Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


Қазақ зиялыларының еркіндік идеясын



Pdf көрінісі
бет8/12
Дата02.03.2017
өлшемі1,62 Mb.
#5094
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

2.3. Қазақ зиялыларының еркіндік идеясын 
тарихи сабақтастықпен жалғастыруы
Түріктердің өте ерте дәуірлердегі ірі Империялар құрған 
кездерінде олар басқа мемлекеттерден аса қауіптене бермейтін. 
Керісінше, көптеген басқа елдерді өздерінің биліктеріне бағын-
дырып жүрді. Білге қағанның Күлтегін қабіріндегі құлыптасқа 
қашатқан  сөздері:  «Биікте  Көк  Тәңірі,  төменде  қара  жер 
жаратылғанда  екеуінің  арасында  адам  баласы  жаратылған. 

139
2. Қазақ ағартушыларының рухани мұрасындағы еркіндік идеясы
Адам баласы үстіне ата тегім Бумын қаған, Істеми қаған отырған. 
Отырып,  түркі  халқының  ел  жұртын  қалыптастырған,  иелік 
еткен... Ілгері Қадырқан қойнауына дейін, кері Темір қақпаға 
дейін  жайлаған.  Екі  аралықта  жүрген  иесіз  көк  түріктерді 
осылай  қоныстандырған  екен.  Білге  қағандар  екен.  Алып 
қағандар екен. Бектері де, халқы да сенімді екен. Сол үшін де 
елін  сонша  ұзақ  билеген  екен.  Ел  ұстап,  заң  жасаған.  Өздері 
қаза  болған»  [70,  44–45  бб.].  Осы  тасқа  қашалған  жазу  бүкіл 
түркі халқын осындай дүниені құртып алмауға шақыру емес 
пе еді. Яғни, мәселе, тек тірі қалу, немесе жерінен айырылып 
тіршілік  ету  мүмкіндігінің  жоғалуы  жөнінде  ғана  емес.  Сырт 
күшке мойынсұнып, оған қызмет істесең, тіршілік те, өсіп-өну 
де  сақталуы  мүмкін.  Қазақ  халқының  тағдыры  патшалық  Ре-
сейге, одан кейін Кеңес Империясына қараған дәуірде осылай 
болды да. Бірақ ондай мойынсұну, дербес автономды субъект 
болудан қалу – халықтың өзіндік өзгеше рухани әлем ретінде 
ғайып болудың жолына түсуі болуы мүмкін.
Екі  ғасыр  тоғысында,  ХІХ  ғасырдың  аяғы  мен  ХХ  ғасыр-
дың  басында  сол  баяғыдағы  ыдыраған  Империяның  бір 
бөлігі қазақтардың да тағдыры соны қайталады деуге болады. 
Осы  дәуірді  біртұтас  халықты  ішкі  бірлікке  құрастыра  ала-
тын  құндылықтардың  қалыптасу  кезеңі  деуге  болар  еді.  Өзге 
халықтардан  рухани  іргесі  айқындалған  өз  алдына  дербес 
халық құрама болу – ол әлі жалпы нәрсе. Әрине ол да бүтін 
өмірлік негізін ойсыратып жатқан бөгде күштің өктемділігіне 
ыдыраңқы бейғам елді жұмылдыра алатын нәрсе. Осы дәуірдегі 
бүкіл  рухани  күйзелістің  негізгі  сарыны,  әлі  де  халықтық 
тұтастыққа  жете  алмаған  елдің  зиялыларының  осы  ахуалдан 
шығудың жолдарын іздеп шарқ ұруы болып табылады.
Әлиханға  дейінгі  Шоқан,  Ыбырай,  Абайлардың  өмірлік 
тәжірибесі  енді  еркіндік  өмір  мен  көшпенділік  өмірдің  ара 
жігі  ажырағандығын  көрсетіп  берген  болатын.  Еркіндік  пен 
көшпелі өмір бір нәрсе емес екен. Ең шұрайлы жерлерді алып 
қойып жатқанда көшпенділіктің тіпті мәні қалмайды. 
Қазақ  зиялыларының  алдында  тұрған  ең  басты  мәселе 
ұлттың тәуелсіздігі. Тілі мен діні, әлеуметтік-саяси құрылымы, 
өздеріне  ғана  тән  салт-дәстүрінің  бұзылуына  қарсы  күреске 
шақырған  философиялық  жүйелер  Алаш  көсемдерінің 

140
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
ой  тұжырымдары  болатын.  Алаш  көшбасшыларының 
бірі  Мұстафа  Шоқай  Шығыс  пен  Батыс  әлемінің  рухани 
мәдениетін игеріп қана қоймай оларды өз ой елегінен өткізіп 
ғылыми  тұрғыдан  баға  беріп  зерделеген  ойшыл.  Қ.  Әбішев 
олар  жасаған  Алаш  партиясының  бағдарламасы  жайын-
да,  олардың  түбегейлі  мақсаттары  алаш  азаматтарының 
құқықтарын  қамтамасыз  етуге  бағытталаған,  қазіргі  заман 
деңгейінде  жасалған  құжат  екендігін  туралы  атап  көрсетеді. 
Қазақ  білім  мен  ғылым  үйренсе  басқа  халықтармен  терезесі 
тең  болар  еді  деген  идеялар,  бодандықта  өмір  сүруші  халық 
үшін арман ғана еді. Ыбырай Алтынсарин сахарада орыс-қазақ 
мектептерін  ашып  осы  идеяны  жүзеге  асырды.  Ал,  Шоқан 
Уәлиханов  қазақ  қоғамының  ерекшеліктеріне  тән  болған 
демократиялық  әлеуметтік  институттарды  саяси  істерге  ара-
ласу  арқылы  сақтап  қалуды  жүзеге  асырмақ  болды.  Қазақ 
халқының рухани құндылықтарының тарихи сабақтастықпен 
жалғасқанын  ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ  зиялыларының 
философиялық  ой-тұжырымдарынан  айқын  көрініс  тапқан 
деп айта аламыз. Алаш зиялыларының барлығы дерлік ауыл 
моладаларынан  мұсылманша  сауат  ашып,  әрі  қарай  орыс-
ша оқып, әртүрлі кәсіпкерлікті игергендер болды. Олар да өз 
заманының ойшылдарына тән халқының бүгіні мен болашағы 
жайлы мәселелер туралы толғанбай қала алмады. 
Әлихан  Нұрмұхамедұлы  Бөкейхан  (1866–1937)  сынды  – 
тарихи  ірі  Тұлғаның  шығармашылығын  ғана  емес,  сол  есімді 
халық  санасынан  өшірген  замандар  артта  қалды.  Кеңестік 
кезеңнің  өзіндік  идеологиясы  жалпыадамзаттық  тұтас  та-
рих  пен  рухани  дүние  өз  сабақтастығын  жоғалтып,  біртұтас 
дамып  келе  жатқан  ұлттардың,  ұлыстардың  ақиқатын 
бұрмалап,  шындықты  көмуге  бағытталған  еді.  ХХ  ғасырдың 
басындағы  қазақ  зиялыларының  барығы  дерлік  сол  кезеңнің 
саяси  құрбаны  болды.  Тәуелсіздікке  қол  жеткізген  егеменді 
елімізде әсіресе Әлихан Бөкейхан шығармашылығын жаңаша 
көзқарастармен  зерделеу  ләзім.  Ойшылдың  шығармашылық 
мұрасының негізгі саласы – монографиялық, энциклопедиялық 
ғылыми  еңбектері  (орыс  тілінде  жазылған).  Энциклопедист-
ғалымның  ана  тілімізде  жарияланған  еңбектерінің  дені  қазақ 
халқының  тарихына,  экономикасына,  шаруашылық  жүргізу 

141
2. Қазақ ағартушыларының рухани мұрасындағы еркіндік идеясы
тәселдеріне,  ру-тайпаларының  шежіресіне,  тұрмыс-салтына, 
қазақ жерлерінің отарлану тарихы жайында болатын. Дәл осы 
кезге дейін Алаш көшбасшысының еңбектері толық жиналып 
бітпеген. Олардың дені Мәскеу, Петербор, Самара, Омбы, Се-
мей қалаларында шығып тұрған мерзімді баспасөз беттерінде, 
архивтерде сақталған. Оны жинап бастыру бүгінгі ұрпақ үшін 
міндет.  Әлихан  Нұрмұхамедұлының  жан-жақты  терең  білімі 
мен қоғамдағы болып жатқан оқиғаларға терең талдаулар жа-
сай алатын сараптаушылық қабілетінің арқасында ел өмірінің 
келелі  мәселелері нақты ғылыми шешімдерін тапты.  Кешегі 
күнгі Абай, Шоқан, Ыбырайлар армандаған, болашақтан үміт 
еткен  қазақ  жастары  бұл  күнде  жаңбырдан  соңғы  құрақтай 
қаулап өсіп келе жатқан еді. Олар да, кез келген өз заманының 
зиялы  азаматтарына  тән,  өз  халқының  болашағы  мен  бүгіні 
жайлы,  ондағы  болып  жатқан  оқиғалар  туралы  ой  толғап, 
тебіренді.  Елдің  осындай  халіне  жандары  ауырып,  қазақ 
халқына тәуелсіздік, еліне егемендік алудың жолдарын басқаша 
қарастыра бастады.
Солардың  көшбасшысы,  көсемі  болған  Әлихан  Бөкей-
ханның  саяси-әлеуметтік,  философиялық  ой-тұжырымдары 
сол  кезеңдегі  қазақ  қоғамының  толғағы  жеткен  мәселелере 
арналды. Санкт-Петербордың Императорлық орман шарауа-
шылығы институты мен Санкт-Петербор университетінің заң 
факультетін бір мезгілде бітіріп шыққан жас маман сол кездің 
өзінде Астана жұртына марксизм теориясының білгірі ретінде 
танымал болған еді. Оның қазақ қоғамдық қатынастарындағы 
қайшылықтарға жасалған талдаулары, ғылыми сараптамала-
ры қазақстандық ғылым дамуына қосылған зор үлес. Әлихан 
Бөкейхан,  Ахмет  Байтұрсынұлы,  Міржақып  Дулатұлы, 
Мағжан Жұмабайұлы, Мұстафа Шоқай тұсындағы қазақ фи-
лософиясы мен саяси-әлеуметтік ойы біршама еркіндікте да-
мыды деп айта аламыз. Олар отарлық езгідегі елде өмір сүріп, 
сол  отаршылдардың  қатаң  бақылауында  бола  тұра  қазақ 
халқының еркіндігі мен ұлттық мемлекет жайлы ой-пікірлерін 
ашық түрде сол кездегі баспасөз бетінде «Қазақ» газеті арқылы 
жариялап  шығарып,  таратты.  Әлихан  Бөкейхан  осы  газет 
жайлы  «Ашық  хат»  деген  мақаласында:  «Газетаның  қашша 
құтылмайтын бір ісі саясат жолы. Мұнымыз үкімет пен жұрт 

142
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
арасы. Жұрт үкіметпен қасыныспай, арбаспай ғұмыр сүрмес. 
Бізде жұрт жоқ па, үкімет жоқ па? Қырда болған саясат ісіне 
біздің «Қазақ» тіпті сараң. Бізде хабаршы жоқ... Қырда қанша 
учитель, мұғалім, болыс тілмәші бар. Тағы қырда адам, мал 
дәрігері, фельдшерлер бар. Хат білетін қазақ қанша! Осылар 
хабаршы-тілші болса, мен мұны жазамын ба?» [71] деп қазақ 
жастарын  осы  газета  жұмысын  жандандыруға  шақырады. 
Бүкіл қырдағы хат танитындарды саяси іске тартуды көздейді. 
Сахара жұртын билікке, саясатқа, болып жатқан өзгерістерге 
тартқысы келеді. Өз жұртына бұрынғыша өмір сүрудің ендігі 
жерде тіптен болмайтынын ашық жазды. Өмірдің көлеңкелі 
теріс  жақтарынан  жирендіретін  амалдарды  көрсетіп  берді. 
Мақсаты туған халқын Батыс пен Шығыс мәдениетінің кәусәр 
бұлағынан нәр алған ой-сана жемісінің шырынан сусындату. 
Ойшыл-ғалымның  әлемдік  ғылымдар  саласына  қосқан 
үлесі де зор. Ресей мемлекетінің бірнеше ғылыми-зерттеу экс-
педицияларына  қатысып,  ғылыми  қоғамдар  мен  ұйымдарға 
мүше болды. Атақты ғалым П.П. Семенов-Тянь-шанский мен 
академик  В.И.  Ламанскийдің  редакциясымен:  «Россия.  Біздің 
Отанымыздың  жалпы  географиялық  сипаттамасы»  атты  көп 
томдық еңбектің авторларының бірі болды. Осы көптомдықтың 
18-томы қазақ тарихына арналып «Қырғыз өлкесі» деген кітабы 
Әлихан Бөкейхановтың қаламынан туындады. Кітап 1903 жылы 
Петерборда жарық көрді. 
Бір  кездегі  қазақ  ағартушыларының  көксеген  армандары 
еуропалық ғылым білімге қол жеткізу, сол арқылы қазақ қоға-
мын  жетілдіру  идеясы  келесі  лектегі  ұлтымыздың  мақтаны-
шына айналған Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Шоқайдың 
шығармашылық  әлемді  игеруімен  жалғасын  тапты.  Алаш 
ардақтыларының  арқасында  Қазақстан  ғылымы  халқымыздың 
рухани  мәдениетінің  бір  түрі  болып  қана  қалмай,  әлеуметтік 
жадында  сақталды.  Сонымен  қатар  ғылымды  заңғар  биіктерге 
шығарды  [72,  3  б.].  1896  жылы  Орыс  үкіметінің  шешімімен 
Ақмола, Семей, Торғай облыстарындағы жер жағдайын зерттеп 
қазақ  даласына  орыс  шаруаларының  қоныс  аударуына  қажет 
ғылыми негіз жасауға арналған Ф.А. Щербина бастаған экспеди-
ция  ұйымдастырып,  экспедиция  алдына  мынандай  міндеттер 
қойған еді: 

143
2. Қазақ ағартушыларының рухани мұрасындағы еркіндік идеясы
1.  Көшпелі  шаруашылықтың  жер  пайдалану  әдіс-тәсіл-
дерінің заңдылықтарына көз жеткізу;
2.  Қазақтарды  қауымдық  қоғамға  бөліп,  оларды  шаруа-
шылық жүйе бойынша жіктеу;
3.  Сол  жеке  шаруашылықтарға  қажет  төрт  түлік  малдың 
көлемін есептеп шығару;
4.  Әр түліктің керекті жайылым мөлшерін яки жер норма-
сын анықтау;
5. Этникалық жағынан, жағрапиялық ерекшелігі мен тари-
хи даму тұрғысынан зерттеу [73].
1896-1903  жылдар  аралығында  Щербина  экспедициясы 
осы облыстардың он екі уезінен жинаған материалдар бойын-
ша 13 томнан тұратын ғылыми зерттеу еңбегін басып шығар-
ды.  Осы  экспедиция  жұмысына  Әлихан  Нұрмұхамедұлы  да 
қатысты.  Осындай  іргелі  ғылыми-зерттеу  экспедицияларына 
қатыса  жүріп,  қазақ  даласына  байланысты  Ресей  Империя-
сы нені көздейтіні, олардың мақсат-мүддесі қандай екендігіне 
қанығады.  Бұл  жылдар  Әлиханның  Империялық  саясаттың 
қыры  мен  сырына  үңіліп,  өзінің  терең  философиялық 
әлеуметтік-саяси ой желісінде бағдарлы тұжырымдар жасау-
ына ықпал етті.
1910  жылы  Петерборда  «Қазіргі  мемлекеттердегі  ұлттық 
қозғалыс түрлері» атты жинақта Әлихан Бөкейхан «Қазақтар» 
деп аталатын ғылыми мақаласын жазды. Бұл қазақ һәм қырғыз 
Шыңғыс хан заманынан бері 7 жүз жыл шамасында, жоғарыда 
аталған 9 облыс жерінде жүріп тұрды... Осы 9 облыс, бір губер-
нияда 260 миллион десятина шамасында жер бар. Бұл жердің 
көбі 10-20 жыл мұнан бұрын қазақ пайдасында еді, соңғы 10–15 
жыл Торғай һәм Ақмола облыстарынан қазақ пайдасынан көп 
жер мұжық пайдасына кетті. 1913 жылғы есепте 1906–1912 жыл-
дарда қазақтан мұжыққа алынған жер 6 миллион десятинадан 
артық [74]. Осындай фактілерді келтіре отырып, жер мәселесі 
туралы отаршыл Ресейдің зорлық-зомбылыққа толы саясатын 
әшкерелеп, мақалалар жазды. 
Ресейдің басқа да жерлердегідей қазақ даласында да орыс-
тандыру саясаты жүргізіліп келе жатыр дей келе, осы жердегі 
орыс шенеунігінің білім жағы да, жергілікті жердің жағдайын 
түсіну  жағынан  да  оңып  тұрған  жоқ  дейді.  Орыстардың 

144
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
саясатының дағдыдағы белгілері – дөрекілік, зорлық-зомбылық, 
халықтың қасиетті деп аталатындарының бар атаулысына деген 
жосықсыз  кемсіту.  Қазақ  даласына  орыстарды  қоныстандыру 
өте дөрекі түрде, өркөкірек, өзін басқа ұлт өкілдерінен жоғары 
санайтын пасықтықпен жүргізілгені ашық жазылды. 
Көптеген көрші халықтардың ғана емес, жер бетіндегі өсіп-
өніп, көбейе келе тіршілік көздері үшін, әсіресе әрқайсысының 
өзіндік  өмір  жолының  шеңберін  кеңейту  үшін  бәсеке-
тайталастары  күшейген  заманда  көшпенділік  тіршіліктің 
сақталуы да мүмкін емес еді. Ендігіде, тек техникалық қарулану 
жолына  түскендер  ғана  ұтатын  заман  келген  еді.  Көшпенді 
тіршіліктің  ондай  жол  емес  екендігі  белгілі.  Жер  мәселесіне 
келгенде  қазақ  зиялылары  екі  түрлі  пікірде  болды  деп  жа-
зады  тарихшы-ғалым  М.  Қойгелді.  Бірі  (оны  жақтаушылар 
Б.  Қаратаев,  М.  Сералин,  Ж.  Сейдалин  және  басқалар  ішкі 
Ресейден  шаруалардың  жаппай  көшіп  келіп  қоныстануы 
жағдайында  отырықшы  нормамен  болса  да,  егіншіліккке 
қолайлы жерден үлес алып, отырықшылыққа көшуді қолдады. 
Қазақ  отырықшылыққа  көшсе,  оның  арасында,  өнер-білім 
таратуға жағдай туады деп түсінді.
Екінші пікірдегілер (Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы және 
басқалар) көшпелі шаруашылыққа үйренген қазақ отырықшы 
нормамен  үлес  алып  көндігіп  кете  алмайды,  мұндай  норма 
тек  жері  құнарлы,  бұрыннан  егіншілік  мәдениетін  игерген 
аудандарға ғана келеді [73, 19 б.] – деп баса айтты.
Жер  қатынастары  мәселесінің  білгір  маманы  Әлихан 
Бөкейхан жерді жеке меншік есебінде үлестіріп беруге қарсы 
шықты. Егіншілік мәдениетін толық игермеген қазақ шаруа-
сы башқұрт ағайындай өз жерін құнттай ұстап, қызмет қыла 
білмесе, жер закон арқылы менікі деген қазақ пен башқұрт 
атадан қалған көп қазынаны басқан жаман бала сапарында 
емес пе дейді. Өстіп, қазақ шаруасы үлесін көрші мұжыққа 
сатып,  біраз  жылда  сытылып  жалаңаш  шыға  келеді. 
Жерді  қауымға  кесіп  ауыл,  болыс  ішінде  өздері  тәртіп  жа-
сап,  әділдікпен  пайдалануын  жөн  санайды.  Алдымен  жер 
үлесі  жергілікті  халыққа  тиіс  деген  ғалым,  шаруаға  жердің 
топырағына,  жергілікті  табиғатына  байлаулы  болғанын 
қалайды. Өйткені жердің тозуы, оның асты, үсті байлықтарын 

145
2. Қазақ ағартушыларының рухани мұрасындағы еркіндік идеясы
тек қана пайдагерлік тұрғысынан келудің зардабынан бола-
ды деп түйіндейді. 
Жер  туралы  мәселеде  Әлихан  Бөкейхан  өзінің  білгір  ма-
ман екендігін дәлелдеді. Ол жайлы Мұстафа Шоқай былай деп 
жазған болатын: «Халқымыздың жерін тартып алғанын заңдық 
тұрғыдан  негіздемек  болып,  Ресей  өкіметі  күллі  Түркістан 
даласын  мемлекет  мүлкі  деп  жариялап,  Ресей  мемлекетінің 
меншігіне айналдырды да, ол жердің байрығы иелері қазақтар 
мен  қырғыздарға  өз  жерін  өзіне  жалға  берді.  Әлихан  бізге 
ылғи да: – Ұлтқа пайдалы адам болғыңыз келсе, бәрінен бұрын 
Орыс  өкіметінің  атамекеніміздегі  жер  саясатын  мұқият  зерт-
теп  үйренуге  тырысыңыз.  Сізге  не  істеу  керек  екенін,  осы 
саясаттың өзі-ақ көрсетіп береді» – деуші еді [75, 79 б.]. Орыс 
мұжығына  қазақтың  жерін  алып  беру  Закон  болып  «25-ші 
март 1891 жылғы Степное положение» шықты. Осы Законның 
119-шы  статьясында  айтылған:  «Көшпелі  қазақ  отырған  жер 
қазынаныкі» деп, ал 120-шы статьясында былай делінген: «Бұл 
жер сроксыз көшпелі қазақ пайдасында болып тұрады» бірақ 
120-шы  статьяның  қосымшасында  «Қазақтың  пайдасынан 
артық  жерді  қазына  өз  керегіне  алады»  –  деп  жазылған.  Әлі 
жеткен алып та жығады, шалып та жығады деген осы да, – деп 
Әлихан  Бөкейхан  жер  туралы  заңдардың  жөнсіз  жақтарын 
айғақтай  түседі.  «Қазақ  15-тен  надел  алмаса  қыстау,  егінжәй, 
пішендік арығынан қу, айда деген закон қайда?», «15 тен алсаң 
жер белгілеймін, қазақ болып отырсаң жерден күнде көшірем 
деп,  қазақты  күнде  көшіріп  отыр».  Өстіп  жұртты  билеген 
патшалық бар ма екен? Біздің патшалық конституциялық емес 
пе, біздің патша қол астындағы адамның бәріне бірдей емес пе? 
Біздің  қазақ  жерінен  күнде  көшетін  не  жазып  еді?  Бұл  жұрт 
жұмысын  жұрт  болып  іздемейтін  бе?  Әр  жерде  әрқайсысын 
аяғын  ат  басқан  баладай  шыңғырмай  [71].  Қол  астындағы 
халықты теңдікте ұстаған қандай империя болып еді тарихта. 
Бір  халық  екінші  бір  халықтың  жеріне  сұғынып,  байлығына 
қызығып оны зорлық-зомбылық көрсету арқылы тартып алып 
жатқанда,  әлі  де  болса  отаршыл,  озбыр  орыс  патшалығынан 
мейірім күтеді. Жер туралы заңға өзгерістер еңгізу керектігін 
және жер туралы мәселеде ұлттық мүддені бірінші орынға қою 
керектігін ескертеді. Жер мәселесін басқа жұрттар қалай шешіп 

146
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
жатқаны  жайлы  ол  былай  деп  жазады:  «Үндістан  жұртының 
бала  оқытқан  молдалары  жер  есебінің  жұмбағын  тақтаға  ке-
стелеп салып, мынаны қара», – дейді екен. «Қазақ жері туралы 
шыққан закон, закон емесін шимайладым, оқы да ақылын өзің 
тап  қазақ»  [71]  деп  астарлайды.  Патша  үкіметінің  цензурасы 
күшейіп, «Қазақ» газетін қайта-қайта жауып, Әлиханның өзін 
бірнеше рет тұтқындаған кездерде ондай ойларды ашық жазуға 
мүмкіндік аз еді. Осындай шақтарды Ә.Бөкейхан: «Ашып ақыл 
жазатын хәлім бар ма? Көкіректе сайрап тұр, қолымды заман 
байлап  тұр»,  –  деп  қынжылыспен  жазды.  Еркін  ойшылдық 
қыспаққа түскен заманның өзінде ғалым жер мәселесі туралы 
ойларының өте маңыздылығы жайында тұспалдап меңзейді. 
Қазақтың  жерге  қатынасы  олардың  өмір  болмысын 
анықтайды. Жер мен ел егіз. Қазіргі кезеңде Қазақстан Респу-
бликасында даулы болып отырған мәселелердің бірі жер тура-
лы заңдарды қабылдау барысында көптеген пікір-таластар бол-
ды. Егер өзіміздің өткенімізден тәжірибе алмасақ, оның дұрысы 
мен бұрысын сараламасақ, онда ол қателіктерді қайталап оты-
рымыз әбден мүмкін. Қазақ халқы тарихының өте ауыр да қиын 
кезеңдері  қайғылы  оқиғаларға  тола  болды.  Жоңғарлармен 
болған  жүз  елу  жылға  созылған  соғыстар,  колонизаторларға 
қарсы үш жүз жыл бойғы көтерілістер, кеңес билігінің репрес-
сиялары мен аштық. Бірақ осы соққылардың барлығы қандай 
болмасын сырттан болған еді. Халық төзді, сақталды, әйтеуір 
өзінің ішкі бірлігін сақтап қалды. «Қазіргі жасалынып жатқан 
реформалар  жер  халықтыкі  екенін  басты  назарда  ұстауы 
керек  –  деп  жазды  Қ.Ш.  Нұрланова.  Жерді  сату  жөніндегі 
ұсыныстар, ол орны толмайтын іштен болған соққы. Бұл ата-
бабаларымыздың  жерді  сақтау  жөніндегі  өсиетін  сақтамау 
мен дәстүрлі адамгершілікті ұстанымдарды бұзу болып табы-
лады.  Қазақтардың  ата-бабаларымен  рухани  бірлігі  әрқашан 
үзілмеген. Ата-бабаларынсыз, олардың рухтарының жебеуінсіз 
ай мен күн тумасын» – деп , осы мәселенің маңыздылығын, орны 
толмас өкінішке соқтыратынын атап көрсетеді [76, 320–329 б.]. 
Өзінің  өзектілігін  ХХІ  ғасырда  да  жоймаған  жер 
мәселесі жайлы шешім қабылдарда Әлихан Бөкейхан сынды 
ойшылдың  шығармашылығын  зерделеп,  ондағы  бағыт-
бағдарлардың сабақтастығын жалғастырып, құнды пікірлерін 

147
2. Қазақ ағартушыларының рухани мұрасындағы еркіндік идеясы
пайдалану  қабылданар  Заңдар  мен  Реформалар  жасауда 
қаперге  алынуы  тиіс  деп  ойлаймыз.  Ә.  Бөкейханның  жер 
қатынастары  мәселесінің  білгір  маманы  екендігін  Ресей 
әкімшілігінің  шенеуніктері  мойындап,  ол  кісіден  ақыл-
кеңестер алып тұрған. Орынборда (11–18 маусым 1921 ж.) өт-
кен  Қазақстан  коммунистерінің  бірінші  конференциясында      
В.А. Радус-Зенкович: «Бөкейханов – өлкені жетік білетін адам. 
Оны  ебін  тауып  іске  араластыруымыз  керек...  Қазақтардың 
дәстүрі  мен  тарихы,  өлкенің  тұрмысы  жағынан  ол  нағыз 
энциклопедист – бұл жағынан оны ешқандай кітап алмастыра 
алмайды.  Мұндай  қызметкерлер  бізге  көптеп  керек,  әрине, 
олар  біздің  бақылау  мен  басқаруымызбен  жұмыс  істеуі 
шарт» – деген уәж айтады [77, 86]. Әлихан Бөкейхан патшалы 
Ресей  өкіметі  кезінде  мемлекетке  қарсы  митингілер  мен 
петициялар  ұйымдастырушы  қырғыз  қазақтардың  діни-
саяси  қозғалысының  басты  жетекшісі  ретінде  қудаланып, 
түрмелерге  жабылды.  Кеңес  өкіметі  тұсында  да  Алашорда 
үкіметінің  контрреволюциялық  күресінің  жетекшісі  ретінде 
«буржуазияшыл  ұлтшыл»  деген  айыптар  тағылып,  өмірі-
нің  соңғы  күніне  дейін  бақылауда  болды.  Үкіметтің  бұл 
қудалаулары  ойшыл-ғалымның  еркін  ойлауы  мен  жігерін 
мұқалта алмады. Ол өз халқының игілігі жолында қажымай-
талмай  қайраткерлік  көрсете  білді.  Замана  қайшылығымен, 
қазақ  халқының  тарихи  даму  кезеңінің  ерекшелігімен 
қалыптасқан  Әлихан  Бөкейханның  философиялық  ойлары 
қазіргі  Егеменді  еліміздің  даму  тұжырымдамасын  жасауда 
қаперге алынғаны абзал. 
Алаш  көшбасшысы  Әлихан  Бөкейханның  ғылыми  ой-
тұжырымдары  бүкіл  адамзаттық  прогресске  қосылған  үлес 
болып саналады. ХХ ғасырдың басындағы Ресей мемлекетінде 
болған  іргелі  оқиғалар  сол  мемлекетке  тәуелді  елдер  өміріне 
де  өзінің  әсерін  тигізбей  қалмады.  1910  жылдардың  өзінде 
Әлихан  Бөкейхан  «Қырғыздар»  деп  аталатын  мақаласында, 
таяу  болашақта  далада  қырғыз  арасында,  екі  саяси  бағытқа 
байланысты  екі  саяси  партия  құрылуы  мүмкін,  оның  бірі  – 
ұлттық-діни,  қазақтардың  басқа  мұсылмандармен  біріктіруді 
мақсат етсе, екіншісі батыстық деп жазған болатын. Сол кездің 
өзінде ұлттық көлемдегі саяси сананың қалыптасып, соған сол 

148
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
кезеңдегі қалыптасып отырған тарихи шындыққа нақты сарап-
тамалар жасалғанын көреміз.
Ойшыл: «...ойында көзі бар адамдар халықтың кемшілігін 
шамасынша көрсетіп, сездіріп, аурудың атын айтып, емін жа-
зып, қағаз бетінде халық алдына салып жүр. Бірақ сөз қандай 
терең,  үлгілі  орынды  болсын  іс  көмегі  болмаса,  жұмыс  бо-
лып,  дүние  жүзіне  шықпаса,  келісімді  болғанмен  жансыз  су-
рет  қатарында  қалмақшы...  Күннен  күнге  халық  нашарлап, 
кедейленуге  айналды...  тілегіміз  мынау:  Халық  ішінде  бірігіп 
іс  жүргізетін  ұйым,  игілік  қауымдары  таралса  екен»  [71]  де-
ген ойдың ар жағында, халыққа саяси партия құру қажеттігін 
меңзеп отыр. Сол ойын әуелде буржуазиялық конституциялық 
демократиялық  партиясының  құрамында  болып  қазақ  ұлты 
автономия  алады  деп  сенеді.  Ал  кадет  партиясы  ұлт  авто-
номиясына  қарсы.  «Мен  кадет  партиясынан  неге  шықтым?» 
деген  еңбегінде  кадеттермен  өзінің  үш  мәселе  бойынша 
келіспейтіндігін жазды. «Кадет партиясы жер адамға меншікті 
боп берілсе жөн дейді. Ал біздің қазақ жерді меншікті қылып 
алса, башқұртша көрші мұжыққа сатып, біраз жылда сыпыры-
лып жалаңаш шыға келеді. Француз, орыс һәм өзге жұрттың та-
рихынан көрінеді: молла хукіметтен ақша алса, сатылып кетеді. 
Рухани  іс  аяқ  асты  болады...  оны  орысша  «отделение  церкви 
от государства» [20, 261–262 бб.] дейді. Кадет партиясы менің 
бұл пікіріме өзгеше қарайды. Осыдан кейін Әлихан Бөкейхан 
өзінің  «Алаш»  партиясын  құруға  ұмтылысы  қазақ  елінің 
егемендікке  ұмтылып,  жеке  мемлекеттік  билікке  қол  жеткізу 
үшін саяси жүйені жасау болатын. Заңгер ғалым С.Өзбекұлы: 
«Кадет партиясының 1906–1917 жылдар аралығындағы талап-
тары  Ә.  Бөкейханов,  Б.  Сыртанов,  Б.  Қаратаев,  Ж.  Сейдалин 
сияқты  қазақ  зиялыларының  пікірінше,  басқа  партияларға 
қарағанда либералдық, демократиялық, реформалық сипатта-
рымен қазақ халқының мүддесіне біршама сай келді де және 
оны  құру  арқылы  парламенттік,  конституциялық  жолмен 
болашақта республикалық мәртебесі бар ұлттық автономияға 
қол жеткізуге болатындай көзделді [78, 27 б.]. 1917 жылдан ба-
стап  кадет  партиясы  басшылары  Ресей  құрамындағы  басқа 
халықтардың  жеке  мемлекет,  өзін  өзі  билеу  мәселелеріне 
үзілді-кесілді қарсы шыққаны тарихтан белгілі. Ұлттық саясат-

149
2. Қазақ ағартушыларының рухани мұрасындағы еркіндік идеясы
та осындай кемшіліктер жіберген кадет партиясы осылайша өз 
құрамынан ұлт өкілдерін аластатты. 
«Болшевиктер  көсемі  Лениннің  2-інші  әмірі  –  жер,  су, 
өлі  құралдар  (мәшиналар)  мен  тірі  құрал  (өгіз,  аттар)  жер 
комитеттері арқылы еңбек қуған жұрттарға бөлініп берілсін де-
ген. Бұл үстіміздегі заманда өмір жүзінде орын таба алмайтын, 
әдемі  ғана  құр  сөз...»  дей  келе  «...бізде  жер-судың  әділдікпен 
жұртқа бөлініп беруін көздейміз. ...Бірақ бұл күнде найзаның 
ұшымен  бар  қазынаны  ортаға  салдыруға  баспаспыз...»  дейді. 
Әлихан Бөкейхан болшевиктердің күш қолдану арқылы мем-
лекет  ішін  қанға  бояп,  осылайша  өз  үстемдігін  орнатуына 
қарсы болды. Басқа жұрттар Кавказ, Молдава, Литва, Латвиа, 
Башқұртстан,  Қалмақ,  Ноғайлар  өз  бетіменен  өз  тізгінін  өзі 
алмашқы болып тұр. Бізде жұртта қалмай, бетімізді бір жаққа 
бұрамыз ба – десе онда болашақтағы автономды көздегені [20, 
261–262 бб]. Сол кездің өзінде болшевиктер көсемінің ұлттық 
қазынаны ортаға салу ниетіне қарсы екендігін белдіреді. 
Орынбор  қаласында  болып  өткен  1917  жылдың  5-13 
желтоқсан  күндеріндегі  жалпықазақ  съезінде  Ә.  Бөкейхан 
ұлттық  автономия  туралы  баяндама  жасайды.  Съезд  қарар 
қабылдап  «ұлт  кеңесін»  құрып,  оның  атын  «Алашорда»  деп 
атап,  15  адамнан  тұратын  бұл  өкіметтің  төрағасы  болып 
Әлихан  Бөкейхан  сайланады.  Автономия  боламыз  десек,  ал-
дымызда шешуі қиын бір жұмбақ бар. Орал, Торғай, Ақмола, 
Семейде  көп  мұжық  бізбен  қоныстас...  қазақты  бұл  жерден 
көшіріп аламыз десек, бұл қазақ ата қонысынан көшпес, көшсе 
ақылсыздық  болады;  қазақ  жерінің  ең  жақсысы  сол  мұжық 
отырған жер. Біздің қазақ ұлтының автономиясы енді тұрмыс 
халде туысқан автономиясы болар емес; жерге байлаулы авто-
номия болмақ. Автономия болудағы Әлихан Бөкейханның тағы 
бір көрегендігі мен қазақ ұлтының болашағы үшін орасан зор 
тиімді  шешім  қабылдауы  болып  табылады.  Бүгінгі  таңда  сол 
шешімнің атқарған рөлі жайлы заңгер-ғалым М. Құлмұхамед: 
«Осы  автономия  болудағы  1)  қаны  біргелік;  2)  жері  біргелік;                             
3)  шаруасы  біргеліктің  жері  біргелік  автономияны  таңдауы 
оның ұлы ісі» дейді [79, 25 б.].
Тарихшы-ғалым  К.  Нұрпейісов:  «1917  жылдың  күзінде 
Ә.  Бөкейханов  Сібірмен  бірлесу  келешек  қазақ  мемлекетінің 

150
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
аяғынан  қаз  тұрып  кетуіне  қызмет  ететіндігіне  сенді,  ал 
Түркістанмен  бірігуге  онша  ықыласты  бола  қойған  жоқ»  – 
дейді [80, 39 б.]. Әлихан осылай дегенде, болашақта халық ба-
сына төнетін қасіреттерді сезіп, соны белгілі дәрежеде түсінді. 
Сол автономды, егемен ел болуда Түркістанмен қосылу керек 
деген пікірге, автономия болу, өз алдына мемлекет болу, дей 
келе,  біздің  қазақ  іс  атқаратын  азаматқа  жұтап  отырған  бол-
са,  жалпы  қазақ  қараңғы,  соқыр  болса,  Түркістан  халқының 
қараңғылығы, һәм шебер адамы жоқтығы бізден он есе артық. 
Қазақ Түркістанмен бір автономия болса, автономия арбасына 
түйе мен есекті қатар жеккен болады. Бұл арба мініп біз қайда 
барамыз [20, 65 б.]. 
Алашорда  автономиясы  құрылып  жатқан  кезеңде 
1917  ж.  26  қарашада  Қоқан  қаласында  өлкелік  төтенше  IV 
мұсылмандар  съезін  шақырды.  Съездің  3  күндік  жұмысында 
қарар  қабылданып  «...Түркістанды  мекендеген  ұлттардың 
өзін-өзі  билеуге  деген  ұмтылысын  қанағаттандыра  отырып 
Түркістанды  Ресей  Федеративті  демократиялық  республика-
сы  құрамындағы  территориялық  автономия  деп  жариялай-
ды.  Осы  Түркістанды  мекендеген  халықтардың  жартысынан 
астамы  қазақтар  еді.  Алғашында  түрікшілдік  идеяны  берік 
ұстанған  Мұстафа  Шоқай  жеке  қазақ  автономиясына  қарсы 
болды.  Алаш  автономиясын  жариялағаннан  кейін  Мұстафа 
Шоқайдың барлық қазақ облыстары Алашордаға бірігуі қажет 
деп  табуы,  оның  жалпы  қазақ  ұлтының  бірлігін  қалауы  мен 
азаттығына қол жеткізу еді.
Алашордалықтардың  ұсынып  отырған  автономиясы 
демократиялық  Республика  болатын.  ХХ  ғасыр  басындағы 
қазақ  зиялыларының  ұлттық  тәуелсіздік,  автономия,  ер-
кіндік, азаттық туралы көзқарастары демократиялық дүние-
танымдарымен  байланыста  өрбіді.  Қазақ  зиялылары  қазақ 
қоғамында  таптық  жікке  бөлушілік  жоқ  деп  есептеді.  Бұл 
адам  мәнділігінің  тереңімен  астасып  жатады.  Негізгі,  басты 
мақсаты мен мұраты егеменді қазақ ұлтының мемлекетін құру 
болды.  Ақырында  Әлихан  Бөкейханның  саяси-әлеуметтік 
және  философиялық  ойлары  теориялық  негіз  болған  Ала-
шорда мемлекеті құрылды. Бірақ қазақ халқы осы еркіндікпен 
кең  тыныстай  алмады.  Тәуелсіздіктің  дәмін  тұшынбады  да. 

151
2. Қазақ ағартушыларының рухани мұрасындағы еркіндік идеясы
Сол  кезеңнің  аласапыранында  тәуелсіздік  тұншықты.  Ол 
жөнінде ағылшын ғалымы Р. Конквест: «Демократиялық және 
автономиялық  республика  құруға  тырысқан  қазақтардың 
ықпалды ұлтшыл ұйымы 1917 жылдың 5–13 желтоқсанында 
Орынборда  өткен  съезде  «Алашорда»  атты  үкіметін  құрды. 
1918  жылғы  17  қаңтарда  большевиктер  әскерлері  қалаға  ба-
сып кірді, сонымен тәуелсіз қазақ мемлекеті қысқа ғана өмір 
сүрді» [81, 151 б.] – деп жазды.
Осылайша  Алашорда  өкіметі  талқандалып,  еркіндік  жа-
рияланғанымен, ғұмыры қысқа ғана болды. Кеңес өкіметі ор-
нады. «Ақтар да», «қызылдар да» қазақ халқының тәуелсіз мем-
лекет болуын қаламады. Неше түрлі демографиялық апаттар 
мен аштықты қолдан жасады. Зиялы қауымының көзін құртып, 
сол  арқылы  ой-өрісін  тарылтып,  тілін  кесіп,  тұншықтырып 
отырды. Тұрмыс-тіршілігінің шайқалып, жойылуымен қатар, 
өзі  үшін  адамдықпен  бара  бар  нәрсе  деп  түсінетін,  өз  бітім-
болмысын  қалап,  өзі  анықтайтын  күйден  мүлдем  айыры-
лады.  Өзіндік  әлемге  деген,  өзара  адамға  деген  өзгеше  бір 
қатынас, бүкіл өмірді, әлемді өзгеше түйсіну, онымен өзгеше 
бір  үйлесу  жарық  дүниеден  кетеді.  Ол  дүниесіз  қазақ  деп 
аталатын  осындай  дүниені  құрғандардың  әлемі  болмайды. 
Мұстафа Шоқай болсын, Әлихан Бөкейхан болсын халқының 
еркіндігі  мен  тәуелсіздігі  жолында  барлық  саналы  ғұмырын 
сарп етті. Канттың ой-тұжырымындағы адамгершілік, оған сай 
іс-әрекеттен міндетті түрде сыртқы нәтижелерді күтпейді, ол 
іс-әрекеттің  өзі  ғана  сай  болуы  қажет  деген  пікірін  Қ.Әбішев 
адамгершілік өлшемі жайлы оймен сабақтастырады. Отанды, 
от  басыңды,  өз  абыройыңды  қорғауың  міндет,  бірақ  қорғай 
алдың ба, ол адамгершіліктік бағалаудың өлшемі емес, өйткені 
өлшем сол үшін барлық мүмкін нәрсені істеу. 
Прогресшіл  ойшылдар  бір  ұлтқа  екінші  бір  ұлттың 
үстемдігі,  бүтін  бір  халықты  екінші  бір  халық  қанап-тонап 
билік жүргізуіне әрқашан өзінің көзқарасын білдіріп отырған. 
Әділетсіздік пен зұлымдықтарды көздерімен көрген, Қазақ саха-
расында қазақ халқының арасында ұзақ жылдар бойы ғылыми-
зерттеулер жүргізген Г.Н. Потаниннің саяси жолындағы бізге 
жылы көрінетін негізгі пікірі: «Елдің тұрмысын, тілін, мінезін 
білмеген кісі көш басын алып жүре алмайды. Олай болса көп 

152
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
ұлттан  құралған  Россияны  бір  орыстың  билеймін  дегенінде 
мағына  жоқ.  Россия  өзге  тілі,  тұрмысы,  қаны  басқа  жұртқа 
автономия  беруі  керек»  [20,  266  б.]  –  дейді.  Г.Н.  Потанин 
үлкен  адамгершілікті,  нағыз  зиялылық  тұрғысынан  ұлттың 
азаттығын  жақтады.  Потанин  жайлы,  қазақты  туғанындай 
жылы  көрген,  бишарасың  деп  қорған  болған,  өз  ғұмырында 
қылған  жұмысы,  жүріп-тұрған  мінезі  анық  әулиенің  ісіндей 
деп бағалайды. Қазақ ұлтының атынан, орыстың прогресшіл, 
алдыңғы қатарлы ойшылдарының қазақ халқы тағдыры жай-
лы құнды пікірлеріне баспасөз бетінде алғыс айтты. Осылай-
ша, үлкен адамгершілікті, ізгілікті мұраттардың адамзат үшін 
ортақтығын зерделейді. 
Қазақтың  кім  екенін,  оның  рухани  дүниесін  зертте-
ген,  озық  ойлы  азаматтарымен  шығармашылық  қарым-
қатынаста болған Г. Потаниннің қазақ халқының болашағына, 
бостандығына тілектес дос көңілден шыққан жылы лебізі ұлы 
достықтың  белгісі.  «Қазақты  автономия  қылсақ,  Қараөткел 
Алаштың  ортасы,  сонда  университет  салып  қазақтың  ұлын, 
қызын оқытсақ, «Қозы-Көрпеш – Баянды» шығарған, Шоқан, 
Абай, Ахмет, Міржақыпты тапқан қазақтың кім екенін Европа 
сонда білер еді-ау» деуші еді [20, 68 б.] Сол арман бүгінгі таңда 
шындыққа айналды. 
Өзіне  тән  қоғамдық  қатынастары  орныққан,  тұрмыс-
тіршілігі,  рухани  әлемі  өзгеше  дамудағы  қазақтарға,  про-
летариаты  жоқ  елге,  сол  пролетариаттың  диктатурасы  ке-
рек пе еді? Осы мәселе жайында кеңестік идеологияның қате 
кемшіліктеріне  ғылыми  тұрғыдан  дәлелді  сыни  пікірлерді 
елімізден  жырақта  өмір  сүрген  қазақ  халқының  ойшылы 
М.  Шоқай  айта  алды.  Большевиктердің  Түркістанда  орыс 
үстемдігінің екінші дәуірін бастағанын, Ресейдің орыстандыру 
саясатынан іс жүзінде еш өзгешілігі жоқ қулық-сұмдықтарын 
Лениннің  «социализм»,  «интернационализм»  негіздеріне 
сәйкестендіру  үшін  большевиктер  бір  жаңа  формула  ойлап 
шығарды.  Олар  енді  «түрі  ұлттық,  мазмұны-пролетарлық» 
болсын деді. Асылында халықтың рухани дүниесі (мәдениеті) 
біртұтас нәрсе. Оны «мазмұнға» және «формаға» бөлуге бол-
майды.  Кез  келген  рухани  мәдениет  өзінің  мазмұнымен 
айқындалады  [75,  173  б.].  Түрі  ұлттық  мазмұны  социалистік 

153
2. Қазақ ағартушыларының рухани мұрасындағы еркіндік идеясы
деп  аталған  формулаға  сәйкес  келмеген  әдебиет,  өнер  туын-
даларына  қатал  партиялық  бақылау  қойылып,  М.  Жұмабаев,                                                                  
А. Байтұрсынов, С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров сын-
ды  халқымыздың  асыл  ұлдары  түрмелерге  жабылып,  ақы-
рында социализмнің құрбанына айналды. 
Мұстафа Шоқай тіл мәселесі жөнінде оның екінші орынға 
ығыстырлатынын  көрсете  келіп,  орыстың  Пушкин,  Тургенев, 
Толстойлар  жасаған  «ұлы  орыс  тіліне»  Ленин  өзі  ғана  табы-
нып қоймай, оған барлық большевиктерді де бас игізді дейді. 
Пушкин  дворяндар  тобына  жатса,  Тургенев  капиталистерге, 
Толстой асқан бай «граф» еді. Олар жасаған ұлы әдебиеттің іші 
де, сырты да ұлттық болды. Онда пролетариаттың иісі де жоқ... 
Ал  біздің  халқымыз  өзінің  Ахмет  Байтұрсыны  мен  Шолпан-
дарын  оқи  алмай  отыр.  Бұл  революция  біздің  халқымыздың 
дамуындағы прогресті бір ғасырға шегерді.
Ұлттық  зиялылардың  бірегейі,  қазақ  халқының  дарын-
ды біртуар ақыны, ойшыл Мағжан Жұмабайұлы шығарма-
шылығының  өзекті  мәселесі  халқының  азаттығы  мен  тәуел-
сіздігі,  адам  еркіндігі  болды.  Мағжан  философ-ақын.  Өзіне 
тән  философиялық  ойларын  поэзия  түрінде  өрнектеген 
шығармашыл  тұлға.  Халқымыздың  ұлттық  философиясын-
да  өзінің  ойлау  машығы  ерекше,  поэзия  әлемі  мен  терең 
ойды  ұштастырған  Мағжан,  әрі  шебер  аудармашылығымен 
өзіне тәнті еткені ақиқат. Ойшыл адамтану ғылымына өзінің 
«Педагогика»  атты  ғылыми  еңбегі  арқылы  үлес  қосты.  «Өз 
елін  сүйсін  дегеннен  –  адам  өз  халқынан  басқа  халықтарды 
мейлінше  жек  көрсін,  басқа  халықтарға  тек  қасқыр  болып 
тисін деген сөз шықпайды. Бұлай болса жер қанға тұншығып, 
бұзақылық  белең  алып,  жауыздық  өрлеп,  жер  жүзінде  ты-
ныш  тұрмыс  болмас  еді...  Жер  жүзіндегі  адам  адамды 
сүймек.  Бұл  адамның  жаратылысындағы  негізгі  мінез»  [82, 
143 б.] деп жалпыадамзаттық адамгершілікті ізгіліктер жай-
ында  гуманистік  көзқарастарын  айшықтайды.  Мағжанның 
әлеуметтік-философиялық  көзқарастарының  қалыптасуына 
сол  кезеңдегі  қоғамдық  қайшылықтар  ықпал  етті.  Қазақ 
қоғамындағы  зор  өзгерістер  оның  поэзиясында  көрініс  тап-
ты.  Қазақ  поэзиясының  жарық  жұлдызы  атанған  Мағжан 
Жұмабаевтың еркін шығармашылықпен айналысуға тынысы 

154
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
тарыла  бастаған  кездегі  экзистенциалдық  сарындағы  фило-
софиялық ойларын поэзия тілінде былай деп өрнектейді: 
Әлдеқайдан шу шықты, 
Қып-қызыл қан – ту шықты,
Жердің жүзін түн басты. 
Шегір көзді сары шаш,
Бәрі тырдай жалаңаш,
Жан-жағымды жын басты

Қанмен  боялған  большевиктердің  қызыл  туын  меңзейді. 
Кеңестік биліктің келуін қазақ зиялылары әртүрлі көңіл күйде 
қабылдады. Жарқын болашаққа жол ашылды деп сеніп, соны 
жырлады. Жарық күн туды, бостандық, азаттық таңы атты деп 
жырлаған  жаңа  өмір,  сезімтал  ақынға  қара  түнек  түн  болып 
көрінеді. 
Әлденені бөлісіп,
Ыржиысып күлісіп,
Ән жер, мін жер жалт та жұрт. 
Жел ұлиды өкіріп.
Жындар жалп-жалп секіріп...
Қара жолдан сүрлеу жоқ.
Артымда елім бар еді,
Алдымда жолым бар еді
Ел де жоқ қазір, жол да жоқ...
Ақын елінің серкесі. Бұрынғы қазақы қалпын, елін көргісі 
келеді. Бір бостандық таңы атарынан үміті бар. Соны күтеді.
Табылар жолың, тарылма,
Жылама жынға жалынба,
Таң атқанша күн де жоқ
 [82, 106 б.].
Жырларымен  халқын  жұбатады.  Азаттық  таңа  атары-
на  сенеді.  Ұлттық  намыс  пен  өрлігін  өшірмеуді  сұрайды. 
Өзінің  өмірдің  мәні  деген  құндылықтарын  жоғалтқан  ақын 
айналасындағы  өзгерістің  ұлттық  мүдделерге  жат  екендігін 

155
2. Қазақ ағартушыларының рухани мұрасындағы еркіндік идеясы
ашық суреттейді. Ақынның жан күйзелісінде қазақ халқының 
бостандығынан айрылғаны қатты әсер еткенін көреміз. Мағжан 
сияқты  дарабоз  ақын  үшін  еркіндіктің  шектелуі  өмір  сүру 
мәнділігін жойғанмен бірдей еді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет