12
шет тілдерін тереңдете оқыту, әр оқушыға жеке тұлға ретінде
ерекше кӛңіл бӛлу арқылы ӛздеріне тартуда.
Соңғы жылдары мемлекет пен жеке меншік әріптестікті
дамыту бағдарламасына сәйкес
жеке меншік мектептерге
мемлекеттік тапсырыстар беріле бастады. Мысалы, 2018
жылы Шымкент қаласында – 3310 орынға, Нұр-Сұлтан
қаласында – 3721, Ақтӛбедегі дарынды балаларға арналған
«Сымбат» мектеп-интернатында 600 баланы оқытуға
мемлекеттік тапсырыс берілді. Ал алдағы 2022 жылы
республиканың 3 ӛңірінде 89 жеке меншік мектепте 56300
баланы оқытатын мемлекеттік тапсырыс берілу жоспарланып
отыр. Болашақта білім саласына
жеке басты қаржыландыру
жүйесі іске қосылған кезде, жеке меншік мектептер саны
қарқынды түрде ӛседі деген болжам бар.
Мҧғалім – мектеп жҥрегі. Соңғы он жылда қазақ
мектептерінде сабақ, дәріс беретін ұстаздардың саны да ӛсіп
келе жатыр. 2018-2019 оқу жылында барлық мектепте 338775
оқытушы
жұмыс істеді, ал 2008-2009 оқу жылында бұл
кӛрсеткіш 279982 болған. Демек, он жылда мұғалімдердің
саны 58793-ке ӛскен.
Осы орайда бізді алаңдататын бір жағдай,
соңғы
жылдары ұстаздар арасында білім саласынан кету деректері
кӛптеп кездесуде. 2016-2017 оқу жылында білім саласынан
11 704 оқытушы кеткен болса, 2017-2018
оқу жылы бұл
кӛрсеткіш 12 154-ке жеткен. Сонда он жылдың ішінде орта
есеппен 100 мыңнан астам ұстаз білім саласынан кетіп
қалған. Басты себеп – жалақының тӛмендігі. Қазіргі таңда
бұл бағытта қабылданып жатқан түрлі
іс-шаралар әлі де
қауқарсыз. Жыл сайын педагогика саласының маманын
дайындап шығару үшін 12 мың грант беріледі. Он жылда 120
мың грант бӛлінсе, 61 мың грант артығымен беріледі. Зейнет
жасына, денсаулығына, отбасылық жағдайларға және басқа
да түрлі себептерге байланысты бұл кӛрсеткіш ӛзгеруі
мүмкін, бірақ жалпы ахуалға айтарлықтай әсер ете қоймас.
Сонда жыл сайын 17,5 млрд.
теңгені қосымша грантқа
13
жұмсағаннан гӛрі, бұл қаржы мұғалімдердін жалақысына
жұмсалар болса, онда жыл сайын әр ұстазға 51,5 мың теңге
қосуға болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: