Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет40/42
Дата03.03.2017
өлшемі2,34 Mb.
#6131
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
370
әлеуметтік  стереотиптердің  (кодтардың)  дәстүрлі  моральдық 
қылық  негіздері  жеткіліксіз  болып  шығады  және  адамгершілік 
пен  ар-ұятқа  сүйене  отырып,  әр  жағдайда  жаңа  моральдық 
таңдауды қажет етеді. Оның үстіне, бұл жағдаят бұрынғы Кеңес 
Одағы кеңістігінде жүріп жатқан бір құндылық парадигмасының 
басқасымен  ауысуы  процесімен  ғана  емес  (тоталитарлықтың 
либералдықпен),  бірақ  жаһандану  нәтижесіндегі  Батыс 
өркениетінің  бұрмаланған  құндылықтарының  экспансиясымен 
де анықталады.
Қазіргі  көркем  мәдениет  өкілдері  бүгінгі  өркениеттің 
тығырықтарынан  шығу  жолдарын  іздеуді  өздеріне  мақсат  етіп 
қояды. Өзінің «Төрт Ана» деген өлеңінде М. Шаханов, онда отаны-
на, туған тіліне, өз халқының дәстүрі мен тарихына деген сөнбейтін 
махаббат  алаулаған,  тұлға  мұратын  эстетикалық  құндылық 
ретінде  ұсынады.  Өйткені  тек  өзінің  ұлттық  мәдениетін  сүйетін 
және білетін тұлға ғана, өзімен қалай жеке ұлттық болсын, солай 
дүниежүзілік мәдениет болсын, гүлденуді әкелетін, мәдениетттер 
сұхбатының құндылығын түсінуге қабілетті. Соңғы бес ғасырларда 
қазақ  жерінде,  ол  өзінің  адамгершілік  мұраттарын  қорғаудың, 
тәуелсіздік  үшін  күрестің,  «Төрт  Ананы»  құтқарудың  соңғы 
жаңғырығы болған, үш жүзден артық ұлт-азаттық соғыстар болды.
Бұқаралық  қоғамның  көркем  мәдениеті  үш  деңгейге  ажы-
ратылады:  «ақсүйектік»  немесе  таңдаулы,  «орташа»  неме-
се  стандартталған,  «тұрпайы»  немесе  төмен.  Бұл  бөлінудің 
түбінде  жоғарыда  аталған  қоғамдағы  жіктелу,  ымырасыздық 
пен  келіспеушіліктің  артуы  жатуы  әбден  ықтимал  [19].  Қазір 
Қазақстанда да нышан беріп келе жатқан «жоғары» мәдениеттің 
феномендеріне, қайтадан ренессанстық кейіпке еніп келе жатқан 
көркемөнер  туындылары  (театр,  роман,  мюзклдер,  детектив, 
теледидар  т.т.),  философиялық,  діни,  ғылыми  еңбектер,  этикет, 
сәулет, комъпютерлік ойындар т. б. жатады. Орташа мәдениетте 
шығармашыық  элементтер  аз  кездеседі,  ол  репродукциялық 
сипатта,  жалпы  тұтынушыға  ұсынылған  формаларда  бола-
ды.  «Жоғары»  және  «орташа»  мәдениеттердің  және  «төменгі» 
мәдениеттің  арасындағы  айырмашылық  шартты  болып  келеді. 
Мысалы,  романдар  философиялық  толғамдарға  толы,  жоғары 
эстетикалық  деңгейде  немесе  адамның  тек  нәпсіқұмарлығын 
қоздыратын  сипатта  бола  алады.  Төменгі  мәдениетке  тек  өнер 
туындылары  ғана  емес,  сонымен  бірге  бокс,  бәйге  сияқты  көңіл 

371 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
көтеру  формалары  да  жата  алады.  Басты  критерийге  адам  бол-
мысына енудегі тереңдік пен нәзіктік емес, ал тұрпайы гедонистік 
сезімдер осындай «бұқаралық» мәдениетте алға шығады.
Төмендетілген  мәдениет  жеке  тұтыну  мотивтерінің  таза 
еліктеушілік  табиғатына  сүйенеді.  Кез  келген  зат,  темекі  мар-
каларынан  бастап  қымбат  автокөліктерге  дейін,  жеке  адамның 
әлеуметтік  беделінің  рәмізіне  айналады.  Француз  социологі 
Г.  Лебонның  пікірінше,  тұтынушы  адамда  интеллектуалдық 
қабілеттіліктің  орнына,  еліктеу  мен  бейімделу  инстинктері 
жетекші  қызмет  атқарады.  Мемлекет,  дейді  ол,  осы  бұқара 
инстинктерін өз мақсаттарына пайдаланады [20].
Соңғы  онжылдықтарда  «тұлғалық  нарық»  деп  атала-
тын  бағдар  қалыптасты.  Ондағы  және  тауар  нарығындағы 
бағалаулардың  принциптері  бірдей:  біріншісінде  тұлға  сатуға 
ұсынылса, екіншісінде – тауар. Табыс көбіне адамның өзін нарықта 
қаншалықты жақсы сата алуына, оның «қорабының» қаншалықты 
тартымдылығына,  оның  қаншалықты  сергек,  берік,  жіті  және 
сенімділігіне,  оның  отбасылық  жағдайына,  қандай  клубқа 
жататындығына, керек адамдармен таныстылығына байланысты. 
Адам өзінің өмірі мен бақыты туралы ойланбайды, қалай өтімді 
тауарға айналуын ойлайды. Ұтымды тауар сияқты адам да тұлға 
нарығында сәнді болуы тиіс, ал сәнді болу үшін тұлғаның қандай 
түрінің сұранысқа ие екендігін білуі тиіс. Мұндай үлгілердің кар-
тинасын жарнама, газеттер, журналдар, кино, теледидар, радио 
береді. 
Қазіргі адам өзін базардағы сатушы ретінде де, тауар ретінде де 
қабылдағандықтан, оның өзін-өзі бағалауы өзінен тыс жағдайларға 
бағынышты. Егер ол үлгеріп отырса – құны бар, ал олай болмаса 
– ол құнынан айырылады. Ол өзінің күш-жігерімен біртұтас емес, 
өйткені оны қолдану процесіндегі өзін көрсету емес, оларды сату 
процесіндегі оның табысы маңыздырақ [20]. 
Қазіргі  технологияларды  қолдану  дәстүрлі  қоғамның 
иерархиялық  құрылымын  шайқалтып  жіберді.  Мысалы 
австралиялық  аборигендерде  тас  балтаны  жасау  еркектердің 
үлесінде  болған,  кейін  миссионерлер  тас  балталарды  үлкен 
көлемде  әйелдер  мен  балаларға  таратқаннан  кейін,  еркектердің 
әлеуметтік  статусы  біршама  төмендеп  кетіп,  дәстүрлі 
құндылықтарды шайқалтып жіберді. «Теледидарлық балта» [21], 
дейді  М.  Маклюэн,  бүкіл  Шығыстың  дәстүрлі  өнерінің  тамы-

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
372
рын  шапты,  «ыстық»  джаз,  тыныштық  пен  табиғатқа  еліктеуге 
негізделген Шығыс өнерін өртегендей болды. Теледидар батыстық 
ықпал кең мәтінінде адамның парасатына емес, ал оның сезімдік-
тылсымдық  қатпарларына  бағытталған  және  сол  арқылы  түрлі 
дәстүрлі  мәдениеттерді  өз  мақсаттарына  сай  өзгертуге  болады. 
Бекерден бекер батыстандыру үрдістерінде неше түрлі шоу, ко-
микс,  детектив,  триллерлер  жетекші  рөл  атқармайды.  М.  Ма-
клюэн  өзінің  «Механикалық  қалыңдық»  деген  кітабында  эроти-
каны  мифологияландыру  арқылы,  соны  жарнамамен  күшейту 
нәтижесінде бизнесмендер автокөлікті сатуды кең жолға қоя білді 
дейді. «Жарнама, – дейді ол, – ХХ ғасырдың үңгірлік өнері.
 Үңгірдегі тасқа салынған суреттер сияқты, ол адам миының 
терең  қатпарларында  өшпес  ізін  қалдыруға  ұмтылады.  Бұл  – 
жаңа  трайбалист,  корпоративтік  адам  жігерінің  құйыны.  Жаңа 
ақпараттық  ортада  бизнес  пен  мәдениет  ажырамас  күшке  ай-
налды»  [20].  Осының  көрінісіне,  мысалы,  Қазақстандағы  алып 
корпорациялардағы  бизнес  этикасы  туралы  кодекстері  жатады. 
Олар тура әлемдік ұйымдардан көшіріліп алынғандай.
Батыстандыру 
үрдістері, 
қазіргі 
батыс 
идеология-
сы  да,  философиясы  да,  ұстанымы  да  –  постмодернизм 
жариялағандай,  бейрационалдық,  плюралистік,  реалистік, 
орталықсыздандырылған,  жаһанданған  әдіснама  негізінде 
жүргізіледі.  Француз  ғалымы  Жан  Эллюль  атап  өткендей,  ба-
тыстандыру  қазіргі  кезде  ұрандар  мен  теориялар  арқылы  емес, 
ал  байқатпай  өмір  шындығына  еніп  кету  арқылы  жүргізіледі, 
ол  адамға  оның  күнделікті  әдеттері,  мінез-құлық  стереотиптері, 
салт-ғұрыптары арқылы енгізіледі; бұл – иландырудың жаңа фор-
масы; адам жаңа құндылықтарды өз еркімен таңдағандай болып 
тұрады. Бірақ, шын мәнісінде, ол жаңа ұжымдық сана – бұқаралық 
мәдениеттің көзсіз орындаушысына айналып кеткен. 
Батыстандыру  қазіргі  заманда  бұрынғыдай  тек  қару 
күші  немесе  миссионерлік  әрекеттен  гөрі,  өзіне  тиімді  жаңа 
мифологиялық тарату арқылы жүзеге асырылады. Осы мәнісінде 
бұқаралық  ақпарат  құралдарымен  кең  насихатталып  жүрген 
жаңа мифтердің кейбіреуін сараптайық.
Қазіргі мифтер – бұлар ерекше тектегі елестер мен жалған бей-
нелер, «муляждар». Егер ертедегі миф қауымдық адамның білім 
жоқ  жағдайында  қоршаған  дүниені  сол қалпында  қабылдауына 
негізделсе, қазіргі миф ерекше технологиямен жасалған, шындық 

373 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
онда  арнаулы  рәміздермен  бұрмаланған,  форма  болып  табыла-
ды. Қазіргі миф таным формасы емес, ал әлеуметтік басқару және 
көпшілікті  манипуляциялаудың  құралына  жатады.  Ол  дүниені 
түсіндірмейді,  керісінше,  сана  немесе  бейсана  фантомдарын 
құрастырып, «ерекше тектегі» симулакрумдарға сүйенеді.
Классикалық  маңызы  төмен,  ұлттық  болмыс  пен  психикаға 
кері  әсерін  тигізетін  өнер  мен  музыкадағы  өнімдер  ағымына 
бақылау қою, оны жүзеге асыру аппараттарын жұмылдыру. Атап 
айтқанда: 
-  қала мен республикалық маңызы бар және облыстардағы 
атқарушы  орган  мен  мәдениет  институттарының  бақылауын 
күшейту; 
-  сараптама және ақпараттар жинақтау бөлімін жетілдіру;
-  ұлттық  психология  мен  сана-сезімге  кері  факторларды 
болдырмаудың әкімшілік бөлімдерін жұмылдыру т. б.
Халықтың  рухани  және  физиологиялық  тұрғысынан 
дамуының бірден-бір мүмкіндігі өмір болмысын халық тағдырын 
бейнелейтін мәдени ошақтардың басты саласының бірі, театр мен 
кино өзінің бүгінгі қоғам өміріндегі орнынан қазіргі заман тала-
бына сай ұлттық психология, тәрбие беру, эстетикалық құндылық 
сапаларын төмендетіп алды. Оған басты себеп: 
-  шетелдік  немесе  батыстық  кино  мәдениеті:  ашық 
порноөнімдер,  афро-американдық  поп  музыкалар,  эротик-
фильмдер,  сана-сезім,  мінез  құлыққа  кері  әсер  ететін  қатігез 
киноөнімдер мен сериалдар; 
-  Қазақстандық театр және кино мекемелерінің халық наза-
рын өзіне тартып аларлық туындыларының әлсіздігі;
-  әртүрлі  жат  мәдениет  үрдістерін  насихаттайтын  бейне 
таспалардың шектеусіз сауда рыногында таралуы; 
-  кино  мәдени  ошақтары  –  кинотеатрларда  шетелдік 
фильмдерді жарнамалау мен жаппай көрсетулер [22].
Бүгінгі  таңдағы  кітап  дүкендері  мен  кітап  сауда 
орталықтарындағы  сатылымдағы  кітап  қорының  90  пайызы 
шетелдік  кітаптарды  құрайды.  Музей  кешендерінде  экспозици-
ялар мен ұлттық тарихи мұраларды сақтау мен дамыту әлі күнге 
дейін кеңестік идеология шеңберінде құрылған өлкетанушылық 
бағыттан әрі аса қойған жоқ. Осы факторларға сәйкес кітапхана 
мен музей ісіндегі қордаланып қалған мәселелерге мыналар жа-
тады: 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
374
-  ұлттық әдеби-мәдени көркем туындылар дағдарысы; 
-  қазақ 
тіліндегі 
қоғамдық 
ғылымдар 
әдебиетінің 
жеткіліксіздігі;
-  кітапхана қызметіндегі ақпараттық және интернеттік ката-
логтар жүйесінің дамымауы; 
-  ғылыми сапасы төмен кітаптар қорының көбеюі; 
-  кітапханалардағы  ұлттық  кітап  қор  жинақтарының 
тапшылығы және қаржылай қолдаудың жеткіліксіздігі т. б.; 
-  музей мекемелерінде білікті ғылыми мамандардың аздығы; 
-  осыдан  келіп,  мұражай  ісі  мен  мұражайтану  ғылыми-
әдістемелік орталықтарының жоқтығы;
-  мұражайлық 
жәдігерлерді, 
өнер 
туындыларын 
жинақтайтын қаржының таршылығы және т. б. [23].
Қалың көпшіліктің санасына кез келген идеологияны сіңіруге 
болады. Тарихты алып қарасаңыз, миллиондардың миына кезінде 
коммунистік,  фашистік,  христиандық,  либерал-демократиялық 
идеялар сіңірілді. Миллиондар осы идеяларға кезінде жан-тәнімен 
сенді,  соған  қызмет  етті.  Ал  қазақша  білмейтін  қазақтардың  са-
насына біздер қандай ой-пікірлерді құя алдық? Олар қазақша га-
зет  оқымайды.  Қазақтың  ұлттық  идеологиясын  білмейді.  Қазақ 
өмірін қараңғы әрі қауіпті құбылыс, түсініксіз стихия ретінде ғана 
қабылдайды.  Ал  оларға  өзіміздің  ұлттық  мүдде-мақсатымызды, 
қазақ  мемлекеттілігінің,  тілінің,  мәдениетінің  маңызын  ұқтыру 
үшін не істедік? 
Кезінде ақпарат кеңістігін басқару, саяси процестерді бағыттап 
отыру туралы қадау-қадау идеялар ұсынылды. Оған құлақ түрген 
жан шамалы. Мемлекетті ой-пікір, идея басқарады. Қажетті идея 
заңға немесе жарлыққа айналып, миллиондардың тағдырына әсер 
етеді. Ал сонда айтылған тың ой-пікір, идеялар босқа қала берсе, 
біз  саяси  процесті  басқарып  емес,  оны  стихияның  еркіне  беріп, 
соңына ілесіп қана жүре бермекпіз бе? Және бұл біздің көп ұлтты 
еліміз үшін қаншалықты қауіпті [23].
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгі астана,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері – түп қазығы, айбыны,

375 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
Туған тілі – мәңгі өнеге айдыны,
Жан байлығы, салт-дәстүрі – тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі.
Және туған тарихы [24].
Ұлттық өзіндік сананы оятуды ақын елдің болашағы, жастар-
ды тәрбиелеуден бастау керек дейді. Төлтума рухани мәдениетті 
жоғалтып алмау үшін өзінің ана тілін, тарихын, тәуелсіздігін ба-
янды ету үшін ұлттық идеяға жүгіну қажет.
Көркем дүние түйсінудегі негізгі адамгершілік құндылықтары 
халық  намысы  ұғымында  түйінделген.  Ар-ұят  пен  намыс 
қазылығынан адам үшін жоғары сот жоқ. Ар жазасы мен тәубеге 
келуден  жоғары  тазару  жоқ.  Бүкіл  еуразиялық  кеңістік  осының 
куәгері. Нағыз ақын халықтың ар-ұяты ретінде өзін паш етеді.
Қазіргі  ақпараттық  өркениеттің  жетістіктеріне  қаншама 
риза  болғанымызбен,  оның  теріс  салдары  кез  келген  адамды 
қобалжытпай  қоймайды.  Қазіргі  тұтынушылық  деп  аталатын 
қоғамда  діни,  саяси,  әлеуметтік  құндылықтардың  құнсыздануы 
жүзеге  асып  жатыр,  адамға  деген  сенім  барған  сайын  жоғалып 
келеді, өнерге жат элементтердің енуі, оны көпшілік мәдениетінің 
жай  қарапайым  тауарына  айналдырып  жіберді.  Академик  Д.С. 
Лихачев  жазғандай,  «мәдениет  құлдырауында  прогресс  сенімсіз 
болып шығады».
Қазіргі әлемдегі өркениеттік үрдістерді сезіну және аңдау қазақ 
көркемөнер мәдениеті мен әдебиеті өкілдеріне Қазақстанның ру-
хани құндылықтарын, олардың өрістеу бағдарлары мен коллизи-
яларын көркем формада білдіруге мүмкіндік береді. Ш. Айтматов 
пен М. Шаханов өздерінің «Құз үстіндегі аңшының жоқтауы» атты 
диалог-романында батыс ақылы, дәстүрлі құндылықтарды қирата 
отырып, «үш өлшемді әлемді» рационалдық парадигмамен «тау-
ысып», «дүниенің қараңғы жақтарына» байлап кетті дейді [25]. 
 Қазіргі руханисыздықтың себебі ретінде авторлар жақсылықты 
тасада  қалдырып,  зұлымдықпен  (эрзац-құндылықтармен) 
әуестеніп кетуді атайды. «Тірі адам сансыз әрекеттерден: жасам-
паз  және  жоюшы,  ұйғарылған  және  спонтандылардан  тұрады. 
Адам ішкі болмысының тылсым тұйықтары күрделі және қауіпті. 
Бірақ не болса да, қанішерден қанішердің, зұлымнан зұлымның 
тууын  шектеу,  мәңгүртер  мен  зомбилардың  қаптап  кетуін  бол-

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
376
дырмау  қажет»  [25].  Дүниежүзілік  көркем  мәдениеттің  алып 
тұлғалары  қалыптасып  келе  жатқан  өркениеттің  гуманистік 
мазмұнын нығайту үшін Шығыс пен Батыстың арасында мәдени-
рухани синтезді жүзеге асыру керек дейді. Мысалы, жапон ойшы-
лы  Д.  Икэдамен  бірігіп  жазған  «Рух  ұлылығын  мадақтау»  атты 
еңбегінде Ш. Айтматов, Шығыс пен Батысты бірегейлендіре оты-
рып, әлемдік субъектінің үйлесімдігін қалыптастыру қажет дейді. 
Батыс  сыртқы  дүниені  тануда  табысқа  жетіп,  Құдайды  сырт-
тан іздейтін күш ретінде алға шықса, Шығыс Құдайды адаммен 
имманентті  қарастырады,  адамдық  субстанцияның  ғарыштық 
табиғатына мән береді [26].
Батыстың 
рационалды-прагматикалық 
философия-
сынан  шығатын  жеке  дарашылдық  пен  тұтынушылықтың 
апологиясының  орнына,  дүниені  аңдауға  ден  қоятын,  дәстүрлі 
шығыстық  этностарда  экологиялық  ұстындар,  этикалық  бағдар 
мен  руханилық  айшықты  көрініс  табады.  О.  Сүлейменовтың 
«егер біз мәдениетті құтқарсақ, онда ол бізді де құтқарады» деген 
сөздері ақиқатқа жақын» [27].
Әдептен  тыс  адамның  жаны  да,  қылығы  да  сұрықсыз,  кісі 
өлтірушінің,  сатқынның  және  атаққұмардың  мақсат  үшін 
құрал  таңдамайтындығы  үрей  тудырады.  Адамзат  әлі  күнге 
дейін  өткеннен  сабақ  алмағандығы,  қаламгерлерді  қатты 
толғандырады.  Қатыгездік  әлі  күнге  дейін  не  адам  жанында,  не 
қоғамда жойылмаған, сондықтан ол ХХІ ғасырда да өкінішке орай 
жалғаса береді. Белгілі философ М. Орынбеков жазғандай, «олар 
жас  кезінен  тазалық  пен  сенімділік,  даналық  пен  абыройлық 
мұраттарынан  ажыраған  жас  ұрпақта,  адамгершіліктің 
құлдырауы айрықша күйзелтеді» [28]. 
Қазіргі  заманның  басты  мәселелерінің  бірі  –  ғасырлар 
бойы  түйіршіктеп  жиналған,  адамзаттың  рухани  байлығының 
құнсыздануы.  Қоғамның  жаппай  азғындануының  құрамдас 
бөлігіне  жалпылама  сатылушылық  жатады.  Немқұрайлық  пен 
рақымсыздық  үстемдік  ететін  қоғамда  ізгілік  пен  мейірімділік 
біртіндеп  ығыстырыла  береді.  Азғындық  пиғыл  тұлғадағы 
мүдделер  мен  құштарлықтарды  теріс  айналдырып  жібере  ала-
ды.  Девианттық  (ауытқышыл)  әрекет  тіпті  осындай  қоғамда 
қалыпты күй сияқты болып көрініс таба алады. Садистік әрекетті 
адамгершілік терминдерімен жеткізу мүмкін еместігінен, ол жар-
нама және тылсымдық стимулдармен ұсталып тұрады.

377 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
Батыс  мәдениеті  табыну  объектісіне  айналдырып  жіберген, 
индивидуализм  ұстыны  қазақтың  дәстүрлі  құндылықтарымен 
сәйкес  келе  бермейді.  Ежелгі  рухани  мұраларымен  сусындай 
беретін, қазақтар үшін қонақжайлылық, төзімділік, кеңпейілділік 
сияқты ұстанымдар өз көкейкестілігін жоғалтқан жоқ. Қазақтарда 
қашанда  жалғандық,  қатігездік,  күш  көрсету,  сатқындық  айып-
талып  келген.  Ұрпақтан  ұрпаққа  қазақтар  үлкенді  сыйлауды, 
аруақтарға  құрмет  көрсетуді,  кішілерге,  әйелдерге  ізеттілікпен 
қарауды құндылық бағдары ретінде ұстанып келген.
Егер  Батыс  дүниеге  объект  ретінде  қараса  және  оны  тануға, 
өзгертуге  ұмтылса,  онда  Шығыс  дүниемен  қосылу  арқылы 
оны  білгісі  келеді.  Дүниені  объективтендірудің  құралы  –  сөз. 
О.  Сүлейменов  өзінің  «Хат  тілі»  атты  еңбегінде  былай  жазады: 
«Оның бүкіл кешендігінің күрделігінде, мәдениетті туындатушы 
негізгі факторға алғашқы иероглифика мен тіл жататына, барған 
сайын өзім сенімді болып келемін. Олардың өзара тәуелділігінің 
актілері  адамның  өзінде  және  қоршаған  ортада  адамдықты 
қалыптастырып келді. Бірінші жазу таңбасынан «гомо сапиенстің» 
тарихы басталады» [13].
О. Сүлейменов сөзде – «адам болмысының үйінде» – ұрпақтар 
және дәуірлер сабақтастығы мүмкін дейді. «Тілдер – бұл, үзінді 
жазбаларда  сақталып  қалмаған  тарихи  айғақтардың  қоймасы. 
Тілдер – бұл, ол жанбайтын, өртелмейтін, сумен шайылмайтын, 
мүк басып кетпейтін, идеологиялық бұрмалауға ұшырамайтын, 
мұражай. Бізге арғы тектеріміздің сансыз ұрпақтарынан жеткен, 
басты  интеллектуалдық  мұра  және  олардың  біле  алмағанын  біз 
ары  қарай  тереңдете  отырып  ашуымыз  үшін,  бізге  өсиет  етіп 
қалдырылған мұра – олардың өткені» [13].
Қазіргі  Қазақстанда  жүріп  жатқан  интеграциялық  мәдени-
өркениеттік  үрдістер  дәстүрден  ажырау,  адамдық  болмыс 
пен  адамгершіліктің  көп  ғасырлық  нормаларының  деформа-
циялануы,  тұлғалық  өзіндік  құндылықтың  төмендеуі  сияқты 
құбылыстармен  ілесіп  келеді.  Қазақ  ұлтының  жас  буының 
айтарлықтай бөлігі бөтен тілдік ортада жетіліп келеді; онда басты 
рөлге тек классикалық еуропалық мәдениет емес, ал, ең алдымен, 
американдық және батыстық поп-мәдениет ие бола бастайды.
Осындай  жағдайдың  бір  алғышартты,  ұлттық  дәстүрлі 
мәдени  ауысуларды  шектеген,  интернационализм  желеуімен 
ұлтсыздануын  үрдісін  жүзеге  асыра  бастаған,  кеңестік  им-
перия  уақытында  қалыптасты.  Руханилықты  тәрбиелеу  өзін 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
378
жетілдірудің  маңызды  құралы  ретіндегі  танымдық  мүдделілікті 
қалыптастырудан басталады. Адамды тәрбиелеудегі жетекші рөлге 
өнер  ие.  Өнерді  (өнер  туындыларын,  көркем  құндылықтарды) 
қабылдау күрделі эмоционалдық-танымдық әрекеттің түрі болып 
табылады. Өнерді адамға тура ендіру мүмкін емес. бұл үшін оған 
белгілі біл білім, ақыл, сезімдер жұмысы, көркем аллегориялар 
мен метафораларды түсінуге деген қабілеттілік қажет. 
Көркем  құндылықтар  жалпыадамзаттық  және  ұлттық  бо-
лып  бөлінеді.  Бірақ  жалпыадамзаттық  құндылықтар  қашанда 
ұлттық-этникалық  формада  беріледі.  Өз  талдауымызды 
ақын  О.  Сүлейменовтың  мына  сөздерімен  аяқтағымыз  келеді. 
«Болашақ  әлемі  –  бұл  алауыздықтармен  тартыстағы  Өзіндік 
Болмысқа қарама-қарсы, Бірге Болмыс» [13]. Қазір дүниежүзілік 
қауымдастықта өзінің тиесілі орнына ие болған қазақ халқы өзінің 
ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан, төлтума этикалық 
және  эстетикалық  мәдениетін  ғылыми  зерттеуге  және  әлемге 
ұсынуға мүдделі «Ұлы Дала Елі» болып табылады. 
Әдебиеттер:
 1 Қамзабекұлы Д. Алаш және әдебиет. – Астана: Фолиант, 2002. 63-64 бб.
 2 Екі мың жылдық дала жыры. – Алматы: Қазэнциклопедия, 2000. 
331 б.
 3 Қараш Ғ. Замана. – Алматы: Ғылым, 1994. 142 б. 
  4  Қодар  А.  Очерки  по  истории  казахской  литературы.  –  Алматы: 
Золотой век, 1999. С. 267-268.
 5 Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999. 225 б.
Есім Ғ. Сана болмысы: Мәдениет пен саясат туралы ойлар. – Алма-
ты: Эксито-Верена, 1994. 10 б.
7 Қодар А. «Мустанги и пони: поле десоциализации // Тамыр. – № 
2 (4). – 2001.С.3.
8 Центральное Азия и культура мира. – Бишкек. – № 1-2 (8-9), 2000. 
С.148
 9 Қодар А. Казахстанская культура от миражей к реальности // Та-
мыр. – № 1 (2). – 2000. С. 7.
10 Садыков Н. Культурные смысли культура // Тамыр. –№ 1. 1999. 
С. 70.
11 Бейбіт мәдениеті жолында /Нұржанов Б.Ғ. , т.т. – Алматы: ҚазМУ, 
2000. 100 б.
12 Кочевники. Эстетика. Алматы, 1993. С. 30.
13 Сүлейменов О. Язык письма. Алматы – Рим. 1998. С. 205.

379 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
14 О. След молнии. М., 1978. С. 139.
15 Жұмабаев М. Шығармалар. Алматы, 1979. 308 б.
16 Әуезов М.О. Таңдамалы. Алматы, 1997. 351-352 бб.
17 Лотман Ю. Мәдениеттер типологиясы //Әлем: Альманах. Алма-
ты, 1991. 251 б.
18 Ергалиев И.Е. Духовность как проблема философии культуры //
Культура и искусства в стратегии Казахстана. Алматы, 1998. С. 53.
19 Темирбеков С.Т. Национальная культура в контексте современ-
ной рыночной цивилизации // Современные проблемы развития наци-
ональной культуры. – Алматы: ЮКГУ, 1998. – С.127-141 (42 б.)
20 Алимжанова А.Ш. Эстетическая культура // Философия: Рари-
тет, 2006. С. 159
21 Маклюэн М. Культурная коммуникация: срелства «горячие» и 
холодные» культура // Кукаркин А.В. Буржуазная массовая культура. – 
М.: Политиздат, 1985. С. 47.
22 Мырзалы Серик. Модернизация общества: взаимосвязь полити-
ки и морали. – Костанай: КГУ, 1998. С. 268.
23 Қазақстанның мәдени мұрасы.- Алматы: Абай ат. ҚазҰПУ, 2005. 
964 б.
24 Шаханов М. Заблуждение цивилизации Сага о нравах эпохи. Ал-
маты, 1999. С. 176.
25 Айтматов Ч., Шаханов М. Плач охотника над пропастью. Алма-
ты, 1996. С. 115-116.
26 Айтматов Ч., Икэда Д. Ода величию духа. М., 1997. С. 63.
27 Курманбаев Е. Спасет ли культура мир // Тамыр. 1999. №1. С. 42.
28 Орынбеков М. Философские взгляды Абая. Алматы, 1995. С. 114.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет