Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет14/42
Дата03.03.2017
өлшемі2,34 Mb.
#6131
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42

II тарау. Алаш қайраткерлерінің 
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
Болашақ ұрпақты озық жетістіктерге тәрбиелеу, оларға білім 
беру  процесін  сол  халықтың  мінез-құлқы  мен  тұрмыс-салтын, 
әдет-ғұрпын  еске  ала  отырып  жүргізудің  қажеттігіне  Жүсіпбек 
аса зор көңіл бөледі.
Абайдың  көрнекті  шәкірттерінің  бірі  болған  Жүсіпбек 
өзінің туған халқын қатты сүйген, дәл солай оның кемшіліктерін 
де  көрсетіп  қатаң  сынға  алып  отырды.  Мысалы,  «қазақтың 
өзгеше мінездері» деген мақаласында өз халқының мінездерінің 
жақсы  жақтары  мен  бірге  отаршылықтың  әсерінен  пайда  бола 
бастаған кемшіліктерін де ашық әрі батыл көрсетіп, былай дейді: 
«Бұрынғы  уақытта  қазақ  елі  ұйымшыл,  елі-жауынгер,  биі-әділ, 
намысқор,  адамы-әрі  бітімді,  қайратты,  сауықшыл  болған  екен. 
Досы  мен  достасып,  жауымен  жауласуға  табанды,  қайғыра  да, 
қуана да білген халық екен» [4]. Осыдан әрі Жүсіпбек қазақ еліне 
жауласушылықпен  отаршылдықтың  әсерінен,  осы  мінездердің 
өзгергенін сынайды. Оларда «ұрлық, зорлық, өтірік, өсек, алдау, 
қулық, айдату, байлату, кісі өлтіру, өтірік мақтану, ынсапсыздық, 
тұрақсыздық, настық, жалқаулық сияқты жағымсыз қасиеттердің 
көбейгенін  айта  келіп,  сөйтіп,  ұсақтап  келіп,  жау  жүрек 
батырларымыздың батырлығы ауыл үйдің малын ұрлауда қалды. 
Бұрынғы билердің жұрнағы кішкене дөңгелек жер болып қалды» 
[4], – дейді. Ал енді осы жағымсыз қылықтардан айырылудың ең 
басты құралы, Жүсіпбектің түсінігі бойынша, тәрбие, оқу, білім.
Білім  беру  саласында  көп  жылдар  бойы  жұмыс  істеген 
Жүсіпбек  өзінің  байқаған,  түсінген,  зерттеген,  қазақ  баласына 
дұрыс білім алуға бөгет болып келе жатқан әдеттерді қатты сынай-
ды. Қазақ баласының арасында көбірек кездесетін кемшіліктерді 
орыс  балаларымен  салыстыра  отырып,  былай  жазады:  «Орыс 
баласы  оқудан  қолы  босаса,  футбол,  доп,  жарыс,  неше  түрлі 
дене тәрбиесі; қазақ баласы оқудан шықса, көше қыдыру, таныс 
жағалау, жоқ жерден пайда қып қою,... орыс баласы бос болса, құс 
атады, қайыққа мінеді, музыка тартады, кітап, әдебиет қарайды; 
қазақ баласы қолы босанса, түтін аңдиды, өсек аңдиды» [5].
Осы мақалада неге бұлай екендігін білу үшін, дәлірек айтқанда 
халыққа  түсіндіріп  беру  үшін,  Жүсіпбек  бұл  кемшіліктердің 
себептеріне тоқталады. Әрине себептердің барлығы баланың көріп 
өскен  ортасында,  әке-шешенің,  одан  қалды  қоршаған  ортаның 
тәрбиесінде  екеніне  тоқталады:  «Жас  кезінде  баласы  бірдеңеге 
ұрынып,  бір  жерін  қанатып,  не  бір  жерін  ауыртып  алса,  бала 
жан  үстіне  түсіп:  «Құлыным-ай!  Ауырып  қалды  ма?  үрлейінші, 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
124
сүйейінші»,  –  деп,  ауырған  жерін  одан  жаман  ауыртады.  Аяған 
сайын  баласы  бажылдап  жылайды  [5].  Көлденең  отырып  біреу: 
«Ал, ішегі шығып келеді,» – десе, бала одан сайын жылайды». Осы 
әдеттен айырылмасақ, болашақта баланы ынжық, қорқақ болып 
өсетіндігіне тоқталады, бұл әдет баланы жалқаулыққа, өтірік бай-
балам салуға дағдыландырады деген қорытынды жасайды.
Біреудің  қолына  қарап  әрқашан  туыстан,  елден  бірдеме 
дәметіп  отыратын  жаман  әдеттің  де  себептерін,  қайдан  екенін 
көрсетеді: «Ардақтаған жалғызын, әйтпесе, адам болар көз нұрын 
ата-анасы  жасынан  сұраншақтыққа  үйретеді.  «Ағатайының 
қамшысын  сұрай  ғой»,  «Ағаларына  айттық,  көрімдік  беретін 
шығар», «Қарағым сұра, бермесе жыла», «Пәленше жанға берме-
ген малы әдірә қалсын!». Міне, қазақтың жасынан баласын баулу 
түрі»  [5].  Әрине,  қандай  әдет  не  мінез-қүлық  бірден  пайда  бол-
майды,  оның  себептері  болады,  Жүсіпбектің  осы  мақаласында 
халықтың  тұрмысында  бар  кемшіліктердің  түп-тамырын  өте 
айқын  көреміз,  елін,  халқын  жақсы  көрген  Жүсіпбек  тарапы-
нан  осы  кемшіліктерден  тез  арылу  үшін  өте  орынды  мысалдар 
қолданылған.
Ең  үлкен  зиян  келтіретін  әдеттің  жалқаулық  екенін,  еш 
қимыл,  әрекет  жасамай,  еңбектенбей,  «Алла  бере  салады»  деп, 
қол қусырып отырудың бар екенін сынап былай дейді: «Қазаққа 
әлі  де  бермесең  жақпайсың.  Ел  еңбекке  төселсе,  шаруа  түрі 
бірте-бірте  өзгерсе,  салт-сана  да  өзгере  бермек.  «Алладан»  емес 
«еңбектен»  сұрағанның  екі  бүйірі  шығатынына  көзі  жетпек. 
Әрқашан жылауық, байбалам, жалыншақ, сұраншақ, жағыншақ, 
жарамсақ елдің жаны құл болады,... жоқ болса да ірі көңіл, сұңқар 
мінезді бол» [5].
Әрине, автордың бұл көзқарастарында үлкен философиялық 
маңыз бар. «Жоқ-жоқ», – деп жалына бергеннен ешкім ешқайдан 
да  ештеңе  де  әкеліп  бермейді.  Сондықтан  да  Жүсіпбектің  сол 
кездегі  күрескен  халқымыздың  сана-сезіміндегі  кездесетін 
кемшіліктеріміз бізден әлі де толығымен кеткен жоқ. Масылдық 
психология орын алған. Яғни автордың бұл көзқарастары әлі де 
өте өзекті.
Жүсіпбек  Аймауытовтың  біздің  ұрпақтарға  қалдырған 
бай  мұралармен  танысқанда  бірден  көзге  түсетін  ерекшелік-
ол  автордың  адам  психологиясын  жете  әрі  терең  білуі.  Өзінің 
заманындағы  тек  қана  Ресейдің  ғана  емес  сонымен  қатар  сол 

125 
II тарау. Алаш қайраткерлерінің 
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
кездегі  Европа  елдерінің  де  психологтарын  терең  біліп  талдау-
лар  жасаған.  Халықтың  сана-сезімі  мен  дүние  танымын  белгілі 
бір дәрежеге көтеруге бұл ғылымның өте зәрулігін түсінген Ай-
мауытов, былай дейді: «Псиқолоғия... терең ой, терең пәлесепеге 
соғатын  пән...  өзге  білімдер  затшылдыққа  табанын  тіресе  де, 
псиқолоғия әлі табан тіреп, аяғын нық басқан жоқ... қарапайым 
адамға жұмбақ сықылды көрінетін талай нәрселер псиқолоғияда 
қаралады...  себептері,  сырлары  айқындалады.  Бұлардан  хабары 
болу, ақыл-ойына ерік беру кімге болса да керек-ті» [6].
Өзінің  бұл  ғылыми  еңбегінде  психология  пәнінің  тари-
хынан  мол  мәлімет  бере  отырып,  Жүсіпбек  адамның  жан 
дүниесін, мінез-құлқын зерттеудің әдістері мен тәсілдері туралы 
қалыптасқан  білімдерге  тоқталып,  осы  негізгі  әдістер  болып  са-
налатын (бақылау, анкета жүргізу, әңгімелесу, тәжірибе жүргізу) 
сияқты  негізгілеріне  тоқталып,  әрқайсысының  ерекшелігін,  қай 
жағдайларда және қалай қолданудың қажет екендігін ашады. Осы 
ойлардың ішінде адам психологиясының тереңірек зерттеу үшін 
математиканың  саласы  болып  есептелетін  варияциялық  стати-
стиканы қолдану қажет екендігін де көрсеткен.
Әрине, қазіргі заман реалдылығынан қарап отырсақ, Жүсіпбек 
бұл мәселеллерді ең алғашқы болып көтергергенін дәлелдеу қиын 
емес,  бұған  дәлелді  қазіргі  басылымдарда  жарияланып  жүрген 
мақалалардан табуға болады. «Жүсіпбек Аймауытовтың психоло-
гияны зерттеп, көтерген мәселелері, одан басқа қазақ топырағында 
ешкім  де  көтермеген  мәселе.  Осы  мәселелердің  баяндалуынан 
қазақтың психолог мамандары қазірдің өзінде айтарлықтай ақау 
таппайды» [6].
Сонымен  қатар,  бұл  кітап  қазақ  тілінде  жазылған  алғашқы 
окулық  болғандықтан,  көптеген  категорияларына  терең  түсінік 
беріп,  олардың  қалай  қолданылатыны  көрсетілген.  Өзіміздің 
заманымыздағы  жоғары  оқу  орындарында  осы  пәнді  оқығанда 
кездесетін  негіздер:  «Организмнің  тітіркенушілік  пен  сезгіштік 
қасиеттерінің  ерекшеліктері,  жануарлар  мен  адамдардың 
қатынасы,  соқыр  сезімдері,  өсімдіктер  дүниесіндегі  тіршілік 
белгілері  сол  кезде  Жүсіпбек  жазған  еңбекте  жан-жақты  талда-
нып, негізі қаланған» [6].
Бұл  бағыттағы  ізденушілік  еңбектерін  одан  әрі  терендете 
түскен автор «Жан жүйесі және өнер тандау» деген кітап жазды. 
Бұл  оның  осы  салада  жүргізген  тәжірибелерінің  қорытындысы 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
126
ретінде  жарық  көрді.  Соңғы  кездерде  ғана  Қазақстан  қоғамдық 
ғылымдарында орын ала бастаған социологиялық зерттеулер, ан-
кеталар  жүргізу  сияқты  әдістерді  Жүсіпбек  сол  кездің  өзінде-ақ 
өте  шебер  қолданған,  және  оны  қоғам  қажеттіліктеріне  жұмыс 
істеткен. 
Жастар  арасында  анкета  тарату  арқылы,  оқушылардың 
мінез-құлықтарын зерттей отырып, Жүсіпбек қазақ жастарының 
мамандық таңдау жолындағы ізденістерін анықтады. Әрине, бұл 
шаралар сол кездегі жас қазақ азаматтарына өмірден өз орында-
рын табу үшін жасалған нақты көмек еді. Жүсіпбек өзінің ғылыми 
зерттеулерінің нәтижесін жариялағанда партиялық позициямен 
санаса бермеді, сондықтан да шығар оның жаулары Жүсіпбектің 
бұл  қасиеттерін  өзіне  қарсы  жақсы  пайдаланды.  Аты  аталған 
еңбектен  бір  тұжырымды  келтірсек:.  «Кісі  іштен  туғанннан-ақ 
белгілі бір өнерге, қызыметке икем болып туады. Басқаша айтқанда 
әр адамда бір нәрсе талап, ыңғай, қабылет яки зеректік болады. 
Біреу бала оқытуға, біреу етік тігуге, біреу әкім болуға, біреу мал 
бағуға, біреу әскерлікке, біреу жазушылыққа, біреу дәрігерлікке, 
біреу  саудаға...  ыңғайланып  жаралады...  Кімде  кім  өзіне  біткен 
ыңғайына қарай, өз жолымен жүріп, қызмет етсе, өз басына да, 
әлеуметке  де  үлкен  пайда  келтірмек...  қайғы  сол:  өз  жолын  шу 
дегеннен тауып алатын адам сирек болады [7], – деген зиялының 
көзқарастары заманында басымдық танытқан маркстік-лениндік 
идеологияның тұжырымдарымен сәйкес келе бермейтін.
Қай қоғамда, қай замаңда болмасын өзінің зәрулігін жоймай-
тын мәселе – маман мәселесі. Осы мәселеде де Жүсіпбектің үлкен 
әрі маңызды ойларына тоқтағымыз келеді. Аты аталған еңбекте 
қорытынды  ретінде  ол  былай  деген:  «Бас  мақсатын  біржола 
ұмытып  әлеумет  қызметіне  түгел  берілетін  адам  болуы  мүмкін 
емес!  Ондай  адам  кемде-кем.  Біреу  әлеумет  үшін  еңбегін  көп 
жұмсайды. Біреу бойын тежеп, бас мақсатын көбірек сағалайды. 
Айырма  жалғыз  осында...  Қайткенде  әрі  жеке  адамның,  әрі 
әлеуметтің  пайдасы  бірден  табылады?  Қай  уақытта  әлеумет 
тілегі мен жеке адам тілегі тоғысады? Әр адам табиғатына біткен 
қабылетіне, зеректігіне қарай өз орнында қызмет етсе, сонда табы-
лады» [8].
Барлық 
шығармашылығы 
адамның 
жан-дүниесімен 
қасиеттерін  зерттеуге  арналған  Жүсіпбек,  өзінің  өмір  сүрген 
кезеңіндегі қоғамдық қажеттіліктерді шешуге келгенде әр дәуірде 

127 
II тарау. Алаш қайраткерлерінің 
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
өмір  сүрген  адамдардың  дүниетанымының  әртүрлі  екендігіне 
тоқтала  келіп,  оған  мынандай  түсініктеме  береді:  «Бұрынғы 
оқығандардың алған тәрбиесі, көрген-бакқаны, көксеген мақсұты, 
еткен қызметі қандай, қай заманда еді? Олардың тәрбиесі надан, 
соқыр  қазақтың  ортасы  еді.  Көргені  Николайдың  төрелері  еді. 
Көксегені  шен  еді.  Өйткені,  тақтан  қорыққаннан,  не  пайда  табу 
үшін  жасаған  қызмет  еді.  Олардың  басынан  кешіргені  қараңғы 
тар замандар еді. Бұлай болса бәріне бірдей ақжүрек болмадың 
деп,  әділ  қызмет  қылмадың  деп  кінә  қоюға  да  болмайды»  [9]. 
Бұл айтқанын алып қарасақ, Жүсіпбек қандай азамат болмасын 
белгілі  мөлшерде  өзінің  өмір  сүріп  жатқан  ортасы,  қоғамының 
сана-сезімі  мен  қалыптасқан  әдет-ғұрыптарының  жемісі  екенін 
көрсетеді.
Жаңа қоғамды құрып жатқан елдің болашағын қалыптастырып 
жатқан қазақ жастарының бар екендігін қуана айтқан ол, мынандай 
ойлар түйіндейді: «Заман түзеліп, бұлт ашылып, сәуле шашылған 
сайын, адам да ағармақ; ескі күннен жерінбек... Жастың мақсұты-
әділдік,  туысқандық.  Жас  қызметіне  міндет  қылып  кеудесін 
қақпайды, шен алам деген ой жоқ. Жас дүние жиамын, пайда та-
бамын демейді. Біреуді олай, біреуді былай алдамайды. Түзулікті 
тура  айтады...  Жастың  жаты,  жақыны,  досы,  дұшпаны  жоқ.  Кім 
ақ болса, сол жолдас. Кім жауыз, соған қас. Біздің жас – ақ жүрек. 
Біздің жаста екпін бар, ерлік бар» [9], – деп, болашақтан үміт күте, 
қуанышын сездіре өзінің мақаласын бітіреді.
Жүсіпбектің  әдебиет  пен  өнерді,  соның  ішінде  бейнелеу 
өнері  мен  күй  өнерін  өзінше  түсінуі,  оның  болмысының 
тереңдігін  және  жан-жақты  дарыңдылығын  көрсетеді.  Өмірдің 
қиындықтарын, әсіресе эканомикалық қиындықтарды шешу аса 
қиын да күрделі емес, күрделі – адамның рухына еркіндік беру, 
егер  рухы  еркін  болса,  жан  дүниесі  бай  болса,  адам  құлдық 
психологиядан  тез  арылып  кетуге  мүмкіндік  алады  деп  сенеді. 
Сондықтан  да  ол  халқының  өте  бай  әдеби,  мәдени  мұраларын 
зерттеу барысыңда жан аямай еңбек етті.
 Адамға адамгершілікті қалыптастыруда, оның дүниетанымын 
кеңейтуде  әдебиет  пен  өнердің  алатын  орнына  ерекше  көңіл 
бөліп  былай  дейді:  «Баяғыдан  қазақ  кең  далада  құр  қойын 
құрттап, айран ұрттап жатқан жоқ екен, оқымаса да, надан болса 
да,  қиял,  сезім  байлығы  бар  екен.  Жүрегінің  терең  сырын, 
жанының  алуан-алуан  нәзік  толғауын  ән-күй  деген  айнасына 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
128
түсіре  білген  екен.  Енді  ол  айнаны  өнерлі  жүрттар  көрді... 
Адамшылықты, өнерді сүйген таза жүректе біреуді олай, біреуді 
былай  ұстайтын  тар  мінез  болмайды»  [9].  Бұл  ойларды  оның 
бұрынан  бері  жарыққа  шықпай  келе  жатқан  туған  халқына 
рухани қазынасына деген сүйіспеншілігі деп түсінуге болады.
Біздің  өмір  сүріп  отырған  кезеңімізге  де  үлкен  байланы-
сы бар, өсиет сияқты айтылған Жүсекеңнің  мынау ойларына да 
тоқталмасқа  болмайды.  «Қазақ  күнелту  жағының  мәдениетінен 
мешеу қалса да, ақыл, қиял, сезім жағына, білім тілімен айтқанда 
рух мәдениетіне кенде емес екендігі мынау мың әннен танылып 
отыр. Қазақстан жерінің астында асыл қазына, кең байлығы мол 
деп  аңыз  қылысады.  Сондай  мол  қазына  қазақ  елінің  ішінде  де 
жатыр. Ол не десеңіз – әдебиет, ән, күй. Күн көру тәсілін сырт-
тан  жұқтырып  үйрене  беруге  болады.  Рух  мәдениетін  бөтеннен 
қарызға  ала  беруге  болмайды.  Алса  да  халықтың  көкейін  көпке 
дейін қонбайды. Ендеше өзіміздің бар дәулетті жарыққа шығарып, 
іске жаратуға талпыну керек» [9].
Бұл  ойлардың  авторын  қазіргі  нарықтық  экономикалық 
қатынастардың негізінде қоғам құрып жатқан Қазақстанда тұрып 
жатыр  деп  ойлап  қалуға  болады.  Көтеріп  отырған  мәселелері 
біздің қоғамның өмірінен алынған сияқты. Өкінішке орай, кеңес 
өкіметінің кезіндегі солақай саясаттың әсерінен өз ана тілін білмей, 
тек қана орыс тілінде сөйлей алатын қандастарымыз қалыптасты. 
Біздің  ойлауымызша,  Жүсіпбек  тастап  кеткен  мұралары  мен 
халқына қызмет ету үлгілері көптеген қазақ жастары үшін үлкен 
өмір мектебі болады.
Ж.  Аймауытовтың  гуманистік  тұғырдағы  ағартушылық 
көзқарастары  қоғамдағы  әйел  мәселесін  жан-жақты  зерттей 
қарастыруынан  нақтылы  байқалады.  Расында,  Жүсіпбектің 
әйел  мәселесіне  көп  көңіл  бөлуі,  оның  гуманист  екенінің  анық 
белгісі.  Себебі,  адамдағы  ең  жақсы  адамгершілік  қасиеттерінің 
барлығы адамға ананың ақ сүтімен бірге бітеді, осы ойларды жаңа 
шығармашылық жолға шыққан Жүсіпбек былай жазған еді. «Ба-
ланы бұзуға, түзеуге себеп болмайтын бір шарт жас күнінде көрген 
өнеге,  ол  өнеге  әке-шешенің  тәрбиесі  болуы  керек.  Ата-ананың 
берген  тәрбиесі  баланың  мінезіне  салған  ірге.  Жасынан  сіңген 
мінезді есейгенде жоғалтуға басқа бір күшпен болмаса, болмай-
ды. «Сүтпен біткен мінез, сүйекпен кетеді» – деген сөз ата-ананың 
тәрбиесінің  күштілігін  көрсетеді.  Бірақ,  бұл  мақал  тәрбие  мен 

129 
II тарау. Алаш қайраткерлерінің 
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
мінезді түзетуге болмайды деген емес. Балаға қайырымдылықты, 
құттылықты,  кішіпейілділікті,  үлкен  көңілділікті,  әділетілікті, 
әдепсіздікті,  шыдамсыздықты  күйгелектікті,  шыншылдықты, 
өтірікшілікті беретін кім? Ол әрине ата-ананың тәрбиесі» [3].
Сол кездегі әйел теңдігі тақырыбына жазылған жұмыстарының 
ең ауқымдысы «Ақ білек» романы. Әрине, сол кезде бұл тақырыпта 
көптеген  еңбектер  жазылды,  бірақта  Жүсіпбек  бұл  тақырыпты 
өзінше  ашуға  тырысты.  Ағартушылық  идеологиясының 
дәрежесінен әлдеқайда биік, өзіндік ішкі еркіндігі басым Аймау-
ытов бас кейіпкерді тек періште етіп көрсете бермей, өмірдегі бар 
болмыс-бітіммен,  өзіндік  табиғи  тіршілігімен,  яғни  пендешілік 
қателіктерімен, қаз-қалпында бейнелейді.
Шешесін өлтіріп, өзін зорлықпен алып кеткен ақ офицердің 
озбырлығына үнсіз көндіккен Ақбілектің жан дүниесіндегі күрделі 
құбылыстарды Жүсіпбек психологиялық тұрғыдан терең талдап, 
шебер береді. Романдағы барлық уақиға Ақбілектің айналасында 
өтеді және оның ойы арқылы өрбиді. Осы арқылы Жүсіпбек бас 
кейіпкердің үлкен психологиялық бейнесін жасайды.
Осы  еңбекте  авторға  тән  гуманистік  көзқарас  әртұстан 
байқалып отырады. «Тегінде адам анадан туғанда жаман болып 
тумайды,  оның  жақсы-жаман  болуы  да,  өмір  сүрген  ортасына, 
алған тәрбиесіне байланысты болса керек. Олай болса әрбір адам-
ды  өмір  бақи  бір  ғана  нәрсе  –  ар-ұят  қана  азаптан  өтей  алады. 
Қанша қанды қол қылмыскер болса да өз ісінің, әрекетінің дұрыс-
бұрыстығын іштей болса да біледі, сезеді. Кейде біле тұра барады, 
өйткені оның себебі болады» [3].
Бұл автордың сөздері бізге адамның қоғамдық мәнін білдіріп 
оның қандай жасаған қылмысы болмасын бірден кесіп, жазалауға 
асықпай, жан-жақты қарап, – себептерін түсінудің керек екендігін 
көрсетеді.  Әрине,  автор  өзі  сезбегендей  оған  да  таққан  кінә 
ешқандай дәлелдеусіз болады. Тез жүзеге асырылады, қазір жыл-
дар өткенен кейін репрессия құрбандарын еске алып жатырмыз, 
ал,  егер  сол  кездің  өзінде  тек  қана  таптық  немесе  партиялық 
қажеттіліктерден  қаралып  сотталмаса,  онда  Жүсіпбек  жазған 
еңбектерінен әлдеқайда кең, ауқымды, өрі көп өсиеттер қалдырған 
болар еді.
Адамның  жан  дүниесін  өте  терең  түсінетін  Жүсіпбек, 
«Ақбілек»  романында  қыз  қасіретін  бейнелеуде  ой-толға-
ныстарымен  бірге  сол  ішкі  шерді  сыртқа  сездіріп  тұратын  бет 
құбылыстарына, жалпы мимикаға үлкен мән бергені байқалады. 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
130
Ішкі тебіреніс сәтіндегі кейіпкер жүзіндегі, даусындағы, көзіндегі, 
қимыл-қозғалыстағы еріксіз әрекеттер де өз рөлін мінсіз атқарады. 
Жүсіпбек  адам  психологиясын,  жан  дүниесінің  дүлей 
толқындарының  сыртқа  сыр  беріп  қалатын  осы  қасиеттерін  де 
түсініп, көрсете біледі. Өзінің бұл еңбегі арқылы: қазақ даласында 
болған азамат соғысының айрандай ұйып, тып-тыныш өмір сүріп 
отырған қазақ ауылының азаматтарына тигізген әсері; табиғаттың 
зандылығы сияқты осындай қақтығыста зиян көрген, зорлық пен 
жәбір  көрген,  ешқандай  жазықсыз  қыз  Ақбілек;  өзінің  басынан 
өткізген  осы  қоғам  қайшылықтарын  азын-аулақ  уақыт  ішінде 
бас  кейіпкердің  мінез-құлқына,  дүниетанымына,  сана-сезіміне 
тигізген  әсері;  большевиктердің  сөз  жүзінде  айтып  жатқандары 
мен  іс  жүзінде  істеп  жатқан  шараларының  жер  мен  көктей 
айырмашылығы,  –  әдеби  шығарма  ретінде  жазылса  да  үлкен 
философиялық сабақ алатын романдағы ой желістері осындай.
2.3.2. Ж. Аймауытовтың әлеуметтік философиясы
Шығармашылығының  философиялық  қырларына  талдау 
жасап  отырған  қайраткер  жазушының  әдеби  шығармалары, 
әсіресе  қомақты  роман,  повесть,  пьесалары  ішкі  мазмұнға 
толы,  белгілі  бір  дүниеге  деген  көзқарасқа  негізделе  жазылған 
әлеуметтік-философиялық  астары  бар  туындылар.  Жазушының 
шығармаларын жай ғана қатардағы әдеби туынды деп қарастырсақ 
жеткіліксіз болар еді, өйткені әр туындыда XX ғасырдың алғашқы 
ширегінде  Қазақстанда  орын  алған  шым-шытырық  қоғамдық 
құбылыстардың 
философиялық, 
саяси-әлеуметтік 
және 
психологиялық  негіздері  бар  көркем  әдеби  бейнесі  сомдалған. 
Жазушылық  дарынға  автордың  жан-жақты  да  терең  білімі 
қосыла  келе,  оның  шығармашылығына  ерекше  бір  сыр-сипат 
беріп, қаламына терең философиялық желіс қондырғандай әсер 
қалдырады.
Бір  ғажабы  оның  20-жылдары  жазған  еңбектерінде  жаңа 
философиялық  тұғырдың  нышаны  бар.  Бұл  әсіресе  оның 
әдеби  сынға  байланысты  жазғандарында  және  психологиялық 
ізденістерінде  анық  байқалады.  Осы  еңбектерін  жазғанда  ол  ал-
дымен  философиялық-методологиялық  позициясын  анықтап, 
көбінесе саналы түрде маркстік философияны негізге ала отырып, 
оның көптеген категорияларын, принциптерін қаз-қалпында әрі 

131 
II тарау. Алаш қайраткерлерінің 
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
жіті пайдаланғанын байқаймыз. Жалпы гуманистік ағартушылық 
көзқарастан тайып кетпей, өз философиялық эволюциясында Ж.  
Аймауытов  сол  көзқарасына  логикалық-методологиялық  тірек, 
негіздеме іздеп, соны маркстік философиядан тапқандай болады.
Өз тұстастарынан әлдеқайда озық ойлап, философиялық да-
муында  көш  ілгері  кетіп,  теориялық  ойлаудың  ғажайып  дерлік 
үлгілерін берген, оны кәсіби философиялық деңгейде туындылар 
берген дара тұлға десек еш артықшылығы болмас еді. 
Осы  тұрғыдан  алғанда  ойшыл-ғалымның  екі  еңбегіне  ерек-
ше тоқтала кеткен жөн. Оның біріншісі 1923 жылы жарық көрген 
«Мағжанның ақындығы туралы» деген баяндамасы болса, екіншісі 
1926 жылы баспадан шыққан оның «Псиқолоғия» деген оқулығы. 
Екеуін де дәл қазір, XX гасырдың соңында, қазақ ғалымдарының 
қаламынан шыққан туындылар деп қарасақ та мақтан тұтарлық 
бұл дүниелердің бұдан жетпіс жыл бұрын жазылғанын еске алсақ 
жазушының жеткен биігіне таң қалмасқа шараң жоқ.
Көрсетілген  еңбектерінде  философияның  негізгі  мәселесіне 
түсінігі,  тарих  дамуындағы  жеке  адамның  рөлі  мәселесіне 
түсінігі,  қоғамдық  болмыс  пен  қоғамдық  сананың  арақатынасы 
мәселелеріне  көзқарастары  өте  жақсы  көрсетілген.  Әсіресе  бұл 
аты аталған мәселелер оның Ташкенттегі қазақ студенттерінің ал-
дында берген «Мағжанның ақындығы туралы» деген дәрісінде өте 
түсінікті түрде кездеседі. 
Неміс  классикалық  философиясының  өкілі  И.  Гегельдің 
көзқарастарын  зерттей  отырып,  оны  бір  жағынан  сынап, 
Ж.Аймауытов  былай  дейді.  «Дүниені  рух  билейді;  тарихты 
әлеумет емес, жеке адамдар, данышпандар туғызады, әуелі – рух, 
идея (пікір) жүру керек; дене, зат (материя) – рух идеяның құлы» 
дейтін идеализмнің жолы бар. Бұл Гегельдің жолы. Гегельдің жо-
лын  қолдансақ,  жеке  адамды  өлгенше  дәріптейміз,  әлеуметтен 
де  басшыға  артық  мағына  береміз,  ақын,  ілім,  өнер  бар  тілесек 
не  шығарсын,  не  жазсын,  әлеуметті  теріс  жолға  бастасын,  олай 
жазбадың, бұлай жазбадың деп мін таға алмайтын боламыз, енде-
ше ол жолды біз тұтына алмаймыз [6]. Осы көзқарастарды қарасақ 
ол  идеализмді  өте  орнықты  сынап  отыр,  тек  қана  сынау  мен 
қоймай өз түсінігін, яғни материалистік түсініктің қандай екенін 
көрсетеді. «Біздің ақылды тексергенде қарайтын тұрғымыз: идеа-
лизм емес, матерализм, марксизм мұнарасы болуы керек. Өмірге, 
тұрмысқа,  шындыққа  қабысатын  тура  жол  –  Маркстің  жолы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет