11
соңғы жылдары біздің
қазақ мектептерінде қеңінен
пайдаланылуда. Мысалы, барлық Назарбаев зияткерлік
мектептерінде қазақ сыныптары бар. Жыл сайын педагогика
мамындығына 12 мың грант бӛлінеді, оған қосымша әрбір
жергілікті әкімдіктер ӛздерінің грантын береді. Педагогика
мамандығы бойынша мұғалімдердің
білім жетілдіретін
«Ӛрлеу» ұлттық орталығы 2011 жылдан бері ұстаздарды
ағылшын тілінде оқытатын арнайы бағдарламаны іске
асырып келеді. Бұл бағдарлама бойынша 3900 мұғалім
Ұлыбритания, Жапония, Испания,
Португалия, Германия
университеттерінде арнайы дәріс алып келді.
Дегенмен, түйінді мәселелер де жоқ емес. Ауылдағы үш
ауысыммен оқытатын және апатты жағдайда тұрған
мектептердің жайы ӛзекті. «Дипломмен ауылға», «Серпін»
сынды бағдарламаларға әлі де екпін берілуі тиіс.
Қазақ мектептерінің даму кезеңінде арнайы орта білім
беретін колледждерде де оң ӛзгерістер болып жатыр. Соның
ішінде қазақ бӛлімдері тез ӛсуде.
Колледждерде қазақша
оқитын студенттердің саны 289,6 мыңға жетті. Бұл барлық
колледжде оқитын 489,8 мың студенттің 59,1%-ын құрайды.
Ал қазір республикамыздағы 130 жоғары оқу орнында 542,4
мың студент дәріс алуда, соның ішінде қазақша оқитын
студенттердің саны 350,4 мыңға жетті, бұл еліміздегі барлық
студенттің 64,6%-ын құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: