Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның



Pdf көрінісі
бет38/42
Дата03.03.2017
өлшемі2,34 Mb.
#6131
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42

III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
ников «Сіз адамды жек көретін социализмді жақтайсыз» деген екен. 
Тек бір ғана адам еркін бола алады. Ол – харизматикалық көсем. 
Шын мағынасында ол – Әзәзіл. Жеке адам мемлекеттік машинаның 
тетігі ғана. Ең жақсы мінездеме – «революция солдаты».
ХХ  ғасырда  мемлекеттік  емес  қауымдасу  ұжымдарының 
барлығы  азаматтық  қоғамның  белгісі  деп  есептелген.  Ұлы  Инк-
визитор  билеген  жүйеде  еркін  адамдық  қауымдасуға  орын 
жоқ.  Әсіре-Мен  жеке  Менді  толық  бақылауға  алады.  Қазақ  эти-
касы  Кеңес  өкіметі  тұсында  қайшылықты  жағдайда  дамыды. 
Социалистік құрылыс қазақы әдеп пен мінез-құлық жүйесіне теріс 
әсерлерін  тигізді.  Кең-байтақ  жерді  иемденіп  келген  көшпелілер 
табиғатынан ер мінезді, бостандық пен еркіндікті қастерлеген, өр 
тұлғалы  қайсар  халық  еді.  Тоталитарлық  жүйе  «жылқы  мінезді» 
халықты момын «қой мінездіге» айналдырды. Шолақ белсенділер, 
«пысықтар»,  «шаш  ал  десе,  бас  алуға»  дайын  тұратындар  пайда 
болды. «Адам – адамға дос, бауыр», «Барлық адам тең құқықты» 
деп  ұрандатқанымен,  қолында  билігі  барлардың  арасында 
екіжүзділік, озбырлық, тамыр-таныстық, жүгенсіздік, парақорлық 
өріс алды. «Ортақ мүдде жеке адам мүддесінен жоғары» деген ұран 
адам еріктілігіне нұқсан келтірді, «қуыршақ адамдарды» көбейтті. 
Әкімшіл-әміршіл  жүйе  ескінің  қалдықтарымен  күресуді  желеу 
етіп, халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан әдеп құндылықтарын 
жойып жіберуге барынша тырысты. 
«Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» 
деп  келген  халықтың  ішінен  сан  мыңдаған  мәңгүрттер  шықты. 
Осы талдауды қазақтың дәстүрлі әдептік мәдениеті заман талапта-
рына сай инновацияларға икемді еді ме? – деген сұрақ төңірегінде 
аяқтайық. Себебі бұл ұлттың болашағына байланысты мәселеге 
жатады. XIX ғасырдың ортасында Шоқан Уәлиханов қазақтардың 
ұлттық  дәстүрге  деген  тұрақтылығына  назар  аударады:  «Қазақ 
өздерінің көне аңыздары мен наным-сенімдерін қайран қаларлық 
тазалықты  сақтай  білген.  Одан  да  өткен  ғажабы  сол,  байтақ 
даланың әр шалғайындағы әсіресе өлең-жырлар еш өзгеріссіз, бір 
қолдан шыққандай қайталанатынын қайтерсіз. Көшпелі сауатсыз 
ордадағы ауызша тараған осынау үлгілердің бір-бірінен қылдай 
ауытқымайтыны  адам  айтса  нанғысыз  қасиет,  алайда  күмән 
келтіруге болмайтын шындық».
Тоталитарлық  қоғамдағы  адамдық  даралықтың  шектелуі 
Кеңес Одағында қатал бақылауға қарамастан жеке дара тұлғалар 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
352
қатарынан  наразылық  тудырып,  қарсылық  қозғалысын  дүниеге 
әкелді.  Олардың  арасында  зиялы  қауымның  еркін  ойларын, 
катокомбалық өнер мен тұлғааралық қарым-қатынаста өрістеген 
саяси анекдоттарды, диссиденттер әрекеттерін атап өтуге болады. 
Тоталитарлық  құрылысы  идеологтарының  терминін  қолдансақ, 
онда адам үшін күрес «мәдениет майданында» да жүріп жатты. 
Социалистік  қоғамда  ресми  функционерлер  («шолақ 
белсенділер»)  мәдениетті  идеологиялық  құбылыс  деп  түсініп, 
абстракты  «коммунистік  тұлға»  дегенді  тәрбиелеу  құралы 
ретінде насихаттады. Мәдени қаһармандар «ақ» пен «қызыл» са-
яси  жіктемесі  бойынша  «үстем  тап  өкілдері»  мен  «еңбекшілер 
мүдделерін  қорғаушылар»  болып  жасанды  екі  топқа  бөлінді. 
50-і  жылдардың  ортасына  дейін  Абайдың  өзі  патриархалды-
феодалдық  тұлға  деңгейінен  шықпай  қалды.  Дегуманизацияға 
ұшыраған социалистік қауымды сол себепті «тарихи қателік» деп 
бағалаудың негізі бар. 
Енді  тоталитарлық  қоғамдағы  қазақтың  әдеп  мәдениетіне 
тікелей көшсек, онда мынадай үрдістерге назар аударған жөн:
Кеңес Одағының басқа да халықтарындағы сияқты қазақтың 
төлтума  мәдениетіндегі  дәстүрлі  әдептің  ғасырлар  бойы 
қалыптасқан  тетіктері  шайқалып,  аномиялық  жағдай  мен 
тұлғасыздандырылу  өрістеді.  Қ.  Әбішевтің  тілімімен  айтқанда, 
қазақтың әдебі жат болмыста әрекет етті. 
Тоталитарлық  қоғамдағы  дәстүрлі  қауымдасу  мен  даралану 
нормаларын  өзгерту  күш  көрсету  мен  жасанды  схемалардың  тар 
шеңберлері  арқылы  жүргізілді.  Осы  жөнінде  Елбасының  «Тарих 
толқынында» атты кітабында мынадай ой айтылады: «Олардың түпкі 
негізінде кез келген тоталитарлық доктринаның жан түршіктіретін 
табиғи  және  тарихи  кінараты  –  адамның  жеке  басы  мен  адамдар 
қауымының  кез  келген  жоспар  бойынша  оңдауға  да  жондауға  да 
бола береді дейтін түсінік жатады. Өзгені былай қойғанда, мыңдаған 
жылдар  бойы  жинақталған  қазынаны  тас-талқан  қылып  қиратып, 
«жасаймыз  жаңа  дүние»  дейтін  тоталитаризмнің  ең  танымал 
гимнінің өзі-ақ осыған айқын дәлел [5].
Тоталитаризм  дәстүрлі  қазақ  қоғамында  қалыптасқан 
қазақ  адамын  «Мен»  дегізерлік  әдептік  қасиеттерінің  тарихи 
құндылықтарына (еркіндік, азаттық, қонақжайлылық, мәмілелік, 
тәубешілдік, қауымдық ынтымақтастық, үлкенді сыйлау, т.т.) ора-
сан зор нұқсан келтірді. Әдептік сана әлеуметтік-таптық санамен 

353 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
ауыстырылды.  Халық  ғасырлар  бойы  құрмет  тұтып  келген  хан-
дар, билер, шонжарлар, батырлар, діни әулиелер, т.т. (Абылай, 
Кенесары, Алаша хан, Жәнібек, Қасым, Қазыбек би, Төле би, Ай-
теке би, Иасауи, Қорқыт т. б.) нигилистік деструкцияға ұшырады. 
Елбасы  кітабынан  осы  туралы  тағы  бір  үзінді  келтірейік: 
«Тоталитаризмнің өзге бір «тамаша формуласы» – ұлттық сананы 
әлеуметтік-топтық санамен алмастыру. Сонда ұлттық сананы та-
стай қып бекітетін ұйытқыны қалай ірітпек керек? Мұның бірден-
бір  тәсілі  –  ұлттық  тұтастықтың  орнына  топтасқан  тобырды 
әкеліп  қою.  Жағдайдың  насырға  шапқандығы  сондай,  осы  күнгі 
баз біреулердің өзі ата-тегін «заңгердің баласынан» бермен қарай 
тартатынын еске түсіретін еді. Ұлттық сана-сезімді талқандаудың 
қосымша тетіктері ретінде неше түрлі мифтер мен жағымсыз үлгі 
өнегелер іске қосылды» [5].
Тоталитаризм  уақытында  қазақтың  тек  әдептік  қауымдасу 
негіздері ғана емес, оған қоса кісілік даралану типтері мен мендік 
сана-сезімінде теріс қылықтар көбейіп кетті. Бұл мәселені фило-
соф Ғарифолла Есім өзінің «Сана болмысы: Саясат пен мәдениет 
туралы ойлар» кітабында арнаулы қарастырады. Автордың пікірі 
бойынша,  Абай  сынаған  «пысықтар»  Кеңес  заманында  шолақ 
белсенділер  болып  шығады.  «Желтоқсан  оқиғасынан  кейін  де 
осындай  «пысықтар»  өрбіп  шыға  келмеді  ме?  Абай  айтқандай, 
атым  шығып  қалсын  деп,  пысық  журналистер,  ғалымдар,  пар-
тия, совет қызметкерлері халықты қуырып жібере жаздады. Олар 
халықтың  жанды  жерлері  –  тіліне,  ұлттық  мектептеіне,  тарихы-
на, өніп-өсіп келе жатқан студенттерге ауыз салды емес пе? Сол 
«пысықтар» қазір пәс болып, беттері қайтып қалғанымен, орайы 
келсе тағы да «көктеп шыға келуі әбден ықтимал» [6]. 
ХХ  ғасырдағы  қазақ  қоғамында  рушылдықтың  қозып  кетуі 
де,  дейді  ғалым,  осы  «пысықтар»  мен  «шолақ  белсенділердің» 
эгоистік  пиғылынан  туады.  Бұл  құбылысты  жасырын  түрде 
қазақтарды бір-біріне айдап салу үшін әкімшіл жүйе де қолданған. 
Мысалы,  басқарушылардың  әр  жүзден  болуын  ескеріп  отыру. 
Ғарифолла Есімнің сараптауы бойынша, «шолақ белсенділіктің» 
теориялық  негізі  –  ұлттық  мүдде  мен  таптық  мүддені  шатасты-
ру» [6]. Мемлекеттік «казармада» адамның тектілігі оның шыққан 
әлеуметтік  тобымен  айқындалады.  Анкеталарда  «әке-шешем 
жұмысшы болды» деп жазуға көп адамдар ынталанған.

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
354
Тоталитарлық  қоғамдағы  әдептік  мәдениеттің  органикалық 
формаларының  бұзылуы  туралы  көп  дәлелдер  мен  деректер 
келтіруге болады. Алайда жағдайды қара бояумен суреттей беру 
де сыңаржақтылыққа жатады. Жоғарыда аталып өткендей, тота-
литаризм «қазақ адамын» мүлдем өз ыңғайына көндіріп, орында-
ушы мәңгүртке айналдыра алмады. Осыған дәлелдер мен мысал-
дарды көптеп келтіруге болады. 
Қатал  сынға  ұшыраған  қазақтың  әдептік-мәдени  құрылым-
дары  (қауымдық  және  тұлғалық  деңгейде  де)  өзіне  тән 
ынтымақтастық,  кісілік  пен  сұхбатшылдық  құндылықтарын 
сақтап қалды. Оны бірнеше себептермен түсіндіруге болады. 
Біріншіден,  Қазақстанда  индустрализация  жүргізіліп, 
қалалардағы тұрғындардың саны артқанымен қазақтардың басым 
көпшілігі  ауыл-селода  қоныстанды.  Нақтылы  тарихи  жағдайда, 
осы кеңестік 70 жылдың ішінде қазақтың төлтума мәдениеті ауыл-
селоларда өз бітімін сақтай алды, маргиналдыққа кем ұшырады, 
дүбаралық  қатынастар  аздау  болды.  Қысқаша  айтқанда,  ауыл 
тоталитарлық  қоғамда  да  қазақ  әдеп  мәдениеті  үшін  ұйытқы 
болды.  Қазіргі  қазақ  зиялыларының  басым  көпшілігі  ауылдан 
шыққандар.
Екіншіден, Кеңес Одағында жүргізілген мәдени революцияның 
жағымды жақтары да болды. Жалпы сауаттылықтың қалыптасуы 
мен білім-ғылым ордаларының ашылуы, ұлттық кадрларды дай-
ындау  қоғамның  мәдени  деңгейін  көтерді.  Көзі  ашық  қазақ  зи-
ялылары  тоталитарлық  бақылау  жағдайының  өзінде  қазақтың 
әлеуметтік  мәдениетін  жетілдіруге  үлкен  қызмет  атқарды.  Ком-
мунистер  өзінің  Батысқа  қарсы  текетіресінде  Шығысқа  иек 
артқысы  келді.  Қазақ  зиялылары  осы  ұстанымды  пайдаланып, 
жалпы  Шығыстың  (соның  ішінде  –  қазақтың)  азаттығын  арман-
дады.  Мысалы,  кеңесшіл  деп  аталатын  Сәкен  Сейфуллиннің  өзі 
«Күн Шығыстан атады!» деді. 
Шын  мәнісінде,  1991  жылдан  Қазақстан  үшін  Күн  атып, 
тәуелсіздік  заманы  келді.  Қазіргі  постиндустриалдық  қоғамда 
әдеп негіздері: тұлға мен қауымның, әлеуметтік тұтастықтардың 
арасалмағы  түбегейлі  өзгерістерге  ұшырады.  Ақпараттық 
қоғамда Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін даралану (индиви-
дуализация) үдерістері бұрын-сонды болмаған қарқынға ие бола 
бастады. Жаңа әлеуметтік жағдайда коллектившілдіктің бұрынғы 
формалары  (социализм,  корпоративтік  құрылымдар,  аграрлық 

355 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
мәдениеттен  қалған  қауымшылдық,  т.  т.)  өздерінің  нормативтік 
мүмкіндіктерінен айырылып, тарихи шектілігін анық аңғартты.
Даралану жағдайындағы теңсіздік таптық сипатынан айыры-
лып, тұлғалық белсенділік пен жасампаздыққа негізделе бастады. 
Марксизм тілімен айтқанда, тапсыз капитализм орнықты. Инди-
вид  әлеуметтік  реттелген  қатынастар  аймағынан  шығып,  өзі  өз 
өмірін айқындаудың орталығына айнала бастады.
Халықтың  бұқаралық  мәдениеттің  теріс  жақтарын  өз  бой-
ына жылдам сіңіріп алуының тарихи себептері бар. Біріншіден, 
еліміздің  негізгі  тұрғындары  қазақтар  мен  орыстар  ғасырлар 
бойы  қауымшылдық  ділде  әрекет  етті.  Мысалы,  Ресейдің  «ал-
тын  ғасырындағы»  соборлық  идея  жеке  индивидтің  ар-ожданы 
негізінде қоғамдасуын білдіреді. «У ішсең де, руыңмен іш» деген 
қазақтар  менталитеті  айтпаса  да  түсінікті.  Жоғарыда  дәстүрлі 
мәдениеттегі  тұлға  мен  қауымның  арақатынасы  белгіленген. 
ХХ  ғасырдың  аяғында  дейін  ол  өз  тұрақтылығын  сақтап  келді. 
Социалистік  құрылыстағы  «ұжымшылдық»  турасынан  алғанда 
қауымшылдықтың ерекше түріне жатады.
Бұл  сипатта  мына  бір  теориялық  қағиданы  ескеру  қажет: 
қоғамдастық,  қауым,  неше  түрлі  коорпоративтіктер  (клан-ру, 
діни  ұжымдар,  отбасы,  мамандық,  спорттық  бірлестіктер,  клуб-
тар, мүдделері құрылымдар, т.т.) адамдық келісімнің нәтижесінде 
өмірге  келеді  және  оған  тәуелді  болып  отырады.  Сол  себепті 
тұлғалық және әлеуметтік бірлестіктер тарихи-релятивтік болып 
келеді  [7].  Қоғамдастықтың  относительдігі  (салыстырмалылығы) 
әлеуметтік-мәдени  феномендерінің  де  шарттылығын  тудырады. 
Мысалы, КСРО тарағаннан кейін отарсыздану үдерістері әлемдік 
өркениеттіліктің басқа тарихи жағдайында өтіп жатыр. Өйткені 
ХХ  ғасырдың  60-ы  жылдарындағы  отарсыздану  Батыс  метропо-
лиясы  емес,  бұрынғы  метрополияның  үлкен  болса  да  бөлігінде 
жүрді. Сол себепті этнократиялық ұстаным тарихи үдерістердің 
жалпы  бағытына  сәйкес  келмейді,  индивидуализмге  негізделген 
қоғамды  құру  үшін  батыстық  немесе  ресейлік  құндылықтардан 
алшақтамай,  қайта  олармен  ұлттық  архетиптерді  сақтай  отыра 
конвергенцияға бару қажет. 
Автордың жалпы шыншылдық тұғырнамасы шығармашылық 
сипатта болғанымен бір нәрсені естен шығармаған жөн: жетілген 
өркениеттерде  этноцентризм  өзінің  позитивтік  қуаттылығын 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
356
жоғалтқанымен (мысалы, АҚШ-тың әлемдік қауымдастық пікірін 
ескермей,  басқа  елдердің  ішкі  істеріне  араласуы),  көптеген 
ғасырлар  бойы  отар  болып  келген  елдердегі  ұлтжандылықтың 
мәнісі мен табиғаты мүлдем басқа.
Сонда да Абай бастап берген өз қоғамы мен адамы бойындағы 
теріс  қасиеттерді  объективті  тұрғыдан  сынау  жағымды.  Ол 
жағымсыз  қатынастар  мен  қылықтардан  арылуға  себебін  тигізе 
алады.  Тек  әмбебапты  әділдік  принципі  бағыт  беруші  тетік 
қызметін атқарып отыруы қажет.
Индустриалдық 
және 
бұрмаланған 
тоталитарлық 
қоғамдардың  дағдарысыстанған  және  тұлғасыздандырылған 
әдептік  құрылымдарды  шекті.  Оның  негізінде  өркениеттік 
дағдарыс  жатыр.  «Өркениет»  термині  бұл  жерде  адам  мен 
қоғамның  барлық  деңгейлерін  біріктіре  алатын  құрылымды 
білдіріп тұр. Үшінші толқын көпшілікке арналмаған жоғары са-
палы индивидуалдық құндылықтарды көздейді. Ұлтшылдық ескі 
индустриалдық  қоғамның  туындысы.  Ақпараттық  өркениетте 
индивидуалдық құқық нормалары қоғамдық мүдделерден жоғары 
қойылады.  Ғаламдану  ұлттық  «шекараларды»  бұзып  отырады. 
Бұл  жерде  екі  бағыттың  күресі  қазіргі  әлемдік  өркениеттердің 
қарым-қатынастарының  мазмұнына  айналды.  Осы  екі  бағытқа 
ғаламдану мен ұлттық-мемлекеттік төлтумалықты сақтау жатады. 
Бұл,  әрине,  тым  «қоюланған»  сценарий.  Ғаламдану  мен 
постиндустриалдық  өркениеттің  теріс  жақтары  жөнінде 
жеткілікті  жазылған.  Біздің  назар  аударатын  мәселеміз:  осы 
постиндустриалдық қоғам ондағы тұлға әдебін қалай өзгертті? Ба-
сты жауап: Үшінші толқын мәдениет, құндылықтар мен мораль-
ды индивидуалдандырды [8]. Орталық өзінің көптеген функция-
ларын шет аймақтарға бере бастады. Өйткені өзгермелі қоршаған 
ортада  ақпарат  орталыққа  жеткенше  ескіріп  кетуі  мүмкін. 
Тотальдық  иерархиялық  құрылымдар  тиімді  нәтижелерге 
жете  алатын  мобильдік  топтармен  ауыстырыла  бастады. 
Индивидуалистік мәдениет өндірістік-әлеуметтік қатынастармен 
бірге білім беру саласын да қамти бастады. Бұрынғы мектептегі 
типтік бағдарламалар бойынша стандартты оқыту мен күнделікті 
қарадүрсің  тексеру  постиндустриалдық  өркениет  талаптары-
на  сәйкес  болмай  шықты.  Елдерді  сандық  өлшемдер  бойынша 
салыстырудың  орнына  келген  адамдық  даму  индексінің  (білім 
деңгейі, өмір узақтығы, тіршілік сапасы) тиімділігі қанша болса, 

357 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
жалпыға бірдей білім берудің орнына мақсаттық, дара, арнаулы 
білім беру де сонша тиімді.
Бір  жағынан,  маркстік  философияда  шынайы  ұтымды 
нақтылы  жалпылық  деген  ұғым  бар.  Оны  тұтастықтың  жеке 
ерекшеліктері айқындалған, көптүрліліктің бірлігі деп анықтауға 
болды. Саяси жағынан индивидуалдандырылған қоғамдағы демо-
кратия өкілеттік емес, тікелей қатысушы демократиямен ауыса-
ды. Егер сайлаған өкілдер біздің көзқарасымызды дәйекті жүргізе 
алмаса, онда өз көзқарасымызды өзіміз жүргізуіміз керек. Мыса-
лы, «электрондық парламент» арқылы; Интернет жүйесін де естен 
шығармаған  жөн.  Мәселе  қашанда  орталықсыздандыру  арқылы 
шешіле  бермейді.  Мәселені  шешудің  жолы  –  жауапкершілікті 
арттыруда.  Экзистенциализмнің  терминімен  айтқанда,  кез  кел-
ген адам барлығы үшін жауапты. Керісінше емес. Онда анонимді 
әдепсіз қоғам пайда болады.
Социалистік  әдептің  басты  кемшілігіне  жүйеорталықтық 
ұстанымды  қолдау  жатады.  Яғни,  қоғам  мүддесі  жеке  адам 
мүддесінен жоғары қойылады. Бұл жүйеде адам құқықтары кейін 
шегіндіріледі.  В.И.  Ленин  айтқандай,  жалғыз  моральдық  крите-
рий коммунизм үшін күрес болып табылады. Бұл иезуитшілдіктің 
жаңа  түріне  әкеледі.  Мақсат  барлық  құралдарды  ақтауға  себеп 
бола алады. Социалистік әдептің мәдени негізінде теріс таңбалы 
сенім  мен  наным  жатыр.  Бұл  жүйеде  жазылған  заң  (партия 
құптаған)  құдай  сөзі  іспеттес  болып  келеді.  Дүние  күйіп  кетсе 
де  нұсқау-инструкция  орындалуы  қажет.  Сөз  жүзінде  құдайды 
терістегенімен, социалистік жүйеде діннің барлық белгілері бол-
ды (пайғамбарлар, рухани көсемдер, идеологияны жүзеге асыру-
шылар т.т.).
Сонымен, Кеңес Одағы кезінде жарияланған моральдық прин-
циптер  қазақтың  дәстүрлі  мәдениетін  өркениеттілік  сатысына 
үйлесімді көтере алмады. Сөз бен істің арасында үлкен алшақтық 
туды.  Мысалы,  «интернационализм»  ұстанымын  алайық.  Бұл 
идея  түбінде  дұрыс  болғанымен,  Кеңес  Одағында  орыстандыру 
саясаты бағытында жүргізілді. Мәселен, қазақ балаларының ата-
анасын,  туыстарын,  ұстаздарын  орысша  «ов»,  «овна»  деп  атауы 
ұлттық әдеп жүйесіне мүлдем жат еді. Демограф-ғалым Мақаш 
Тәтімовтың  деректері  бойынша  366  мың  қазақ  отбасылары  өз 
шаңырағында  (бұл  еліміздегі  қазақтардың  төрттен  бірі)  өз  ана 
тілінде сөйлеуден қалған. Сөйтіп, қазақ еліндегі өмірдің барлық 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
358
жақтары шайқалып, мәдениеті мен әдебі тозып кеткен халқымыз 
елдігінен айрылып қала жаздады. Өктемдік жүйенің XX ғасырдың 
аяғында тарқап кетуі тарихи заңдылық, адамгершілік ұғымдары 
жағынан әбден қажетті құбылыс еді (Тәтімов М. Демографиялық 
кескін. Қазақ. – Алматы: КазНУ, 1993. – 210 б. (66-67)
Әрине, бұл заманда қазақ этикасы таза құлдырау жағдайында 
болды деу cыңаржақтылық болар еді. Жалпы сауаттылықтың ар-
туы, қалалардың өсуі, орыс тілі арқылы әлемдік рухани мұрамен 
таныса бастау әмбебап әдептілік жүйесін қалыптастыра бастады. 
Қазақстанда кәсіби философтарды дайындау ісі де жүргізілді. Бұл 
қазақ этикасын зерделеген кәсіби мамандардың пайда болуына оң 
ықпалын тигізді. Қазақстан әдептанушылары мораль философи-
ясы және қазақ этикасының тарихы мәселелерімен шұғылданды 
(Ғ.Ғ. Ақмамбетов, Н.С. Сәрсенбаев, А. Оразбеков, М.С. Бурабаев 
және т. б.).
Қазақстанда қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесін жаңғырту мәсе-
лесі алдыңғы қатарға шықты. Қазақ философиясы мен мәдениеті 
тарихын зерттеуге арналған еңбектерде (А.Х. Қасымжанов, Ә. Ны-
санбаев, А. Қасабек, М.С. Орынбеков, О.А. Сегізбаев, С. Ақатай, С. 
Нұрмұратов, Г. Барлыбаева және т. б.) қазақ этикасының ауқымды 
мәселелері көтерілді. Қазақ этикасының басты мәселелері ретінде 
ұлттық  әдеп  жүйесін  диахрондық  және  синхрондық  талдау, 
ондағы  дәстүр  мен  жаңашылдықтың  арасалмағын  айқындау, 
өтпелі  қоғам  мен  ғаламдану  жағдайындағы  әдептік  реттеу 
тетіктерін айқындау, нарық пен моральдың, табыс пен ізгіліктің 
арақатынасын айқындау, діни әдеп жүйесінің ерекшеліктерін са-
раптау, т.т. белгіленді. 
Қ.Ш.  Нұрланова  қазақ  этикасына  тән  әсемдік  пен  ізгіліктің 
синкретті  бірлігіне  назар  аударып,  қазақтың  ұлттық  идея-
сы  ретінде  Жарық  дүниедегі  адами  іштесуді  атап  өтеді.    Ғ.Ғ.  
Ақмамбетов қазіргі өркениеттегі индивидуалистік ұстанымдардың 
маңыздылығына назар аударады. Т. Ғабитов этиканың жақсылық 
пен  жамандық,  әділеттік,  ар,  бақыт  сияқты  категорияларына 
философиялық талдау береді және әдептік-мәдени типтерге на-
зар аударады. С. Мырзалы өз зерттеулерінде өтпелі қоғамдағы са-
ясат пен моральдың ара қатынасын зерделейді. 
Мектептерде  «Әдептану»  пәнінің  енгізілуі  арнаулы  оқу 
құралдарын  қажет  етті.  Бұл  пәнге  байланысты  қазақ  тілінде 

359 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
алғашқы оқу құралдары жарияланды (Қ. Жарықбаев, Т. Ғабитов, 
Ж.  Базарбаев,  К.  Оразбекова,  т.  б.).  Қазақстанда  нарықтық 
қатынастарды  енгізу  мен  азаматтық-құқықтық  қоғам  құру 
міндеттеріне  байланысты  кәсіптік  этикалық  алғашқы  зерттеу-
лер  жарияланды.  Бұл  еңбектерде  еліміздегі  моральдық  ахуалға 
ғылыми талдау беріліп, өтпелі қоғамға тән ауытқушыл қылықтың 
өрістеп кетуінің себептері мен халықтың әдеп мәдениетін жоғары 
деңгейге  көтерудің  жолдары  қарастырылды.  Қазақ  этикасын 
заман  талаптарына  сәйкес  қалыптастыру  мен  дамыту  қазақ 
зиялыларының келелі міндетіне айналып отыр.
Еркіндік пен теңдік арасындағы  дисгармонияны болдырмау 
тұлғалық және әлеуметтік мәдени құндылықтардың арасындағы 
амбиваленттік қатынастарды уақытында айқындап, нақтылы та-
рихи  жағдайларды  ескере  отырып,  үйлестіру  шаралармен  бай-
ланысты.  Бұл  жерде  жалпы  үлгі,  схема  жоқ.  Сонда  да  әлемдік 
тәжірибелерден тағылым алған артықшылық болмайды. Мысалы, 
Латын Америкасында өткен рестратификация мен жекешелендіру 
элита мен халық бұқарасының арасында терең шатқалдың пай-
да  болуына  әкелді  және  көпшіліктегі  сауатсыздық  пен  саяси 
мәдениеттің төмен деңгейі экстремизм мен терроризмнің пайда 
болуына себептер болды. Осы сияқты құбылыстарды Ауғанстан 
сияқты мұсылман елдерінен де байқауға болады.
Егер Қазақстанда өтіп жатқан рестратификация мен десоциа-
лизация үдерістеріне назар аударсақ, онда сол «латынамерикандық 
дамудың» жаңа түрлерін аңғаруға болады. Мысалы, соңғы жыл-
дары  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  (әсіресе,  теледидарда) 
«зомби» туралы жиі айтылып жүр. Аталған ұғымның көркемдік, 
көпшілік мәдениетінде – табыстық-кассалық мағынасынан басқа 
рәміздік  (символдық)  мазмұны  бар.  «Тірі  өлік»  немесе  зомби 
деп көптеген жағдайда рухани мәдениеттен тыс адамды айтады. 
Зомби тарихи-мәдени жадыдан тыс адам. Зомбиге жақын типтік 
ұғымға  мәңгүрт  жатады.  Бұл  Ш.  Айтматовтың  көрген  бейнесі 
кейін  әлеуметтік-мәдени  рәмізге  айналған.  Осы  ұғым  жөнінде 
арнаулы  талдау  біршама  жеткілікті  болғандықтан,  оның  кейбір 
жақтарына ғана назар аударайық. 
Тәуелсіздік  жылдарында  рестратификация  мен  бірегейлену 
біздің елімізде этникалық доминанттар ықпалымен (тәуелсіздікті, 
егемендікті, жер мен ел тұтастығын сақтау, т. т.) жүргізілгендіктен, 
кейбір  зерттеушілер  қазақ  мәдениетіндегі  екі  субэтнос  (қазіқ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет