Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



Pdf көрінісі
бет11/27
Дата27.12.2016
өлшемі1,71 Mb.
#593
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27

әке заманы мен бала заманының айырмасы ғана айтылып 

отырған жоқ. Екі буынның біріне-бірі қарсы көзқарастары да 

танылады. Ел мен елді атыстырып, шабыстырған, бұрынғы 

пәле басы “басшы” болыстарды сынаған, жақтырмаған са-

рыны бар. Қалың ел мұңына, ел тілегіне өзі жақын болуға 

талпынып, “сол ел тілегіне бейім болсаң, жақсысың, болма-

са, өзің де жақсы емессің, өзің билеп қалыптаған заманың 

да жақсы емес” деген саналы жастың, жаңа адамның аңғары 

сезіледі. Осылайша бірін сынаудан бастап өз уақытындағы, 

өзінің ар жағындағы үлкен жүйрік дегеннің әрқайсысына да 

ұрынып қалып отырады. Бәрінің де шама-шарқын сынап 

алып отырады.

Жаңағы сияқты біраз сөзбен Шорманның Мұсасымен де 

жанасыпты. Мұса – Құнанбай тұрғылас адам. Өз ортасының 

шешен, жүйрік деген адамының маңдай бірі. Бір жылы Се-

мейде Мұса Құнанбаймен бір мәжілісте отырғанда (тегі, 

Құнанбайдың сұрауымен болса керек), үйдегі балаларының 

атын атап, Сәдуақас деген баласы барлығын айтады. Сон-

да Абай: “Бір адамға екі бірдей адамның атын қояды екен! 

Ол Сағид бин Уақас деген әкелі-балалы екі кісінің аты емес 

пе?” – депті.

Осыдан Мұса Абайдың тілін еске алып қалса керек. 

Екінші бір жерде, бірталай кісінің мәжілісінде Абай кіршіме 

ішіп отырғанда, Мұса үстіне келіпті. Отырған жұртпен бірге 


154

Абай Мұсаны мәжіліске кіруге шақырғанда, ол: “Жоқ, 

бұл нәрсенің аты кіршіме, тегі ноғайдың “кірішмә” де-

ген сөзінен болса керек. Сондықтан кіріспегенімді мақұл 

көремін”, – депті. Бұл сөзге Абай: “Менің ойымша, ең 

әуелі бұл сөз ноғайдың тілі емес, парсының “гәршама” – 

“шамаңа қарай” деген сөзінен болуға қисынды. Екінші – 

әрбір нәрсенің “ісміне” қарай жисмінін ала ма, жисміне 

қарай ісмін ала ма? “Алма” деген жемістің аты, сол атына 

қарап алмайсыз ба?” – депті.

Осы сияқты жұрттың “тапқыр” деген кісілерінің құр 

атағына жығылмайтын, бойсұнбайтын ізденгіш, өр мінезді 

қасиетін Абай оқта-текте өз әкесіне де білдіріп жүрген. Бұл 

туралы мына бір әңгімені айта кетейік.

Ел ортасының бір үлкен жиынында Құнанбай көп орта-

сында сөйлеп отырған уақытта, Абай әлденеше оқталып

бір нәрсе айтқысы келіп киліге беріпті. Сонда Құнанбай: 

“Тек отыр!” – деп тоқтатып тастайды. Артынан ел арылып, 

жиыннан қайтып келе жатқанда, әкесі Абайды шақырып 

алып, көп алдында көлденеңдегені үшін наразылық айтады. 

“Маған біткен саған да біткен екен. Алдыма кісі түсірмеймін 

деуші едім. Шіркін, Қаратай-ай, Бөжеймен де сол араз ғып 

еді, сені осыған баулыған да сол ғой”, – депті. Абай көп 

көзінше әкесімен таласқан кінәсін мойнына алады. Содан 

кейін Құнанбай:

“Кезі келген жерде айтпақ болып жүрген сөзім бар 

еді, соны айтайын. Ең әуелі – сен жұрттың бәріне күліп 

сөйлейсің. Жайдақ су сияқтысың. Жайдақ суды ит те, құс 

та жалайды, кісіге қадірің болмайды. Екінші: көрінгенмен 

жақын боласың, кісі талғамайтын, желбегей жүрген кісінің 

басына ел үйірілмейді. Ел алатын қылық ол емес! Үшінші 

мінің – орысшылсың”, – депті. Осыған Абай: “Қолында 

құралы бар бірен-саранға ғана тиетін шыңыраудағы судан да 

қойшы-қолаңды, жалшы-жақыбайдың бәріне бірдей пайда-

сы тиетін жайдақ су артық деп білемін. Екінші сөзге – қазақ 

ескі бір заманда қой сияқты болған, бір қора қойды жалғыз 

қойшы “айт!” десе өргізіп, “шәйт!” десе жусататын заман 

болған. Одан бері келе ел түйе сияқты болды. Бір шетіне тас 

тастап “шөк!” деп дыбыстаған уақытыңда аңырайып тұрып 


155

барып, бетін бұратын болды. Енді біздің заманымызда ел 

жылқы тәрізді болды. Мұны ақ қар, көк мұзда қар төсеніп, 

мұз жастанып, етегін төсек, жеңін жастық қылуға шыдаған 

жылқышы ғана баға алады. Еңбек сіңірген адам ғана ие 

боп, басшы бола алады. Орысшылсың дегенге: “Егер өнер-

білімді үйренуден қашсақ, ол – надандық болар, жақсылық 

болмас. Мен өнер-білімі үшін орысшылмын”, – депті. 

Әкесімен осы айтысқан сөзі Абайдың бұрынғы жуандардан 

біржолата бөлекше, өзгеше зор програмын көрсетеді. Алды-

мен әкесінен өзгеше болмақ. Бұдан халық мұңын ойлаған, 

халыққа адал еңбек етем, сонымен халық көпшілігімен 

қабыса “табысам” деген тілек танылады. Осы сөздің арты-

нан ол өзі тұстас рубасының жаңағы әкелерге ұқсаған, со-

лар ортасына ұқсаған мінез-әрекеттерімен алысуға бекінеді. 

Ең алдымен әкенің ырқынан шығады. Өзін: “елге пайдалы, 

адамгершілігі бар, әділ басшы болсам ғана жақсы адам бо-

ламын” деп есептейді. Бұл жөнінде ол өз алдында осындай 

ниетпен шыққан басшыны көрген жоқ еді. Өзі тұстастың 

бәрі де ескіше жуан болатын. Сол ортадан үнемі етекбасты-

ны, үнемі қара күштің қарсылығын көрумен күн кешеді. 

Бірақ олардың кәрісіне де, жасына да бойсұнбайды, ірге 

бермейді.

Бас-басына би болған өңкей қиқым,

Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?..

Қай жеріңнен көңілге қуат қылдық,

Қыр артылмас болған соң, мінсе қырқың? –

деп, кейін айтатын ызалы, сыншы өлеңдерінің түп-тамыры 

осы жаңағы айтылған жайда жатады. Сондайды ойлап, ол 

ортаны менсінбей, алысумен кетеді. Кейде надандықтарын 

мазақ етеді.

Жаңағы сияқты мінездің белгісін Қаракесек Алшынбайға 

да көрсетіпті. Абай Алшынбай аулының күйеуі бола-

ды. Үлкен әйелі Ділдә – сол Алшынбайдың немере қызы. 

Ділдәні алғаннан кейін Абай Алшынбайға сәлем бере, аман-

даса барады. Қайтарда қайыны әдет бойынша “қалаған, 

сұрағаны бар ма?” деседі. Сонда Абай шұбар айғырдың 

үйірі деген бір қысырақты алғысы келгенін айтады. Мұны 



156

Алшынбай бере алмай, “батамды алсын!” дейді. Абай: “Он-

дай батасын сатқан шал өзімде де бар”, – деп, Алшынбайға 

бармай кетіпті. Өз тұсындағы рубасыларымен кездескенде 

жас Абайдың қолданатын мінезі осы сияқты. Ол көпшілігін 

менсінбейді, місе қылмайды.

Абай жаңағыдай өз талабын алға қойып шыққан кезде 

жалғыз Тобықты ішінде ғана емес, бүкіл қазақ даласының 

барлығында штат-партия таластарынан туатын алыс-жұлыс 

өте көп еді. Оның түбі патшалық саясатының рубасылары 

ортасына әдейілеп егіп тұратын әрекеттік айласынан бола-

тын. Неғұрлым тартыс күшті болса, соғұрлым даланың ісі 

рубасылар арқылы қалаға кеп сарқатын. Әмір иесі болам де-

гендер дала мен қалада бірдей алысатын.

Патша үкіметінің қырдағы өкіл-ұлықтары бұрын аға 

сұлтан, беріде болыс, би, елубасы, старшын деген ортаның 

өзі де өзгеше нәрсіз, шірік орта болатын. Абайдың бертінде 

жазған: “Болыс болдым, мінеки”, “Болды да партия”, 

“Бөтен елде бар болса”, “Қалың елім, қазағым” деген 

сияқты көптен-көп өлеңдеріне көз салып, ойлап қарасақ, 

сол ортаның жиренішті, құнарсыз сурет, мінездерін, әдет-

машықтарын анық танытады. Патшалықтың парақор 

ұлық-жандарал, ояз, начальниктеріне, адвокат, чиновник, 

тілмаштарына табынған жаңағы атқамінерлер – қоғамдық 

тірлікті лайлаған неше алуан мін мен дертке толы еді. 

Бұл күй, бұл қалып бір ғана Абай көріп жүрген Тобықты 

ішіндегі қалып емес. Қазақ сахарасының барлығын басқан 

бір тұманды түнектей қалың дерт еді. Ол патшаның 

отаршылық саясатынан туған күй болатын. Патшалықтың 

ел ішіндегі өкілі, әкімі, сүйеніші бай жуаннан шыққан бо-

лыс, би, елубасылар еді. Олар үшін рушылдықты, ескі түрдегі 

тәртіпті сақтап, сол арқылы еңбек елін қанау, саяси түрде 

құлдану қажет еді. Қазақ сияқты Ресейдегі көп бұратана 

елді билеуде патшалық өкіметінің өзі де жаңағы рушылдық, 

ескішілдік қалыпты нық сақтап отырды. Бұл өлкелерде 

өмір өркендесін, мәдениет дамысын деген ой онда мүлде 

жоқ еді. Қайта жаңағы ескіліктің кертартпа құрылысын өз 

керегіне пайдалана жүріп, соны мыңғытпай сақтап отырды. 

Сондықтан да болыстық, старшындық билік үшін ел жуан-


157

дары қырқысса, соны патшалық ұлықтары әдейі қоздыра 

түсетін. Бұл тек саясаттың ғана тәсілі емес, сол күндегі 

Россия буржуазиясының пайдасы үшін де керек еді. Ленин 

ХІХ ғасырдың соңғы 25 жылының ішінде Ресей буржуазия-

сы Россияның шығыстағы отарларына неліктен ынтығып 

ұмтылып жүрген себебін айта кеп: “Ол жақта сауданың 

“талау табысы” әлі де бірнеше жүз процент пайда кіргізуші 

еді”, – дейді.

Осындай неше алуан қанау, талау ауыртпалық боп 

орнағанда, қалың момын еңбек елінің басына орнайтын. 

Болыс сайлауының лаңынан басқа, патшалықтың алым-

салығы, парақор жемір болыс, бидің “қарашығыны” – 

барлығы және де байға, барға мол түспей, түңлік басы деп 

жоқ-жітікке, жарлы-жалшыға түсетін.

Жалаңқая жат мінез жау алады,

Бермей жүрсең, мен сені жек көрем деп…

Жүз қараға екі жүз аларман бар,

Бас қатар бас-аяғын тексерем деп.

Абай сөздері сол жаңағы халықты жан-жақтан тұттай 

тонап жатқан алғыр обырлар мінезінен туған еді. Кертартпа 

ескі қалыптар қалдықтарының сақталуы “қанау мен деспо-

тизмге (шексіз әмір зорлығына) ерекше кең, еркін жағдай 

жасайды” – деп Энгельс айтқан сөз, сол күндегі қазақ 

тіршілігіндегі шындыққа өте дәл еді. Рубасылар, болыс, би-

лер, бір жағынан, патшалықтың заңындағы өздеріне пай-

далы жақтарын, өз үстемдігін күшейту, нығайту үшін берік 

ұстанып, сол арқылы мал, сома, байлығы ғана емес, басқа 

да көп жем айыратын. Жақсы қыстау, ен жайлау, мол су 

сияқтыларды өз басына, өз атасына қаратып, талай момын 

көпшіліктің жерін алып, жермен бірге күн көргішін, еркін 

алып жүретін қу пысық, сұм-сұрқия көп еді.

Амалдап қарағайды талға жалғап,

Әркім жүр алар жердің ебін қармап, –

деген сөздер осындай содыр-сойқандылардың істерінен 

туатын.


158

Бұл халдер бар қазақ жерінде болғанда, сол кездегі 

Ресейдегі капитализмнің өсу салдарынан және Қазақ-

станды капиталистік қатынасқа тарту салдарынан 

да пайда болатын. Осы уақытта сахарада натуралдық 

шаруаның іргесі әлсіреп келе жатты. Соның бәрі кеп 

қазақ қауымында қоғамдық жіктердің неше алуан 

қайшылықтарымен айқындап шыға бастауына себеп бол-

ды. Енді патшалықтан, Ресейден шыққан қанаушы мен 

қазақ ішіндегі бай-болыстан шыққан қанаушының бәрі 

бір топ екенін айыратын күн жақындап кеп еді. Сонымен 

қатар орыс халқының ішіндегі қаналған қалың бұқара 

мен қазақ ішіндегі еңбек елінің тарихи тағдыры бір екенін 

ұғатын, танитын заман да тақап қалып еді. Осыны алды-

мен өздері аңғару, сонан соң халықтарға аңғарту әр елден 

шыққан халық қамқоры болған адал азамат борышы бола-

тын мезгіл туып еді.

Міне, Абайды әкелер жолынан, ел жуаны бәрінің 

мінезінен, ісінен жирентіп, оларға қарсы алысушы, 

әшкерелеуші етіп шығаратын тарихи терең себеп осын-

да болатын. Абайдың алдындағы Шоқан, Алтынсарин 

халқы үшін жаңа, тың жол іздеуге беттеткен себептер де 

осы еді. Кейін Абайды да алысқа құлаш сермететін та-

рихи қоғамдық басшы ойлар осыдан туған. Бірақ жас 

Абай әуелі осы ойларын туғызып, осы қорытындыларын 

тұтатып, қайшылық, ерсіліктерді көрумен, солармен алы-

сумен жүрді. Алысқанда ел сорына себеп боп жүрген бо-

лыс, би, партия басы қумен, сұммен алысты. Олар болса, 

патшалық тәртібі бар жағдайын неше алуан сұмдық, за-

лым азғындық түрінде пайдаланумен жүрді. Көбінше 

елді бір алдап, арбап, ұлықтың да олақтығы болса, оны 

да зор айлалы аярлықпен пайдаланды. Әсіресе патша 

ұлықтарының өзімен жемтіктес болғандары солардың 

қазақ ішіндегі ерекшелік, қиын шытырман жағдайларды 

жете білмейтінімен пайдаланатын. Ең әуелі патшалық за-

коны, сот, әкімшілік орындары қазақ ішіндегі атқамінер 

ортасының айла-тәсілі, салт-індетінен түк білмейтін. 

Бұлар мойындарына құрық түсірмейтін қашаған сияқты 

боп, олақ законды олай да, бұлай да алдайтын. Сондағы 


159

көп атқамінерге машық болған бір мінез өтірік арыз бо-

латын. Өштескен адамынан, ең алдымен ауылда қара 

күшпен, қолмен есе алуға тырысатын, ол болмаса, жа-

уын мықтап жоймақ болса, ұлыққа шабады. Онда: “кісі 

өлтірді”, “ауыл шапты”, “жер өртеді”, “патшаны жаман-

дады” деген неше алуан жалалар ойлап табу, сол үшін сот 

алдында жан беру, өтірік куәлар салу – жиі кездесетін іс 

болатын. Немесе, бір жағынан, жаңағыдай арыз беріп, 

жала жауып қойып, артынан қыр жөнімен табысып, тату-

ласып алып, сол жауын қайта барып сот алдында жаңадан 

қиялап өздері ақтау, бұрынғы айтқанын қайтару сияқты 

әдеттер де толып жатады. Өздері парақор, қолдарына ұры 

ұстағыш, өтірікке мөр басқыш, приговор бергіш би, стар-

шын, елубасылары да сансыз көп болатын. Ұлықпенен 

жемтіктес болып, парамен “ақты” қара, “қараны” ақ дегізе 

алатын айлакер де мол еді. Сөйтіп, ол күндердің арыз, тар-

тыстарын тексергенде, кім кінәлі, кім ақтан күйген екенін 

айыру тіпті қиын болатын. Көбінесе кінәлі жаза шекпей, 

кінәсіздер ақтай күйетін халдер де аса көп еді. Әсіресе ел 

жуандарының тартысы момын елге, көпшілікке сор бо-

лушы еді. Ел жуандарының тартысы, олардың өзі емес, 

ел шығынымен, ел бейнетімен бітуші еді. Абай ел ісіне 

араласқанда өз әкесі мен әке достарының бұның басына 

қалдырған ауыртпалығы зәрдей болды. Бірақ сол зәрді 

іше жүре әділетсіздікті, қиянатты таныды. Жуандар, 

Құнанбайлар ортасы ел қамы емес, ел сорына біткен озбыр 

қиянатшылар ортасы екенін таныды. Соны жоғарыда 

әкесімен айтысқан жерде анық білдіреді. Енді сол ортаның 

залалды мінездерімен алысып, еліне тым құрыса сонысы-

мен пайдалы азамат болғысы келеді. Бірақ бұның ол жо-

лына ел жуаны жау. Олар Абайдың өзін де бұрынғы өтірік 

пәле-жала жабумен жарға жықпақ болады. Солардан бас 

қорғау ретінде және, бір жағынан, жаманын жазалаймын, 

жөнге саламын деген талаппен Абай алысатын болды.

Осындайдан туатын талас-тартыс, жаулықтың екінші 

бір саласы үйез, жандаралдың кеңсесіне қарай ағылған 

көп шағым пішінінде болады. Ел ішінде Абай өз бетімен 

жүре бастаған соң, аз уақытта-ақ талас-тартыстың кіндігі 

қалаға қарай ауысады.



160

Сонымен, 28 жасқа келгенде Абайдың үстінен берілген 

партия басы жалақорлардың өтірік арызы, көп шағымы 

Семейдің кеңселеріне түсе береді. Абай бұған орай ешкімді 

де шақпайды. Бірақ арыздар бойынша мұны жазаламақ 

болған ұлық 1872–1873 жылдың қысында оны қалаға 

шақыртады.

Осы жолда Абай 12 үлкен іспен тергеліп, Семей 

қаласынан 3-4 айға шейін шыға алмай жатады. Бірақ 

жұмыс саны көп болып, тергеуден-тергеу болса да, Абай 

бірде-біріне жығылмай ағарып, аман шығады. Біздің 

қолымызда Абайдың осы жолы тергелген істері қандай-

қандай екені туралы дәл дерек жоқ. Бірақ кейін Абайдың 

өмірбаянын толықтырып түгел тексеремін деген кісі осы 

жұмыстарды түгел қарастырып, танысу өте қажет болады. 

Сол тергеулердің тұсында Абай ұлық атаулының талайын 

көріп, барлығымен де әлденеше халде кездескен болады. 

Ұлық алдында жұмысты болу, бір ғана ұлықтың өзі емес, 

сол кездің көп-көп адвокат, тілмаш сияқтылармен де 

кездестіру керек. Соның барлығымен араласу көп нәрсеге 

көзін қандырып, Абайға заң-закүн дегендерді білдіру ке-

рек. Әрине, осымен қатар орыс тілін білу, дүниені басқаша, 

жаңаша тану Абайға жаңа міндет сияқтанады.

 Қыр тартысын ұлық пен закон шеңберіне қай жағынан 

әкеп сыйғызуға болады? Ұлықпен қалай арбасуға болады? 

Осының бәрі Абайдың түгел ұғынып, толық білуіне қажет 

нәрселер сияқты көрінеді. Ел ортасында жетер өріс, алар 

нәр болса, бәрін таныған, баураған Абай өзінің ойшыл, 

жүйрік сыншы ақылымен енді бұрынғыға қанағат етпей, 

ілгері қарай дамуды, жаңа азық, нәр табуды талап етеді. 

Алыс үшін, ұлық үшін емес, білім-тәлім, тәрбие көксейді. 

Білсем, жетсем деген зор тілек, үлкен талап пайда болады. 

Бұл үшін орыстың тілін білу керек. Оқу, зерттеу, іздену ке-

рек.


Сонымен, алғаш рет орыстың тілін іздеп, оқу-білімін 

барынша құмартып көңіл бөлуді осы кезден бастайды. Бұл 

уақытқа шейін Абайдың барлық орысша оқуы үш-ақ айлық 

сабақпен біткен. Әрине, ол білім кейінгі күндерге Абайға 

азық болды деп айтуға болмайды. Орысша жағынан іздену 


161

жаңағы істің тұсында сол 27-28 жасынан басталады. Бірақ 

алғашқы жылдардағы оқуы үнемі салынып іздеген іс емес. 

Қалада болған уақытта оқта-текте қарастырады.

1872–1873 жылдың қысы жаңағыдай боп өтсе де, Абай ел 

жұмысынан босай алмайды. Құр тергеуге іліндіргені бол-

маса, жаулары да жеңе алмаған. Бұрын дос тұтып жүрген ел 

әлі де болса мұның қасында қалған. Бұл уақыттарда Абай 

қыр жұмысын әкесінің нұсқауымен жүргізбейді. Өз жа-

нынан жаңалықтар тауып, өзі сүйген жолдарын қолдана 

бастайды. Абай әкесі қолданған, бұрынғы қара күш орны-

на зорлықтың ешбірін де қолданбайды. Жоғарыда әкесі 

тапқан мін көбінесе осы жағынан болу керек. Патшалық 

күшін Құнанбай қолданса да, сонымен қатар қыр жолы-

мен өз күшімен қол қимылын жұмсау да аса көп болған. 

Мысал үшін Қодарды өлтіруін еске алсақ та болады. 

Абай 29 жасқа толғанында, ұлыққа жақпай, қол қимыл 

жасамай, тек өзінің елге достық әділетшіл мінезінен 

халыққа жағады. Қарсысындағы рубасыларды ең алғашқы 

рет емін-еркін басып, жеңіп шығады.

Абай осы кезге дейін өзінің ақын екенін білсін-

білмесін, бірақ өз басына ақындық іс екен, жол екен, уақыт 

бөліп, еңбек қылатын кең өріс екен деп білмеген. Тегінде, 

Абайдың жас шағында айтқан ірі өлеңдері көп болмау ке-

рек, ұсақ жағы көп. Оны да қағазға жазбай, орайы келген 

жерлерде қалжың сөз ретінде ауызша айта салып, артынан 

өзі де ескермей ұмытылып қала берген. Сөйтсе де, қолға 

түскен бірен-саранының айтылған себептерін қарасақ: 

көпшілігі біреуді қалжың қылған, мысқыл, мазақ аралас 

өлеңдер. Бұларының бәрі де өлең қылған кісінің көзіне 

қалжыңдап, күліп айтқан сөз сияқты. Абайдың ерте 

 

баста айта бастаған өлеңі осы тәрізденеді. Екінші түрлі 



өлеңдері – қыз-келіншекке жастық дағдысымен жазған 

хат өлеңдер, ол жайын жоғарыда айттық. Одан соң жігіт 

күнінде Сүйіндіктің қызына құмар болып, “Ақ етің аппақ 

екен атқан таңдай” деген бір өлеңі болса керек. Бірақ ол 

өлеңін түгел білетін кісі кездеспеді.

Күлкі мен қалжың қылып айтатын өлеңді Абай бала 

күнінен бастаған. 12 жасында бір жолаушы қатынға айтты 


162

деген бір ауыз өлең бұған дәлел. Сол уақытта-ақ мінегіш, 

мысқылшыл кішкене Абай болашақ үлкен сатирик Абай-

ды танытқандай. Кейін айтатын қалжың өлеңнің барлығы 

да осы бетпен өседі. 

Осымен әр жылда, әр жерде, кейде ұзақтау болса, кейде 

бірер ауыз ғана өлеңдер айта жүріп, Абай жаңағы ел жуан-

дарын жеңген жылдарға келеді. Бұл уақытта бір деген бас-

шы кісі атанып, айтқаны кімге болса да бұлды боларлық 

дәрежеге жетеді. Болыс болып басқалар жүрсе де, Абай 

елдің ішіндегі әділдікті, тура жолды бағатын кісі болады. 

Шын ел қамқоры болған, адамгершілік тұтқасы Абай бо-

лады. Дос атаулы да Абай басына үйіріледі. Ел ортасының 

дау-шарын, билік съезін түгелімен өзі атқарып, өзі 

басқарады.

Осылайша сырт жағынан қарағанда біраз тыныштық 

сияқтанған халмен тіршілік еткен кезінде Абай өзге әмірші 

биден өзінің өзгешелік негізін таныта бастайды. Бұрынғы 

атқамінердің парақорлық, өз жағына бұрғыштық, әділ-

сіздік мінездерінің бәрінен аулақ. Барынша әділ, әсіресе 

момын бұқараға дос, зорлықшыл пәлеқорға қас, шыншыл 

болуға тырысады. Өз заманына бұл жағынан үлгі, ұстаз 

болғысы келеді. Осымен қатар енді жыл санап ілім-білім 

өрісін табуға беттейді. 

Жасы отыздан асқан соң, бұрынғы азды-көпті білімін 

есіне түсіріп, орыс тілін мықтап оқиды. Қалада жатып 

едәуір тіл білген соң, енді көп нәрлі кітаптар оқуға кіріседі. 

Содан біраз жыл өткенде Абайдың күндегі өмірінде 

үлкен орынды тек кітап алады. Кітапты тәртіппен, рет-

пен оқымаса да, пәлен жақсы, түген жақсы дегендердің 

сөздеріне, бірі артынан біріне ауысып, құмарланып 

қадалып оқи береді. Әдейі қала кітапханасының кітаптары 

үшін Семейде қысқы айларда ұзақ жатып алатын болып, 

өз-өзінен ізденіп, қармана бастайды. 

Осымен 35-36 жастардың шамасында кітап қарастыру-

дың жолында жүріп, Абай 1880 жылдарда Петербордан 

айдалып келген төңкерісшіл, халықшыл Михаэлис деген 

кісімен таныс болады. Михаэлис ол кезде жас. Петербор 

университетінің студенті болып жүрген күнінде айдалған 


163

екен, атақты Чернышевскийдің жақын танысының бірі. 

Сол Михаэлис Семейдің кітапханасынан Толстойдың 

кітабын сұрап тұрған Абайды көреді. Танысады. Басында 

кітапханада кездесіп жүріп, артынан жақын таныс, тату 

адамдардың халіне жетеді.

Михаэлис осы барғаннан Семей облысынан қайта 

алмай, қырық жыл тұрып, сол жақта өлген. Әуелгі кезде 

Семейдің өзінде тұрып, артынан Өскемен қаласын мекен 

еткен. Міне, осы уақыттардың барлығында, алғашқы рет 

таныс болып алған соң Абаймен ұдайы кездесіп немесе 

хатпен хабарласып тұрған. Бертін келе Абайдың аулы-

на қонаққа да барады. Аздан соң Михаэлис арқылы Абай  

80-жылдары айдалған басқа халықшылдармен де танысқан. 

Соның ішінде халықшыл адвокат Гросс, жас доктор Дол-

гополов сияқтылар болған. Гросс айдалып келген соң, 

қазақтың ескі жобасы бойынша айтылатын билік-кесім 

сияқты, ескі әдет заңдарын жиып қарастыруға салынған. 

Сонымен бұ да Абаймен араласып, қырға шығып, 3-4 ай-

дай Абайдың аулында жатып қайтқан. Кейінірек уақытта 

Абайдың аулына Долгополов та келіп, қонақ болып жатып 

жүреді. Сол 80-жылдарда айдалып келген тағы бір білгір 

адам Леонтьев те Абайдың досы болады.

 Абайдың қазақтан басқа өзге ел адамдарымен таны-

суы жалғыз бұл аталған кісілермен бітпейді. Патшалық 

үкіметімен алысып, каторгіге айдалып, Сібірден қашқан 

Кавказ адамдарының да бірнешеуі Абайды тапқаны бар. 

Бұлардың ішінде Шамильдің баласы, Тәштемірдің ба-

ласы деген адамдардың Абай қолына келіп, ат мініп, пұл 

алып кетіп жүргендері болған. Таштемірдің баласын бір 

жыл бойы қонақ етіп, күтіп аттандырған деседі. Қазан 

татарынан шығып, солдаттан қашып, ел ішіне келген 

Ғабитхан, Кішкене молда деген кісілер елде Абайдың 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет