Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғылым комитеті ш. Ш. УƏлиханов атындағы тарих жəне этнология институты



Pdf көрінісі
бет25/61
Дата03.03.2017
өлшемі4,5 Mb.
#5474
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   61
Литература

1.  Аманжолов  К.Р.  Түркі  халықтарының  тарихы.-3  кітап. (XVIII ғ. II жартысы–XX  ғ. I ширегіне  дейін). - 

Алматы, 2005.

2. Артыкбаев Ж.О. История Казахстана. – Костанай, 2006. 

3. Крадин Н.Н. Кочевники Евразии. – Алматы, 2007. 

4. История Казахстана (с древнейших времен до наших дней): В пяти томах.- Т.3.-Алматы, 2000. 

5. Epidemics and Pandemics: Their Impacts on Human History. ( By J. N. Hays).- Santа-Barbara: ABC-CLIO, 2005.

6.  Бартольд  В.В.  Иран.  Исторический  обзор // Соч.  Т. VII. Работы  по  исторической  географии  и  истории 

Ирана. – Москва, 1971. - С. 35 – 125.

7. Икбал М. Реконструкция религиозной мысли в исламе /Пер. с англ. - Москва, 2002.

8. Тынышпаев М. История казахского народа. – Алма–Ата, 1993.

9. Трепавлов В.В. История Ногайской Орды. – Москва, 2002. 

10. Казахско-русские отношения в XVI–XVIII вв. Сборник документов и материалов. – Алма-Ата, 1961.

11. Лурье С.В. Историческая этнология. - Москва, 1997. 

12. Худяков М.Г. Очерки по истории Казанского ханства. Казань, 1923 // На стыке континентов и цивилиза-

ций (из опыта образования и распада империй X-XVI вв.). – Москва, 1996.

13. История Казахстана и Центральной Азии. - Алматы, 2001. 

14. Кокебаева Г.К. Теория фронтира и изучение истории колониализма // Вестник КазНУ им. аль-Фараби. 

-Серия историческая. – 2012. – №1. – С.113-118. 

15. Anatoly M. Khazanov. Nomads and outside world. – Univ. of Wisconsin Press, 1984.

16. Түрік, қырғыз-қазақ һəм хандар шежіресі // Құдайбердіұлы Ш. Шығармалары. - Алматы, 2007.- 123-212 б.

17. Бекмаханов Е.Б. Взаимоотношения казахов со среднеазиатскими ханствами // Бекмаханов Е. Казахстан в 

20-40 гг. XIX в. - Алматы, 1992. с. 151-168.

18.  Валиханов  Ч.Ч.  О  состоянии  Алтышара  или  шести  восточных  городов  китайской  провинции  Нан-Лу 

(Малая Бухария) // Собр. соч. – Т. 2. – Алма-Ата, 1987. – С. 155-178. 

19. Қабышұлы, Ислам. Моңғолия қазақтары. Алматы, 2002.

20. Грозный 1916-й год. Сборник документов и материалов. Том I-II. - Алматы, 1998.

21. Зия Кекалып. Түрікшілдіктің негіздері. /Аударған Фадли Əли. -Алматы, 2000.

22. ГеллнерЭрнест. Нации и национализм / Пер. с англ. – Москва, 1991. 

23. Левшин А.А. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. – Алматы, 2009. 

24. Золотая Орда после распада: воспоминания о единстве // Трепавлов В.В. Тюркские народы средневековой 

Евразии: избранные труды. - Казань. 2011. – С. 8-23.



172

25. Абай. Энциклопедия. - Алматы, 1995.

26. Бес ғасыр жырлайды. 1 том. – Алматы, 1989.

МАХАЕВА А.Ш.

т.ғ.д., доцент Абай ат. ҚазҰПУ



ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ПАТШАЛЫҚ РЕСЕЙДІҢ ҮСТЕМДІГІ 

ТҰСЫНДАҒЫ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТАРЫ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-

МЕТОЛОЛОГИЯЛЫҚ АСТАРЫ

Ғылыми  білім  ауқымының  кеңейіп,  онда  шынайылықтың  көрініс  табу  деңгейі  арта  түскен  сай-

ын ғалымдар жаңа білімге қол жеткізуге мүмкін деген əдістер мен тəсілдерді талдауға жəне негізде-

уге талпыныс қарқынын күшейте түседі. Жаңа ғылыми білімді алудың тəсілдерін зерделеуді ғылым 

методологиясы  жүзеге  асырады [1, с. 7-8]. Сондай-ақ  ол  танымның  одан  əрі  дамуына  жол  ашып, 

оның  ауқымының  кеңеюіне  қызмет  етеді.  Таным  білімді  игерумен  сипатталатын  рухани  əрекет 

болғандықтан, ол аяқталған нəтиже түрінде емес, шынайылық сипатқа ие анағұрлым толық, əрі терең 

білімге ұмтыла түсетін үрдіс іспеттес. Ол адамның шығармашылық ізденісімен тығыз байланыста да-

мып, оның қоғамдық, тарихи үрдістегі өз орнын айқындауына ықпал етеді. Сонымен бірге таным мен 

методология өзара байланыста дамиды. Ғылыми танымның жетілуімен бірге жаңа білімге жетуге жол 

көрсететін ұстанымдар, тұжырымдамалар мен теориялар қалыптасады немесе оларға деген көзқарас 

өзгеріске түседі. Бұл, əрине, тарих ғылымына, оның жекелеген проблемаларын зерделеуге, соның ішін-

де патшалық Ресейдің үстемдігі дəуіріндегі Түркістан өлкесі халықтарының өзара байланыстары тари-

хын қарастыруға да қатысты.

Көрнекті  неміс  философы  Карл  Ясперстің  пайымдауынша,  тарих  тұжырымдамасының  міндеті 

бүгінгі дəуірді түсінуге ықпал етумен қатар, ондағы орнымызды көрсету болып табылады [2, с. 99]. Бірақ 

осы міндетті атқарады деп түрлі кезеңдерде ұсынылған бірқатар тұжырымдамалар таным ауқымының 

кеңеюіне сəйкес теріске де шығарылады. Мұндай жағдай ғылыми таным методологиясын зерттеуші 

Г.И. Рузавиннің пікірінше, ғылым саласындағы алға басудың, теория мен зерттеу тəсілдерінің жетіліп 

жатқандығының көрінісі болып саналады [1, с. 28].

Түрлі кезеңдерде ұсынылған теориялар мен тұжырымдамалар теріске шығарылмай немесе жетіл-

дірілмей қалмайды. Бұған таяу уақыттарға дейін еліміздегі тарих ғылымында үстемдік құрып келген 

маркстік-лениндік ілімге негізделген ұстанымның қалыптасу, даму жəне құлдырау кезеңдерін бастан 

кешуі дəлел бола алады. 

Марксизм-ленинизм классиктерінің еңбектері ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде-ақ кеңестік тарих 

ғылымының  методологиялық  базасы  ретінде  саналып,  ол  марксшіл  тарихшылардың  буржуазиялық 

тарихшылардан  аражігін  ажыратып  алуға  қызмет  етті [3, с. 8]. Маркстік-лениндік  ілімге  сəйкес 

дүниежүзілік  тарихи  үрдіс  қоғамдық-экономикалық  формациялардың  бірінен  соң  бірінің  алмасуы 

түрінде түсіндірілді. Формациялық ұстанымның тарихи үрдісті зерттеудегі бірден-бір ұстаным ретін-

де кеңестік тарих ғылымында орнығып, өзге теорияларды теріске шығаруы елдегі ғылыми танымның 

ауқымына жəне тарихи білім беру жүйесіне өз нұқсанын тигізді. Өткен дəуірдегі тарихи құбылыстарды 

бір қалыпқа салған маркстік-лениндік ілімге негізделген методология зерттеушілерге қандай да бір елдің 

жəне халықтың тарихи дамуындағы өзгешелік пен күрделілікке баса назар аударттырмай, тап күресіне 

ерекше  көңіл  бөлдіріп,  революциялық  дамуды  абсолюттендіріп,  дамудағы  эволюциялық  үрдістің 

маңызына мəн беруді екінші кезекке ығыстыртты. Соның салдарынан тарих ғылымындағы көптеген 

мəселелер зерттеу аясынан тыс қалды. Формациялық ұстаным зерттеушілерге социализм құрудың те-

ориясы мен практикасы аясынан жəне осыған орайластыра жасалған білім беру мен тəрбиелеу жүйесі 

арнасынан шығуға мүмкіндік бермеді [4, с. 3]. Соған сəйкес Түркістан халықтарының ХІХ ғасырдың 

соңы  мен  ХХ  ғасыр  басындағы  өзара  қарым-қатынасы  феодалдық  даму  сатысындағы  халықтардың 

қарабайыр  байланысы  түрінде  ғана  түсіндіріліп,  олардың 1917 жылғы  қазан  төңкерісінен  кейін 

қалыптасқан ахуалға орай «капитализмге соқпай, социалистік құрылысқа көшуі» барынша дəріптелді. 

Қатаң идеологияландырылып, қызыл империя саясатының қызметшісіне айналдырылған кеңестік 

тарих  ғылымы  маркстік-лениндік  ілімдегі  тап  күресі  теориясы  мен  интернационализм  ұстанымын 

басшылыққа  алып,  ұлттық  мүддені  ескермеді.  Мұндай  ұстаным  Ресей  империясының  жаулап  алған 

Орталық  Азия  халықтарының  Кеңестер  Одағы  құрамында  болуын  «ірі  жетістік»  ретінде  дəріптеуге 

ыңғайлы болатын. Соған орай патша өкіметінің отарлық саясаты империя құрамына енген халықтарға 



173

«зор қасірет» емес, керісінше оларға «болар-болмас қасірет» əкелген болып шықты. Бұл өз кезегін-

де  ұлттық  мүддені  қорғау  мақсатында  қазақ,  өзбек,  қырғыз,  түрікмен,  тəжік,  қарақалпақ  халықтары 

өкілдерінің өткен дəуірлерде бірлесе əрекет етуге талпынысын назардан тыс қалдыруға əкеліп соқтырды. 

Сондай-ақ осы мəселе ғылыми əдебиеттерде айтыла қалғандай жайт болса, оны ұлтшылдықтың көрінісі 

ретінде  бағалау  орын  алды.  Соның  салдарынан  түркістандық  ұлттық  саяси  элитасы  өкілдерінің  ХХ 

ғасыр  басында  атқарған  қоғамдық-саяси  қызметі  объективті  бағаға  ие  бола  алмады.  Кеңестік  тарих 

ғылымы түркі халықтарын бір-бірінен алшақтата көрсетуге тырысты. Кеңестік тарих ғылымындағы 

осындай ұстанымның астарын Елбасымыз Н.Ə. Назарбаев «Тарих толқынында» атты еңбегінде былай-

ша негіздеп көрсеткен болатын: «Мемлекеттік саясаттың мүддесіне қызмет ететін тарихтың барлығы 

секілді, кеңестік тарихта да қазақтардың, қырғыздардың, өзбектердің, түрікмендердің тарихын бір-бірі-

нен алшақтатып, оқшауландыра қарау əдетке айналған-ды. Олай болатын себебі, Кеңес мемлекетінің 

басшылығы  Орта  Азиядағы  жаңа  буын  өкілдерінің  өздерін  өзгелерге  ешқандай  қатысы  жоқ  жеке 

халық деп ойлауына ұмтылды. Москвадағы өкіметке Орталық Азиядағы бытыраңқылық тиімді болды. 

Сондықтан, ол осы халықтарды дамудың əртүрлі жолдарына салып, бір-біріне қарсы болуын көздеді» 

[5, 259-260-б.].

Кеңестер Одағының ыдырап, оның құрамындағы республикалардың өз тəуелсіздігінің жариялауы-

мен посткеңестік республикалардың тарих ғылымында оң өзгерістер бой көрсетті. Ондай өзгерістер 

қатарына тап күресі теориясына негізделген формациялық ұстанымның отандық тарих ғылымындағы 

монополиялық  жағдайынан  арылуын  жатқызуға  болады.  Бүгінгі  таңда  тарихшылар  жаңа  əдістік 

көзқарастарды қалыптастыруға, тарихи үрдісті оның өзі қандай болса, сол күйінде өзара байланысты, 

тұтастықпен ұласқан даму қалпында көруге талпынуда. Уақыт өткен сайын отандық жəне посткеңестік 

тарих ғылымында өркениеттілік ұстаным перспективалы ұстаным ретінде орнығуда.

Түрлі тарихи кезеңдерде Ф. Вольтер, Дж. Вико, О. Шпенглер, А. Дж. Тойнби, Ф. Бродель, С. Е. Дес-

ницкий,  Н.Я.  Данилевский,  М.  Вебер,  Л.Н.  Гумилев,  С.  Хантингтон  секілді  т.б.  ғалымдар  дамытуға 

үлес  қосқан  өркениеттілік  ұстаным  бүгінгі  таңда  формациялық  ұстанымды  алмастыра  алатын,  əрі 

ағартушылық  пен  тəрбиелеу  функцияларын  атқаратын  жəне  ұлттық  тарихты  зерттеу  мен  ұлттық 

идеяның орнығуына қызмет ететін əмбебап парадигма ретінде санала бастады [6, с. 39]. 

Өркениеттілік  ұстаным  марксизмнен  əлдеқайда  бұрын  өмірге  келіп,  үздіксіз  жетілу  үстінде  бол-

ды. Бұл үрдіс əлі күнге өз жалғасын табуда. Дегенмен, осы ұстаным аясында еуроцентристік көзқарас 

та  бой  көрсетпей  қалмады.  Мəселен,  ХVIII-ХІХ  ғасырлардағы  еуропалық  ағартушылар  арасында 

көшпелі немесе дала өркениеті өкілдерін отырықшы өмір салт пен мəдениеттің жауы, «жабайылар» 

ретінде көрсету, еуропалықтардың Шығысты жаулауларының «объективті» екенін негіздеуге тырысу, 

Еуропаның Шығыстағы үстемдігін негіздеуде еуроцентристік идеяларды методологиялық тірек ретін-

де пайдалану орын алды. Кейіннен мұндай еуроцентристік тұжырымдаманы ХІХ ғасырдың екінші жар-

тысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі орыс зерттеушілерінің бірқатары пайдаланып, Ресейдің Орталық 

Азиядағы  экспансиялық  саясатын  «орыстардың  өркениеттік  миссиясы»  ретінде  дəлелдемек  болды. 

Мұндай көзқарасты жақтаушы орыс зерттеушілері Түркістандағы отарлық билік орындарының жергілік-

ті халықты еуропалық өркениетпен «байланыстырушы көпір» қызметін атқаратындығын дəлелдеуге 

тырысып,  ұлыдержавалық  мүддені  жоғары  қойды.  Əрине,  мұндай  көзқарас  тұрғысында  Орталық 

Азия  халықтарының  өзара  байланысы  «төменгі  даму  сатысындағы,  кенжелеп  қалған  өркениеттегі 

халықтардың  байланысы»  түрінде  түсіндірілді.  Ал  жергілікті  халық  өкілдерінің  патшалық  Ресейдің 

отарлық  саясатына  бірлесе  қарсылық  көрсету  əрекеті  «озық  өркениетті»  қабылдауға  наразылық, 

«тағылық сарқыншақтары» ретінде бағаланды. Сондықтан да еуроцентристік көзқарас шынайылықты 

көрсетпейді,  керісінше,  бір  халықтың  екінші  халыққа,  яғни  еуропалықтардың  үстемдігін  ақтауға 

бағытталған ұстаным деп бағалануы тиіс. Мұндай көзқарас тарихи үдерісті шынайы тұрғыда түсіндіре 

алмайтындығын кезінде көрнекті тарихшы-ғалым М.Қ. Қозыбаев өз еңбегінде айта келіп, А. Тойнби, 

О. Шпенглер секілді ғалымдардың түркі халықтарын өркениетсіз халық етіп көрсету əрекеттерін сынға 

алған болатын [7 , 14-б.].

Тарихи  зерттеулердің  теориялық-методологиялық  мəселелеріне  байланысты  еңбек  жазған 

ғалым  Л.Р.  Хут  өркениет  теориясы  қазіргі  заманда  өз  дамуының  жоғары  сатысына  көтеріліп,  онда 

өркениетті əлеуметтік-мəдени құрылым ретінде пайымдаушылық белең алғанын, бұл теорияның ая-

сында  тарихи  жадты  түлету,  тарихи  үрдісті  гуманистік  тұрғыда  əрі  эволюциялық  сабақтастықта 

қарастыру жүзеге асатындығын айтып, тарихи ой-пікір тарихында əлемдік-тарихи жəне мəдени-тари-

хи тұжырымдамалар өміршеңдік танытып отырғанын атап көрсетеді. Оның пікірінше, əлемдік-тарихи 

тұжырымдама халықтар тарихын прогрестік дамудың бірегей үрдісі ретінде қарастырады, ал мəдени-



174

тарихи тұжырымдама еуропалық емес халықтардың арттақалушылығы немесе тоқыраушылығы деген-

ді қолдамай, əрбір мəдени аймаққа өзіндік даму жолы тəн екенін негіздейді [8, с. 54]. 

ХІХ  екінші  жартысы  мен  ХХ  ғасырдың  бас  кезіндегі  Орталық  Азия  халықтарының  өзара  байла-

ныстарында орын алған тарихи құбылыстар мен оқиғалардың астарын терең түсініп, дұрыс пайымда-

уда мəдени-тарихи тұжырымдамасының орны ерекше. Бұл тұжырымдамаға сəйкес əлеуметтік-мəдени, 

психологиялық, этникалық факторлардың өзара ықпалдастығына, олардың қоғамдық дамудағы орнына 

жəне Орталық Азия халықтарының өзара байланыстарының өрбуіне əсері деңгейіне назар аударыла-

ды. Сонымен қатар бұл тұжырымдамада Орталық Азия халықтарының бірегей өркениет өкілдері екені 

жəне кез келген өркениеттің əлеуметтік-мəдени құрылым ретінде өзіндік рухани, ел билеу, тіршілік 

ету,  адамдар  арасындағы  өзара  қатынас,  ел  аралық  байланыс  мəдениетіне  ие  болатыны  ескеріледі. 

Бірақ  бұл  əлемдік-тарихи  тұжырымдамасы  екі  халық  арасындағы  байланыстарды  ашып  көрсетуде 

дəрменсіз  дегенді  білдірмейді.  Əлемдік-тарихи  тұжырымдамасының  арнасында  Орталық  Азия 

халықтары арасындағы байланыстар желісін əлемдік тарихтың, Шығыс əлемі, Ислам əлемі тарихының 

құрамдас бөлігі ретінде қарастыруға жол ашыла түсетіндігін де назарда ұстаған абзал. Сондай-ақ бұл 

тұжырымдама тұркістан халықтарының өзара байланысының сипаты мен өрбу қарқынына əсер еткен 

сыртқы факторларды бағамдауға мүмкіндік береді. 

Өркениеттілік ұстаным тарихи зерттеулер методологиясының тарихилық (историзм) принципімен 

де үйлесімділік табады. Бұл принцип ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында Германияда интеллектуал-

ды ағым ретінде бой көрсетіп, кейіннен бүкіл Батысқа тарады. Сол кезде Берлин университетінің про-

фессоры Леопальд фон Ранке тарихилық принципін жақтаушылардың ең ірі өкілі ретінде танылған-ды. 

Ол тарихшының басты міндеті өткен дəуірдің менталитетіне үңіліп, сол дəуірдің адамдары басқаша 

емес, неге дəл солай əрекет еткенін айқындауы керек, сонда тарихи шындық бұрмаланбайды деп сана-

ды. Оның ізбасарының бірі И.Г. Дройзен болса, бұл пікірді дамыта отырып, тарихилық принцип өткен 

дəуір туралы тура түсінік қалыптастырумен бірге қоғамның əрі қарай қандай жолмен жүру керектігіне 

бағыт бере алады, тарихи зерттеудегі қателік əйтеуір бір қоғам дамуына кері əсерін тигізбей қоймайды 

деген  тұжырым  жасаған  болатын [9, с. 82]. И.Г.  Дройзен  осындай  пікірі  арқылы  өзін  өркениеттілік 

ұстанымды жақтайтынын жəне оны формациялық ұстанымға балама ретінде ұсынатынын байқатумен 

қатар, ол тарихтың басты мақсаты танымның тарихи заңдылықтары мен тарихи білім деңгейін айқындау 

екенін көрсеткен еді [10, с. 138]. 

Тарихилық  принципін  жақтаушылар  тарих  тарихи  сананы  қалыптастыратындығын  негіздеді. 

Олар  тарих  ғылым  ретінде  тарихи  сананы  жаңғыртуға  жəне  өткен  дəуірдегі  тарихи  оқиғалар  мен 

құбылыстар жайлы түсінігіміздің шынайы болуына қызмет етуі тиіс деп есептеді. Сондай-ақ олар бел-

гілі  бір  проблеманы  зерттеу  барысында  өткен  дəуір  мен  өз  заманының  айырмашылығын  көре  білу 

керектігін, объектіні қоршаған ортасынан бөліп алмай онымен контекстте қарастыру қажеттігін жəне 

тарихи құбылыс басқа оқиғалармен диалектикалық байланыста, əрі үрдіс ретінде көрсетілуі тиістігін 

қолдады [11, с. 9-10]. Ұсынылған  осы  қағидалар  бойынша  ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысы  мен  ХХ 

ғасырдың бас кезіндегі Орталық Азия халықтарының қарым-қатынасы тарихи оқиғалармен тығыз бай-

ланыста қарастырылып, оның өбу ерекшелігін шынайы түрде көрсетуге мүмкіндік аламыз. Бұл ретте 

Орталық Азия халықтарының өзара байланыстарына əсер еткен, патшалық Ресейдің əскери экспансия-

сы, Қоқан, Хиуа хандықтары мен Бұқар əмірдігінің патшалық Ресеймен текетіресі, Түркістанның отар-

дануы,  Шығыс  Түркістанда  Жетішар  мемлекетінің  бой  көтеруі, «Уақытша  ережеге»  қарсы  қазақтар 

арасындағы қарсыластық, 1898 жылғы Əндіжан көтерілісі, 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс рево-

люциясы, жəдидшілдік, 1916 жылғы көтеріліс, 1917 жылғы Ақпан революциясы секілді т.б. оқиғалар 

мен құбылыстарға жəне жергілікті халықтардың арасындағы байланысында өзіндік орны бар Сыздық 

Кенесарыұлы, Тезек төре, Ш. Жантаев, Батырбек датқа, Тойшыбек би, əмірлəшкер Əлімқұл, Йомуд 

хан,  Құдияр  хан,  Жақыпбек  Бадəулет,  Б.  Сыртанов,  И.  Арабаев,  И.  Жайнақов,  Д.  Сауранбаев,  Ə. 

Сыдықов, М. Тынышбаев, М.Шоқай, Мүнауар Қари, М. Бехбуди, У. Ходжаев секілді т.б. тұлғалардың 

келбетіне, ұстанымдарына əрі атқарған қызметтеріне көңіл бөліну керектігі аңғарыла түседі. Сонымен 

қатар  Орталық  Азия  халықтарының  байланыстарында  орын  алған  оқиғалар  мен  құбылыстарға  сол 

дəуірдегі  жекелеген  адамдардың  қатысы  деңгейін  айқындауда  адам  қоғамның  жемісі  əрі  субъектісі 

екені ескеріледі. Мəселені осы тұрғыдан қарағанда, Орталық Азия халықтары арасында отаршылдыққа 

қарсыластық  барысында  күш  біріктіре  əрекет  етуге  деген  талпыныстың  қарқын  алуы  себептері  мен 

нəтижелерін жəне ондағы жеке тұлғалардың рөлін бағамдауға деген мүмкіншілік артады. 

Белгілі шығыстанушы Н.И. Конрад əр халықтың тарихы əрқашан да көршілерінің тарихымен тығыз 

байланыста болатындығын, мұндай байланыс аумақтық, өңірлік деңгейде əрқашан да болатындығын 

негіздеп көрсеткен-ді [12, с. 17]. Халықтар арасындағы өзара саяси байланыстар үрдісі көптеген адам-


175

дар  мен  жеке  тұлғалардың  тағдырына  жəне  мүдделеріне  əсер  еткен  оқиғалар  мен  құбылыстардың 

жиынтығы іспеттес. Оның өрбу қарқыны мен сипатына жеке тұлғалардың белгілі бір мүддені қорғау 

жолындағы  əрекеттерімен  қатар  өзге  бір  көршілес  елдердің  саяси  ұстанымдарындағы  ерекшеліктер 

мен геосаяси ахуалдағы өзгерістер де өз əсерін тигізбей қоймайды. Мұның өзінен халықтар арасындағы 

байланыстар тарихын зерттеудің көп қырлы екені аңғарыла түседі. Осындай жайтты ескере отырып, 

тарих методологиясын зерттеуші ғалым В.Ф. Коломийцев халықтар арасындағы қарым-қатынасқа орай 

қалыптасқан тұжырымдамалар мəселесіне байланысты жазылған еңбегінде əлемдік саясат жанжалдар 

мен ымырашылдықтың қосындысы екенін алға тартқан болатын. Ол халықтар арасынағы байланыстар-

ды қарастыруға қатысты жанжалдар мен ынтымақтастық тұжырымдамалары барын атап көрсетеді [13, 

с.81-82]. Бұл тұжырымдамалардың қарастырып отырған мəселеге, Орталық Азия халықтары арасында 

орын  алған  жанжалдар  жəне  өзара  келісімдер  мен  ынтымақтастық  жайттарын  зерделеуге  де  өзіндік 

қатысы бар. Алайда осы тұрғыда халықтар арасындағы қатынасты қарастыруда ымыраға келушілікке, 

гуманистік саясатты қолдаушылыққа жəне өзара ынтымақтастыққа мəн беру жөніндегі тарих фило-

софиясын зерттеуші, немістің көрнекті ғалымы Э. Трёльчтің пікірін де [14, с. 646-647, 687] ескерусіз 

қалдыруға болмайды. Соған орай Орталық Азия халықтарының өзара байланыстарында бой көрсеткен 

қақтығыстардан кейінгі мəмілегерлік келісімдерге, патшалық Ресейдің жаулаушылық əрі отаршылдық 

саясатына қарсыластықтағы мүдделер тоғысына, азаттық қозғалыстағы ынтымақтастыққа, 1916 жылғы 

көтеріліс тұсында өз əрекеттерін үйлестіру жолындағы талпынысқа жəне 1917 жылғы саяси өзгерістер 

тұсындағы  ұлттық  мүддені  бірлесе  қорғау  жолындағы  əрекеттерге  назар  аудару  қажеттігі  артады. 

Мұның  өзін  белгілі  дəрежеде  ынтымақтастық  тұжырымдамасымен  үйлесімділік  табатын  гуманизм 

тұжырымдамасының талаптарына сай келеді деуге болады. 

Бүгінгі таңда қоғамның, күллі ғаламның мүддесі үшін мемлекеттердің ішкі-сыртқы саясаттарында 

гуманизм идеяларын басшылыққа алу, халықтар арасындағы қарым-қатынаста гуманизм қағидаттарына 

жүгінуді жүзеге асыру маңызға ие. Гуманизм – адамгершілікті, адамға сүйіспеншілік идеясын білдіретін 

көзқарастар жүйесі ретінде адамзаттың еркіндігі мен теңдігін ардақтайды жəне əрбір жеке тұлғаның ар-

намысын құрметтейді. Гуманизм тек дүниетанымдық тұжырымдама ғана емес, ол əрі экономикалық, 

əлеуметтік  жəне  қоғамдық-саяси  қатынастарды  қамтитын  практикалық  өмірдің  үлкен  бір  бөлігі.  Ол 

экономикалық,  саяси  жəне  мəдени  өмірдің  тұтастығын,  адамзат  бұл  дүниенің  жоғары  құндылығы 

екендігін  дəріптейді [15, с. 190]. Тарихтан  адамзат  тəлім  алғанда  одан  ең  бастысы  адамгершіліктің 

мəңгілік құндылықтарына жетудің жолын аңғаруы тиіс [16, с. 9]. Орталық Азия халықтарының байла-

ныстарын қарастыру барысында гуманизм тұжырымдамасы басшылыққа алынған жағдайда тарихтың 

тəрбиелеу функциясының елеулі бір бөлігі жүзеге асырылып, халықтардың бейбіт қатар өмір сүруі, 

ынтымақтастығы, гуманистік құндылықтар дəріптеліп, қан төгіске соқтырған оқиғалардың зардаптары-

на көңіл бөлінеді. Сонымен қатар 1916 жылғы оқиғаға байланысты Қытайға ауып кетіп, босқыншылық 

тақсіретін  тартқан  түркістандықтардың  қайта  елге  оралуына  қамқорлық  таныту,  олардың  қоныс 

аударушылардың қысымына түспеуіне, бұрынғы ата қоныстарына қоныстануына жағдай жасау жəне 

олар үшін арнайы тамақтандыру орындарын ашу секілді т.б. іс-шараларды ұйымдастыру бағытындағы 

ұлт зиялыларының əрекеттері гуманизмнің көрінісі ретінде бағаланады. 

Тарихи  білім  саласына  гуманистік  мазмұн  беру  мəселесі  тарихшылардың  «Анналдар»  мектебі 

өкілдеріне де тəн еді. Бұл мектептің бастау көзінде тұрған француз ғалымдары – Л. Февр мен М. Блок 

тарихты қазіргі қоғам өмірімен байланыстыру, ғылыми айналымға бұрын қосылған деректерді жаңаша 

пайымдап оқу, зерттеулердің дəстүрлі емес əдістерін қолдану мəселелерін көтерді. Олар 1929 жылы не-

гізін қалаған «Анналдар» атты басылым алғашқы санынан-ақ тарихты зерттеуді кең ауқымда жүргізуді, 

онда қоғамдық пəндер арасындағы байланысты нығайтуға үндеді. «Анналдар мектебінің» ғалымдары 

тарихтың  мазмұндылығын  арттыруға, «барлығын  қамтитын  (жаһандық)  тарих»  арнасында  тарих 

ғылымының методологиясын жетілдіре түсуге ерекше мəн беріп, өткен дəуірлерді тарихи проблемалар 

түрінде қарастыруды, деректерге сыни тұрғыда қарауды ұсынып, салыстырмалы-тарихи əдісті зерт-

теулердегі нəтижелі əдіс ретінде санады [ 17, с. 226-227]. «Анналдар» мектебі өкілдерінің ұстанымы 

ХІХ ғасырдың ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Орталық Азия халықтарының 

өзара  байланыстарының  өрбуіндегі  ерекшеліктердің  проблема  ретінде  қарастырылуына,  оның 

мазмұндылығының  артуына,  бұрындары  халықтар  байланысы  тарихында  бұрмаланып  түсіндіріліп 

келген оқиғалар мен құбылыстардың шынайы тұрғыда жазылуына кең жол аша түседі. 

Ғылыми таным методологиясын зерттеуші ғалымдар деректік материалдарға негізделген дəйектемені 

(аргумент)  жасалған  тұжырымдарға  көз  жеткізудің  методологиясы  ретінде  қарастыруды  ұсынуда. 

Сондай-ақ олар дəйектеменің фактілік (айғақтық) жəне логикалық аспектілері белгілі бір тұжырымдама 

бойынша  жасалған  тұжырымның  сенімділік  көрсеткіші  деп  санайды [18, с. 78-79]. Осындай  пікір 


176

негізінде  Түркістан  халықтарының  өзара  байланыстары  тарихына  қатысты  тың  деректік  мəліметті 

жаңа тұжырымдар жасауға алып келеді деп те есептеуге болады. Ол үшін мұрағаттық құжаттар мен 

басылымдардың материалдарымен қатар, Түркістан өлкесі халықтарының ауыз əдебиеті үлгілерінде 

жəне  сол  тарихи  кезеңнің  куəгерлері  қалдырған  қолжазбаларда  сақталып  қалған  мəліметтерді  кең 

көлемде ғылыми айналымға тартқан абзал. 

Жалпы қорыта айтқанда, Түркістан өлкесі халықтарының ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ 

ғасырдың бас кезі аралығындағы өзара байланысының өрбуін ғылыми айналымға деректерді талдай 

отырып,  молынан  енгізу  арқылы,  ол  үдерісті  өркениеттілік  ұстаным  мен  тарихилық  принципі  не-

гізінде,  сондай-ақ  гуманизм,  ынтымақтастық  жəне  мəдени-тарихи  тұжырымдамалары  тұрғысынан 

қарастырудың маңызы зор деуге болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет