Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет16/42
Дата03.03.2017
өлшемі2,34 Mb.
#6131
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42

II тарау. Алаш қайраткерлерінің 
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
Оның  ұлттық  қатынастар  мәселесіне  көзқарастары  ерек-
ше,  әрине  бұл  көзқарастарының  қалыптасуын  біз  қазіргі  кезең 
биіктігінен қарап баға бермей, сол кездегі қазақ қоғамы деңгейінен 
қарап, негізгі этнос-орыс пен қазақтың сол кездегі қатынастарына 
көңіл  аудару  керек,  сонда  ғана  біз объективті баға  бере  аламыз. 
Бұл  революциядан  кейінгі  орыс  халқы  мен  қазақ  халқының 
арақатынасының  жаңа  бағытта  қалыптасып  келе  жатқан 
алғашқы  қадамдары  еді.  Оны  Ж.Аймауытов  былай  түсіндіреді: 
«Қартқожа қазағын, елін сүйеді... қазақ пен орыс төбелесіп жат-
са,  орыстікі  зорлық  деп  ұққысы  келеді.  Бірақта  орыстан  көрген 
жақсылығын ұмытпайды, орысты да бауыр тұтқысы келеді» [9]. 
Екі ұлттың арасындағы қатынасты одан әрі қарай арттыру жол-
дарын  іздестіріп  былай  дейді:  «Қазақ  та,  орыс  та  Андрейдің, 
менің көргенімді көрсе, көзі ашылса, менің жүрегімдей бауырмал 
жүректі  болса,  зорлық,  қиянат,  теңсіздік  жоғалар  еді-ау...  Бірақ 
ол  мүмкін  бе?  Барлық  адам  баласының  мінез-құлқын,  жүрегін 
бірқалыпқа соғып шығаруға бола ма?» [9].
Ж.  Аймауытовтың  бұл  көзқарастарынан  адамдарды 
ұлтына  бөлмей  жалпыадамгершілік  құндылықтар  тұрғысынан 
қарайтынын  көреміз,  сонымен  қатар  кеңес  еліндегі  интернаци-
онализм  идеологиясы  қалыптастырғандай  түсініктің  негізінде 
барлық  халықтарды  бір  ұлт  қылып  күштеп-зорлап  кеңес 
халқының қоғамдастығы деген түсініктен әрі екендігіне, сол кездің 
өзінде-ақ ол, бұл түсініктің нақты өмір сүре алмайтындығына көзі 
жеткендігін  түсінеміз.  Себебі,  өзінің  ұлттық  қатынастар  туралы 
ойын  аяғына  дейін  бітірмей  сұрақты  сөйлем  ретінде  қалдырып 
отыр, жауаптың қалай екенін білсе де өзінің өмір сүрген заманы-
на ондай жауаптың керек емес екендігін түсінеді.
Егерде жоғарыда айтылған Ж.Аймауытовтың қоғамдық-саяси 
көзқарастарын бір жүйеге келтіруге тырысатын болсак, оны сына-
май тұрып еске алатын мәселе, ол Жүсіпбектің өмір сүрген кезеңі, 
қазақ қогамының дамуының өте күрделі кездері еді, бүкіл Ресейдің 
отарларында және Ресейдің өзіндегідей болып жатқан әлеуметтік 
революциялар кезеңі, қоғамдағы барлық қайшылықтардың өрлеу 
шыңына жетіп тұрған шағы еді.
Жүсіпбек Аймауытов өзінің көптеген замандастары сияқты, 
кедей  мүддесін  жиі  сөзге  тиек  қылып,  кедейлерге  бүйрегі 
бұрғаныменен, үнемі тап тартысы, кедей мен байдың күрес иде-
ясына  ашық  бара  бермейді.  Ол  тап  көлемінен  шығып,  жалпы 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
142
қазақтың  тұтастығын,  елдігін  көздейді,  сонымен  қатар  адам  ба-
ласын бәріне ортақ жалпыадамзаттық-гуманистік идеяларға көп 
көңіл бөлуге тырысады. Әрине, оның бұл көзқарастары кеңестің 
идеологтарына ұнамады, бірден оны халық жауы қатарына қосуға 
көмектесті.
Жүсіпбек  Аймауытовтың  көзқарастарына  кеңес  идеолог-
тарына  ұнамаған  бағыт  –  оның  түркішілдігі.  XX  ғасырдың  ба-
сында  қазақ  зиялылары  қолданған  жалпы  шығыстық,  түркілік 
көзқарастар Жүсіпбекке де әсерін тигізген. Олар ұсақ ұлттардың 
бірігуін алдарына мақсат етіп, әртүрлі ұйымдар құруға әрекеттер 
жасады.  Бұл  талпыныстар  қазақ  тілін,  елдің  салты  мен  әдет-
ғұрпын аяққа басуға қарсылық көрсетудің алғашқы бастамалары 
еді.
Жүсіпбектің  қоғамдық-саяси  көзқарастарында  әйел  тендігі 
мәселесі үлкен орын алады. Ол бұл мәселеге нақты көңіл бөле оты-
рып, қазақ елінің қараңғылықтан шығуы үшін әйелдің қоғамдағы, 
отбасындағы  орнына  деген  көзқарасты  мүлдем  басқаша  етіп 
өзгертуді  талап  етеді.  Біздің  ойымызша,  аты  аталған  мәселені 
кеңірек, жан-жақты көтерген оның еңбегі «Ақ білек» романы және 
«Күнекейдің  жазығы»  повесі.  «Күнекейдің  жазығы»  еңбегінің 
негізгі  тақырыбы  –  қазақ  ауылындағы  әйел  тағдыры.  Көшпенді 
елдің  феодалдық-патриархалдық  тұрмысы  жағдайындағы  ке-
дей шаруалардың тіршілігін Жүсіпбек сол ортадан шыққан қыз 
тағдыры арқылы жан-жақты әрі терең бейнелейді.
Ауылдағы ауқаттылар мен әлсіздердің ара қатынасы, қоғамдық 
әділетсіздіктің  мүсәпір  адамдарды  езіп,  бұл  қайшылықтардың 
күнен-күнге терендеп отырғанын суреттейді. Осындай ортада өсіп 
жетілген Күнекей сол қоғамдағы орын алып отырған әділетсіздікке 
бас  көтереді,  өзінің  адамдық,  азаматтық  құқын  қорғауға  батыл 
талпыныстар  жасайды.  Жүсіпбек  бұл  еңбегін  қорытындылай 
келіп,  дәл  өзі  көрсетіп  отырған  кездегі  қазақ  қоғамында  әйел 
теңдігін  қорғай  алатындай,  жүзеге  асыра  алатындай  әлеуметтік 
жағдайлардың қалыптаспағандығын толық дәлелдеп береді [9].
Жүсіпбектің  шығармашылығында  роман,  повесть,  пьесала-
рында  әйел  мәселесінің  күрделі  болмысының  әртүрлі  қырлары 
көрсетіледі.  Оның  қоғамдық-саяси  көзқарастарында,  газет, 
журналдарда  шыққан  көптеген  мақалаларында  да  бұл  мәселе 
жиі-жиі  көтеріліп  отырды,  осы  айтып  отырған  ойларымыздың 
шындығына  сол  кездегі  әр  басылымдарда  шыққан  мынандай 

143 
II тарау. Алаш қайраткерлерінің 
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
мақалалары дәлел бола алады: «Әйелдер күніне әзірлену керек», 
«Әйелді мектепке алыңдар!», «Қазақта жезөкшелік бар ма?». Бұл 
мақалаларында автор қоғамдық сананы биікке көтеру үшін әйел 
қауымында қандай әлеуметтік жұмыстар жүргізу керек екендігіне 
тоқталады.
«Бұл күнде кеңес мемлекетінің зор мәшинесін жүргізуге ер-
кектер  бір  тетігі  болып,  қызмет  етіп  отырса,  ондай  тетік  болуға 
әйелде  де  мүмкіндік  бар.  Мәшинені  жүргізуге  әйелді  жібермей 
отырған не? Ол – әйелдің қарып танымайтындығы» [14], – дей оты-
рып, қоғамның тең құқылы мүшесі болу үшін оқу оқып, сауатты 
ашудың ауадай қажет екенін Жүсіпбек дәлелдеп берді. Сонымен 
қатар  қазақ  даласында  осы  алға  қойылған  мақсаттарды  жүзеге 
асырудың ең тиімді жолдары мен тәсілдерін көрсетуге тырысты.
Әйел  мәселесінің  күрделілігі  мен  ерекшеліктерін  толық 
түсінген ол, білім беру мәселесінің де кемшіліктерін ескере оты-
рып,  былай  дейді:  «Мектепте  әйелдер  көп  оқысын  десек,  саяси 
ағарту  бөлімдері  әйелдерді  оқытуға  ең  жақсы  оқытушыларды 
жіберсін, мектепке қызықтырсын және оқуды өмірмен байланы-
стырсын, әйелдердің тілегін орындап отырсын. Мысал үшін алды-
мен әйелге азаттық берген кеңестің декреттерін түсіндіруден ба-
стау керек; қалың малдың, күйеуге жастай берудің зиянын оқыту 
керек» [14].
Сонымен қатар әйелді оқытудың ең негізгі мақсатына тоқтаған 
Жүсіпбек  былай  дейді:  «Әйелге  хат  танытудың  бір  мақсаты, 
көбінесе  әйелдер  құқын  сақтай  білетін  адамдар  болып  шығу. 
Жалаң өз басы емес, бүкіл әйелдердің өжет қорғаушысы болып 
декреттердің өмірге дұрыс іске асуын бақылау» [14].
Қоғамды өзгерту ісінде әйелдің орнының тағы бір зор екенін 
белгілеген  Жүсіпбектің  «Әйелдер  күніне  әзірлену  керек»  атты 
мақаласы. Бұл мақалада қоғамдық өмір, мемлекет құру жанұядан 
басталатынын  мойындап,  былай  деген:  «Әлеуметтік  тұрмыстың 
тамыры  –  үй-іші  өмірі.  Үй-іші  өзгермей,  әлеуметтік  өмір  де 
өзгермек емес қой. Қазақтың үй ішіне өзгеріс кірді. Ақ жаулыққа 
қызыл  сәуле  түсті.  Ошақ  астындағы,  от  басындағы  сәуле  емес, 
қиырдан атқан таңнан келген сәуле» [14].
Қазақ  ауылының  тұрмысының  ерекшелігін  толық  білген 
Жүсіпбек, мемлекетті нығайтуға, әлеуметтік әділеттілікті тұрақты 
етуге ең бірінші кімдердің ұмтылатынын былай көрсетеді: «Рас, 
қазақ тұрмысында әйел бостандығы жоғарыдан емес, төменнен, 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
144
байдан емес, кедейден басталады. Бұл – табиғи нәрсе. Кім өмірден 
соққы  жесе,  кімнің  арқасына  аяз  қатты  батса,  сол  адам  ауыр 
тұрмыстан  шығуға  арпалыспақ...  сондықтан  жаман  тұрмыстан, 
жақсы тұрмысқа алдымен кедей таптың әйелі ұмтылады» [14]. Бұл 
көзқарастарында автор философиялық терең ойлар айтып отыр.
Қоғамда  дүниеге  келген  жаңа  ерекшеліктер  мен  жалпы 
жаңалықтардың қозғаушы күштері мен себептерін дәл көрсетіп, 
олардың түпкі негізі қоғамда орын алып отырған қайшылықтарда 
екенін мегзеген. Сонымен қатар осы қол жеткен табыстарды одан 
әрі  дамыту  үшін  ең  негізгі  қажеттіліктерді  ол  былай  көрсетеді: 
«Еңбек дәуірі күшейсе, әйелдің көзі ашылып, сана кірсе, әлеумет 
ісіне араласса, «уақытша» кемшіліктің бәрі жойылады. «Байлық 
мұрат  емес,  жарлық  ұят  емес»,  екенін  тұрмыс  еңбекпен  ғана 
көгеретінін әйел табы түсінеді» [14]. Бұл жерден біз Жүсіпбектің 
қоғамдық  сананың  қалыптасуы  тек  қана  әлеуметтік  белсенді 
еңбекпен  қоғам  өмірінің  барлық  салаларына  араласқанда  ғана 
жедел де жемісті жүретінін қолдағанын көре аламыз.
Сонымен қатар өзі өмір сүріп отырған қогамда қала әйелі мен 
ауылда  тұратын  әйелдің  күнбе-күнгі  шешіп  жатқан  мәселелері 
бір  еместігін,  тұрмыстық  ерекшеліктерге  байланысты  олардың 
арасында жер мен көктей айырмашылықтар бар екенін түсінеді. 
Соңғы кездегі қоғамдық газет-журнал баспаларында жиі кездесіп 
жүрген мәселелерге тоқталады. Ол – жезөкшелік мәселесі. Соңғы 
газеттерде кейбір авторлар қазақ елінде «жезөкшелік» жоқ дейді, 
ал  кейбірі  бар  дейді.  Ал  Жүсіпбек  оған  былай  жауап  береді: 
«Денесін сату қайда бар? Ол мәдениетті Еуропа ханумында бар?... 
Денесін сатқызып, ардан-абыройдан, адамгершіліктен безендіріп 
отырган қандай себеп? Ол себеп тіршілік тартысы, күнелту» [15].
Осы  әдеттің  қазақ  даласында  да  пайда  бола  бастағанын  ав-
тор былай түсіндіреді: «Күйеуі өліп немесе күйеуінен айырылған 
жас қатын, фабрик, зауытта жұмыстан шығып қалған жас әйел, 
әке-шеше,  жанашыр,  сүйенетін  туысқаны  жоқ,  көмексіз  қыз, 
бай-батша  мырзалар  тәлкек  қылып  намысынан  айырған  әйел, 
оқиын  десе  қаражаты  жоқ,  қызмет  етейін  десе  білім  жетпейтін 
қорғансыз әйел, жасынан қаланың сыртқы сұлу киіміне үйреніп 
тағдыр сорлы қылған жұмыс істеуге арланған «арсыз» әйел, – міне 
осы айтқандағыдай әйелдер денесін сатуды кәсіп етеді де кетеді. 
Қысқасы,  «жезөкшелікті»  туғызатын  тұрмыс  талқысы,  тіршілік 
таласы» [15].

145 
II тарау. Алаш қайраткерлерінің 
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
Ал енді ауыл тұрмысын айта келіп, бұл мәселе туралы былай 
дейді,: «Кәсібі мал бағу, егін салу, шаруасы тарылмаған, тұрмыстан 
таяқ  жеп,  сандалмаған  қазақтың  даласында,  сарыарқасында 
«жезөкше»  жоқ.  Болуға  орны  да  жоқ»  [15].  Бұл  мәселеге  деген 
көзқарастарын  қорыта  келіп,  автор  негізгі  себептер  әлеуметтік 
жағдайларға байланысты екенін жан-жақты, көптеген фактілермен 
дәлелдейді.  Біздің  ойымызша,  бұл  мәселелер  қазір  өмір  сүріп 
жатқан қоғамда да бар, ал оны жою жолын Жүсіпбек көрсеткен.
Қоғамдағы  жүріп  жатқан  процесстерді  және  оның 
болашағын  жете  түсінген  ойшылдың  көзқарастарына  қарап, 
талдап отырғанда біз Кеңес өкіметінің нағыз халқын сүйген, сол 
халқы үшін жанын аямаған патриот ерлерімен қалай күрескенін 
көреміз.  Міне  солардың  қатарында  Ж.Аймауытовтың  өмірі  42 
жасында,  нағыз  шығармашылық  толысқан  кезінде  қыршыннан 
қиылды, өйтпегенде үлкен дарын  иесінің  қаламынан  қазақ  бол-
мысы туралы талай ғылыми жұмыстардың жарық көретіндігіне 
біздің күмәніміз жоқ.
Әдебиеттер
Аймауытов Ж. Журнал туралы. // Абай. 1918 ж. № 1, 3 бет.
Есімов Ғ. Хакім Абай Алматы, 1994 – 215б., 33 бет.
Аймауытов Ж. Тәрбие. // Абай. 1919 ж. №1, 12 бет.
Аймауытов Ж. Қазақтың өзгеше мінезі // Ақжол. 1923ж. 22 ноябрь.
Аймауытов Ж. Бұл әдеттен айырылу керек // Еңбекші қазақ. 1925ж. 
№ 397.
Аймауытов Ж. Псиқолоғия. Алматы, Рауан, 1995. 21-22 бет.
Жарықбаев Қ. Ж. Аймауытовтың психологиялық еңбектері туралы 
// Алматы Ақшамы 1983 ж. 28 июнь.
Бурабаев М.С. Общественная мысль Казахстана в 1917-1940 гг. Ал-
ма-Ата, 1991- 60с.
Аймауытов Ж. Тандамалы шығармалары Алматы, 1990.- 253 бет.
10 Аймауытов Ж. Жан жүйесі мен өнер тандау. Алматы, 1990.- 251 
бет.
11 Аймауытов Ж. Мағжанның ақындыгы туралы / Мағжан Жұмабаев. 
Шығармалары. Алматы, 1989ж. 401 бет.
12 Аймауытов Ж. Жастар кім? // Еңбек туы. 1920ж. № 3.
13 Екеу. Көркем өдебиет жайлы // Еңбекші қазақ. 1927ж. 8-9 август.
14 Аймауытов Ж. Әйелді мектепке алындар! // Еңбекші қазақ 1924. 
21бет.
15 Аймауытов Ж. Қазақта «жезөкше» бар ма? // Ақ жол. 1928. 10 бет.

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
146
2.4 М. Дулатовтың рухани мұрасындағы дүниетанымдық 
идеялар 
Жаһандану үрдісінде қазақ тек өз рухын жаңғырту, асқақтату 
арқылы  ұлттық  болмысын,  атадан  балаға  мирас  болып  келе 
жатқан ұлан-ғайыр жерін, тәуелсіздігін сақтай алады. Олай бол-
са,  бүгінгі  қазақты  зұлымдыққа  емес,  адамгершілікке  бейімдеу 
ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі мәселе болуы тиіс. Бүгінгі қоғам 
да  осы  негізде  дамуы  керек.  Олай  болмайынша,  қазақтың  рухы 
өзінің ішкі бірлігі мен тұтастығынан айырылуы мүмкін.
Міржақып  Дулатов  XX  ғасырдың  басында  қазақ  қоғамында 
қанат жайған демократиялық қозғалыстың, елдің елдігі, еркіндігі, 
мәдени өркендеуі үшін күрескен жаңа бағыттың ең ірі өкілдерінің 
бірі  болды.  Оның  шығармаларынан  тынымсыз  іздену,  ілгері 
ұмтылу сарыны, күрес рухы сезілді. 
Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ» кітабы қазақ қоғамындағы 
ең алғаш айтылған өткір сөздердің бірі болды. Ұлт зиялысының 
ақындық  сөзі  қалың  қазаққа  арналды,  халқын  ұйқыдан  оянуға, 
елдің қазіргі күйіне көз салып, ілгері ұмтылуға, азаттық, бостандық 
жолына үндеді. «Оян, қазақ» халықты мешеуліктің, надандықтың 
шырмауынан құтылып, әділеттік үшін, өнер-білімге, мәдениетке 
жету  үшін  күресуге  шақырған  күшті  ұран  болып  естілді,  солай 
қабылданды.  Ақынның  озат  идеяларға  толы  өлеңдері  көпші-
ліктің назарын тез аударып, кітап ел ішіне кеңінен тарай бастады. 
М. Дулатов патша үкіметінің саясатын әшкерелеп, заңсыздыққа, 
халыққа  қысым  жасаушылыққа  қарсы  шықты.  Қазақ  жастарын 
оқыту, мектеп ашу қазақша газет-журналдар шығару қажеттігін 
айта отырып, орыс тілін, мәдениетін игеруге де ерекше мән берді. 
Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты
Өткізбей қараңғыда бекер жасты!
Жер кетті, дін нашарлап, Хал һарам боп,
Қазағым, енді жату жарамасты! – [1, 29 б.].
«Оян,  қазақ!»  кітабынан  Міржақыптың  халықтың  мұң-
мұқтажын өз мұңындай көретіні әр сөзінен айқын сезіліп тұрады. 
Ақын өзінің халық алдындағы жауапкершілігін толық сезінеді. Ол 
өз  замандастарына,  көзі  ашық  зиялыларға  тарих,  қоғам  қандай 
міндет  жүктеп  отырғанын  анық  аңғартады,  халықты  ескіліктен, 

147 
II тарау. Алаш қайраткерлерінің 
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
мешеуліктен, зорлық-зомбылықтан, қанаудан құтқаратын күшті 
құрал оқу-білім, өнер, ғылым, адал еңбек, әділдік, адамгершілік 
үшін күресу екенін ұға білді.
Жинақтағы беташар, бірінші өлең «Қазақ халқының бұрынғы 
һәм бұ күнгі халы» – деп аталып, былай басталады: 
Міржақып неге отырсың қалам тартпай, 
Бәйге алмас болғанменен жүйрік шаппай.
Шамаңды қадари-хал көрсетсеңші, 
Байғұс-ау, оянсаңшы қарап жатпай [1, 20 б.]. 
«Оян, қазақ!» жинағының қара сөзбен жазылған кіріспесінде 
заман күн сайын өзгеруде, біз осылай қозғалмай жата берсек, не 
боламыз, бұған ұрынбау үшін екі нәрсе қажет дейді:
«...соның үшін мұсылманша ғылымдар оқып, дінімізді танып, 
надандардың көзін, көңілін ашып, мұнымен ахиреттік пайдамыз-
ды  табалық.  Екінші  дүниемізді  қажетті  хақыларымызды  алып, 
жерімізді, малымызды сақтау үшін, басқалардан қорлық көрмеу 
үшін орысша оқып, өнерлі болалық» [1, 15-16 бб.].
Міржақып  Дулатов  патша  үкіметінің  қазақ  даласын  би-
леу  ісін  жүргізу  саясатының  кемшіліктерін,  кертартпа  сипатын 
анық аңғарды. 1916 жылғы оқиғаны, 1917 жылғы ақпан көтерілісі 
мен  Қазан  төңкерісі,  азамат  соғысы  кезіндегі  саяси-әлеуметтік 
жағдайды көзімен көріп, дұрыс бағалай алды. Осындай үлкен та-
рихи оқиғалар болып жатқан кезеңдерде алдыңғы қатарлы қазақ 
зиялыларының,  қоғам  қайраткерлерінің  күресі  елдің  азаттығын 
сақтап  қалуға  бағытталды.  Сол  дәуірдегі  тарихтың,  уақыттың 
өзі  қазақ  қоғамының  алдына  тартқан,  күн  тәртібіне  қойған  ең 
маңызды,  түбегейлі  мәселесі  халық  мүддесін  көздеген  қазақ 
зиялыларының  қоғамдық,  саяси  күрестегі  алдына  қойған  негізгі 
мақсаты елдің азаттығын қорғап қалу, сол үшін ұлттық мемлекет 
құру  болды.  Ел  берекелі,  беделді  болу  үшін,  халықтың  ұлттық 
мәдениетін  өркендету  үшін  алдымен  азаттық,  бостандық  керек, 
ерікті ел болу керек екенін олар жақсы түсінді. Қазақ еліне автоно-
мия беру мәселесін ашық қойған Әлихан Бөкейханов 1917 жылғы 
ақпан  төңкерісінен  кейін  бұл  үміттің  ақталмайтынын  байқап, 
ұлттық партия құру ісіне кіріседі. 
Қазақ зиялыларының алдынғы қатарлы өкілдері «Алаш» пар-
тиясын кұрып, «Алаш-орда» үкіметін орнатқан кезде Міржақып 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
148
Дулатов  алаш  туын  көтерген  Әлихан  Бөкейханов  пен  Ахмет 
Байтұрсыновтардың  қатарында  болды.  Оның  «Алашқа»  атты 
өлеңі «реквием» болғанымен, онда өткен заманды аңсау сарыны-
на құрылмаған. Қазақтың бұрынғы өздері ақ киізге көтеріп сай-
лайтын хандары, әділ билері, ел намысын қорғай алатын батырла-
ры болған кең сахарада малын бағып, еркін көшіп-қонып жүрген 
дәуірі артта қалды дей отырып, Міржақып ол заман өкінгенмен 
енді қайтып келмейді, сондықтан уақыттың, қоғамдық жағдайдың 
өзгергенін түсініп, соған сәйкес әрекет қылып, қазақ көшін оңға 
бастайтын адамдар кажет деген ой айтады. Бүгінгі күнгі өзінің бас 
пайдасын ғана ойлаған парақор басшылар сияқтыларға еріп, ал-
данудан сақтандырады. 
Ежелгі көшпелі дәуірдегі өмір-тұрмыстың жақсы, жарасым-
ды жақтары, өз артықшылықтары жайлы айта келіп, «Қазақтың 
бұрынғы  һәм  бүгінгі  халі»  атты  өлеңінде  ерте  замандарда  да 
әділеттіліктің болмағанын ашық айтады: 
 Ел шауып, кісі өлтірсе батыр деген, 
 Батырлар факирлердің хақын жеген. 
 Біз мұндай бұл уакытта болар ма едік, 
 Істесе халық пайдасын ғақылменен [1, 22 б.].
 
Ақын патша үкіметінің қазақтарды малға жайлы, шұрайлы 
жерлерден ысыруға бағытталған саясатын әшкерелейді. Қазақ да-
ласына енгізілген ел билеу жүйесінің халық мүддесін жақтамай, 
жергілікті  әкімдерді  әлсіретіп,  патша  үкіметінің  басқару 
орындарындағы  ұлықтардың  өкім  жүргізуіне  қолайлы  етіп 
жасалғанын Міржақып толық түсінген. 
Міржақып  Дулатов  әр  адам  жеке  басының  ғана  қамын  ой-
ламай, елінің, ұлтының қамын ойлауы керек, ұлтына жақсылық 
жасаған адамның аты ұрпақтан ұрпаққа тарайды деген ой айта-
ды. «Қайтсек жұрт боламыз?» деген мақаласында патшаның отар-
лау саясатынан құтылу үшін, елдігімізді, тілімізді, дінімізді сақтау 
үшін мемлекет, автономия құруымыз керек, кім күшті болса, сол 
жұрт болып дегеніне жетеді, күш дегеніміз ол – әскер дейді. «Бұл 
заманда әскері жоқ жұрт жұрт емес, құл. Біз қазір екі жолдың тара-
уында тұрмыз, қайсысына түсетін болсақ та ерік өзімізде» [2, 263-
264 бб]. Алаш үкіметімізді нығайтып, милициямызды жасап, ав-
тономия алу жолына кіріссек бізді ешкім басынбайды, үкіметі бар, 

149 
II тарау. Алаш қайраткерлерінің 
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
әскері бар жұрт деп бізбен әркім есептеседі деген ойды көрсетеді. 
Өмірдің мәні тағдырға мойынсұнып, басыңа не түссе соны көріп 
отыра беру емес, ел болуға, жұрт болуға, өркениеттілікке талпы-
ну. Ол қазақ халқының даму деңгейі төмен, отар халық емес, тағы, 
дөрекі емес екендігін, бейбітшілік сүйгіштігін дәлелдеуге тырысты. 
Жалпы  қазақ  халқының  жақсы  өмірге  жетуіне  қажетті 
басты  нәрсе  –  еркіндік  пен  тәуелсіздікке  жету  деп,  оны  өз 
шығармаларында  көрсете  білді.  Бұл  жолда  қарсы  тұрушылар 
мен көре алмаушылардың да бар екендігін айтып, екі түрлі адам-
ды  суреттейді.  Біреулері  –  қаны  қарайған,  ұлт  намысы  дегенді 
білмейтін,  ойлағаны  жамандық,  надан  адамдар.  Бұларға  елдің 
бүлінгені  керек.  Екіншісі  –  ел  ішіндегі  партия  құмарлар.  Бұлар 
баққа  таласқан,  істеген  ісінің  зиян  екенін  ойламайтын  надандар 
дейді.  Адамгершілігі  жоқ  адамның  хайуаннан  айырмасы  жоқ. 
Адамдық  қасиеттерді  дамыту  адамның  өзінің  қолында.  Өз  алды-
на  ел  болғысы  келген  жұрт  адамгершілігін,  ар-ұятын  сақтау  ке-
рек  екендігін  ақын  ескертеді.  Жұрттықты  ойлап,  бірлік  қылсақ, 
алаш  тілегін  тілесек  жолымыздың  болғаны  дейді.  Ол  азаматтық, 
әлеуметтік лирикасы арқылы бірде қазақ халқының тағдырын, күн 
көрісін, келешегін толғаса, бірде жастарды өнер-білімге, талапты, 
адал, өнегелі болуға шақырады, бірде өмірдегі нақтылы, күнделікті 
жай-жағдайға, көпшілікке тікелей қатысты мәселелерді тілге тиек 
етіп, адамгершілік мәселелерді сөз қылып, кейде патша үкіметінің 
озбырлығын, жұрт билеушілердің әділетсіздігін әшкерелейді. 
Патшалық  отарлау  саясатының  ашықтан-ашық  халықты 
орыстандыруға  көшкенін  көрген  ұлт  зиялылары  өз  ойларын 
«Қазақ»  газетінде  жариялады.  Петроградта  өткен  мұсылмандар 
съезінің жұмысында қаралған өз талаптарын ашық айта білді. Дін 
басылары мүфтиден бастап ауыл, село молдалары сайлау арқылы 
өтсін, мұсылман дін басыларына орыс топтарымен бірдей жалақы 
төленсін, ауылдарда діни медреселер, мектептер ашылсын деген 
тілектерін  білдірді,  яғни  халық  ең  алдымен  өз  тілін,  дінін,  әдет-
ғұрпын білу керек екенін жеткізе білді. Алдымен ауылда қазақша 
оқып, содан кейін қалаға барып орыс тілінде білім алу керек деп 
дәлелдеуге тырысты.
«Абай»  мақаласы  «Абай  секілді  атымен  қазақ  халқы 
мақтанарлық  ақынымызды  арамыздан  жоғалтқанымызға  10 
жыл  толуын  еске  түсіріп»  атап  өту  үшін  жазылғанын  автор  өзі 
де айтқан. Міржақып Абайды «қараңғы заманда шыққан басшы-

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
150
мыз» деп атап, оның қазақ әдебиетін, ой-санасын дамытуға қосқан 
үлесін аса жоғары бағалап, артына қалдырған мұрасының қадірі 
барған  сайын  арта  береді  деген  терең  пікір  айтады:  «Зәредей 
шүба етпейміз, Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухы-
на сонша жақындармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, 
өнер-білімге  қанар,  сол  күндерде  Абай  құрметі  күннен  күнге 
артылар.  «Бірінші  ақынымыз»  деп  қабіріне  халқы  жиі-жиі  зи-
арат  етер,  халық  пен  Абай  арасы  күшті  махаббатпен  жалғасар. 
Ол  күндерді  біз  көрмеспіз,  бірақ  біздің  рухымыз  сезер,  қуанар» 
[2, 251 б.]. Бұл сөздердің қандай көрегендікпен айтылғанын бүгін 
әділ қазы – уақыттың өзі дәлелдеп көрсетіп отыр. Міржақып өз 
шығармаларында қоғам өмірінің саналуан маңызды мәселелерін 
Абай  дәстүрлерін  жалғастыра  отырып,  жаңа  заманның  тілек-
талабына сәйкес, батыл қоя білді. Ол Абайға, әсіресе, сөз өнерін 
халықтың санасын оятудың, қоғам көшін алға бастаудың бірден-
бір  күшті  құралы  деп  санаған  ағартушылық  өнегесі  жағынан 
үндес. Дулатовтың өз шығармаларының ең басты идеялық ныса-
насы халықты ояту, өнер-ғылымға, адал еңбек етуге, прогресс жо-
лымен алға басуға шақыру деп түсінді. 
Міржақып  Дулатовтың  дүниетанымдық  көзқарасы  –  бұл 
адамды  қоршаған  әлемнің  тіршілігін,  яғни  адамдық  болмыс 
әлемі  мен  табиғат  әлемін  сөзсіз  тануы.  Ол  шығармаларында 
қоғам  мәселесін  көтеріп,  қазақ  халқына  адам,  оның  өмірінің 
мәні  мәселелерін  түсіндіруге  тырысты.  Қазақ  халқына  мал 
бағудан басқа да құндылықтардың бар екендігін көрсетіп, білімге 
шақырды. Халықтың жақсы өмірге жетуіне қажет нәрсе – еркіндік 
пен  тәуелсіздікке  ұмтылу  деді.  1913  жылы  «Айқап»  журна-
лында  Шәкәрім  Құдайбердіұлының  бес  сауалы  жарық  көреді. 
«Адамға  тіршіліктің  ең  керегі  не  үшін?»  деген  сауалына  жауап 
ретінде  Міржақып  өзінің  «Адамға  тіршілік  не  үшін  керек?»  де-
ген  мақаласын  жазады.  Бұл  сөзге  жауап  берудің  оңай  еместігін 
ескерте  отырып,  ол  әр  замандағы  данышпандардың  ойлары  ту-
ралы да тоқталып кетеді. Құдайға құлшылық ету керек деген діни 
түсінікке немесе жақыныңа жақсылық қылу керек деген пікірлерге 
көңілі  толмайды.  Адам  өмірге  келген  соң  хайуаннан  айырма-
сы болу керек дейді. «Адамға ойларға ақыл берілді, бір-бірімен 
сөйлесуге тіл берілді, олай болған соң адамзатқа тіршілік бекерге, 
босқа ғұмырды зая қылып өткізуге берген болмайды» [2, 236 б.]. 
Ол бұрынғы замандағы қариялардың «жақсылықты басыңа қыл, 

151 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет