Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және ӛнер институты Алматы қаласы Білім басқармасы



Pdf көрінісі
бет8/47
Дата01.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#54183
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47
Ҧстаздан қаржы аямайық. Еліміздегі барлық саланы 
экономикалық 
жағынан 
саралап 
келгенде, 
айлық 
жалақысының тӛмендігі жағынан мұғалімдер ең соңғы 
орында орналасқан. Сондай-ақ, бұл кӛрсеткіш кӛп жыл 
бойына ӛз орнынан мызғымай, сақталып қеледі. Бұл мәселені 
оңтайлы шешу үшін түрлі жол іздестірілуде. Солардың бірі – 
Ұлттық дәрежелік тестілеу жүйесі. Бұл сыннан ӛткен 
оқытушылардың жалақысына 30-50% үстеме ақы тӛленеді. 
Ӛткен оқу жылында біліктілік сынға түсетін бұл тестілеу 
жүйесіне 56 910 оқытушы қатысып, 36 272-сі (63,7%) қажетті 
балл жинап, екінші турға ӛткен. 
Қазіргі дайындалып жатқан, педагог-мұғалім дәрежесін 
қӛтеруге арналған Заң жобасы осы негізгі жалақы мәселесін 
түбегейлі 
шешуі 
керек. 
Бюджетте 
мұғалімдердің 
тӛлемақысының деңгейін нақты белгілеп, инфляциядан 
қорғайтын коэффициенттер ескеріліп, шешімін заңды түрде 
енгізіп, бекітетін уақыт келді. 
Адам капиталы туралы соңғы жылдары кӛп айтып 
келеміз. Оның маңыздылығын, стратегиялық орнын бәріміз 
білеміз. Ендеше, бүгінгі таңда адам капиталының негізін 
қалайтын, яғни мектеп оқушыларын сапалы оқытып 
шығаратын 
мұғалімдердің 
жалақысы 
бюджеттің 
стратегиялық, 
экономикалық, 
әлеуметтік 
қауіпсіздігі 
міндетін атқаратын категориясы деп қарау керек. Егер 
бюджеттен жылына 1,2 трлн. теңге оқытушылардың 
жалақысына 
жұмсалатын 
болса, 
ол 
экономикадағы 
сұранысты осы кӛлемге ұлғайтумен бірдей деген сӛз. Осы 
уақытқа дейін біз ӛндірушілерді қолдап келсек, енді 
тұтынушыларды 
да 
қолдайтын 
кез 
жетті. 
Яғни 
экономиканың екі жағын теңестіретін уақыт келді, былайша 
айтқанда, біз осы мәселеге келіп тірелдік. Мұны шешпей әрі 
қарай жылжу мүмкін емес деп ойлаймын. 


14 
Білім саласында біз атқарар, қолға алар жұмыс ӛте кӛп. 
Мектептердің, оның ішінде мақаламыздың басында айтып 
кеткен қазақ мектептерінің алдында тұрған орасан жұмыстар 
шаш-етектен. Соның ішінде ең басты міндеттеріміздің бірі – 
жаңашыл, болашакқа бейімделген, отансүйгіш, алғыр, 
бәсекеге қабілетті, кез келген қиындыққа дайын жас буын 
дайындау. 
Қазақ мектептерінің санын кӛбейтіп қана қоймай
ондағы жеткіншектерді қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, 
мәдениеті мен ӛнері сынды құндылықтарымызға тереңдете, 
сапалы оқыта білуіміз керек. Олар – біздің болашағымыз. 
Қазақстанды Мәңгілік ел ететін сол ӛрендер. Сондықтан 
мемлекет мұғалім мәртебесін кӛтеруі тиіс. Баламызға қалам-
дәптер ұстатып, әріп танытып, одан әрі оқытып, азамат етіп 
шығарып, үлкен жолға салатын ұстаз деген қауымнан 
қаржыны аямауымыз керек, жалақысын кӛтеру қажет. Бұл 
үшін біздің әлеуетіміз жетеді деп ойлаймын. 
Демография, миграция, мектептерді ірілендіру, үлкен 
мектептер ашу сынды жаңалықтар мектептер санына да 
елеулі ӛзгерістер әкелді. Мысалы, орыс мектептерінің он 
жылда 573-і қысқарған, соның ішінде Солтүстіқ Қазақстан 
облысында – 190, Павлодар облысында – 76, Қостанай 
облысында – 64, Қарағанды облысында – 55, Ақмола 
облысында 53 орыс мектебі қысқартылған. Ал осы мерзімде 
республика қӛлемінде орыс мектептеріндегі оқушылардың 
саны 16 мыңға ӛскен. Сонда әрбір орыс мектебінде 2008 
жылы оқитын оқушылар саны 199 бала болса, он жылдан 
кейін, яғни 2018 жылы ол кӛрсеткіш 299 балаға дейін 
кӛбейген. Жалпы, жоғарыдағы факторлардың әсерінен орыс 
мектептерінің кӛпшілігі шағын, аралас деңгейде. Ал ӛзбек, 
ұйғыр мектептері іріленіп келеді. Мұнда мектептер 
қысқарып, оқушылардың саны ӛсуде, ӛзбек мектептерінің 
саны 63-тен 12-ге дейін азайса, ӛзбек оқушылары 27 мыңға 
ӛскен, ұйғыр мектептері 15-тен 11-ге азайса, оқушылар саны 
7,8 мыңға ӛскен. 


15 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет