Литература
1 Архив МК БКГ. Справка по 125 СП. / Подготовлена Е. Зварич. - МК БКГ - 11 с.
2 Краткая справка для бесед о боевом пути дивизии. – Киев, 1978. - 15 c.
3 Справка ЦАМО СССР. фонд 117, дело 227, опись 12915.
4 Шахов Н. Казахстанцы – защитники Брестской крепости. – Алма-Ата: Казахстан, 1964. – 144 с.
5 Dr. Rudolf Gschоpf. Mein Weg mit der 45 Infanterie Division. – Linz, 1955. – 131 с.
6 Архив МК БКГ. 125 СП. - Воспоминания Г.А. Ландышева, л/д 14/.
7 Герои из Бреста: новые документы, свидетельства очевидцев./Сост. Панасюк П.Н. и др. - Мн.: Беларусь,
1991. – 320 с.
8 Шахов Н. Там же.
9 Шахов Н. Там же.
10 Снегин Д. В те дни и навсегда. – Собр. соч. - 5 том. – 573 с.
11 Архив МК БКГ. 125 СП, л/д 46,199.
184
12 Шахов Н. Там же.
13 Шахов Н. Там же, Абишев Г. Под знаменем Родины. – М.: Военное издательство, 1967. – 212 с.
14 Шахов Н. Там же.
15 Данные Фомина Ю., Ахметовой Л., Абдыхалык М. – 2012 г.
16 Архив МК БКГ. 125 СП, л/д 23.
17 Архив МК БКГ. Справка по 125 СП. Подготовлена Е. Зварич. - МК БКГ – 11 с.
БАЙҒҰНАҚОВ Д.С.
т.ғ.д., доцент
əл-Фараби ат. ҚазҰУ
ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН КЕЗЕҢДЕСТІРУДІҢ ТАРИХНАМАСЫ
Əлемдік тарихнамада археологиялық мəдениеттер мен ескерткіштердің кезеңдестірілуін, хроно-
логиясын анықтау өзекті мəселелердің бірі болып табылады. Аталаған мəселелер біршама түпкілікті
шешілген жағдайда ежелгі кезеңді қамтитын сан алуан теориялық, деректанулық, концептуалдық та-
рихнама проблемаларын толыққанды өрбітуге мүмкіндік туындайды.
Тас дəуірі ескерткіштерінің кезеңдестірілуі мен хронологиясына тоқталмас бұрын, ең алдымен тіке-
лей кезеңдестірілу (кезеңдестіру) мен хронологияға қатысты ғалымдардың көзқарастарын талдап кет-
кен жөн сияқты. Өйткені мəселенің байыбына терең үңілу үшін бірінші кезекте неге қатысты ой-пікір
айтылып жатқандығын білген жөн. Əрине, əлемдік тарихнамада кезеңдестіру (кезеңдестірілу) мен
хронологияға қатысты көптеген ғалымдар (А.Вебер, Г.Рюккерт, С.А.Токарев, т.б.) қалам тартқандығы
белгілі. Дегенмен біз отандық ғалымдардың ежелгі дəуірлерге қатысты кезеңдестірулерімен шектел-
дік.
Белгілі ғалым Л.Б.Вишняцкий кезеңдестіруді «уақытқа сəйкестендірілген классификация» дей
келе, археологиялық кезеңдестірудің екі функциясы бар екендігін айтады: 1) олар уақыт кеңістігіндегі
археологиялық мəдениеттерді анықтайды, яғни археологияланған мəдениеттің бір бөлігінің даму
кезеңдерін айқындайды; 2) бұлар археологиялық уақыт шеңберіндегі бағдар қызметін атқарады. Ол
тас өңдеу дəстүрінің сан алуан түрлері кездесетін Орта Азия мен Қазақстан секілді ірі региондарда хро-
нология нашар дамығандықтан кешендерді археологиялық замандарға сай бөліп тастаған дұрыс дей
келе, бейтарап кезеңдестіруді пайдалану қажеттілігін айтады. Мысалы палеолитті төменгі, орта жəне
жоғарғы деп бөлген дұрыс, сонымен қатар «олдувай-ашель-мусьте» секілді түсініктер əрдайым барлық
өңірлер мен индустрияларға келе бермейді, оны қолданудың аса қажеттілігі жоқ деген пікір айтады
[1]. Қазақстанның əрбір мəдени-тарихи өңіріндегі тарихи дамудың өзіндік ерекшеліктерін ескеретін
болсақ, онда осы көзқарасты толығымен қолдауға болады.
Ал гректің «хронос» (уақыт) жəне «логос» (сөз, ілім, ғылым) сөздерінен құралған «хронология»
мақсаты мен міндеттері болса қосалқы тарихи пəндерде толымды түрде баяндалған. Оның мақсаты
түрлі тарихи оқиғалар мен құжаттар уақытын (мерзімін) анықтау, нақтылау болып табылады [2, с. 80].
Сайып келгенде, кезеңдестіру мен хронология өзара қабыса əрі жанаса отырып, белгілі бір құбылыстың
тарихи анықтамасын жасауға ат салысады. Бұл өз кезегінде тарихи дамуды жүйелеуге кеңінен жол аша-
ды. Сондықтан да біздің тарапымыздан ежелгі Қазақстан тарихнамасын түзуде осы тақырып таңдап
алынды.
Шындығына келгенде, кезеңдестіру өткенді уақыт бөлігіне (тарихи кезең, ғасыр, дəуір, т.б.) жік-
теу іспеттес. Мұндай жіктеу тарихи құбылыстарды реттеу мен талдау үшін қажет екендігі белгілі
жайт. Тарихты зерттеуде оқиға мерзімін анықтап қоя салу ғана емес, сонымен қатар кезеңдердің ше-
карасын да айқындап, оны белгілі бір тарихи феномендермен ұштастырған да абзал екендігі белгілі.
Жалпы алғанда, кез келген тарихи құбылысты зерттеуші хронология мен кезеңдестіру проблемалары-
нан айналып өте алмайды. Мұның өзі бір шетінен дəуірлер мен кезеңдердің тарихшы жұмысындағы
маңыздылығын, əрі бұларға жəне өзге де деректік қорға сүйеніп жасалған пайымдаулары оның іс-
əрекетінің барысында алатын негізгі жемісі екендігін көрсетеді. Бұл конструкциялар өткеннің фено-
мендерін зерделеуге жəрдемдеседі, алайда оны түпкілікті шешім деп қабылдамау керектігі белгілі.
Р.Дж.Коллингвуд айтқандай, барлық оқырман тарихтағы жаман не жақсы кезеңдер туралы оқи алады,
алайда бұл тарихшы тарапынан берілген белгілі бір бағаны ғана көрсетеді [3, с. 39-43]. Біздің ойы-
мызша, кезеңдестіру мен хронологияның əсіресе көне дəуірлерді зерттеуде маңызы зор. Себебі басым
бөлігі археологиялық материалдар негізінде жазылатын осы кезеңдегі тарихи үрдістерді жүйелеу ісін-
185
де əлемдік тарихнамада кезеңдестіру бойынша өзіндік методология қалыптасқандығы белгілі. Яғни,
əлемдік тəжірибе кезеңдестіруді құбылыстарды, оқиғаларды реттеу, қол жеткен табыстарға қорытынды
жасау ретінде баға беріп отыр.
Отандық тарихнамада ежелгі Қазақстан тарихын дəуірлеу немесе кезеңдестіру туралы пікір
айтқан ғалымдар арасында көне заманға қатысты көптеген пікір алшақтығы кездесіп қалып отыра-
ды. Мұны 2003 жылы 13 наурызда Ш.Ш.Уəлиханов атындағы Тарих жəне этнология институтында
«Қазақстанның тарих ғылымындағы методологиялық жəне теориялық-концептуальдық өзгерістер мен
оларды игеру мəселелері» атты тақырыпта өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға
қатысушылар да айтқан болатын. Жиынға қатысқан ғалымдардың бірі, белгілі тарихшы Х.Əбжанов
Отан тарихын кезеңдерге, дəуірлерге бөлу көкейкесті мəселе екендігін айта келе, былай деп жазады:
«Отан тарихын дəуірлеу дегеніміз, тарих ғылымының теориясы методологиялық өресін көрсететін, та-
ным биігіне көтерілу жолындағы атқарылған істер мен алдағы міндеттерді айқындайтын жауапты сəт.
Екіншіден, ол күрмеуі күрделі тарихи-өркениеттік үрдістердің бастысы мен екінші кезектегісін, негіз-
гісі мен қосалқысын айырып тануға мүмкіндік береді. Ғылыми-объективті негізделген дəуірлеу ғана
тарихи танымның көкжиегін кеңейтіп, оқиғалардың ішкі қисынын табуға, өткен күннің қорытындысы
мен сабағынан оң тағылым алуға жол ашады» [4, 45-46]. Осы тақілеттес пікірді басқа ғалымдар да
(М.Қ.Қойгелдиев, т.б.) да айтқан еді. Оларға біздің қосарымыз, кезеңдестіру зерделеп жатқан матери-
алды талдау мен реттеудің тиімді əдісі болып табылатындығы əлемдік тарихнамада белгілі жайт.
Тарихты безбендеуді тереңдете қарастыруға жағдай туғызатын кезеңдестіруді тарихшы
Т.М.Мухамедеев интерпретация əдісі ретінде де қарастырады. Зерттеушінің ойынша: бұл тіпті тари-
хи құбылыстар мен үрдістерді түсінуге де мүмкіндік береді, кезеңдестіру тарихи үрдістерді ашатын
кілт іспеттес, бұл оның жинақыланған негізгі мəні болып табылады; кез келген құбылыс дамуындағы
ғылыми кезеңдестіру субъективизмнен ада, кезеңдестіру табиғат, қоғам жəне адам ақыл-ойының объ-
ективті даму заңдылықтарын бейнелейді [5, с. 26].
Кезеңдестіру мəселесін өз ізденісіне арқау еткен ғалымдардың бірі С.К.Кентбеков кеңестік заманға
дейінгі негізгі кезеңдестіру принциптері мен тарихнама проблемаларын кеңінен талдап кетті де,
кезеңдестіруді əлемдік тарихнамаға сай төрт бірлікке бөлді. Бұлар эра, дəуір, кезең жəне этап еді.
Зерттеушінің ойынша: эра – өзінің ішкі қоғамдық мазмұнының жəне тарихи оқиғалардың өздерінен
бұрынғы уақыт кестесінен өзгешелігін байқататын уақыт кесіндісінің түсінігі; ал дəуір (эпоха) уақыт
кесіндісіндегі тарихи үрдіс, тарихи жүйелердің ауысуы ретіндігі түсінік, кезең болса, белгілі бір тарихи
жүйе ішіндегі жайттардың алмасуын не ауысуын көрсететін тарихи үрдістегі уақыт кескіні, ал этап осы
тарихи жағдай ішіндегі сан алуан оқиғалардың нақтылығын бейнелеп беретін тарих көшіндегі уақыт
кесіндісі [6]. Əрине, кезеңдестірудегі осы терминологияға қатысты бірқатар ғалымдардың өзіндік ой-
пікірлері де бар. Мəселен, С.Жолдасбайұлы дəуір миллиондаған немесе мыңдаған жылдарды көрсетеді,
дəуір ғасырға, кезеңдерге бөлінеді, заман дəуірге қарағанда қысқа мерзім, көп жағдайда біздің кезіміз,
біздің заманымыз туралы ғана айтылады деп топшылайды [7]. Ол алғашқы адамдардың қазақ жерінде
пайда болуы 2 миллион жылға барады деген Ж.Қ.Таймағамбетов сөзін тілге тиек етіп, тас дəуірі мен
темір ғасырын кейбір мамандардың (Х.Əбжанов, т.б.) бірге қосып, көне Қазақстан тарихы деп жіктеуі-
не қарсылық танытады. Айта кететін бір жайт, Ж.Қ.Таймағамбетовтың бірде-бір еңбегінде Қазақстан
аумағын алғашқы адам баласы бұдан 2 млн. жыл бұрын мекендеді деп көрсетілмеген.
Негізінен алғанда, отандық тарихнамада ежелгі Қазақстан тарихын ерте орта ғасырларға дейін та-
ратып беру кеңінен орын алған. Бұл көбіне алғашқы қауымдық құрылыс тарихнамасымен астасып
жатады. Кеңестік тарихнамада бастапқыда Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық құрылыс жəне
таптық қоғамның тууынан феодализмге дейінгі кезең, яғни ерте феодалдық мемлекеттердің пайда бо-
луына дейінгі аралықтағы уақыт шеңберіндегі тарихи құбылыстар ежелгі тарихтың құрамдас бөлігі
ретінде танылды [8]. Бұл ретте кеңестік дəуірде «догмаға» айналған əрі əлеуметтік прогрестің біртұтас
теориясы ретінде танылған маркстік формация елеулі рөл атқарғандығын айта кеткен жөн. Кейіннен
бұл кез жинақталған материалдарға қарай ішкі бірлікте немесе тұтастықта жіктелді [9].
1990 жылдардан бастап формациялық ұғымнан жəне кеңестік кезеңдестіруден бас тарта бастаған
ғалымдар белгілі бір кезеңдерді жіктеуде жаңа көзқарастар ұстана бастады. 1993 жылы баспадан жарық
көрген посткеңестік кезеңдегі алғашқы ұжымдық «Қазақстан тарихы. Очерктер» атты еңбекте ежел-
гі Қазақстан тарихының кезеңдестірілуі б.з.б. 2,5 млн. жылдан б.з. Ү ғасырлары аралығын қамтыды
[10]. Бұдан кейін көп ұзамай-ақ 1996 жылы жарық көрген көптомдық «Қазақстан тарихы» еңбегінің
1-томында алғашқы бөлімге жатқызылған ежелгі Қазақстан тарихы тас, энеолит жəне қола дəуірлерін
қамтыды, ал сақ-сармат дəуіріндегі Қазақстан екінші бөлімді, яғни ерте темір дəуірі өз алдына жеке
бөлімді қамтыған болатын [11]. Одан бергі уақытта Қазақстанның байырғы тарихын жазған кезде жеке-
186
леген авторлар да осы академиялық басылымды басшылыққа ала бастады. Олардың да кезеңдестірулері
осы еңбектегі бөлімдерге ұқсас еді.
Алайда жекелеген тарихшылардың да еңбектерінде де азды-кемді өзгерістер болғандығы да бел-
гілі. Мəселен, А.Күзембайұлы мен Е.Əбілев [12] өз еңбектерінде мынадай кезеңдестіруді ұсынды: 1)
тарихқа дейінгі кезең (3 млн.- б.з.б. ҮІІІ ғасыр); байырғы тарихқа дейінгі (протоисторический) немесе
ежелгі дəуір (б.з.б. ҮІІІ ғасыр – б.з. Ү ғасыры). Одан кейін орта ғасырлар, жаңа заман, т.с. с. жалғасып
кете береді. Бұл авторлар көне заманды ең соңғы мəліметтер бойынша 3 млн. жылға дейін апарған еді.
Алайда əлемдік тарихнама қалыбының кейбір кезеңдері Қазақстан тарихына толық келе бермейтін-
дігі белгілі. Мəселе əр жердің, əр елдің өзіндік тарихи дамуы бар екендігіне тіреледі. Біздің ойымыз-
ша, бұл авторлар көрсеткен 3 млн. жыл да, 2,5 млн. жыл бұрынғы олдувай мəдениетімен Қазақстан
тас дəуірін сипаттауды бастаған Ж.Қ.Таймағамбетовтің де жазғандары шартты түрде ғана айтылған
дүниелер. Бүгінгі күні Қазақстанды гоминидтердің мекендеуі 1 млн. жылдан ары асып қана жығылады.
Оның өзі де топшылау негізінде ғана жасалған көзқарас. Əрі Л.Б.Вишняцкий айтқандай Орта Азия
мен Қазақстан көне тарихын кезеңдестіргенде Батыс Еуропаға немесе Африкаға тəн тарихи белестерге
жұмбаздай салуға да болмайтындығы анық.
Бірқатар мамандар, солардың ішінде академик М.Қ. Қозыбаев та отандық тарихнамадағы
кезеңдестіруге қалам тартып, көне дəуірлерді бір жүйеге келтірген кезде, белгілі бір оқиғалармен не-
месе тарихи құбылыстармен байланыстыруға тырысты. Мысалы, ол «Ата тарих туралы сыр» атты
мақаласында Қазақстан тарихын «асқаралы белестерге» бөлген еді. Біздің ізденісімізге хронологиялық
тұрғыдан арқау болып отырған кезеңге кіретіндерін (палеолиттен ерте орта ғасырларға дейін) ғана
сипаттап кетсек, біріншісі – адам баласы қазақ сахарасында пайда болып, өмір сүрген белес; екіншісі
– сақ, үйсін, қаңлы, алшын, ғұндар заманасы [13]. Автор ізденісіндегі «белестер» жоғарыда айтылған
«Қазақстан тарихы» секілді іргелі басылымдарға еніп, толымды түрде көрініс тапқандығын бірқатар
мамандар (Х. Əбжанов, т.б.) да кейіннен көрсетіп берді. Дегенмен Ə.Əбдəкімұлы секілді кейбір та-
рихшылар осындай ұстанымдарды басшылыққа алып, хронологиялық жағын көрсетпей-ақ ежелгі
Қазақстан тарихын «Қазақ жері алғашқы адамдар мекені» жəне «Ежелгі көшпенділер дəуірі» секілді екі
тақырып аясында тоғыстырды [14]. Тарихшылардың былайша белестерге бөлуін, біріншіден бұрынғы
кезеңдестіру методологиясына жаңаша көзқараспен қарауға ұмтылушылықпен, екіншіден көпшілікке
түсінікті тілмен жеткізу мақсатынан туындаған деуге де болады.
Ежелгі Қазақстан тарихының соңғы кезі қай уақытпен аяқталынатындығы да ғалымдар ара-
сында пікір-таласқа толы. Көпшілік əдебиеттерде ол Ү ғасырда аяқталынады да, одан кейін ерте
ортағасырлық кезең басталынады. Алайда ғылыми əдебиеттерде, оқулықтар мен оқу құралдарында
Ү ғасыр көрсетілгенімен, бұл ғасыр біршама ізденістерде азды-кемді немесе бірер жол сөзбен ғана
сипатталынып, бұдан кейін бірден Түрік қағанатының құрылуы жəне одан кейінгі оқиғалар желісі бас-
талып кетеді. Сайып келгенде, отандық тарихнамада б.з. ІІІ-Ү ғасырлары ең аз зерттелген белес бо-
лып табылады. Осыған орай, ғалымдар арасында əлемдік тарихнамадағы орта ғасырлардың басталуы
кеңінен орын алған. Ал бұл үрдіс 395 жылы Рим империясының құлауынан кейін басталса, бұл кездері
Қазақстан тарихында айтарлықтай елеулі оқиғалар байқала қоймайды. Тіпті Ү ғасыр толымды түрде
зерттелінген жоқ деп те айтып жүрген мамандар жеткілікті. Бұл жердегі мəселе ежелгі тарихымыздың
соңғы кезі мен орта ғасырлардың басталуын нақты шешуге деген талпынастардан туындаған.
Сол себепті де болар Б.Б. Ирмуханов орта ғасырлық тарихты кезеңдестіруді ҮІІ ғасырдан бас-
тайды. Ол Қазақстан тарихындағы ілкі замандарды кезеңдестіруді – ең ежелгі тарих (палеолиттен
қола ғасырына дейін), ежелгі тарих (қола ғасырынан б.з. ҮІ-ҮІІ ғасырларға шейін) деп бөледі. Б.Б.
Ирмуханов сонымен қатар ЮНЕСКО шығарған алтытомдықтағы «Орталық Азиядағы өркениеттер та-
рихы» еңбегінде жасалған кезеңдестіруді де өте қызықты деп табады. Онда ежелгі дəуір былайша жік-
телген еді: ерте өркениеттер (тас дəуірінен ерте темір ғасырына дейін), ежелгі тарих (б.з.б. ҮІ ғасырдан
б.з. ҮІІ ғасырына дейін) [15, с. 16-17]. Автордың осы сілтемесінен-ақ, оның аталмыш басылым негізін-
де өз кезеңдестіруін жасағандығын байқауға болады.
Ал Ж.О. Артықбаев сынды тарихшы ең ежелгі жəне көне кезеңді (алғашқы еңбек құралдары пайда
болған б.з.б. 2,5 млн. жылдан басталады) тас дəуіріне, қола ғасырына жəне скиф-сақ дəуіріне жік-
тейді де, Қазақстан тарихындағы орта ғасырды халықтардың Ұлы қоныс аударуынан бастайды [16,
с. 31]. Автор əлем тарихында елеулі орын алған осы құбылыстың саяси-экономикалық мəні зор
екендігін айтады. Алайда бірқатар авторлардың (Б.Б.Ирмуханов, т.б.) сынына ұшырағанымен Ж.О.
Артықбаев кейінгі еңбектерінде де кезеңдестіруге қатысты осы айтқандарын дəлелдеумен болып,
ежелгі Қазақстан тарихын тас, қола жəне сақ дəуірлеріне бөлуді қайталап отырды. Бұл ғалым ұсынған
кезеңдестірудегі жаңашылдық орта ғасырлар ғұн заманынан басталғанымен Ж.О. Артықбаев еңбегінде
187
кангюй, усуньдердің өткені этносаяси тарихпен бірге азды-кемді өрбітілгенімен, олардың жəне басқа
этностардың (сармат, алан, т.б.) мəдениеттері тарихымыздан қағыс қалып қалатын сыңай танытады.
Сөйтіп, бірқатар ғалымдар тарапынан жоғарыда айтылған көзқарастар мен тұжырымдарға қарағанда,
Қазақстанның ежелгі тарихын кезеңдестіру əлі түбегейлі шешімін таба қойған жоқ. Мамандар тарапы-
нан (Т.О. Омарбеков, З. Алдамжар, М.Қ. Қойгелдиев, В.З. Галиев, т.б.) Қазақстан тарихын кезеңдестіру
жасалғанымен, бұл мəселенің жекелеген проблемалары əлі де нақтылай түсуді қажет етеді [17]. Олардың
қатарына көне тарихтың əрбір мəдени-тарихи кезеңдерінің орнын, хронологиясын, ерте темір дəуірінің
ілкі замандардағы рөлін, белгілі бір өңірлердегі тарихи даму кезеңдерін айқындауды жатқызуға бо-
латын сияқты. Əрине, кезеңдестіру бағытында еңбек еткен кейбір мамандардың ізденістерін ғылыми
талдаудан өткізумен айналысқан тарихшылар (Ж. Арынов, т.б.) еңбектерінің маңызы зор. Дегенмен
көпшілігі көне тарих қойнауына тереңдеп бара қоймайды, кейде археологиялық материалдармен таныс
болмағандықтан, біздің ойымызша дəуірлер арасындағы бірқатар жайттарды талдауда қателіктерге бой
алдыру да орын алатын сыңай танытады.
Қорыта айтқанда, Қазақстан ежелгі заман тарихын кезеңдестіруде əлемдік тарихнама басымдық
танытады жəне де оның үлгілерін пайдалану көне дəуірдегі көптеген проблемаларды айқындауда
елеулі табыстарға қол жеткізді деуге болады. Алайда тарихи кезеңдерді ең алдымен археологиялық
материалдар мен жазбаша дереккөздері тұрғысынан нақтылай түсу толық жасалмай жатқандығы да
байқалады. Əзірге ежелгі Қазақстан тарихын палеолиттен бастап ҮІ ғасырға дейінгі уақытпен шекте-
ген жөн секілді. Себебі отандық тарихнамада бұл кезеңдестіру біршама қалыптасып та қалды. Сонымен
қатар оны ең ежелгі (древнейший) жəне ежелгі (древний) деп бөліп-жарудың да қажеттілігі шамалы.
Егер бұлай жасаған күнде ондағы ерте темір дəуірін «ежелгі тарих» айдарымен жеке көрсетер болсақ,
онда мəдени-экономикалық жағынан біршама өзгерістер орын алған қола дəуірін, тіпті өтпелі кезең
екендігіне қарамастан металды игеруде түбегейлі бетбұрысқа алып келген энеолитті де жеке-жеке
жіктеуге тура келеді. Ежелгі Қазақстан тарихының аяқталуын Түрік қағанатының құрылуына дейін
ғана алу, одан кейін ерте орта ғасырлар кезеңінің басталуы тарихи əдебиеттерде кеңінен орын алып
отырғанымен, оны жекелеген зерттеушілердің мойындай қоюы қиын болып та тұр. Мұны мамандар
тарапынан ілкідегі тарих қалтарыстарын нақтылуға деген ұмтылыстардан туындап отырған жайт деуге
болады. Бəлкім, соңғы шыққан ЮНЕСКО көптомдығы секілді Қазақстан ерте орта ғасырлар тарихын
ислам өркениетінің қалыптасуымен бастап көру де керек сияқты. Себебі бұл құбылыстың əлем тари-
хын түбегейлі өзгерткендігін ешкім жоққа шығара алмайды жəне де оны қазіргі таңда барлығы мойын-
дай бастады. Сайып келгенде, біз ғалымдар еңбектерінің бір парасына ғана тоқталдық, сондықтан да
аталмыш проблеманы əлі де ғылыми тұрғыдан қаузай түсу болашақтың еншісіне қалып отыр.
Əдебиеттер
1. Вишняцкий Л.Б. Периодизация как средство ориентации в археологическом времени (на примере Средней
Азии и Казахстана) // Проблемы палеолита и мезолита Волго-Уралья. Тез. регионального совещания. – Саратов:
Изд-во Саратовского гос. ун-та, 1992. – С. 3-6.
2. Кобрин В.Б., Леонтьева Г.А., Шорин П.А. Вспомагательные исторические дисциплины: Учеб. пособие для
студентов ист. фак. пед. ин-тов. – М.: Просвещение, 1984. – 208 с.
3. История исторического знания: пособие для вузов / Л.П.Репина, В.В.Зверева, М.Ю.Парамонова. – 2-е изд.,
стеротип. – М.: Дрофа, 2006. – 288 с.
4. Əбжанов Х. Отан тарихын кезеңдерге бөлу мəселелері // Отан тарихы. – 2003. – № 1. – 45-51 бб.
5. Мухамадеев Т.М. К вопросу о периодизации истории Казахстана // Вестник КазНПУ им. Абая. Сер.
«Исторические и социально-политические науки». – 2009. – № 4. – С. 26-31.
6. Кентбеков С.К. Проблемы историографии и основные принципы периодизации истории досоветского
Казахстана: автореф. ... канд. ист. наук: 07.00.09. – Алматы, 1997. – 20 с.
7. Жолдасбайұлы С. Тарихымызды дəуірлеу бұл үлкен жауапкершілікті талап етеді // Егемен Қазақстан. –
2003. – 11 қараша.
8. Қазақ ССР тарихы. І том. – Алматы: Қазақ мемл. баспа, 1957. – 639 б.
9.Қазақ ССР тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. – Алматы: Қазақ ССР-інің «Ғылым» баспасы,
1980. – Т. І. – 496 б.
10.Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (очерк). – Алматы: «Дəуір» баспасы, 1993. – 446 б.
11. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. –Алматы: «Атамұра», 1996. – Т. 1.
– 544 б.
12. Кузембайулы А., Абилев Е. История Казахстана: Учебник для вузов. 7-е изд., перераб. и доп. – СПб.:
Соларт, 2004. – 420 с.
13. Қозыбаев М.Қ. Ата тарихы туралы сыр // ҚР ҰҒА Хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы. – 1993. – №
1. – 4-18 бб.
188
14. Əбдəкімұлы Ə. Қазақстан тарихы (ерте дəуірден бүгінге дейін). Оқу құралы. – Алматы: Республикалық
баспа кабинеті, 1997. – 402 б.
15. Ирмуханов Б.Б. История Казахстана: опыт теоретико-методологического исследования. – Алматы:
Издательский дом «Наш мир», 2004. – 448 с.
16. Артыкбаев Ж.О. История Казахстана: Учебник для вузов. Костанай: ТОО «Центрально-Азиатское книж-
ное издательство», 2007. – 320 с.
17. Арынов Ж. Тарихты кезеңге бөлудің методологиялық-теориялық мəселелері // Қазақстан жалпы адамзаттық
тарихи ойлау аясында: халықаралық Бекмаханов оқуларының материалдары. – Алматы: Қазақ университеті,
2004. – 142-146 бб.
СЫЗДЫҚОВ С.М.
т.ғ.д., профессор Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ
(Астана)
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ДƏУІРЛЕУДІҢ ЖАҢА ҰСТАНЫМДАРЫ
МƏСЕЛЕСІ БОЙЫНША ТҮРІК КЕЗЕҢІН ДƏУІРЛЕУДІҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ
Тарихты дəуірлеу əр түрлі анықтауышы бар өлшемдермен жүзеге асуы мүмкін. Қазіргі таңда,
өндірістік əдіс-тəсілдермен байланыстырылатын марксистік теория немесе осы марксистік теорияға
альтернативті болып табылатын, экономикалық даму мен тұтыну негізіне жататын американдық со-
циолог жəне тарихшы У. Ростоудың теориясы – дəуірлеудің негізіне алынуы жиі кездеседі.Еуропа
жақта алғашқы тарихи дəуірлеудің жүйелі нұсқасын жасауға талпынғандар XVI ғасырдың аяғындағы
гуманистер Ж. Скалигер мен Д. Петавиус болды. Олардың жұмыстары талай рет сынға ұшырағанмен
негізін көпшілік қабыл алды. Тарихты дəуірлеуге өркениеттік, циклдық, этногенездік, тіпті гендерлік
тұрғыдан келуші ғылыми мектептер де баршылық [1,26-32].
Адамзат тарихын дəуірлеу қазірде кеңінен тараған тарихи кезеңдермен: алғашқы қауымдық құрлыс,
ежелгі дəуір, орта ғасыр, жаңа заман жəне қазіргі заманға бөлінеді. Осы дəуірлеуді ескере отырып,
түркілердің ортақ тарихының ерекшеліктеріне сəйкес іштей 5 тарауға бөлу жүйесі ұсынылады. Оның
өзінде жазылып жатқан 10-томдық Қазақстан тарихының түрк дəуірінің құрылымы мен атауларын
бұрыңғы төрт томдық Қазақстан тарихының құрылымымен салыстыра отырып, өз пікірлерімізді
негіздеп көрсетуге тырыстық. Жалпы, бұрыңғы «төрттомдықтың» Отан тарихын дəуірлеуде жəне
кезеңдерге бөлуде үлкен жетістікке жеткенін атап өту орынды. Сонымен қатар, қазір жаңа ХХI-ғасырға
аяқ басқандағы үлкен өзгерістер мен қойылған жаңа талаптарға сəйкес, түрк дəуіріне мазмұндық жəне
хронологиялық тұрғыдан біршама өзгерістерді еңгізу қажеттілігі алға қойылады.
Əуелі осы «түрк», «түркі», «түрік» атауларының қолдану аясын анықтап алған дұрыс. Бұл атаулар əр
жерде əр түрлі қолданыста болып, осы уақытқа дейін ғалымдар ды да, оқырман қауымды да шатысты-
рып келді. Мұны анықтағанда түрктердің өз төл жазуынан, яғни Моңғолиядағы Бұғыты ескер-ткішінде
көпшілік түрінде кездескен «tr’wkt» сөзінен туындату керек [2,52]. Лингвистер руникалық,ұйғырлық
жəне арабтық нұсқаларды салыстыра отырып, оның негізгі түбірі «turk» екендігін мойындағаны бел-
гілі[3,37]. Ендеше, қарастырып отырылған кезеңдегі (ортағасырлық) қолданыста «түрк» болып, ал
«түркі» көпшілік мағынада пайдаланса, ал қазіргі Анадолыдағы түрктер «түрік», немесе «түріктер»
деп бұрыңғысыша өз қалпында айтыла бергені қолайлы деп санаймыз.
Отан тарихының түрк дəуірі бөлімінің атауы мен ішіндегі тараулары жəне параграфтарының жалпы
ұсынылатын жобасы төмендегідей:
Достарыңызбен бөлісу: |