Литература
1 Ленин В.И. Полн. Собр. Соч. - Изд. 5. - Т.37. - С. 190.
2
Қазақ мақал-мəтелдерінің алтын кітабы. - Алматы: Аруна, 2010. - С.5.
ИСМАҒҰЛОВ Ұ.Ш.
т.ғ.д., доцент,
Қ. Жұбанов ат. Ақтөбе МУ
ОТАН ТАРИХЫН ОҚЫП ИГЕРУДІҢ КЕЙБІР
ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ МƏСЕЛЕЛЕРІ
Бұрынғы КСРО-ғы ХХ ғасырдан 80-жылдарының екінші жартысынан басталған саяси-əлеуметтік
өзгерістер кеңестік қоғамға қызмет еткен тарих ғылымына да əсерін тигізгені белгілі. Соған байланысты
тарих ғылымындағы дағдарысты жою төңірегінде тарихшы мамандар арасында əрекеттер пайда болды.
Пікірталас тарихи процестің макротүсіндірме моделін таңдау төңірегінде өрбиді, яғни күн тəртібіне
формациялық немесе өркениеттік бағыт ұстану қажеттілігі тұрады. Осы, 1980 жылдың екінші жартысы
– 1990 жылдың бас кезіндегі пікірталасқа қатысушылар арасында формациялық бағытты ұстанушылар
басым болды. Ал оппоненттері осы моделдің кемшілік тұстарын анық көрсетіп, өркениеттілік моделдің
тиімділігін дəлелдеп бақты. Сөйтіп, тарих ғылымының жаңа негіздерін іздестіру басталады. Осы жол-
да əр түрлі тарихи-методологиялық тұжырымдар ұстанған революцияға дейінгі орыс ғалымдарының,
батыс ғалымдарының еңбектері кеңінен жарияланады. 1990 жылдың екінші жартысында тарих теория-
сы мен методологиясының проблемаларына арналған посткеңестік кезеңдегі алғашқы еңбектер жарық
көрді. Олардың ішінен О. М. Медушевская мен М. Ф. Румянцеваның « Методология истории » ( М.,
1997 ), И. М. Савельева мен А. В. Полетаевтың « История и время. В поисках утраченного » ( М., 1997
), т.б. зерттеулерін атап өтуге болады [1,c.153].
Теоретикалық пікірталастар тарихқа монокөзқарастан плюралистік көзқарасқа көшуге алып келді.
Қазіргі таңда тарих ғылымының мəртебесін одан əрі көтеру, тарихи білімдерді түрлі саяси жəне
идеологиялық ықпалдардан ада объективті, ақиқат қалыпта жеткізу мəселесі тұрғаны белгілі. Соған бай-
252
ланысты ғылыми – зерттеу əрекеттерінде интуиция мен рухани ынта басты орынға көтерілуі керектігі
айтыла бастады. Соның əсерінен болар соңғы кездері дүниежүзілік тарихи процес мазмұнының кеңеюі,
жаңаруы жəне мұнда сол тарихи процестің мазмұны емес, оның пайда болуының бағалануының өзгеруі
байқалады. Ал ол өз кезегінде адамзат тарихының өткен кезеңдеріне, яғни мемлекеттік құрылыс жəне
халық шаруашылығы əрекеттері формаларына, дүниетанымдарына, діни наным-сенімдеріне, ұлттық
мəдениет ерекшеліктеріне, тарихтың ұлы оқиғаларына, ұлы тарихи тұлғаларға, т.б қызығушылық
туғызады.
Əрине, осындай күрделі де келелі мəселелердің бірі ХХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы кеңестік
жер саясатының мəн-мазмұны болып табылатындығы белгілі.
Айта кетер жай, жер мəселесін қозғағанда жалпыкеңестік экономиканың даму бағытына, дəрежесіне,
нəтижелеріне, зерттелуінің, бағалануының теоретикалық ерекшеліктеріне назар аудармау мүмкін
емес.
Ол рас, кеңестік кезең экономикасы бір жақты дəріптелді, қайшылықтары ашылып көрсетіле бер-
меді, яғни осы бағытта жүргізілген зерттеулерде, əдебиеттерде шаруашылықтың социалистік жүйесі
артықшылығы басты нысана болды.
КСРО құлағаннан кейін жағдай күрт өзгеріп, кеңестік экономика тарихы социалистік құрылысты
құлатып тынған қаптаған қателіктер, қайшылықтар өзегі ретінде үзілді-кесілді сынға ұшырады. Ал
келесі бір жағдайда шындық айтылғанмен, фактілік жағынан толыққанды бола бермеді.
Кеңестік кезең экономикасы тарихын көрсететін осы екі бағыт та белгілі бір дəрежеде
идеологияландырылған болып есептеледі, яғни екеуінің де əдіс-тəсілі фактілердің бірі жөнінде жақ
ашпауға, екіншісі жайында баса айтуға негізделді.
Экономика тарихын жазудың идеологияландырылған сипатын «Америка тарихының циклдары»
еңбегінің авторы Артур М.Шлезингер (кішісі) тарихнаманың үш фазадан өтетіндігі жөніндегі пікірін
растай түседі. Алғашқы кезде «екпінді ерлік» фазасында жетістіктер сипатталады. Сонан соң «реви-
зионистік» фаза келіп, барлық жетістіктер қайта елеуге ұшырайды. Біраз уақыттан кейін, яғни саяси
белсенділіктер мен эмоциялар басылған соң тарихшылар академиялық фазаға көшеді [2, с.18]. Біздің
алдымызда да мəселеге байыпты бағасын беретін үшінші фаза тұр деп санаймыз.
ХХ ғасырдың 90-жылдарындағы аса ірі тарихи оқиға тарих ғылымының дамуына да оң ықпалын
тигізгені айтпаса да түсінікті. Əсіресе, отандық тарих ғылымының дамуында түбегейлі бетбұрыс бол-
ды. Бұрын идеологиялық тізгінмен айтылмаған немесе əдейі айтылмаған мəселелер бойынша кеңінен
зерттеулер жүргізіліп, халыққа жеткізіліп жатты. Бұл арада осы əрекеттердің кезеңдік ерекшеліктері
болғандығына назар аударған жөн. Бірінші кезең 1917 жылға дейінгі аралықты, яғни қазақ жеріндегі
б.з.д. тарихи оқиғалардан патшалық биліктің құлаған кезіне дейінгі аралық; екінші кезең Кеңес үкіметі
орнағаннан кейінгі уақыт. Алғашқы кезеңде қазақ халқының арғы-бергі тарихы мəселелері, бұрын
кеңінен дəріптеуге тиым салынған хан, батырлар, билер, жеке ру-тайпалар бас көтерерлері, т.б. зерттеу
аясына тартылса, екінші кезеңде кеңестік тоталитарлық жүйенің қайшылықтары, осы жүйе езгісінде
болған қазақ қоғамының көрген зардаптары жан-жақты қарастырыла бастады.
Отандық тарих ғылымының дамуындағы жаңа бағыттарын қалыптастырудағы іс-əрекеттер жайын
қозғағанда, əрине академик М.Қ. Қозыбаевтың орны бір бөлек. Осы мəселелер жөнінде кезінде ол «Та-
рих білімінің идеология қыспағынан шығуы кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихын жан-жақты зерттеп
игеруге жол ашты. Осы жолда біршама объективті теориялық-концептуалдық ұстанымдар жасақталды,
жаңа бағыттағы ғылыми-танымдық жəне методологиялық аппараттар игерілді. Дегенмен, əлі де болса
көптеген мəселелер тыңғылықты ғылыми талдаудан тыс қалып жатыр»-деп, көрсеткен еді [3,45-б.].
Əрине, отандық тарих ғылымының ғылыми жүйеленген методологиялық бағдаршамы болмауы
зерттеу бағыттарының жүрісінде қиыншылықтар туғызды.
Соған байланысты Қазақстан тарихы ғылымындағы методологиялық мəселелер бағытын нақтылауда
бірнеше халықаралық деңгейде конференциялар, бас қосулар болды. 2003 жылы 13 наурызда Ал-
маты қаласында өткізілген «Қазақстанның тарих ғылымындағы методологиялық жəне теориялық-
концептуалдық өзгерістер мен оларды игеру мəселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық
конференцияның орны ерекше болғандығын айтып өткен жөн. Конференцияда тəуелсіз Қазақстан
дамуында тарих ғылымының жаңа сатыға көтерілуі, соның айналасындағы проблемалар сияқты ке-
лелі мəселелер жан-жақты қарастырылады. Кеңестік идеологияның жойылып, ой еркіндігіне қол
жеткізудің тарих ғылымына əсері жайында тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Қ.Қойгелдиев
төмендегідей пікір білдіреді: «Қазіргі уақытта тарих ғылымында түрлі баламалық пікірлерге шектеу
жоқтығы жөнінде сенімді айтар болсақ, тура осы пікірді зерттеу методологиясына да қатысты білдіру-
ге болады. Біздің пікірімізше, мұндай жағдай ғылымдағы қалыпты құбылысқа айналуы тиіс» [6,9-б.].
253
Десек те бұл арада мынадай жағдайды ескеру керек. Тəуелсіздіктің алғашқы жылдарында пікірлер
еркіндігі бұрын идеологиялық методология қалыпына салынған құбылыс, оқиғаларға, жеке тұлғаларға
объективті бағаларын беруге жол ашылды. Алайда осы ой-пікірлер еркіндігінің қайшылықты жақтары
байқалып қалғандығы жасырын емес, яғни профессор М. Қойгелдиев атап көрсеткендей «...тарихта
орын алған құбылыстарды бұрмалау арқылы, оларға белгілі бір топтардың бүгінгі мүддесіне сəйкес ке-
лерліктей астар, мазмұн беру» əрекеті өршиді жəне осы əрекет ғылымда «мифтендіру» немесе «ойдан
жасалған тарих» деген ұғымға ие болады [4,10-б.].
Осы мəселе жөнінде Ресей ғалымдары да қапаланушылық білдіруде. Мысалы, А.Ливентов былай деп
келтіреді: « Қазіргі кезде біз жаппай, жоғарғы қарқынмен доктриналдық əдіс-тəсілдерді қолданудамыз.
Біз өзімізге жəне басқаларға мынадай жағдайларды дəлелдеуге тырысып бағудамыз: « москалдар мың
жылдан астам уақыт ұлы малорось халқын қанады, Смоленск атам заманнан белорусь қаласы бол-
ды, Латвияда 1940 жылға дейін ешқандай орыс болмады. Көптеген елдер адам сенгісіз тарих ойлап
шығаруда» дейді [5,10-б.].
Отан тарихы жəне тарихи білімдер жай-күйін бүгінгі күн тұрғысынан анықтаудың парадигмала-
ры жөнінде тарихшылар жан-жақты пікір білдірді. Олар өз пікірлерінде тəуелсіздік алғаннан кейін-
гі он жылдықтан астам уақытта отандық тарихтың методологиялық жəне теориялық-концептуалдық
проблемаларына қатысты мəселелер объективті жағдайларға байланысты қойылмай келгендігін, сол
аралыққа шейін білімнің экстенсивті жинақталуы процесі жүргендігін келтіріп, ол процестің тарихтың
өткенін плюралистік тұрғыда қарастыру əрекетінің пайда болуына əкелгенін айтады. Ғалым тарих жəне
басқа да қоғамдық ғылымдар екі нарықтық жағдайда əрекет етіп отырғанын, біріншісі академиялық
деп аталатынын, мұнда тарих ғылымы маман-ғалымдар арқылы таза, ақиқат, ғылыми болып келетінін,
ал екіншісінде кездейсоқтық басым түсетіндігін жеткізеді [6,107-108- бб.]. Бұл пікір жоғарыда кел-
тірілген ғалым-тарихшы М.Қойгелдиевтің ой-пікірін растай түседі.
Бұрынғы маркстік-лениндік методологияның тізгінделуі қоғам танудағы дүние жүзілік тəжірибелерді
пайдалануға қол жеткізді. Соған байланысты қазіргі таңда бұрынғы кеңестік елдер тарихнамасын-
да методологиялық плюрализм қанат жая бастады. Соған байланысты ғылыми-танымдық кеңістікке
бейімдеу (модернизация) теориясы шықты. Соңғы кездері осы теорияны қазақстандық ғалымдар да
кеңестік тоталитарлық биліктің Қазақстанда жүргізген өктемшіл саясатын əшкерлеуге кеңінен пай-
далануда. Əсіресе, ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында Қазақстанда қолға алынған түрлі экономикалық
тəжірибелерді осы теория аясында қарастыру назар аудартады.
Жалпы, жаңа жəне қазіргі замандағы тарихи процестерді түсіндіруде модернизация моделін пай-
далану үлкен мүмкіншілік береді деп саналды. Осы модернизация теориясын игеру, жан-жақты
қарастыру ХХ ғасырдың 80-жылдарының ортасынан кең етек алады. 1990 жылдың басында Ресей фе-
дерациясы ғылыми басылымында « Ресей модернизациясы: проблемалары жəне перспективалары »
тақырыбына арналған дөңгелек стол материалдары жарияланады. Онда ресейлік интеллектуалдардың
модернизациялық парадигманы игеру ерекшеліктері жəне тарихи-теоретикалық конструкциялардың
оларды жасақтаған авторлардың саяси-идеялық ұстанымдарына тəуелді болатындығы көрсетіледі.
Дөңгелек столға қатысушылардың басым бөлігі модернизацияны дəстүрлі қоғамнан қазіргі қоғамға,
яғни аграрлықтан индустриялыққа өту деген пікірде болады. Олардың түсініктерінше модернизация
қоғамның барлық жағын (экономикалық, əлеуметтік, саяси, құқықтық, мəдени) қамтитын кешенді про-
цесс болып табылады.
Ресейлік модернизация жөнінде түрлі көзқарастар болды. А.С.Ахиезер « Ресей- бөлшектенген
өркениет » тұжырымдамасын ұстанады. Ол Ресейде модернизация қоғамды өркениеттілікке
өткізетін көпір бола алмағанын келтіреді. Оның ойынша оған басты себеп түрлі əлуметтік топтардың
қалауындағы модернизацияның бір нүктеге түйіспеуінен шықты. Егер «басқарушы топ» үшін ол
«қат ресустарды көбейту құралы» болса, ал «тарихи қалыптасқан қатынастарды» сақтап қалуға
ұмтылған тұрғындардың басым бөлігі үшін модернизация жоғарыдан таңылған өктемшіл нұсқау
ретінде қабылданып, қарсылықтарын туғызады. Сөйтіп, модернизация «қоғамның басты бөлігінің
творчестволық потенциалының төмендеуі» есебінен жүзеге асырылады. Ресейде ол ешқашан « ...
ұлттық мəдениет ерекшелігін бұзбау мақсатында» қарастырылмайды. Осының негізінде, А.С.Ахиезер
Ресейде нақты модернизацияны көрсетуге тырысқан жалған модернизацияға жол берілді дейді. Л.С.
Васильев те А.С.Ахиезер сияқты Ресей ХХ ғасырда модернизацияның екі түрінен, яғни «шынайы»
жəне «жалған» (Кеңестік Ресейдің жалған модернизациясы) түрлерінен өткені жөнінде тұжырым жа-
сайды [1,c.159].
Кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихын зерттеп игеруде Отан тарихын дəуірлеудің өзіндік орны
бар. Осы дəуірлеудің теориялық-методологиялық негізін тарих ғылымдарының докторы, профессор
254
Х.Əбжанов жан-жақты талдап берді. Профессор Х.Əбжанов кеңестік кезеңді зорлық пен модернизация-
лау дəуірі ретінде қарастыра отырып, осы кезеңге мынадай баға береді: «Большевиктер билеген 74 жыл
ішінде Қазақстан тарихы көңілге қуаныш ұялататын жетістіктермен де, өзекті өртейтін өкініштермен
де бедерленді. Қазақ мемлекеттігі қайта дүниеге келгенмен оның өз еркі өзінде болмады. Ата заңымыз
қабылданғанмен іс жүзінде жартыкеш күйде жұмыс істеп тұрды, өкімет халықтікі болып саналғанмен
қалың көпшілік ел басқарудан шеттетілді, республиканың экономикалық қуаты артқанымен, ол еңбек
адамының əл-ауқатын түзеуден гөрі əскери-өнеркəсіптік кешенге көп бағынышты еді, ұлт зиялыларын
даярлау үздіксіз қуғын-сүргінмен ұштастырылды...» [7,50-б.].
Деректерді жаңа методологиялық негізде игеру мəселесінде тарих ғылымдарының докторы, про-
фессор Т.Омарбеков зор үлес қосқандығы баршаға аян. Ол осы мəселеде ресейлік ғалымдардың, атап
айтқанда тарих ғылымдарының докторы, профессор В.А.Муравьевтың тарих, оның ішінде деректану
ғылымындағы методологиялық дағдарыстан шығудың екі түрлі нақты жолын, яғни біріншісі өткенді
жəне бүгінгіні жаңа парадигма негізінде, жаңа проблемалар қою арқылы ой елегінен өткізу, екіншісі
ғылыми айналымға барлық деректерді тұтастай енгізу керектігі сияқты тұжырымына қолдау көрсетіп,
«бұл пікірді басшылыққа алу ХХ ғасырдың 20-30 жылдарын ғана емес, жалпы əкімшіл-əміршіл жүйенің
барлық мəселелерін жан-жақты сипаттауға, олар бойынша жаңа салиқалы қорытындылар жасауға алып
барады» деп түйіндейді [8,10-б].
Шындығына келгенде бүгінгі күндері барынша дəріптелетін методологиялық плюрализм теориясы
немесе қазіргі кезеңде айтылып жүрген ой еркіндігі мəселесі көп жағдайда сақтықпен қарауды талап
етеді. Сол себепті де кеңестік кезеңдегі тарих ғылымының методологиялық тəжірибелерінен үзілді-
кесілді бас тарта қоюдың да қажеті шамалы сияқты. Бұл жағынан қазақстандық тарихшылар да қолдау
көрсеткен ресейлік ғалым-тарихшы В.В.Журавлевтың «Тарихшылардың ең басты міндеттерінің бірі-
ахуалды безгек күйден «кəдімгі дағдарысқа», яғни сыни, жасампаздық жағдайға түсіру болуы керек.
Тарихтың қазіргі методологиясын құру үшін тексеріс жүргізіп, бұзылған ескі үйдің қандай кірпіштері
өз қызметін атқарып болды, қайсысы əлі де болса іске жарайды, соны анықтауымыз керек»-деген пікірі
көп жайды аңғартады [9,16-б.].
Қорыта келгенде, тарихты, оның ішінде Отан тарихын теориялық-методологиялық жағынан иге-
руде əлемдік жетістіктерді кеңінен пайдалану керек. Дегенмен, кеңестік кезең тəжірибелерінің игі
жақтарын да ескеру қажет. Осы жағдайлар мəселені игеруде неғұрлым объективті мазмұн береді деп
түйіндеуге толық негіз бар.
Əдебиеттер
1. Проскурякова Н.А. Концепции цивилизации и модернизации в отечественной историографии // Вопросы
истории. - 2005. - №7. - С.153-165.
2. Абалкин Л.И., Иванов Е.А. Судьбы, противоречия и периодизация развития Советской экономики // Эконо-
мическая история СССР. -М.: ИНФРА, 2007. - 496 с.
3. Козыбаев М.К. Актуальные проблемы изучения отечественной истории и возрождение казахского обще-
ства. - Алматы: Казахстан, 1998. – 176 с.
4. Қойгелдиев М. Отан тарихының методологиялық мəселелері // Отан тарихы. - 2003. - № 1. - 9-13 бб.
5. Левинтов А. Реальность и действительность и истории. - М.: АГРФ,2006. - 384 с.
6. Мажитов С. Отечественная история и историческое образование: новые парадигмы // Отан тарихы. - 2003.
- № 1. - С.107-111.
7. Əбжанов Х. Отан тарихын кезеңдерге бөлу мəселелері // Отан тарихы. - 2003. - № 1. - 45-51бб.
8. Омарбеков Т. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті: көмекші оқу құралы. - Алматы: Санат,1997. - 320 б.
9. Мұхатова О.Х. Қазақстандағы аграрлық өзгерістер тарихнамасы (ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ.):докт. дис. авторефе-
раты. - А.,1999. - 50 б.
255
НАПИЛ БАЗЫЛХАН
Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының
жетекші ғылыми қызметкері (Алматы)
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТАРИХНАМАСЫ: КӨНЕ ТҮРІК ДƏУІРІНЕ
БАЙЛАНЫСТЫ КЕЙБІР ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ МƏСЕЛЕЛЕР
Қазақстанның ортағасырлық тарихнамасында бірізді етіп бекітуді талап еткен, кезек күттірмейтін
бірсыпыра тарихи-деректанулық терминдер мен атаулар бар. Аталмыш атаулардың көпшілігі бұрын
зерттеулерде «жасанды», тарихи деректерде аталмаған, кездеспеген, тіпті қазіргі заман тұрғысынан
атағандары (мысалы, Бумынь – дұрысы Бұмын, Иштеми- дұрысы Естемі , Тоникөк, Тоныкөк - дұрысы
Тоңықұқ, Құлшора – дұрысы Күлічұр, Терхин құлпытасы – дұрысы «Терх» бітіктасы жəне басқа да )
баршылық. Олардың ең əуелгі термині «түрік», «қағанат» атаулары.
«Қазақ ССР тарихы» 1980 жылғы 5 томдық басылымның 1-ші томында [1
]
: «Төртінші тарау. Əуелгі
фоедалдық мемлекеттер.
1. Батыс түрік қағанаты,
2. Қарлұқтар,
3. Арабтар Оңтүстік Қазақстанда,
4. Оғыздар,
5. Қимақтар мен қыпшақтар,
6.Қарлұқтардың, оғыздардың, қимақтардың шаруашылығы» (басылымның -338 беттерінде) деген
тақырып,
«Қазақстан тарихы» 2010 жылғы 5 томдық басылымның 1-ші томында [2]: «Үшінші бөлім. Ертедегі
жəне дамыған ортағасырлық мемлекеттер. Бірінші тарау. Ертедегі ортағасырлық мемлекеттер.
1. Батыс түрік жəне Түргеш қағанаттары,
2. Қарлұқтар,
3. Оғыздар,
4. Кимекқағанаты,
5. Қарлұқтардың, оғыздардың, кимектердің шаруашылығы,
6. Арабтар » (басылымның 295-338 беттерінде) деген тақырыпқа жіктелінген.
Демек аталмыш мысалдан Қазақстанның ортағасырлық тарихнамалық зерттеулерінде 1980-2010
жылдары аралығында қандай да бір жаңа тұжырым, көзқарастық концепция болмағанын аңғаруға бо-
лады.
Түріктануда (түркология, түркітану –деген қате терминдер) [3] «Türük>түрік»
a
атауы туралы біз өз
ұстанымызды білдірген болатынбыз [4]. Ал, «қағанат» деген қазақ тілінің сөзжасамдық заңдылығына
мүлдем жат («қаған+ат?»), қате атау. Дұрысы «қағандық». Көне түрік бітіктас мəтіндерінде qaγanlïγ>
қағанлығ [5] (қағандық) деп кездеседі. Сондықтан, Түрік қағандығы деп атағанымыз орынды. Аталмыш
басылымдарда Түрік империясы яғни Түрік қағандығы тарихы тым қысқа əрі шолақ баяндалғанын
ерекше атағымыз келеді. Бұл орайда Түрік қағандығының Еуразиялық кеңістіктегі саяси тарихының
маңыздылығы ескерілмеген, сол ауқымды əрі аса бай саяси тарих Қазақстан территориясы аумағында
ғана қарастырылуға, осы шеңбермен шектеуге əсте келмейтін кең тақырып.
«Батыс түрік қағанаты» деген жасанды атау. Шындығында тарихи жазба деректерде мұндай атау
кездеспейді, тіпті солай аталмады. Зерттеушілер Түрік қағандығы екіге бөлінуі 583, 603, 611 жыл-
дары болған деп қарастырады. Ресми түрде оқиға осылай өрбіген болса, Білге қаған мен Күлтегін
бітіктас мəтіндерінде (731-735жж.) «Батыс түрік қағандығы» деген аса маңызды атау болуы керек еді.
Ордалық түріктердің батысқа бағытталған жорықтарында Türügešbudun>түргеш халқы, Qara Türgeš
budun>Қара түргеш халқы, Türügeš qaγan >түргеш қаған, On oq budun> Он оқ халқы, Qïrqïz qaγan>
Қырғыз қаған сияқты атаулар ғана аталады. Демек, 735 жылдары «батыс түрік қағандығы» деген та-
рихи атау болмады деген сөз. Сол себептен тарихта болмаған «қағанат» туралы сөз қозғаудың өзі та-
рихи методологиялық тұрғыдан өрескел қателік деп білеміз. Сол сияқты моңғол дəуіріне байланысты
«Моңғол үстірті» (тарихта мұндай атау жоқ), «Шыңғыс хан» (дұрыс Шыңғыс қаған), Төлей (дұрысы
Тұлый) деген де жалған, жасанды қолданыстар да көбейіп кетті.
Түрік Елінде өздерінің тарихын хаттау, жазу, жүйелеп тиянақтау дəстүрлі ісі жазбаша жəне ауызша
сақталып келді. Оның бұлтартпас дəлелі түрік бітікпен хатталынған жазбалар, бітіктастар, əр түрлі
мазмұнды эпитафиялық ескерткіштер, ауызша аңыз, əңгімелер, қолжазбалар жəне т.б. тарихи деректер
баршылық.
256
Түрік бітіктастары мен жазба ескерткіштерінің мəтіндеріндегі тарихи баяндаулары жайында,
олардың тарихи-хронологиясы турасында А.Н. Бернштам [6], В.В. Бартольд [7], С.В. Киселев [8],
Л.Р. Кызласов [9], С.Г. Кляшторный [10] жəне басқа көптеген зерттеушілер біршама зерттеу жүргізді.
Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштерінің мəтіндерінде кездесетін түрік дəуірінің тарихи
оқиғалардың баяндалуын :
- Түрік Елінің ресми тарихнамасы
- Этносаяси одақ, бірлестіктердің тарихнамасы
- Ру-тайпалардың тарихнамасы
- Билік тұлғалардың тарихнамасы деп қарастыруға болады [11].
Түрік дəуірінде өздерінің тарихын жазу, жүйелеп тиянақтау дəстүрлі істері болғаны анық . Онда
тарихи баяндаулар жазбаша жəне ауызша сақталынып келді. Оның бұлтартпас дəлелі болып түрік
бітікпен жазылып қашалған бітіктастар, əр түрлі мазмұнды жазбалар, эпитафиялық сарынды ескер-
ткіштер, ауызша аңыздар, əңгімелер жəне т.б. мол деректер бар. Жалпы көне түрік бітіктастары мен
ескерткіштердің мəтіні көбінесе батырлар жырының классикалық дəстүрінде хатталынғандықтан
ғылыми түсіндірмелерде сөз тіркестерінің ұйқастарына, буын, шумақ оралымдарына, мақал мəтел, ше-
шендік сөздердің семантикалық мəн-мағыналарына назар аудару керек.
Көне түрік дəуіріне қатысты «руникалық жазу» деген жалған жасанды қолданыс бар. Türük bitik>
Түрік бітік ежелгі таңбалық (графемдік) болмыстан бастау алып, соған тура негізделініп жасалынған,
көне түрік тілінің табиғатын дəлме-дəл таңбалай білген «фоно-морфемдік» жазу əрі көптеген түрік диа-
лектілерін бір емлеге бағындырған əмбебап таңба-əріпті, оқылымды ықшамдай алған төте жазу болып
табылады. Түрік бітік Орхон өзені бойында Түрік империясының өрлей бастаған кезінде жасалынғаны
хақ. Ал оның алғашқы ескерткіші ең əуелгі алфавиті теріге немесе қағазға, ағашқа жазылғаны анық, ол
нұсқа бізге жетпей отыр. Оған бір дəлел ретінде Тұрпанның Тойоктан табылған түрік бітіктің таңба-
əріптері мен манихей жазуының əріптерінің салыстырмалы мəтінін айтуға болады (IX-X ғғ.)
Көне түрік бітік жазулы мəтіндерде Түрік Елінің «төлес, тардұш, іч» үш қанаты, оларды билеген
«қаған, тегін, йабғұ, апыт, шад, тархан, чұр, тұтұқ, тұдын» жəне т.б. атақтары, «табғач, түпүт,
Достарыңызбен бөлісу: |