Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және ӛнер институты Алматы қаласы Білім басқармасы



Pdf көрінісі
бет17/47
Дата01.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#54183
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47
Байланысты:
annotation155587

Қабатай Бидана,
Абай атындағы
ҚазҰПУ доценті, п.ғ.к.
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҦНЫ ЖАҒДАЙЫНДА 
«ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» ПӘНІНЕН МҦҒАЛІМДЕР 
ДАЙЫНДАУДЫҢ ӚЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Еліміздегі білім алу үрдісіндегі ӛзгерістер мен бүкіл 
ӛркениетті әлемдегі ақпараттық даму білім берудің дәстүрлі 
қалыптасқан жүйесін, әдістері мен технологиясын таңдауда 
жаңашылдық танытуды қажет етіп отыр. Осыған орай 
мектептегі «Қазақ әдебиеті» пәнінің функциясы дұрыс, 
түсініп, шапшаң, мәнерлеп оқуға тӛселдірумен шектелмейді, 
оның басты қызметі- оқушыларды кӛркем сӛзге баулу. Ұлт 
ұстазы А. Байтұрсынұлы айтқандай баланың «ойын ойлаған 
қалпында, қиялын меңзеген түрінде, кӛңілдің түйгенін 
түйген күйінде тілмен айтып» [1,141] жеткізуіне мүмкіндік 
беріп, кӛркем сӛз әлеміне жетелейтін сара жол – оқу 
сабақтары. Міне, бүгінгі күні түпкі нәтижесі бағдарламада 
кӛрсетілгендей [2]: 
1) қазақ балалар әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерін 
талдай отырып, ұлттық және жалпыадамзаттық рухани 
құндылықтарды бойына сіңіруіне; 
2) 
кӛркем 
шығармадағы 
тілдік 
қолданыс 
ерекшеліктеріне бақылау және талдау жасай отырып, тілдік 
құралдарды саналы түрде дұрыс таңдауына және ӛмірлік 
тәжірибесінде қолдануына; 
3) алған білімі мен дағдыларын ӛмірлік жағдаяттарда 
және 
басқа 
адамдармен 
қарым-қатынас 
барысында 
пайдалануына кӛмектесетін оқыту үрдісіндегі жаңа бағыт 
диалогтық қарым-қатынас негіздері басшылыққа алынған. 
Десек те бүгінгі әдебиетші-ғалымдар, педагог-ғалымдар, 
әдіскерлер мен пән мұғалімдері жиналып отырған 


36 
конференцияда 
жаңартылған 
білім 
бағдарламасы 
жағдайында жасалынған «Қазақ әдебиеті» оқулықтары шын 
мәнінде сӛз ӛнері құралы міндетін атқарып отыр ма? деген
мәселенің алға тартылып, кеңінен талданып отырғаны әлі де 
кемшін тұстар бар екенін айқын байқатады. Әсіресе оы тұста 
жоғары оқу орындарында мамандар дайындау мен қазіргі 
мектеп тәжірибесі арасындағы сәйкессіздік анық байқалып 
қалды.
Жоғары оқу орындарында қазақ әдебиеті курстарынан 
білім беру бағдарламасының мақсаты – орта мектептердегі 
қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша жоғары 
әлеуметтік 
және 
азаматтық 
жауапкершілікке 
ие, 
тӛмендегідей бағыттар бойынша жоғары білікті мамандар 
даярлау: 
- жан-жақты дамыған оқушы тұлғасын қалыптастыру 
және тәрбиелеу;
- орта мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті салалары 
бойынша жүйелі білім қалыптастыру;
- орта мектептердегі қазақ тілі мен әдебиетінен оқу 
үрдісін заманауи-ғылыми деңгейде ұйымдастыру;
- ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру.
Білім беру бағдарламасының негізгі міндеттері:
- қоғамның әлеуметтік тапсырысына және білім берудің 
әлемдік стандарттарына сәйкес орта мектептердегі 
болашақ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін 
сапалы кәсіби дайындықпен қамтамасыз ету;
- орта мектептердегі болашақ қазақ тілі мен әдебиеті 
пәні 
мұғалімдерінің 
негізгі 
басым 
құзыреттіліктерінің жүйесін, жалпы ғылыми және 
арнайы білімдік дағдылары мен шеберліктерін 
қалыптастыру; 
- рухани және интеллектуалды ӛзіндік даму жолдарын, 
психологиялық сауатын, ойлау және мінез-құлық 
мәдениетін қалыптастыру [3]. 


37 
Аталған мақсат-міндеттерді жүзеге асыру аясында 
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 
филолог 
мамандар 
дайындайтын 
институтында 
«Әдебиеттануға кіріспе», «Халық ауыз әдебиеті», «Әдебиет 
теориясы» курстарынан бастап, «Ежелгі дәуір әдебиеті», 
«Хандық дәуірдегі әдебиет» болып әріқарай тарихи-
монографиялық ұстанымға сай қазақ әдебиеті дәуірлерге сай 
кезең-кезеңімен сатылай оқылады. Бұрын да солай болған, 
қазір де солай. Осынша теориялық білімнің қазіргі қазақ 
әдебиеті мұғалімдеріне қажеті бар ма? Ӛйткені қазір 
мектепте қазақ әдебиеті мүлде басқа бағытта лексикалық 
тақырыптарға құрылған мазмұнда оқытылып, кӛптеген 
классик ақын-жазушыларымыздың шығармалары ескерілмей 
қалған. 
Қоғамдағы, білім саласындағы ӛзгерістер жоғары оқу 
орындарындағы қазақ әдебиетін оқыту мәселелеріне қатысты 
«Қазақ әдебиетінен жаңартылған білім мазмұны», «Қазақ 
әдебиетін оқытуда қолданылатын жаңа технологиялар», 
«Бағалаудың 
ӛлшемдік 
технологиясы» 
атты 
жаңа 
курстардың бағдарламада белгіленіп, мектептегі қазіргі 
жаңартылған білім мазмұнын игеретіндей кәсіби маманды 
дайындауға баса назар аудару қажеттілігіне әкеліп отыр. 
Аталған курстар бойынша болашақ филолог мамандар қазіргі 
«Қазақ әдебиеті» оқулықтарының жаңа мазмұнын, қазақ 
әдебиеті сабақтарын оқу мақсаттарына сай ұйымдастырып, 
жүргізе алу, оқытудың жаңа технологияларын, белсенді және 
интербелсенді оқыту әдістерін, критериалды бағалауды 
қолдана алу, Блум таксономиясы, сыни тұрғысынан ойлау 
тапсырмаларын құрастыру, орындату тәсілдерін біледі, 
меңгереді.
Жоғары мектеп педагогикасының күрделі де маңызды 
бір мәселесі студентті болашақ мамандығына оңтайландыру, 
кәсіптік біліктілігін дамыту, кәсіби бағдар берудің жаңа 
жүйесін жасау, іскер және құзіретті маман дайындау. 
Мұндай маман дайындау үшін білім беру үдерісін 


38 
белсенділендіру, оқытудың жаңа формалары мен әдіс-
тәсілдерін жетілдіру қажет. Оқу үдерісін белсенділендіру – 
берік те тиянақты білім берудің жолдарын қарастыру, 
студенттердің 
шығармашылық 
ойлауына, 
ізденуіне 
мүмкіндік жасау, оларды келешек мамандығына қызықтыра 
алу, оқу үдерісін ғылыми негізде ұйымдастыру және т.б. Осы 
бағытта биылғы оқу жылынан бастап университетте бітіруші 
түлектер бір оқу жылы бойында мектепте күнде ұстаз-
тәлімгердің қасында сабаққа қатысып, сабақ беріп, 
оқушымен, ата-анамен, ұжыммен, жалпы жұртшылықпен 
қарым-қатынаста болып, мұғалім роліне толықтай енуі 
қамтамасыз етілді. Бұрын педагогикалық тәжірибеге арнайы 
2-3 ай уақыт бӛлінетін. Ал қазір Алматы қаласы 
мектептерінің кӛпшілігі дерлік қамтылып, әр мекемеде түрлі 
пәнді, соның ішінде қазақ әдебиетін де ұйымдастырып, 
жүргізетін болашақ мұғалімдер тәжірибеден, сынақтан ӛтуде. 
Университеттің саясаты – кәсіптік даярлаудың сапасын 
жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік 
жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың формалары мен 
әдістерінің түрлерін ӛзгерту, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-
тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының 
алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді 
жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз ету.
Заман 
талабы мұғалімдерге жан-жақты жетілген, кӛпсалалы 
дайындық иесі болуды жүктейді. Тәуелсіз мемлекетімізге 
еңбекқор, кәсібін терең түсінетін, үнемі ӛзгеріп отыратын 
жағдайларға ӛзінің білімі мен іскерлігін әртүрлі әрекеттердің 
айналасында қолдана білетін қабілетті мамандар қажет. Білім 
беру талаптарына бұл «құзыреттілік» ұғымы арқылы 
анықталып отыр. Мектептерде ұйымдастырылып отырған 
үздіксіз педегогикалық тәжірибе осындай кәсіби 
құзыреттілікті игеруге дайындық болып табылады деген 
сенімдеміз. 
Ойымызды сабақтай келе болашақ филолог мамандар
жоғары оқу орнында алған теориялық және практикалық 


39 
біліктерін толыққанды пайдаланып, қолдана алуы үшін, 
жалпы әдебиетті сӛз ӛнері ретінде меңгерту үшін 
мектептердегі «Қазақ әдебиеті» пәні классикалық дәстүрден 
ауытқымай тарихи-монографиялық ұстанымда оқытылуы 
тиіс 
деген 
ұсыныс 
айтамын. 
Бұл 
ӛз 
кезегінде 
оқушыларымызды 
сӛз 
ӛнерінің 
қуаты 
күшті 
шығармаларымен танысып, оқуына, шын мәнінде, сӛздің 
құдыретін түсініп, ойын ӛсіріп, талғамын дамытуға септігін 
тигізірері сӛзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет