Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және ӛнер институты Алматы қаласы Білім басқармасы



Pdf көрінісі
бет11/47
Дата01.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#54183
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   47
поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау» 
мақсаты қойылады. Бұл да қате. Білім мазмұны, әдеби-
теориялық деңгейіндегі қате. Ӛйткені сӛз ӛнері, кӛркем 
әдебиет туындыларын «эпикалық, поэзиялық, драмалық» деп 
топтастырылмайтыны Аристотель заманынан бері белгілі.
5) 8-9-сыныптардағы мақсат – «автор бейнесі мен 
кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік кӛрінісін талдау», 
«автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы 
ретіндегі рӛліне талдау жасау»


20 
«Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламаларының он 
тӛрт мақсатының біреуін мысалға келтірдік. Енді осы 
мысалға алынған мақсаттың жайына назар аударайық.
«Автор 
бейнесі» 
– 
нейролингвистикадағы, 
психопоэтикадағы күрделі, қиын мәселе. Әдеби шығармада 
автор бейнесі затты келбетімен кӛрінбейді, имплицитті. Оны 
білудің, оның мәнісін түсінудің, оны оқытудың жолдары 
әдебиеттану, педагогика ғылымдарында осы күнге дейін 
нақты анықталған емес. Оқытылатын әдеби шығармада затты 
келбеті кӛрініп тұрмаған, дерексіз, қиялдағы бейнені анықтау 
дағдысын қалыптастыруды мақсат ету білім алушылардың 
қияли болуына ықпал етуі ықтимал. Автор бейнесін анықтау 
әл-Фараби сипаттаған «әрекетшіл ақыл-парасат» деңгейінде, 
іргелі теориялық ойлау деңгейінде ғана мүмкін болмақ. Бұл – 
кәсіби зерттеушілердің ісі.
«Автор бейнесін анықтау» деп аталып отырған оқыту 
мақсатының орындалуы да қайшылықты. Мысалы, 5-
сыныптағы «Керқұла атты Кендебай» ертегісін, «Қобыланды 
батыр» жырын, «Асанқайғының жерге айтқан сынын» 
оқытуда Анализ және интерпретация бӛлімі бойынша 
мынадай мақсаттар қойылады: 
5.2.2.1 – эпикалық шығармадағы автор бейнесін 
анықтау. 
5.2.4.1 – кӛркем шығармадан алған әсерін сипаттап
авторға хат, ӛлең жазу...  
«Керқұла атты Кендебайды», «Қобыланды батырды», 
«Асанқайғының жерге айтқан сынын» оқытуда мұндай оқу 
мақсаттарын қоюға қандай ғана жанның ақылы жетті екен.  
Білім алушы да, білім беруші де, тіпті осы 
жаңартылған бағдарламаны бекіткендер де аталған 
шығармалардан алған әсерін сипаттап, авторға хат жаза 
алмайды, жазуы мүмкін емес. Ақиқаты осы. «Автор 
бейнесіне» қатысты оқудағы мақсат та, ол мақсатқа жеткенде 
күтілетін нәтиже де негізсіз, мағынасыз, мәнсіз.


21 
Пәнді оқытуда білім алушының, білім берушінің 
алдына орындалмайтын, орындау мүмкін болмайтын мақсат 
қою және сол мақсатқа жетуді талап ету – білім алушының 
ақыл-ойына бағытталған зорлық, қиянат, зиянкестік. Оқу 
пәні бойынша білім мазмұнын бұлайша жаңартуға 
болмайды. 
Енді мынаған назар аударайық, «Автордың бейнесі» 
деген 
ұғым, 
атау 
мемлекеттік 
жалпыға 
міндетті 
стандарттарда 
жоқ. 
Мемлекеттік 
жалпыға 
міндетті 
стандарттарда «Автордың бейнесі» ұғымына қатысты оқу 
мақсаты қойылмаған.
«Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға 
міндетті стандарты» бойынша, білім алушы шығармадағы 
автордың кӛзқарасын түсінеді. «Жалпы орта білім берудің 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» бойынша, білім 
алушы 
а) 
шығарма 
авторларының 
ӛмірлік 
және 
шығармашылық жолы туралы негізгі деректерді біледі, ә) 
автордың ұстанымын түсінеді. 
Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарда білім 
алушылардан автор ұғымына қатысты осы аталған мақсатты 
нәтижелер талап етіледі: а) шығарма авторларының ӛмірлік 
және шығармашылық жолы туралы негізгі деректерді білу, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет