АБАЙ ӨМІРБАЯНЫНЫҢ ҮШІНШІ
НҰСҚАСЫ
(1845–1904)
Абайдың өмірбаяны
Абай осы күнгі Семей облысындағы Шыңғыс тауын
жайлаған Тобықты руының ішінде 1845 жылы туған. Абай-
дың өз әкесі – Құнанбай, оның әкесі – Өскембай, үшінші
атасы – Ырғызбай. Бұлардың барлығы да ру ішінде үстемдік
жүргізген адамдар. Ақынның бұлардан арғы аталары Айдос,
Олжай болады. Олжайдың үш ұлы: Айдос, Қайдос, Жігітек.
Тобықтының атақты мықты биі Кеңгірбай – осы Жігітектің
баласы. Қайдостан – Бөкенші, Борсақ тарайды.
Айдос өз басы би де, бағлан да болған емес. Қайта мо-
мын, жасық адам болғандықтан, оны “Шөккен түйеге міне
алмайтын жаман Айдос” дейтін мақал бар. Осы Айдостың
Айпара деген әйелінен төрт ұл туады: Ырғызбай, Көтібақ,
Топай, Торғай.
Айпара ер қайраты бар, есті, адуын әйел болған. Өзінде,
бір жағынан, тапқыр шешендік, бір жағынан, бақсы,
құшнаштық сияқты сәуегейлік те болған. Ол жөнінде өзіне
аян беретін “жасырын күшінің” атын “Қара бура” дейді
екен. Бертінде сол Айпараның ұрпағынан тараған Айдостың
сәуегейлікке салынғаны болса, “көріпкелім бар”, “Айпа-
ра шешемнің қара бурасы бар” деп жүріскен. Айпараның
өзінен қалған бір ауыз сөз – төрт баласына берген аналық
сын сөзі. Сонда:
133
Шынжыр балақ, шұбар төс – Ырғызбайым,
Тоқпақ жалды торыайғыр – Көтібағым.
Әрі де кетпес, бері де кетпес – Топайым,
Сірә да оңбас – Торғайым, –
Сол шешесі дәме қылған Ырғызбай өзге туысынан анық
артық боп озып шығып, ортасы дәме қылған жігіт болады.
Ол жайды – Тобықтының сол күндегі берік, жүйрік, табан
шөңгел биі Кеңгірбай өзге барлық жас-желеңнің ішінен
Ырғызбайды артық санайды. Өз қасына алады. Ел сөзіне
араластырып, баулып жүреді. Дау-дамайға, бітім-билікке де
жүргізеді. Ол кез – көп бидің парашыл кезі. “Сыбаға” деп,
“жол” деп бадырайтып алып жатады.
Кеңгірбайға да осы жөнінде көп сөз еретін. Соның
мысалы байы өлген қаралы бір қатынның айтқан дауысы-
нан байқалады. Ері жанжал-төбелесте өліп, есе ала алмай
отырған әйел:
Мойны, басы былқылдап,
Ырғызбай жүрді араға,
Кеңгірбай толды параға,
Параға алған қара атан,
Тігілгей еді қараңа, –
деген.
Ырғызбайды баулып өсірген Кеңгірбай өзіне серік етіп
жүргенде, сол інісі ертерек өліп қалады. Ырғызбайдың өзге
бір ерекшелігі – жас кезінде үлкен ас, ұлы дүбір жиында
күреске түсетін ірі балуан болған. Уақытында қазақтың көп
ру елінің арасына зор лақап болып жайылған бір күресі бар.
Ол қазақ, қоқан халықтары жиналған бір аста “Қоңыраулы
балуан” деген түйе балуанды жыққан.
Ырғызбайдың бірнеше баласы болған. Олары: Үркер,
Мырзатай, Жортар, Өскембай. Бұлардың нағашысы Керей
Ер Жәнібек екен. Сол кісі Ырғызбайдыкіне бір келгенде жас
бала Мырзатай қатты ауырып жатады. Шешесі бұл баласын
өзгелерінен артық, ыстық көреді екен. Қысылған баланың
жаны қала ма деген далбасалықпен сол ауру баладан садаға
ғып екінші баласы Өскембайды айналдырмақ болады.
134
Сонда Ер Жәнібек “біздің тұқымның бір шағым оты бол-
са, мына балаңда ғой, тимесеңші” деп, Өскембайды садаға
қылдырмай ара түсіпті. “Отындық ағаштан оқтық мүсін туған
жігіт” дейтін сөзін осындай тұста айтса керек. Өскембай
Ырғызбайдың өзге балаларының ішіндегі ең артығы бола-
ды. Кеңгірбай Ырғызбай өлген соң, інісінің орнына осы
баласын ұстайды. Бертін келіп, өзі қартая бастаған кезінде
өз орнына Өскембайды би етпек болады. Өскембай туысы
аздығын айтып “Төрт сояу атанып ем ғой, батаңды Ерекеңе
берсейші” деген. Ерекең Кеңгірбайдың Ералы деген бала-
сы еді. Кеңгірбай “мен өз баламды өзім көрмей жүрмін бе”
деп, сол күннің жолы бойынша батасын беріп, Өскембайды
би еткен. Ол Кеңгірбай маңайындағы өзге ағайын-туысқан,
іні-баласының бәрінен пысық, епті болыпты.
Өскембай өзінің ел меңгеру әдісінде, ең алдымен,
Кеңгірбайдың көпті мезі қылған парақорлық мінезінен
бойын қашаңдау ұстауға тырысқан. Рубасылар орта-
сында сақталып келген сөздің бірінде: “Ісің адал болса,
Өскембайға бар, арам болса Ералыға бар” деген сөз бар. Бұ
да билердегі сатымсақтық, жемқорлық дағдыны көрсетеді.
Содан мезі болған, жиренген ел өз сынын әр тұста қатты ай-
тып отырған:
Қайырсыз болған жазыңнан –
Қайырлы болған қыс артық.
Көрінбеген алтыннан –
Пайдасы тиген мыс артық.
Пара жеген билерден –
Қасқыр алған ит артық, –
деген сөздер би атаулының қайсысына болса да сын, таразы
тәрізді еді. Парашыл әкім кім болса да, ел сыны беті-жүзіне
қарамай қатты айтылатын. Би ғана емес, халықты меңгерген
қай төреге де соны ашып айтатын. Сол Кеңгірбай тұсында
Найманды билеген мықты төре Бопыға айтылған бір сын
сөзде:
Бопекемнен төрелік іс кетпеген,
Жегеніне Байыстай ел жетпеген.
135
Қара сөзге құбыладан ескен желдей,
Алдынан тоқтылы-қой дау бітпеген, –
дейді. Парашыл, жегіштік елдің дау-шарына бітім таптыр-
май, көпке кесір болған соң осындай ащы мысқыл да, қатты,
қатал сын да көп туып, ел аузында күнде айтылып жүре
берген. Сондықтан Өскембай бұл жағынан тыйымды, әділ
болады. Бірақ осындай болумен қатар, елді күшпен, зілмен
аламын деп, кейде оқыс, қатал мінезді көп қолданған. Мы-
салы, бір уақыт алдына жүгініске келіп отырған Мәмбетей
деген кісіге ашуланып, мұрнын кесіп алғаны сияқты ісі
жаңағы айтқанға дәлел.
Өскембай орта жасқа келгенде баласы Құнанбай ер-
жетіп, атқа мінген. Құнанбай 1804 жылы туған. Құнанбайдың
шешесі Зере кісі ренжітпейтін жұмсақ мінезді әйел болған.
1850 жылы 72 жасында Өскембай өледі. Зере байынан
кейін көп жасаған. Ол бертін келіп, 90-ға жетіп өледі. Мұның
ақын болатын немересі Абайдың бала, бозбала күнінде
аулының бәрі Зерені “кәрі әже” дейді екен. Кәріліктен
құлағы есітпейтін болады. Балаларына дұға оқытып үшкірте
береді. Сонда өз қолындағы немересі Абай кәрі әжесінің
құлағына өлең айтып келіп үшкіреді екен.
Құнанбай жасында әке-шешесі мен өскен ортасынан
алған тәрбиеден басқа, оқу тәрбиесін көрмеген. Мұның
орайына жас күндегі өмірі, елдің ол кездегі дағдысы бойын-
ша батырлық, жорықшылық сияқты істерге көбірек ауған.
Өзі құрбы жас жігіттердің ішінде ер, мықты, найзагер болып
та саналған. Жасында осындай өмірге салынған Құнанбай
кесек мінезді қатты адам болған. Қаттылығы әншейін
ағайынға ғана емес, әке-шешесіне, жанашыр жақынға да бір
қалыпта болған сияқты.
Ел билеп, іс басқаруға келгенде Құнанбай әкесінен
өтімдірек болған. Мұның кісілікке толық ілінген кезінде
Сібір даласы “1822 жылдағы Сібір қазақтарына арналып
шыққан жарғы” бойынша өкірікке бөлініп, “өкіріктік
приказ” билейтін болған. Өкіріктің бастығы – аға сұлтан,
приказдың қалған екі мүшесінің бірі – үкімет чиновнигі
болады (елдің көбі мұны “майыр” дейді). Үшінші мүшесі
136
кіші сұлтан атанады. Осы кезде Құнанбай екі жылдай аға
сұлтан болады. Бұрыннан өз орталарынан біреудің болуына
көп тілеулес болып жүрген ру жуандары Құнанбайдың аға
сұлтан болуын Бөкейханның нәсілі Құсбек, Жамантайдың
партиясынан, патша саясатынан дегісі келмей, “Құнанбай
басының қасиетінен” деп кеткен.
Құнанбай бертін келгенде аз уақыт Қарқаралы дуанының
аға сұлтаны болады. Сол аға сұлтан болған уақытта өз еліне
старшиналыққа өзінің тоқал шешесінен туған Майбасар
деген інісін сайлаған. Ел мұны адамшылық, ақыл-мінез
жағының қайсысына болса да басшы болып, ел меңгеруге жа-
райтын кісі деп білмеген. Майбасар қылығының салдарынан
Жігітек деген ру бастығы Бөжей болып, Құнанбайға өкпелі
болады. Бірақ бірде аға сұлтан болып жүрген Құнанбай,
әрі сырт елдерге атақты, әрі үкіметке салмақты болып ап,
Жігітекті де, басқаларды да бойымен басып жыға берген.
Сонымен, алғашқы араздық, жаулық кейін ұзақ замандарға
созылып кетсе де, Құнанбай тұсындағы алыстың бір буыны
Жігітектің жеңілуімен бітеді. Құнанбай Жігітектің он жеті
адамын Сібір айдатады. Ол кез патшалық ұлығына қазақ
сахарасының жаңа-жаңа бой ұсынып келе жатқан кезі бола-
ды. Сотталу, абақтыға жабылу, айдалу дегендер ел көрмеген
үлкен сұмдық саналатын.
Құдая, елді сақта сотталғаннан,
Теңселіп екі қолын бос салғаннан, –
дейтін кез.
Құнанбайдың бұл айдатуы өз әмірін зорлықпен танытпақ
болған қаталдығынан еді. Ол сол кезде Тобықты ішінде талай
руды жерінен көшіріп, өз руына немесе өзіне жақын, серік
руларға шұрайлы жер әперіп жүрген. Бөкенші, Борсақты
жерінен көшіру, Жуантаяқты, Қарабатырды көшіріп жерін
алу, Көкшені көшірмек болу, бәрі де сол үлкен, көрінеу
зорлықтың айғақтары еді. Жігітекпен үлкен араздығы да осы
жөнінен туып, кейін ұлғайған өштікке айналған. Сонымен
барып елді қарсыластырмай, қор қып, жасытып жіберем деп
жер аударған соң, кейінгі көп заманға, көп буынға шейін
ұмытпастық кек, жаулық қалады. Кейін өсіп, іске араласа-
137
тын жас Абайдың алдында әкесі тастап кеткен осындай зор
пәле қайшылық, зорлық тұрған-ды. Абайдың одан жиреніп,
қарсы боп өспесіне шара жоқ еді.
Бір Құнанбай емес, осы кезде ел ішінде жауласқан күшті
жуанның бәрі де бір-бірін ұлық арқылы жер аударып, жа-
залатып жүреді. Құнанбайдың өзін де Жігітектер бір шақта
жеңермен боп меңдетіп барып, қуғын қағазды молайтып,
Омбы қаласына шейін тергеуге апартып, әреңге қалған.
Ел ішінен кісі сотталудың алды бір қақтығыс емес, талай
пәле боп келеді. Оның алды барымта, төбелес, шабуыл және
толып жатқан сияз, тартыс-жұлыс болады. Бейбіт елдің
арасын атшабар, стражник сияқты беймаза шолақ әкім
кернейді. “Қара қозы жеп, қара елтірі қайқая киіп” дейтін
сотқарлар молаяды. Сияз деген бір ауыр салмақ тағы бар.
Ол орнаған жер тың бір обырдың орнағанындай. Ел жуанда-
ры бір руға ызғарын өткізем дегенде, сол рудың үстіне сияз
құрады. Жылдың ауыр кезінде құрып, әсіресе күйін кетіреді.
Осындай сияздың бірін Құнанбай Көкше руының ішінде
өткізбек болған екен, мезгіл қыс, ел қысаң күйде тұрған шақ.
Сонда Көкшеден Бектас деген кісі Құнанбайға кеп:
– Е-е, Құнанбай, жарқырап жаз шықпаушы ма еді?
Күркіреп күн шықпаушы ма еді? Қыстың айы алтау еді,
сенімен енді жетеу болды ма? – депті.
Құнанбай тұсында Тобықты ішінде мұнымен тең түсетін
бастас адамдар: Бөжей, Қаратай, Байсал, Сүйіндік, Байда-
лы, Түсіп сияқты кісілер болған. Бұның көбімен Құнанбай
бірде дос, бірде араз боп өтеді. Қатты жауласқан кісілері де
осы топтың ішінде.
Әрине, Құнанбай басының қайшылығы көп болған. Ол –
өз дәуірінің, феодалдық өз тобының бел баласы. Ісі мен
мінезінде заманының талай айқын таңбасы бар. Мысалы,
Құнанбайға да алым, түсім аз болмаған. Осының бір мысалы-
на Сүйіндіктің бір сөзі куәлік етеді. Сүйіндік аулы бір жылы
жау түсіріп, сол жаудан олжаға бір жақсы қара ат алады. Қара
аттың соғыста шекесіне сойыл тиіп, басы жарық боп түскен
екен. Сонда да Құнанбай қызығып, Сүйіндіктен сауғаға
сол атты сұрата жібереді. Бірақ осының алдында Жуантаяқ
руынан Бостан дегеннің аулы Сүйіндіктің бір айғыр үйірі
138
қысырағын апарып сойып алған. Сүйіндік Құнанбайға
шаққанда, ол Бостаннан бір айғыр алған екен. Соның сал-
дарынан Сүйіндіктің дауын аяқтатпай жүреді. Жаңағы қара
атты енді Сүйіндік Құнанбайға бергелі жөнелтіп жатып:
Айыбында қара аттың басы жарық,
Өзім семіз болғанмен, көңілім арық.
Бостанның қорасына қонар едім,
Құнанбай қор қылмаса айғыр алып, –
деп бір ауыз өлең айтқан. Заманынан қалған бұндай сөздер
анық, шындық, айғақ. Осымен қатар көпшілік есінде қалған
аңызға қарағанда, бұрынғы уақыттармен салыстыруға
Құнанбай тұсында “ұрыдан, ылаушы, шабаршыдан ел ты-
ныш болған” деседі.
Жалпы өз бағытында жақсылықты ниет қылған анық
игілікті істерін алсақ, Құнанбай жайында ол жөнінде де
ел әңгімесі көпті айтады. Құнанбай – оқуды, білімді зор
бағалаған адам. Ол өзіне біткен баланың бәрін бірдей
оқытумен қатар, еліне, қоғамына білім таратып ұстаздық
ететін шет ел адамдарын қатты күткен. Бұның қолына кеп,
қазақпен туысып, анық қазақ боп кеткен әлденеше ұлттың
адамдары бар. Татардан шыққан Ғабитхан, Кішкене мол-
да, Ысқақ тұқымы, Түркістаннан келген Бердіғожа, Кав-
каздан келген Ғабдолла (Қазақбай атанып кеткен) сияқты,
қырғыздан келген Бәшібектей жандар бар. Осының бәрі бол-
маса да, көпшілігі бала оқытып, ұстаздық құрып, Тобықты
ішіне оқу-білім таратқан адамдар.
Бір жағынан, елге үлгі етіп, екіншіден, өз тәрбиелерін
жетіктіру үшін, дәл өзінен туған бірнеше баласын шет
қалаларға жіберіп оқытқан. Айғыздан туған Халиолла деген
баласы Петерборда оқып, офицер шенін алып шығып, елге
келгенде тек құрт аурудан өледі. Абайды Семей қаласының
ең зор медресесінде оқытады. Қолындағы басқа бар бала-
сы да оқымысты болған. Әрине, Құнанбай тұсында бала-
сын орысша оқытқан, әсіресе офицерлік, төрелікке арнап
оқытқан қазақ феодалдарының бәрі де текке құр білім үшін
ғана оқытқан жоқ. Шен ал, ұлық бол, менің тұқымымның
таптық, саясаттық үстемдігін нық сақтайтын бол деп
139
оқытқан. Құнанбайдың орысша оқытуында да осы сыр анық
бар еді.
Көп ел ортасына Құнанбайдың өз тұсындағы өзінше
үлгілі ісі боп аталып, таралған бір әрекеті – мұсылмандық
әсерін күшейтетін дін тарату болады. Бұл ретте шариғат жо-
лын ел көкейіне сіңірем деп қатал, ожар мінездер жасағаны,
ерсі діндар фанатиктік істер еткені де аз емес. Соның бірі
шариғат үкімі деп, Қодар деген шалды келінімен жаманаты
шықты деп, мойындарынан қосақтап түйеге асып өлтірткені.
Насыбай атқан кісінің танауын тілгені де бар.
Дін жолын бекем ұстауды үлгі етем деп, аға сұлтан боп
тұрған күнінде Қарқаралы қаласында мешіт салдырған.
Кейін 70 жас шамасында әмір-биліктен әдейі тоқталып,
ада боп шығып, Меккеге барады. Сонда Меккеге барғанда
қазақ адамдары түсіп жүрсін деп, өсиет етіп, өз пұлына
“Тәкия” деген үй салдырып кетеді. Өз уақытында Орта жүз
қазақтарының ішінен шойын жол жоқ заманда қияндағы
Меккеге барушының ең алды осы Құнанбай болса ке-
рек. Бертін келе Меккеге барушы қазақ әр рудан көбейген
уақытта әрбір барушы Меккеден Құнанбай атына қанық
боп қайтатын болған. Осының өзі де кейін Құнанбай өлген
соң, оның атағын ерекше даңқты етуге себеп болған.
Құнанбай мінезінің бірбеткей, берік, ұстамдылығын
оның өмірінің соңғы жылдары, әсіресе, айқын көрсетеді.
Ұзақ өмірінде талай алыс-жұлысты басынан атқарып кеп,
ақыры Меккеге барып қайтады да, өз-өзіне серт беріп,
“дүние сөзіне енді араласпаймын” деп шымылдық түсіріп,
елден аулақ отырып алады. Сол күйде дау-шарға шынымен
бірде-бір араласпай, жеті жыл анық тыйылып отырып ба-
рып, қайтыс болады.
Заманында хатқа жазып қалдырған адамдар бол-
мағандықтан, Құнанбайдың көп тапқыр сөз, терең ойлары
сақталып қалмаған. Бірақ анық Құнанбайдың өзі айтты де-
ген сөздер сонда да жоқ емес. “Арымнан – жаным садаға,
жанымнан – малым садаға”, “Жарлы кісі жамалар, жамалар
да қуанар”, “Адамның не нәрсе қасиеті болса, сол нәрседен
міні де туады”, “Өтірік пен шынның арасы төрт-ақ елі:
құлақпен естіген өтірік, көзбен көрген шын” деген сияқты
140
сөздері Құнанбайдың өз ортасына үлгі айтам деген адам
екенін танытады.
Абай әкесі Құнанбайдың 41 жасында туған. Ақынның
өз шешесі – Ұлжан. Құнанбай көп қатынды болған.
Үлкен қатыны қыздай алған – Күнке. Бұдан туған бала-
сы Құдайберді. Екінші әйелі – Ұлжан, ол Құнанбайдың
інісі Құттымұхамбетке айттырылған қалыңдық екен. Інісі
өлген соң Құнанбай келінін алған. Бұдан туған балалары:
Тәңірберді, Ыбырай (Абай), Ысқақ, Оспан. Үшінші әйелі –
Айғыз. Одан Халиолла, Ысмағұл деген балалары болған.
“Атадан алтау, анадан төртеу” дейтін Абайдың өлеңінің
мәнісі осы. Құнанбайдың төртінші әйелі – Нұрғаным. Бұдан
бала болмаған.
Ұлжан мен Айғыз бір ауыл болып, Құнанбай осылар-
мен тұрған уақытта екі шешесінің ортасындағы тел бала-
сы кішкене Ыбырай болады. Бұл екі шешесінен кейінірек
Оспан, Ысмағұл деген екі бала туған. Бірақ олардың жасы
Абайдан едәуір кіші. Айғыздың үлкен баласы Халиолла бол-
са, оқуда жүрген. Сондықтан Абай алғашқы балалық шағын
екі шешесінің ортасындағы, жалғыз баланың қалпында
өткізген. Екі шешеге бірдей бала болып жүргендіктен,
сол кездегі үлкендері Абайға “Телғара” деп ат қойыпты.
Кейін, Абай ержеткен уақытта бірталай жеңгелері ертеден
қойылған атпен оны “Телғара” дейді екен.
Абайдың өз шешесі Қаракесек ішінде Бертіс тұқымы
болады. Ұлжанның әкесі Тұрпанмен бірге туысқан ағалары
Қонтай, Тонтай қалжыңымен даңқы шыққан, белгілі
мысқылшыл, тапқыр күлдіргілер болған. Бұл әдет – Бертіс,
Шаншар руына түгел жайылған мінез. Көрші ел Шаншардың
қулары дегенде қатты ығысатын. Ас, жәрмеңке сияқты
қалың жиындарда бір жерде тобымен жиылып, күліп сөйлеп
келе жатқан Шаншарды көрсе, көп елдің кісілері: “Ойбай,
Шаншар келе жатыр. Қылжақ етеді” деп, өрттен қашқандай
дүркірей қашады екен. Бұл әдет Шаншардың мысқыл,
мазаққа ұста болып, тауып айтқыш, өткір тілділігінен туған
нәрсе. Қандай жанның болса да мінін таппай қоймайды,
мінін тауып алса, түндігін ұшырғандай қылып соқтығады.
Сөз шабуылымен кімнің де болса есін шығарып, есеңгіретіп
кетеді.
141
Осы Шаншардың бұрынғы-соңғы заманға шейін аузы-
нан тастамайтын атақты “қуы” Тонтай болған. Тонтайдың
барлық өмірі тұтас күлкі болып кеткен. Түгелімен бастан-
аяқ жеке-жеке күлкі әңгімеден құралады. Сол әңгімелерге
қарағанда, Тонтайлар қалың қазақ ортасының үнемі көңілін
көтеріп жүрген, таусылмайтын думаны, ұдайы қызық
күлдіргісі. Бүгінгі Еуропа, Американың Чарли Чаплині
сияқты болған. Осы Тонтайдың інісінен туған әйел бала
Ұлжан болады.
Ұлжан сабырлы, кең мінезді кісі болған. Абай балалық
шағын сөз қылғанда, өз шешесіне қатты ырза болып,
Айғызға іші ренжіңкірейді екен. Анау күндестікті көп
сыртқа шығарып, білдірмесе де, Айғыз сол жағынан белгі
бергіш болса керек. Бұнысы Абайдың бала шағында көп
қатынды тұрмыстың бар зарын татып, тағы да неше алуан
ауыр қайшылықты көріп өскендігін де сездіреді.
Ұлжанда тұқымының тауып айтқыш қалжыңшылдығы
әбден болған. Анда-санда әлдеқалай айтып қалған сөздері
қалжың болып, ел есінде ұмытылмай сақталады. Мыса-
лы, Ұлжан да өлерінде қалжың айтқан. Ауылдың үлкенінің
біреуі кеп ауырып жатқан Ұлжанның жәйін сұрап, “өлем
деп жатырмысың, қалай көрінеді”, – дегенде: “Ой шіркін,
мен бұрын өліп көріппін бе, қалай екенін қайдан білейін”, –
депті.
Ұлжан қолында Шектібай деген бауыры көп жүрген.
Шаншардан келіп, жиендерінің аулында қонақ боп, ойын
салып жүретін сауыққой, сықақшыл, күлдіргі адам болған.
Сол Ұлжан ұлғайып келген кезде, бір күні өзі бірге туған
апасы Ұлжанды “әже” депті. Ұлжан ашуланып “қағынып
кеткенбісің?” дегенде, Шектібай: “Е, жұрттың бәрі жер
күңірентіп әже, әже деп жүргенде, жалғыз мен жаңа тілім
шыққан баладай апа, апа деп отырайын ба?” – депті. Сонда
Ұлжан: “Қыз болса мені іздеп келер ме еді, бүйтіп сөйлер ме
еді, сатып алсаң да еркек бол!” – депті.
Осындай кесек қалжың, ажуаға Ұлжан көп көнтерлі, көп
созымды, тапқыр болған. Қиын жайды, қысталаңды күлкі
сөзге айналдыру – қалың қазақтың, әсіресе Шаншардың
ата мінезі.
142
Тонтай өлерінде маңайына жиылып келіп отырған қожа-
молдаларға қарап: “Жазыла-жазыла қожа-молдадан ұят
болды, енді өлмесек болмас”, – деп айтты деген сөз екінің
бірі білетін мәтел болып кеткен. Осындай тапқырлық және
біреудің мінін ащы тілмен қатты түйрегіштік нағашысы
мен шеше жағынан Абайға да мол келген. Шынға келгенде,
Абайдан қалған сөздің ішінде барлық ақындықтың шарты
болатын, жалынды, жанды, өткір сезімді былай қойғанда,
қалған сарынның ішінде салқын ақылмен сөйлегіштік көп
пе, жоқ, шанышпа тілді, сатиралы ащы мысқыл, улы күлкіге
бой ұрғандық көп пе? Біздің ұғымымызша, соңғы түрі көп
сияқты.
Құнанбай жанның бәріне салқын болған қалпында
өзінің балаларына да зілді болған. Сол зілін жас шағында
Абай да көп көреді, басынан көп кешеді. Ал Ұлжан мінезді
адам болғандықтан, орайы келгенде, өзінің бала, ба уыр,
қайын сияқтыларына мысқыл әзілді айта береді екен,
қалжыңмен жауаптасуды Абайға бала күнінен өзі де еккен
сияқты. Осының бір мысалы бар: Абайды сүндетке 8-9-ға
ілініп, ересек болып қалғанда отырғызса керек. Сонда Абай
қашып жылап: “Құдай, бүйткенше қыз ғып жаратпаған
екенсің!” – депті. Ұлжан соған: “Балам-ау, қыз болсаң бала
таппас па ең, содан қиын боп па?” – дейді. Абай: “Ә, онысы
тағы бар ма еді!” деп уанады екен.
Абайдың ақындық жолында өзге талай жазушы, талай
ақынның жолынан бөлек, өзіне ғана хас, ерекше тағдыры
болған. Ақындығындағы сол ерекшелік Абайдың бала күні-
нен бастап, соңғы өлер шағына шейін өзгеше шарттардың
ішінде өткен ерекше өмірінен туған. Сондықтан енді қолға
түскен азын-аулақ мағлұматтар бойынша Абайдың өз
басының өміріне келейік.
Абай жоғарыда айтылғандай, екі шешенің тел баласы
болып жүрген, кішкене кезінде сырт мінез жағынан аңқау,
нанғыш және тентек бала болса керек. Бірақ сол кішкене
күнінде өзге балалардан ерекше жері, үйге қонған қонақтың
әлдеқалай айтқан ертегі сияқты әңгімелерін құлай тыңдайды.
Жай өмірде пысық, ширақ емес, аңқау болғандықтан, өз
шешесінің аулындағы үлкендері Құнанбайдың бұл баласы-
143
нан да Күнкенің қолындағы Ысқақтан көбірек дәме қылған.
Ол Абайға қарағанда жас күнінен тықылдаған пысық, ширақ
болса керек.
Абай он жасқа келгенде әкесі Семей қаласына әкеліп
Достарыңызбен бөлісу: |