Айналыстың кинетикалық энергиясы. Абсолют қатты дененің қозғалмайтын осьтен айналысын қарастырайық. Осы денені ойша кішкене көлемшелерге бөлейік, оның массалары айналмайтын осьтен қашықта болсын. Қатты денелердің оське қатысты айналысында массалары әр түрлі радиусты шеңберлер сыза қозғалып, сызықтық жылдамдыққа ие болады.
Бірақ біздің қарастырып отырғанымыз абсолют қатты дене болғандықтан, оның қозғалысының бұрыштық жылдамдығы бірдей болады:
Дененің айналмалы қозғалысының кинетикалық энергиясы оның жеке бөліктерінің кинетикалық энергиясынан құралады:
немесе
бұған енді i=riω өрнегін пайдалансақ:
Сонымен, қозғалмайтын остьтен айналатын дененің кинетикалық энергиясы деп, осы оське қатысты инерция моменті мен бұрыштық жылдамдықтың квадратының көбейтіндісінің жартысына тең шаманы айтады:
Бұл өрнек ілгерімелі қозғалатын дененің кинетикалық энергиясына ұқсас келеді. Айналмалы қозғалыс кезінде массасының рөлін инерция моменті, ал сызықтық жылдамдық рөлін бұрыштық жылдамдық атқарады. Көлбеу жазықтықтан домалап келе жатқан дененің, мысалы цилиндрдің, кинетикалық энергиясы ілгерімелі қозғалыс энергиясы мен айналмалы қозғалыс энергиясының қосындысынан тұрады:
Күш моменті. Қозғалмайтын 0 нүктесіне байланысты күш моменті деп, 0 нүктесінен нүктесіне жүргізілген радиус-вектор векторы мен оған түскен күшінің көбейтіндісіне тең физикалық шаманы айтады:
Мұндағы псевдовектор, оның бағыты - ден -ке қарай бұрағандағы оң бұранданың ілгерімелі қозғалыс бағытымен бағыттас. Күш моментінің модулі:
мұндағы бұрышы мен арасындағы бұрыш, – бұл 0 нүктесі мен әсер етуші күш сызығының арасындағы ең қысқа арақашықтық күш иіні деп аталады. Сонда күш моменті айналдырушы күш пен айналу осіне дейінгі ең қысқа арақашықтық, иіннің көбейтіндісіне тең.
Енді осы денені айналдырған кездегі жұмыстың өрнегін анықтайық. Айналмайтын 0 осьтен қашықтығы нүктесіне күші әсер етсін. Күштің бағыты мен векторының арасындағы бұрыш -ға тең.
Денеміз абсолют қатты дене болғандықтан, осы айналдырушы күш жұмысы осы дененің түгел бұрылуына жұмсалған жұмысына тең. Дене өте азғантай dφбұрышқа бұрылған кезде, В нүктесі dS жол жүреді: dS=rdφ. Бұрылған кездегі істелген жұмыс бұрылу бағытына түсірілген күш проекциясы мен бұрылу шамасының көбейтіндісіне тең: , мұндағы , сонда . Бізге бұрыннан r sinα = lиінді береді, ал күш моментін береді. Сондықтан яғни денені айналдырғандағы істелінген жұмыс әсер етуші күш моменті мен бұрылу бұрышының көбейтіндісіне тең.
Денені айналдырғанда істелінген жұмыс оның кинетикалық энергиясының өсуіне жұмсалады:
бірақ , сондықтан немесе ескере отырып, мына өрнекті аламыз:
Денеге әсер етуші күш моменті дененің инерция моменті мен бұрыштық үдеуінің көбейтіндісіне тең: – қозғалмайтын оське қатысты қатты дененің айналмалы қозғалысының динамикалық теңдеуін береді.