Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет11/12
Дата02.03.2017
өлшемі1,62 Mb.
#5094
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Әзірбаевтар жаңа заман жаршысы болды. Шығармаларының 
негізгі  арқауы,  мұраттары:  мейірім,  қайырымдылық,  достық, 
адалдық,  сүйіспеншілік,  адалдық.  Адамаралық,  ұлтаралық 
үйлесімділікті өз өмір жолымен үлгі ете білді. Көрші қырғыз 
елінің тілінде ол елдің «Манасын» қазақтарға насихаттады. Ұлы 
Отан  соғысы  кезіндегі  майдан  жауынгерлерін  рухтандырған 
шығармалары  «Лининградтық  өрендеріме»  атты  жыры-
мен  ынтымақ  пен  бірлікке  шақырды.  Қазақи  өзіндік  болмы-

194
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
сын  сақтай  отырып,  заман  ағымын  жаңаша  қабылдап,  соны 
әдістерді пайдаланды. 
1927  жылдың  22-31  шілде  аралығында  Майндағы-Франк-
фурт  қаласында  өткен  Бүкіләлемдік  музыка  көрмесі  ашыл-
ды.  Кеңестер  одағының  көрмесін  Бүкілодақтық  шетелдермен 
мәдени байланыстар қоғамы ұйымдастырып оған қазақстаннан 
этнографиялық топпен әнші Әмре Қашаубаев қатысып үлкен 
табысқа ие болды.
1933  жылғы  БОКП  –  жарлығымен  «Ұлттық  искусство-
ны  дамыту  шаралары»  қаулы  қабылданған  соң  облыс  орта-
лықтарында театрлар ашылды. Музыкалық театр техникумда-
ры ашылып, орталықта Алматыда қазақ драма театры ашылып, 
музыка студиясы құрылды. Музыкалы театр өздерінің алғашқы 
қойылымдарын  М.  Әуезовтің  «Айман-Шолпан»  комедиясы 
мен Б. Майлиннің «Шұға» драмасын қойды.
Алматыда  суретшілер  Одағы  құрылып,  суретшілер  за-
ман  келбетін  жаңаша  кескіндеді.  1935  жылдан  бастап  Жам-
был атындағы мемлекеттік филормония жұмыс істей бастады. 
Алғашқы музыкалық әліппе, қазақ музыкалық сынақ шеберха-
насы, Ғылым академиясындағы өнер тану сектор, М.О. Әуезов 
атындағы  Әдебиет  және  өнер  институтының  музыка  бөлімі, 
Қазақтың  мемлекеттік  филормониясы,  Қазақ  консерватория-
сы,  ондағы  Халық  аспаптар  кафедрасы,  Қазақтың  музыкалық 
театры, қазақ музыкасы туралы оқу құралдары міне, осының 
бәрінің ұйтқысы Ахмет Қуанұлы болды. 
40-шы  жылдардан  80-ші  жылдарға  дейін  ғылыми-
экспедиция  Қазақстанның  түпкір-түпкірінен  10  мыңдай 
ән-күй  нұсқаларын  жинаған.  Қазақстанның  кәсіпқой 
композиторларының  өмір  дерегін  жинастырып,  шығар-
лерге  үйрету  арқылы  халықтың  рухани  игілігіне  айналды-
руда  теңдессіз  еңбекқорлық  пен  іскерліктің  үлгісін  Ахмет 
Қуанұлының өзі көрсетіп отырды [114].
«Музыкалық  білім  беру  саласында  еуро-орыстық  оқыту 
жүйесінің  бел  алуына  байланысты  және  еуро-орыстық  музы-
ка  аспаптарын  үйрету  басты  мұрат  болғандықтан,  Қазақстан 
композиторлары негізінен романс, ария, вальс, соната, скерцо, 
оратория,  кантата,  симфония,  опера  сияқты  музыка  жанрла-
рын туындата бастады. Қазақ музыкасының кеңестік кезеңдегі 

195
3. ХХ ғасырдағы еркіндік құбылысының қайшылықты сипаттары
осылайша жанрлық кеңейуі мен толығуы дәстүрлі мәдениетті 
ығыстыра алмады. 
Құрманғазы  атындағы  ұлт  аспаптар  оркестрі,  Қазақтың 
хор каппеласы, ұлттық би ансамблдері кірді. 1937 жылдың 17 
қаңтарынан  бастап  музыкалық  театр  Қазақтың  опера  және 
балет  театры  болып  қайта  құрылды.  Қазақстанда  құжаттық-
киноленталар  көрсетіле  бастады.  «Советтік  Қазақстан»  ай-
дарлы  кино  журнал  шыға  бастады.  Ауылдарда  электр 
жарығы  мен  радио  жұмыс  істей  бастады.  Қол  жеткен  оңды 
нәтижелер,  дәстүрлі  мәдениетті  «түрлі  ұлттық,  мазмұны 
социалистік»  осылайша  түрлендірді.  Бірақ  кеңестік  сыншы-
лар  идеологиялық  тұрғыдан  өнер  адамдарын  да  қудалауға 
алды.  Тарихшы  Ә.  Тәкенов  өз  зерттеулерінде  былай  деп 
жазды:  «Біржан-Сарадағы»  Біржанның  феодалдарға  қарсы 
күресі  көрсетілмегені  үшін,  «Абайдағы»  Абай  «ұлы  орыс 
мәдениетінің» әсерін көрсете алмағаны үшін сазгерлерге кінә 
тағылған еді. А. Жұбанов нысанаға жеке алынған-ды. «Қазақ 
сазгерлерінің  өмірі  мен  шығармашылығы»  атты  ғылыми-
зерттеу  монографиясын  талқылауда  сол  30  жылдардағы 
«шылық»  пен  «щинаны»  қайта  қолданды.  1951  жылы  28 
қыркүйекте  «Казахстанская  правда»  газеті  М.  Төлебаевтың 
«Қазақстан  музыкатануындағы  бұрыс  бағыт  туралы»  деген 
сын  мақаласын  жариялайды.  А.  Жұбановты  буржуазияшыл-
ұлтшылдығы,  панисламист,  пантюркистігі  үшін  айыптады. 
Сазгердің  «Социалистік  Қазақстанда»  қателіктерін  мойында-
уы оны 18-19 қазандағы республикалық сазгерлер одағы қазақ 
музыкасындағы буржуазияшыл-ұлтшылдық бұрмалаушылық 
туралы талқылауға Мәскеуден үш өкіл қатысты. Б.Г. Ерзакович: 
«ұлтшыл,  әрі  космополит»  десе,  сазгер  Иванов-Сокольский 
«музыкатанудағы  бекмахановшылдықты  дәріптеуші»  дейді. 
Осылайша А. Жұбанов шығармашылығының елімізде таралу-
ына  тыйым  салынды.  Барлық  осы  прогрессивтік  құбылыстар 
Қазақстан  руханиятының  басқаша  бір  жаңа  арнамен  өркен 
жаюына  ықпал  етті.  Барлық  облыс  оталықтарындағы  бой 
көтерген  қалалар  қалалық  мәдениеттің  орталығына  айнал-
ды.  Қазақстандағы  ғылым  дамуын  философиялық  тұрғыдан 
зерделеген  ғалымдарымыз,  сол  кезеңдегі  осындай  агрессия-
лы-сыншыл,  әшкерелеуші  идеологияның  салдарынан  50-ші 

196
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
жылдардағы  кеңестік  ғылым  өзінің  маңызды  салалары  гене-
тикада, кванттық физикада, физиологияда алдыңғы орындар-
дан ысырылды. Тарихшылардың кәсібилігі төмендеп, тарихи, 
құқықтық, философиялық ойлау мәдениеті төмендеді деп атап 
көрсетеді [115].
Қазақ  рухының  тағы  бір  артықшылығы  олардың  танып 
білуге деген құштарлығы. Жеке адамдардың шығармашылық, 
жасампаздық әлеуеті артты. Басқалардан оқып-тоқып үйренуге 
деген  ынталары  олардың  батыс  ғылымын  меңгерулеріне 
ықпал  етті.  Ақындарымыз  О.  Сүлейменов,  Қ.  Мырзалиев,                                                                                                                    
М.  Мақатаев.  Т.  Молдағалиев,  М.  Шахановтар  ой  мен  сезімді 
тербеткен, адам жанының айнасы дейтіндей шығармаларымен 
қазақ поэзиясын биікке көтерді. Олардың барлығы орыс және 
еуропа  классиктерін  қанып  оқып,  ақындық  болмыстарының 
ішкі әлемін байытты. Қазақ поэзиясын күллі  адамзатқа ортақ 
әлемдік  үлгілермен  жаңғыртты.  Сонымен  қатар  олардың 
барлығы  дерлік  халқымыздың  ұлттық  рухын  сабақтастықпен 
жалғастырып  жырмен  өрнектеді.  Қазіргі  жаһанданып  бара 
жатқан  әлемде  жастарымыздың  ұлттық-мәдени  мұрадан 
мақсатты түрде ажырату мен буындар арасындағы байланыс-
тардың  үзілетіндігіне  алаңдаушылық  білдірген  зерттеушілер 
ежелден  қалыптасқан  бейімделу  және  өзін-өзі  тану  тетіктері 
мен өшемдерді бұзу деп есептейді. Бұл жағдайда бұрында терең 
рухани-адамгершіл  мазмұнды  жеткізетін,  әмбебап  мағынасы 
бар  категориялар  өзінің  дүниетанымдық  сипатынан  айыры-
лып, саяси-идеологиялық және технологиялық құралға айна-
лады.  Ондай  «аластанған  категорияларға:  «парызды»,  «намы-
сты», «ар-ұжданды», «әділдікті», «отаншылдықты», жатқызуға 
болады  және  олардың  шынайы  мазмұны  құнсызданып, 
бұрмалануда [116, 263 б.].
Табиғатпен  астасқан  жанды  жаратылыспен  қатар,  ұлттық 
салт-дәстүрлерімізді,  мінезіміз  бен  тектіліктілігімізді  сақтауды 
поэзиясы арқылы қалдырған Мұқағалидың: «күпі киген қазақ-
тың  қара  өлеңін,  шекпен  жауып  өзіне  қайтарамын»  –  дегені, 
ұлттық  нақыштағы  мұраларымызды  жаңғырту,  заманға  сай 
әрлеу  болып  табылады.  Ақындарымыз  социалистік  өмірдің 
ұрандатқан  шат-шадыман тіршілігін жырлауға ұсыныстар бе-
рілсе де, ұлттың тәлім-тәрбиесіне, бет-бедеріне оралып отырған. 

197
3. ХХ ғасырдағы еркіндік құбылысының қайшылықты сипаттары
Олжас Сүлейменовтің «Жазушы» баспасынан 1975 жылы 
жарық көрген «АзиЯ» кітабы болды. Осы кітаптың шығу үлкен 
дауға айналып, филологиялық айтыстың бір ұшығы саясатқа 
тірелді. Зерттеу объектісі болған «Игорь жасағы туралы жыр» 
(«Слово  о  польку  Игореве»)-ні  талдау  барысында  –  дейді                   
Ш.  Елеукенов  –  қазақ  тілінің  ХІІ  ғасырдағы  орыс  әдебиетінің 
інжу-маржанын  жасауға  атсалысқанын  бұлтартптай  дәлел-
дейді.  «Жырдың»  беймәлім  авторы  қос  тілді  –  орыс  тілімен 
қатар қыпшақ тілін білген, ол жырдағы түркизмдерден анық 
көрінеді дейді. Дала мен Ресейдің көне мәдени байланыстары 
хақындағы көзге шұқитын анық мағлұматтарды елемеу, қазақ 
пен орыстың жаны мен қанының араласқанын әбестікке санау, 
«Жырдың»  жаңа  қырынан  зерттелуіне  өре  түрегеліп  байба-
лам  салу  зауқайым  бір  қате  емес.  Империялық  сана  жалған 
методологияны  саналы  түрде  әдейі  арқа  тұтты  [117].  Жаңа 
әдіснаманың  негізінде  тарихи  ескерткіштер  мен  мұраларды 
зерттеудің ешқандай идеология мен биліктің ығына жығылмай 
бүгінгі күн тұрғысынан зерделеуді мақсат етті. Мәскеудің ашу 
ызасын қоздырғаны, автордың «аға халықты» бұрынғы мешеу 
қалған «надан», «қараңғы» қазақпен теңестіруі болды. Орысқа 
қарсы, ұлтшыл көзқараста деген айыппен кітаптың таралуына 
тиым салынды. 
ХХ  ғасырдың  ортасында  Қазақстанда  кәсіби  философия-
лық  жұмыстар  жарық  көре  бастады.  Руханиятымызда  батыс-
тық  үрдістердің  кең  қанат  жая  бастауы  жаппай  өріс  алды. 
Батыс  философиялық  мұраларымен  танысуға,  оларды  зерде-
леуге тікелей мүмкіндіктер ашылды. Қазақтың философиялық 
ойы  енді  кәсіби  жолға  түсті.  Алғашқы  философиялық  зерт-
теулер  материалистік  тұрғыда  жазылды.  Қ.  Бейсембиевтің 
монографиясын айтуға болады. Ұлттық психология ғылымын                      
Н. Жандилдин өрбітті. Н.А. Мұсабаева философияны жараты-
лыстану ғылымдарының жетістіктерімен байланыстырды. Ал, 
Жоғарғы  партия  мектебін  бітірген,  СОКП  Орталық  комитеті 
жанындағы  Қоғамдық  ғылымдар  академиясының  аспиран-
турасын  бітірген  мамандар  Ә.  Жаймурзин,  Т.  Жұмағазин, 
Қ.Х.  Рахматуллин,  Н.С.  Сәрсенбаевтар  кәсіби  философияның 
дамытуға  атсалысты.  Әрине  олардың  зерттеулерінде  социа-
лизм  идеясы,  халықтар  достығы,  интернационалистік  тәрбие 

198
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
сияқты мәселелер басымдық танытты. Еркін ойшылдыққа жол 
берілмеген тұста олар маркстік-лениндік диалектикалық және 
тарихи материализм мәселелерімен айналысты. 
Қазақстандағы  нағыз  кәсіби  философиялық  ой  еліміздің 
тарихындағы  жеке  адамға  «Сталин  культіне»  табынушылық 
жойылған кезден басталды. Жылымыққа шығып бой жазғаннан 
кейін  рухани  жаңғырулар  өріс  алған  тұста  қоғамдық  ойда 
дүр    сілкіністер  болды.  Философиялық  ойдың  өзегі  болып 
табылатын  диалектикалық  логикамен  айналысатын  фило-
софия  мектебінің  қалыптасуы  әлемдік  философиялық  ойға 
қосылған бір үлкен үлес еді. Қазіргі философия мамандарының 
мақтаныш сезіммен, үлкен ілтипатпен еске алатын есімдер: Жа-
байхан Әбділдин, Мамия Баканидзе, Лев Науменко, Югай Ге-
расим, Ағын Қасымжанов. Қазақ ССР Ғылым Академиясының 
Философия  және  құқық  институтының  директоры  академик 
Салық  Зиманов  сол  жас  ғалымдар  жайлы  шаттана  есіне  ала-
ды.  Әсіресе  ұлы  ойшыл  философтардың  Канттың,  Гегельдің, 
Фейербахтың,  Маркстің  мұралары  олардың  пікірсайыстары-
ның өзегі болды. Олар жаңа негіздегі ғылыми еңбектер жазуға 
кірісті. Шығармашылық топтың алғашқы кітабы «Танымдағы 
диалектика мен логика проблемасы» 1963 жылы жарық көрді. 
Кітапта қозғалған негізгі мәселелер: адам ойы мен танымының 
диалектикалық  табиғаты,  логиканың  диалектикалық  тұжы-
рымдамасы,  нақтылы  ұғым,  таным  субъектісінің  белсенділігі. 
Осы  мәселелерді  батыл  да  терең  теориялық  талдаулары 
нәтижесінде  Одақ  көлемінде  философиялық  қауымның 
қызығушылығын  тудырды.  Сол  кездегі  «Вопросы  филосо-
фии» журналында өте жоғары бағаланған рецензияға ие бол-
ды.  Одан  кейін  де  диалектикалық  логиканың  мәселелеріне 
арналған  бірнеше  кітаптар  жарық  көрді.  Әсіресе  1967–1968 
жылдары  Ж.М.  Әбділдиннің  «теориялық  танымдағы  бастама 
мәселесі», ал Л.К. Науменконың «Диалектикалық логикадағы 
монизм  принципі»,  М.И.  Баканидзенің  «Логикалық  форма-
ларды субординациялау проблемасы», Б.С. Сахариевтің «Ар-
найы  қатынастылық  теориясындағы  кеңістік  пен  уақыттың 
өзара  байланыс  проблемасы»  сияқты  іштей  өзара  біртұтас 
монографиялардың  жариялануы  диалектикалық  логика  бой-
ынша зерттеулерді тағы бір белеске көтерді. Теориялық білімді 

199
3. ХХ ғасырдағы еркіндік құбылысының қайшылықты сипаттары
құрудың бастамасы, басқы пункті туралы бұл мәселені шешпей, 
диалектикалық философияны әрі қарай дамыту мүмкін емес 
еді [118]. Қазақстандық философиялық ойдың төңірегіне жан-
жақтан  диалектикалық  логиканың  мәселелері  қызықтыратын 
мамандар жинала бастады. 1968 жылы Мәскеуден, Ленинград-
тан,  Киевтен,  Ташкенттен,  Тибилисиден,  Минскіден  белгілі 
ғалымдар мен философтардың басын біріктірген Бүкілодақтық 
симпозиумның ашылуы осының куәсі. Одан кейінгі өткізілген 
симпозумдар 1977 ж., 1983 ж., 1990 ж. диалектикалық логика 
бойынша зерттеулердің орталығына айналып кең өріс жайды. 
Бүкілодақтық симпозиумдар енді халықаралық дәрежеде өтті. 
Енді оған Болгариядан, Чехословакиядан, Польшадан, Герма-
ниядан, Румыниядан атақты философ ғалымдар қатысып, пікір 
алысты. 
1970  жылдардан  кейін  қазақстандық  философия  мекте-
бінің  көкжиегі  жаңа  лекпен  толықты.  Олардың  қатарын                                                                                                                                  
Ғ.Ғ.  Ақмамбетов,  Қ.  Әбішев,  Т.Ы.  Әбжанов,  Ә.  Нысанбаев,                                                                                                                                    
В.И. Ротницкий, А.С. Балғымбаев, А.А. Ивакин, Н.Қ. Мұқитанов, 
М.С.  Орынбеков,  М.С.  Сәбитов,  Г.Г.  Соловьева,  А.А.  Хамидов, 
Н.Қ.  Сейтахметов,  Р.Қ.  Қадыржанов,  І.  Ерғалиев,  М.З.  Изотов, 
С.Ю.  Колчигин,  А.Б.  Капышев  құрды.  Енді  осы  ғалымдардың 
атсалысуымен  1990  жылдардан  бас-тап  диалектикалық 
логиканың  алты  томдық  жинағы  жарық  көре  бастады.  Бұл 
еңбекте  адамдардың  таным  қабілетінің  мәнін  ашуға  ұмтылу-
шылық  басым  болды.  Сонымен  қатар  дүниеге  ғылыми 
диалектикалық  көзқарасты  қалыптастыруды  көздеді.  Кеңес 
Одағында академиялық философияда диалектиканы қолдануда 
алға  жылжулар  болды.  А.А.  Хамидов  диалектика  жайындағы 
көптеген  жұмыстардың  мазмұнынан  адамға  қатыстылықтың 
жоқ  екендігіне  тоқталады.  Диалектиканы  тек  логикаға  таным-
ның әдістеріне ғана қолданған, ал адамгершілікті, көркемөнерді, 
діни  мәдениеттердің  тыс  қалғаны  жөнінде  ой  қозғайды. 
Сондықтан бұндай түрдегі диалектикада ешқандай да этикалық, 
эстетикалық, гуманистік бастаулар болған жоқ. Бұндай түрдегі 
диалектиканың көмегімен өмірді тану ғана мүмкін болды. Ал, 
ол әлі толық өмір сүру емес еді [119]. Социализм ұстындарына 
сәйкес келмейтін ұғым, түсініктер шектеліп, соның салдарынан 
толыққанды философиялық ойлар жарыққа шықпады. 

200
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстандық  философия  әлемдік  философияның  бір 
бөлігі  екендігі  аян.  Осы  әлемдік  философия  қатарынан  қазақ 
даласы ойшылдарының философиясы да өзінің орын алуымен 
қазақтың  ұлттық  философиясымен  әлемдік  философия  ара-
сында  байланыс  орнап,  зерттеу  мен  оқыту  кең  қанат  жайып, 
адам санасы мен рухындағы терең астарлар айшықтала түседі. 
Тәуелсіз  Қазақ  Елінің  философиясы  еркіндік  жағдайында, 
адам  рухының  биік  көріністерін  айшықтап,  адамдардың 
болмысын  біріктіруші  негізге  айналады.  Қазіргі  кезеңде 
Қазақстан  философтарының  алдында  жаңа  әлеуметтік-саяси 
шындықтың күрделі мағынасын ашу жолында өтпелі кезеңнің 
қайшылықтары  мен  ерекшеліктерін  анықтау,  егеменді 
еліміздің  өркениетті  елдердің  қатарында  дамуының  мәдени-
тарихи алғышарттарын байыптау сияқты күрделі істер тұр.
Қазақ ақын-жырауларының, би-шешендерінің, ағартушы-
ларының,  алаш  қайраткерлерінің  өз  елінің  болашағы  үшін 
жүргізген  күресі,  көзқарастары,  дүниетанымы  қазіргі  Қазақ-
стан  мемлекеті  үшін  рухани  мұра,  саяси  сабақ  бола  алады. 
Ұлттық  мәдениеттен  алшақ  рухта  тәрбиеленген,  одан  хабары 
жоқ  болашақ  ұрпақтан  халқымыздың  мүддесін  қорғайтын 
азаматтар  шықпайды.  Тәуелсіздіктің  туын  тігіп,  алдағы  даму 
жолын бағдарлап жатқан еліміздің болашағын мығым етудің 
іргетасы  ұлттық  идеямыздың  басты  ұстындары  болып  сана-
латын  еркіндік,  бостандық,  тәуелсіздік  категорияларын  сара-
лап,  философия  тарихы  тұрғысынан  зерделеу  болып  табы-
лады.  Көпэтносты  елімізде  мемлекеттілігімізді,  ұлттымызды 
сақтаудың бірден бір кепілі қоғамдық келісімді сақтауды басты 
мақсат етуіміз қажет.
Қазақ  халқының  дүниетанымындағы  еркіндік  ұғымының 
өзіндік тарихи-мәдени алғышарттары болды. Қазақ қоғамын-
дағы билер институты мен ханның саяси-әлеуметтік әрекеттері 
мен негізгі мақсаттарының өзі елдің азаттығы мен бостандығына 

201
Қ о р ы т ы н д ы
негізделген-ді. Бұл азаттық рухынан туындайтын құндылықтар 
жүйесін  құрайды.  Еркіндік  идеясының  ұлттық  идея  негізінде 
қалыптасатындығына  байланысты  жыраулар  поэзиясындағы 
толғаныстардың түйткілдері арнайы  зерделенді. Бұхар жырау-
дың  саяси-әлеуметтік  мәселерді  толғауының  ерекшеліктері, 
Жиембет  жыраудың  адам  еркіндігі  мен  бостандығы  туралы 
идеялары,  Ақтамберді  жыраудың  әсемдікке  негізделген 
өмірмәнділік  құндылықтарды  жырлауы,  Көтеш  ақынның 
еркіндік  мәселесін  байыптауының  жүйесі  көрсетіліп,  тарихи 
сабақтастықтың  еркіндік  идеясымен  де  жалғасатын  тұстары 
айшықталды. 
Махамбет  Өтемісұлының  толғауларындағы  идеялар  ер-
кіндік  рухына  негізделгендігі  байыпталып,  ол  өз  заманында 
бұл идеяны іске асырушы ретінде танымал тұлға болғандығы 
сараланды.  Ол  ерік  күші  арқылы  өзін-өзі  билеу;  саяси-
әлеуметтік  саладағы  азаттық  сарыны;  ұлттық  рух  еркіндігі 
түрінде  көрсетілді.  Алайда  халық  басындағы  қара  тұман 
айығып, ел өмірі өзгеріп, жаңа дүние, жарық күн туатынына 
сенеді.  ХІХ  ғасырдағы  қазақ  ағартушылығының  еркіндік 
хақындағы  ой-толғаныстарының  тарихи-әлеуметтік  және 
саяси-мәдени  алғышарттары  құрылғандығы  көрсетілді.  Х1Х 
ғасырда,  сол  кезеңнің  алдыңғы  қатарлы  орыс,  араб,  парсы 
және Еуропаның мәдениеті мен әдебиетінен үлгі ала отырып, 
Шоқан  Уалиханов,  Ыбырай  Алтынсарин,  Абай  Құнанбаев 
патриархалдық салт-сананың қалдықтарына, кертартпа ағымға 
қарсы күрескендігі хақындағы идеялар еркіндік философиясы 
тұрғысынан  зерделенді.  Азаттық  идеясының  тарихи-таным-
дық маңызы байыпталды. Абай Құнанбаев шығармашылығын-
дағы еркіндік мәселесінің жан-жақты қырлары ашылды. Қазақ 
халқының әлеуметтік сыншысы болған Ұлы ойшылдың негізгі 
идеяларының  түпкі  мәні  азаттық    пен  еркіндік  идеясына 
тоғысады.
ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ  зиялыларының  шығар-
машылығы  мен  іс-әрекеттеріндегі  еркіндік  идеясы  тарихи-
философиялық  дискурста  талданды.  Әлихан  Бөкейхан, 
Мұстафа  Шоқай,  Ахмет  Байтұрсын,  Міржақып  Дулатұлы, 
Мағжан  Жұмабайұлының  ой-тұжырымдары  объективті 
логикалық  тұрғыдан  зерделенді.  Оның  философиялық 

202
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
деңгейлерін және тарихи сабақтастығын саралап, сол дәуірдегі 
азаттықтың  негізгі  нақты  тәжірибелік  көрінісіне  айналған  
Алашордашылар  қозғалысындағы  еркіндік  идеясының  эво-
люциясы сарапталды. 
Тәуелсіз  Қазақстанның  дербес  мемлекет  ретінде  демо-
кратиялық  құндылықтарды  басшылыққа  ала  отырып, 
экономикалық  реформалар  жүргізіп,  халықтың  әл-ауқатын, 
рухани  және  мәдени  дамуын  жүзеге  асыруға  бағытталған 
саясатының  нәтижесінде  мемлекетте  этносаралық  келісім, 
бейбітшілік, саяси тұрақтылық, ішкі және сыртқы қауіпсіздікті 
нығайту  азаматтардың  құқығын  сақтау  мен  шығармашылық 
еркіндігін қолдаумен қатар жүргізіліп келеді. Бұл даналықпен 
жүргізілген  саясат  –  қазақ  халқының  еркіндіксүйгіш  рухани 
болмысының көрінісі. 
Қазіргі күні жаһандану үдерісі қоғам өмірінің барлық са-
лаларын  қамтып,  дәстүрлі  мәдениеттердің  құндылықтары 
ұмытылып  кету  қаупі  туған  шақта  елімізде  жасалып  жатқан 
шаралар  оған  қарсы  тұру,  сонымен  қатар,  басқа  дамыған 
мемлекеттердің  құрсауында  кетпей,  тәуелсіздігімізді  сақтап 
қалуға бағытталған. Ең алдымен бұл жағдайда экономикалық 
тәуелсіздікпен  қатар,  рухани  тәуелсіздікті  жоғалтпау 
мәселесі  тұр.  Қазақ  ұлтының  ғасырлар  бойы  қордаланған 
руханиятының  жетістіктерін  бүгінгі  күннің  кәдесіне  жарата 
отырып,  еркіндік  жағдайында  дамуды  дұрыс  жолға  қоя  білу 
керек.    Қазақстан  азаматтары  Отанымыздың  намысы  үшін 
әрдайым жауапкершілікті сезініп жүруі тиіс. 
Абайдың  «Толық  Адам»  идеясы  қазіргі  қазақстандық 
қоғамда  өзінің  өзектілігімен  құнды.  Адамды  жетілдіру,  ішкі 
еркіндікпен  байланысты.  Қоғамдағы  әрбір  жеке  адам  бүгінгі 
тәуелсіздікті  пайдалана  отырып  өзін-өзі  жетілдіруге  тиіс. 
Ұлтымыздың  болашағы  жарқын  болуы  үшін  ол  идеялардың 
пайдасы зор. Ұлы ойшылдарымыздың ой-жүйелерін жетілген 
қоғамның әрбір мүшесі өзінің күнделікті өмірлерінде пайдала-
на отырып қаперде ұстағаны абзал. Мәңгілік ел болу жолын-
да әрбір адам өзінің еркіндігін сақтай отырып, ішкі еркіндікті 
жоғалтпауы  абзал.  Олай  болмаған  жағдайда  адамның  өмірі 
мәнсізденеді.

203
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. – Алматы: Өнер, 1996. – 
355 б.
2. Нысанбаев Ә.Н. Адам және ашық қоғам. – Алматы: Қазақ энци-
клопедиясы, 1998. – 272 б.
3.  Кішібеков  Д.,  Кішібеков  Т.  Қазақ  философ  халық  //  Ақиқат.  – 
2009. – № 8. – 46 б.
4. Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. – Алматы: Қазақстан
1995. – 107 б.
5.  Витгенштейн  Л.  Мәдениет  және  құндылық  //  Батыс  фило-
софиясының антологиясы. – Алматы: Фонд Сорос-Казахстан, 2002. – 
464 б.
6. Қозыбаев М. Жауды шаптым ту байлап. – Алматы: Қазақстан. 
1994. – 290 б.
7. Тарақты Ақселеу. Қазақтың әйгілі күйшілері (ІX–XX ғасырлар). 
– Алматы: Қазақстан, 1992. – 24 б. 
8. Есім Ғ. Сана болмысы (Саясат пен мәдениет туралы ойлар). – 
Алматы, 1997. – 232 б.
9. Абай. Қара сөз. Поэмалар. – Алматы: Ел, 1993. – 272 б. 
10.  Абылай  /  Құрастырған  С.  Қарамедин.  –  Алматы:  Дария-
пресс, 1993. – 26 б.
11. Әбішев Қ.Ә. Философия. – Алматы: Ақыл кітабы, 1999. – 264 б.
12. Уәлиханов Ш. Таңдамалы. – Алматы: Жазушы, 1985. – 560 б.
13. Бес ғасыр жырлайды: ХV ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезіне 
дейінгі  қазақ  ақын-жырауларының  шығармалары.  Екі  томдық  /
Құрастырған М. Байділдаев, М. Мағауин. – Алматы: Жазушы, 1998. 
– Т. 1. – 77–78 бб. 
14. Кенжалиев З. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық 
мәдениет. – Алматы: Жеті жарғы, 1997.
15. Зиманов С., Өсеров Н. Қазақ әдет-ғұрып заңдарына шариаттың 
әсері. – Алматы, Жеті жарғы. 1998. – 4–5 бб.
16. Левшин А.И. Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордасы мен 
далаларын суреттеу // Ақиқат. 1993. – № 3. – 54–64 бб.

204
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
17. Раев Д. Қазақтың шешендік өнері: философиялық пайымдау. 
– Алматы: Ценные бумаги, 2001. – 228 б. 
18. Қасымжанов А.Х. Портреты: Штрихи к истории Степи. Вып 1. 
– Алматы, 1995. – 126 с.
19. Төреқұлов Н., Қазбеков М. Қазақтың би-шешендері. – Алматы: 
Жалын, 1993. – 400 б.
20. Бөкейханов Ә. Таңдамалы. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 
1995. – 478 б.
21. Төле би / Құрастырған Дәуітов С. – Алматы: Мұраттас ғылыми 
зерттеу орталығы, 1991. – 80 б.
22.  Нұрмұратов  С.Е.  Рухани  құндылықтар  әлемі:  әлеуметтік 
философиялық талдау. – Алматы: ҚР БҒМ Философия және саясат-
тану институты, 2000. – 180 б. 
23.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  –  Елбасы                               
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан – 2050» 
стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты.
24. Айтқазин Т.Қ. Қазақтардың мұраты. – Алматы: Ғылым, 1994. 
– 100 б. 
25.  Назарбаев  Н.  Бірлік  –  біздің  қасиетті  туымыз  //  Егемен 
Қазақстан. – 1995. – №80.
26.  Қапышев  А.Б.  Шығармашылық  –  руханилық  пен  мәдениеттің 
бірлігі ретінде // ҚР БҒМҚ, ҚР ҰҒА хабарлары. – 2001. – № 6. – 96–102 бб.
27. Есім Ғ. Адам-зат // Қазақ халқының философиялық мұрасы. 
Филиософиялық антропология. Мәдениет философиясы. Дін фило-
софиясы. – Астана: Аударма, 2006. – 536 б. – 14 б.
28. Омари Ж. Бұқар жырау. Он екі тарих. – Қарағанды, 1994. – 100 б.
29.  Кант  И.  Критика  практического  разума  //  Соч.  в  6  т.  –  М.: 
Мысль, 1966. – Т. 3. – 799 с.
30. Жеті ғасыр жырлайды: екі томдық. – Алматы: Жазушы, 2008. 
– 1 т. – 400 б.
31.  Ай,  заман-ай,  заман-ай  (Бес  ғасыр  жырлайды).  2  томдық  /
Құрастырушы М. Мағауин, М. Байділдаев. – Алматы: Жазушы, 1989. 
– Т. 1. – 384 б.
32.  Ошақбаева  Ж.Б.  Жыраулар  дүниетанымындағы  еркіндік 
мәселесі // ҚР ҰҒА Хабарлары. – 2009. – №5 (272). – 35–38 бб. 
33. Бейсенов Қ. Қазақ топырағында ғақлиятты ой кешу үрдістері. 
– Алматы: Ғылым, 1994. – 168 б.
34. Шәріп А. Қазақ поэзиясы және ұлттық идея. – Алматы: Білім, 
2000. – 336 б. 

205
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
35. Нысанбаев Ә.Н., Нұрмұратов С.Е. Махамбет дүниетанымы //
Адам әлемі. – 2003. – №3. – 15–19 бб.
36.  Нұрланова  Қ.Ш.  Ауызша  мәдениет  –  көркем  бейнелі 
философиялық  мәдениет  //  Қазақ  даласының  ойшылдары  (XVIII–
XIX ғғ.). – Алматы: ФжСИ компьютерлік баспа орталығы, 2004. – 4-ші 
кітап. – 309 б. – 120–184 бб.
37. Кант И. Собрание сочинений. – М., 1966. – Т. 4. – 269 с.
38. Сейдімбек А. Қазақтың күй өнері. – Астана, 2002. – 832 б.
39. Кенжалиев И. Исатай Тайманұлы. – Алматы: Қазақстан, 1977. 
– 112 б.
40. Гоббс Т. Сочинения в двух томах. – М., 1991. – Т. 2. – 736 с.
41. Махамбет Өтемісұлы. Өлеңдер. – Алматы, 1962. – 83 б.
42. Кант және Гегель философиясы // «Әлемдік философиялық 
мұра». Жиырма томдық. – Алматы: Жазушы, 2006. –  Т. 8. – 520 б. 
43. Махамбет. Жыр-жебе. – Алматы: Дайк-пресс, 2003. – 150 б.
44. Әлжан Қ.Ұ. Адам және әлем: үйлесімді қатынастарды іздеу // 
Қазақ даласының ойшылдары (XVIII–XIX ғғ.). 4-ші кітап. – Алматы: 
ФжСИ компьютерлік баспа орталығы, 2004. – 309 б. – 44–84 бб.
45. Мейірманов А.Д. Қазақ қоғамының рухани бірлігі мәселесі //
Қазақ даласының ойшылдары (XVIII–XIX ғғ.) 4-ші кітап. – Алматы: 
ФжСИ компьютерлік баспа орталығы, 2004. – 309 б. – 222–260 бб.
46.  Абишев  К.  Власть  как  проявление  глубинного  устремления 
людей к свободе // Власть как ценность и власть ценностей: метамор-
фозы свободы – Алматы, 2007. – 470 с. – 52–64 бб.
47. Сегизбаев О.А. Казахская философия ХV – начала XX века. –
Алматы, 1996. – 472 б.
48. Ергали И.Е. Философия как духовная деятельность / под общ. 
ред. А.С. Серикбаева. – Астана, 2003. – 283 с.
49.  Аташ  Б.М.  Махамбет  философиясындағы  «Меннің» 
деңгейлері // Махамбет ерлік пен елдіктің өшпес рухы: халықаралық 
ғылыми-практикалық  конференцияның  материалдары.  –  Атырау, 
2003. – 393 б. – 347–350 бб.
50.  Нұрышева  Г.Ж.  Махамбет  поэзиясындағы  экзистенциялық 
сарын  //  Махамбет  ерлік  пен  елдіктің  өшпес  рухы:  халықаралық 
ғылыми-практикалық  конференцияның  материалдары.  –  Атырау, 
2003. – 393 б. – 274–277 бб.
51. Турсунов Е.Д. Истоки тюркского фольклора. Коркыт. – Алма-
ты: Дайк-Пресс, 2001. – 168 с.

206
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
52.  Нысанбаев  Ә.Н.,  Мұсабаева  А.  Мұстафа  Шоқай  –  тәуелсіздік 
жаршысы / Әл-Фараби, Алматы, 2003. – № 4. – 90 б.
53.  Елікбаев  Н.  Дәуір  тынысы:  қазақ  ұлтының  психологиясы.  – 
Қарағанды: ҚР ІІМ КарЗИ, 2000. – 200 б.
54. Кенжетай Д.Т. Қожа Ахмет Иасауи дүниетанымы.  –  Түркістан, 
2004. – 341 б.
55. Уәлиханов Ш. Шығ. жинағы. – Алматы, 1961. – Т. 1. – 305 б.
56. Сейтахметова Н.Л. Что такое исламская философия? // Фило-
софия в современном мире: стратегии развития. Материалы І Казах-
станского философского Конгресса (Алматы, 27–28 сентября 2013г.). 
– Алматы, 2013. – 818 с. – 127– 136 бб.
57. Есім Ғ. Қазақ философиясының тарихы: оқулық. – Алматы: 
Қазақ университеті, 2006. – 216 б. 
58. Ы. Алтынсарин – қазақ мәдениетінің зор қайраткері // Ыбырай 
Алтынсарин  тағылымы:  Әдеби-сын  мақалалар  мен  зерттеулер  /
Құрастырған М. Жармұхамедов. – Алматы: Жазушы, 1991. – 384 б. 
59.  Мырзахметов  М.  Қазақ  қалай  орыстандырылды.  –  Алматы: 
Атамұра – Қазақстан, 1993. – 128 б.
60. Қазақ ағартушыларының философиясы. Жиырма томдық. – 
Астана: Аударма, 2007. – Т. 10. – 472 б. 
61. Уәлиханов Ш. Таңдамалы. – Алматы: Жазушы, 1985. – 560 б. 
62.  Барлыбаева  Г.  Тәуелсіздік  үшін  күрес  дәуіріндегі  қазақ  ой-
шылдарының этикалық көзқарастары // Қазақ даласының ойшылда-
ры (ХVІІІ–XVIII ғғ.). – Алматы: Философия және саясаттану институты 
компьютерлік баспа орталығы, 2004. – 4 кітап. – 309 б. – 184– 222 бб.
63. Шоқай М. Таңдамалы. – Алматы: Қайнар, 1998. – Т. 1. – 512 б.
64. «Қазақ» газеті. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 1998. – 
560 б.
65.  Абайды  оқы,  таңырқа  //  Құрастырған,  алғы  сөзі  мен 
түсініктемелерін жазған М. Мырзахметов. – Алматы: Ана тілі, 1993. 
– 160 б. 
66.  Мұқаметханов  Қ.  Абай  шығармаларының  текстологиясы 
жайында. – Алматы: Қазақтың мемлекеттік Көркем Әдебиет баспа-
сы, 1959. – 144 б. 
67.  Орынбеков  М.С.  Духовные  основы  консолидации  казахов.  – 
Алматы: Дайк-Пресс, 2001. – 163 с.
68.  Абай  /Ибраһим/  Құнанбайұлы.  Шырамаларының  екі  томдық 
толық жинағы. – Алматы: Жазушы, 1995. – Т. 1 – 336 б.

207
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
69.  Орынбеков  М.C.  Моральды  руханият  ретінде  түсіну  // 
Философиялық  антропология.  Мәдениет  философиясы.  Дін  фило-
софиясы. Жиырма томдық. – Астана: Аударма, 2006. – Т. 19. – 536 б.
70.  Йоғылтегін.  Күлтегін.  Көне  түркі  жазба  ескерткіші  /  көне 
түркі тілінен аударған М. Жолдасбеков. – Алматы, 1986. – 55 б.
71. Қазақ. – 1913. – № 8.
72. Изотов М.З., Сарсенбаева З.Н. Наука в Казахстане: история и 
современность (философское исследование в двух книгах). – Алматы: 
КИЦ ИФиП КН МОН РК, 2009. – Кн. 2. – 225 с. 
73.  Қойгелдиев  М.  Ұлттық  саяси  элита.  Қызметі  мен  тағдыры 
(ХVІІІ–ХХ ғғ.). – Алматы: «Жалын» баспасы ЖШС, 2004. – 400 б.
74. Бөкейханұлы Ә. Қазақтар // Ана тілі. Қарашаның 29. Жылқы 
жылы. 4-бет.
75. Шоқай М. Таңдамалы. – Алматы: Қайнар, 1999. – Т. 2. – 231 б.
76. Нурланова К.Ш. Кочевое жизнебытие: народ и земля как це-
лостность // Центральная Азия: проблемы современного социокуль-
турного развития. – Новосибирск, 2003. – С. 320–329.
77. Сүлейменов Ж. Айтылмаған ақиқат // Социалистік Қазақстан. 
11 маусым. 1991 ж. – № 133.
78. Өзбекұлы С. Арыстары алаштың: тарихи очерктер. – Алматы: 
«Жеті жарғы», 1998. – 192 б.
79. Кул-Мухаммед М. Формирование и развитие государственно-
правовых идей лидеров Алаш-орды. – Алматы: «Атамұра», 1999. – 29 б.
80. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. – Алматы: Ататек, 1995. 
– 339 б.
81. Конквест Р. Соңғы Империя // Қазақтар. Шетел әдебиетінде. 
– Алматы: Атамұра. –  Қазақстан, 1994. – 151 б.
82. Жұмабаев М. Шығармалар. 3 томдық. – Алматы: Білім, 1996. 
Т. 2. – 303 б.
83. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Зерттеу мен өлеңдер. – 
Алматы: Атамұра, 2003. – 208 б.
84. Айталы А. Қазақстандық демократия ұлттық мұратты сақтай 
ма, әлде астамшылықты сақтай ма? // Саясат. – 2001. – №7–8. – 52–55 бб.
85. Дулатов М. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1991. – 384 б.
86. Аристотель. Саясат. Жетінші кітап (Н). ХІІІ. – 265 б.
87.  Косиченко  А.Г.  Свобода  как  условие  духовного  развития  // 
Адам әлемі. – 2001. – № 4. – С. 72–77.
88. Нұрышева Г. Адамның өмірмәндік таңдауы мен еркіндігі тура-
лы // Адам әлемі. – 2001. – № 4. – 86–92 бб.

208
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
89. Нысанбаев Ә.Н. Жаһандану және Қазақстанның орнықты да-
муы. – Алматы, 2002. – 264 б. 
90. Нысанбаев Ә.Н., Әбжанов Т.Ы. Қысқаша философия тарихы. – 
Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1999. – 272 б.
91. Мұсаева Н.Р. Мүлгіген жанды рух оятар // Ақиқат, 1998 ж. –  
№ 8. – 52–53 бб.
92. Малинин Г.В., Дунаев В.Ю. Человек и социальное государство 
(теоретико-методологический анализ). – Алматы, 2005. – 231 с. 
93. Кішібеков Д. Қазақ халқының мінез-құлқы, ойын-сауықтары, 
рухани тіршілігі // Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең. – Алматы: 
Ғылым, 1999. – 81–99 бб.
94.  Бейсембиев  К.  Идейно-политические  течения  в  Казахстане 
конца ХІХ – начало ХХ века. 
95. Сегизбаев О.А. Казахская философия XV – начала ХХ века. – 
Алматы: «Ғылым», 1996. – 472 c. 
96.  Елікбев  Н.  Дәуір  тынысы:  қазақ  ұлтының  психологиясы.  – 
Қарағанды: КР ІІМ Қар ЗИ. – 200 б.
97. Бурабаев М.С. Тюрки: от Атиллы до Президента Республики Ка-
захстан Нурсултана Назарбаева. – Алматы: «Искандер», 2010. – 454 с.
98. Касымжанов А.Х. Пространство и время великих традиций. – 
Алматы: Қазақ университеті, 2001. – 197 с. 
99.  Сейфуллин  С.  Тар  жол  тайғақ  кешу.  –  Алматы: 
Қазмемкөркемәдеббас, 1960. – 200 б.
100. Кәкішев Т. Сәкен Сейфуллин қазақты мәдениетті, өркениетті 
елдер қатарына қосуды армандаған тұлға // Ана тілі. – 2011 жыл. –    
№ 23 (1071).
101.  Нұрмұратов  С.Е.  Жаһандану  және  философиялық 
пайымдаудың ұлттық типі // Әлемдік және қазақ философиясындағы 
антропологиялық дискурс. Халықаралық ғылыми конференция ма-
териалдары. – Алматы: Қазақ университеті, 2008. – 345–352 бб.
102.  Ақыш  Н.  1920–30  жылдардағы  қазақ  романындағы  ұлт-
азаттық идея // Тәуелсіздік идеясы және көркем мәдениет. – Алматы: 
«Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 183–188 бб.
103. Әшімбаев С. Ақиқатқа іңкәрлік / Әдебиет және өнер жайлы 
ойтолғау. – Алматы: «Ана тілі», 1997. – 256 бет.
104.  Назарбаев  Н.Ә.  Қазақстанның  әлеуметтік  жаңғыртылуы: 
жалпыға  ортақ  еңбек  қоғамына  қарай  жиырма  қадам.  –  Алматы, 
2012. – 115 б.

209
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
105. Омарбеков Т. Ермұқанның ерлігі // Ақиқат. – 1998. – № 9. – 
37–45 бб.
106. Мырзалы Қ. Мәңгі майдан. – Алматы: Жазушы, – 1992. – 36 б.
107.  Бейсембиев  К.Б.  Очерки  истории  общественно-политиче-
ской и философской мысли Казахстана (дореволюционный период). 
– Алма-Ата: Казахстан, 1976. – 428 с.
108. Әуезов М. Әдеби мұра және оны зерттеу. – Алматы, 1961. – 
358 б.
109. Мұқанов С. Халық мұрасы. – Алматы. 1974. – 110 б.
110. Елеукенов Ш. Кешегі және бүгінгі роман: дағдарыс па, жаңа 
беталыс па? – Жұлдыз, 1990. – № 12. – 175–180 бб.
111.  Хамидов  А.А.  О  диалектике  мнимой  и  подлинной  //  Адам 
Әлемі, 2002. – №1. – 49–52 с.
112. Сүлейменов О. Шоқан // Ақиқат. – 1996. – № 4. –50–53 бб.
113. Балақаев Т. Армия және ұлт саясаты // Қазақ тарихы. – 1994. 
– № 2. – 116. – 43–48 бб.
114. Сейдімбек А. Қазақтың күй өнері. Монография. – Астана, 2002. 
115. Изотов М.З., Сарсенбаева З.Н. Наука в Казахстане: история и 
современность  (философское  исследование  в  двук  книгах).  –  Книга 
2. – Алматы. 2009. – 225 с.
116. Бурбаев Т.К., Бурбаева П.Т. Қазақ рухының өзекті мәселелері // 
Әлемдік және Қазақ философиясындағы антропологиялық дискурс: 
Халықаралық ғылыми конференция материалдары. – Алматы: Қазақ 
университеті, 2008. – 95–99 бб.
117.  Сағиқызы  А.  Гуманистік  дүниетаным:  әлеуметтік-мәдени 
негіздер. Монография. – Алматы, 2013. – 292 б.
118.  Елеукенов  Ш.  «АзиЯ»-ның  азабы  //  Жас  Алаш.  –  2005,  22 
қыркүйек.
119.  Сәбит  М.  Қазақстанда  диалектикалық  логика  мектебі 
дамуының басты кезеңдері мен нәтижелері // Адам әлемі, 2001. – № 4. 
– 14 б.

210

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет