Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


 Тәуелсіздік және қазақтың рухани мұрасы



Pdf көрінісі
бет10/16
Дата29.01.2017
өлшемі1,4 Mb.
#2940
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

2  Тәуелсіздік және қазақтың рухани мұрасы
-  бүкіл  адамзат  өркениетінің  айнала  қоршаған  ортаға 
жүргізген  парықсыз  өктемдігінен  туындаған  адам  мен 
табиғат  қарым-қатынасын  өзгерту,  әлемдік  экологиялық 
және антропологиялық дағдарысты жеңу;
-  батыстың  дамыған  индустриалды  елдері  мен  ба-
сым  көпшілігі  аштық  пен  қайыршылық,  кедейшілік  пен 
сауатсыздық  күйін  кешіп  отырған  Азия,  Африка,  Латын 
Америкасы  елдері  арасындағы  әлеуметтік-экономикалық 
даму деңгейінің өсіп бара жатқан алшақтығын азайту;
- көптеген дамушы елдердің экономикалық жағдайын 
күрделендіріп отырған халық санының есепсіз өсуін, яғни 
«демографиялық жарылысты» реттеу;
-  маңызды  табиғи  байлықтарға,  азық-түлікке,  шикізат 
пен энергия көздеріне бақылау жасау;
- Батыс елдерінің Ресейге жариялап жатқан санкцияла-
ры, Украинадағы соғыс қаупін тоқтату, Ресей мен Украина 
арасындағы дау-жанжалды шешу;
-  бүгінгі  ғылыми-техникалық  революцияның  жағым-
сыз  зардаптарын  болжай  білу  және  оның  жетістіктерін 
адам  мен  адамзат  мүдделері  үшін  тиімді  пайдалана 
білу.  Көріп  отырғанымыздай,  адамзат  ХХІ  ғасыр  шегінде 
планетаның  барша  мемлекеттері  мен  халықтары  өзара 
тіл  тауып,  жұмыла  кіріскенде  ғана  шеше  алатын  кешенді 
проблемаларға  маңдай  тіреп  тұр.  Азиядағы  мемлекет-
аралық күштерді үйлестіріп отыру мақсатынан дер кезінде 
өткізілген  Азиядағы  өзара  сенім  шаралары  жөніндегі 
кеңестің  (АӨСШК)  болашағы  өте  зор,  өте  пайдалы  сая-
си  форум  екендігін  бүкіл  әлемдегі  бұқаралық  ақпарат 
құралдары тынымсыз сөз етуде. Оның құндылығы Азиядағы 
мемлекетаралық  сұхбатты  дамытудың  және  аймақтық 
қауіпсіздік  жүйесін  қалыптастырудың  алғашқы  қадамы 
екендігінде болып отыр.
Бүкіл  әлемде  7  миллиардтай  адам,  оның  жартысы-
нан астамы (3,5 миллиард) және шикізаттың өте бай қоры 
да  Азия  құрлығында  орналасқан.  Оның  бет-пердесін 

104
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
анықтайтын  Қытай,  Үндістан,  Ресей,  Пәкстан  сияқты 
ядролық  қаруы  бар  ірі  мемлекеттер  қырық  құрамды. 
Азияда  өз  шешімін  әлі  таппаған  күрделі  шекара  және 
су  проблемалары,  Ауғанстаннан  басқа  елдерге  есіртке-
нің  үзбей  таралуы,  Араб-Израиль  қақтығысы,  Үндістан 
мен  Пәкстан  арасындағы  жанжалы  өрши  түсуде.  Тіпті, 
халықаралық  терроризмді  тамырынан  жою  үшін  бүкіл 
әлемдік қауымдастықтың барлық әскери, ақпараттық, қар-
жылық,  ғылыми-интеллектуалдық,  рухани-мәдени  күш-
жігерімізді  түгелімен  дерлік  бағыттауымыз  қажет.  Әрбір 
елге  төніп  тұрған  қауіп-қатерден  бірлік  пен  ынтымақтас-
тық, серіктестік пен өзара түсіністік қана қорғайды. Бірлік 
бар жерде тірлік болады, адам мен адамзат үшін жақсы, ізгі 
істер де болады.
Осы  өзекті  де  күрделі  мәселелері  Азиядағы  өзара 
ықпалдастық  және  сенім  шаралары  жөніндегі  кеңестің 
Алматыда  өткізілген  алғашқы  саммитінде  жан-жақты 
талқыланып,  «Алматы  актісі»  және  «АӨСШК-ның  терро-
ризмді аластау және өркениеттер арасындағы үн қатысуға 
жәрдемдесу  туралы  декларациясы»  сияқты  халықаралық 
маңызы өте зор құжаттар қабылданды. Азия кеңесінің ша-
қырылуы,  Азияда  тұрақтылық  пен  ұжымдық  қауіпсіздік 
жүйесін,  оның  ұстындары  мен  институттарын  құру  тура-
лы шешім қабылдау Қазақстанның беделін биік халықара-
лық  деңгейге  көтеріп,  бүкіл  қазақстандықтардың,  Елбасы     
Н.Ә.  Назарбаевтың  сыртқы  саясаттағы  қомақты  табысы 
деп әлемнің ақпарат құралдары бағалады. Біз бейбітшілік 
пен  қауіпсіздік  мүддесі  жолында  көпкіндікті  жаhандану 
мен өркениеттер арасындағы тиімді сұхбатты қолдаймыз. 
Өзіміздің ұлттық мүддемізді қорғап, тәуелсіздігімізді одан 
сайын нығайта түспекпіз. 
«Істің қалай біткеніне емес, қалай басталғанына қарап 
бағала»  демеуші  ме  еді  ұлы  Абай.  Біздер  өз  күшімізбен 
АӨСШК-ның  рухани-мәдени  негізін,  Азиядағы  адам  мен 
қоғам мәселесін, Азия философиясы мен тарихын, әдебиеті 

105
2  Тәуелсіздік және қазақтың рухани мұрасы
мен  мәдениетін  тереңірек  зерттеуіміз  қажет.  Қазір  біздер 
Азиядан  гөрі  Еуропаны  жақсы  білеміз.  Ендігі  қауіп  Еу-
ропадан  емес,  Азиядан  болуы  мүмкін.  Ендігі  жерде  әлем 
кіндігі  Еуропадан  Азияға,  Атлантикадан  Тынық  мұхитқа 
қарай  ауысуда.  Соған  орай  барлық  әлемдік  қауымдастық 
бетбұрыс  жасауда,  бұрынғы  қалыптасқан  стереотиптерді 
өзгерткеніміз  жөн.  Бұл  бағытта  АӨСШК-ның  шешімдері 
бізді қатты қуантады және жаңа игі ітерге жетелеуде.
Қазақстан  Республикасы  еуразиялық  ел,  ендеше,  оған 
еуразиялық идеясы өте жақын. Еуразиялық деген сөз Еуро-
па  мен  Азияны  біріктіреді,  бірақ  олар  өзінің  философия-
лық мәні тұрғысында Батыс пен Шығыс деген терең ұғымды 
білдіреді.
Біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз географиялық тұрғы-
да емес, демографиялық және мәдени тұрғыда Еуропа мен 
Азия, христиандық пен исламның тарихи әлемі аралығында 
жатыр. Еуразиялық дегеніміз бірлік. Егер Батыстың ұраны 
«Сыртқы  дүниені  таны,  соның  негізінде  оны  өзгерту  бол-
са»,  Шығыстың  ұраны  «Өзіңді  өзің  таны,  соның  негізінде 
өзіңді өзгерт». Абайдың сөзімен айтсақ «Адам бол!». Осы-
дан  еуразиялық  дүниеге  қатынастың  ерекше  түрі  болып 
табылады,  яғни  адамның  практикалық  іс-әрекеті  рухани-
адамгершілік бастамамен толығады. Еуразия кеңістігі бой-
ынша славяндар мен турандықтардың іс жүзіндегі үйлесім-
ді қатынасы, достығы, ислам мен христиандық арасындағы 
рухани  келісім  іске  асып  отыр.  Осының  арқасында  Азия-
Тынық  мұхиты  аймағы  мемлекеттерінің  АСЕАН  ұйымы, 
Еуразиялық экономикалық одақ, Қазақстан, Беларусь жә-
не Ресей арасындағы Кеден одағы, Шанхай ынтымақтастық 
ұйымы  сияқты  аймақтық  интеграция  әлемдік  жаhандану 
процесінің теріс әсеріне тосқауыл бола алады.
Бүгінгі күні Шығыс пен Батыстың, Азия мен Еуропаның 
жақындасуы,  еуразия  континенті  мемлекеттерінің  инте-
грациясы аса қажеттілікке айналуда. Ол үшін Азия елдері 
арасындағы тиімді сұхбат арқылы өзара түсіністік пен сенім 

106
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
орнауы қажет. Адам мен табиғат, техника мен адамгерші-
лік,  ислам  мен  христиандық,  ұлттық  пен  жалпыадам-
заттық,  атлантизм  мен  континентализм  арасындағы  тең-
сіздік  болашақта  аса  зор  күйреуге,  бүкіл  планетамыздың 
жойылуына апарып соғуы мүмкін. Еуразиялықты дүниеге 
арнаулы  қатынас  түріндегі  мәдени-философиялық  док-
трина ретінде жүзеге асыру осы теңсіздікті жеңудің басты 
жолы, адам тіршілігінің әр түрлі тараптарын үйлестірудің 
бірден-бір тәсілі болар еді. Қазіргі кезде еуразиялық идея 
мен мұраттың кең де терең мәнге ие болуы да сондықтан.
Қазір  барлық  елдер  мен  мемлекеттер  біркіндікті  жа-
hандану дүниесінде өмір сүруде, оны АҚШ анықтап отыр. 
Әлемдік  және  аймақтық  тұрақтылық  пен  қауіпсіздікті  өз 
мойнына алып отырған АҚШ үшін бұл оңай шаруа емес. 
Жаhандану процесіне оңтайлы кірігу үшін басқа елдер де 
АҚШ-пен бірге қатысқаны жөн. Сонда ғана біздер әлемдік 
көпкіндікті  жаhандасу  процесінің  шынайы  субъектілері 
бола  аламыз.  Әйтпесе,  әлемдік  орнықты  даму  тығырыққа 
тіреліп, үлкен қасіретке ұшырауы мүмкін. Бәрінен де біздер 
үшін өзара сенім мен келісім, түсіністік пен тұрақтылық ау-
адай қажет. Ондай жағдай көпкіндікті дүниеде ғана мүмкін.
Азиядағы  өзара  ықпалдастық  және  сенім  шаралары 
жөніндегі  кеңестің  рухани-мәдени  негіздеріне  айрықша 
тоқталған  жөн.  Ежелгі  заманнан  бүгінгі  күнге  дейінгі  Қа-
зақстанда  қалыптасқан  гуманизм,  төзімділік  (толерант-
тық),  ынтымақтастық,  этносаралық  және  рухани  келісім, 
тұрақтылық, сенім, халықтың демократиялық әдет-ғұрпы, 
сөз бостандығы сияқты құндылықтар осы кеңестің Алматы-
да жоғары деңгейде өтуіне негіз болды.
Төрт  жылда  бір  рет  өткізіліп  отыратын  Азиядағы 
жаңа  халықтаралық  саяси  форум  аймақтық  жанжалдар-
ды  бейбіт  жолмен  шешуге,  реттеу  мен  жаппай  қырып-
жоятын  қару-жарақты  таратуға  жол  бермеуге,  ядролық 
қарусыз  аймақтар  құруға,  терроризмге,  есірткі  қаупіне, 
ұйымдасқан  қылмысқа  қарсы  күресті  жүргізуге,  Үнді-

107
2  Тәуелсіздік және қазақтың рухани мұрасы
Пәкстан қақтығысын бейбіт сұхбат арқылы шешуге жағдай 
жасайды, өркениеттер мен мәдениеттер сұхбатын іске асы-
рады.
Халықтың  бай  өткен  тарихын  дұрыс  ұғынбай,  білмей 
қазіргі  қайшылықты  да  жанжалға  толы  заманды  терең 
түсінуге  болмайды  және  болашақты  болжап,  рухани  бай 
тұлға болу да мүмкін емес. Данышпан Ахмет Байтұрсынов 
айтқандай, «бүгінгі заман өткен заманның баласы, болашақ 
заманның «атасы». Азияда халық философиясы көркемдік-
поэтикалық  формада  өмір  сүрді,  500  томдық,  яғни  ауыз 
әдебиеті,  халық  шығармашылығы  түрінде  көрініс  берді. 
Сондықтан жастар үшін өз халқының ұлттық тарихы және 
көшпелі,  жартылай  көшпелі  халықтарда  қалыптасқан 
ерекше  философияның  құндылықтарын  кейінгі  ұрпаққа 
бере  білу  де  құнды  нәрсе.  Азия  философиясы  сұхбат  пен 
сенім философиясы, өзара түсіністік философиясы. Соны-
мен қатар ХХ ғасырдың 50-ші жылдары елімізде қалыптаса 
бастаған кәсіби философияны да айтпасқа болмас. Әдетте, 
кез  келген  жоғары  білімі  бар  адам  философияны  білемін 
деп  әлекке  түседі.  Шын  мәнінде,  қазір  ештеңе  білмейтін 
белсенді  надандар  да  көбейіп  бара  жатыр,  ондайлардан 
кәсіби  философияны  қорғау  керек.  Осындай  дилетанттар 
ғылым мен мәдениетке орны толмас зиян келтіруде.
«Жоқтан  ештеңе  бар  болмайды,  бар  нәрсе  ешқашан 
жоғалмайды».  Күллі  философтар  мен  ғалымдар  қауымы 
мойындаған  осынау  қағиданың  дұрыстығын  жиырмасын-
шы  ғасырдың  соңында  ұлы  түркі  жұртының  ата  қоны-
сында дербес елдігін қайта орнатқан қазақ халқы тағы бір 
рет дәлелдеп отыр. Ұлттық мәдениетіміздің: тарихымыз бен 
философиямыз, әдебиетіміз бен киномыздың, музыкамыз 
бен бейнелеу өнеріміздің өн бойынан ғасырлар тоғысында 
байқала  бастаған  буырқаныстар  жақсы  нышанның  хабар-
шысындай көрінеді.
Осы  орайда  «біз  –  қазақтар  өркениеттің  ащы-тұщы 
жемістерінің  бәрін  әлдеқашан  татып  көрген  әлем  жұрт-

108
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
шылығын  қазіргі  қандай  рухани  қазынамызбен  таң  қал-
дыра  алар  едік?»  деген  сұрақ  тілге  оралады.  Шынымен-
ақ,  қазіргі  заманғы  әлем  мәдениеті  дамуына  қазақ  халқы 
қандай жаңалық қоса алар еді?!
Жер-жиһандағы халық біткен үшінші мыңжылдықтың 
қарсаңында  бары  мен  жоғын  түгелдеп,  үшінші  мыңжыл-
дықта  дербес  ұстанар  бағытын  айқындап  жатқан  шақта 
біздің де өзімізге мұндай сұрақ қойуымыз табиғи заңдылық.
Сан  ғасырлық  тарихында  талай  соны  ізденістер  мен 
ұшқары  талпыныстардың  куәсі  болған  әлем  мәдениеті 
жылт  еткеннің  бәрін  тың  жаңалық  ретінде  қабылдай 
қоймайды.  Тереңнен  тамыр  тартқан,  дәстүрлі  ұлттық  мә-
дениеттің  асыл  мәйегін  замандастарының  арман-мұраты 
мен  талғамына  үйлестіріп  қайта  құлпыртқан  әрекет  қана 
көзі қарақты әлем жұртшылығы тарапынан жаңа құбылыс 
болып бағаланады. 
Күні бүгінге дейін жинақталған халқымыздың бай ру-
хани және мәдени қазынасын біз де осы талғам тұрғысынан 
таразылай  бастасақ,  оның  болашақта  бүкіл  әлемді  елең 
еткізуі мүмкін ерекше қуаты, ең алдымен, сөз өнеріміз бен 
саз өнерімізде жатқанына көз жеткізер едік. 
Қазақ  жырының  ең  арналы  саласы  жыраулар  поэзи-
ясы  екені  белгілі.  Поэзиямыздың  бұл  кезеңі  бізге  –  қазақ 
халқына  біртұтас  түркі  дүниесінен  бөлек  отау  тігіп,  дер-
бес  ел  болған,  сол  елдігімізді  сақтап  қалу  жолында  жан-
таласа күрес жүргізген, бас еркіндіктің қолдан сусып бара 
жатқанын  сезіп  қапалана  аһ  ұрған  дәуірмен  біте  қайна-
сып  жатқандықтан  да  ерекше  жақын,  ерекше  мазмұнды. 
Ең  терең  философиямыз  бен  тарихымыз  да,  дәстүрлі 
дүниетанымымыз да, салт-санамыз бен арман-мұратымыз 
да осы жырларда сақталған.
Қазақ  поэзиясының  жаңа  дәуірі,  әрине,  ұлы  Абайдан 
басталады. Абай жырлары – Шығыс пен Батыс, Азия мен 
Еуропа  поэзиясындағы  озық  көркемдік  әдістердің  қазақ 
топырағындағы  тоғысуы  ғана  емес,  бұл  –  халқымыздың 

109
2  Тәуелсіздік және қазақтың рухани мұрасы
тереңнен  тамыр  тартқан  үздіксіз  рухани  қуатының  жаңа 
пішін  мен  жаңа  көркемдік  әдіс  тауып,  әлемдік  мәдениет 
өріне  қарай  толқуы.  Ұлы  Абай  ұлттық  мәдениетіміздің 
бойындағы  булыққан  бұлақтың  көзін  ашты.  Қазақ  по-
эзиясы  жаңа  арнаға  түсті.  Күні  бүгінге  дейін  жалғасып 
келе  жатқан,  көркемдігі  мен  тереңдігі  жағынан  әлемдік 
поэзияның  кез  келген  озық  үлгісінен  кем  соқпайтын  ту-
ындыларды  дүниеге  әкелген  қазақ  поэзиясындағы  Абай 
дәстүрі дегеніміз, міне, осы.
Қазақ поэзиясының Абайдан басталатын дәуірі бөліп-
жаруға келмейді, әзірге бітер шегі де, шеті де көрінбейді. 
Себебі, қазақ ақындарының төбесінен үнемі төніп тұратын 
Абай талғамының ықпалы әлі талай ғасырларға созылары 
сөзсіз.
Үшінші  мыңжылдықта  қарқыны  жеделдей  түсер 
жаһандық  тұтастану,  шекара  талғамайтын  қаржы  мен 
ақпарат ағындары өзін сақтап қалмақ болған әрбір ұлтты 
жаңа  қатер  қаупінен  қорғануға  мәжбүр  етіп  отыр.  Ендігі 
жерде  өзіндік  «менін»  сақтауға  ұмтылған  әрбір  жұрт,  ең 
алдымен, тарихи жадын, бірегей ұлттық ойлау машығын, 
өзіндік дүниетанымын, ана тілі мен ерекше ділін, дәстүрлі 
төл  мәдениетін  дамыту,  аман  алып  қалу  жолында  жанта-
ласуы қажет. Осы тұрғыдан бағаласақ, «Қазақ энциклопе-
диясы»  Бас  редакциясы  шығарған  «Екімыңжылдық  дала 
жыры» атты көлемді жинақ қастерлеп ұстар қасиетті кітап. 
Себебі, қазақ жыры бар кезде, оны оқитын ұрпақ үздіксіз 
өсіп-өніп жатқан кеңістікте қазақ ұлты да мәңгі ғұмыр кеше 
бермек. Лайым солай болғай болашақта да.
Міне,  осындай  қиын  кезеңде  пәле-жәледен  құтқару-
шы қызметті тек философия ғана атқарады деген ойдамыз. 
Ол,  М.  Мерло-Понти  айтқандай,  «әлемдегі  құтқарушы» 
қызметті  қазіргі  кезеңде  атқаруға  кірісті.  Сөйтіп,  нағыз, 
нақты  өмірге  қайтып  оралу  жөніндегі  үміт  үзілген  жоқ. 
Міне, осы міндетті қазір Азия философиясы, оның ішінде 
қазақ философиясы шешуде. 

110
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
Азиядағы  өзара  ықпалдастық  және  сенім  шаралары 
кеңесінің  рухани-мәдени  алғышарттары  осындай.  Өрке-
ниеттік  сұхбат  процесінде  мемлекеттер  арасында  өзара 
түсіністік  пайда  болып,  ең  қымбат  та  басты  құндылық 
ретіндегі сенім сезімі қалыптасады. 
ЖаҺандану және Қазақстанның орнықты дамуы – Глобализация и 
устойчивое развитие Казахстана. – Алматы, 2002. – С. 227–253.

3  Дәстүр, демократия, философия
111
3 ДӘСТҮР, ДЕМОКРАТИЯ, ФИЛОСОФИЯ
3.1 ҚАЗАҚ ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ 
РУХАНИ-ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ БАСТАУЛАРЫ
Тәуелсіздік  тұсындағы  қазақ  халқының  қоғамдық  са-
насындағы  түбегейлі  өзгерістер  тарихи  тағдырдың  тәлке-
гімен  ұмыт  болған  ұлттық  дәстүр  мен  мәдениетті  қайта 
жүйелі  жаңғыртуымен  сипатталады.  Бірнеше  ғасыр  бойы 
отаршылдық  пен  тоталитаризмнің  ықпалымен  мәдени 
деградация  мен  трансформацияға  ұшыраған  ұлттық  мә-
дениетті  қайта  өркендету  мемлекеттік  деңгейде  төмендегі 
міндеттерді жүктейді: ең алдымен ұлттық мәдениеттің не-
гізін  құрайтын  түбегейлі  құндылықтарды  қайтару,  яғни 
адамдарды рухани тұрғыда оятатын ұлттық тіл мен дәстүрді 
қайта  жаңғырту;  осы  уақытқа  дейін  тыйым  салынып  кел-
ген халықтың тарихи өткенін толығымен жан-жақты зерт-
теулер арқылы қалпына келтіру, тарихи сананы қалыптас-
тыру арқылы мәңгүрттік жағдайдан арылу; ғасырлар бойы 
қалыптасқан қазақ халқының асыл қазынасы – мол мәдени-
рухани мұрасын белсенді түрде меңгеру.
Бостандық,  азаттық,  тәуелсіздік  идеясы  жаратылысы-
нан еркіндік сүйгіш қазақ халқының өмірінің мәнін, негізін 
құрайтыны анық. Соңғы екі-үш ғасырда отаршыл саясатқа 
қарсы  жүргізілген  үш  жүзден  астам  көтерілістің  өзі  нені 
көрсетеді?  Құдайға  шүкір,  халқымыздың  аңсаған  ұлттық 
тәуелсіздігіне  де  қол  жеткізіп,  бүкіл  әлем  мойындаған 
дербес  елге  айналдық.  Алайда,  қазіргі  жаhандану  зама-
нында  бәсекелестікке  төтеп  беру  де  оңай  шаруа  емес. 
Ұлттық  намыс  пен  жігерді  жани,  ұлттық  рухты  асқақтата 
түсу  керек  деп  ойлаймын.  Бұл  үшін  өз  қазанының  ішін-

Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
112
де  қайнап  қана  қоймай,  асып-төгіліп,  өзіміздің  тамаша 
ұлттық  құндылықтарымызды  сыртқы  әлемге  де  таныта 
білуіміз керек. Қазіргі қазақ философиясының мәні барлық 
жағынан алғандағы еркіндік және еркін ойлайтын тұлғаны 
қалыптастыру мәселесімен астасып жатады.
Қазақ  мәдениетінің  өткені,  оның  терең  рухани  қыр-
тыстары  мен  болмысы,  бүгінгі  мәдени  ахуалдың  қайшы-
лықтары  мен  келешегі  мәселелерін  зерттеу  өзінің  көкей-
кестілігімен  көзге  түсіп,  отандық  философия  ғылымына 
маңызды міндеттер жүктейді. Егер Батыста кәсіби форма-
дағы университеттік философия үстемдік етсе, қазақтардың 
ұлттық дүниетанымы көркемдік және діни мәтіндердің дәс-
түрлі  түрлерінде,  ақын-жыраулардың,  би-шешендердің, 
ағартушылардың шығармашылығында басым болып келе-
ді. Бұл қазіргі кезде еуро-орталықтық ойлау тәсілінен арыл-
ған қазақ философиясының болашағы туралы мәселені күн 
тәртібіне  қояды.  Қазақтың  бай  бәсекеге  қабілетті  төлтума 
мәдениетін  қалпына  келтіру,  халықтың  шынайы  тарихын 
жан-жақты түсіну үшін де оның дүниетанымдық негізі мен 
әдіснамалық құралын тереңірек қалыптастыру қажет.
Өткен  ғасырларда  өмір  сүрген  даналарымыз  халықты 
үнемі  рухани-адамгершілік  бағдарларға  шақырып  отыр-
ған. Әл-Фараби замандастарына «қайырымды, ізгілікті қа-
ланың» қажеттілігін айтса, Жүсіп Баласағұн қоғамда әрбір 
адамның  әділетті  болуын  көксеген,  Абай  пендеге  арнап 
«Адам бол!» деп нақты кеңесін берген, Шәкәрім болса, ар-
ұяттан,  ұжданнан  әлеуметтік  болмыстың,  адам  өмірінің 
түп қазығын іздеген.
Әрбір  ұлттық  мәдениет  өзінің  дамуында  руханият 
дүниесіне  сүйенеді.  Әлемдегі  басқа  ұлттар  мен  ұлыстар 
сияқты  қазақ  халқының  көп  ғасырлық  тарихында  дана-
лықтың озық үлгісі боларлық әлемді танып-білудің, зерде-
леудің  өзіндік  сипаттамалары,  түркілік  ерекшеліктерді 
танытатын философиялық-этикалық ойлар мен тұжырым-
дар  жеткілікті  болғаны  белгілі.  Мәселе  сол  рухани  інжу-

3  Дәстүр, демократия, философия
113
маржандардың  қадірін  біліп,  қаймағын  бұзбай  қазіргі 
күрделі  жаһандану  заманында  жүйелі  түрде  жинақтап 
алуда және оны әрбір жаңадан келетін жас ұрпаққа рухани 
сабақтастықпен жүйелі түрде бере білуде болып отыр. 
Адамзат  тарихы  руханиятының  ең  маңызды  түп  негізі 
оның  ақыл-ойынан,  парасатты  дербес  ойлау  тәжірибесі-
нен  байқалады.  Ойлаудың  ұғымдық,  түсініктік  жүйеленуі 
әлемдік философиялық дәстүрдің жарқын көрінісі ретінде 
танылады.  Жалпы,  адами  эволюцияның  өлшемі  ретінде 
даналық,  кісілік  үлгілерін  алуға  толық  болатыны  анық. 
Осы  тұрғыдан  алғанда,  адамзат  тарихындағы  кез  келген 
халықтан  философиялық  пайымдаудың  үлкен  жүйелі  құ-
рылымдарынан  бастап  өлшеулі  деңгейдегі  тұжырымдар 
мен  түсініктерден  тұратын  ерекше  сілемдер  аралығын-
дағы  мәдени  көптүрлілікті  аңғаруға  болады.  Осы  жерде 
философиялық  компаративистика  мен  философиялық 
герменевтиканың  алатын  орны  айтарлықтай.  Олардың 
барлығына  әрқилы  бағалау  беріп,  әр  түрлі  өлшемдер 
арқылы  сараптаудан  өткізу  міндеті  –  гуманитарлық  және 
әлеуметтік ғылымдар алдында тұрған қасиетті борыш. Де-
генмен,  негізінен,  ойлау  жүйесінің  адами  ұстындарының 
өзара  ұқсастығына  тәнті  боламыз  және  әрбір  мәдениеттің 
өзіндік  көріністерінің,  ерекше  сипаттарының  бар  екенін 
де  мойындауға  тиістіміз.  Міне,  осыған  орай  халқымыздың 
өзіндік ұлттық ойлау жүйесі, философиялық мәдениеті бар. 
Қайта оралу философиясы – бұл философияның өзіне 
өзінің  қайта  оралуы,  өзінің  рухани  қайнар-бастауларына, 
ежелгі  түркілік  құндылықтарына,  қайтадан  тереңірек  фи-
лософиялық  пайымдау  мен  зерделеу  үшін  өзіне  өзінің 
қайта  оралуы.  Қазақстандық  посткеңестік  философиялық 
рухани  байлықты  пайымдау  –  қазақ  мәдениетінің  терең 
қатпарларындағы  өзіндік  тұлғалық  кісілік  философиялық 
пайымдау сипатында көрініс бере бастаған философиялық 
үдеріс ретінде танылады.
Біз  қазіргі  кезеңде  қайшылық  пен  дау-жанжалға  толы  
өте күрделі жаһандану ауқымындағы әлемде өмір сүрудеміз. 

Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
114
Және  бұл  кезеңге  тән  маңызды  мәселе  қажетті  рухани-
адамгершілік бағдарлар мен мұраттарды іздеу болып отыр. 
Қазіргі  рухани  өмірдің  тәжірибесі  өткеннің,  бүгінгі  күннің 
және  болашақтың  ұлы  жетістіктерінің  негізінде  қалыптаса-
ды. Осыған орай қазақтың ежелгі түркілік рухани және діни-
мифологиялық  бастауларына  қайта  оралу  арқылы  өзімізді 
өзіміз  терең  түсіне  бастаймыз,  қазақ  руханияты  мен  қазақ 
дүниетанымының, қазақ және түркі философиясының терең 
сырлары мен інжу-маржандарын ашамыз.
Сонымен,  біз  өзіміздің  тарихи-мәдени  алғашқы  бас-
тауларымызға,  дәстүрлерімізге,  құндылықтарымызға,  қа-
зақтың әуелгі философиясына қайта ораламыз. Бірақ бұл 
қайта  рухани  түлеуді  адамзаттың  қазіргі  рухани  жаңа-
руымен,  оның  жетістіктерімен  байланыстыру  ауадай  қа-
жет.  Бұл  өзіміздің  рухани  бастауларымызға  қайта  ора-
лу  Інжілдегі  адасқан  ұлдың  қайта  оралуы  емес,  ол  біздің 
шешілмеген мәселелерімізді түсіну мен шешу үшін қажет 
гуманистік  қайнар  көздерге,  рухани  құндылықтарға  қай-
та  оралу  болып  табылады.  Сонымен  қатар,  біз  өзіміздің 
дәстүрлі  дүниеге  қатынасымыздан  қазіргі  әлемді  тереңі-
рек гуманистік тұрғыдан түсінуге сәйкес келетіндерін ғана 
таңдап  алуға  тиістіміз.  Көне  рухани-мәдени  мұрамызға 
жүйелі герменевтикалық және компаративистік салыстыр-
малы  философиялық  талдау  жасау  қажет.  Өткенді  асыра 
марапаттаудан да аулақ болуымыз қажет.
Қазақтардың  ежелгі  түркілік  дәуірі  кезеңінде  дәстүр-
лі  дүниетанымы  болғаны  мамандарға  белгілі.  Кез  кел-
ген  әлеуметтік  немесе  рухани  құбылыстың  мағыналық, 
мазмұндық,  құндылықтық  көрінісі  жеке  адам  үшін  не-
месе бүтіндей халық үшін құтты, қайырлы болмаса, онда 
оның  өзіндік  келбетінің  әлеуметтік  субъект  үшін  мәні  де 
жоғалатыны анық. Бұл тұжырымдар өз кезегінде өткен та-
рихи кезеңдердегі және қазіргі таңдағы әлеуметтік үдеріс-
ке, әлеуметтік практикаға берілген жан-жақты және оңды 
аксиологиялық сипаттама болары сөзсіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет