Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет15/42
Дата03.03.2017
өлшемі2,34 Mb.
#6131
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
132
Бүгінде  Маркстің  жолын  белінен  басып,  Гегельдің  тегінен  ұстай 
алмаймыз. Егер олай етпекші болсақ, онымыз не желөкпелік, не 
болмаса тарпандық болып шығар еді» [6]. 
Ж.  Аймауытов  марксизм  философиясын  тек  қабылдап  қана 
қоймай  оның  дүниетанымдық,  әлеуметтік-саяси  негіздерін  терең 
түсінген және өмірде қолдана да білген. Марксизмді қазақтың сана-
сына ол былай жеткізуге тырысады: «Бәріне мәлім: «сананы, пікірді 
тұрмыс билейді» дейді. Бұрынғылардың «тұрмысты сана билейді» 
деген пікірін Маркс мансұқ еткен. Марксше қандай адам болсаң, 
мейлі  асқан  данышпан,  мейлі  терең  ғалым,  мейлі  көмейі  жоқ 
ақын – бәрі де, өз заманының, әлеуметтік қатынастың, өз табының 
жемісі, өз заманының ұлы болуы керек. Әлеумет әсері тимейтін, 
әлеуметтен  құрық  алып  шығып  кететін  ешбір  адам  болмақ 
емес»  [6].  Жүсіпбек  Аймауытовтың  бұл  ойлары  адамның  сана-
сезімі  мен  дұниетанымының  қалыптасуына  қоғамның  әлеуметтік 
құрылымының,  әдет-ғұрыптары  мен  салттардың  әсерінің  зор 
маңызы бар екендігін дұрыс түсініп және өзінің ғылыми мен әдеби 
шығармаларында орынды қолдана алғанын көрсетеді.
Философияда қоғамның әлеуметтік-таптық құрылымын зерт-
тегенде үлкен көңіл бөлетін категориялардың бірі материалдық 
өндіріс,  өндіріс  тәсілі,  өндіргіш  күштер  сияқты  қоғамның 
негізін  түсінуге  көмектесетін  категорияларды  сол  кездегі  қазақ 
халқында қолданылатын, қазақ халқының сана сезіміне түсінікті, 
қолайлы  түсініктер  арқылы  былай  сипаттайды:  «Әлеумет 
құрылысының негізі не? Негізгі – адамның тіршілік ететін кәсібі, 
шаруа  түрі.  Шаруа  түрі  деген  сөзді  түсінікті  қылып  айтсақ,  бір 
әлеумет  аңшылықпен,  екіншілер  бақташылықпен,  үшіншілер 
диқаншылықпен, төртіншілер фабрик, завод кәсібімен күнелтеді 
– міне, шаруа түрі деп осыны айтамыз» [10].
Материалдық өндіріс тәсілінің қоғамдық санаға, дүниетанымға 
тигізетін әсерінің өте зор екендігін түсінген Ж. Аймауытов өзінің 
азды-көпті  социологиялық  зерттеулерінің  көмегімен  мынандай 
идеялар айтады: «Адамның пікірі қай уақытта өзгереді? Әлеумет 
құрылысы, әлеумет ортасы өзгерсе. Сонда әлеумет ортасы қашан 
өзгереді?  Әлеуметтік  шаруа  түрі,  күнелту  кәсібі  жаңа  қалыпқа 
түскенде  өзгереді.  Мәселен,  қазақтың  шаруа  түрі  мал  бағудан 
шығып, диқаншылыққа, не кен қарау, фабрик, завод кәсібіне ай-
налса,  қазақтың  бүгінгі  әдет-ғұрпы,  салт-санасы  мүлде  өзгеріп 
кетеді» [10].

133 
II тарау. Алаш қайраткерлерінің 
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
Жүсіпбек  Аймауытовтың  айтып  отырған  ойларының 
дұрыстығын  біздің  қазақ  елінің  соңғы  жетпіс  жылдық  тарихы 
дәлелдеп бере алады. Бұрынғы негізінен мал шаруашылығымен 
шұғылданған 
қазақтың 
көшпенді 
елінде, 
егіншілікпен 
отырықшылыққа  көшуге  байланысты  және  социалистік 
идеологияның ең негізгі дүниетанымдық құралға айналуына бай-
ланысты  көптеген  өзгерістер  болды,  әдет-ғұрып,  салтты  сақтау 
түгіл қазақтардың көбісі дүниеге көзқарасын қайта қарады.
Өндіріс тәсілі мен меншіктің қоғам өміріне тигізетін әсерінің 
өте зор екенін түсінетін Ж.Аймауытов былай дейді: «Шаруаның 
билемейтіні жоқ. Әлеумет ішіндегі адамдардың өзара қатынасы 
да  содан  туады.  Әлеумет  түгіл,  үй  ішінің  де,  ерлі-зайыпты 
адамдардың тұрмыс жайы да шаруаға тіреледі. Шаруа түрі ел би-
леу жұмысына да, саясат құрылысына да ықпал жүргізеді. Дінді, 
дүниені  қалай  ұғыну,  өнерлі,  ғылымды  болу-болмау,  салт-сана 
түрі бәрінің бас иетін қожасы-шаруа» [10].
Жүсіпбек  Аймауытов  өзінің  шыққан  қазақ  елін,  қазақ 
қоғамын оның тарихын, қоғамның даму өзгеру диалектикасын өте 
жақсы түсінген. Қанша идеология әсері қатты қысса да оған бой 
бермей ғылымда, әсіресе қоғамдық ғылымдарда объективтіліктің 
керек екендігін мойындаған. Өзінің замандасы М. Жұмабаевтың 
көзқарастарын  «халық  жауының»,  «ұлтшылдың»  көзқарастары 
дегенде, араша түсіп, оны қорғап қалу үшін талпыныстар жасап, 
былай  деді:  «Мағжанның  туып-өскен,  тәрбие  алған  әлеуметі  – 
қазақ. Мағжан тұсындағы қазақтың әлеумет құрылысы қандай еді? 
Ата-анаға,  ру-руға  бөлініп,  руды  ақсақал,  би,  болыс  тілмаш  би-
леген, орысша айтсақ «патриархат» құрылыс еді... Жан-жағынан 
жау қысып, өз ішінен алауыздық шығып, қазақ берекеден айыры-
лып, орысқа қарады. Орысқа бағынғанмен де қазақтың бұрынғы 
әлеуметтік қалпы өзгере қойған жоқ, әлі де хандардың, билердің, 
аталы ауылдың тұқымы билейтін болды» [11].
Сол  кездегі  қазақ  қоғамының  ерекшелігін  түсіндіре 
келіп,  Мағжанның  тап  туралы,  тап  күресінің  болашағы  мен 
ерекшеліктері туралы өлеңдер мен мақалалар жазбайтыңдығына 
түсініктеме беріп былай дейді: «Әлеумет құрылысы өзгерген жоқ: 
қазақтың кәсібі, шаруа түрі мал бағу болса, әлі де мал бағуда келе 
жатты.  Кәсібі  мал  баққан,  әлеуметі  ру  басыға  бағынған  жұртта 
тап жігі байлар, кедейлер тобы деген нәрсе анық болмайды. Міне 
Мағжанның туып-өскен ортасы, ұяда көргені осы» [11]. Сондықтан 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
134
да  идеологтар  жасанды  түрде  тапқа  бөлгенмен,  Мағжан  өмірді, 
шындықты  жырлаған,  көргенін,  білгенін  жырлаған  ақын  болған 
соң, өзі жете түсініп біле бермейтін тақырыптарды қозғамағанын 
Жүсіпбек Аймауытов өте түсінікті формада көрсете білді.
Жүсіпбек Аймауытовтың төмендегі ойлары қазақ қоғамының 
тарихтағы  ахуалын  баяндайды:  «Патшаның  отаршылдық, 
озбырлық  саясаты  кімнің  болса  да  арқасына  аяздай  батты. 
Қазақтың  жерін  тілгілеп,  келімсек  мұжықтарға  аударып  әпере 
бастады, тілін бұзуға, дінін бұзуға, аулынай, школ, миссионерлер 
тартты, әдет-ғұрпын, салт-санасын өзгертіп орысқа бас иуге жаңа 
закон,  мировой  судья,  крестьянский  начальниктер  шығарды. 
Қазақты ішінен тоздыруға сайлау (штат) деген шырға тастап, өзді-
өзін жұлыстырды, қырқыстырды» [11]. 
 Өте үлкен көрегендікпен жасаған Ресейдің отарлау саясаты 
тек қана жерді алып қоймай, халықтың ең үлкен күші, әрі құралы 
–  оның  бірлігіне  ауыз  сала  бастады.  Бұл  саясатты  қалай  жүзеге 
асырып жатқандарын өте жақсы түсінген Жүсіпбек былай дейді: 
«Полиция,  стражник,  урядник,  казак-орыстардың  қамшысы 
қазақ даласын жайлады. Қазақтың бұрынғы елдігі берекесі кетті. 
Партияға  кіруге,  азуға,  тозуға  айналды:  ұлыққа  жағынып,  шен 
алуға  кетесін,  жауын  мұқатуға  ел  билеген  жуандардың  аянған 
қүралы болған жоқ» [11]. Бұл жағдайларға түсініктеме бере оты-
рып, осы екі бірдей езгіге түскен қазақтың сана-сезіміне көптеген 
өзгерістер әкелгендігін, азаттық, ұлт бостандығы идеяларының туа 
бастағанын Ж.Аймауытов өте шебер социолог ретінде түсіндірген, 
оны мынандай тұстардан көруге болады. «Қазақтың басына туған 
осындай  қара  күндерді  көзі  қарақты  азамат  көрмеске,  сезбе-
ске, қайғырмасқа болмады; көрді, қынжылды, жанға батқан соң 
ашынды,  ұлт  сезімі  ояна  бастады.  1905  жылғы  өзгерістен  былай 
қазақтың  қамын  ойлаймын  деген  азаматтар  ұлт  мұңын  сөйлеп, 
ұлт мәселесін қолға ала бастады» [12].
XX ғасырдың басында пайда болған ұлттық бостандық идеясы, 
тәуелсіздік идеясы, отаршылдыққа қарсы күрес идеясы міне осы-
лай, Жүсіпбек Аймауытовтың көрсеткеніндей дүниеге келді және 
одан әрі қарай өте қиын да күрделі жағдайларда дамып жетіле ба-
стады. Сол кездегі өсіп келе жатқан жас қазақ интелегенциясының 
сана-сезімі мен әлеуметтік-саяси көзқарастарының қалыптасуына 
әсерін тигізген ықпалдарды ол былай бейнелейді; «Бір жағынан 
үй-іші – әкеге, әлеумет-ру басыға бағынған, тапқа жікке бөлінбеген, 

135 
II тарау. Алаш қайраткерлерінің 
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
қазақ ішінде туып-өскен болса, екінші – татар медресесінде оқып, 
түрікшілік,  исламдық  рухында  тәрбиеленсе,  үшінші  –  патша 
саясаты  шымбайға  батып,  отаршылдықтың  зардабы  қазақтың 
ұлтшылдық  сезімін  оятқан  дәуірдің  ұлы  болса,  төртінші-орыс 
зиялылырының қаймағы бұқарашыл, халықшыл болып жатқанын 
сезіп  білсе,  бесінші  батыстың,  қала  берсе  орыс  ақындарының 
санашылдық (идеялизм), дарашыдық школынан сабақ алса... Сөз 
жоқ, ұлтшыл түрікшіл, санашыл, дарашыл, ақын болып шығуы 
керек» [11].
Жүсіпбек  Аймауытовтың  бұл  өзінің  замандастарына  берген 
анықтамасы өте нақты, ақиқатқа жақын, себебі оның өзінде де осы 
берген анықтамадағы көптеген қасиеттер бар, ол да сол қоғамның, 
сол ортаның, сол заманның жемісі. Алдыңғы айтылғанымыз, 1905 
жылдан  кейінгі  қоғамда  болған  өзгерістердің  әсерінен  болған 
қазақ халқының ұлт-азаттық идеясын пайда болуының алғашқы 
бастамасы  десек,  Жүсіпбек  осы  азаттық  үшін  күрестің  ұлттық 
сананың қалыптасуының екінші кезеңін былай көрсетеді. «16-жыл 
– қазақтың басына қара күн туған тарихи ауыртпалық жылы еді. 
Патша өкіметінің 25 июньде шығарған жарлығы бойынша қазақ 
сықылды бұратана халықтар соғыс майданындағы қара жұмысқа 
айдалды.  Қазақ  шаңырағы  теңселді,  қазақ  даласы  қан  жылап 
күңіренді». Бұл көрсетілген фактілер, автордың түсінігі бойынша, 
қазақ қоғамын біріктіруге өте зор әсер етті.
Ал  енді  қазақ  қоғамының  сана-сезімінің  қалыптасып 
жетілуінің үшінші кезеңі туралы автор былай дейді: «17 – жылғы 
февраль  төңкерісі  қазақ  азаматтарына  ұлт  сезімінің  көтерілуіне 
зор  себеп  болды.  Ауылда  сөйленіп  жүрген  ұлт  қамы  ұлт  мұңы 
іс  жұзінде  жарыққа  шығатындай  көрінеді,  қазақ  азаматы  мәре-
сәре  болды.  Төңкерістің  болғанына,  бостандық  туғанына  қарық 
болып  кенелді.  Әлеумет  жұмысына  араласа  бастады»  [12].  Бұл 
көзқарастарда  біз  Жүсіпбектің  қазақтың  ұлттық  бостандығы 
идеясының бірқалыпты, тоқтап қалған емес, өзгеріп, жетіліп, да-
мып жатқан құбылыс ретінде түсінетінін көре аламыз. 
Өзінің  өмір  сүрген  қоғамында,  қоғам  болмысын  зерттеуде, 
әдебиетте,  өнерде  тек  қана  таптық  позицияны  талап  етсе,  қай 
мәселе,  қандай  құбылысқа  болмасын  пролетариаттың  мүддесі 
арқылы қарау заңдылыққа айналса да, Жүсіпбек Аймауытов жал-
пы адамзаттық құндылықтарды таптық мүддеден жоғары қойды 
және өз көзқарастары үшін соңғы кұндерге дейін батыл күресті. 
Ол  таптық  көзқарастың  адамның  дүниетанымын  әлдеқайда 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
136
шектейтініне,  көптеген  қоғамдағы  және  рухани  дүниедегі 
құбылыстарға дұрыс түсінуге кедергі болатынына көзі жетті.
Ж.  Аймауытовтың  әдеби  сын  туралы  осы  айтқандары  оның 
басқа да жазғандарында да, әсіресе М. Әуезовпен бірігіп, «Екеу» де-
ген бүркеншік атпен жазған сыни мақалаларында да өз жалғасын 
тапты. Кезінде С.Садуақасов бастаған сын және өзара сын туралы 
пікірталасқа [13] Ж. Аймауытов та ат салысқан. «Екеудің» түсінігі 
бойынша,  «Әдебиетте  пайда  бола  бастаған  әртүрлі  кейде  бір-
біріне қарама-қарсы бағытта, кейбір жазушылардың субъективті 
қажетіліктерінен  туған  жоқ,  сол  кездегі  қоғамда  жүріп  жатқан 
процестердің  қарама-қарсылық  сипатта  болғандығынан», 
–  деп  түсіндіре  келіп  олар,  «қазақ  халқы  патшалық  билік 
кезінде  колониялық  езгіде  болды,  бас  бостандықтары  болма-
ды,  еркіндік  пен  теңдікті  армандады,  әрине,  сол  себептен  де 
олардың әдебиеттері романтизм мен реализм бағытында болды. 
Қандайда  әдеби  көркем  шығарманың  болмасын  құндылығын 
оның ақиқаттығы мен өмірді дұрыс бейнелеу дәрежесінде, дұрыс 
ой  қорытулар  қалыптастыра  біліп,  эмоцияға  салынбай  ақылға 
сүйенуді үйрете білуінде» [13] – деп пайымдалады.
«Екеудің» түсінігі бойынша – «Әдебиет тек қана сол уақытта 
жан-жақты  дамып  жетіледі,  егер  де  ақын  жазушылар  өздерінің 
ойлары  мен  көзқарастарын  еркін  ортаға  салуға  мүмкіндік 
алса,  жалпы  мәдениет  дамып  жетілсе,  халықтың  сана-сезімі 
басқа  жоғарғы  сатыға  көтерілсе,  және  ұлттың  дамып  жетілуіне 
шовинистік  көзқарастар  мүмкіндік  берсе,  күш  көрсету,  күш 
арқылы мәселелерді шешуін қойса ғана жүзеге асуы мүмкін. Ал 
ұлтшылдықты жоюдың негізі езілген халықтардың экономикалық, 
саяси, құқылық, мәдени еркіндіктері теңейгенде ғана жүзеге асы-
рылуы мүмкін» [13].
Сол  кездердегі  ақындық  жырлар  мен  фольклорды  тал-
дай  отырып  сынның  қандай  сипатта  болуының  қажет  екенін 
көрсетеді:  «Сын  ең  әуелі  талдап  отырған  шығармаға  объективті 
баға  беру  керек,  егер  кемшілік  болса  оны  түзету  жолдары  мен 
әдістерін  көрсету  керек,  сонымен  қатар  түзетуге  көмек  беру  ке-
рек, сынағанда сынға жазушыны алмай, жазылған еңбекті алып, 
достық  ниетпен  көмекке  дайын  екендігін  сыншы  міндетті  түрде 
білдіруі керек» [13] – деп «Екеу» өз түсініктерін ортаға салды.
Бәрімізге  де  белгілі  голощекиндік  «октябрь  қазақ  ауылын 
айналып өтті» деген көзқарасты сынға ала отырып «Екеу» терең 

137 
II тарау. Алаш қайраткерлерінің 
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
әлеуметтік-саяси мағынадағы қорытындылар жасайды: «Қазақ ау-
ылы үшін октябрь революциясы үлкен кездейсоқтық, октябрьге 
дейін олардың арасында коммунистер болған жоқ, халық саясат-
тан,  саяси  күрестен  өте  алыс  болды,  революцияға  дейінгі  ақын-
жазушылар, зиялылар «таптық» мүддеден гөрі «жалпыхалықтық» 
мүддеге  әлдеқайда  жақын  болды,  яғни  ұлттық-демократиялық 
бағытта  болды,  соңдықтан  да  Голощекиндікі  аспаннан  алынған 
ой-қиял ғана еді», [13] – делінді.
Бұл  көзқарастарда  терең  әлеуметтік-философиялық  ой-
лар жатыр. Ж. Аймауытов пен М. Әуезов осы ұлтжанды ойлар-
ды  халқына  да,  коммунистердің  басшыларына  да  жеткізе  білді. 
Әрине, билеп-төстеп отырған большевиктер олармен санаспады, 
«халық жаулары» деп атап, екеуін де қуғынға ұшыратты.
Кітабының  «Беташарында»  Ж.  Аймауытов  психология  мен 
философияның  арақатынасын  былай  деп  ашады:  «Псиқолоғия 
пәні,  –  деп  жазды  ол,  –  ...аумалы-төкпелі,  дерексіз,  пән;  терең 
ой,  терең  білім,  терең  пәлсепеге  соғатын  пән.  Псиқолоғия 
пәлсепе әлеміне  аттайтын  табалдырық» [6]. Осылай деп бұл екі 
ғылымның арасындағы терең байланысты паш етіп, автор өзінің 
философиялық  тұрағын  былай  білдіреді:  «Псиқолоғия,  пәлсепе 
мәселесі»  (яғни  екеуінің  арақатынасы,  өзара  байланыс  жолдары 
туралы мәселені айтып отыр автор) «қашанан бері дауда, айтыста 
келе  жатыр:  біреулер  санашылдық  көзінен  қарап  тексерсе,  енді 
біреулер  псиқолоғия  мәселесін  затшылдық  көзінен  тексерген. 
Өзге  білімдер  затшылдыққа  табанын  тіресе  де,  псиқолоғия  әлі 
тіреп аяғын нық басқан жоқ», – дей келе: «Әйтсе де, одан-бұдан 
құрастырып, шама келгенше затшылдыққа негіздеп, бұл кітапты 
жұртқа ұсынып отырмыз» [6] – деп, мәселені дәйекті матералистік 
тұрғыдан қарастыратынын ашып айтқан.
Осы  кіріспе  сөз  ретінде  жазылғанның  өзінде-ақ, 
Ж.  Аймауытовтың  философияға  әбден  қанықтығын,  оның 
психологиямен  байланысын  басқа  ғылымдарға  әсерін, 
методологиялық 
рөлін 
жете 
түсінгенін 
байқаймыз. 
Психологияның өз ұғымдарын айтпас бұрын бұл оқулықтың қай 
философиялық  тұрғыдан  жазылғандығын,  қалай  құрастырыл-
ғанын  ашық  айту  және  осы  философиялық  позицияны  бастан 
аяқ өткізуді қадағалау, автордың өз көзқарасының беріктігінің, өз 
біліміне сенімділігінің, айқын философиялық позиция ұстанбай 
психологияның  мәселелерін  қарастыруға  болмайтынын,  онсыз 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
138
оңды-солды  тайғақтаудан  бас  алу  мүмкін  еместігін  терең  ұғыну 
қажеттілігі айтылады.
Негізгі  окулықтың  аты  аталған  тақырыбын  ашу  барысын-
да  ойшыл  дін  тарихына,  философия  тарихына  терең  зертеулер 
жүргізе  отырып,  әртүрлі  түсініктерге  көптеген  мысалдар  мен 
деректер келтіре отырып, көптеген ойшылдардың туындылары-
на  сүйене  отырып,  оларға  сыни  баға  бере  отырып,  психология 
ғылымының  пәнін,  зерттеу  объектісін  анықтайды,  сөйтіп,  жан, 
дене,  сана,  ой,  ақыл,  сезім,  қиял,  түйсік,  қайрат,  серпіліс,  ынта, 
қабылет, тағы да басқа ұғымдардың мәнін ашады. Адамның дене 
мүшелері олардың физиологиялық қызметі, жүйке жүйесі, ми-
жұлын  әрекеті  жан-жақты  тәжірибелердің  барысында  алынған 
нәтижелер арқылы көрсетіледі. 
Қоғамның даму өзгеру процесстерін материалистік тұрғыдан 
түсінген  ол,  қоғамның  дамуына  қоршаған  ортаның  тигізетін 
әсерлеріне  жан-жақты  баға  беріп  былай  дейді:  «Бір  жағынан 
жағрапия  жағдайы  адамға  сүрең  берсе  екінші  жақтан  адам  ол 
жағдайға  өзі  де  ықпал  жүргізіп,  түзетіп,  өзіне  қолайлап  келеді, 
мұны адамның қожалық қызметі деуге болады» [6]. Бұл ойлардан 
біз оның табиғат пен қоғам арасындағы байланыс диалектикасы 
және географиялық ортаның қоғам дамуына тигізетін әсері тура-
лы мәселелерді қалай түсінгеніне көз жеткізе аламыз.
Өндіргіш  күштердің  даму  сатысының  жоғарғы  дәрежеге 
көтерілуіне  байланысты  табиғаттан  және  географиялық  орта-
дан  қоғамның  тәуелділігінің  азаятынын  ол  былай  түсіндіреді: 
«Не  туралы  адамның  қожалық  қызметі  күшті  болса,  соғұрлым 
жағрапия жағдайына адам мойын ұсынбайды», [6] -дей отырып, 
одан  жоғарғы  сатыда:  «Ал  өндіру  кәсібі,  машина  әдісі  адамның 
табиғатты  жеңіп,  ілгері  басқанын  көрсетеді,  сөйтіп,  адамның 
жағрапия жағдайына бағынуы бірқалыпта тұрмайтын, өзгермелі 
нәрсе екен; бұл бағынудың түрі де, мөлшері де адамның қожалық 
қызметіне  байлаулы  екен»  [6],  –  деген  өте  түсінікті,  әрі  ғылыми 
факторларға сүйенетін қорытындылар жасайды.
Коғам  сияқты  өте  күрделі  организмнің  мән-жайын 
түсіндіргенде  Ж.  Аймауытов  жалпы,  жеке,  ерекше  категория-
сын өте орынды қолдана отырып, қоғам туралы түсініктерін бы-
лай тұжырымдайды: «Азырақ қоғам дегеніміз – жеке-жеке өсіп, 
жетілген  адамдардың  бір  жерге  жиналу  нәтижесі.  Әр  адамның 
денесін  алсақ  онда  жеке-жеке  шілтерлердің  өз  бетімен  жетіліп 

139 
II тарау. Алаш қайраткерлерінің 
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
бірігу нәтижесі. Өсіп өнетін заттарға жұмбақ – біртүрлі заттардың 
бірігіп  жасауында  емес,  даралардың  бөлектеніп  бытырауын-
да». Бұл жерде «жұмбақ» деп тұрғаны, тұтастық пен бөлшектік 
арақатынасына  байланысты  айтылған:  жеке-жеке  бөлшектердің 
бірігіп барып тұтастық құруы жұмбақ емес, дараның бөлшектенуі 
жұмбақ, басқаша айтқанда тұтастықтан бөлшектердің ажырауы, 
яғни тұтастық бөлшектерден бұрын пайда болып, өзінен оларды 
тудыруда. Мұндай органикалық тұтастықты ұғынуы тұтастық пен 
бөлшектік  арасындағы  диалектиканы  терең  мегзеуге  бастағаны, 
яғни  диалектикалық  байланыстың  сырларын  ұғынғанын 
білдірмек.
Адамның және сонымен бірге қоғамның дамуының себептері 
мен қозғаушы күштерін ол өзінше былай түсіндіреді: «Адамның 
шаруашылық,  қожалық  қызметінің  түп  атасы  тамақ  аулау. 
Адамның  мақсатқа  орайланған  еңбегі,  дүние  табуға  орайланған 
еңбегі, алдымен несібе іздеу үшін, басқаша айтсақ, нан жеу үшін 
бағытталады» [9]. Бұл ойлар өзімізге белгілі Маркстің «адам ой-
лар айту үшін ең алдымен тамақ ішу керек, төбесінде баспанасы 
болу керек» деген тұжырымдарын еске түсіреді.
Өзінің  өмір  сүрген  қоғамындағы  аса  үлкен  көңіл  бөлінген 
мәселелер  тап  мәселесі,  тап  психологиясы  мәселелеріне  де 
түсінік бере отырып былай дейді: «Темір ғасырының таңы атқан 
соң,  еңбек  үлесетін  өнершілер  тобы  шыққан  соң  әлеумет  ара-
сына  жік  түсіп,  тапқа,  топқа  бөліну  басталады,  тапқа  бөлінудің 
негізі  әлеуметтік  өмірге  керекті  жабдығын  жасау  қызметіндегі 
қатынасына тіреледі» [9].
Таптық қатынастарды диалектикалық тұрғыдан түсінетін ол 
былай  дейді:  «Қоғам  көмектестігі  ағымында  адамдар  арасының 
қатынасы  қалай  өзгерсе,  олардың  таптық  қатынасы  да  солай 
өзгеріп отырады; сондықтан әлеумет таптарының қылығы мүлде 
өзгермейтін,  бекіп  қалған  нәрсе  емес,  қайта  әлеумет  өндіру 
жағдайына, дүние-мүлік өзгеруіне қарай, әрдәйім өзгеріп отыра-
ды» [13].
Әлеуметтік  құрылымның  даму,  өзгеру  ерекшеліктерін 
және  таптық  психологияның  қалыптасу,  өзгеру  ерекшеліктерін 
түсіндіре келе ол былай дейді: «Сонымен, қоғам ішіңде жалпыға 
міндет болған өзгермейтін ешбір заң жоқ. Тап болған әлеуметте 
«жалпы адам» деген құр дерексіз ұғым: адамның қылығы табымен 
өлшенеді; Әрбір адам не ана табының, не мына табының адамы. 
Сондықтан  адамның  қылығы  сол  кездегі  табымен  байланысты-

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
140
рып қарау керек» [13]. Бұл ойларды ортаға салсақ, біз Жүсіпбек 
Аймауытовтың таптық көзқарасқа деген түсінігі біздің көп жыл-
дар  бойы  қабылдап,  қолдап  келген  маркстік  позицияда  екеніне 
көзіміз жетіп отыр.
Бұл  мәселенің  мән-жайын  түсіндіре  отыра  Жүсіпбек  Айма-
уытов  таптардың  бір-бірінен  айырылатын  негізгі  белгілерімен 
тапты пайда ететін негізгі көрсеткіштеріне тоқтайды. Әрине, бұл 
материалдар  бұрын  сонды  қолданылмағаннан  кейін  біз  кеңірек 
тоқтауды жөн көрдік:
1. Әр кісі – ана тап, болмаса мына таптың азды-көпті ұрпағы, 
жасап  шығарған  жемісі.  Бұдан  шығады  адамның  қылығы  тиісті 
таптың туынды қылығы;
2. Әлеумет өндіріс жүзінде қатынас бір жағынан, таптардың 
қатынасын тағайындаушы болса, екінші жағынан, өзі де әлеуметтік 
өндіріс күші жетілуіне байлаулы.
3. Тіршілік керек-жарағын жасау жүзіндегі бір таптың салы-
стыру  күйі,  қаражатты  үлескендегі  ол  таптың  салыстыру  күйін 
белгілейді;
4. Еңбек жемісін үлесу жолындағы таптар арасының кәдімгі 
қатынасы-тартыс. Тап қоғамның тарихы – тап тартыстың тарихы;
5. Өзінің қожалығын өз еркімен қолынан берген тапты тарих 
білмейді. Ондай уақиға болған емес. Ол қожалығын болғанынша 
пайдаланып басқа тапқа қысым ету, қанша десең табылады.
Сонымен,  адамдар  арасының  қатынасы  –  әлеумет,  еңбегінің 
жемісінің еншіні көп алудың таласы, қысқаша айтқанда тіршілік 
игілігінің таласы. Игілік үлесу ағымында жауы бір, дұшпаны бір 
адамдарды бұл тартыс жалпы тапқа біріктіреді. Әлеумет өндіріс 
жүзіндегі  жай  күйі  қандай  болса,  әр  таптың  қылығы  да  сондай 
болмақ» [6]. Ғалымның бұл ойларынан біз, ол тап мәселесін, оның 
қоғамның  саяси-әлеуметтік  құрылымындағы  орны,  бір  тапты 
екінші таптан қандай көрсеткіштер арқылы айыруға болатынын 
қалай түсінгенін көре аламыз.
Жүсіпбек  Аймауытов  аз  ғана  шығармашылық  өмірінде 
көптеген  рухани  мұра  қалдырған  ойшыл,  оның  көзқарастарының 
негізгі  тақырыбы  –  халықтың  азаттығы  идеясы.  Ол  феодалдық-
патриархалдық салтты, қалың бұқараның қараңғылығын, мешеулігін 
сынап,  оларды  оқу,  білім,  өнер  жолына  үгіттейді.  Бас  көтерер 
адамдарды  ел  қорғаны  болуға  шақырады.  Қоғамда  болып  жатқан 
өзгерістердің бәрін революцияның әсері екенін мойындайды.

141 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет