Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі



Pdf көрінісі
бет20/20
Дата18.03.2017
өлшемі1,09 Mb.
#10020
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
      11. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін портал арқылы мынадай
құжаттардың тізбесін тапсырады:
      1) лицензияны алған кезде мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлы қолы қойылған
электрондық түрдегі өтініші;
      2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлы қолы
қойылған электрондық түрдегі өтініші;
      3) лицензияның телнұсқаларын беру кезінде мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлы
қолы қойылған электрондық түрдегі өтініші;
      4) Жарғы сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;
      5) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар сканерленген көшірмелер түрінде
электрондық сұранысқа тіркеледі.
      Құжаттардың деректері:
      өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі;
      лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы мәлімет.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган
тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы электрондық цифрлы қолтаңбамен расталған
электрондық құжаттар түрінде өздігінен алады.
      Заңды тұлғаның бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта

ұйымдастырылуына немесе атауы және (немесе) заңды мекенжайының өзгеруіне байланысты лицензияны
қайта ресімдеу кезінде бюджетке қызметтің жекелеген түрімен шұғылдану құқығына лицензиялық
алымның төленгенін растайтын мәлімет ұсынылады.
      Заңды тұлғаның бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта
ұйымдастырылуына немесе атауы және (немесе) заңды мекенжайының өзгеруіне байланысты лицензияны
қайта ресімдеу кезінде лицензияның және лицензияға қосымшалардың деректері немесе лицензияның
және лицензияға косымшаның сканерленген көшірмелері электрондық сұранысқа тіркеледі.
      Бланктің бүлінуі себебінен лицензияның телнұсқаларын беру кезіндегі бүлінген бланк
(уәкілетті органға қайтарылады).
      Жоғалуына байланысты лицензияның телнұсқасын беру кезінде жоғалған заттарды табу бюросының
анықтамасы сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі.
      Лицензияның телнұсқасын беру кезінде жекелеген қызмет түрімен айналысу құқығы үшін
бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы мәлімет ұсынылады.
      12. Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін сұранысты электрондық нысанда толтыру
қажет.
      13. Порталда электрондық өтініштерді қабылдау мемлекеттік қызметті алушының «жеке
кабинетінде» жүзеге асырылады. Сұраныс автоматты түрде таңдалған қызметті көрсететін уәкілетті
органға жолданады.
      14. Мемлекеттік қызметті алушы портал арқылы өтініш берген жағдайда оның порталдағы «жеке
кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсету үшін берілген сұранысының қабылданғаны туралы
хабарлама-есеп жіберіледі.
      15. Көрсетілген қызметтің нәтіжесін порталда жеткізу тәсілі – «еке кабинетте».
      16. Егер:
      1) осы стандарттың 
 сәйкес барлық тиісті құжаттар ұсынылмаса (мемлекеттік
11-тармағына
қызметті алушы аталған кедергілерді жойған кезде берілген өтініш жалпы негізде қаралады);
      2) лицензияны қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын алуға, білім беру қызметін жүргізу
құқығына бюджетке лицензиялық алым төленбеген жағдайда;
      3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
      4) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды
күшіне енген сот үкімі болса;
      5) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабында қарастырылған
негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
      Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты
порталда «жеке кабинет» арқылы электрондық құжат түрінде алады.
3. Жұмыс қағидаттары
      17. Мемлекеттік қызметті алушыға қатысты уәкілетті органның қызметі:
      1) тұлғаның конституциялық құқығы мен бостандығын сақтау;
      2) қызметтік міндетті орындау кезінде заңдылықты сақтау;
      3) мемлекеттік қызметті алушымен жұмыс кезінде сыпайылық таныту;
      4) мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпаратты толық және жеткілікті түрде беру;
      5) өтінішті қарау барысында лауазымды тұлға қызметінің айқындылығы;
      6) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
      7) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты қорғау және құпиялығын
сақтау қағидаттарына негізделеді.
4. Жұмыс нәтижелері
      18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелері осы
стандартқа 
 сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
1-қосымшаға

      19. Мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсаты мәні жыл сайын
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
      20. Осы стандартқа 
 уәкілетті орган қызметкерлерінің әрекетіне
2-қосымшада
(әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібін түсіндіретін және шағымды дайындауға жәрдем көрсететін
лауазымды тұлғаның байланыс деректері көрсетілген.
      Портал жұмысына шағымдану тәртібі туралы ақпаратты саll-орталықтың (1414) телефоны арқылы
алуға болады.
      21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағымдар мемлекеттік
қызметті алушының таңдауы бойынша:
      1) уәкілетті органның www.educontrol.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсының
«сұрақ-жауап» бөлімінде;
      2) www.edu.gov.kz адресі бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
блогына;
      3) 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8 үй, 11-кіреберіс мекен-жайы
бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде орналасқан шағымдар мен
ұсыныстарға арналған жәшік арқылы;
      4) 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8 үй, 11-кіреберіс мекен-жайы
бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жазбаша түрде арыз беру арқылы
жіберіледі.
      22. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде дөрекі қызмет көрсетуге байланысты мемлекеттік
қызметті алушы тарапынан шағымдар:
      1) осы стандарттың 21-тармағының 
 мекенжайы мен телефоны көрсетілген
3) тармақшасында
уәкілетті орган басшысының атына;
      2) порталға саll-орталықтың (1414) телефон нөмірі арқылы жолданады.
      23. Мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының
заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      24. Шағым көрсетілген мәселелерді шешу құзыретіне кіретін субъект немесе лауазымды
тұлғаның атына жіберілуі керек.
      Шағымда тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда),
пошталық мекенжайы, мерзімі көрсетіледі. Шағымға мемлекеттік қызметті алушының қолы қойылуы
тиіс. Шағым берілген кезде шағымданған лауазымды тұлғаның аты-жөні, лауазымы, шағымдану себебі
мен талаптары көрсетіледі.
      25. Қабылданған шағым уәкілетті органның жеке және заңды тұлғаларды ң өтініштерін есепке
алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы»
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы 
 белгіленген мерзімде қаралады. Өтініш
Заңында
берушіге мерзімі мен уақыты, өтінішті (шағымды) қабылдаған тұлғаның аты-жөні көрсетілген талон
беріледі. Шағымданушыға шағымның нәтижелері туралы жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
      26. Портал: мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінен» портал арқылы электрондық
өтініш жіберілгеннен кейін мемлекеттік органда өтініштерді өңдеу барысында жаңартылатын өтініш
туралы (жеткізілгені туралы белгі, тіркеу, орындалуы, қаралғаны туралы немесе қаралудан бас
тартылғаны туралы жауапты) ақпарат қолжетімді болады.
«Республикалық бюджет қаражаты есебінен    
қаржыландырылатын білім беру ұйымдарына    
білім беру қызметін жүргізуге лицензия беру, 
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын   
беру» мемлекеттік қызметінің стандартына    
1- қосымша                 

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және тиімділік
көрсеткіштері
Көрсеткіштің
нормативтік
мәні
Келесі жылдағы
көрсеткіштің
нысаналы мәні
Есеп жылындағы
көрсеткіштің ағымдағы
мәні
1
2
3
4
1. Уақытылық
1.1. құжат тапсырылған кезден
белгіленген мерзімде қызмет
көрсету жағдайларының %
(үлесі)
2. Сапа
2.1. қызмет көрсету барысының
сапасына қанағаттанған
тұтынушылар % (үлесі)
3. Қолжетімділік
3.1. қызмет көрсету сапасы
және қызмет көрсету туралы
ақпаратқа қанағаттанған
тұтынушылар % (үлесі)
3.2. ақпарат электрондық
түрде қолжетімді қызметтер %
(үлесі)
4. Шағымдану барысы
4.1. осы қызмет бойынша
қызмет көрсетілген
тұтынушылардың жалпы санына
негізделген шағымдардың %
(үлесі)
5. Сыпайылылық
5.1.персоналдың
сыпайылылығына қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)
«Республикалық бюджет қаражаты есебінен    
қаржыландырылатын білім беру ұйымдарына    
білім беру қызметін жүргізуге лицензия беру, 
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын   
беру» мемлекеттік қызметінің стандартына    
2-қосымша                 
Лауазымды тұлғалардың байланыс деректері

Аты-жөні
Лауазымы
Мекен-жай
Телефон
1
2
3
4
5
ҚР БҒМ Білім және
ғылым саласындағы
Астана қаласы
Орынбор көшесі, 8,

1
Ахметов Әлтайыр Амангелдіұлы бақылау комитеті
төрағасының орынбасары
Министрліктер үйі
11-кіреберіс,
841-бөлме
74-15-43
2
Бөлебаева Ләззат
Кайдирбекқызы
ҚР БҒМ Білім және
ғылым саласындағы
бақылау комитеті
төрағасының орынбасары
Астана қаласы
Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі
11-кіреберіс,
946-бөлме
74-22-14
3
Гаипов Зұлфұхар Сұлтанұлы
ҚР БҒМ Білім және
ғылым саласындағы
бақылау комитеті
төрағасының орынбасары
Астана қаласы
Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі
11-кіреберіс,
837-бөлме
74-23-75
Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2012 жылғы 31 тамыздағы 
№ 1119 қаулысымен    
бекітілген     
«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат
нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
      Ескерту. Стандарт алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 23.05.2014 
 қаулысымен (алғашқы
№ 538
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет