рау болса, елінің, жерінің бүтіндігін, тыныштығын сақтауды
бірінші орынға қояды. Ол толғауларында:
Есендікте малыңды бер де батыр жи,
Басыңа қыстау іс түссе
Дұшпанның қолы жете алмас
[31, 44 б.]
– деген нұсқаулар бере ой түйіндейді. Жаугершілік заман-
да өмір сүрген ақын әрқашан бес аспабың сай тұрсын деген
қағиданы ұстанады. Мемлекеттің қорғаныс ісіне бейбіт кезде
қамдануды, бейқамдыққа жол бермей, әскері мен батырларын
әрқашан сақадай-сайлап, сақ отыру керектігін ескертеді.
61
1. ХVІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындары мен жырауларының
шығармашылығындағы еркіндік идеясы
Шалкиіз жырау өзінің еркіндік жайындағы көзқарастарын
дұшпанға беліңді шешіп иланба, илантып тұрып өлтірер де-
ген жыр жолдарымен өрнектейді. Бұндай ескертпелер ел
мен жерді сақтаудың, еркіндікті қамтамасыз етудің басты
ұстанымдары болуға тиіс.
Хандық қоғамның ішкі қайшылықтарын өзінің филосо-
фиялық ой-жүйелерінің арқауы еткен Жиембет жырау Есім
ханның тұсында өмір сүріп, еркіндік мәселесін, ел бірлігі,
бостандық пен әлеуметтік азаттық, жеке тұлғалардың биік
рухы, асқақ жігері мен төзімділігі және төзбеушілігі тәрізді
мәселелерді экзистенциалдық категориялар төңірегіне топта-
стыра білді. Жиембет жыраудан аса көп мұра қалмағанмен,
«Әмірің қатты Есім хан» деп ханға бағытталып айтылған
толғауларынан осы мәселелер анық аңғарылады. Ол өзінің
еркіндігі мен асқақтық рухының эволюциясын былайша си-
паттайды: әуелі ханға бағынышты кезіндегі адалдығы мен бас
ұрушылығын, құрметтеушілігі мен сыйласушылық қатынасын
көрсетеді: «Көруші едім Есім хан, Ханымды күнім, Сізді ай-
ымдай...Жұмыскерің мен едім, Сатып аған құлыңдай» [31,
53 б.]. Одан соң арадағы кикілжіңдерден, мүмкін әлеуметтік
әділетсіздіктерден шығар, онымен осындай сыйлы қатынасты
бұза отырып, өзінің әлеуметтік бас бостандығын жеңіп ала-
ды: «Қайратым қанша қайтса да, Мұныңа, ханым, шыдаман!
Арқаға қарай көшермін, Алашыма ұран десермін...Сенсіз де
күнімді көрермін!» [31, 53 б.] Бірақ Жиембеттің толғауларынан
өмірден түңілушілік пен сары уайымшылдық байқалмайды,
физиологиялық жағынан «қартайып» біраз жасқа келсе де,
өзінің рухын жоғалпайды. Бұл, әрине, еркіндік пен азаттық
рухы, сайып келгенде, тәуелсіздік пен ел қамы мәселесі:
«Меніменен ханым ойнаспа, Менің ерлігімді сұрасаң, Жол-
барыс пеннен аюдай, Өрлігімді сұрасаң, Жылқыдағы асау
тайындай, Зорлығымды сұрасаң, Бекіре мен жайындай,
Беріктігімді сұрасаң, қарағай мен қайыңдай». Ханға сес
көрсеткен, жырау өзінің «Менін» осылайша теңеулер арқылы
сипаттайды. Осы тұста ұлттық таным түсініктегі еркіндік
мәселесінің тура мағыналарын философиялық тұрғыдан
зерделесек, еркіндік ұғымының мазмұнына келіп тоғысатын
ұғымдар мен түсініктер жүйесін байқаймыз. Атап айтқанда:
62
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
«Ерлік», «Өрлік», «Зорлық», «Беріктік» т. б. Бұл ұғымдар
өздігінен түсінікті сияқты болып көрінгенмен, мағынасы
тереңде жатқан еркіндік идеясының категориялық ұғымдары
екендігі сөзсіз. Бұлар халқымыздың ділі мен ұлттық психо-
логиясынан өрілген дүниетанымдық құрылғылар. Бұны таза
батыстық философия тұрғысынан түсіндіруге болмайды,
дегенмен, аралық деңгейде таразылап қарастыруымызға бо-
лады. Мәселен, «Өрлік» деген не? Ол әрине адам мен қоғам
еркіндігін, азаттығы мен бостандығын сақтап тұра алатын,
қамтамасыз ететін құрал. Екіншіден, эстетикалық категорияға
жақын, «асқақтау» түсінігі. Үшіншіден, ұлттық Тұлғалықты
айқындайтын жекелік сапа. Төртіншіден, Әлем мен Адам
қатынасының белгілі бір үлгісі деп те айтуымызға болады.
Бесіншіден, ел мен жерді сақтау үшін қажетті өмірмәнділік
қағидат болып табылады. Жеке бастың мүддесі үшін қажетті
абстрактілі, өзімшілдік еркіндік емес. Мәселен;
Қол аяғым бұғауда
Тарылды байтақ кең жерім,
.............................................
Күн болар ма екен мен сорға,
Өзен, Арал жерлерім
Қиядан қолды көрсеткен,
Төбеңе шығар күн бар ма,
Жотасы биік Дендерім
,
– деген [31, 54 б.] сарындардан-ақ рух еркіндігі тек жеке
өзіне ғана емес, тұтас халқы мен еліне, жері мен табиғатына
қарай бағытталған сезімдік-қуат екендігін аңғара аламыз.
Осы жолдардың әрбіреуінде еркіндік пен азаттық идеясы
жатқандығы шындық. Осы төбелердің қасиеті, тек тау болғаны
үшін ғана емес. Ол сақтық, жер мен елдің тәуелсіздігінің
сақтығы екендігі сөзсіз. Яғни, еркіндік пен бостандық бар және
оны сақтау бар, сақтау үшін сақтану бар деген логикалық тізбек
туындата аламыз.
Жиембет жыраудың толғауларындағы өкініш пен қай-
ғыру сезімдерінде де еркіндік рухы тайсалмайды. Ол мәңгі
63
1. ХVІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындары мен жырауларының
шығармашылығындағы еркіндік идеясы
жасампаздығы мен өміршеңдігін кейінгі ұрпақтарына астар-
лап, поэтикалық тілмен жеткізе біледі:
Керегеге ілінген
Шабылмаған семсер тұр,
Жаудан алмай кегімді
Есіл де өмір өткен құр...
[31, 54 б.]
Осы өлең жолдарындағы «Керегеге ілінген, Шабылмаған
семсер тұр», – деген жолдарға назар аударсақ, ол семсер сол
күйінде тұра береді, байырғы замандағыдай егер Жиембет
қайтыс болатын болса, бірге көмілмейді. Батыстың ғылымы
мен техникасының дамуы нәтижесінде соғыс техникасының
жетілуіне байланысты ендігі жерде семсермен жауымен соғыса
алмайтынына өкініш білдіреді.
Жыраулық поэтиканың көрнекті өкілдерінің бірі –
Ақтамберді жырау:
Жағама қодың тигенін
Жалғыздық сенен көремін,
Атадан тудым жалқы боп,
...........................................
Жасым жетпей он беске,
Қорғайтын жан адам жоқ
[31, 58 б.]
Бірақ ол өзінің жалғыздығы арқылы өмір азабына түсіп,
сарыуайымшылдықпен түңілмейді. Жаугершілік кезеңнің
бозбаласының арманы жауға шабуға мүмкіндік алу екендігін
жыраудың:
Он жетіде құрсанып,
Қылыш ілдім білекке,
Жауға қарай аттандым,
Жеткіз деп құдай тілекке!
[31, 59 б.]
– деген ойларынан көреміз. Ол еркіндік рухына қол жеткізген-
нен кейін, жалғыздық қайғысын жояды, себебі, еркіндік рухы
64
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
жауға шабумен шартталған. Сол сәтте жалғыздық қайғысы жой-
ылады. Осы сәтті Ақтамберді жырау былайша атап көрсетеді:
«Торлаусыз өскен құланмын, Мезгілсіз жусап өрермін,
Байраққа біткен құрақпын, Саусағым жерге түсірмен, Жапанға
біткен терекпін, Еңсемнен жел соқса да теңселмен...». Осы дис-
позиция аңдай қарасақ, бірінші жолдар – еркін елдің ерке де
азат өскен ұланы екендігін айтса , екінші жолдар – еркіндік рух-
ты жырлап тұрғандай болады. Жырау еңсесінен жел соқса да
теңселмейтін асқақ рухты жан. Өзін торлаусыз өскен құланға
теңеуі де еркіндік пен азаттық сарынын аңғартатын теңеулер
екендігі сөзсіз.
Ақтамберді жыраудың еркіндік философиясы ұлттық
дүниетаным тұрғысынан алғанда, тереңірек, өмірмәнділік си-
патта құрылады:
Ел шетіне жау келсе,
Алдына сірә дау келсе,
Батырсынған жігіттің,
Күшін сонда сынаса!
[31, 60 б.]
Осы жолдарға назар салсақ, бір қарағанда бұнда еркіндік
туралы ешқандай тереңірек мәселе жоқ сияқты болып тұрады.
Бірақ оған тереңірек логикалық тізбектер бойына үңіле
түсу қажеттілігі туындайды: «Батырсыну» түсінігі бұл тұста
қоғамдағы еркіндіктің белгілі бір статусын айғақтап тұр. Яғни,
ол өзінің батырлық рухы арқылы ішкі тәндік-психологиялық
қорқу, тайсалу тиымдарын алып тастаған немесе жеңе білген,
ерік күші толықтай жетілген тұлға. Еркіндіктің белгілі бір
деңгейдегі шыңы батырлық құбылысы өзінің әмбебаптығын
және өмір тәжірибесінде шынайылығын дәйектеуі тиіс болған.
«Батыр» деп атаған немесе өзі «батырсынған» адамның бәрі шы-
найы батыр емес. Ол нақты жау алдында сыналуы керек. Бұны
батыстық парадигмамен түсіндіре беруге болмайды. Бірақ осы
тұста, К. Ясперстің «шекаралық жағдай» ұғымымен салысты-
рып қарастыруымызға болады. Яғни, шынайы адам болмысы
өлім немесе қиыншылық жағдайда ғана ашылады. Бірақ біздің
бұл салыстыруымыз ХХ ғасырдағы Ясперс айтқан ойды, ХVІІ
ғасырда-ақ Ақтамберді жырау жырлап кеткендігіндігінің куәсі
65
1. ХVІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындары мен жырауларының
шығармашылығындағы еркіндік идеясы
болуы тиіс. Екіншіден, К. Ясперс идеясында осы жағдай со-
лай болуы тиіс құбылыс, адам психикасының қасиеті ретінде
тұжырымдалса, Ақтамберді философиясында, адам, нақтырақ
айтқанда батыр, сол күйінде, шекаралық жағдайға қарамастан
өзіндік болмысында сақталып қалуы тиіс екендігі толғанылады.
«Батырсыну» еркіндігі жай ғана құбылыс емес, өзін-
өзі үнемі тексеріп, толықтырып отыратын, шынайылығын
дәлелдеуі тиіс еркіндік рухының талаптарына жауап беруі ке-
рек деп тұжырымдай аламыз. Ол сонымен қатар тек жау ал-
дында емес, «Алдыңа сірә дау келсе» де өзінің шынайы болмы-
сын сақтауы тиіс. «Батырсыну» дегенде әділеттілік жолында
тек қана шындықты, ақиқатты басты нысана етуді меңзейді.
«Қап түбінде жата ма, Болаттың асыл сынығы? Халқың тозып
кем болмас, Әділ болса ұлығы» халықтың біртұтастығына ел
билеушінің әділдігі түп қазықтарымыздың бастысы екендігін
баса көрсетеді. Яғни, «батырлық» құбылысы бірегейленуі
қажеттілігі туралы ой қозғап отырған Ақтамберді жырау
еркіндік рухының осылай қалыптасуын қалайды. Батырлық
еркіндік пен азаттықты сақтаудың шарты болса, «батыр» өзінің
еркіндік рухын жеңіп алушы, сақтаушы, бұзылуына төзбеуші
тұлға екендігін естен шығармауымыз қажет. Осы мәселелерді
толғаған Ақтамберді тек сөз жүзінде ғана емес, өзінің басынан
бұл жағдайларды өткізген. Еркіндік пен батырлық рухын өзінің
өмірлік тәжірибесі арқылы жүзеге асыра білді:
Жауға шаптым ту байлап,
Шепті бұздым айғайлап,
Дұшпаннан көрген қорлықтан,
Жалынды жүрек қан қайнап,
Ел-жұртты қорғайлап,
Өлімге жүрміз бас байлап,
– деп толғауы да [31, 61 б.] осының көрінісі. Ол осындай шабыт
пен жігер рухы тек өзі өмір сүрген дәуірмен аяқталып қалмай,
одан ары жалғаса түсіп, сабақтасып, болашақ ұрпақтарының
да азаттық идеясын сақтап қана қоймай, өзінен де асып түсуін
тілейді, табиғат эволюциясындағы даму заңдылықтарына
сүйенгендей болады:
66
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
Бала берсе тезінен,
Пірлердің бітсе демінен,
Шілтеннің тиіп шылауы,
Артылып туыса өзімнен!
[31, 64 б.]
Ол «Күлдір-күлдір кісінетіп» атты толғауында тек ұрыс
пен кек алуды ғана жырлаған жоқ. Азаттық пен еркіндіктің
нәтижесін көре білу турасында шабытты, әсем өмірдің тұтас
бейнесін жырлады. Ойшыл еркіндік мәңгілік күрес қана емес
екендігін ескерте отырып, қалыпты тұрмыс кешіп отырудың
өзі белгілі бір деңгейде тұрмысмәнділік құндылық екендігін
атап көрсетеді:
...Пышақтан малым кетпесе,
Қазаным оттан түспесе,
Ауылдан топыр үзілмей,
Ошақтың оты өшпесе...
[31, 62 б.]
Нағыз мамыражай көшпенділер өмірінің еркін сипа-
тын келтіреді. Еркіндікті үдеріс ретіне байыптасақ, оның
жоғалуынан бастап, қайта оралуына дейінгі кезеңді белгілі бір
уақыт шеңберіне сыйғызамыз. Оңды аяқталар сәті болуы тиіс
деп пайымдасақ, осы көрініс еркіндіктің шынайы өмірмәнділік
құндылық екендігін дәйектеп тұрғандай болады. Ақтамберді
жыраудың еркіндік философиясы: батырлық рухпен байланы-
сты, ол жай ғана батырлық емес, шынайы өз мәніндегі, ел-жұрт
пен халқының қамына тағайындалған батырлық рухпен аста-
сып жатыр. Болашақта жарқын өмір барынан үміттендіре:
Еділ, Жайық – екі өзен,
Талсыз болар деймісің...
Абылай қонған кең қоныс,
Елсіз болар деймісің.....
Орын тапқан ер жігіт
Жерсіз болар деймісің
[31, 62 б.]
– деген толғауынан сол кезеңнің үдере көшіп, босқан ел-
жұртына торығу мен мұңлы сарындардан гөрі, рухтандыру-
67
1. ХVІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындары мен жырауларының
шығармашылығындағы еркіндік идеясы
шы философиялық сарындағы туындыларын ұсынды. Осы
рухтың мәңгілік сабақтастығы мен жалғастығын ұсынушы,
болашақ хақындағы толғанысты бере білуші Ақтамберді жы-
рау толғаулары өзінің өміршеңдігімен бүгінгі ұрпақтарының
сүйіп айтып, ұйып тыңдауымен мәнді. Сондай-ақ, ойшыл
шығармашылығы еркіндікті қадірлей білу, оның нәтижесін
өмірмәнділік тұрғыдан терең түйсіну, әсем, эстетикалық иде-
алдарды осы еркіндік пен бостандық аясына орнату болып та-
былады.
Қазақ дүниетанымындағы азаттық идеясы тек жаугершілік
пен елдікке ғана арналған жоқ, онда өмірмәнділік-тұрмыстық
еркіндік мәселелері де қозғалып отырды. Экзистенциалдық
жағдайлар, адам өмірі, тұрмыс пен тіршілік ету, жанұя мен
ондағы сыйластық, жастық пен кәрілік туралы ойтолғаныстар
да белгілі бір деңгейде адам еркіндігі мәселесіне келіп ойысты.
Мәселен, ХVІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында өмір
сүрген Көтеш ақын толғауларына назар аударсақ:
Қартайғанда қатының дұшпан болды,
Баласымен бірігіп қысқан болады,
Келін деген бір дұшпан тағы шығып,
Біреуі іштен, біреуі тыстан қысқан болды.
.......................................................................
«Бала», «бала» деуменен мазалымыз.
Баладан болар білем ажалымыз,
Баламызға жалынсақ жан сақтармыз,
Келін деген даяр тұр тажалымыз!
Бұндай өмірмәнділік еркіндік толғаулардың мағынасы да
белгілі бір деңгейде экзистенциалды және тұрмыс филосо-
фиясына, адам өмірінің мағынасына келіп ойысады. Мәселен,
екінші және төртінші жолдардағы «қысқан» деген сөзге на-
зар аударсақ, «нені қысқан?» деген сауал туындайды. Әрине,
адам еркіндігінің қысылуы, тарылуы, бірақ тұрмысмәнділік
деңгейдегі еркіндіктің шектелуі екендігі сөзсіз. Жыраулық
дәстүрдің поэтикасына сүйене отырып, ұлттық дүниетанымның
өзіне сай келетін еркіндіктің тәуелділікке өтуінде «қысылу»
түсінігінің маңызды құбылыс екендігін байыптай аламыз. Адам
68
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
еркіндігі абсолютті еркіндік емес екенін, адамның жеке басы
жанұя шеңберінде әке мен шеше, ата мен әже, жұбайы, бала-
лары алдында әрқашан атқаратын міндеті мен жауапкершілігі
арқылы шектеліп отырады.
Келесі шумақтағы соңғы сөздерге назар аударсақ,
еркіндіктің шектелген, тіпті аяқталған шағын байқаймыз
және оның регрессиялық сатыларын аңғарамыз: «маза –
ажал – жан сақтау – тажал». Бірақ бұны тура мағынасында
түсінбеу керек. Бұл тәндік, биологиялық, әлеуметтік, рухтық
еркіндік емес, психологиялық еркіндіктің шектелуі. Бұнда
жанұядағы физиологиялық жағынан қартайған адамның
еркіндігінің
психологиялық
тұрғыдан
шектелетіндігі
баяндалған. Бұндай үрдіс қазіргі заманда өмір шындығымен
кей жағдайда сәйкес келіп жататындығын ескерсек, XVIII–XIX
ғасырлардағы жыраулық-ақындық дәстүрлердегі өмірмәнділік
толғаныстарды аңғарамыз. Шындығында да, адамның
қартайған шағында еркіндік басты құндылық екендігі хақында
ой түйіндей аламыз.
Бірақ Көтеш ақынның осы мәселе жөнінде бір жақты
қарамай диалектикалық тұрғыдан келуінің өзі еркіндік
хақындағы философиялық толғанысты тереңдете түседі. Осы
еркіндіктің тарылуы мен қысылуын тек объективті себептерге
таңбайды, оның субъективтік қырларын да атап көрсетеді:
Кәрілік, жылы-жұмсақ ас жарай ма,
Қазы, қарта, жал, жая, бас жарай ма?
Кәрілік мұның бәрін жақтырмайсын,
Үйген топырақ, қалаған тас жарай ма!?
[19]
Бұндай диалектикалық ұстанымдар еркіндіктің психо-
логиялық-субъективті және әлеуметтік-объективті қайшы-
лықтарын ашып көрсетуге арналғандай. «Кәрілік» – бұл
тұста, жалпы еркіндік мәселесінің күрделілігін, өздігінен
қайшылықтылығын көрсетіп тұрған мысалы сияқты.
Жаугершілік заманның келесі ойшылы Үмбетей жырау
(1706–1778) шығармашылығының негізгі арқауы бейбітшілік
пен адамгершілік мәселелері. Еркіндік пен елдік бірлікке
арналған жыр толғаулары негізінен ұлттық дүниетанымның
69
1. ХVІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындары мен жырауларының
шығармашылығындағы еркіндік идеясы
көркем шежіресін жасауға арналған. Шығармашылығы арнау
түрінде, этикалық құндылықтарды дәріптеп, мұсылмандық
қағидаттарды насихаттау, қазақ қоғамындағы ұрлық,
тонаушылық секілді жаман қылықтардан жирендіру түрінде
болып келеді.
Тоқымы кеппей топтанып,
Ел тонауға аттанып,
Жылқышысын дойырлап,
Жылқыларын сойылдап,
Көрші жұртты шулатып,
Жаудай шапқан не сұмдық!
[30, 70–71 бб.]
– деп толғайды. Сахара жұртының ең бір жаман әдеттерінің бірі
барымта. Зорлық, зомбылықты бүркемелеп «қарымта қайтару»
деген желеумен осындай бір тұрпайы түрдегі қылықты рәсімге
айналдырған. Жырау болса оған өзінің қарсылығын ашық түрде
паш етеді. Үмбетей жыраудың ұрлық туралы «бұл не сұмдық!»
деп күңіренген мәселесі келесі ғасырда Әлихан Бөкейханның
да «Ұры тыю» атты мақаласында сөз болады. Жаугершілік за-
манда жылқы малы ортақ ағайындыкі болғандықтан, егер бай
ағайынның айғырын ұстап соғымға сойса, тұяққа тұяқ деп
құлын, тай төлейді екен. Ағайынның құр семіз атын ұстап
мінсе ол күнә емес. Осы рәсімдер жылқы бір рулы елге ортақ
уақыттан қалған. Қазақ рәсіміне салса жылқы ұрлығы зор
айып емес. Біздің қазақ мұсылманмын дегенмен, құранды
ұстағанмен, ресімнен шыға алмай, ұрлыққа бата беріп отыр.
Ғұмыр өзгерілді. Ат ұрлаған адамды тышқандай өлтіретін
орыс мұжығымен ауылдас болдық... Қазақ рәсімі қанша
ұрлыққа жылы-кешірім болғанмен мұжық рәсімін, үкімет
законын жүргізбей қоймайды. Енді ғұмырдың өзгерілгеніне
қарай ұрлыққа әдіс қылмаса болмайды. Бұл тәмәм қазақ аты-
на зор кемшілік, таңба, ұят [20, 133–134 бб.]. Қазақтың «ба-
рымтасы» елдің бірлігіне, ынтымағына кері әсерін тигізіп қана
қоймайды, ол жеке адамның адми қалпын бұзады. Қазақтың
ата кәсібіне айналдырып алған ең жексұрын қылықтарының
бірі ұрлық. Оны өздерінше бір ерлік деп есептеп, кек алудың
түріне айналдырған. Өкіметтің заңы да оны тия алмай отыр.
70
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
Бұндай әдеттен халық болып, жұрт болып өздері әрекет етіп
құтылмаса ешкім қайран қыла алмас. Ол үшін адам әуелі
өзінен бастау керек.
Біздіңше, бұл жерде қоғамдағы жеке адамның има-
ны, тәрбиесі шешуші рөл атқарады. Үмбетей жыраудың да
шығармашылығының өзегі болған бұл мәселе басқалардың
еркіндігін шектеумен сипатталады. Ауызға «Алла» жол емес
дегендей, мұсылманшылықтың тілде ғана көрінуін «сырт
тазасы не керек, тазарт әуел ішіңді» дегенінен жыраудың
дүниетанымында исламдық құндылықтар басымдық таныт-
қандығы көрінеді. Бұдан әділеттілік пен әділетсіздік, жақсылық
пен жамандық тәрізді философияның мәңгілік категориялары
жырау толғауларының өзегі болғанын бағамдаймыз. Үмбетей
жыраудың ойлау жүйесі «Адам мен Адам», «Жеке адам мен
Қоғам» қатынасындағы адам болмысының мәселелеріне
арналған. Адамның Тұлғалық жетілуіне тәрбиенің ықпалын
жырау әуелі рухани тазарудан бастау керек деп білді.
Бұрала біткен емендей, қисық туған адамсың. Бұл мінез бұл
қылықпен, қайдан абырой табасың? Адам мінезін түзеу ту-
ралы ойлары арқылы қоғамды жетілдіруді көздейді. Қарап
жатқан жыланның, құйрығын неге басасың дегенде көрші ел-
дермен тыныштық пен татулықта болуды көздегені белгілі.
Батырлардың ел қорғаны, мемлекеттің тұтастығы мен
тәуелсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі жайында «Бөгенбай
қазасын Абылай ханға естірту» атты толғауында кеңінен си-
паттайды. Бөгенбай сынды батыр Тұлғаларға арнап толғау
түрінде мәңгілік сөз қалдырды. Жыраулар осылайша ерлік
пен батырлық жайлы ұлтымыздың салтанат құрған шақтарын
жырмен өрнектей отырып еркін де ерке кездерін дәріптей де
білген. Өз зерттеулерінде жыраулар дүниетанымын зерделе-
ген Ж.Б. Ошақбаева: «Қазақ халқының өмірінде сөзге тыйым
салынбаған, өзара сын-пікірге шек қойылмаған. Көшпенді
халық үшін еркіндік қандарына сіңген қасиет болу керек.
Ақын-жырауларымыздың, шешендеріміздің сөздері осы
халық еркіндігінің көрінісі болып табылады», – деп жазады
[32, 36 б.].
Замана өзгерістеріне үн қосқан келесі бір бағыт «Зар за-
ман» ақындары деп аталған ойшылдар. Зар заман ақын-
71
1. ХVІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындары мен жырауларының
шығармашылығындағы еркіндік идеясы
дарының шығармашылықтарына еліміз толық дәрежеде
тәуелсіздікке жеткен жылдардың басында жаңаша ойлау
тәсілдері тұрғысынан сараптама жасаған Қ. Бейсенов бұл
ақындарды «зар заман» емес ұлтжанды ақындар деп атайтын
уақыт жеткендігі туралы ой қозғаған еді [33, 158 б.]. Дәстүрлі
қоғамның қалыпты дамудан ауытқушылығын ақырзаман
белгілері деп түсінген олар тек Ресей отаршылдығына ғана
емес, Еуропалық дәстүрлерге де іштей психологиялық,
идеологиялық қарсылық көрсетумен өз идеяларын таратады.
Екінші бағыттан айырмашылығы өздері өз идеяларын іске асы-
ратын күрескерлер емес және көбінесе сары уайымшылдық
басымдау болып келеді. Болып жатқан құбылысты заманның
объективті ағымына телиді. Сондықтан да оларға «зар» деген
атау берілген. Бірақ бұлардың басқалардан бір ерекшелігі
оларда мистикалық көріпкелдік емес, қазақ халқының
болашағын нақты болжаған болжамдар ұсынып отырған. Ол
болжамдардың шынайылығына бүгінгі заман куә болып отыр.
Негізгі өкілдері: Дулат, Шортанбай, Әбубәкір, Мұрат т. б.
Олардың орталық түсініктері ұлттық дүниетанымдағы
– «заман» категориясы. Ал еркіндік пен бостандық осы
ұғым төңірегіне топтастырылған. «Заман» ұғымы ұлттық
дүниетанымдағы әлеуметтік философияның категория-
сы дәрежесіне дейін көтерілген және орталық түсініктердің
бірі ретінде қалыптасқан тарихи-мәдени феномен. Заман
халқымыздың таным түсінігінде екі бағытта толғанылады:
біріншісі – оптимистік (қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған
заман); екіншісі – песимисстік (зар заман, қилы заман, ау-
малы төкпелі заман т. б.). Біз қарастырып отырған зар за-
ман толғаулары осы екінші бағытты қамтиды. Заман
ұғымына әлеуметтік философия тұрғысынан біз мынадай өз
анықтамамызды ұсынамыз: «Заман дегеніміз – сол дәуір не-
месе кезеңнің белгілі бір уақытқа бағдарланған объективті
әлеуметтік шындығы, тұрмыс тіршілік пен ғұмыр кешудің
жай-күйін білдіретін категория».
Зар заман ақындарының толғауларының пессимистік
бағытта құрылуы жоғарыда атап өткеніміздей, Ресей отар-
шылдығы мен Еуропоорталықтық ықпалға төзбеушіліктен
туындаған. Оған белгілі бір деңгейде психологиялық, идео-
72
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
логиялық қарсылық көрсетумен анықталады. Олар ұлттық
құндылықтардың өзгеруі мен ауысуына қарсылықтарын
шығармашылықтары арқылы ашық айтты. Халықтық
дүниетаным мен діліміздің жағымсыз бағытта өзгеріп бара
жатқандығына көңілдері көншімеді. Өздеріне етене көшпелі
өркениеттің қастерлі құндылықтарының жоғалып бара
жатқандағына, оның ақырын терең сезінгендіктен буырқанған
сезімнен туған дүниелер еді. Яғни, дәстүршілдік қағиданы
қатаң сақтап, тарихилық ұстанымды бағдар ретінде бағамдап,
өткеннің қадір-қасиетін мойындай отыра тіршілік ету
ұстынынан айнымаушылықты тіледі.
Бұл жерде еркіндік: біріншіден, саяси тәуелсіздік пен
азаттыққа, екіншіден, осыдан туындайтын рухани-мәдени
және психологиялық еркіндікке, үшіншіден, осындай сыртқы
факторларды тұтасай мойындап, дәстүршілдік табулардан
азат болуға ұмтылған келешек ұрпақтардың сана-сезіміне т. б.
байланысты болып келетіндігін атап өткендігіміз жөн.
Сондықтан зар заман ақындарының идеялары шын-
дап келгенде, ақыр заман ырғағына келіп тоғысты. Ақыр за-
ман ұғымы, қоғамдық санада діни катаклизммен байланы-
сты. Яғни, дүниенің түпкілікті жойылып, астан-кестен болып,
бүкіл әлемде тіршілік пен адамзат атауы жер бетінен құрып,
геокосмологиялық жағдайлардың түбірінен өзгеруі.
Ал жыраулық дәстүрдегі ақыр заманның бұған тіке-
лей қатысы жоқ. Бұл ақыр заман – қазақ қоғамындағы құн-
дылықтардың түбегейлі өзгеруі барысында соған қарсы ой-
шылдарымыздың зарлы үні еді. Жағымсыз және ұлттық таным
түсінікке мүлде сай келмейтін сананың үстемдік етуі, оны
халқымыз мойындап, қоғамдық тәртіп ретінде қабылдауы,
бұндай үрдіс тоқтатусыз объективті сипат алып, ішкі
қарсылықтарға бағынбай кететіндігі туралы болып келеді. Осы
сипатты ақыр заман бізге анық белгілі тарих бойынша Асан
қайғыдан бастау алады: «Ай, Хан ием, мен айтпасам білмейсің,
Айтқаныма көнбейсің...Мастанып, қызып терлейсің...Қатын
алдың қарадан, Айрылдың хандық жорадан. Ел ұстайтын ұл тап-
пас. Айрылар ата мұрадан!»...Ай, Жәнібек хан ойласаң, Қилы-
қилы заман болмай ма? Суда жүрген ақ шортан, Қарағай ба-
сын шалмай ма?» [30, 15 б.]. Асан Қайғы болса ата дәстүрлердің
73
1. ХVІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындары мен жырауларының
шығармашылығындағы еркіндік идеясы
бұзылуына алаңдаушылық білдіреді. Ойшыл-философтың
«Жерұйық» идеясы қазақтардың әлі бодандық бұғауын мой-
нына ілмей тұрған кездерінде құтты қоныс іздеуден туындаған.
Ол көшпелі қоғамды жетілдіру және кемелдендіру мақсатын
көздеген еді.
Ақыр заман туралы толғаныстың орта буыны осы зар заман
ақындарына сай келеді. Одан кейін да бұндай сарын арагідік,
Абайда, Мағжанда т. б. кездесіп қалады. Мәселен, Абайдың
«Ақыр заман жастары» өлеңі бәрімізге жақсы таныс. Бірақ, кек
алу үшін қоғамды жетілдірудің идеялары айтылмайды. Туған
жерді тысқары жаудан қорғау қамындағы елдің поэзиясында
көшпенділік мұраттарымен көмкерілген – батырлықты жыр-
лау дәстүрі барлық ерекшеліктерін бойға бітіре қалыптасып,
күрделі заманалар көшінде тарихи-поэтикалық тұрғыдан
талай-талай өзгерістерге ұшырады. Қарулы қарсылықтың
пәрмені қайтып, жат жұрттықтардың қол астына қараған
дәуірде қазақ қоғамын билеген фаталистік (жазмыштық) және
эсхатологиялық (ақырзамандық) сарындар әдебиетке кеулей
кірді. Зар заман поэзиясы туды. [ 34, 306 б.]
Достарыңызбен бөлісу: |