Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғылым комитеті ш. Ш. УƏлиханов атындағы тарих жəне этнология институты


таңғұт, апар, пұрым, қырғыз, құрықан, отыз татар, қытаң, татабы, түргеш, қырғыз, соғдақ, бер-



Pdf көрінісі
бет38/61
Дата03.03.2017
өлшемі4,5 Mb.
#5474
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   61

таңғұт, апар, пұрым, қырғыз, құрықан, отыз татар, қытаң, татабы, түргеш, қырғыз, соғдақ, бер-

чекер, бұқарақ, тезік, тохар» секілді этнонимдер, «Тоғұл, Селеңге, Қараға, Бороға, Ханұй, Күнүй, 

Йасыл өзен, Шантұң жазық, Темір қапық, Кеңү тарбан, Йенчү өзен, Көгмен, Тоғұ балық, Мағұ 

қорған, Байбалық, Бесбалық » жəне т.б. жер-су атаулары көптеп кездеседі. 

Көне түрік ғұрыптық кешендерінің көпшілігі қаған, тегін, йабғұ, тархан, чұр, тұдұн жəне басқа да, 

далалық көшпелі этносаяси бірлестіктердің билік иелерінің, түрік бекзаттарының құрметіне арналып 

жасалынды. Қарапайым халықтарға арналғандары да бар. Түрік дəуірінің ғұрыптық кешендері Орталық 

Азияда  өте  мол  кездеседі.  Оның  құрамында  арнайы  кесене-күмбез  (barïq  >барық),  мəтін  жазылған 

bitiktaš> бітіктас, оның тұғыртасы немесе тасбақасы, bediz> бəдіздер (тасмүсіндер), balbal > балбалдар 

(саны 10 - 900 данадан астам) жəне жануарлар мүсіндері секілді басқа құрамдас бөліктері қамтылды. 

Осы кешендерде аза тұту, ас беру, жылдығын беру немесе аруаққа бағышталған сый-құрметтері үшін 

қоғамдық-əлеуметтік ерекше маңызды yoγï> йоғы ( жоқтау) ғұрыптық жосындары атқарылды [12]. 

Көне түріктерде bediz > бəдіз - аруаққа арналған ғұрыптық кешендерінің құрамдас бір бөлігі. Көне 

түрік тілінде оны bediz > бедіз > бəдіз деп атады. Бəдізді мəрмəр, құмдақтас, гранит, сланец, базальт 

жəне  т.б.  тас  түрлерінен  арнайы  бəдізшілер,  тас  шеберлері  жасады.  Сөздің  төркіні «bet->бет- //bed-

>бед- » түбiрлерiмен «бет, бедер, бейне, бой, дене, тұлға» деген семантикасымен ортақ мағыналы бо-

лып келеді. Көне моңғол, манжұр тілдерінде beye>бие «дене, тұлға» деген мағыналы сөздер де атал-

мыш көне түрік тілінің атауымен ортақ болып табылады [13]. 

Осы  орайда  ғұрыптық  кешеннің  бір  ерекше  құрамдас  бөлігі  «барық»  туралы  айта  кеткеніміз 

орынды. Көне түрік тілінде barïq> барық «қорған, тас кесене, текшетастар» деген мағынада. Махмұд 

Қашғаридың «Түрік тілдерінің сөздігінде»barïq> дүние мүлік деген мағынада қолданылады. 

Көне  түріктердің  ғұрыптық  кешендерінде  міндетті  түрде  жалпақ  тастан  жасалынған  төртбұрыш 

«сандық, абдыра іспетті» жалпақ тастарды кешеннің төр жағына орналастырып қояды. Осыны біз көне 

түрік атауы бойынша барық дедік. Аталмыш тас қапталдарының бет тұстары өте көркем əшекейленді. 

Онда əр түрлі ою өрнектер, құс, феникс, арыстан, көне түрік таңбалар мен мəтін де қашалынды. Зерт-

теушілер осы ғұрыптық төртбұрыш тастарды əлемге, əлем тауына, бəйтерек ағашқа жəне т.б. ұқсатып 

қарастырған («оградки, ящики, блоки на древнетюркских поминальных памятниках имитируют схему 

космической горы...» - В. Войтов , «оградка-изваяние-балбалы – есть (культовое) сооружение, струк-

тура которого обусловлена мировоззренческими универсалиями, есть модел мира » Л.Н. Ермоленко 

жəне т.б. ).



257

Біздің пікірімізше аталмыш барық орнату дəстүрінің мəнісі көне түріктердің космостық тауы емес, 

əлемнің моделі, тіпті бəйтерек те емес. Мұнда марқұмның көзі тірі кезінде қолданылып жүрген киіз 

үйдің  төр  жағында  болатын  сандығы,  тұскиізі,  сырмағы  бейленген.  Аталмыш  төртбұрыш  тастар 

көбінесе  бес  қапталды  (төрт  қапталын  жауып  тұратын  қақпақ  қапталды)  болып  келеді,  ғұрыптық 

кешеннің төр жағында тұрады, басқаша айтқанда шығыс жақтан батысқа қарай балбал, бітіктас, одан 

бəдіз, одан кейін барық орнатылған. Кейбір барық қапталының ортасында арнайы тесік те бар. 

Сондықтан көне түріктердің ежелгі дəстүрі бойынша марқұмға арналған ғұрыптық кешенді яғни 

барықты  орнату  кезінде  сол  тұлғаның  жəне  оның  үй  ішінің ( eb barïq> «киіз  үй  барық,  үй  мүлік») 

ерекше белгісі ретінде киіз үйдің төр жағында тұратын сандықтың, тұскиіздің, сырмақтың ою өрнек 

бейнелерін жалпақ тастарға қашап безендіріп қойды. Мұнда барық пен бəдіз орнату дегеніміз жоқтау 

жосынында, ғұрыптық қызметтер атқаруда қайтыс болған тұлғаның бет бейнесін жəне оның үй ішінде, 

өзі қолданып жүрген заттарын тастан жасап қою арқылы оны еске алу болып табылады. Барық деген 

марқұмның «Тəңіріге ұшып киіз үйден барық-тас үйге жетті» деген мəн-мағынада қолданылған ырым-

жосындық белгісі. Мұнда жоқтау, ас беру кезінде бəдіз бен барық марқұмды еске алудың ерекше бел-

гісі болып табылады (көне түріктерде «тозақ» деген ұғым жоқ-ты). Түріктердің аруақты тұлғаларды 

құрметтеу этномəдени дəстүрінде барық жəне бəдіз орнатылмаған бірде бір кешендер жоқ дерлік. Сол 

себептен де қаған-тегіндерге, билік иелеріне, батыр тұлғаларға арналған барықтар мен бəдіздер өзара 

əскери-саяси билік жүйесінің атақ лауазымдарына байланысты көркемділігі жəне құрамы жағынан бір-

шама ерекшеленіп тұрады. 

Көне  түріктер  ру-тайпалық  меншік  таңбаларын  «tamγa»  деп  атады,  ол  екі  мағынаны  білдірді. 

Біріншісі - «ру, тайпалардың белгісі, таңбасы», екіншісі «қағанның алтын мөр белгісі». Көне түрік бітік 

тілінде аталмыш сөздің түп-төркіні *tap- // * tab- (семантикасы: бірдеменің ізі, қалдығы, із қалдыру 

- «таптау,  табы,  табандау») // > tam- (  семантикасы: - «тамызу,  күйдіру,  белгі  ен  басу »)> tam+γa 



> tamγan  (tamγa+n / tamγa+čï - семантикасы:  мөр  жасаушы,  мөр  таңба  сақтаушы)> taŋba  («таңба, 

таңбалау») деген бағытта дамып өрбіген. Көне моңғол тілінде taba > тав (табы), tamaγa> тамага> тамга 

(таңба) тұлғасында сақталынған.

Көне түрік таңба-белгілердің бірнеше деңгейлері бар: онда Түрік Елінің ең жоғарғы билеушілері 

– қаған, йабғұ, шад, тегіндердің елтаңбасы, одан кейін - чұр, тархан, бек жəне т.б. билік тұлғаларының 

таңбалары, сонымен қатар ру, тайпа, одақтардың эмблемалары (бір таңба жəне оның бірнеше түрлері); 

жеке тұлғалық жəне аталық отбасының таңбалар (жеке тұлғалық, жылқы, малға салатын ен белгілері 

жəне т.б.) [14].

Қазақстанның ортағасырлық тарихнамасында көне түрік дəуіріне байланысты байырғы тарихи ата-

уларды орынды қолдануымыз өткен тарихтың бітім болмысын дұрыс баяндаудың, нақты сипаттаудың 

ең ілкімді алғышарттардың бірі болып табылады. 

Сол себептен біз көне түрік дəуіріне байланысты тарихи атаулардың жалпы тізімі мен түсініктемеле-

рін  жасаған  болатынбыз [15]. Бұл  тарихнамалық  зерттеулерде  өз  септігін  тигізеді  деп  сенеміз.  Осы 

орайда көне түрік бітіктастар мен ескерткіштерде аталатын ру-тайпа, ұлыс, елдердің атауларын ұсынып 

отырмыз. 

Ačïde>ачыде.  «Ачыде».  Ačï+de –көптік  топтамалау  мағынаны  білдіретін  тұлғасы  (бөрілер, 

қасқырлар  деген  мəнде). («...қасқыр 10 ұл  туыпты,  соның  ішіндегі  біреуінің  аты  Ашина  екен,  ол 

ұлдардың  ішіндегі  ең  ақылдысы  болғандықтан,  ел  билеушісі  болады.  Ол  орда  есігіне  бөрінің  басы 

салынған ту тігіп қояды, бұл оның өз тегін ұмытпайтындығын білдірген екен») аңызбен байланысты-

рады. Ол аңыз көне қытайдың əулеттік жазбаларында кездеседі. (Таң патшалығы дəуіріндегі «Суйшу» 

«Чжоушу» кітабы). / Алғашқы түрік қағандарының бірі 571-582 жж. билік құрған, Татпар (Құтлық) 

қаған  ғұрыптық  кешендегі  көне  соғдыша  бітіктаста  «бөрі» (ашина,  ашиде)  бейнесі  бедерленген. 

Ал  ондағы  балбалдардағы  таңбалар  да  қызықты.  Татпар  қаған  бітіктасының  жоғарғы  тұсында  бөрі 

(қасқыр) бейнесін зерттеушілердің басым көпшілігі «Ашына /Қасқыр/» туралы «Вэй шу», 103-цзюань, 

«Гаочэ (Гауг юй) баяны», 386-534 жж. : Ел ара сын дағы аңыз бой ын ша, сюнну дың тəңiрқұты нан (чан-

ьюйiн ен) екi қыз бо лып ты, олар өте сұлу болған дықтан, жұрт олар ды құдай дай көрiп тi. (Сон дықтан да) 

тəңiрқұт: «Ай дай сұлу қыз да рым ды қалай ша жай адам дарға ұза та мын? Мен олар ды тəңiр ге бе ре мiн» 

дей дi екен. Ол елi нiң солтүстi гiн де гi иен бiр жер ге биiк мұна ра тұрғызып, екi қызын сол мұна ра ның 

төбе сi не шығарып, «тəңiрiм өзi ке лiп қыз да рым ды алып кет сiн» деп тi. Со дан үш жыл өткен де, ше ше ле-

рi қыз дар ын қай та рып əке лiп ал мақ бо ла ды. Сон да тəңiрқұт: «асықпа, аз уақыт то сайық» дей дi. Сөйтiп 

тағы бiр жыл өткен де мұна ра маңына кəрi бөрi пай да бо ла ды, ол күндiз-түнi мұна ра маңынан кет пей 

ұли бе ре дi, со дан мұна ра ның ас тын үңгiп кi рiп, сол жер де жа та ды. Сон да кi шi қыз: «Əкем ме нi мұнда 

тəңiр ге қосу үшiн əкел ген, мы на бөрi қасиет тi жа ну ар көрi не дi, оны құдай ай дап кел ген шығар» деп, 



258

мұна ра дан түсiп əлгi кəрi көкжалға қосыл мақ бо ла ды. Сiңлi сi нiң қылығынан шо шыған əпке сi: «Бұл 

хайуан  ғой!  Əке-ше ше мiз дi  ұятқа  қал ды рып  жүрме»  дей дi.  Сiңлi сi  оған  көнбей дi,  мұна ра дан  түсiп, 

қасқырға əйел бо ла ды, одан ба ла көрiп, ол ба ла ның ұрпағы көбейе ке ле бiр қауым ел бо лып ты. Со-

дан да бо лар, бұл ел дiң адам да ры дау ыс та рын со зып, азан да тып əн салған ды жақсы көре дi, əуен де рi 

қасқыр дың ұлығаны на да ұқсай ды [16]. «Чжоу шу», 50-цзюань, «Туц зюе баяны», 557-581 жж.: Туцзюе 

– сюн ну лар дың өзге бiр түрi бо ла тын, (би леушi) əуле тi аши на деп ата ла ды, олар өз ал да ры на бiр қауым 

тай па  бо лып  қалып тасқан.  Кейiн  ке ле  оларды  көршi лес  мем ле кет  күйре тiп,  елi  түгел дей  қырылған. 

Сол соғыс та жа сы онға ен дi толған жас ба ла ны жау əске рi өлтiр мей, екi аяғын ке сiп, көк шөптiң үстi-

не тас тап ке те дi. Сон да бiр қан шық қасқыр ет əке лiп, əлгi ба ла ны асы рап-бағып ты. Ба ла ер жет кен соң 

қасқыр мен қосы лып, қасқыр буаз бо ла ды. Ба ла ның əлi тi рi еке нiн ес тi ген жау елi нiң ел бас шы сы тағы 

да адам жi бе рiп, ба ла ны өлтiр мек бо ла ды. Жi бер ген ада мы ба ла ның жа нын дағы қасқыр ды көрiп, оны 

да өлтiр мек болған да, қасқыр қашып, Гао чан ме м ле ке тi нiң солтүстi гiн де гi тауға шығып ке те дi. Тауда 

бiр үңгiр бо лып ты, үңгiр iшi аумағы бiр не ше жүз ли ке ле тiн, төрт жағы тау мен қор шалған жа зық екен. 

Қасқыр сол үңгiр ге жа сы ры нып, он ұл туып ты. Он ба ла ер же те ке ле сырт тан əйел алып, олар дан ұрпақ 

та рап ты. Кейiн он ба ла ның ұрпақта ры бiр-бiр əулет бо лып қалып та са ды, аши на – сол əулет тер дiң бi-

реуi.  Олар дың  ұрпағы  өсiп-өнiп,  жүзде ген  түтiн ге  дейiн  же те дi.  Осы лай ша  бiр не ше  ұрпақтан  кейiн 

олар бi рi нен соң бi рi əлгi үңгiр ден шығып, жу жуларға бағынып, Цзин шань тауының күнгей жағын ме-

кен деп, жу жу лар дың те мiр шi сi бо ла ды. Цзиньшань тауы ду лығаға ұқсай ды, олар ду лығаны «туцзюе» 

дей дi, сон дықтан олар өзде рiн де «туцзюе» деп атап кет кен. 

Кей бi реулер дiң  ай туын ша:  туц зюе лер дiң  арғы  ата ла ры  Со годан  шыққан,  Со го  сюн ну лар дың 

солтүстi гiн де ме кен де ген. Олар дың тай па көсе мi нiң есi мi Абан бу, ол 17 ағай ын ды бо лып ты. Iш те рiн-

де гi Ич жи ни ши ду есi м дi бi реуi қасқыр дан туған екен. Бан бу қатар лы лар дың бар лығы ақыл сыз болған-

дықтан ұлыс та рыжой ылған. 

Ал Ни ши ду басқалар дан өзге ше жi гер лi болған, ол бо ран соқты рып, жаңбыр жауды ра ала ды екен. 

Ол екi əйел алып ты. Ел дiң ай туын ша олар дың бi рi жаз тəңiрi нiң қызы да, екiн шi сi қыс тəңiрi нiң қызы 

екен. (Əйелi нiң бi рi) бiр құрсақ көте рiп, төрт ұл тау ып ты. Төрт ұлдың бiреуi ақ қазға ай на лып ке тiп тi, 

бi реуi Афу өзе нi мен Цзянь өзе нi нiң ара лығын да мем ле кет құрып, ол мем ле кет Ци гу деп ата лып ты; 

ен дi бi рi Чуч жэ өзе нi нiң бой ын да мем ле кет құрған; тағы бi реуi Цзян ьсы чуч жэ ши тауын ме кен етiп тi 

– бұл оның үлкен ұлы екен. Осы тау да Абан бу дың жұрты нан қалған дар да бар екен, ол жер де ауа райы 

суық əрi дымқыл бо лып ты. Үлкен ұл от шығарып оларға жы лу бе рiп, асы рап-баққан дықтан, олар түгел 

аман қалып ты. Со ны мен олар бi р-ауыз дан үлкен ұлды өзде рi нiң бас шы сы етiп, оған туц зюе де ген атақ 

бе ре дi. Ол На ду лю шад екен. На ду лю дың 10 əйелi бо лып ты, олар дан туған ұлдар дың бар лығы ше ше ле-

рi нiң те гi мен аталған екен. Аши на – На ду лю дың кi шi əйелi нен туған ұлдар. На дулю қай тыс болған нан 

кейiн, он əйел ден туған ұлдар өз ара ла ры нан көсем таң да мақ бо лып, бiр бəйте рек тiң түбi не ке лiп тi. 

Сөйтiп олар: «осы те рек тiң ба сы на қарай кiм биiк се кiр се, со ны көсем сай лайық» деп уəде ле сiп тi. Аши-

на (аталған) ұлдар дың iшiн де гi жа сы ең кi шi бi реуi бəрi нен биiк се кi ре дi, сөйтiп, қалған ұлдар оны ел-

ба сы етiп сай лап, оған Асянь шэ атағын бере дi. Бұл аңыз ал дыңғы аңыз дан өзге ше рек. Қалай де се де, 

сай ып кел ген де олар бəрi бiр қасқыр дың ұрпағы. «Суйшу», 84-цзюань, («Туцзюе баяны»), 581-618 жж.: 

«Туцзюелердің арғы тегі – Пинлян (Ганьсу?) жеріндегі аралас хулар болатын. Олардың əулеттік ата-

уы – Ашина. Соңғы Вейдің Тайву патшасы Цзюцюй əулетін жойған кезде Ашина 500 отбасын бастап 

жужуларға қашып барып паналаған. Олар ұрпақтан-ұрпаққа Цзинь –шаньда (Алтын тау?) тұрып темір-

шілікпен шұғылданып келеді. Цзиньшань сырттай қарағанда доумоуға (дулыға, тымақ?) ұқсайды, ал 

доумоу əдетте туцзюе деп те аталады, сондықтан олар өздерін «туцзюе» деп атаған. Сихайдың (Батыс 

теңіз, Каспий?) жоғарғы жағында мемлекет құрған, кейін оны көрші мемлекет жойып адамдарын кəрі-

жас демей түгел қырып тастаған. Сөйтіп, (көрші ел əскерлері) бір ұл балаға келгенде, оны өлтірмей, 

аяқ-қолын кесіп үлкен бір сазға апарып тастайды. Сонда бір қаншық қасқыр əлгі балаға үнемі ет апа-

рып беріп тұрған екен. Бала сол етті қорек етіп аман қалады. Кейін ол бала қасқырмен қосылып, қасқыр 

буаз  болады.  Көрші  мемлекеттегілер  тағы  да  адам  жіберіп  əлгі  баланы  өлтіргенде  қасқыр  баланың 

қасында екен. Олар қасқырды өлтірмекші болады, бірақ қасқыр құдайдың құдыретімен қас қаққанша 

теңіздің шығыс жағына өтіп, бір таудың басына шығып кетеді. Ол тау Гаочанның солтүстік-батысында 

екен, таудың етегінде бір үңгір болыпты, қасқыр сол үңгірге кірсе, үңгір ішінен аумағы 200 лиден ас-

там , шөбі шүйгін жазыққа тап болады. Кейін келе қасқыр 10 ұл туыпты , соның ішіндегі біреуінің аты 

Ашина екен, ол ұлдардың ішіндегі ең ақылдысы болғандықтан , ел билеушісі болады. Ол орда есігіне 

бөрінің басы салынған ту тігіп қояды, бұл оның өз тегін ұмытпайтындығын білдірген екен» [17].

Ačïna >ачына. «Ачына». Бұл ретте Ačïnu - Ачынұ – көне түріктерді моңғол тектес этностар «čïnuw-

a>čïnu>čоnо >чоно (бөрі, қасқыр)» деп атаған. Ačï+de – оның көптік топтамалау мағынаны білдіретін 



259

тұлғасы  (бөрілер,  қасқырлар  деген  мəнде).  Қытайлықтардың  моңғол  тектестерден  үйреніп  атағаны 

осы – Ačïnu, Ačïde  болса  керек.  Бұл  атаулар  түрік  бітіктастар  мен  ескерткіштерінде  жəне  де  ешбір 

көне түрік мəтіндерінде кездеспейді. Сол себептен де «ашина» жəне «ашиде» деген екі тайпа, аталық-

аналық екі тек деп қарастыру шындыққа жанаспайды. Кейбір зерттеушілердің пікірінше «қаған əулеті- 

ашина , тотемі- қасқыр, таңбасы- тауешкі (серке), аспанның елшісі тауешкі (жоғарғы əлем). Əйел та-

рапы- ашидэ (ұлу, айдаһар), таңбасы. Тотемі-айдаһар, арыстан, культі – Ұмай (төмеңгі əлем), жер-су» 

болған. Ол ғалымдар хотан-сақ тілінде аssejna- «көк», ашидэ – орта парсы тілінде azdahak- « айдаһар» 

деген мағына білдіреді, сол сөздерден туындаған деп зороастризмге теліп қарастырады (ашина (днев-

ное  небо,  кек  тюрк)  каганский , ашитак / кит.  Ашидэ;  др.  тюрк.  аждаха-  дракон  /катунский  линии 

«iki jyltyz» ) [18]. Tr’wkt ‘(‘)šyn’s > Түрік ашинас (Татпар қаған бітіктасы, В1.1-жол): Аталмыш қос 

сөз  көне  соғды  тілінде  хатталынған.  Мұндағы  «ашинас»  атауықытай  жылнамалық  белгілерулерінде 

A-schi-na>Ашина деген сөз. Онда аталмыш атау əуелі қаған əулетінің аталарының бірінің аты болды, 

одан кейін сол əулеттің ру атауына айналған. Сондықтан қытайлықтар ( жəне соғдылықтар) моңғол 

тектес этностардың činuw-a>čïnu>čоn > чоно (қасқыр-ашина), činuw-a+s // činuw-a+d> чоно+с//чоно+д 

(қасқырылар-ашидэ) деп атауынша көне түріктерді қаған əулетінің атымен атап кеткен. Сонымен қатар 

моңғол  тілдестердің türüg > түрүг  дегенін  қытайлықтар «duluga>дулга»  деп  те  атаған,  ал  кейінірек 

түрік дегенді қытайлықтар «туцзюе, тукуюй» тұлғасында хаттаған. 



Aj taz > Ай таз . «Ай таз» . Түрік тектес тайпаның атауы?. 

Altï baγ budun > алты бағ бұдұн. «Алты бау халық». Бай-Бұлын - II (Е-49) бітіктасында « Altï baγ 

budunïm- алты бау халқым» деп кездеседі.



Apar> Апар. «Аварлар».Түрік тектес тайпалар одағы. Авар қағандығының тайпалар одағы Шығыс 

еуропада батыс Қара теңіз бен Дунай өзеніне дейін жеткен. Түрік Елі империясының құрамына енген. 



As-oq> Ас-оқ. Соғдылық басшының аты.Тұңық-ұқ бітіктасы мəтінінде: As-oq baslïγaru Soγdaq budun 

qop kelti -Ас-оқ бастаған соғды халқы көптеп келді – деп кездеседі.



Az > Аз. «Аздықтар, Аз тайпалықтар». 

Az elteber > Аз елтебер. «Аз одағының елшілік өкілі». 

Azqïŋa > азқыңа. «Азғана, аздай»

Azu > ?

Azuqï > ?

Basmïl > басмыл. «Басмыл». Түрік тектес тайпалар одағы. Көбінесе Түрік Елінің батыс қанатының 

құрамында болған. Білге қаған бітіктасы мəтінінде «yegirmi yašïma Basmïl ïduq at oγušum budun erti,  

arqïš ïdmaz tejin süledim - жиырма жасымда Басмыл Ыдұқат руларым халқым еді, кең далада шашы-

ратпай соғыстым» деп кездеседі. 



Bayïrqu > байырқұ. «Байырқұ». Байкөл өңірін мекендеген түрік тектес тайпалар одағы. Қытай де-

ректерінде «баейгу, баигу» деп кездеседі. Тоғыз Оғыз этносаяси бірлестіктің бір тайпасы. 



Bedi > Беді. «Беді»түрік тектес тайпаның атауы. 

Berčеker > Берчекер. Бітіктастарда күн батыстағы соғды, берчекер, бұқарақдеп аталады. 

Bersel > берсіл. «Берсіл» түрік тектес тайпаның атауы.

Bes Söŋüt > бес сөңүт. «Бес Сөңүт». 

Böküli Čölüg el > Бөкүлі Чөлүг Ел. «Бөкілі шөлді ел». Қазіргі күншығыстағы Корей түбегі. 

Budun>Бұдұн.Халық, ел, жұрт деген мағыналы сөз.Бұл сөз«бүтін, бой, толық, дене, тұлға, ірі кесек» 

деген мəнді boy-//bod-//bud-//büt- түбір морфемадан туындаған. Қазіргі қазақ тілінде «бой, бүтін, биік, 

бұдан-» тұлғасында ғана сақталынған. Көне моңғол тілінде bütün> бүтүн> бүтэн - «толық, барлығы, 

бəрі, ірі», bodu> бодұ> бод - «үлкен, ірі, ірі қара» деген мағынада сақталынған. 



Buqaraq> Бұқарақ. «Бұхара».

Čеk // Čіk> чек// чік. «Шек, Чік» тайпалар атауы. 

Čigil Tutuq >Чігіл тұтұқ.«Чігіл тұтық» 

Čub > чұб. «Шу».  Қытайша  аудан  деген  əікмішілік  сөздің  атауы.Алты  чұб  соғдақ-  алты  аудан 

соғдылықтар деп атады. 



Ediz> едіз. «Едіздіктер».Түрік тектес тайпалар атауы.

Eki Ediz ker külüg > екі едіз кер күлүг. «Екі Едіз Кер атақты».Екі Едіз тайпасы мен «Кер» тайпасы 

болу  керек.Зерттеушілер  əр  түрлі  түсіндіреді.  В.  Томсен  «іki edizker külüg- кедейлер  мен  тектілер», 

Т.Текин «Eki Ediz kerеkülüg- Екі Едіз (тайпа) кереге үйлі» деп қарастырады. 

Еsir erkin > есір еркін. «Есір еркін». 

Izgel > ізгел. «Ізгіл» түрік тектес тайпаның аты.

Ïšbara // Šabra > ышбара, Сабра ?


260

Keŋeres> Кеңерес. «Кеңерес» 

Maqrač tamγačï > Макрач тамғачы. «Макрач таңбашы» 

Őgüres Eli >Өгүреш. «Өгүреш Елі»

On Uyγur > Он Ұйғұр. «Он ұйғыр»

Otuz Tatar> Отұз татар. «Отыз татар». Моңғол тектес көшпелі отыз тайпалар одағы. Қытай дере-

ктерінде «татань, дадань». Қазіргі Моңғолияның шығысы, Байкөл мен маньчжурия аралығында мекен 

еткен. 

Oγuš> оғұш. «Оғыш, ру, рулар» деген мағынада.

Oγuz>Оғұз. «Оғыздар». Түрік тектес көшпелі ру-тайпалардың жалпы атауы.

Qadar> қадар. «Қадар» түрік тектес тайпа атауы.

Qamïγ>қамығ. «Барлық, бүкіл». «Türük qara qamïγ- Түрік қара барлық халық» деп аталады. Көне 

моңғол тілінде qamuγ> хамаг «барлық, күллі» деген мағынада сақталынған. 

қысқару,  ықшамдалу  барысында  қаған  тұлғасына  айналып  пайда  болған  болу  керек.  Түрік  Елі 

дəуірінде бұл атақ əбден қалыптасқанын көреміз. Одан бұрыңғы кездерде де қолданғандығын қытайша 

кэ-хань деп белгіленген деректер растайды. 

Qapaγan Elteris qaγan > Қапаған Елтерiс қаған. Қапаған (Қабаған) Елтерiс қаған. 

Qarluq> қарлұқ. «Қарлұқ».Түрік тектес тайпалар одағы.Қарлұқтар Алтай тауының батысы Зайсан, 

Аракөл, Ұрұңғұ көлдері мен Қара Етірс , Тарбағатай бойын мекендеген.Түрік Елінң батыс қанатының 

қағаны Тұн йабғұның (618-630 жж.) билігінде болды.

Qašar> қашар. «Қашар» түрік тектес тайпа атауы.

Qïrqïz>Қырқыз. «қырғыздар»  Қазіргі  солтүстік-батыс  Моңғолия,  Тува,  Хакасия,  Красноярск, 

Минусинкс аумақтарында мекен еткен түрік тектес этносаяси бірлестіктердің жалпы атауы. Қытай де-

ректерінде «цзегу, хягас» делінген. Жалпы Енисей өзені аңғарларындағы көшпелі одақтар Түрік Елінің 

құрамында болды . 



Qïtaň>  қытаң.  Манжұр  тектес  көшпелі  тайпалар.,  Манжұрия,  солтүстік  қытайда  мекен  еткен. 

Бүгінгі «қытай» аталуының түп төркіні табғач-қытайлықтарды билеген осы көшпелі тайпаның атымен 

байланысты қалыптасқан. 

Qoruγ> қорұғ. «Қорұғ» түрік тектес тайпа атауы.

Quntï > құнты. «Құнты» түрік тектес тайпа атауы.

Qurïqpan > құрықпан. «Құрықпан».Көне түрік тілінде qurï -«артық, кейінгі» деген мағыналы qurï 

+q+pan > qurïqpan «артқы, батыс тараптағы билік өкілі» деген мағыналы болу керек. Мұның нақтылы 

қызметі, мағынасы əлі де анық емес. 

Segiz Oγuz> сегіз оғұз. «Сегіз Оғыз». Түрік тектес тайпалар одағының атауы. 

Söŋüz > сөңүз. «Сөңүз» . 

Soγdaq>соғдақ. «Соғдылықтар, сарт саудагерлер»

Soγud> соғұд. «Соғды»

Šaqïšïn > Шақышын. «Шақышын» жердің аты.

Šïp bašï > Шып басы. «Шып басы» жердің аты.

Šöŋüz bašï > Шөңүз башы. «Шөңүз басы» жердің аты.

Tabγač > табғач.«Тауғаш//табғаш».Табғачтар.  Қазіргі  атау  бойынша  «қытайлар».  Б.з. IV-VI 

ғасырларда «Табғачтар // тобалар» солтүстік «қытай» Вэй (386-534 ж.) мемлекетін билеген жатылай 

көшпелі  этнос  болған.  Қытайға  толық  сіңіп  кеткен  соң  көне  түріктер  бүкіл  «қытайды»  табғач  деп 

атаған. Сол сияқты «қытаң //қытай» деген сөздер де отырықшы «қытайды» билеген жартлай көшпелі 

этностың атауы. 

Tamaγ ïduq baš > тамағ ыдұқ баш. «Тамағ Ұйық басы», Жердің аты. 

Taŋut> Таңұт. «Таңғыттар». 

Tarduš>тардұш.  Он  қол  қанат.  Түрік  Елінің  əскери-əкімшілік  үштік  (сол-орта-оң  қанаттық) 

құрылысының атауы.



Tarduš ïnanču čur>Тардұш Ынанчұ Чұр. «Тардұштың сенімді чұры». 

Tarduš Küli čur >Тардұш Күлі Чұр.«Тардұштың көлікті чұры ». 

Tarduš yabγu>Тардұш йабғұ. «Тардұш йабғы». Оң қол қанаттың йабғысы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет