Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және ӛнер институты Алматы қаласы Білім басқармасы



Pdf көрінісі
бет19/47
Дата01.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#54183
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   47
Береке Жҧмақаева, 
СДУ профессоры, п.ғ.к. 
 
 
 «ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» ПӘНІНЕН ЖАҢАРТЫЛҒАН
МАЗМҦНДАҒЫ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ 
МАЗМҦНЫ МЕН ҚҦРЫЛЫМЫНДАҒЫ 
ОЛҚЫЛЫҚТАР 
«Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу 
бағдарламасының мазмұны мен құрылымында бірнеше 
олқылықтарды байқаймыз.
Бірінші 
мәселе 
– 
оқу 
материалдарын 
топтастырудағы 
жҥйесіздік
Жалпы 
білім 
беретін 
мектептерге арналған жаңа бағдарламаларда әр сыныпқа 
берілген оқу материалы арнаулы айдарларға жіктелген. Дәл 
осылай тақырып жағынан топтастыру бастауыш сыныптағы 
әдебиеттік оқу бағдарламасына тән еді. Себебі әдебиетті 
бастауыш сыныптарда оқытудың әдіснамалық негізі, оқыту 
ұстанымына сай кӛркем мәтінді сӛз ӛнері ретінде емес, 
танымдық мақсаттарға жүгіндіре оқытатын. Сондықтан жыл 
мезгілдері, қоршаған орта сияқты ұғымдарды мәтіндер 
арқылы дәйектеу басым болатын. 
Ал 5-сыныптан басталатын әдебиет курстарының 
мақсат-міндеттерінде «Әдебиеттің адамзат қауымы ғасырлар 
бойы жасаған ӛнердің бір түрі... сӛз ӛнері екендігі туралы 
білім қалыптастыру... сӛз ӛнерінің басқа ӛнер түрлерінен 
айырмашылықтарын айыра білуге үйрету» [1, 5] т.б. 
танымдық, тәрбиелік, тұлға қалыптастырушылық қызметімен 
қоса шығармашылықты дамыту міндеттері болды. Дәл осы 


47 
міндеттер жаңа бағдарламаларда да бар десек болады. 
Мақсат міндеттердің алдыңғы шебіне «коммуникативті 
құзірет, ӛздігінен білім алу т.т.» машықтарды атағанымен, әр 
тұста шашырап жүрген әдеби білім алу міндеттерін кӛруге 
болады.
Әдебиет – 1932 жылдан бері негізі қаланған
жүйеленген, ӛзіне тән зерттеу нысаны бар жеке пән. Оған еш 
дау жоқ. Ал әр пән сол саланың ғылыми негізіне сүйенуі 
заңдылық. Әдебиеттану ғылымының ӛзінің тұрақталған 
жүйесі: тарихы, теориясы, сыны бар десек, әдебиет пәнінде 
әдеби 
материалдарды 
ұсынудың 
да 
тұрақталған 
заңдылықтары қалыптасқан. Мәселен, орта буындағы 
әдебиеттік оқу сыныптарында ауыз әдебиетінен бастап, 
кӛлемі жағынан ықшам, оқушының жас ерекшелігіне, таным-
түсінігіне лайықталған ең таңдаулы әдеби нұсқаларды 
сұрыптап беру шарты, жоғары сыныптарда әдебиеттің 
тарихына алғашқы қадам жасау, әдеби нұсқаларды 
дәуірлерге жіктей беру тәжірибесі қалыптасқан еді. Жоғары 
сыныптарда белгілі бір әдеби кезеңді айқындап тұратын 
шолу тақырыптарының да маңызды міндеті болатын. Абай, 
М.Жұмабаев, М.Әуезов т.б. классиктердің шығармалары 
сыныптың ӛсуіне қарай бірте-бірте күрделендіріліп 
спиральді түрде ұсыну арқылы орта білім деңгейінде 
классикалық мұраны, ұлы тұлғаларымызды танытудың 
тиімді амалы болған. Жаңартылған бағдарламаларда осы 
үрдіс ескерілмеген. Ал әдебиетті жеке тақырып-айдарларға 
жіктеп, барлық оқу материалын соған жүгіндіру неліктен 
қажет деген сұрақ туындайды.
Мәселен, 5-сыныпта «Таза мінсіз асыл сӛз» деген 
айдармен ертегілер, батырлар жыры, аңыз әңгімелер 
ұсынылған. Бағдарламаға енбей қалған тұрмыс-салт 
жырлары, мақал-мәтелдер, шешендік сӛздер, әпсаналар, 
мифтік әңгімелер т.б. асыл сӛзге жатпай ма?! Дәл осы 
атаумен нені түсіндіруге болады?! 


48 
2-айдар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет