17
алушының
тыңдау (тыңдалым)
, айту (айтылым)
, оқу
(оқылым)
, жазу (жазылым) сияқты түрлі нақты еңбек-
әрекеттерінің нәтижелері арқылы анықталады.
Білім алушылардың оқудағы жетістіктері бойынша
күтілетін нәтижелерді оқу мақсаты түрінде тұжырымдап
бекітуге үлкен мән берілді. Блум таксономиясының
иерархиялық жүйесін нақты пәннің мазмұнымен, оқытудың
мақсаттарымен,
оқытудан
күтілетін
нәтижелермен,
оқушылардың оқу жетістігі деңгейлерінің сипатымен
үйлестіру бағдарламаны, бақылау-бағалау құралдарын
жасаушылардан да, оқулық авторларынан да, мұғалімдерден
де үздік кәсіби біліктілікті талап етеді.
Білім
беру
ісінде
Блум
таксономиясының
бұрынғы1956 жылғы үлгісін қабылдадық. Соған сәйкес білім
алушылардың танымында кезең-кезеңімен қалыптасатын
ойлау дағдылары, оқу материалдарын меңгеруінің танымдық
деңгейлері
оқу
мақсаттары
таксономиясы
түрінде
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарда бекітілді.
Ендігі тұста мемлекеттік стандарттарда бекітілген осы
жүйенің негізінде пәннің үлгілік оқу бағдарламаларын жасау
керек еді. Пәннің үлгілік оқу бағдарламалары жасалды, бірақ
оларда
(5-9,
10-11-сыныптарға
арналған
оқу
бағдарламаларында)
мемлекеттік
жалпыға
міндетті
стандарттарда
бекітілген
танымдық
дағдыларды
қалыптыстыру, дамыту мақсаттары, оқу мақсаттары
таксономиясы бұрмаланды. Мемлекеттік стандарттардағы
Достарыңызбен бөлісу: