Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және ӛнер институты Алматы қаласы Білім басқармасы


Аралас мектептер мәселесі – уақытша шешім



Pdf көрінісі
бет5/47
Дата01.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#54183
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Аралас мектептер мәселесі – уақытша шешім
Демографиялық, этникалық, ұлттық саясатқа байланысты 
еліміздің барлық ӛңірінде соңғы он жылда аралас 
мектептердің саны 2147-ден 2255-ке ӛскен. Ең кӛп аралас 
мектебі бар ӛңірлер: Алматы облысы (319), Ақмола облысы 
(224), Қарағанды облысы (196), Түркістан облысы (192), 
Шығыс Қазақстан облысы (185) және Павлодар облысы 
(165). 
Осы аралас мектептерде 2018 жылы республика 
бойынша 1380 мың оқушы білім алды, соның ішінде 691,7 
бала қазақша оқитындар. Аралас мектептерде ана тілінде 



оқитындардың кӛбісі Алматы облысында – 138,5 мың, 
Жамбыл облысында – 66,6 мың, Түркістан облысында – 72,4 
мың, Шымкент қаласында – 66,6 мың, Қарағанды облысында 
– 47,1 мың, Ақтӛбе облысында 35,8 мыңға жеткен. Сол 
балалардың жалпы саны бір мың қазақ мектебін құрайды 
екен. 
Иә, түрлі себептермен аралас мектептер саны ӛсіп келе 
жатыр. Оған бюджеттің тапшылығы, жоспарлаудағы 
кемшіліктер, туындаған мәселелерді жеңіл әрі тез шешуге 
ұмтылу сынды жайттар себеп болуда. Жергілікті басқару 
орындары болашақта бұл мектептерді бірыңғай қазақ мектебі 
дәрежесіне ауыстыру жолдарын іздестіруі қажет. 
Соңғы жылдары қазақ, орыс, ағылшын тілінде 
оқытатын аралас мектептер қатары да кӛбеюде. 2007-2008 
жылдары пилоттық жоба бойынша осындай үш тілді 33 
мектеп болса, қазір олардың саны 117-ге жеткен. Онда 63 
мың бала оқиды, бұл еліміздегі барлық оқушының 2,3%-ын 
құрайды. Осы мектептерде сабақ беретін мамандар дайындау 
жұмыстары да қолға алынды. 42 жоғарғы оқу орнында үш 
тілді дамытатын жүйеге байланысты ағылшын бӛлімдері 
ашылды. Бұл тұрғыда біраз сын айтылған соң, бұған да 
ӛзгерістер енгізіліп жатыр.
Ӛзге ҧлттың балалары да қазақша оқи бастады
Қазақстан – кӛпұлтты ел. Оның кӛрінісін ұлттық 
мектептердің дамуынан кӛруге болады. Елімізде 3717 қазақ, 
1312 орыс, 12 ӛзбек, 11 ұйғыр, 1 тәжік мектебі және 5 басқа 
ұлттың мектептері бар. Оларда 2385,9 мың қазақ, 392,7 мың 
орыс, 129,9 мың ӛзбек, 51,9 мың ұйғыр, 32,6 украин, 25,7 
әзербайжан, 24,1 татар, 17,1 кәріс, 15,6 түрік, 11,2 тәжік, 6,2 
қырғыз, 60,2 басқа ұлттардың балалары оқуда. Соңғы он 
жылда қазақ оқушылары 556 мыңға ӛскен, орыс оқушылары 
– 16 мыңға, ӛзбек – 27,6 мыңға, ұйғыр – 7,8 мың, әзербайжан 
– 5,4 мың, кәріс – 2,9 мың, тәжік – 2,9 мың, қырғыз – 1,8 
мың, түрік 0,5 мыңға кӛбейген. Керісінше, украиндық 
оқушылар саны 5,5 мыңға, татарлар 0,05 мыңға тӛмендеген. 


10 
Демография, миграция, мектептерді ірілендіру, үлкен 
мектептер ашу сынды жаңалықтар мектептер санына да 
елеулі ӛзгерістер әкелді. Мысалы, орыс мектептерінің он 
жылда 573-і қысқарған, соның ішінде Солтүстіқ Қазақстан 
облысында – 190, Павлодар облысында – 76, Қостанай 
облысында – 64, Қарағанды облысында – 55, Ақмола 
облысында 53 орыс мектебі қысқартылған. Ал осы мерзімде 
республика қӛлемінде орыс мектептеріндегі оқушылардың 
саны 16 мыңға ӛскен. Сонда әрбір орыс мектебінде 2008 
жылы оқитын оқушылар саны 199 бала болса, он жылдан 
кейін, яғни 2018 жылы ол кӛрсеткіш 299 балаға дейін 
кӛбейген. Жалпы, жоғарыдағы факторлардың әсерінен орыс 
мектептерінің кӛпшілігі шағын, аралас деңгейде. Ал ӛзбек, 
ұйғыр мектептері іріленіп келеді. Мұндай мектептер 
қысқарып, оқушылардың саны ӛсуде, ӛзбек мектептерінің 
саны 63-тен 12-ге дейін азайса, ӛзбек оқушылары 27 мыңға 
ӛскен, ұйғыр мектептері 15-тен 11-ге азайса, оқушылар саны 
7,8 мыңға ӛскен. 
Еліміздің білім саласындағы бір ерекшелік, басқа 
ұлттың ӛкілдері соңғы жылдары қазақ, орыс мектептерін 
таңдауда. 130 мыңнан астам басқа ұлттардың баласы қазақ 
мектептерінде, ал 85,5 мың ӛзге ұлттардың баласы орыс 
мектептерінде білім алуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет