ә) автордың кӛзқарасын, ұстанымын түсіну.
Мемлекеттік стандарттардың талаптарын орындау
жалпыға міндетті. Оқытудан күтілетін нәтиже түрінде
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарда кӛрсетілген осы
мақсаттарды назардан тыс қалдырып, олардың орнына білім
алушылардан автордың бейнесін анықтауды талап етуі
дұрыс емес. Оқытуда бұрыс мақсатты кӛздеу білім алушыны
адастырумен бірдей.
Үлгілік оқу бағдарламалары мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес
әзірленеді. Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартында
авторға
қатысты
оқытудан
күтілетін
нәтижелер қандай екені кӛрсетілді. Стандарт бойынша
22
оқытудан күтілетін нәтижелер – оқу мақсаттарын, білім
мазмұнын анықтаудың негізі. «Қазақ әдебиеті» пәнінің
бағдарламаларындағы «Автор бейнесін анықтау» мақсаты
стандарттарда кӛрсетілген мақсаттарға, нәтижелерге сай
келмейді.
Білім беру аяқталғанда, оқытудан күтілетін нәтижелер
«Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартында», «Жалпы орта білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандартында» алты топқа бӛлініп
жүйеленген. Пәннің оқу бағдарламасының мазмұны, оны
ұйымдастыру, оқытудың мақсаттары мен міндеттері, әдістері
мен амалдары, бақылау-бағалау жүйесі оқытудан күтілетін
осындай
нәтижелермен
үндесуі
шарт.
Пән
бағдарламаларында оқыту мақсаттары оқытудан күтілетін
нәтижелерге тікелей қатысты қойылуға тиіс, оқыту
нәтижелері оқыту мақсаттарына сай болуы керек. Білім беру
ісінің оқытудан күтілетін нәтижелерге бағытталуы туралы
мемлекеттік ұстанымның мәнісі сонда.
«Қазақ әдебиеті» пәнінің жаңартылған мазмұндағы
үлгілік оқу бағдарламалары және олардың негізінде
дайындалған оқулықтардың жайы 2018 жылдың наурызында
осындай күйде еді. Бұл жайындағы ойларымызды біз сол
кезде бұқаралық ақпарат құралдарында айттық. Бірақ білім
беру
стандарттарын
жасаушылар
да,
үлгілік
оқу
бағдарламаларын жасаушылар да ӛз сӛзінен басқа сӛзді
ұқпады.
2018 жылы 31 қазанда (БҒМ № 604 бұйрығымен) білім
берудің барлық деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті
жаңа білім беру стандарттары жаңадан бекітілді. Ол
стандарттарда, бұрынғыша, Блум таксономиясының 1956
жылғы үлгісі қолданылды. «Қазақ әдебиеті» пәнінің
жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламаларындағы
оқу мақсаттарының жүйесі сол бұрынғы қалпында,
оқулықтар да сондай.
23
7-сыныпта
оқитын
немеремнің
қазақ
әдебиеті
оқулығынның титул парағынан кейінгі бірінші (кітап беттеуі
бойынша 3-бет) бетіндегі кестеге кӛзім түсті. Кестеде
«Күлтегін» жырының тұсында оның авторы кӛрсетіліпті.
Кӛрсетілген автор – халық. Осы кестеде «Кӛксерек» те тұр
екен. Оның жанры әңгіме болып кӛрсетіліпті. 10 сыныпта
Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы повесть болып
оқытылуда.
Қазақстан
Республикасы
Білім
және
ғылым
министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен
жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламаларына
ӛзгерістер енгізілді. Жалпы орта білім беру деңгейінің
жаратылыстану-математика
бағытындағы
10-11-
сыныптарына
арналған
«Қазақ
әдебиеті»
пәнінен
жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге
асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспарында «Б.Мұқай.
«Ӛмірзая» романы, Лира Қоныс. «Тиын» әңгімесі» деген жол
«Б.Мұқай. «Ӛмірзая» романы, «Ерболат Әбікен «Пәтер
іздеп жүр едік» әңгімесі» болып ӛзгертілді. Жалпы орта
білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы
10 - 11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен
жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге
асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспарында «М.Мағауин.
«Шақан-шері» романы, Ш.Айтматов. «Боранды бекет»
романы, Ұ.Есдәулетов. «Біз түркілерміз» деген жол
«М.Мағауин.
«Шақан-шері»
романы,
Ш.Айтматов.
«Алғашқы ұстаз» повесі, Ұ.Есдәулетов. «Біз түркілерміз»
болып ӛзгертілді. Үлгілік оқу бағдарламасының мәтіні
ӛзгермеді, онда оқытылатын шығармалардың тізімі ӛзгеріссіз
қалды. Білім алушылар үлгілік оқу бағдарламасы бойынша
Лира Қоныстың «Тиын» әңгімесін, Ш.Айтматовтың
«Боранды бекет» романын оқиды, үлгілік оқу бағдарламасын
жүзеге асырудың ұзақ мерзімді жоспары бойынша Лира
Қоныстың «Тиын» әңгімесін оқымайды, Ерболат Әбікеннің
«Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесін оқиды, Ш.Айтматовтың
24
«Боранды бекет» романын оқымайды, «Алғашқы ұстаз»
повесін оқиды.
Жоғарыда талданып, сараланған жайлардан «Қазақ
әдебиеті» пәнінің негізгі орта және жалпы орта білім беру
деңгейлеріне
арналған
жаңартылған
мазмұндағы
бағдарламаларының мазмұны туралы бірнеше тармақтан
тұратын қорытынды ой ӛріліп шығады. Мен солардың бәрін
емес, біреуін ғана кӛрсеттім. Ол мынадай:
«Қазақ әдебиеті» пәнінің жаңартылған мазмұндағы оқу
бағдарламалары, олардың негізінде жазылған оқулықтар
«Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарты» мен «Жалпы орта білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарты» талаптарына сай келмейді.
«Қазақ
әдебиеті» пәнінің бағдарламалары мен
оқулықтарының 2019-2020 оқу жылындағы күйі осындай.
«Алдындағы келер заман» не дайындап тұр?
Қазақ әдебиетін қазақ халқының баламасы жоқ
байлығы, ұлттық рухани құндылығы ретінде қорғайтын,
сақтайтын,
насихаттайтын,
дамытатын,
ел
игілігіне
айналдыратын, оны оқу мен оқытуға жанашыр болатын,
жоқтаушы, сұраушы болатын екі мекеменің бірі қалғып, бірі
мұлгіп отырса да, жағдай түзелер деп үміт еттік. Сарғайған
үмітпенен әлі отырмыз.
|