, аңыздар, мақал-мәтелдер, мифология түрінде
көрініс берді.
Дәстүрлі дүниетанымның негізгі әмбебаптары – жол,
кеңістік пен уақыт сакральды орталық ұғымдары болып
табылады. «Жол» ұғымы дәстүрлі дүниеге көзқарастың
динамизмін білдіреді. Көшпенді өмірін ат үстінде өткізеді,
оның кеңістік пен уақыт туралы өз түсінігі бар. Жолға
шыққан адамға «Жолың болсын!» деген тілек айтылады.
Бұл жолдың тағдырмен, өмірмен байланыстырылуы.
Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымының семантикалық
діңгегі «құт» ұғымы. Оны «өмірлік күш», «өркендеу басы»,
«өмір потенциясы», сонымен қатар байлықпен байланыс-
ты «бақыт», «игілік», «үлес», «тағдыр» деген ұғымдармен
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
128
сәйкестендіруге болады. Бұл ұғым онтологияны, антро-
пологияны және әлеуметтік философияны біртұтас етіп
біріктіреді.
Сонымен қатар ол дәстүрлі мәдениеттегі мәндік кө-
ріністерді анықтайды, рәміздейді. Онда прагматистік мағы-
надағы «жәй ғана нәрселердің» жоқ екенін байқатады.
Адамды қоршаған нәрселер адамға қызмет етеді және
әр түрлі сипатын аңғартады: барлық табиғат нысандары,
тұрмыс заттары, үй, киім-кешек, тамақ және т. б. тек қана
утилитарлы қызмет атқарып қана қоймайды, сонымен
қатар ол әлемді түсінудегі әлеуметтік код ретінде таныла-
ды және оны реттеуші, ұйымдастырушы қызметі арқылы
адамдардың жыныстық, жасы, туысқандық белгісі, байлығы
бойынша қатынасты жүйелеуге қатысады.
«Құт» негізінен, өмірлік күшті, алға қарай ұмтылуды
білдіреді. Дәстүрлі дүниетаным үшін адам, өсімдік, хайуан
өзара жақын және олар табиғаттағы тіршіліктің әр түрлі
көріністері. Адамның дүниеге, әлемге деген қатынасы рухани
және құндылықтық негізден құралады және сол арқылы ол
әсерленіп отырады. Сондықтан олардың негізгі идеясы – ең
жоғарғы құндылықты дәріптеу, яғни адам өмірін қастерлеу.
Ал әр түрлі әдет-ғұрыптарда дәстүрлі драма, таби-
ғатпен некеге тұру сияқты әсіреленеді. Мейрамдар мен
бақсылардың зікірлерінде жер бетіндегі өмірдің барлық
деңгейіндегі жаңғыруы бейнеленеді.
Дәстүрлі мәдениеттің өзегін туу мен өркендеу, өрбу мен
даму құрайды және табиғаттың берген алғашқы сыйы –
өмір, «құт», тірі жан деп есептелінеді. Осы өмірлік күштің
рәмізі ретінде тау басындағы, өмір орталығындағы сүт көлі
деп есептелінеді. Сондықтан сүт жәй ғана тағам болып са-
налмайды, оның ерекше мәртебесі бар: алғашқы уыз сүтті
шет жерлікке бермейді, қонаққа сүт беруге шек қойыла-
ды. Сонымен табиғи жемістілік идеясы дәстүрлі түркі
дүниетанымы үшін әлемдік болып келеді және барлық
әдет-ғұрыптық фольклорда көрініс табады.
3 Дәстүр, демократия, философия
129
Түркілік онтологияда «өмір және құнарлылық» семио-
тикалық коды аңғарылады. Бұл кілт арқылы түркілердің
үй-жайын, киіз үйдің семантикалық кеңістігін, адамның
үстіне төңкерілген аспанның моделін түсіндіруге бола-
ды. Киіз үйдің барлық нүктесі бақыт немесе игілік деп
түсінілетін «құт» рәмізі арқылы бейнеленеді. Ондағы ба-
сты орын ортадағы ошақ. Отбасы мүшелерінің құрбан бо-
луы «ошағы сөнді» деген ұғымды туындатқан. Сондықтан
ошақты қадірлеп, ондағы күлді қозғауға, отқа сүт құюға,
отты далаға алып шығуға рұқсат етілмеген, әйтпесе от ба-
сына бақытсыздық келуі мүмкін деген түсінік болған.
Киіз үйдегі қожайынның орны «жолбарыс» деп аталып,
биліктің белгісіндей болған, қожайынның әйелінің орны –
«қоян» деп аталып, бағынудың белгісіне айналған. Жастар
болса «құстар» деп аталатын орында орналасқан.
Герменевтикалық әдіс дәстүрлі мәдениеттегі тамақ-
тану жүйесінің рәміздік қызметін ашуға мүмкіндік береді,
қонақтарды күту барысындағы тәртіпті анықтауға көмек-
теседі (мәселен, қойдың басын бөлу, оның «құлақтарын»,
«көздерін» әлеуметтік және жастық иерархия бойынша
үлестіру). Қойдың жіліктерін табақтарға бөліп салу да
үлкен қарым-қатынастық өзара байланысты білдіретін
әдет-ғұрыпқа бағынады. Сөйтіп тамақтану жүйесі этностың
өзіндік сакральды қызмет атқаратын саласы болып табылады.
Көшпенділердің шаруашылығы кезеңдеріне, өмір
салтына, әр түрлі өмір кезеңдеріне сай келетін дәстүрлі
киім үлгісі болған. Әрбір жасқа келгенде өзіндік құнды-
лықтар болатындығы «құт» ұғымы арқылы байыпталып
отырған. Әсіресе, балалық шақ пен кәріліктің ортасын-
да орналасқан кезең адамның нағыз кемелденген уақыты
екендігі ескеріледі. Кәрілік – жәй ғана қартаю емес, оның
екі түрлі әлеуметтік қызметі бар: бір жағынан, белсенді
іс-әрекеттерден шеттеп қалғанымен, екінші жағынан,
адам рухтар мен ата-бабалар әлеміне жақындай түседі,
сондықтан ерекше құрметке ие болады.
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
130
Дәстүрлі мәдениетте бақыт, негізінен, «құтпен», не-
кемен, құнарлылықпен байланыстырылып келді. Құнар-
лылық игіліктің, табыс пен бақыттың басы, сондықтан бала
көтермеген әйел мен үйленбеген еркек әлеуметтік тұрғы-
дан құрметке лайықты емес деп танылған. Дәстүрлі қарым-
қатынаста гендер, гендерлік қатынас тақырыбы ерекше
орын алады. Әрине, қоғамдағы орталық фигура ретінде ер-
кек мойындалған. Бірақ сонымен қатар еркектің жетілген-
дігі мен еңбек ету мүмкіндіктерін әйелге деген қатынаспен
астастырған. «Адам болу» деген сөз «отбасын құру» деген
ұғымды білдірді. Әйелдің бойындағы қасиеттер мен жердің
құнарлылығы арасындағы байланысты жете аңғарған.
Түркі тіліндегі көптеген мәтіндерде Жердің жоғарғы қабаты
әйелдің тәнімен салыстырылады. Некеге үлкен сакралды
мән беріліп, ол болмыстағы адам өмірінде болатын елеулі
оқиға екендігі мойындалады.
Дәстүрлі қоғамдағы әлеуметтік байланыс, негізінен,
туысқандық, табиғи, өмірлік болатын. Рулық қатынастар
арқылы көп түрлі ұйымдық белгілер қалыптасқан. Осы
күрделі туысқандық байланыстар арқылы адамның әлеу-
меттік ортаға бейімделу механизмі анықталды. Бұл жерде
ата-баба үнемі еске салып тұратын дәстүрлердің маңызы
зор болатын. Сөйтіп, ру өзіндік біріктіруші күшке айна-
лып, «аңыздық», «әдет-ғұрыптық өмірбаянды» жасаушы
қызметімен көзге түсетін. Дегенмен қоғамның даму бары-
сында рулық санадан халықтық, ұлттық санаға көшкен жөн.
Рудың өзіндік санасы «аруақ», «қыдыр», «ырым»
ұғымдары арқылы қалыптасады. Аруақтар дегеніміз ата-
бабаның рухы. Көшпенділердің түсінігі бойынша әрбір
адам өзінен кейін балаларына тек қана киіз үйін, байланыс-
тарын, атағын ғана қалдырмайды, сонымен бірге тірілер-
дің арасында жүретін, олардың тағдырына әсер етіп оты-
ратын өз аруағын да қалдырады. Егер адам жақсы болса,
онда оның рухы балалары мен немерелеріне қиын кезең-
дерде көмектесіп отырады. Егер адам дұрыс өмір сүрмесе,
3 Дәстүр, демократия, философия
131
онда оның аруағы ондай көмек бере алмайды, керісінше,
ұрпағына қырсық болып, кесірін тигізеді.
Дәстүрлі дүниетанымның бұл ерекшелігі қазақ фоль-
клорында жақсы бейнеленген. Мәселен, «Алпамыс» эпо-
сында жоңғарларға жалғыз өзі шапқан Алпамысты олар
садақтың оғының астына алады. Мыңдаған жебенің ешқай-
сысы Алпамыстың денесіне дарымай, тайып кетіп отырған.
Оның себебі Алпамыс ұрыстың алдында жауынгерлердің
жебеушісі Ғайыппірен қырық шілтеннен көмек сұраған бо-
латын, ол болса кішкене тұманға айналып аспаннан түсіп,
жас батырды қорғап қалады (А. Сейдімбеков).
Бұған қарама-қарсы мысал «Қыз Жібек» поэмасын-
дағы Төлеген тағдыры. Қалыңдығына бара жатқанда
Төлеген өз әкесінің ақ батасын алмағандықтан оны аруақ-
тар қорғамайды, сондықтан махаббаттың орнына Қосаба
көлінің қасында ажалға тап болады.
Бірақ, негізінен, алғанда эпостың кейіпкерлері өз тағ-
дырын өзі таңдайтын, өзі шешетін әйгілі тұлғалар. Мәселен,
Қорқыт Ата, Қобыланды және Алпамыс батырлар, Қозы-
Көрпеш пен Баян сұлу сияқты данышпан кісілер.
Дәстүрлі дүниетанымның маңызды ұғымы ретінде
«қыдыр» есептеледі. Қыдыр – адамның тілегін, арма-
нын орындаушы, бақыт пен табыс, денсаулық пен ырыс
әкелуші ерекше тіршілік иесі. Ол әр түрлі бейнеде көрініс
береді: бейшараның, қарттың, жолаушының кейпінде
болуы мүмкін. Оның кім екенін ешкім бірден білмейді.
«Қырықтың бірі қыдыр» деген сөз осыдан қалған. Яғни кез
келген адамға мейіріміңіз түссе, онда қыдырдан да шапағат
көретініңіз анық.
Абайдың «Масғұт» поэмасында негізгі кейіпкер қарақ-
шыдан зардап көрген қарт кісіге шынайы ризашылықпен
көмектеседі. Міне, осындай мысалдар эпостарда көптеп
кездеседі. «Қыдыр» туралы түсініктерден басқа «бақыт
құсы» жайлы бейнелер қалыптасқан. Ол өзі таңдаған
адамның басына қонады, алақанынан дәм алады. Бұл
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
132
жөнінде Бұқар жыраудың Абылай ханға айтқан жырлары-
нан кездестіреміз. Ол Абылай ханға «бақыт құсы» қонғанын,
соны бағалап, ұшырып алмау қажеттігін ескертеді.
Дәулет құсы қонды басыңа
Қыдыр келді қасыңа
Бақ үйіңе түнеді.
Ш. Уәлиханов өзінің «Қырғыздардағы шамандықтың
белгілері» деген еңбегінде дәстүрлі дүниетанымның тағы
бір ұғымы – ырымды талдайды. Ырым адамды бақыт-
сыздықтан, сәтсіздіктен қорғаушы қызмет атқарады. Мә-
селен, «біреуге көйлек сыйлай отырып, оның бір жібін
немесе түймесін алып қалады…отардағы ең басты малды
– байлығымның «құты» деп сатпайды».
Байлықтың өзі адам басын таңдап келетіндігіне меңзеп
отырған. Міне сондықтан «бай» деген ұғымға құрметпен
қараушылық қалыптасқан. Бай адам дегенмен құрметті,
сыйлы кісі деген ұғым қатар жүреді.
Көшпенділер мәдениетін ерекше мәтін ретінде қарас-
тыруға болады. Оның ішкі құндылықтық-мағыналық
бірлігі бар. Қазақ философиясы өзінің дүниетанымдық
әмбебаптары бойынша дәстүрлі мәдениетке жақын бола
тұрып өзінің экзистенциалдық сипатын жоғалтпайды
және мәдениет өрісімен толық сәйкес келмейді. Филосо-
фия ерекше қызметті атқарады. Ол дәстүрлі мәдениеттің
күрделі мәтінін шешудегі өнер іспетті, яғни бұл оның
герменевтикалық көрінісі. Бұл мағынада шығыстық фило-
софия, Шпенглер айтқандай, «ұлы мәдениеттердің физио-
гномикасын тану» деген қызметті атқарады.
Осындай міндеттерді жүзеге асыру үшін көптеген де-
ректерге жүгінеміз. Алдымен «Орхон-Енисей руникалық
жазулары» деп аталатын тарихи ескерткіш дәстүрлі
түркі мәдениетінің шынайы рухын, түрік менталитетінің
ерекшеліктерін: еркіндікті, рух күшін, намысты, ерлікті,
3 Дәстүр, демократия, философия
133
түркі тілдерінің төлтумалылығын сақтауға тырысушылық-
ты және дүниеге түркілік көзқарасты білдіреді.
Бұл жазулар – түркі рухының ежелгі белгілері, куә-
лары. Олар Күлтегін, Білге Қаған, Тоныкөк үшін арналған.
Олардағы сөздер әлі де толығымен оқылған жоқ, мазмұны
толық анықталмаған, бірақ ежелгі заманның өзінде түр-
кілік жазу дәстүрі болғанының куәсі, дәлелі. Халық тари-
хы мен философиясының белгілі бір көрінісі болып табы-
латын рухани байлықтың тағы бір көзі халық аңыздары,
батыр жырлары, мақалдар мен мәтелдер болды. Олар
халық даналығын бойына жинай білген рухани құбылыс
болатын. Соңғы уақытта түркі әлемінің ұлы ойшылы
және музыканты Қорқыт Атаның күйлері мен ол тура-
лы үлкен қызығушылық тууда. Өлімге қарсы тек өнер,
шығармашылық күші арқылы, қобызы арқылы күресуге
болатындығын дәлелдеген данагөйдің есімі мәңгі сақта-
лады. Артында қалған өнер, музыка, шығарма, ғылыми
туынды мәңгі.
Дәстүрлі түркі мәдениетінің әмбебаптарын герме-
невтикалық жолмен зерделеген ойшылдардың қатарына
біздің белгілі қандасымыз Әбу Насыр әл-Фарабиді жат-
қызамыз. Оның шығармашылығы Шығыс пен Батыстың
көптеген ғылыми орталықтарында, оның ішінде Алма-
тыда зерттеледі. Біздің жерде жақында ғана «Әл-Фараби
мұрасы және әлемдік мәдениет» деген тақырыпта ха-
лықаралық конгресс өтті, осы тақырыпта көлемді еңбек
жарық көрді. Оған әлемнің тоғыз елінен ғалымдар, фило-
софтар қатысып, маңызды мәселелерді талқылады. Әл-
Фараби философиясының ең негізгі ұғымы «бақыт» болса,
ол түркі онтологиясы мен мәдениетіне өзек болып келетін
«құт» ұғымымен астасып жатыр. «Біз философия арқылы
ғана бақытқа жете аламыз», – дейді ұлы әлем ойшылы әл-
Фараби.
Тағы бір түрік әлемінің ірі тұлғасы ретінде Жүсіп
Баласағұнды атаймыз. Оның «Құтты білік» деген фило-
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
134
софиялық поэмасын ежелгі түрік тіліндегі өмір онтологи-
ясы деуге болады. Баласағұн әлемнің тылсым мағынасын
Әділдік, Зерде, Бақыт және Даналық деген ұғымдар мен
рәміздер арқылы беруге тырысады. Ұлы түркі ойшылы
қоғамды басқарушы мен оның қасындағы министрлер,
ғалымдар, әскер басшылары және басқа да мемлекет
қызметкерлеріне адамгершілік – этикалық қалыптарды
ұсынады. Сөйтіп, теориядан практикалық философияға
қадам жасайды. Бұл адамды рухани жетілдірудің, мәнді
іздеудің бір сатысы екендігін де мойындайды. Әркім өз
жанының Бағын өзі күйттемесе алға жылжу қиын екенін
де ескертеді. Жүйелеуші бастау Әділдік екенін айтып, адам
бақытын анықтайтын күш екенін пайымдайды.
Дәстүрлі түркі мәдениетінің тамаша ескерткіші
Махмұд Кашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегі.
Онда түрік тілінің тарихы жазылған, түркілердің әдет-
ғұрыптары мен дәстүрлері жинақталған. «Мен өз зерде-
ме тірі және рифмделген түріктердің, түркімендердің,
оғыздардың, қырғыздардың …. Тілдерін толық түсіре
білдім», – дейді ғалым.
Түркі мәдениетінде ұлы ойшыл, дана философ Қожа
Ахмет Иасауи ерекше орын алады. Оның мавзолейі
қазіргі қасиетті Түркістан қаласында орналасқан. Түркілік
руханилықтың ислам мәдениетімен байланыста өрбуіне,
дамуына үлкен қажырлы да жемісті еңбек еткені әлемге
белгілі. Ол мұсылмандық мистика мен сопылықты түр-
кілердің халықтық діни сенімдерімен (Тәңірге сену) бай-
ланыстыра білді. Ал өзі болса этикалық және денелік
жетілудің ауыр жолын таңдап, Аллаға жақындай түсуге
тырысты. Оның философиясында Руханилық дегеніміз Ма-
хаббат болып табылады.
Түркі мәдениетінің жарқын беттері ретінде ұлы ақын
мен жыраулардың шығармашылығын атауға болады.
Олардың көптеген өте бай философиялық-поэтикалық
мұралары біздің қазіргі заманымызға дейін жетті. Мәсе-
3 Дәстүр, демократия, философия
135
лен, Асан Қайғы, Шалкиіз жырау, Нысанбай, Бұқар жы-
рау, Тілеуке, Шал ақын сияқты дүлдүл өнер иелері болған.
Олардың поэзиясында әлеуметтік және философиялық –
діни мағына бар: адам, Құдай, әлем, қоғамды дамыту – міне
осындай тақырыптар негізгі мәселелер болған.
Түркі философиясының биік шыңы ретінде ұлы ойшыл
Абайдың шығармашылығын атаймыз. Оның философия-
сын әр түрлі сипатта анықтауға, зерттеуге болады. Абайды
қазақ халқы үшін жаңа құндылықтарды жасаған ойшыл-
ағартушы ретінде сипаттайды. Ол адам болмысының
ұстыны ретінде білімді аса жоғары бағалап, оны даму
ұстынымен байланыстырды. Қазақ даласында «Адам бол!»
деген мағынасы өте терең ұранын таратты. Соңғы уақыт-
та Абай шығармашылығының экзистенциалдық сипа-
ты жөнінде айтылуда. Ол өзінің «Қара сөздерінде» бол-
мыстың мәндік астарын өзіндік қиындық пен бақытқа толы
өмірлік тәжірибесі арқылы ашып көрсетеді. Менің ойым-
ша қазақтардың дәстүрлі мәдениетінің герменевтикалық
астарын терең тұжырымдаған Абай болып табылады.
Бұл әлемдік мәдениет аясындағы Абай философиясының
ұлттық сипатын айшықтай түсетін тұсы. Абай қазақ ді-
лінің жыршысы, ол «адам-әлем» қатынасын тұтастай қа-
растыра білген әйгілі ойшыл. Сондықтан оның жүрегі
мен ақылының арасында алшақтық жоқ, ерекше типтегі
тұлға деуге болатын жан. ХХІ ғасырда осы мәселе – жү-
регімен ойлауды үйрену үлкен маңыздылыққа ие болу
үстінде. Абай жалқаулық пен надандықты жек көрген. Ол
ағартушылықтың маңызын, білім мен ғылымның рөлін
ашып көрсеткен. Бірақ ол сонымен қатар ар мен ұяттан
ада болған ғалымнан сақтануға шақырады. Оның ұстыны
– ақылды жүрек немесе арлы зерде. «Кімде әділдік пен
махаббат сезімі болса – сол дана, сол ғалым», – деген Абай
атамыз.
Бұл жерде біз М. Хайдеггердің іргелі онтологиясы-
мен параллель жасай аламыз. Ол да «адам – әлем»
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
136
қатынасындағы тұтастықты көксейді және «ішкі әлем»
ұғымын ұсынады.
Қазіргі кезеңде М. Хайдеггердің пікірінше, барлық қа-
шықтықтар қысқаруда, бірақ жақындаған сайын заттар
бізден алшақтай түседі деген пікірді білдіреді. Өйткені
адам өзінің қолданған заттарын өзіне жақын тұтпайды.
Сондықтан Абайдың айтқан «зерделі жүрек» тұжырымы
қазіргі адам үшін өте қажет нәрсе. М. Хайдеггер өзінің
еңбектерінде әлемнің тұтастығын айта келіп, «бір тамшы
суда аспан мен жердің некелесуін көрмейміз бе?» – деп
керемет ой тұжырымдайды. Сөйтіп, Хайдеггер қазіргі
батыстық өркениеттің қиыншылықтарынан арылу үшін
Шығыстың бай рухани және мәдени тәжірибесіне назар ау-
дару қажеттігін атап көрсетеді.
Егер Батыс философиясы ХХ ғасырда жаңа онтология-
ның қалыптасуы жөніндегі қажеттілікті мойындай баста-
са, онда қазақ философиясы әлемге тұтастықпен қараумен
байланысты жаңа көзқарасты өзінің ақын-жыраулары
мен ойшылдарының еңбектерінде, шежіре-дастандарда,
фольклорда, яғни өзінің дәстүрлі мәдениетінде жинақтап
сақтаған.
Тіпті ресми идеология жоғарыдан әр түрлі догмалар-
ды таңып тұрған кездің өзінде-ақ қазақтардың ішкі өмірі
дәстүрлі дүниетанымның заңдылықтарына бағынып келді.
Міне, енді жаңа мыңжылдықтың басталу кезінде адам-
зат үшін осындай біртұтас көзқарас пен дүниетаным-
ның қалыптасуы өзекті болып отыр. Сондықтан, қазіргі
жаһандану заманындағы ғасырлар тоғысында қазақ фило-
софиясы біртұтас дүниетанымды сипаттайтындықтан бү-
кіл адамзат тарихы мен мәдениеті үшін маңызы зор.
Қазақ халқының мәдени және рухани мұрасын игеру-
де фольклордың, халықтың музыкасы мен ауыз әдебиеті-
нің орны ерекше. Өйткені фольклор халық даналығының
қайнар көзі, жастар үшін дәстүрлі дүниетанымды түсінуге
мүмкіндік береді.
|