2. ҚАЗАҚ АҒАРТУШЫЛАРЫНЫҢ РУХАНИ
МҰРАСЫНДАҒЫ ЕРКІНДІК ИДЕЯСЫ
2.1. Қазақ ағартушылығының идеялық
алғышарттары мен әлеуметтік негіздері
Қазақ жерінде ағартушылық ХІХ ғасырдың екінші жар-
тысында қоғамдық санада ағартушылық-демократиялық
ой түрінде көрініс тапқаны белгілі. Әрі қарай дүниежүзілік
ағартушылық оймен ортақтаса отырып өзінің әлеуметтік-
мәдени кеңістігінде дамыды. Негізгі алға қойған мақсаты мен
міндеті – адам ойының еркін дамуы мен халықтың бостандығы
мен теңдігі мәселесі. Қазақтардың ақырында тәуелсіздіктен
айырылып Орыс Империясының құрамында тіршілік ет-
кен кезең. Бұл кезең Ресейдің Петр патшадан кейін Батыс
өмір жолының үрдісіне біржолата бет бұрған шақтары еді.
Экономикалық өмірді, өндіріс, техника таным жолын бірден-
бір негізгі нәрсе деп, рухани өмірдің алдында тұруға тиіс
деп түсінді. Ресейдің бұл ұстанымдары оның құрамындағы
басқа халықтарға, соның ішінде қазақ даласына әсер тигізбей
қоймады.
Осындай жағдайда қазақ халқының халық ретінде
сақталуын, басқалармен біршама тең болуын қамтамасыз
ететін жол – білім, өнер, кәсіпкершілікті т. б. игеру деп білетін
ойшылдар шыға бастады. Олар Шоқан, Абай, Ыбырай т. б.
Бұлар енді тәуелділікке мойынсұнғандар. Орыс мәдениетін,
сол арқылы Батыс мәдениетін игеруді өз халқының бірден-бір
жолы деп түйсінетіндер. Бұлар да сөз жоқ өз халқын сүйген, өз
халқының бақытын тілейтіндер, тіпті соның жолында өмірін
арнап қызмет еткендер.
Бірақ олар өз халқының бақытын Орыс Империясы-
нан бөлініп, тәуелсіз мемлекет құру жолынан көрмейді. Он-
дай идея бұларда тіпті жоқ. Бірден-бір қалған жол – басқа
халықтардың әлдеқашан түскен жолы – өнер, білім, кәсіпкерлік
103
2. Қазақ ағартушыларының рухани мұрасындағы еркіндік идеясы
жолы. Оларда қазақтардың дамуына Орыс Империясының
септігі тиеді деген үміт бар. Қаншалық бұндай үмітке қайшы
келетін фактілер кейінгі ғасырдан астам уақытта дәлелденді
де. Қазақ ағартушыларын қалың ұйқыға кеткен қазақтардың
енжарлығы қынжылтады. Сол енжарлықтан арылуға, өнерге,
білімге, әр түрлі кәсіптерді меңгеруге шақырды. Оларда бірақ,
қазақтардың өзіне тән құндылықтарынан алаңсыз ада болу
керек дейтін идея жоқ. Өнер, білім, кәсіпкерлік қазақтарды
басқаларға кіріптар болдырмайтын құрал ретінде ғана
түсініледі. Яғни, ол түпкі мүдде – тәуелсіздікке қызмет ететін
екінші қатардағы шаралар ғана. Қазақтардың қалыптасқан
осы тығырықтан шығу жолдарын көрсеткен ой-өрісі мен
ұмтылыстарын осы лек, яғни Шоқан, Ыбырай, Абайлардың
философиялық жүйелері деп атауға болады. Бұларда шын
мәнінде білім мен өнер арқылы күш арттыруға ғана бас иетін,
тек қуат асыруды ғана бірден-бір бағалы нәрсе деп білетін
жаңа дәуірдегі Европалық құндылықпен елігу де бар. Бұл
әсіресе Шоқан мен Ыбырайда айқынырақ деуге болады. Осы
жолмен жүрсең, кем болмайсың деген сарынды қазақтардың
көзі ашықтау топтарының санасына сіңіру бұлардың негізгі
мақсаты. Мұны олар елеулі дәрежеде орындады да.
Осыған сай көшпенділік қоғамның мұраттарын жоғары
бағалаушылық мұнда енді жоқ. Әрине, ол үшін бұл жаңа
заманның зиялыларын кінәлауға болмас. Өнер, білім, кәсіп ар-
қылы ғана қуатың өрістейді, онсыз басыбайлықтан құтылуға
болмайды. Ол үшін соған ұмтылу, тынымсыз іс-әрекет керек-
тігін дәріптеу өз заманына сай ұсыныс. Мұнда енді жаңа
құндылықтардан гөрі, сол құндылықтарға жетудің құралдары
көрсетіліп дәріптеледі. Оның үстіне түпкі құндылыққа жетудегі
негізгі жолдар мен құралдар екінші қатардағы болса да белгілі
бір құндылықтар. Мұндай қарулану жолының тәуелді ел-
дер үшін ақ жол болатын себебі – оның мақсаты еркіндікке,
тәуелсіздікке жету, өз қалауымен емін-еркін даму.
Осындай жолдармен қазақ қоғамын мешеуліктен, Еуро-
па елдерімен салыстырғанда өнер, білім, техникалық жағынан
артта қалудан шықса, басқа жұрт қатарында боламыз деген ой-
лардан туындаған еді. Ағартушылық-демократиялық ой түзген
қазақ ойшылдарының негізгі идеялары жалпыадамзаттық про-
104
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
гресске қосылған үн болды. Қазақ ағартушылығының да мақсаты
дүниежүзілік ағартушылыққа тән жалпы қараңғылықтан,
надандықтан оқу, білім мен ғылым арқылы адам санасын ояту.
Қазақ ағартушылығының өзіне тән ерекшелігі, біртұтас
қазақ ұлтын қараңғылық түнегінен алып шығу еді. Қазақ
ағартушылары да әлемге жаңаша қөзқараспен қарау керектігі
жайлы ой қозғады. Ең бастысы дәстүрлі қоғамдағы қатып
семіп қалған ескі көзқарастардан арылуды уағыздады. Еуро-
па ағартушылығы ортағасырлық түнекпен күреске түскен
болатын. Ал қазақ ағартушылығы болса өз кезегінде қазақ
қоғамында орын алып отырған келеңсіздіктерге қарсы күресті.
Қазақ халқының прогресті дамуын армандады. Олардың
ұйқыдағы сана-сезімін ояту, табиғатты, әлемді ғылми таным
арқылы танудың негізі ағартушылықта деп білді.
Ағартушылық құбылысы әдетте адамзат ойының еркін да-
муына шіркеу мен діннің қарсы тұрған кезеңдерінде көрініс
беріп отырған. Ақырында білім мен ғылымға ұмтылысты
алдыңғы қатарға шығарды. Батыс Еуропадағы капиталистік
құрылыстың дамуы, дүниеге жаңа философиялық көзқарастар
мен дүниетанымды тудырды. Ендігі жерде Әлемді, Дүниені,
Табиғатты, Адамды танудың жаңа әдістері пайда болды.
Ағылшын, неміс, француз ағартушылықтарының негізгі мақ-
саттары – ұлттық идея болды. Сондықтан ағартушылықтың
қозғаушы күші ұлттық идея деп түсінеміз. «Қазақ халқының ру-
хани дамуы да патшалық Россияның орыстандыру саясатының
жасанды әдістерімен шектеліп отырылды... Бодандық құр-
саудың жан-жақты қысымы ұлттың материалдық сүйеніші мен
негізін нашарлатып онымен қоса тарихи қалыптасып өзін-өзі
практикада көрсеткен билеу ерекшелігін ыдырату қолға алын-
ды. Үйреншікті болған өмір харакеті тездетіліп сіңіскен тамы-
рынан ажырай бастады» деп жазды қазақ ұлтының психологи-
ясын зерттеуші ғалым Н. Елікбаев [53, 18 б.].
Рухани даму, рухани жетілу адамдардың бостандығы
мен еркіндігі мүмкін болған жағдайда ғана іске асады. Қазақ
философиясының тарихын зерделедеуде тың әдістемелер мен
өзіндік көзқарастар қалыптастырған І. Ерғалиев, адамның
еркіндіксіз, өз басының бостандығына өзі ие болмайынша, оның
бойында рухани жетілуі де болмайды дей келе, егер, жағдай
105
2. Қазақ ағартушыларының рухани мұрасындағы еркіндік идеясы
жасалынбаса, әлеуметтік-мәдени орта мүмкіндікке жол берме-
се адамның рухтық дамуы да тежеледі деп атап көрсеткен бо-
латын [48, 103 б. ]. Сондықтан да жеке адам еркіндігі тежелген
тұста шынайы азаттық пен бостандыққа жол жоқ.
Қазақтың прогрессшіл ойшылдары өз халқының бей-
шара халден шығарудың бірден-бір жолы ағартушылықта
деп түсінді. Өмірдің сүреңсіз көріністері мен қоғамдағы
келеңсіздіктердің себебін іздеді. Ұлы Абай қазақ халқының
ендігі жерде тек қана көшпелі мал шаруашылығымен айна-
лысуына қарсы болды. Ол өзінің ғақлияттарында: «Әрбір мал
іздеген малым көп болса, өзімдікі де, балаларым да малды
болса екен дейді. Ол мал көбейсе малшыларға бақтырмақ,
өздері етке қымызға тойып, сұлуды жайлап, жүйрікті байлап
отырмақ. Мұның бәрі төрт аяқты малды көбейтеміннен басқа
ойының жоқтығынан; өзге егін, сауда өнер, ғылым секілді
нәрселерге салынса, бұлай болмас еді» [9, 11 б.]. Барға мал-
данып, тоқмейлсінетінін айтқан. Дәстүрлі төрт түлік малдың
соңында жүре беруді қаламай, жан бағудың басқа түрлеріне
ауысуды насихаттайды.
Осы кемшілікті жоюды қазақ ағартушылары ғылым
мен білімді игеруден тапты. Қазақ қоғамының нақты-
тарихи жағдайында Шоқан да, Абай да, Ыбырай да орыстың
тілін меңгеру арқылы әлемдік өркениетке қол жеткізуге
болатындығын атап көрсеткен еді. Мал шаруашылығының
өсіп-өркендеуінің өзі жайылымдық жерлер мен табиғат апат-
тарына тікелей байланысты болды. Сондықтан, малдың бір
жұттық екенін қазақ халқы талай ашаршылық нәубетін басы-
нан кешіргенде түсінді.
Қазақ ағартушылығы өзінің даму барысында қайшылықты
эволюциялық жолдардан өтті. Ол даму реакциялық идеялық
бағыттармен күреске толы болды. Отандық философия тари-
хын зерттеуші ғалымдарымыз солардың ең бастыларын атап
көрсеткен болатын. Оларға: ХІХ ғасырдың орта тұсында пай-
да болған дәстүрлі – консервативті шаманизм бағытын, ХІХ
ғасыр аяғындағы діни-реформаторлық джадидизмді, Ресейдің
мұсылман халықтарының арасында панисламизм мен пантюр-
кизм ілімдерін жатқызады.
106
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
Қазақ ағартушылығы туралы мәселеде Ресей империясы-
ның құрамындағы түркі халықтарының өміріндегі маңызды
құбылыс жәдитшілдікті атап өткен жөн. Өйткені, жәдитшіл-
дер де қоғамды надандықтың қара түнегінен алып шығудың,
оны өзгертудің басты құралы ағартушылықта деп білді. Олар
түркілік мұсылман халықтарының арасында білім берудің жаңа
заман талаптарына сай бола отырып, ислам дінінің аясында бо-
луын көздеді. Білімділік пен имандылықты қатар қойып, олар-
ды ажарамас бірлікте қарастырды. Ал, Ресей патшалығы бол-
са өзінің жаулап алған елдерінде өздерінің билік жүргізулері
үшін ыңғайлы жолдарды қарастырды. Сондықтан да, бірден
олардың осы кезге шейін қолданып келген жазу алфавитін
орыс киррилициясына ауыстыруды ойластырды.
Орыстың атақты миссионер-ғалымдары Н.И. Ильмин-
ский, В.В. Радловтар аралас «орыс-түзем» мектептерін ашу
жөнінде ұсыныстар жасады. Отарлаушылар енді әскери,
әлеуметтік-экономикалық саясатпен қоса рухани жағынан
жаулау саясатын да жүргізе бастады. Қазақ даласына миссио-
нерлер ағылып келе бастады. Осылайша, миссионер ғалымдар
1865 жылы Қасиетті Синодтың ұйымдастыруымен құрылған
«Православиелік миссионерлік қоғамның» тапсырмасымен
көшпенділерді шоқындырып, өзерінің салт-дәстүрлерін бірте-
бірте сіңіруді өте сақтықпен жүргізе бастады. Түпкі мақсаттары,
баланы бірден орысша оқытып, ұлттық санасы мен болмысы-
нан айыру болатын.
Адам болмысының мәні туралы Қ. Әбішевтің
пайымдауынша адамдыққа жат жауыздықтың өзі де тұтас
бір қауымдар, халықтар, топтар үшін олардың тарихтағы
болуының мәніне айналғаны белгілі дейді. Адамгершілікті,
әділеттілікті, ізгілікті мойындаудан басқа, шексіз байлыққа,
билікке, үстемдікке ұмтылушылық та көп адамдардың
көкейтесті пиғылдарына айналады. [11, 25 б.] Патшалы Ресей
Қазақ жеріне толық орнығу үшін, алдымен халқымызды
рухани жағынан аздыруды көздеген болатын. Қазақ сахарасын
отарлау саясатының негізгі бағыттарының бірі дін мәселісі еді.
Діни көзқарастары тұрғысында қазақтар өздерін әлмисақтан
мұсылманбыз дейтін. Халықты біріктіретін ұйтқылардың ең
бастыларының бірі де дін болып табылады. Олар енді халық-
107
2. Қазақ ағартушыларының рухани мұрасындағы еркіндік идеясы
тың сенімін өзгерту арқылы өздеріне жақындатқысы келді.
1862 жылдан бастап қазақ халқын ресми түрде шоқындыру,
сол арқылы орыстандыру саясатын жүргізе бастаған еді. ХІХ
ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап Ресей империясының
барлық мұсылман аймақтарының діни мәселелері ислам
дінбасыларының құзырынан алынды.
Дәстүрлі дүниетанымы мен ислам өркениеті арасынадағы
үйлесімділікті қамтамасыз еткен адамды ішкі еркіндікке же-
телейтін ар түзейтін Қожа Ахмет Исауидің сопылық фило-
софиясы осы кезеңде ұлттық рухани тіректі нығайтуға негіз
болды. Шындығында, адамның құлдырауы, рухани азғындап,
құлдыққа түсуі, еркіндіктен мақұрым қалуы оның ішкі рух әлемі
мен санасының ластауынан туындайды. Ислам өркениетінде
адамды осындай жатсынулардан айықтырып, имандылықтың
сақшысы қызметін атқарған таза сопылық ілім болатын. Ислам
өркениеті Шығыста қарақытайлар, Батыста крест жорықтары
салдарынан экспансия қыспағында қалып әлсіреген тұста,
сопылық ілім иманның қорғаушысы, мемлекеттің тірегі,
халықтың ұйытқысы, ар мен имандылықтың, әділет пен
туралықтың көзі болды [54, 9–10 бб.]. – дейді Иасауи ілімін
зерттеуші Д. Кенжетай.
Қазақ халқының рухани-мәдени өміріне ислам дінінің та-
ралуы құндылықтарымызға зор үлес қосқаны белгілі. Ислам
діні жалпы адамзаттық мәдениеттің бір тармағы болса, сопылық
та рухани өмірде ерекше құбылыс болып табылады. Сопылық
құбылысы философиядағы жалпылық пен ерекшелікке са-
яды. Халқымыздың әлемдік өркениет арнасынан өзіндік
бітім-болмысы мен ұлттық санамызды айшықтайтын рухани
нәрлердің бірі осы сопылық ілім. Осы сопылық сарындардың
ықпалымен қазақ сахарасында дәстүрлі қазақи дүниетанымдық
негізде қалыптасқан мифология, аңыз-әңгімелер, жыр-дастан-
дар басқаша өңге ие болып, Құран аяттарының нұрымен
көмкерілді. Араб тіліндегі Құран аяттары мен сүрелері түрік
тілінде үн қатқан жаңа бір шығармашылықтың түрі пайда бол-
ды. Ислам діні мен түркілердің тәңіршілдік дінінің көптеген
ұстындары бір-бірінен онша алшақ кетпейтін болып бір бірі-
мен қабысты. Ұлан байтақ даланы мекен еткен рухы мықты, өзі
108
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
жауынгер, ақ пейілді халық негізінен ата-бабасының Рухы мен
Көк Тәңірісіне табынатын еді.
Қазақ арасында сопылық ілім дәруіштер арқылы тарал-
ды. Негізгі діні тәңіршілдік болған қазақтар Тәңірді, Жарату-
шыны бір деп білген. Көшпелі қоғамның шаруашылығы мен
тұрмысына байланысты мешіттер салып, медреселер ашуға
мүмкіндіктер болмады. Сондықтан дала қазақтары ортодоксты
исламның негізгі шарттарын орындауға келгенде құлықсыздау
болды. Шамандық пен Тәңіршілдік дүниетанымында Әлем
де, Ғарыш та бөлінбейтін, өзгермейтін, мәңгілік сипатқа ие
болмыстар. Ш. Уәлиханов шамандық салт-сананың, аңыз-әңгі-
мелердің көшпелілердің тұрмысымен тікелей байланысты
болғандықтан, қазақтарда бақсылықтың қаймағы бұзылмағаны
жайлы жазған болатын. Шамандық дегеніміз – әлемдік дүниені
сүю, табиғатқа деген шексіз махаббат және өлгендердің рухын
қастерлеу, аруағын ардақтау [55, 172 б.]. Шаман Тәңірі және
ата-бабалары рухының жердегі қолдаушылары және олар
сиқыршылық қасиетке ие. Ол білікті де талантты, өзі ақын,
өзі сазгер, сәуегей және емші, жалпы айтқанда сегіз қырлы,
бір сырлы адам. Халық арасында бұл қасиет адамға рухтың
қалауымен қонады да, атадан балаға беріледі деп топшылана-
ды. Шамандық дүниетанымын бойынша Адам-Әлем біртұтас.
Табиғаттағы жер, су, таудың киесі мен иесі бар. Ал Жаратушы-
ны таза Рух деп түсінеді.
Қазіргі кезге дейін қазақтардың рухани өмірінде түркілік
және исламдық элементтер қатар өмір сүріп келді. Оның
өзінше бір ерекше мәні бар. Халық жадының архетиптері
діннің ол түрін де, бұ түрін де ұмыттырмайтын рөлі атқарады.
Ана сүтімен көшпелі әлем этикасын сіңіріп өскен далалықтар,
аталар жолы мен салт-дәстүрлеріне берік болып келеді.
Адамзаттың рухани іс-әрекетінің жемісті бір тармағы
мұсылмандық философияны зерттеуші ғалымдарымыз
ондағы еркіндік құбылысын ерекше атап көрсетеді. «Ислам
философиясы адам болмысының этикалық сонымен қатар
экзистенциалдық көкжиегін мақсат етеді. Ислам филосо-
фиясын әр кез құдайылық бастамаларға оралып отыруы
ізденістері мен «өзінің философиялық болмысын сақтауы»
еркін етеді [56, 134 б.].
109
2. Қазақ ағартушыларының рухани мұрасындағы еркіндік идеясы
Сопылықтағы дәруіштердің тылсым әлемнің күштері
арқылы, Құран аяттарының қасиетімен емдеу тәсілдерін қол-
данып емшілік жүргізуі, сахарадағы бақсылық етушілердің
іс-әрекетіндегі ұқсастықтар бірін-бірі толықтырып, олар
өзара кірікті. Осылайша көшпелі қоғамның дүниетанымдық
құндылықтары мазмұны жағынан тереңдей, тәжірибелік
жағынан байығандығын аңғаруға болады. Сопылық құбы-
лысының қазақ арасында өгейленбей қабысуы, олардың жан
дүниесіне жақын болуынан дер едік. Сопылар мен дәруіштер
емшілікті табиғи шөптерді пайдалану арқылы, гомепатиялық
әдіспен, Құран аяттарының ғажайып күшіне сүйене отырып
жүргізді. Нәтижесінде сопылық құбылысы таным көкжиегінде
еркін шығармашылыққа жол ашты. Халқымыздың ойшылдары
ықылым замандардан бері әлеуметтік өмірдегі кемшіліктерді
баса көрсете отырып, адам рухын тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін
жетілдіріп отырған. Сопылық поэзия тағылымдық үлгіге бай
даналық философиясы дамыған халықтың дүниеге көзқарас
көкжиегін кеңейтті.
Қазақ ағартушылығының негізіне ой жүгірткен зерттеу-
шілеріміз Шоқан, Абай, Ыбырайларды қатар атайды. Үш
алып ойшылдар жайлы Ғ. Есім әрқайсының өз әлемі бар
тұлғалар дей келіп, ұлттық үлгіні ұсынушылар деп атады.
Балалар әдебиетінің атасы атанған Ыбырайды, балалық шақ
дүниетанымының парасатты білгірі деп сипаттайды [57,
104 б.]. Әрине, Абай мен Шоқан қазақ халқын білімге, ғылымға
үндеді. Бірақ, қазақ даласында заман талабына сай ғылым мен
білім таратудың алғашқы бұлағының көзін ашқан Ыбырай
Алтынсарин еді.
Ұлы ағартушы сахарадағы ескі діни мектептердегі мол-
далардың жататтып оқыту әдісіне қарсы болды. М. Әуезов
Ыбырай Алтынсариннің сол заманда екі жақты қыспақта бола
отырып қажымас қайрат, мұқалмас жігер көрсеткенін былай-
ша ілтипатпен атап көрсетті: «Осындай екі жақты сенімсіз ала-
көздікті ең алғашқы қадамынан-ақ көре бастаса да Ыбырай
қымсынған жоқ. Ірі ағартушы, зор саналы әлеумет қайраткері,
өнерлі ақынның артына қалдырған ізіне, қадірлі жолына қарап
отырсаң, заманына бақсаң, көңілге үлкен алғысқа толы ойлар
келеді. Сонда өз өмірінің, еңбегінің барлық қисынсыз, қиын
110
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
шалғайлықтарының бәрін елемес-тен, жасымастан батыл
басып, ұдай ұзап бара жатқан шын зор қайратты танисың.
Мұндай іс пен тұрақты айнымас мінез тек қана халықшыл,
азаматтық санасы айқын жаннан ғана шығады» [58, 24 б.].
Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға, ұстаздық еткен
жалықпас үйретуден балаға деген Абай айтқан ұстаздың нағыз
бейнесін Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық, ағартушы-
лық іс-әрекетінен көруге болады.
Қоғамды алға жетелейтін прогрестік идеялардың жүзеге
асуына кертартпа қара күштер әрқашан тосқауыл болатыны
заңдылық. Осы кезге шейін қолданылып келген араб әрпін
орыс киррилицасына көшірудің өзі халқымыздың рухани
қазынасын ойсыратып, алдыңғы буынның тарихи-мәдени
жиған-тергенін тәрк етуімен бірдей еді. «Қазақ қалай
орыстандырылды» деген ғылыми зерттеулерінде М. Мыр-
захметов осы саясаттың негізгі мәні ашып көрсете отырып
сараптамалар жасады. Ресей патшалығының ғасырлар бойы
жүргізіліп келген ішкі, сыртқы саясатының негізгі бағыт-
бағдары отарланып алынған елдерді дінге шоқындыру
арқылы орыстандыру саясаты және де оны жүзеге асырудың
ең ұрымтал буыны отарланған бұратана елдердің ғасырлар
бойы қолданып келе жатқан жазу таңбаларын, яғни алфивитін
өзгерту – олардың тарихи есінің сақталу дәстүрі мен тарихы-
нан қол үздіру арқылы идеологиялық мәңгүрттікке айнал-
дыру – отаршыл үкімет атаулының негізгі мақсаты болып
табылатын ортақ құбылыс [59, 12 б.]. Ұлттық дүниетанымның
тамыры мен қайнар көздеріне балта шабылды.
Ғасырлар бойы араб алфавитінде басылып шыққан бай
мұраларымыз келесі буынның кәдесіне жарамай қалуының
қауіпін сезе білген ойшыл осы мәселе төңірегінде Н.И. Иль-
минскийге былай деп жазды: «...мазмұны балалардың білімін
көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды
қазақтың өз тілінде, олардың өздеріне таныс әріппен шығара
білу керек. Сөйтсек бұл кітаптарды жұрт бірден қолға алып
оқып, бұл кітаптар татар кітаптарымен қатар зор күшке айналар
еді. Бұл арада әріптің арабша не орысша болуы – араб әрпінің
ептеген зияны болғанмен, ісімізге онша кесел келтірмейді» [60,
111
2. Қазақ ағартушыларының рухани мұрасындағы еркіндік идеясы
23 б.]. Осылайша екі мүдде текетіресінде ақыры ұстаз орыс
әріпімен алғашқы оқулықты жазып шықты.
Мақсаты қайтсе қараңғылықтағы халқын ғылым мен бі-
лімге көзін ашпақ болған Ыбырайдың оқу-ағарту саласындағы
саясаттағы үстемдік құрған патша әкімшілігінің ыңғайына
көнбеуге шарасы да болмады. «Осы себепті, – деп жазады
зерттеуші М. Мырзахметов. «Ыбырай мен Ильминскийдің
арасындағы қарым-қатынасты көп жағдайда дипломатиалық
қарым-қатынасқа құрылған өте нәзік астарлы қабаттары мол
құбылыс екенін, оған ерекше сын көзімен қарап барып зер
салуды талап етеді. Ильминский дипломатиялық жолмен
Ыбырайды өз мүддесіне, яғни миссионерлік жолға пайдалану
үшін қолынан келгеннің бәрін де, яғни саяси сес көрсету, са-
налы түрде қысым жасау, мектеп ісіндегі мұқтаждығын пай-
далану, «қамқоршы» боп көлгірсу, ұстаз боп араласу – бәрі
де оны уысынан шығармай тәуелді етіп пайдаланудың амал
айлалары болатын-ды» [59, 104 б.].
Дінді ешқандай саясаттың құралына айналдырмай ха-
лықтың рухани құндылықтары санатында қарастырған жөн.
Ыбырай Алтынсарин де ата-бабаларының рухани болмысы-
ның алтын діңгегінің бірі ислам діні екенін жақсы түсінді.
Өз тұрғысынан дінді қоғамда дұрыс қалыптастырумен дін
туралы қазақтарға дұрыс мәліметтер беру жағын көздегенін
ойшылдың «Шарият ул-ислам» («Мұсылманшылықтың тұт-
қасы») атты еңбегі айшықтайды. Ондағы негізгі көздеген
мақсаты жайында «Қазіргі кезде қазақ арасында Мұқамбеттің
діни оқуы жайылып, етек алып барады...Сонымен, бірінші
жағынан, халықтың өз дінін білу жөніндегі талабын, бұл
талапты ешбір шарамен тоқтатуға болмайтынын еске ала
келіп, екінші жағынан осылай болған соң, қазақ жастарына,
өзінің ана тілінде жазылған, мұсылман дінінің негізгі рухына
толық сай, дін оқытуға негізгі құрал бола алатын оқу құралын
жасап берудің қажет екендігін еске ала келіп, мұның үстіне,
мүмкін болғанша, біріншіден, қазақ жастарының дін жөніндегі
түсініктері теріс бағытқа түсіп кетпеуі үшін, ал екіншіден,
қазақтың жазба тілінде татар тілі орынсыз етек алуына жол
бермеу үшін, (бұл – қазақтарды татарландырудың ең сенімді
тәсілдерінің бірі ғой) мен соңғы кезде Мұқамбет шариғатын
112
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
үйрене бастап, осыған қоса жіберіліп отырған оқу құралын
құрастыруға кірістім» [60, 244 б.].
Бұл кітап 1884 жылы Қазан қаласында араб әріпімен
басылып шықты. Ислам діні жайында қазақ жастарының
өздері де Құранды шала білетін дүмше молдалардың таратуы
арқылы ғана мәліметтері болған еді. Енді балалар Ыбырай
мектебінен заманауи біліммен қатар мұсылмандық ақлақтан
да өнеге алатын болды. Адамгершілік пен ізгілік, әділеттілік,
ұқыптылық пен еңбекқорлық сияқты құндылықтарды
жас ұрпақ зердесіне ана тілінде өте жатық, халық ауыз
әдебиеті үлгісінде сіңіруді ойластырды. Олардың жаманнан
жиреніп, жақсыдан үйренуін қаперде ұстаған ағартушы
шығармаларында жақсылық пен жамандықты, әділеттілік пен
әділетсіздікті, ізгілік пен зұлымдық жайлы ұғым-түсініктерді
бала бойына сіңіруді басты нысана етті. Әсіресе адамның
қанағатшылдығы мен ынсапты болуы жайында ой толғап,
ол жайында былай деп жазды: «Сараң адам қанша малды
болса да, өз байлығына риза болмайды, ал керісінше малы
аз болса да, өзінде барға қанағат қылған адамның жаны жай
тауып, тыныштықта болады» [60, 224 б.]. Ұлы ағартушының
қанағат жайындағы ойларын зерттеушілеріміз әрі қарай
былай деп өрбітеді. Қанағат – адамда қызғаншақтық, сараңдық,
нәпсіқұмарлық, ысырапшылдық тәрізді жағымсыз әрекеттер-
дің дамуына қарсы тұру қажеттігінен туған моральдық құбылыс
екенін айта кеткен. Қанағат – тек қана материалдық тірліктерді
пайдалануда өзіне-өзі шек қоя білуі емес, сондай-ақ құмарлық
әсерінен туған әртүрлі жамандықтардан сақтаушы рухани
күш. Сабырлылық, ұстамдылық. Адамды еңбексүйгіштікке,
мейрімділікке, жомарттыққа, қайрымдылыққа тәрбиелейді.
Бір қызығы, қанағат адамға шек қоя отырып, оны еркін етеді
[60, 439 б.].
Сол кездерде ұлттың рухани-мәдени кеңістігіндегі ше-
шімін күткен мәселелер бүгінгі күні тіптен ерекше маңызға
ие болып отыр. Білім мен сенім мәселесін қатар қоятын кез
келді. Әсіресе қазіргі заманғы өркениет пен жаһанданудың
сын-қатерлерінің бірі – діни экстремизмге, терроризмге бай-
ланысты халқымыздың діни болмысының тарихи тамырла-
ры мен мәнін ұғындыру қажет. Ғылыми тұрғыдан жазылған
113
2. Қазақ ағартушыларының рухани мұрасындағы еркіндік идеясы
«Дінтану» оқулықтарын жетілдіру керек. Бұл әдіснама
қазіргі Қазақстан қоғамындағы мектептер мен жоғары оқу
орындар бағдарламаларына енгізілгені жөн. Заман көшінен
қалмаған дұрыс шығар, дегенмен де өзіміздің ұлттың шын
жанашырларының еңбектерін қайта қарап кәдеге жарату ләзім.
Отарлаушылар енді әскери, әлеуметтік-экономикалық
саясатпен қоса рухани жағынан жаулау саясатын да жүргізе
бастады. Қазақ даласына миссионерлер ағылып келе баста-
ды. Миссионер ғалымдар 1865 жылы Қасиетті Синодтың
ұйымдастыруымен құрылған «Православиелік миссионерлік
қоғамның» тапсырмасымен көшпенділерді шоқындырып,
өзерінің салт-дәстүрлерін бірте-бірте сіңіруді өте сақтықпен
жүргізе бастады. Түпкі мақсаттары, баланы бірден орысша
оқытып, ұлттық санасы мен болмысынан айыру болатын. Адам
болмысының мәні өзгеріске ұшырады. Адамгершілікті ізгілікті
мойындай отыра көп адамдар шексіз байлық пен билікке
ұмтылды.
Алтынсариннің философиялық ой-жүйесінің негізгі ар-
қауы адам мәселесі. Адам бақытың негізі адал еңбек ету мен
барға қанағатшылдық деген көзқараста болды. Болашақта
ұлт болып қалудың бірден бір жолы білімді адам тәрбиелеу
арқылы мешеуліктен арылу деп түйіндейді. Егер біз қазақ
халқының философиялық ойы қоршаған ортаны діни-
аңыздық, философиялық-көркемдік түрде, әлемді мистикалық,
рационалды-логикалық, философиялық публицистика мен
поэзия түрінде игерілді дейтін болсақ, онда Алтынсарин
шығармашылығын осы үлгіден бөле қарай алмаймыз.
Ойшылдың философиялық дүниетанымын айшықтайтын
Н.И. Ильминскиймен, В.В. Катаринскиймен, А.А. Мозохинмен
арадағы жазған хаттары мен пікір алысуы және «Оренбургский
листок» газетіне жазған мақалалары философиялық
публицистика түрінде дамыды. Ұстаздың ағартушылық
ілімінің ұстанымы «Бір Аллаға сыйынып, кел балалар оқылық!»
деп бастауының өзі мұсылманшылдығының, имандылығының
ай-ғағы. Алтынсариннің дүниеге философиялық көзқарастары
қоршаған ортаның объективті өмір сүретіндігін, бірақ олардың
жаратушысы Құдай екендігін мойындауында деп білеміз. Ұлы
ұстаз қазақ тіліндегі оқу құралы «Қазақ хрестоматиясын»
114
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
1879 жылы Орынборда басып шығартады. Педагог кітаптың
мазмұнына ерекше назар аударып, оқулыққа балаларға
арналған өлеңдер мен шағын әңгімелерді жазып енгізді. Сол
кезеңнің алдыңғы қатарлы дамыған елдерінің қол жеткен
табыстары ғылым мен білім арқылы болып жатқандығын
балаларға өлең түрінде түсіндіруге тырысады. Сонымен
қатар орыс оқулықтарынан еркін аударма арқылы әңгімелер
мен мысалдарды шебер пайдалана білді. Ушинскийдің
«Балалар әлемі», Бунаковтың, Крыловтың және басқа орыс пе-
дагогикасының білім беру үрдістері мен теориясын меңгере
отырып оны өзінің оқу құралдарында пайдалана білді.
ХІХ ғасырдың соңында замана талабына сай орыс-қазақ
мектебін ашқан тұңғыш ұстаздың шығармашылық идеясы
ағартушылық болды. Ол тек қана оқулықтар жазумен, бала
оқытумен ғана айналысқан жоқ, сонымен қатар мектептерді
қаржыландыру, мектепке балаларды тарту мәселесімен
де айналысты. Ұлы ұстаз тәрбиелей отырып білім беру
әдіснамасын қолданды. Оқығанды көңілге ықыласпен
тоқылық дегенде білімнің тәрбиелік құндылығына баса көңіл
аударғанын байқаймыз. Н.И. Ильминскийге жазған хатында
«Кейін парақор болып шықпаулары үшін оларға адамгершілік
жағынан әсер етуге де бар күшімді салып отырмын... оқытудан
бос уақыттарымда оларға ресми түрде молда да болып қоям;
сөйтіп оларға дін тарихынан білгенімді айтып, оған басқа да
пайдалы және түсінікті әңгімелерді де қосып айтамын» [60,
198 б.]. Адам рухының күш қуатын, жан-дүниесіне әсер етіп
оның қуат көз-дерін ашатын құрал ол тәрбие екендігін Ұлы
ағартушының білім таратуда басты нысана етуінен аңғаруға
болады. Болашақ ұрпақтың жан-жүйесіне, рухына нәр бола-
тын барлық ізгілікті ілімдерді сіңіруді мақсат тұтты.
Жаңа ғасыр қарсаңында енді тәуелсіздікке жетудің жолы
тіпті басқа болуға тиіс. Ол жолды ХХ ғасырдың бас кезіндегі
қазақтың жаңа демократиялық қозғалыс көсемдері айта баста-
ды. ХІХ ғасырдың соңына қарай Ресей мемлекеті қазақ жеріне
орыс шаруаларын жаппай қоныстандырды. Қазақ еліне, жеріне
үстемдік етудің небір құйтұрқы айла-әдістерін қарастырып,
патша әкімшілігі жан-жақтан ақпараттар жинап, экспедици-
ялар ұйымдастырып, ішке еніп, біртіндеп жаулай бастады.
115
2. Қазақ ағартушыларының рухани мұрасындағы еркіндік идеясы
Енді осы қазақ қоғамын басқаруды жетілдіре түсу мақсатында
отаршыл әкімшілік жергілікті халықтың өздерінің арасынан
басқару аппаратына қажет мамандар даярлау ісін қолға алды.
Орысша білім мен тәрбие алған жастар өз жұртының арасында
орыс мемлекеті мен мәдениетінің мүддесін көздейтін құралға
айналуы тиіс болды. Солардың бірегейі Шоқан Шыңғысұлы
Уәлиханов еді.
Шоқан орыс ағартушылары Пушкин, Достоевский, Бе-
линский, Чернышевскийлердің қоғамдық-саяси, әдеби ағарту-
шылық шығармаларымен танысты. Орыс ғалымдары арасын-
да ол ержүрек саяхатшы, тамаша зерттеуші, Орта Азия мен
Қазақстан халықтарының өмірін терең білетіндігімен белгілі
болған еді. Ол орысша алған білімі мен табиғи талантының
арқасында өзінің нағыз ойшыл-ғалымдығын қалыптастырды.
Шоқан алдыңғы қатарлы орыс мәдениеті әлеміне кіре оты-
рып, өзін толғандырған туған халқының тағ-дыры жайындағы
мәселелерді сол кездегі Империядағы Бас штабтың әскери-
ғылыми комитеті мен Азия департаментінде, гоеграфиялық
қоғамды жұмыс істей жүріп ғылыми тұрғыда қоя алды.
Ресейдегі 1860 жылдардағы реформалар кезеңі Шоқанның
шығармашылық әлеміне, дүниетанымы мен көзқарастарына
қатты әсер етті. Ғылым жолындағы өмірі туған халқының ор-
тасында болып ел тұрмысымен, саяси-әлеуметтік жағдайлары-
мен жіті танысуы жағдайында болуы, жас ғалымды өзгеше
бір рухтандырғанын байқаймыз. Өйткені Ресейде дайында-
лып жатқан реформалардың жасалуына өзі тікелей қатысу-
шыларының бірі болды. Осы сәтті пайдалана отырып, ол
реформалардың қалайда туған халқына оңды жақтарының
болуына атсалысты. Ойшыл өз халқының мүддесін бәрінен
жоғары қойды. Жасалынып жатқан реформалардың алдымен
әлеуметтік және экономикалық жаңаруларды қамтамасыз ете
отырып жергілікті жердегі ұлттық салттар мен дәстүрлерге, өмір
сүру тәжірибелеріне көңіл бөлуді ескеруі қажет деп санады.
Ш. Уәлиханов өзінің «Сот реформасы жайында хат» атты
еңбегінде: «Отаным үшін осындай маңызды өзгерістер жаса-
лып жатуына байланысты, өзімнің кейбір ойларымды, сот,
әкімшілік реформасымен халықты ағарту ісіне байланысты жаз-
баларымды қазақ халқының жоғары бастығы ретінде жоғары
116
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
мәртебелі Сіздің ғұзырыңызға ұсынуды өзімнің міндетім деп
білемін» [61, 142–143 бб.], – деп өзінің ғылыми көзқарастарын
ұсынған болатын. Европада болған революциялардың бәрі де
үкіметтің бостандық үшін болған халық қозғалысының баста-
луынан туындады. Қисынсыз теорияға немесе өзге халықтың
өміріне негізделіп зорлықпен ырықсыз жасалған реформа
адам баласын жойқын апатқа душар етіп келеді. Ол өзінің
негізгі мақсаты европалық, әрісі жалпы адам баласына тән
ғылым-білім бұлағынан нәр алудың жолында қандай да бір
бөгеттермен күресу деп білді. Халқының европалық қайта ту-
ындау идеясын қабылдай алатын қабілеттілігін арттыру үшін
білім беру керектігін баса назарға алады.
Шоқан Уәлиханов сахарадағы билер сотынының артық
жақтарын дәлелдеп көрсетіп беруге тырысты. Сахарадағы
билік құру мен билердің атқарған міндетіне ғылыми тұрғы-
дан салыстырмалы түрде саралауы қоғамдық-гуманитарлық
ғылымға қосылған зор үлес. Халықты билеушілер халық та-
рапынан би деп атақ берілген адамдарды сайлап қоймаған.
Олар билік өнерге құштарлығымен, әдеттік заңдарды жетік
білуімен, шешендік тілмен өздері шыққан. Мұндай би-
лер халық арасына тез тарап, әркімнің аузында айтылатын
билерге айналған. Билер істі жалғыз өзі шешпейді, оған
қатысатын адамдарға шек қойылмайды, кейде олар адво-
катта болып кетеді. Қабылданған шешімге риза болмаған
жағдайда, шағым түсіруге құқылы. Бұл тараптан қарағанда
мировой судьяларға үлкен билік берілген... Судья бір ғана
ардың заңын басшылыққа алып шешім қабылдайды. Қазақты
орыс заңымен соттауға болмайды. Оның себебі мынада:
біріншіден, өзге тайпалық құрамдағы, өскен ортасы, тіршілігі
бөлек қазақтардың қылмыс пен жат қылыққа көзқарасына,
түсінігіне орыстармен басқа европалықтармен қатар қарауға
болмайды... Орысша бірауыз сөз түсінбейтін қазақ орыс
заңын білмеймін деп аузын аша алмайды! Өзіне етене таныс,
сонымен тәрбиеленіп, өсіп-өнген заң ғана халық үшін жәйлі
болмақ. Бұл заң қаншалық олпы-солпы болғанымен, сырттан
телінген немесе жоғарыдан ұсынылған заңнан гөрі оған етене
жақын, түсінікті де айқын екеніне ешқандай да күмән жоқ...
Мұсылман, қытай және орыстың Орыс правдасы заңына
117
2. Қазақ ағартушыларының рухани мұрасындағы еркіндік идеясы
қарағанда, қазақтың әдеттегі правосының адамгершілік жағы
басымдау [61, 142–143 бб.].
Шоқанның «өздігінен даму, өздігінен қорғану, өзін өзі бас-
қару және тергеусіз сот» жайындағы идеясы қазақ қоғамының
дамуы мен ұлттық сананың қалыптасуында еркіндік идеясын
пайымдағанын бағамдаймыз. Шоқанның еркіндік жайындағы
көзқарасы адамның ізгілікті өнегелі қасиеттерінің дамуына
қажеттілігімен айқындалды. Бірақ толыққанды өнегелілікке
жетуге бір ғана еркіндік жеткіліксіз, себебі сол еркіндікті дұрыс
пайдалана алу керек. Осы еркіндікті көзі ашық адам ғана пай-
далана алады, надан адамның қолынан бұл келмейді. Ойшыл
надандық еркіндікті дұрыс пайдалануға кедергі жасап қана
қоймайды, сонымен қатар адамдарды азғындауға итермелейді
деп түйіндейді [61, 432 б.].
Ш. Уәлихановтың ұлылығы сол – көшпелілердің іргелі
негізін – бостандығын – жоғалтқанына қарамастан бұл жағдайды
түсіне білді дей келе Г. Барлыбаева, қазақ ағартушысының
әлемдік ғылым мен өз халқының алдында жасаған еңбегі жай-
ында, ерекше этнос ретіндегі қазақ халқының тарихи құқығын
анық және логикалық дәлдікпен қалпына келтіргендігін, оны
ғылыми тұрғыдан әлем халқы қатарына қосқандығын атап
көрсетеді [62, 57 б.]. Қазақ даласын билеудің, ғасырлар бойы
қалыптасқан билер сотының артықшылығын ғылыми түрде
дәлелдеді. Орыс губернияларына арналып жасалған реформа-
лар көшпенділер тұрмыс-салтына үйлеспейтіндігін ғылыми
тұжырымдайды. Шоқан ұлтының болашағына тиімді жағын
көздей, нақты дәлелдер келтіре отырып ғылыми түрде өз
ұсыныстарын жеткізді. Ойшыл ары қарай ойын былай деп
өрбітеді: «....халық өркендеудің қандай сатысында тұрмасын
оның қарапайым өсу жолына: өздігінен даму, өзі-өзі қорғай
білу, өзін-өзі басқара білу қажеттілігін басшылыққа ала оты-
рып біз бұлтартпайтын қорытындыға келдік, яғни билер со-
тын белгілі мерзімге дейін, 1854 жылы заң шыққанға дейінгі
қалпында қалдырып, бұл заңды немқұрайды қараудың
төрешіл кеңсешілдіктің идеясының ықпалынан формализм-
мен тәртіп түрінде пайда болғандықтан жою керек» [61, 142–
143 бб.]. Жасаланып жатқан реформа отарлаушы мемлекеттің
мүддесін көздейтіні белгілі. Колонизаторлардың күштеп
118
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
енгізетін үрдістері, оларда Ұлы Империялардың жымысқы
саясаты жасырылды. Кеңістік пен уақыт аралығында олардың
әлеуметтік және моралдық зардаптарның бет пердесі ашылмай
қалмайтын. Шоқан кадет корпусын бітіргеннен кейін патша
әкімшілігінде қызмет істей жүріп ұлыдержавалық шовинистік
пиғылдарды байқаған болатын.
Ойшыл-ғалымды толғандырған басты мәселе халқының
тағдыры болды. Шоқан тек қана Ресейдің әкімшілік және
әскери адамдарымен ғана араласып қойған жоқ, сонымен
қатар алдыңғы қатарлы ойшылдары мен ғалымдары, саяси
элитасымен достасты. Олардың ішінде әсіресе Ф.М. Досто-
евскиймен арадағы ұлы адамдарға ған тән риясыз достығы
болды. Екі жақты ашық жағдайдағы қарым-қатынастан
жан-жақты жетілген Тұлғалардың адамзаттың ең бір асыл
қасиеттерін бойына сіңіргендігін көруге болады. Россиядағы
помещиктік құрылыстың мерездерін сынаушы, декабрис-
тер мен революционер-демократтардың арасын біріктіруші
петрашавшілдер үйірмесіне қатынасқаны үшін Омбының ка-
торгалық түрмесінде отырған Достоевский сол кезде мылқау,
түпкір деп есептелінетін шеткері аймақ Семейге мерзімсіз
солдат қызметіне жер аударылады. Шоқанмен Семейдегі
кездесуі олардың қазақ ауылдарын аралап Достоевскийді
Шығыс әлемімен жақынырақ танысуына мүмкіндік берсе,
қазақ ойшыл-ағартушысы ұлттық құндылықтар мен салт-
дәстүрлерден ерекше ләззат алды. Шоқанның ағартушылық
идеясының негізі қазақ халқын орыс мәдениетін игеру арқылы
жалпыевропалық әлемдік мәдениетпен қауыштыру болатын.
Ол енді отандастарын бақытты өмірге жеткізудің жол-
дарын билікке араласу арқылы жүзеге асырмақ болады.
Ұлтының еркіндігі мен бостандығы «өкімет билігімен» жүзеге
асады деген сеніммен Атбасарда аға сұлтандыққа сайлау
кезінде өз кандидатурасын ұсынады. Жерлестеріне оқыған
правитель-сұлтанның ел басқаруда қандай болатынын
көрсеткісі келеді. Өз ұлтын жанындай сүйген Шоқан оларды
патша шенеуніктері мен қазақ байларының озбырлығынан
қорғау мақсатын көздеген еді. Тура осы ойлар елді биліктік
өкілеттіктер арқылы басқаруда өзінің гуманистік идеяларын
жүзеге асырмақ болған, кемеліне келген шақтағы Абайды да
119
2. Қазақ ағартушыларының рухани мұрасындағы еркіндік идеясы
толғандырған, одан бас тартқызған болатын. Абай: «Жоқ, елге
бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі болмаса, не
албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді
құдай сақтасын!» [9, 27, 7 б.] – деген ойға тоқталған еді. Абай-
ды жалғызсыратқан, өгейсіткен орта Шоқанға да пана бола
алмады. Қазақ арасындағы кертарпалық пен надандықтың
салдарынан өзінің ақыл-кеңестеріне құлақ аспайтынына көзі
жеткен ойшыл-ғалым Омбыға келіп облыстық басқарманың
заң комиссиясының жұмысына қызу араласады. Ендігі жер-
де ғылыммен айналысуға ден қойған Шоқан, қазақтың сот
реформасындағы кейбір мәселелерді зерттеумен айналысады.
Шоқан «аққан жұлдыздай» қысқа ғана ғұмырында ғылымда
тамаша жетістіктерге жетті. Ойшылдың өлкенің географиясы,
этнографиясы, этносы, фольклоры, ру, тайпа, халықтардың
тарихы және қоғамның әлеуметтік құрылымы жайлы ой-
тұжырымдары ғылыми еңбектерінің арқауы болды.
Шоқанның Қашқарияға сапары өте қауіптілігімен қатар
өте нәтижелі де болды. «Алтышаһардың немесе Қытайдың
Нан-лу (Кіші Бұхара) провинциясының шығыстағы алты
қаласының жайы туралы» атты Шығыс Түркістан халықтарының
тарихы мен географиясы, әлеуметтік құрылысы жөніндегі
отандық ғылымға қосылған сүбелі ғылыми еңбек жазды. От-
аршыл саясат мемлекеттің егеменділігін саяси тұрғыдан және
оның саяси басқару жүйесін жоюдан бастаған еді. Ал Шоқан
пайымында қазақ қоғамы өз ерекшеліктерін сақтай отырып,
орыс білімін құрал есебінде қолдану арқылы эволюциялық
жолмен тәуелсіз дамиды деп түсінді. Басты мақсат қазақ
қоғамының өзіндік табиғатына тән демократиялық әлеуметтік
институттарды сақтап қалу болды. Шоқан Уәлиханов өзінің
«Алтышаһар» жөніндегі есепті баяндамасында Шығыс Түр-
кістан халықтарының ұлт-азаттық көтерілістеріне тоқталып,
олардың сәтсіздікке ұшырау себептерін ғылыми тұрғыда дә-
лелдеген еді. «Халық қытайларды жек көреді және үздіксіз кө-
терілістер мен қажырлы күрестерді үнемі қолдап отырды. Тек
әскер күші мен қатал шаралар ғана ел тыныштығын сақтауы
мүмкін, ал енді қытай үстемдігінің бұл кезге дейін жойылмауы-
на және қожалардың әрекеттерінің үнемі сәтсіздікке ұшырап
отыруына себеп болса, оған біріншіден жергілікті халықтың
120
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
өзара алакөздігі мен араздығы, екіншіден қоқандықтардың
ықпалы ғана себеп болып отыр. Бұл себептер жойылған күнде
Кіші Бұқараның, тым болмаса «Алтышаһардың» Қытайдан
тәуелсіз болатыны сөзсіз» [61, 364 б.] – деп жазды. Қазіргі кездегі
ШҰАР-дағы қандастарымыздың бір кездері өз еркіндіктерін
қолдан беру себептері, халық бірлігінің жоқтығынан болған-
дығын дәл көрсеткен еді.
Энциклопедист-ғалым өз шығармашылығында ұлттық
құндылықтардың өзгеріске ұшырауы, жаңғырулары тура-
лы да ой-түйіндейді. Қашқария сапарынан оралғаннан кейін
жазған еңбегінде Шығыс Түркістанда әйелдердің уақытша
жатжұрттықтармен некеге тұру дәстүрі еуропаша білім алып,
қазақи ортада тәрбие көрген оқымыстыны толғандырмай
қалмаған екен. «Әйелдерге махаббат бостандығы берілуін
берілсе де, надандық пен абыройсыздықтың салдарынан бұл
уақытша некелесу дәстүрі ерлі-зайыптылық қатынастарын
қадірлемеуге үлкен себеп болып отыр және Шығыс
Түркістанда әйелдер бәлендей өнегелі құлқымен асылы көзге
түспейді... Қашқарда абыройсыздық, азғындық жолына түскен
әйелдер санының көп болуына бәрінен бұрын кедейлік пен
жоқшылық, мұқтаждық себеп болып отыр» [61, 487–489 бб.].
Бұндай құбылыстың шығу себептерін анықтаумен қатар, өз
тарапынан сыни көзқарасын жазып қалдырады. Надандық,
сауатсыздық, білімсіздік қоғамды кедейлендіріп қана қоймай
адамдарды да азғындық жолға бастайтындығы туралы ой
түйіндейді. Қоғамдағы ондай келеңсіздіктер салт-дәстүрлердің
сақталмауы, дінсіздік жайлаған кезеңдерде белең алады.
Қоғамда әйел еркіндігі жөніндегі мәселеде, осы бостандықты
әйелдер дұрыс пайдалана ала ма деген сауал туындайды. Бұл
сұрақ әйел табиғатының ерекшеліктеріне тығыз байланысты
деп ойлаймыз. Әйелдерге еркіндікті дұрыс пайдалану үшін
әуелі ар-ождан, білімділік, имандылық қажет.
Шоқанның қазақ ұлтының азаттығы мен еркіндігі жо-
лындағы қызметі мен шығармашылығы жайында қазақ зия-
лыларының пікірлеріне тоқталуды жөн көрдік. Мұстафа
Шоқай «Орыс миссионерлігі» деген еңбегінде Түркістандағы
бүгінгі большевик миссионерлерінен Шоқанның артықшы-
лығын былай деп сипаттайды: «Қазақстан оқу-ағарту жұмыс-
121
2. Қазақ ағартушыларының рухани мұрасындағы еркіндік идеясы
шыларының құрылтайында Қазақстан оқу-ағарту комис-
сары Жүргенұлының баяндамасында «қазақтар арасында
таралған миссионерлік мәдениет жемісінің мысалы ретінде
Шоқан Уәлихановты» келтіреді. «Ш. Уәлихановтың гене-
рал Черняевтың жанында әскери қызмет атқарғаны әмбеге
аян. Григорий Потанин: «Бішкекті және Әулиеатаны алу
кезінде орыс әскерилері тарапынан Шоқанның діндестеріне,
руластарына, яғни қазақ-қырғыздарға жасалған айуандық,
қатыгездіктері оны қатты күйзелті. Ол енді өзінің соғыс
қимылдарына қатыса алмайтынын сезді. Черняевтан айрыл-
ды да, Алматыға қайтып, Құлжа маңында қоныс тепкен Тезек
сұлтанның ауылына барды» – деп жазады. Потанин Шоқан ту-
ралы естелігін жаза келіп: «Шоқан ең алдымен өзінің қазақ-
қырғызын сүйетін, онан соң Сібірияны, онан кейін Ресейді,
одан кейін бүкіл адамзатты сүйетінін айтушы еді» – деп еске
алады. Осы естелігінде әрі қарай Потанин «Орыс қазақтарды
жәбірлесе, мен орыстарға қарсы көтерілемін. Ал француз-
дар орыстарды жәбірлесе, менің бүйрегім орыстарға бұрады
дейтін». Ал енді Жүргенұлы мен сол тектестерге келсек,
олар өз халқын Шоқанша сүйе алар ма? Олар өз халқына
жәбір-жапа көрсетіп отырған орыстарға қарсы көтерілу бы-
лай тұрсын, бетіне тура қараудан именеді. Шоқан Уәлиханов
шынында орыс мәдениеті мен орыс билігінің миссионері еді.
Бірақ ол орыстардың өз халқына істеген хайуандығын көргенде
оларға қарсы шығуға батылдық ете алды. Шоқан Уәлихановты
сынауға біздің ғана құқымыз бар. Ал өздері орыс большевизмі
мен орыс диктатурасының миссионері болып отырғандардың
құқы жоқ» – деп жазады [63, 486 б.]. Мұстафа Шоқайұлының
Ұлылар туралы салиқалы пікір мен сындарды Ұлылар ғана
айта алады деген ойына уақыт өте келе көз жеткізесіз.
Міржақып Дулатов та өзінің «Шоқан Шыңғысұғлы
Уалихан» атты мақаласында: «Шоқан үкімет қолында құр
жансыз құрал болмай, таза пікірлі ақ жүрек, ұлтын сүюші
жігіт болғандығын орыс әскерінде патшаға ант берген офицер
бола тұрып, мұсылмандарға орыс әскері қылған залымдыққа
шыдамай қарсы келіп Черняевтен айрылғандығы зор дәлел
болса керек. Шоқанның бар талабы ғылымға ұмтылу, қазақ
халқына пайда келтіру, қазақ халқының тұрмысын, рәсімін,
122
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
тарихын анықтау жолында болған» [64, 110 б.] деп жазғанда,
Шоқан туралы мұсылманның зиянына қызмет етіпті дегенге
тойтарыс ретіндегі пікірінің өзектілігі бүгінгі күнге дейін
ғылымда орынды дәлел болып табылады.
Шоқан сахарада қазақтарға дінді күштеп енгізудің
жөнсіздігі жайында «Сахарадағы мұсылмандық туралы»
зерттеуінде ғылыми тұрғыдан анықтап, дәлелдеп көрсеткен
болатын. Үкіметтің қазақтардағы ағарту ісін ешбір бақылаусыз
молдалардың қолына бергендігін теріс деп есептейді. Мол-
далардың көпшілігі татарлар, олардың өздері өз жазуларын
әрең игерген, барып тұрған білімсіз дүмшелер, рахымсыз
қараңғылыққа, тағы нанымға шырмалған тақуалар деп си-
паттайды. Бұл қазақ даласына ағылып Бұхарадан, Қоқаннан
қожа ишандар қаптап кеткен кезең еді. Шет елдік мұсылман
кезбелерінің әсіресе татар семинаристерінің мүддесі қазақ-
тарды соқыр наныммен шырмап, дінге бас шұлғыту; әрине
мұндай кезде бұл қарттардың, қажы мен дәруіштердің де
жағдайы жаман болмайды. Орыс үкіметі біздің өнегелі
тәрбиемізді сеніп тапсырған татардың діни ағзамдары біздің
пиғылымыз бен ниетіміздің азғындауына әсер етті, пара алды,
екіжүзділікке үйретті, ортаазиялықтармен қосылып аңқау
қазақты алдап соғуда. Аңқау елге арамза молда деген осы...Со-
дан кейін біздің қырда діни орын кімнің қолына берілген, қазақ
халқының діни өнегесі, діншілдігі кімге тапсырылған дейсіз
[61, 110 б.]! Ислам діні қағидаттарын пайдагершілік жолға
жұмсаған келімсектер қарын тойдырып кете барды. Алайда
қазақтарда өздерінің бабалары салған жолды ұстану қамалы
бұзылмаған еді. Қазақ әлмисақтан бері мұсылман халық. Олар
әрқашан өнегелі өмір сүру салтын ұстанған. Оның дәлелі
Шоқан айтқандай тәрбиелі, өнегелі өмір сүру дағдысы дін
таратушылардың шалағайлығынан бұрмаланып діни сананың
қалыптасуына кері әсерін тигізгені шындық.
Заманауи әлемде дінің адамзатты жақындастырушы,
біріктіруші әлеуеті артып отырғаны бәрімізге аян. Қазақстан
қоғамның дамуында дін рухани тұғырлардың бірі болып қала
беретіні сөзсіз. Қоғамның дамуы тек саяси-экономикалық
қатынастарға қана емес оның руханилығымен де тікелей
байланысты. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан жағдайында тамы-
123
2. Қазақ ағартушыларының рухани мұрасындағы еркіндік идеясы
ры жоқ жаңа діни бірлестіктер өздерінің діни уағыздары
мен ұстанымдарын таратып отыр. Әсіресе, әлемдік деңгейде
өріс алып жатқан діни экстремизм мен терроризм сияқты
жағымсыз іс-әрекеттерді ислам дініне таңушылық, исламның
шынайы мәнін бүркемелеушілікке байланысты руха-
ни қазыналарымызды қайта жаңғырта отырып жетілдіру
қажет деп білеміз. Қазақ қоғамының рухани тұғырларының
бірі, ұлтымыздың бітім-болмысын, рухани жан дүниесін
айшықтайтын ислам дінінің құндылықтары болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |