Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және ӛнер институты Алматы қаласы Білім басқармасы


Қазақ мектептерінің ең кӛбі Тҥркістан облысында



Pdf көрінісі
бет4/47
Дата01.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#54183
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Қазақ мектептерінің ең кӛбі Тҥркістан облысында. 
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында да қазақ мектептері 
қарқынды дамуда. 2008 жылы астанамызда қазақша оқитын 
балалар саны 38,2 мың (54,7%) болса, 2018 жылы олардың 
саны 166,2 мыңға (57,3%) дейін кӛтерілді. Демек, он жылда 
қазақша білім алатын ӛрендеріміздің саны бас қаламызда 57 
мыңға кӛбейген, бұл дегеніңіз қатарға 100 жаңа қазақ мектеп 
косылғанмен бірдей. Бұл – Шымкент қаласынан кейінгі 
екінші кӛрсеткіш (+ 65,8 мың). 
Соңғы он жылда елдегі жалпы мектеп саны 2008 жылы 
5867-ні құраса, 2018 жылы 7893-ке жетті, ал қазақ мектептері 
3836 болса, он жылдан кейін 3797-ге тӛмендеген. Осы 
мерзімде қазақша оқитын балалардың саны 969,9 мыңға 
ӛскен. Сонда әр қазақ мектебіндегі оқушылардың саны 2008 



жылы 403,8 баланы құраса, 2018 жылы орта есеппен алғанда 
бір мектепте 662,6 бала оқыды деген сӛз. Демек, бір қазақ 
мектебіндегі балалардың саны он жылдың ішінде 258,8 
оқушыға ӛскен. Бұл кӛрсеткіштер мектептердің ірілендіріліп, 
қосылып, 
жаңа 
үлкен 
мектептер 
ашылып, 
шағын 
мектептердің азайғанын кӛрсетеді. 
Қазақ мектептерінің ең кӛбі Түркістан облысында – 
705, Алматы облысында – 441, ШҚО-да – 344, Жамбыл 
облысында – 314, Қызылорда облысында – 273, Ақтӛбеде – 
263, Батыс Қазақстан облысында – 257, Қарағанды 
облысында – 230, Ақмола облысында – 160, Павлодар 
облысында – 140, Атырау облысында – 138, Маңғыстау 
облысында – 130, Қостанай облысында – 120, Солтүстік 
Қазақстан облысында – 118, Алматы қаласында – 76, 
Шымкент қаласында – 57, Нұр-Сұлтанда – 31. 
Он жылда сегіз ӛңірде қазақ мектептерінің саны 181-ге 
ӛскен. Алматы облысында 48 мектеп қосылған, Маңғыстау 
облысында – 31, Алматы қаласында – 25, Шымкент 
қаласында – 24, Түркістан облысында – 22. 
Осы мерзімде тоғыз ӛңірде 193 шағын қазақ мектебі 
қысқартылған. Оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында – 
38 мектеп, Ақтӛбе облысында – 35, Батыс Қазақстан 
облысында – 32, Солтүстік Қазақстан облысында – 29, 
Қостанай облысында 22-ге азайған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет