Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


Қазақ би-шешендері ой-толғамдарының



Pdf көрінісі
бет2/12
Дата02.03.2017
өлшемі1,62 Mb.
#5094
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

1.2. Қазақ би-шешендері ой-толғамдарының 
құндылықтық-мағыналық ерекшеліктері
Кез келген қоғамының әлеуметтік-саяси ойларын, филосо-
фиясын зерттеу үшін осы қоғамның әдет-ғұрып құқығына соқ-
пай  өтуге  болмайды.  Қазақтың  әдет-ғұрыптары  мен  заңдары 
іштей  біртұтас,  берік  күйінде  сақталған.  «Әдет-ғұрыпқа 
негізделген  құқықтық  жүйе  мемлекет  заңдарынан  түзелген 
құқықтық  жүйеден  өзгеше  құбылыс.  Бұл  өзгеріс  әдет-ғұрып 
құқығының  контекстінде,  әлеуметтік-саяси  астарында,  руха-
ни  бастауларында,  принцип  қағидаларында,  өмірнамалық 

23
1. ХVІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындары мен жырауларының 
шығармашылығындағы еркіндік идеясы
құндылықтарында,  адамға  әсер  ету  ерекшеліктерінде.  Әдет 
құқығы  өзінің  ішкі  мәні  және  мазмұны,  сыртқы  түр-сипаты, 
іс-қимылды реттеу және оған әсер ету мүмкіншіліктері, жал-
пы  болмысы,  яғни  қандай  параметрлері  тұрғысынан  алса 
да  адамзат  мәдениетінің  ерекше  туындысы  екендігіне  шүбә 
келтірмейді»,  –  дейді  заңгер-ғалым  З.  Кенжалиев  [14,  5  б.]. 
Көшпелі  қазақ  халықының  өзіндік  болмысын  айқындаушы 
белгілерінің  бірегейі  ол  әдет-ғұрыпы.  Қазақтың  дәстүрлі 
мәдениетіндегі  бірнеше  жүздеген  жылдар  өтсе  де  қаймағы 
бұзылмай атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа саф алтындай таза 
күйінде  қанымен,  тілімен,  ділі  арқылы  беріліп  отырған  ізгі 
қасиеттері – сол халықтың өмірінің мәні болып есептелген «жөн 
–жоралғы»,  әдет-ғұрып  заңдары  мен  этикалық,  адамгершілік 
қағидаттары  болып  табылады.  Кең-байтақ  даланы  мекенде-
ген көшпенділерде түрменің болмауы, күштеу органдарының 
қажет  етілмегенінің  өзі  «жабайы»  деп  аталған  тайпалардың 
рухани байлығының қаншалықты дәрежеде дамығандығының 
айғағы. Мысалы «Билер кеңесі», «ақсақалдар мәжілісі» мемле-
кетте заң шығарушы органның қызметін атқарды. 
Ақын-жыраулар  күнделікті  өмірдегі  адамдардың  іс-
тәжірибесін қорытындылай отырып, даналықты қолданып шы-
ғармашылығын жасайды. Ал билер шығармашылығының өзіне 
ғана тән ерекшелігі табан астында, дәл сол мәселені шешу үстінде 
қауым  алдында  кезек  күтіп  тұрған  түйінді  шешіп  төрелік  етуі 
арқылы туындап отырады. Далалық демократиялық ой билер ин-
ституты арқылы жүзеге асырылып, билер шығармашылығында 
жариялылық, сөз бостандығы сияқты құндылықтар көрініс тап-
ты. Қазақ билерінің үкімдері мен кесімдеріне ханның да жарлығы 
жүрмеген.  Хандық  биліктің  тұрақты  әскері  мен  тармақты 
жүйеленген  күштеу  құрылымы  болмағандықтан  сахарадағы 
демократиялық  үрдістер  билер  институтына  берілген  еркіндік 
арқылы айшықталады. Еркіндік философиясындағы «би» фено-
менін тарихи-әлеуметтік тұрғыдан сараптайтын болсақ:
- бидің қызметі мен еркіндік ұғымының мазмұны құқықтық 
деңгейде  өзара  тоғысып,  би  адам  еркіндігі  мен  еріктілігінің 
және жауапкершілігінің «ресмиленген» реттеушісі;
- «би» адам еркіндігі мен құқықтарын сақтаушы болумен 
қатар заманға лайықтап жаңа мүмкіндіктерін ашып беруші;

24
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
-  бидің  қызметі  жалпыадамзаттық  және  ұлттық  құнды-
лықтар  деңгейіндегі:  жауапкершілік  пен  еркіндік,  еріктілік 
пен тәуелсіздік, бостандық пен азаттық т. б. категориялардың 
шеңберінде ғана қызмет етеді, немесе осылармен шартталған;
- бидің өзі әлеуметтік жауапкершілік пен еркіндіктің нақ-
ты  қоғамдық-әлеуметтік,  мәдени-саяси  барынша  толыққанды 
өкілі, өнегесі мен жарқын үлгісі.
Билер  қоғамдық  өмірдің  әр  саласында,  сол  кездегі  әлеу-
меттік-экономикалық  жағдайлардың  мүмкіншілігіне  қарай 
әділ шешімін кесіп отырған әрі дана, әрі шешен, әрі төрешінің 
рөлін  атқарған.  Билік  өнерін  жайында  академик  С.  Зиманов 
пен  Н.  Өсеров:  «Бұл  дәуірде  (хандық  дәуір)  қазақ  тайпала-
ры арасында билік өнері күшті дамыды. Қоғам ішіндегі дау-
жанжал,  талас-тартыс  билер  тарапынан  шешіліп  отырды. 
Билердің  негізгі  мақсаты  –  қылмыстыларды  жазалап  қана 
қоймай, қылмыстың алдын алуға, ел тыныштығын қорғап, екі 
дауласушы жақты татуластыруға күш салғаны белгілі» – деп 
сипаттайды  [15,  4  б.].  Сондықтан  да  билер  шығармашылығы 
еркін ойдың іс-әркетте айшықталуы болып табылады.  
ХVШ  ғасырдың  басында  Тәуке  хан  (1680–1718)  әдет-
ғұрып  заңдарына  өзгерістер  енгізді.  Ташкентке  таяу  жерде 
Құрылтай  өткізіп,  онда  мемлекеттік  мәселелер  қаралып,  та-
рихта «Жеті жарғы» деп аталатын заңдар жобасы жасалынды. 
Қазақ  даласының  Геродоты аталған  орыс ғалымы, этнографы 
А.И.  Левшин  «Қырғыз-қазақ  немесе  қырғыз-қайсақ  ордасы 
мен  даласын  суреттеу»  деген  еңбегінде:  «Бұл  есімді  естігенде 
өздерінің  қызу  қанды  елірген  отандастарының  тобырынан 
рухы әлдеқайда жоғары кез келген қырғыз-қайсақтың жүрегін 
мақтаныш сезімі кернеп, Тәукенің алдында бас иді. Оны Қазақ 
Ордаларының нағыз Ликургі, нағыз «Драконы» десе де болады. 
Ол  өз  халқын  апатты  өзара  соғыстан  арылтты;  бір  тайпаның 
екінші тайпамен бірнеше жылға созылған қантөгіс ұрыстарына 
тыйым  салды;  жұрттың  бәріне  ортақ  жарғы  шығарып,  сол 
арқылы  сот  билігін  жүзеге  асырды;  ол  күш  қолданудан  гөрі, 
неғұрлым  терең  ақыл-оймен,  тәжірибемен,  байланыстар  мен 
билік  ету  өнері  арқылы  әрекет  жасаған  сияқты»  [16,  3  б.]  – 
деп жазды. Осындай халықтың көкейіндегісін дөп басқан бұл 
заңдар жинағы ел арасында «Қасымның бес жарғысы» немесе 

25
1. ХVІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындары мен жырауларының 
шығармашылығындағы еркіндік идеясы
«Қасым салған қасқа жол» деп аталып бізге дейін жетті. Соны-
мен бірге «Есім салған ескі жол» деген түсінік бар. Есім ханның 
тұсында «Жарғыға» шариат заңдары сыналап енгізіле бастады. 
Осы  екі  заң  жобалары  ежелгі  билер  жасаған  қалпын  бұзбай 
ХVІІ  ғасырдың  аяғына  дейін  өз  күшін  жоймай  сол  қалпында 
сақталып, қолданылып келген болатын. Заманалар бойы халық 
өз  тағдырларына  қатысты  талас-тартысты,  даулы-дамайлы 
мәселелерін билерге өз еріктерімен сеніп тапсыратын болған.   
«Қоғамды билеу дәстүрі мен ел билеген игі жақсыларының 
қалыптасу  үрдісі  әр  ұлттың  саяси  өмірінің  бітім-болмысын 
айқындайтыны  белгілі.  Сондықтан  қазақтың  дәстүрлі 
қоғамындағы  саяси  билік  жүйесінің  тыныс-тіршілігін,  он-
дағы  іс-әрекет  пен  саяси  қатынастар  ауан-шеңберін,  сая-
си  басшыларды  тағайындау  мен  ел  билеу  әдіс-тәсілдерінің 
ерекшеліктерінен аңғаруға болады» – дей келе Д. Раев қазақтың 
билік философиясының қалыптасуындағы өзіндік ментальдық 
көріністерді  дала  қоғамындағы  билік  жүргізу  дәстүріндегі 
тұлғаның  жеке  бас  қасиеттері  алдыға  шығатындығы  жай-
лы  пайымдайды  [17,  33,  120  б.].  Яғни  адами,  адамгершіліктік 
тұрғыдағы  құндылықтармен  өлшенгенін  ашып  көрсетеді. 
«Би» деген атаумен астасқан көне түркі тіліндегі «білік» деген 
сөздің  мағынасы  «басқару»  немесе  «білгірі»  дегенді  білдірсе 
керек.  Далалық  тарихтың  суреттемелерін  саралай  келе  А.Х. 
Қасымжанов  билерді  өткір  тілді,  ұшқыр  ойлы,  тез  арада 
уәж  айту,  сөзге  сөз  қайтара  білу батырлардың  жекпе-жектегі 
жеңісіне  пара-пар  болатын  қолма-қол  жеңіс  сипаты  мен 
қорытындысын анықтайтын халықаралық саясаттың маңызды 
бөлігі деп сипаттаған еді [18, 43 б.]. Мәселені шешеудегі бидің ой 
ұшқырлығының диалектикасын ашып көрсете отырып, әсіресе 
халықтың  тағдыры  шешілетін  сын-сағаттардағы  бидің    рөлін 
дөп басып айқындап беріп тұр. Ақиқат алдында ар тазалығын 
сақтау билердің ең басты ұстанымы болды. Әр Ордада билікті 
қадағалап отыру үшін үш жүзден үш би сайланып қойылды. 
ХVІІ ғасырдың аяғында патшалы Ресей қазақ жеріне жай-
лап  ене  бастаған  еді.  Ел  басына  күн  туған  шақта  халықтық 
философия  мәселесі,  сана  мен  билік  арақатынасы  өмір 
қажеттілігі ретінде бірінші орынға қойылды. Осы кеңістік пен 
уақыт  аралығында  қазақ  даласында  атақты  үш  биіміз  –  Төле 

26
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
би, Әйтеке би, Қазыбек билердің даңқы шыққан еді. Олардың 
билік құру әдістерін талдап-тарқатсақ, сахарада әділетті, ашық 
қоғамның өмір сүргендігін бағамдауға болады. Ру арасындағы 
даулы  мәселелерді  шешерде  ақылдастар  алқасы  жұмыс 
атқарып отырған. 
Әйтекеге дау келсе,
Қазыбекке жіберіп, 
Үрмет айтып Қазыбек
Төле биге итеріп,
Оларсыз жұмыс қылмайды,
Үшеуінің басы бірікпей,
Ердің құны тұрмайды
 [19] – дегенде атақты үш бидің жұмыс 
істеу  тәсілі  туралы  толғанылған.  Олар  қоғамдағы  үлкен  ру 
аралық  дау-шарларға  жеке-дара  өкім  шығармаған.  Кеңесіп, 
ақылдасып  барып  үкімін  шығарып  отырған.  Азаматтардың 
тең құқығы сыйланып, ақиқат заңдылығын ғана басшылыққа 
алады. Осы өкім мен кесімдер тек қана жазалаушылық міндет 
атқарып  қана  қойған  жоқ,  олар  тәрбиелеушлік  те  рөлге  ие 
болды. 
«Ұрлық»,  «зорлық»,  «өтірікшілік»  сияқты  жаман  қылық-
тар мен «мейрімділік», «кешірімшілік», «шыншылдық» секілді 
ізгіліктің тірегі болған философиялық ұғым-түсініктердің диа-
лектикасы билер философиялық ойының орталық ұстындары 
болды.  Болашақ  ұрпақ  өмірмәнділік  құндылықтарды  мақсат 
етумен  қатар,  болашаққа  үміт-сенімдерімен  аттады.  Мәселе 
билік жүргізу өнерінің әмбебаптылығында. Билер институты-
ның  атқарған  үлкен  ісі  арам  жолмен  табылған  мал  мен 
олжаның, адал жолмен келген мал-мүліктен айырмашылығын 
түсіндіріп,  «обал  –  сауап»,  «адал  –  арам»  аражігін  ұрпақ 
зердесінде мәңгілік ұялата білуінде. Имандылықты жастардың 
көңілдеріне қондыра білуі шешендік өнермен қатар тәлімгерлік 
тәжірибенің де арқасында мүмкін еді. Қоғамның дамуының әр 
кезеңі адам болмысының дамуы арқылы болады. Адам өзін өзі 
жетілдіре отырып қоғамды жетілдіреді. Адамдар өздерінің іс-
әрекеті арқылы қоғамның алға жылжуына тікелей қатынасады. 
Сондықтан қазақ хандығы тұсындағы билер атқарған ұлы істер 
адамды рухани жетілдіруге бағытталғандығымен де құнды.

27
1. ХVІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындары мен жырауларының 
шығармашылығындағы еркіндік идеясы
Әлеуметтік  өмірдегі  келеңсіз  іс-әрекеттер  қазіргі  кез-
де  біздің  қоғамымызда  белең  алып  отырған  жағдайлар.  Бұл 
әсіресе қоғамның өтпелі кезеңінде ушыға түсетін құбылыстар. 
Ұлттық  идея  аясында  біздің  қоғамдық  ғылымдар  саласында 
көптеген келелі ойлар жазылып та, айтылып та жатыр. Олар-
ды  қазіргі  ақпараттық  технологиялар  заманыныда  барлық 
құралдар арқылы ұрпақ санасына жеткізу міндет. Жаһандану 
жағдайында  ұлттық  төлтума  мәдениетін  ұлықтап,  салт-
дәстүрлерін  әлі  күнге  шейін  жастарының  санасына  сіңіріп 
отырған  Жапон,  Қытай  мемлекеттерінің  орнықты  дамуына 
қарасақ  та  жеткілікті.  Мемлекеттілігімізді  нығайтуда  ұлттық 
сана архетиптерін жаңғыртудың тигізер үлесін де ескерген жөн. 
Кезінде Әлихан Бөкейханов айтып кеткендей: «Би әділ бол-
май жұрт оңбақ емес. Қайда ілгері басқан жұртқа қарасақ, биі 
әділ.  Закон  жұрт  болып,  мемлекет  болып  жасаған  жұрттың 
бәріне бірдей ноқта. Бұл ноқта рәсімге сүйенсе, рәсімнен жұрт 
тартынбайды,  закон  жұртқа  жайлы  саулап  жүріп  тұрады, 
жұрт  қашан  болса  да  рәсімге  құл.  Әділ  би  құдайдан  басқа 
адамнан  қорықпаса  болды.  Әділ  билік  рәсімге  сүйенсе  ор-
нына  келеді.  Англия  биін  жұрт  сыйлайды,  атақты  билер  оқу 
оқитын  медресені  бітірген,  жасы  толған,  ғұмырында  қылған 
ісінде  кірі  жоқ  кісіні  би  сайлауын  ешкім  бекітпейді  һәм 
бұл  би  ешкімнен  мақтау,  шен  алмайды,  сот  тергемей  орны-
нан  түспейді.  Қызметіне  алатын  хақысы  министрлер  алатын 
хақыдан кем емес. Би алдында патшаның соқа басынан басқа 
бар адам құрдас. Англияда би болмақ зор дәреже, жұрт көзіне 
зор құрмет. Міне, Англия билігіне қарасақ, бұлардың әділдігі 
жазып  шығарған  закон  емес,  жұрт  рәсімі  арқылы  болған. 
Қазақ орысқа қараған соң бәйге аттай, жақсы жорғадай туысы-
нан болатын шешен озған би жоғалды. Кім орысқа жағымтал 
болса, сол жұртты бір қамшымен айдайтын болды. Бұрынғы 
жүйірік  шешен  билерден  келе  жатқан  әз,  әділ  билік  жорасы 
жаман  қарапайым  тұғыр  би  парасына  аяқ  асты  болды.  Пара 
беріп ақты қара, қараны ақ қылатын күн туды» [20, 167–168 бб.] 
– деп қынжыла жазған еді. Алаш көшбасшысы қазақ арасын-
да билік құру өнерінің тамаша үлгісі болғандығын сөз еткенде, 
билер әділеттілігін мақсат тұтты. Өйткені дәстүрлі билер билік 
құрған кезде қазақ ортасында «пара беру» деген ұғым болмаған. 

28
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
Қазақты  орыс  судьясына  қаратуды  да,  шариғатқа  қаратуды 
да жақтап қол қоймаймыз дегені, қазақта өзінің әдет-құқығы 
мен билер институтының үлгісі қалыптасқандығына сүйенген 
еді.  Үлгілі  жұрттардың  үздік,  озық  жақтарынан  үйренуге 
шақырды.  Алдыңғы  қатарлы  дамыған  ұлттардың  ел  билеу 
өнері жайында сараптамалар жүргізе келе, қазақта да өзіміздің 
дәстүрлі  билеріміз  салған  жолдың  болғанын,  соны  орынды 
пайдалана  білу  керектігін  ескерткен  болатын.  Өзіміздің  төл 
мұраларымызды жаңғыртып, саралап, бүгінгі күннің кәдесіне 
жаратсақ  одан  ұтпасақ,  ұтылмаймыз.  Қазіргі  Қазақстан 
жағдайында халқымыздың рухани мұраларын жаңғырта оты-
рып  асыл  мұраларды,  жәдігерлерді,  тарихи  тәжірибелерді 
жинақтап қазіргі кезеңнің игілігіне жұмсауға мол мүмкіндіктер 
бар.  Әрбір  қолына  билік  тиген  азамат  үшін  халық  мүддесін 
жеке  бастың  мүддесінен  жоғары  қоюы  қажет.  Орыстың  ұлы 
жазушысы  Лев  Толстой  да,  әлеуметтік  мәселелерді  шешеуде 
адамның  адамгершілігін  жетілдіруден  бастап,  тәрбиелеу  мен 
рухани кемелдікке мылтықтың қажеті жоқ деген болатын. 
Халқымыздың  билік  құру  өнерінің  жетістіктерін  зерде-
лей  отырып,  мемлекеттілігімізді  жаңғыртуда  өзіміздің 
түп-тамырымызға  үңілу  қажеттілігін  байқаймыз.  Шоқан 
Уәлихановта  қазақ  сахарасында  реформаларды  қабылдау 
кезінде жергілікті жағдайларды ескеру керектігін баса көрсет-
кен болатын. Ұлы ағартушы-ғалым азаматтық заңдарымызды 
жасауда,  би  сайлауында  қалыптасқан  дәстүрлерімізді  қайта 
жаңғыртуды  армандап  кеткен  еді.  Қазақ  хандығы  тұсындағы 
билер институты тек ел ішіндегі мәселелерді реттеп қоймай, 
сыртқы саяси қатынастарға да араласты. Билердің мәмлегерлік 
міндетті де атқарғандығы тарихтан белгілі. Көрші мемлекет-
термен болған келіссөздер жүргізуде тамаша табыстарға жет-
кен Қаз дауысты Қазбек би туралы аңыз әлі күнге мәмлегерлік 
ойдың  шыңы  болып  есептеледі.  Жеке  адам  еркіндігінің 
әлеуметтік  азаттық  мәселесіне  қарай  сөзсіз  ойысатындығын 
бағамдаймыз.  Немесе,  адамның  ішкі  еркіндігі  сыртқы  әлеу-
меттік еркіндіксіз түк те емес екендігі түсінікті жайт.
Билердің мәселені шешу тәсілінің өзі, ұрымтал тұсты дөп 
басатын  сан  қырлы  әдістерге  толы  болды.  Бұл  әдіснамалар 
ақиқаттың мәңгілік заңын сақтауға қызмет еткен тетіктер бо-

29
1. ХVІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындары мен жырауларының 
шығармашылығындағы еркіндік идеясы
луымен  сипатталады.  Бұл  жерде  биге  шешендік  өнер  аздық 
етеді. Дәстүрлі рулық қоғамның салт-санасы, тұрмыс-тіршілігі 
мен тынысы көкейінде сайрап тұруы қажет.
Әйгілі билеріміздің ішіндегі Төле бидің бала кезінде «бала 
би»,  есейе  келе  «дана  би»,  қарт  шағында  «төбе  би»  атануы 
жайдан-жай емес болса керек-ті. Оның істері халық арасында 
аңызға айналған. Төле бидің «қарлығаш би» атануы жайындағы 
аңызда  былай  дейді:  Жоңғар  шапқыншылығынан  қалың  ел 
босып  қашқанда  Төле  би  қозғалмай  ауыл-аймағымен  оты-
рып қалады. Қалмақ әскербасы бұған таң қалып, неге көшпей 
отырғанын сұрастырғанда: «Осы көктемде қарлығаш үйіме ұя 
салып, балапан басқан болатын. Адамның досы ақ пейіл құстың 
Нұх пайғамбар кемесіне көмектесіп, адамды жыланның азығы 
болудан  сақтап  қалған  ерлігі  тағы  бар.  Өзі  құйттай  демесең, 
бойында  адамзаттың  жүрегі,  адамның  ақ  ниеті  бар  құстың 
ұясын бұзбадым, сол үшін көшпедім» деп жауап беріпті. Сон-
да, қалмақ хоңтайшысы: «Бұл әулие адам екен» [21, 10 б.] – деп, 
оның еліне де, өзіне де тимепті дейді аңызда. 
Дүниетанымы мен дүниетүсініктері айдың қабағын аңдып, 
күннің  құпиясын  кеуделеріне  қонақтатқан  көшпенділер 
Әлеммен,  Табиғатпен  тікелей  тілдесіп  үйлесімді  қарым-
қатынас  орнатты.  Табиғаттың  өзіндей  табиғи  даму  жолымен 
өркендеген, содан ләззат алып, содан бақыт тапқан. Бұл жер-
де көшпелі халықтың әлемді қабылдауындағы дүниетүсінігінің 
ерекшеліктерін  аңғаруға  болады.  Олар  жан-жануарлар  дү-
ниесінің  қасиетін  ұғынып,  оны  пір  тұта  білді.  Дана  ойшыл 
өзінің  философиялық  пайымдауларында  адамгершілік-
этикалық  мәселелерді  діни  ұғымдармен  ұштастырып  отыр-
ған.  Билердің  шығармашылығында  халықтың  наным-сенім-
дері  мен  этикалық-адамгершіліктік  құндылықтары  жетекші 
рөл атқарды. Философияның негізгі категориялары зұлымдық 
пен  мейірімділік,  жауыздық  пен  кешірімшілдіктің  мәндері, 
қарама-қарсы  ұғым-түсініктердің  арақатынастары  диалекти-
касы бағамдалғанын көреміз. 
Билер  шығармашылығының  тағы  бір  ерекшелігі  іс-
әрекетте,  шешуші  сәтте  олардың  адамгершілікті,  ізгілікті, 
әділеттілікті ұстындарды нақты жүзеге асыруында деп білеміз. 
Олардың ізгілікке толы Кемел Адамдық келбеті бүгінгі ұрпаққа 

30
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
үлгі  боларлық,  тәлімдік-тәрбиелік  мәні  зор.  Дала  ділмәрі 
Төле  бидің  әрбір  іс-әрекеті  мағынаға  толы  болды.  Мәселен, 
«бақыт»  категориясы  этиканың  басты  ұғымдарының  бірі  бо-
лып саналады. Адам еркіндікте болғанда өзін бақытты сезінеді. 
Адамзат  ықылым  заманнан  бері  біреулер  оны  байлыққа  ба-
ласа, біреулер оны «бақыт құсы» деп, қашан қонатынын біле 
алмай,  қиялдайтын,  соны  арман  етіп  жүретін  адамгершілік 
мұраттардың бірі. Осы «бақыт» ұғымын Төле би:
Ел билеген ер жігіт,
Сыйласа халқы құрметтеп,
Басына бақыт қонғаны
 [19, 57–58 бб.] – деп бір түйіндеп қояды. 
Нағыз  бақытқа  жету  билік  тізгіні  ұстау  ғана  емес,  халықтың 
ризашылығына  бөлену  болып  табылады.  Халықтың  сый-
құрметіне ие болу дегеніңіз оңай емес. Ойшылдың бақыт тура-
лы түсінігі бұл жерде ел көшбасшысының бақыты халқының 
мүддесімен  астасып  біртұтастануына  меңзейді.  Халық  пен 
ханның тұтас бақытқа жетуін айтып отыр. 
Төле  би  түсінігіндегі  «бақыт»  ұғымының  тағы  бір  қыры 
қоғамдағы  әйелдің  орнымен  анықталады.  Жалпы  көшпелі 
қазақ  қоғамында  әйел  затын,  қыз  баланы  өте  қадірлеген, 
аялаған. Он үшке толғанша «қонақ бала» деп олардың күтіміне 
ерекше қарап, өте еркін етіп өсіреді. Бірақ бұл шексіз еркіндік 
емес. Бабаларымыздан: «Қызға қырық үйден тыйю» – деген сөз 
де қалаған. Бұл да жәй айтылған сөз емес. Оларды әсемдікке, 
сұлулыққа  баули  отырып,  дарақылықтан,  әдепсіздіктен  тый-
ып  отырған.  Таза,  пәк,  ару  күйінде  болашақ  жарына  қосуға 
тырысқан. Қазақ жанұясында қыздың орны ерекше саналған. 
Қызды келген жері «бақ құсы», «бақыт құсына» теңеген. Ердің 
бақыты әйел деп есептеген. Әйел мен адалдықты теңестіреді. 
Қыз  баланың,  жалпы  әйелдің  тазалығына  қазақ  қоғамында 
ерекше  көңіл  бөлген.  Әлбетте,  қызды  еркіне  жібере  отырып, 
оған жауапкершілікте жүктелген. 
Алғаның адал болмаса,
Басыңа бақыт қонбайды
 [19, 58 б.].
Ырыс  та,  бақыт  та,  қызыр  да  әйелде  деп  түйіндеген  ой-
шыл  бүкіл  үш  жүздің  Төбе  биі  бола  тұра,  болашақ  келінін 

31
1. ХVІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындары мен жырауларының 
шығармашылығындағы еркіндік идеясы
ел  аралап  жүріп  байқай,  барлай  жүреді  екен.  Бұдан  Төле 
бидің жанұяға рудың, мемлекеттің алтын діңгегі ретінде мән 
бергенін байқаймыз. Болашақ ұрпақтың тәрбиесіне баса назар 
аударған философ, олардың болашағының дұрыс қалыптасуы 
жанұядан басталатынын терең пайымдаған. Ер түздегі тірлікті 
тындырса,  әйел  үйдегі  шаруаны  жүргізген.  Жалпы  қазақ 
қоғамындағы  жанұялық  тәрбие  мен  ондағы  тыныштықты 
әйелдер реттеп отырған. 
Төле  би  бір  үлкен  дауды  шешіп,  екі  жақты  бітістіріп 
бір  топ  серіктерімен  келе  жатса  алдарынан  бір  топ  қыз-
келіншек  шығады,  жолын  кеспей  тұрып  қалады.  Осыны 
байқап келе жатқан Төле би, оларды өздеріне шақыртып ала-
ды.  Жақындағанда  олар  аттарынан  түсіп  иіліп  сәлем  береді. 
Жөн  сұрасқаннан  кейін:  «Неге  бізді  күтіп  өтпей  тұрдыңдар, 
бір  шаруаларың  бар  ма  еді?»  –  дейді.  «Шаруамыз  жоқ,  Ата 
–  дейді  іштеріндегі  бір  қыз,  –  үлкен  кісілердің  алдын  кесіп 
өтпе,  оларға  ізет  қылып  сәлем  бер  дейтін  бізге,  сіздерді  сый-
лап  тұрғанымыз  ғой»  –  дейді.  Қыз  жауабына  риза  болған 
Төле  би  қыздың  аты-жөнін  сұрастырса,  Алакөз  деген  байдың 
жылқышысының  Данагүл  есімді  қызы  болып  шығады.  Со-
нымен  Төле  би  Данагүлге  құда  түсіп,  баласына  алып  береді. 
Данагүлдің ақылдылығы, инабаттылығының арқасында өзінің 
би  атасына  ғана  емес,  бүкіл  ауылға  жағады.  Көшпелі  қазақ 
қоғамындағы әйел атқаратын іс – ішер тамақ, киер киім даяр-
лаумен шектелмейді, сонымен қатар бала тәрбиесі, үлкендерге 
қызмет  көрсету  асқан  төзімділікті,  инабаттылықты  қажет 
етті. Әйел бойынан сұлулықты, пәктікті, тазалықты, әсемдікті 
іздеуіміз  бекер  емес.  Жұбайлық  өмірдегі  әйел-ананы  ерінің 
тағдырымен,  оған  жақын  бала-шағасы,  ата-анасы,  туған-туыс, 
ауыл-аймақ,  ел-жұртымен  байланыстырып  тұрар  Тұлға  деп 
қарады. Әр ер азаматтың өзіне лайық жар таңдауды және оны 
армандап  жүрген  «бақытына»  балауы,  көшпелілердегі  «Ана-
Жер-Ана» қатынасы Әлемдік Ұлы махаббат желісіне құрылған. 
Төле  бидің  даналық  философиялық  түсінік-танымын 
зерделеу  барысында  әр  істің  шешімін  өзінің  өмірлік  іс-
тәжірибесі  арқылы  бекітіп  отырғандығын  байқаймыз. 
Дала  ділмәрінің  халқымыздың  рухани  жетілу  мәселесінде 
тәлімдік және тәрбиелік рөл атқарғандығы жайында көптеген 

32
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
аңыздар сақталған. Сапарлап келе жатып би атамыз серігімен 
қарақшылар  қолына  түсіп  қалады.  Өздерінің  кім  екенін 
қарақшыларға  айтпайды.  Төле  қарақшыларға  былай  дейді: 
«Әй,  жігіттер,  сендерге  біздің  жанымыз  керек  пе,  жоқ  малы-
мыз керек пе? Жан керек болса көп азаптамай өлтіріңдер, ал 
мал  керек  болса  мәмлеге  келейік,  бізде  сендерге  жететін  мал 
бар.  Біреуің  менің  киімімді  киіңдер,  мен  хат  жазып  берейін. 
Хатты былай деп жазамын: «Кенже ұлыма құда түстім. Соған 
қырық  құнан  атан,  жиырма  бура,  сегіз  ақбас  атанымды  осы 
барған  адамнан  айдатып  жіберіңдер.  Және  оң  босағамда 
жатқан  тығулы  алтынымды,  сол  босағамда  жатқан  күмісімді 
де беріп жіберіңдер»... Екеуі салып ұрып Төле бидің ауылына 
жетеді. Хатты табыс етеді. Данагүл атасының хатын оқиды. Мен 
білсем, ол кісі қырық қарақшының қолына түсіп қалған болу 
керек. «Қырық құнан атан» дегені – қырық мықты жігіт, «Жи-
ырма бура» дегені – жиырма палуан. «Сегіз ақбас атан» дегені 
– сегіз ақсақал кісіні келінім мен балам ертіп келсін дегені ғой. 
«Алтын» дегені – баласы, «күміс» дегені келіні мен шығармын. 
Тезірек барып құтқарып алайық деп жолға шығады. Жақындай 
бергенде  Данагүл  екі  қарақшыға:  «Сіздер  озып  барып  ха-
бар  беріңіздер,  біз  малды  жая  жүріп  кешке  қарай  жетеміз» 
–  дейді.  Екі  қарақшы  шабуылдап  барып  «Мал  келе  жатыр» 
дейді.  Өзге  қарақшылар  мол  олжаға  кенелетін  болдық  деп, 
аттарын  қоя  беріп,  жайбарақат  жата  береді.  Ел  жатып,  олар 
ұйқыға кіріскенде, қырық жігіт, жиырма палуан бәрі сау етіп, 
қарақшыларды сойылдап, байлап бәрін қолға түсіріп алады.
Сонда, Төле би қарақшыларға: «Келер кезек, өмір – біреу, 
кезек екеу деген осы жігіттер. Сендер шөліркеп келе жатқан 
жалғыз-жарымды  тонайсыңдар.  Елді  зар  жылатып  малын 
талайсыңдар.  Біреудің  бермесін  тартып  аласыңдар.  Адал 
еңбек  етпейсіңдер.  Шөл  далада  қаңғырып,  қатын  жоқ,  бала 
жоқ, ит қорлықпен күн көресіңдер. Қанша жыл қарақшылық 
қылсаңдар  да  құтаймайсыңдар.  Сендердей  ұры  қарақшыға 
не  істесе  де  болар  еді,  әттең.  Амал  қанша  сендерге  өлім 
сыйлағанша, өмір сыйлағым келіп тұр. Мен Төле деген билерің 
боламын. Тілімді алсаңдар тәубаға келіңдер. Қарақшылықты 
қойыңдар,  адал  еңбек  етуді  ойлаңдар.  Бала-шағаға  қарап, 
ел  қатарлы  тірлік  етіңдер,  ұрпақ  өсіріңдер.  Үйлі-жайлы  бо-

33
1. ХVІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындары мен жырауларының 
шығармашылығындағы еркіндік идеясы
лып, мал жинап, егіс егіп, күн көрейік десеңдер мен сендерге 
көмектесемін,  қамқор  боламын,  жер  беремін»  [19,  24–36  бб.] 
Төле би өзін тұтқындаған қырық қарақшыны тәубаға келтіріп, 
еліне  ертіп  барып,  біріне  жер  беріп,  біріне  қой,  біріне  сиыр 
беріп  барлығы  адал  еңбекпен  шұғылданып,  Төле  бидің  ел-
жұрты  атанып  кетеді.  Би  ата  өзінің  тапқырлығымен,  сенімді 
уәжімен нандыра отырып оларды жөнге салады. Тәубешілдік, 
қанағат, құт, құтаю деген сияқты ізгілікті тұғырларды орната-
ды. Адам өзінің еркіндігін дұрыс пайдалана алмаса, онда жа-
ман жолға оңай түсіп кетуге болатынын көруге болады. Төле 
би түсінігіндегі толық Адам әлеуметтік ортамен ғана өлшенеді. 
Жеке  адамның  өмірі  осы  көпшілікпен  мәнді.  Ол  белгілі  бір 
әлеуметтік топтың мүшесі.
Адамның  болашақта  қандай  болуды,  кім  болуды  таңдау 
еркіндігі  өзінде.  Бұл  жерде  адам  еркіндігі  мен  таңдау  еркі 
анық көрінеді. Төле би сияқты данаға жолыққан жігіттер енді 
өздерінің теріс жолға түскендеріне көздері жетіп, түзу жолға бет 
бұрады. Бір ғана материалдық құндылықтарды күйттегенмен, 
адам жаны басқа да қажеттіліктерді қалайды екен. Оңай жол-
ды күйттеп, жапан далада жол торумен, тонаушылықпен ай-
налысып,  әйтеуір  қарын  тоқшылығын  ғана  ойлап  өмір  сүріп 
жүрген  жастардың  болашаққа  деген  үміт-сенімдері  оянды. 
Ең  бастысы  олардың  пиғылдары  өзгерді.  «Ұрлық»,  «зорлық», 
«өтірікшілік» сияқты теріс істерге бастайтын жаман қылықтар 
мен  «мейрімділік»,  «кешірімшілік»,  «шыншылдық»  секілді 
ізгіліктіліктің тірегі болған философиялық ұғым-түсініктердің 
диалектикасы  ашылып  көрсетіледі.  Олар  енді  өздеріне  өмір-
мәнділік құндылықтарды мақсат етті.
Билердің  осындай  ел  ішіндегі  бұзақылықты  жөнге  салу 
үрдісі «ақсақалдар алқасы», «әжелер кеңесі» сияқты салауатты 
ұйымдар арқылы әр ауылда жалғасын тауып жаңғыртса қазіргі 
қазақстандық қоғамды жетілдіруде маңызы артар еді. Өйткені 
мұндай  ұйымдар  «қазан  бұзар,  үй  тентектерді»  заң  орында-
ры  арқылы  жазаға  тарпай-ақ  жөнге  салып  отыруға  септігін 
тигізері хақ. Нәтижесінде темір тордың ар жағындағы жігіттер 
саны  азайып,  бүгінгі  таңдағы  еліміздің  демографиялық  аху-
алын  жетілдіруге,  экономикалық  күш-қуатын  арттыруға  игі 
әсер етері сөзсіз. 

34
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
Қазіргі кезеңде қоғамдық ұйымдардың бірнешеуінің атқа-
ратын  міндеттерін  Төле  би  сияқты  ойшыл-билеріміз  осы-
лайша  бір  ғана  істің  барысында  атқара  білген.  Бұндай  әдіс-
тәсілдерді  тәлімгерлік  тәжірибеде  қолданып  отырған.  Билер 
философиялық ойының шыңы да қарама-қайшылықты ұғым-
түсініктердің  ара  жігін  ажырату  мәселесіндегі  турашылды-
ғында. Өйткені арам жолмен табылған мал мен олжаның, адал 
жолмен  келген  мал-мүліктен  айырмашылығын  түсіндіруде 
«обал-сауап»,  «адал-арам»  –  сияқты  қарама-қарсы  мәндегі 
ұғымдарды  ұрпақ  зердесінде  мәңгілік  ұялата  білді.  Діни-
этикалық  исламдық  құндылықтар  жүйеленіп,  сахара  жұрты-
ның  діни  наным-сеніміне  айналды.  Олардың  жүректеріне 
имандылық  пен  тәубешілдікті  ұялатты.  Би-шешендеріміз 
қазақ елінің далалық демократиялық ұстындарын қадір тұтып 
оларды жетілдіріп қана қоймай, іс жүзінде сөз өнерінің фило-
софиясын жасады.
Қазақ даласында әділеттілікті ту еткен билер төреші болған 
кезеңде ұлтымыздың өресін жауларына мойындатқан болатын. 
Қабанбай, Бөгембай сынды батырларымыз білек күші сыналған 
жерде ержүректіліктің үлгісін көрсетсе, би-шешендеріміз Төле 
би, Әйтеке би, Қазбек билер мәмлегерлік институтын жетілдірді. 
Басқаны бақытты сезіндіру деген ұғымды дәстүрлі қазақ фило-
софиясында  билер  шығармашылықтарынан  бағамдаймыз. 
Билер  инстиутының  атқарған  қызметін  Қазақ  даласындағы 
еркіндіктің жарқын көрінісі деуге болады. C.Е. Нұрмұратовтың 
аксиологиялық талдаулары бойынша, рухани дамудың негізгі 
мақсаты  адамды  бақытты  болуға  ұмтылдыру.  Адамның  жер 
бетінде тіршілік иесі болып келуінің өзі (қандай дененің иегері 
болса да, материалдық байлығы қанша мөлшерде болса да) – 
оны болашағы бар, бақытты болуға лайық жан етеді. Тек адамға 
Ақиқаттан берілген бір ғана еркіндік бар, құқық бар – ол таңдау 
құқы. [22, 98 б.]. Сондықтан да таңдау еркіндігі адамға берілген 
үлкен  сый.  Еркіндікті  адамның  бақытты  сезіну  шақтарымен 
шендестіруге болады.
Қоғамның  дамуының  әр  кезеңі  адам  болмысының  дамуы 
арқылы  болады.  Адам  өзін  өзі  жетілдіре  отырып  қоғамды 
жетілдіреді.  Адамдар  өздерінің  іс-әрекеті  арқылы  қоғамның 
алға  жылжуына  тікелей  қатынасады.  Сондықтан  қазақ 

35
1. ХVІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындары мен жырауларының 
шығармашылығындағы еркіндік идеясы
хандығы тұсындағы билер атқарған ұлы істер адамды рухани 
жетілдіруге  бағытталғандығымен  құнды  деп  есептейміз.  Ата-
бабаларымыздан келе жатқан архаикалық құндылықтардың да 
атқарар қызметі аз емес. Бірнеше ғасыр бұрын қазақ қоғамында 
әлеуметтік індет болған келеңсіз іс-әрекеттер бүгінгі күнде де 
біздің  қоғамымызда  етек  алып  отыр.  Бұл  әсіресе  қоғамның 
өтпелі кезеңінде көрініс беретін құбылыстар. Жұмыссыздықты 
желеу  етіп,  жаман  жолға  түсіп,  оңай  олжаға  кенеліп  кетеміз 
деген пиғылда адасып жүрген жастарымыз қаншама. Оларды 
қалай түзу жолға салуға болады? Өркениетті елдің жастарына 
лайықсыз тұрпайы, адамгершілікке жатпайтын іс-әрекеттерді 
қалай  ауыздықтауға  болады  десек,  бір  ғана  соттау  арқылы 
түрмелерге  жабу  ма?  Жоқ,  әлде  бірнеше  жүздеген  жылдар 
бұрын  ата-бабамыздың  әдет-салт,  жөн-жоралғы  жолдарын 
қайта  жандандырып,  ол  өсиет-өнегені  мектеп,  үй-іші,  басқа 
да қоғамдық ұйымдар арқылы таратуға ат салысып, шешімін 
табудың жолдарын қарастырған дұрыс па? 
Президентіміздің:  «Бабалардың  ерлігі,  бүгінгі  буынның 
ерен  істері  және  жас  ұрпақтың  жасампаздығы  арасын-
да  сабақтастық  болса  ғана,  біз  «Мәңгілік  ел»  боламыз»  [23, 
55  б.]  –  деген  қағидасы  ұлтымыздың  жарқын  болашағы  осы 
мұраларды ескеріп отыруда екендігін айқындап берді. Ұлттық 
идея  аясында  біздің  қоғамдық-гуманитарлық  ғылымдар  са-
ласында  көптеген  ойлар  жазылып  та,  айтылып  та  жатыр. 
Жаһандану  заманында  әр  этнос  өзінің  ұлттық  мәдениетін 
ұлықтауы тиіс. 
Билік  құру,  төрелік  айту,  қазылық  етудің  туы  «әділдік», 
көздегені «ақиқатқа» жету. Осындай адам тағдырын шешудің 
кілті қолында болатын билерге Төле би : 
Қолыңда болса бар билік,
Қараға залым болмаңыз.
Алдыңа келсе бітпес дау,
Әділін айтып қорғаңыз
 [21, 40 б.] – деп өсиет қалдырған. Бұл 
қағиданы заманауи сот билігінің тізгінін ұстаған азаматтардың  
басты ұстанымы болуға тиіс. «Тура биде – туған жоқ, туғанды 
биде  –  иман  жоқ»  деген  нақыл  сөзді  қазақ  босқа  айтпаған. 
Әділеттілік орнату – имандылықпен шендеседі. 

36
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
Төле би толғауларында елінің көкжиегін кеңейтуді, әлемге 
ашықтықты уағыздайды. Алдыңғы қатарлы дамыған елдермен 
араласып, олардың өнерінен үлгі алуға меңзейді: 
Көпшіл болған ер дана,
Достары болар әр сала. 
Өнерліден үлгі алып,
Салдырар сәнді мол қала.
Өнерлімен дос болсаң,
Қиялыңды қозғайды.
Ой-өрісі тар жігіт ауылдан 
Асып озбайды.
 [21]
Бұл  жолдардан  ойшыл  бабамыз  қазақтардың  томаға 
тұйықталуын  қаламағанын  көруге  болады.  Отырықшы  мәде-
ниетке  ұмытылуға  үндейді.  Ұлтының  болашақтағы  жарқын 
өмірін содан көргендей болады. Жабық қоғамнан ашықтыққа 
үндей отырып, басқа халықтармен араласуға шақырады. Про-
гресске  жетудің  бірден-бір  көзі  өнегелі  жұрттармен  араласа 
жүріп, жақсы жақтарынан үйрену керек деп түсінеді. 
Атақ,  даңқ,  мансап  қуып  соған  жету  жолында  кез  келген 
кедергілерді басып-жаншу адамды еліктіруші, адамшылықтан 
кетіруші  нәрселер  сияқты  болып  көрінеді.  Алайда  атақ  та, 
даңқ та, мансап та адал еңбек, маңдай термен өз өзінен адамды 
өзі іздеп табатын кездері де болады. Онда олар нағыз атақты, 
даңққа бөленген, мансап иесі болады. Шексіз байлыққа кене-
лу мен атақ, даңққа елігу адам бойындағы құмарлықтардың ең 
қауіптісі дер едік. Өзінің әлі жетпейтін нәрселерге құмарланып, 
оңай жол іздеушілерді түйреп:
Мансапқұмар оңбаған
Сатып кетер жолдасты
 [21, 40 б.] – дейді. 
Шен  құмарлықты  кезінде  Абайда  түйреп,  сынаған.  «Бұл 
билік деген біздің қазақ ішінде әрбір сайланған кісінің қолынан 
келе  бермейді.  Бұған  бұрынғы  Қасым  ханның  «Қасқа  жолы», 
Есім ханның «Ескі жолын», Әз Тәуке ханның «Күл төбенің басын-
да күнде кеңес» болғанда «Жеті жарғысын» білмек керек... әрбір 

37
1. ХVІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындары мен жырауларының 
шығармашылығындағы еркіндік идеясы
болыс елден толымды-білімді үш-ақ кісі билікке жыл кесілмей 
сайланса, олар түссе жаманшылығы әшкере білінгендіктен түс-
се,  әйтпесе  түспеске»  –  деген  шарттар  қояды  [9,  14  б.].  Алай-
да,  заманның  өзгеруіне  байланысты  ескіргендерін  алып  та-
стап,  жаңа  өмірге  келіспейтұғынның  орнына  татитын  жаңа 
жарғыларды  толықтыратын  билік  шығаратын  кісі    керектігін 
айтқан  болатын.  Ойшылдың  пайымдауында  билік  құратын 
адам  міндетті  түрде  білімді  және  жоғары  адамгершілікті 
болуға тиіс. Төле бидің мансапқұмар оңбағанға теңеген, жол-
дасын сатып кететін ала аяқты бүгінде көптеп кездестіруге бо-
лады. «Қазақтардың мұраттары» деген еңбегінде Т. Айтқазин: 
«Әрбір  жан  өз  өмірінде  алдына  адамгершілік  (имандылық) 
мақсаттар қоятыны айқын. Мұның өзі қоғам дамуының тарихи-
танымдық  дамуын  айқындайды…  Адам  жан-жақты  жетіліп, 
айналадағы ортаға, өзгелерге деген шынайы, пәк сүйіспеншілігі 
қалыптасып, өзінің бойына имандылық мұраттарын жинақтай 
білгенде ғана, ол жаңа бір сапалық деңгейге көтеріле алады» – 
дейді [24, 1 б.]. Мансап пен шен қолына тигенде ақыл таразысы-
на салып, алдымен халықты ұйытатын әділеттілікті ұстанғанда 
ғана шын мәнінде «әділетті басшы» бола алады. Өз заманының 
жас ұрпақтарына лайықты тәрбие беріп қана қоймай, сонымен 
бірге оларды дұрыс жолға сала білген Төле би бабамыздың са-
лып кеткен билік құру өнері мен имандылық қағидалары осы 
заманның да кәдесіне асарына сөзсіз дау жоқ. 
Қазақ  ұлттық  мемлекеттілігінің  тәуелсіздігі  Қазақ  ханды-
ғының  250–300  жылдық  кезеңі  болып  табылады.  Хандық 
мемлекеттің  қалыптасуының ірге тасын Төле, Әйтеке, Қазбек 
билер  бірге  қаласты.  Ел  ішіндегі  тек  ру  аралық  мәселелерді 
шешуде  ғана  емес,  мемлекет  аралық  даулы  мәселелерді  ше-
шуде  қазақтың  үш  биінің  ауызбіршілігі,  билік  құру  өнерін 
меңгеру  іскерліктері  көрініс  берді.  Олардың  бойынан  әр 
кез  табылған  азаматтық,  мәрттік  бүгінгі  таңдағы  қазақ  елі 
жастарының  еліктеп,  ұқсап  бағуға  тұрарлық  құндылықтар. 
Қазақ  билерінің  далалық  өркениеттің  құқық  қорғау  саласын 
биік деңгейге көтергенін елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев бы-
лай  деп  тұжырымдады:  «Атырау  мен  Алтайдың  арасындағы 
алып  даланы  жайлап  жатқан  мемлекеттің  реттеуші  тетіктері 
толық іске қосылмай тұрған кездің өзінде ешқашанда, еш жер-

38
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
де  қазақта  жүзбен  жүз,  тайпа  мен  тайпа  тұрмақ,  ру  мен  ру 
соғысып көрмеген, өмір болған соң кездеспей қоймайтын жер 
дауы,  жесір  дауының,  барымта  мен  сарымтаның  аяғы  ат-тон 
айыппен, әрі кеткенде билер кеңесінде құн төлеумен бітім тау-
ып отырған» [25]. Сайын даланың көшпелі тайпалары өз арала-
рында адами қатынастар мен қоғамдық қатынастарын осылай-
ша ерекше, билердің билік жүргізу үрдістері арқылы жүргізіп 
отырған. 
Ел  билеуші  әуелі  халықтың  тынышығын  сақтап,  оның 
бірлігін  қамтамасыз  етуді  өзінің  басты  мақсаты  етуі  тиіс.  Ол 
үшін ел тұтастығын көздейтін ең басты әділдік, арлылық сияқты 
құндылықтарды  ұстануы  қажет.  Өз  мүддесінен  халықтың 
мүдделерін жоғары қою әрбір қолына билік тиген азамат үшін 
ең басты қасиет. Сонда ғана ол пендешілікті жеңе алады. Бұл 
жерде  адам  өзінің  нәпсілерін  тежей  отырып,  еркіндігін  де 
шектейді. Ерік деген осы екен деп, қолына билік тізгіні тие сала 
оны шексіз пайдалану емес. 
Қазақ  халқының  тағдырын  шешуде  көш  бастаған  көсем-
дері,  сөз  бастаған  шешендері  мемлекеттік  істерді  реттеп 
отырды.  Солардың  ішінде  ерлікке  лайық  батылдық  пен  ер 
жүректілік  көрсеткен  мәмлегеріміз  Қаздауысты  Қазыбек  би. 
Оның даңқы мемлекеттік мәселелерді шешуде іскер мәмлегер 
дәрежесіне  дейін  көтерілді.  Қазыбек  бидің  «Қаз  дауысты» 
атануының  өз  тарихы  бар.  Қалмақтың  ханы  Қоңтажы  қазақ 
елін үш рет шауып алғанда, малдан бөлек, сол шабылғанның 
ішінде бірталай ұл мен қыз да кетіпті. Соны сұрап қазақтар 
елші жібергенде Қонтажы ешбір есе бермепті. Ұл мен қызды 
тұтқынан  босатып  алу  үшін  қазақ  билері  жиылып,  елші 
жібермекші  болады.  Сол  жолғы  елшілікке  Абылай:  «Ал, 
жігіттер барыңдар! Жолдарың болсын, алдарың олжаға тол-
сын,  басшыларың  Тайкелтір  болсын,  хандарың  Қарқаралы 
хан  Бертіс  болсын,  атшыларың  мына  Қазыбек  бала  бол-
сын.  Үлкендеріңді  кішілерің  сыйландар.  Жат  елдің  алдында 
жақсы елдің баласы құсап тұрыңдар… Елдестірмек елшіден, 
жауластырмақ  жаушыдан.  Елдесе  алмай,  жауласа  кетсек, 
сендердің  шеберсіздіктерінен  болады».  Осылай  деп  Абы-
лай  елшілікті  шығарып  салады.  Елшілік  Қоңтажы  ордасына 
жетеді. Қазақ елшілігіне қонақасын беріп, тынықтырған соң: 

39
1. ХVІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындары мен жырауларының 
шығармашылығындағы еркіндік идеясы
«Иә, қазақтар неменеге келдіңдер, айтатындарыңды айтыңдар 
да  қайтыңдар!  –  депті.  Сонда  қазақ  елшілерінің  басшысы 
Тайкелтір би: 
Өгізді өлеңге байладық,
Өрлікті төменге байладық
Алдияр тақсыр алдыңа келдік,
Берсең алдық, бермесең қалдық.
Сөзді  өзіңе  салдық»
  [19,  57  б.]  –  деп  сыпайы  қайырған  екен. 
Асып – тасып тұрған Қонтажы Тайкелтірдің төмендеп сөйлеген 
сөзіне мерейі үстем болып: « Олай болса кешке дейін бір жа-
уап  қайтарармын.  Жауап  қатпайтын  күн  болса,  ат-тонның 
амандығында, елді тапқан да жөн болар» – депті. Үзілген сөзді 
жалғап қазақ жағынан ешкім шыға қоймайды. Сол кезде есік 
жақта  отырған  Қазыбек  орнынан  ұшып  тұрып  хан  Бертіске 
жетіп барып:
Ерден ердің несі артық, ептестірген сөзі артық.
Малдан малдың несі артық, бір-ақ асым еті артық.
Жерден жердің несі артық, бір-ақ уыс шөбі артық
,
Міндетіне алған сөзден шегінген ерден, өлген аюдың өті артық
 – деп, 
қаһарын төге сөйлеп, Қоңтажыға жетіп келіп: «Ел ебелек емес, 
ер кебенек емес, дат!» – дейді. Біз қазақ деген мал баққан елміз. 
Ешкімге  соқтықпай  жай  жатқан  елміз.  Елімізден  құт  береке 
қашпасын  деп,  жеріміздің  шетін  жау  баспасын  деп,  найзаға 
үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан 
сөзді асырмаған елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз, асқақтаған 
хан  болса,  хан  ордасын  таптай  білген  елміз.  Атадан  ұл  туса, 
құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп 
тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз [19, 
58 б.] – деп төгілте жөнеледі. Табан астындағы тапқырлық пен 
суырып  салма  ақындық  өнер  қатар  өріле  келе  өр  намыстың 
ұшқыны арқылы лапылдап сыртқа шықты. Данагөй би қазақ 
елінің  бет  бейнесін  алты  жол  өлеңге  сыйдыра  отырып  таны-
стырады.  Толғау  жолдарынан  Қазақ  хандығының  көрші  ел-
дермен  қарым-қатынаста  әрқашан  бейбітшіл  сыртқы  саясат 
ұстанғанын  аңғарамыз.  Адамның  дүниеге  келудегі  өмірінің 
мәні  оның  еркіндігінде  деп  білген  көшпелі  жұрт  басқаға  ба-

40
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
сыбайлы  болмаған.  Хандық  мемлекетте  жеке  тұлғалардың 
барлық  жағынан  қорғалғанын  елшілік  жіберіп  тұтқындарын 
босатуды  талап  еткендерінен  анықтауға  болады.  Мемелекет 
елшілігінің  осы  сапары  адам  құқығын  қорғау  болып  отыр. 
Шешеннің  адам  әуел  бастан  құл  болу  үшін  туылмаған  деген 
тұжырымы  еркіндіктің  басты  құндылық,  өмір  мәні  екендігін 
айғақтайды.
Сен қалмақта, біз қазақ
Қарпысқалы келгенбіз,
Сен темір де біз көмір,
Еріткелі келгенбіз.
Екі еліктің лағын
Теліткелі келгенбіз.
Танымайтын жат елге
Танысқалы келгенбіз.
Танысуға келмесең,
Шабысқалы келгенбіз.
Сен қабылан да, біз арыстан,
Алысқалы келгенбіз,
Жаңа үйреткен жас тұлпар,
Жарысқалы келгенбіз,
Тұтқыр сары желімбіз
Жабысқалы келгенбіз,
Берсең жөндеп бітімді айт,
Бермесең дірілдемей жөніңді айт,
Не  тұрысатын  жеріңді  айт»
  [19,  59  б.]!  –  Мәселені  тікелей 
қойып,  оны  бірден  шешуді  талап  етеді.  Әуелі  бейбіт  жол-
мен, жоралғысымен тұтқындарды қайтаруды өтіну бар. Бітім 
болмаған  жағдайда,  күш  қолданылатынын  ескертеді.  Жау-
ына  сес  көрсете,  асқақ  түрде  талап  қоя  да  білген.  Қазбектің 
шығармашылығының  өзіне  тән  пайымдаулары  ұлтымыздың 
тарихнамасында  адам  құқығы  мен  еркіндігін  қорғаудың 
жарқын үлгісі ретінде мәңгілік сақталады.
Қалмақ  ханы    Қоңтажы:  «Өзің  сөзге  келетін  бала  болсаң 
отырған орның қандай төмен еді, былай жоғары шықшы» – де-
генде Қазыбек: «Біздің қазақтың әдетінде, жасына қарай оты-
рып, жағына қарай сөйлей береді» – деп орнына барып отыра-

41
1. ХVІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындары мен жырауларының 
шығармашылығындағы еркіндік идеясы
ды. Сонаң соң қазақтарды қонақ үйге апарып күтіп – «Қазыбек 
сен жаңа үйреткен, жас тұлпар екенсің, сенің айтқан сөзіңе бу-
ыным  шыдамай,  сіресіп  тұра  алмадым.  Сондықтан  саған  екі 
түрлі  белгі  беремін.  Біреуі  –  сенің  дауысың  қаз  дауысындай 
қаңқылдап шығады екен, сондықтан сенің атың бұдан былай 
«Қаз  дауысты  Қазыбек»  болсын,  екінші  тоқсан  жеті  жүлдені 
саған  байладым,  бұдан  былай  сен  екі  сыбағалы  бол!»  депті 
[19, 60 б.]. Дала ділмары қазақ хандығы мемлекеттінің сыртқы 
саясатын  поэзия  тілімен  айшықтай  отырып,  елдің  сыртқы 
саясаттағы    ұстанымдарын  осылайша  мәлімдейді.  Арқалы 
билеріміз сөз өнерінің майын тамызған, әрбір ойын әуездете 
білген  майталмандар  екендігін  де  көрсетеді.  Ұлы  Абайдың 
«өлең  сөздің  патшасы,  сөз  сарасы,  қиыннан  қиыстырар  ер 
данасы»  деген  ойы  қазақтың  шешендік  өнерді  баптаушы-
ларын  «дана  ерге»  теңегінін  осы  мысалдан  көруге  болады. 
Біріншіден  би-шешендер  ойларын  поэзия  түрінде  жеткізді.  
Екіншіден,  халқының  асыл  қасиеттерін  суреткерлік  шабыт-
пен  төгілтіп,  екпіндетіп,  әрлеп  жеріне  жеткізе  толғағанда 
дұшпаның да басын игізді. Сөз қадірін білген жұрт, басқа іс-
әрекеттерге жол бермеген. Осы сапарда Қазыбек ел намысын 
осылай  қорғап,  туысқандарын  құлдықтан  құтқарды.  Ойшыл 
сұңғыла ақылы мен парасатын халқының басына түскен ауыр 
халден  құтқару  жолында  ұтымды  пайдаланды.  Бұл  Тұлға 
еркіндігі  мен  шығармашылық  шабыт  құдіретін  айқын  таны-
тады. Қазыбек шығармашылығы еркін ойлы Тұлғаға ғана тән. 
Адам бостандығы мен еркіндігін қамтамасыз етудің жолында 
билеріміздің атқарған қызметі қазіргі Қазақстан мемлекетінің 
рухани  тұғырларының  бірі  болып  табылады.  Қазақтың 
дәстүрлі  қоғамында  еркіндік  идеясының  дамуы  билердің 
философиялық ой-тұжырымдарында осылайша көрініс беріп 
отырған.
Қазыбек бидің тағы бір ел ішіндегі үлкен оқиға саналатын 
1748 жылы тамыздың 4 күні Әбілқайыр ханды Барақ сұлтан 
қастандықпен  өлтіреді,  сондағы  төрелік  айтуына  зер  салсақ: 
«Уай, Барақ! Елдің саулығын қашырып, қаскөйдің жаулығын 
бастадың сен. Бәрінен де бұрын сен адамзаттың өмірін ұрлап, 
өлімге орын босаттың. Ханыңды қарадай өлтірсең, халқыңды 
қынадай  қырарсың.  Жауыздықтың  қақпасын  ашсаң,  қанын 

42
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
судай  шашарсың.  Ал  енді  еліңді  ығыр  қылғың  келмесе, 
жүрегіңнің  ізгілігі  өлмесе,  тесікті  өзің  бітеп,  жараны  өзің 
жазып  ал.  Өлген  тірілмейді,  өшкен  жанбайды.  Өлгеннің 
ісін  жалғастырып,  өшкеннің  отын  тұтатсаң  өмір  азбайды, 
шырақ қайта маздайды [19, 100 б.]. Бұндай үкім тек қана ізгі 
жүректен шығады. Өмірге келтіру, өлімді бұйыру Құдайдың 
ісі.  Өлім  мен  өмір  мәселесі  қазақ  арасында  мәңгіліктің 
философиялық  астарларына  жол  тартқандығының  айғағы. 
Бұдан  билер  қазылығы  қазақ  философиялық  ойының  бір 
тармағы  ретінде  ерекше  даналық  түрінде  дамығандығын 
бағамдаймыз. Қазақтарға ғана тән болған өзіндік төрелік айту 
өнеріне  келетін  болсақ,  олардың  шексіз  билік  құрғандығын 
көреміз.  Би  Барақ  сұлтанға  ешқандай  жаза  қолданбай  тұр. 
Жазаға  үкім  шығаруды  күнәлінің  мойнына  артады.  Ой  са-
лады,  арға  жүгіндіреді.  Адамзаттың  бәріне  ортақ  осындай 
мәндегі  философиялық  мәселелерді  риторикалық  тұрғыдан 
мәмлеге  шақыра  отырып,  шешуін  ханның  өзіне  жүктейді. 
Адам өз күнәсін мойындап қана қоймау керек. Одан арылуы 
қажет.  Қазбек  би  түсінігінде  күнәдан  арылу  жолы  –  жүрек 
арқылы болады. Ал жүректің қақпасын тек қана ізігіліктерге 
ашып, оған мейірім, шапағат, қайырымдылық, имандылықты 
ұялату керектігіне меңзейді. 
Адам табиғаты өте күрделі құбылыс. Қазақ мақалы: «Ашу 
–  дұшпан,  ақыл  –  дос»  –  дегенде,  адам  бойындағы  жаман 
қылықтардан арылу үшін ең бастысы сабыр сақтау керектігін 
тұспалдаған.  Дана  билер  өздерінің  шығармашылығы 
арқылы  адам  еркін  ізгілікті  істерге  жұмсауға  бағыттайды. 
Руханилықтың  ең  жетілген  түрі  дүниеге  қатынастың  терең 
мән-мағыналық  сатыға  көтерілуі  дейтін  болсақ,  Қазыбек 
бидің  өмірлік  ұстанымдарын  осы  деңгейге  жатқызар  едік. 
Ақыл  таразысынан  өтіп,  адамның  ар-ожданы  алдында  есеп 
беруі арқылы адамға үлкен жауапкершілікті жүктеп тұр. Бұл 
жерде қаншама ғибратты үлгі аларлық, жамандыққа тоқтау, 
жақсылыққа жол ашудың көздері бар. 
Билік  өнерінің  сахара  жұртының  әдет-ғұрпы  мен  салт-
санасында ғасырлар бойы қалыптасып өзінің міндетін атқар-
ғандығына зерттеушілер арнайы тоқталған. Адам бойындағы 
шайтани  күштер  билейтін  күншілдік,  қызғаншақтық,  іштар-

43
1. ХVІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындары мен жырауларының 
шығармашылығындағы еркіндік идеясы
лық  сияқты  кесірлерден  арылудың  жолдарын  билеріміз 
өз  шығармашылықтары  арқылы  көрсете  білді.  Осындай 
келеңсіздіктерге  жол  бермеуге  ықпал  ететін  кешірімшілдік, 
жамандыққа  жақсылық  жасау  сияқты  оңды  қылықтардың 
жетекшілік  етуі  адамдықтың  басты  белгілерінің  бірі.  Нағыз 
адамның  жүрегі  әрқашанда  жақсылықтың  ұясы  болуға 
тиіс.  Қазыбектің  аталас  ағайындары  –  Бертіс  би  мен  Тілеуке 
би  мұның  ел  ішіндегі  абыройын  көре  алмай,  жастарының 
үлкендігін  малданып  оны  бір  күні  шақырып  алады,  Әуелі 
Бертіс би тұрып:
Ақылы елден артылған,
Ақылың болса мақтан.
Ынтымағы жұрттан асқан,
Жақының болса мақтан
Сенің жасың кіші ғой,
Ағаңның  алдынан  шығудан  сақтан
  –  деп  ескертеді.  Қазыбек 
оларға:
Бір бала бар – Атаға жете туады.
Бір бала бар – Атадан өте туады.
Бір бала бар – кері кете туады
 – деп жауап береді. [19, 110 б.]. 
Мұның айтқанын ана екеуі кек тұтып, күні бұрын дайындап 
қойған адамдарына белгі беріп сабатуға айналады. Сол кезде 
аттың дүбірі естіліп Қазыбектің кенже інісі Бөдене батыр келе 
қалады.  Ашулы  батыр  ана  екеуіне  тұра  ұмтылады.  Қазыбек 
інісін  тоқтатып:  «Шырағым,  бір  қолың  ұрыс  бастаса,  екінші 
қолың  арашашы  болсын.  Ашу  дұшпан,  ақыл  дос.  Жауға 
сілтер  қаруыңды  жақыныңа  сілтеме!»  –  деп  басыңқы  сөзбен 
інісін  тоқтатады.  Өміріне  қауіп  төндірген  ағайындарын  бір 
ауыздықтаса,  інісіне  айтқан  ақылы,  баршаға  айтқан  ескертуі 
емес пе?
Өркенім өссін десең, кекшіл болма. Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең, өршіл болма, өскеніңді өшіресің.
Басына іс түскен пақырға, қастық қылма. Қайғысы көшер басыңа.
Жанашыры жоқ жарлыға, жәрдемші бол асыға,
Қиын-қыстау күндерде, өзі келер қасыңа
 [19, 121 б.]. 

44
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
Әрбір жеке адам өзінің рухани жетілуі үшін теріс пиғыл-
дардан  арылуы  тиіс.  Дана  ойшыл  кекшілдік,  өркөкректік, 
қаскүнемдік  сияқты  кесірлі  жамандықтардан  арылу  жолда-
рын  ашып  көрсетеді.  Адамның  ішкі  жетілуінің  шамшырағы 
ізгілікті  істерге  жетелейтін  тәлімгерлік  түріндегі  философия-
ны жасады. Адамның рухани құлдырауының себебін іздеумен 
айналысқан  философтарымыздың  ой-түйіндеулеріне  зер  сал-
сақ, А. Қапышев былай дейді: «Адамзат руханилық жайында 
көптеген пайымдаулар білдіргенмен, бірақ рухани құлдырауды 
тоқтатуға  практикалық  қадамдар  жасамай  келді,  ол  сыртқы 
дүниеге қызығу жолымен келді. Соның нәтижесінде руханилық 
пен  мәдениеттің  арасында  терең  сызат  пайда  болды.  Сөйтіп 
руханилық  пен  мәдениет  екіге  бөлінді:  біріншісі  қазіргі  күні 
бос сөзге, бедерсіз ұғымға айналды, ал екіншісі таза техникалық 
шеберлік, өзіндік мақсат қойған операциялық қабілет, қажетке 
жарату техникасы мен технологиясы және сыртқы материал-
дарды ұсыну түрінде көрініс берді. Руханилық пен мәдениеттің 
үйлесімділігі  іс  жүзіндегі  махаббат,  яғни  әсемдікті  туында-
тушы  жақсылық  ретінде  түсінілуі  керек»  [26,  96–97  бб.]  Иә, 
руханилықты  адамдар  қарым-қатынасының  үйлесімділігі  де-
ген бұл пайымдаулар қазақ билерінің жүзеге асырылған үкім-
шешімдері түрінде көрініс берді. Олардың даралық, тұлғалық 
келбеттері адамға деген махаббаттан, оларға үнемі жақсылық 
жасау  тілегінен,  кешірімшілдік,  мейірбандық  қасиеттерімен 
көмкерілген.  Қазақтың  үш  биі  осындай  тұғырлы  да,  ізгілікті 
түрдегі әлеуметтік әділеттілікті іс жүзінде өз заманы тұсында  
жүзеге асыра білді. 
Адам табиғатындағы сезімді ақылға жеңдіру оңайға соқ-
паған.  Осының  салдарынан  қазақ  қоғамында  қайшылықтар 
туындады.  Мысалы  бір  рудың  жастары  бір-біріне  үйленуге 
болмайтын. Қазақтардың әдет-ғұрып заңдарының ішінде жеті 
атаға дейін қыз алуға тыйым салынған. Егер осындай оқиғалар 
орын алса ру басы ақсақалдар кеңесі арқылы шешіліп отыр-
ған.  «Қалқаман-Мамыр»,  «Еңлік-Кебек»  поэмалары  сынды 
трагедиялық,  драмалық  оқиғалар  жайындағы  шығармалар 
соның  айғағы.  Қазақтың  дауларының  ішіндегі  намысқа  тие-
тіні (рудың, жүздің) жесір дауы болып табылады. Бұл ғұрып  
күйеуі  қайтыс  болып  бала-шағасымен  әйелі  қалатын  болса, 

45
1. ХVІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындары мен жырауларының 
шығармашылығындағы еркіндік идеясы
ол  балаларды  қаңғыртпай,  жесірін  ешкімге  бермей  ағасы 
немесе  інісі  алатын  болған.  Олардың  қараусыз  қалуы  ру, 
жүз,  ел  намысы  болып  саналған.  Бұл  құбылыс  әмеңгерлік 
деп  аталған.  Алайда,  әмеңгерлік  институтында  күштеу, 
зорлық деген болмаған. Әдетте ол ағайын арасында келісіліп, 
әйелдің  ырқымен  санасу  арқылы  шешілетін.  Қазақ  жетімін 
қаңғытпаған,  қазіргідей  мемлекетте  жетімдір  үйі  болмаған. 
Жесірлерін  жылатпаған,  олар  жан-жақты  қамқорлыққа 
алынған.  Әмеңгерлік  институттының  оңды  жақтарына  на-
зар  салсақ  қазақ  ішіндегі  ағайынгершілікті  бірегейлендірді. 
Демографиялық ахуалдың да жақсаруына ықпал етті. 
Үш  бидің  сыншысы  халқы  болған.  Күлтөбенің  басында 
хан  сайлап,  жер  дауы,  жесір  дауы,  тағы  да  басқа  әлеуметтік 
мәселелерді  талқылап  отырған.  Үш  жүздің  ынтымағының 
қаймағы шайқалмай, іргелі ел, тұтас бір мемлекет болуына не 
қажет  дегенде,  мынандай  толғау  жолдарын  қалдырған  екен. 
Төле бидің айтқаны: 
Батырлықтан не пайда,
Халқына қайран қылмаса?
Хандықтан не пайда?
Қарашасын жалмаса.
Молдалықтан не пайда?
Шариғатты өзгертіп,
Нашарларды алдаса
 – деп, батыр бол, хан бол, молда бол мейлі, 
тек қана адал бол дегенді білдірсе керек. Ал Қазыбек бидің: 
От басында білгір қартың болса,
Ол жазылған хаттан кем емес
Ей, біз үш жүз, үш қазақ керіспейік,
Асылы  бізге  керіскен  жөн  емес
  –  деп,  біртұтас  қазақ  ұлтын 
ауызбіршілікке үндейді. Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін деген 
сөзді  халық  бекер  айтпаған.  Билер  философиясы  жалқыдан 
жалпыға,  жекеден  көпке,  әрқашан  тұтастықты  қамтыған  ой 
жүйелері болды. Үшінші болып Әйтеке тұжырыпты:
Мен жиырма тоғыз рудан құрылған кіші жүзбін,
Әрі көппін, әрі батырмын, әрі бимін. Керісер болсақ,
Осы үшеуі маған жайсыз, сендерге жоқ!
 [19, 130–131 бб.]

46
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
Билер  шығармашылығы  үш  жүздің  басын  біріктіріп, 
ынтымақтастырып,  олардың  арасында  болатын  дау-дамай, 
айтыс-тартыстарды  жаңжалсыз  шешіп  отырудың  ұтымды 
түрлерін үлгі еттуімен маңызды.
Қазақтың үш биі үш жүздің ортақ даулы мәселесін шешіп, 
халықты біріктіруші рөл атқарып отырған. Жесір даулаушы екі 
жақтың кісілері Төле би мен Қазыбек биге жүгініседі. Қазбек би 
сонда:  Аға  болып  алдымнан  туасың,  Барымталап  жылқымды 
қуасың десе.
Төле би: Артымнан ерген еркемсің, ағаңның көзі тірісінде 
жеңгеңді неге ертесің? – деп өкпе артады. Екеуі ұзақ сөз жары-
стырып бір мәмлеге келе қоймайды. Сонда ортадан Әйтеке би 
тұрып: – Сабыр етіңдер ағалар, ашу бар жерде ақыл тұрмайды.
Ашу деген ағын су,
Алдын ашсаң арқырар.
Ақыл деген дария,
Алдын тоссаң тоқырар.
Кісі бірге туыспау керек,
Туысқан соң сөз қуыспау керек.
Сөз қуған бәлеге жолығады,
Жол қуған олжаға жолығады..
Төле, сен жылқысын қайыр!
Қазыбек сен жесірін қайыр!
 [19, 132 б.], –
деп  төрелік  айтып,  келістіріп,  қол  алыстырыпты.  Қарама-
қарсы мәндердің диалектакасы «ашулану» мен «сабырлылық» 
арасын ажыратып ақылға жеңдіру көп жақсылыққа жетелей-
тіндігіне тағы бір көздерін жеткізіп береді. Екінші бір қырынан 
бағамдайтын  болсақ,  біз  қазақ  әйелдерінің  еркіндігі  сол 
қоғамның тұтас бірлігі жолында шектелгенін байқаймыз. Ғ. Есім 
дәстүлі  қоғамдағы  «әйел  мәселесі»,  қажеттілікке  сай  шешім 
таппаған  деп  түйіндейді.  Дәстүрлі  қоғамда  әйел  мәселесінің 
арнайы  регламенті  болғанын,  оның  дәстүрді  бұза  алмағанын 
атап  көрсетеді  [27,  28  б.].  Әйел  еркіндігі  жайында  әртүлі 
көзқарастарды қарастырғанда оның қоғамнан тыс бола алмай-

47
1. ХVІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындары мен жырауларының 
шығармашылығындағы еркіндік идеясы
тына баса мән берген жөн. Дәстүрлі қоғамның өзгеруімен бірге, 
ондағы әйел еркіндігі деген мәселе көтерілген кезден бастап ол 
өзінің бостандығына ие. Ол енді өз тағдырын өзі жасайды.
Сахарада билік құру өнерін дамытқан осы билердің ізімен  
Абай да би міндетін атқарған кездерінде оны жаңғырта отырып 
жетідіруге атсалысты. Алдымен Ұлы ойшыл қазақ қыздарының  
білімді болғанын қалады. Өзінің қара сөздерінде: «...қыздарды 
да  ең  болмаса  мұсылман  ғылымына  жіберіп,  жақсы  дін 
танырлық қылып үйретсе, сонда сол жастар жетіп, бұл атала-
ры қартайып сөзден қалғанда түзелсе болар еді» – деп жазады 
[9, 110 б.]Халқын алдыңғы қатарлы жұрттармен тең терезелі 
өркениетке жеткізуді көздеген Абай әйел еркіндігін де зерттеу 
көкжиегінен тыс қалдырмады. Дәстүрлі қазақ қоғамының әйел 
бостандығы мен теңдігі жөніндегі мәселе Кеңес өкіметі орнаған 
соң оңды шешімін тапқандай болды. Дегенмен қазақ әйелдері 
мен  қыздарының  мінез-құлықтарының  еліктеушілік  сипат 
алғанын  жасыра  алмаймыз.  Егемен  еліміздегі  ұлтымыздың 
өркендеуі  жолындағы  басты  мәселелердің  бірі  қыздардың 
тәрбиесі. Біздің зайырлы мемлекетімізде қыздарымыз сапалы 
білім  алуға,  жұмыс  істеуге,  өзіне  жар  таңдап  отбасын  құруға 
құқылы. Қазіргі кезде белең алып отырған қыз-келіншектерге 
тауар есебінде қарайтын көзқарастардың қалыптасуына өзіміз 
кінәліміз. Қазақ қыздары ықлым заманалардан бері намысын 
қорғай білген. Инабатты, ибалы кейпін сақтаған. 
Руханилық,  адамгершілік  мұраттар  қазақ  ділінің  нағыз 
өзегі болып табылатын құндылықтарға жатады. Қазіргі кезеңде 
қазақ үшін жаңа сынақ келді. Өрелі, өркениетті ел болу үшін 
ынтымақ,  бірлік,  ағайыншылық,  адамгершілік  қадіріміз  бен 
қасиетімізді,  ата-бабаларымыздан  мұра  болып  келе  жатқан 
салт-дәстүрлерімізді қазық етсек одан ұлтымыздың өркендеуі 
қарқындайды  десек  қателеспеген  болар  едік.  Жастарымызға 
бала-бақшадан  мектепке  дейін,  одан  әрі  жоғары  мектеп-
терде  ақын-жырау,  билер  институттарының  тәлімдік-
тәрбиелік  мағынасы  мол  шығармашылығынан  сусындауына 
мүмкіндіктер ашу кезек күттірмейтін шаралардың бірі болса 
керек.  Руханилық  пен  мәдениеттің  үйлесімділігі  іс  жүзіндегі 
махаббат. Руханилық әрқашанда адамдар арасындағы қарым-
қатынастардың үйлесімділікте болуымен сипатталады.

48
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
Біз бұл талдауымызда билердің тікелей іс-әрекетімен, та-
лантымен  еркіндік  мәселесін  құқықтық  деңгейде  таразылап, 
оны  жауапкершілікпен  толықтырылуын  зерделедік.  Әрбір 
адамның  өз  пікірін  еркін  білдіру  мүмкіндігі  мен  жеке  адам 
бостандығын бағамдауға болады. Қоғамдық қатынастардың ру-
хани дәрежесін көтере отырып, адамгершілік, ізгілік, өнегелілік 
т.  б.  этикалық  категориялар  жүйесімен  толықтырылғанды-
ғын  аңғардық.  Қазақ  қоғамындағы  билер  институты  хан-
дар  даралығын  толықтырушы  бола  отырып,  тек  ел  ішіндегі 
ғана  мәселелер  емес,  сыртқы  саяси  қатынастарға  да  аралас-
ты.  Сондықтан  жеке  адам  еркіндігінің  әлеуметтік  азаттық 
мәселесіне қарай сөзсіз ойысатындығын бағамдай аламыз. Не-
месе, адамның ішкі еркіндігі сыртқы әлеуметтік еркіндіксіз түк 
те емес екендігі түсінікті жайт.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет