Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні



Pdf көрінісі
бет4/20
Дата18.03.2017
өлшемі1,09 Mb.
#10020
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және тиімділік көрсеткіштері
Көрсеткіштің
нормативтік мәні
Келесі жылдардағы
көрсеткіштің
мақсаттық мәні
Есептік жылдағы
көрсеткіштің
ағымды мәні
1
2
3
4
1. Уақтылығы
1.1. Құжат тапсырылған сәттен
бастап белгіленген мерзімде қызмет
көрсету жағдайларының % (үлесі)
2. Сапасы
2.1. Қызмет көрсету процесінің
сапасына қанағаттанған мемлекеттік
қызметті алушылардың % (үлесі)
3. Қолжетімділік
3.1. Қызмет көрсетудің сапасына
және оны көрсету тәртібі туралы
ақпаратқа қанағаттанған
мемлекеттік қызметті алушылардың %
(үлесі)
3.2. Ақпаратқа электрондық
форматта қол жеткізуге болатын
қызметтердің % (үлесі)
4. Шағымдану процесі
4.1. Шағымданудың қазіргі
тәртібіне қанағаттанған
мемлекеттік қызметті алушылардың %
(үлесі)
5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына
қанағаттанған мемлекеттік қызметті
алушылардың % (үлесі)
«Болашақ» халықаралық стипендиясын
тағайындауға арналған конкурсқа  
қатысу үшін құжаттар қабылдау»  
мемлекеттік қызмет стандартына  
6-қосымша            
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы
басшылығының байланыс телефондары
Лауазымы
Телефоны
Президенттің қабылдау бөлмесі
69 51 36
44 89 00
Вице-президент
69 51 34
Вице-президент
44 88 95
Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2012 жылғы 31 тамыздағы 
№ 1119 қаулысымен    
бекітілген     
«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау»
мемлекеттік қызмет стандарты
      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.07.2013 
 қаулысымен (алғашқы
№ 699
ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жалпы ережелер
      1. «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі –
мемлекеттік қызмет) Астана қаласы, сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, 11
кіреберіс мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім
және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) және Астана қ., Жеңіс д., 16\1,
4-қабат, сол қанат мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы
республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық) көрсетеді, сондай-ақ баламалы негізде
мекенжайлары осы стандартқа 
 көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан
1-қосымшада
әрі – ХҚО) арқылы 
.
көрсетіледі
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы
Заңының 39-бабының 
, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10
4-тармағы
қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау 
 негізінде жүзеге асырылады.
ережесінің

      4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі туралы толық ақпарат:
      1) Комитеттің интернет-ресурсында (www.educontrol.kz.);
      2) орталықтың интернет-ресурсында (www.naric-Kazahstan.kz);
      3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді
автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру
комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі
– ХҚО РМК) www.con.gov.kz. интернет-ресурсында;
      4) ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа 
 сәйкес ХҚО үй-жайларындағы
1-қосымшаға
стенділерде орналастырылады.
      Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты 8 (7172) 74-24-29,
73-17-43, 73-17-44, 73-17-50 және call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414
телефондары арқылы білуге болады.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі білім туралы құжаттарды
тану/нострификациялау туралы қағаз тасымалдағыштағы куәлік не қызмет көрсетуден бас тарту туралы
жазбаша түрдегі дәлелді жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттары бар жеке
тұлғаларға (бұдан әрі — мемлекеттік қызметті алушылар), сондай-ақ сенімхат негізінде мемлекеттік
қызметті алушының мүддесін білдіретін адамдарға көрсетіледі.
      7. Орталыққа өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі:
      1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 
 айқындалған қажетті құжаттарды
11-тармағында
тапсырған сәттен бастап – 4 ай.
      Қарау мерзімі мына жағдайларда ұзартылады:
      егер білім туралы құжат қазақстандық жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру
стандарттарына (ҚР МЖБС) сәйкес келмесе, онда орталық мемлекеттік қызметті алушыға күнтізбелік
30 күн ішінде білім беру ұйымында тестілеуден өту қажеттілігі туралы жазбаша хабарлама береді;
      егер білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы мемлекеттік қызметті алушының білім
туралы құжаттарының түпнұсқалығын растау жөніндегі орталықтың сұрауына күнтізбелік 30 күнге
дейін жауап бермесе;
      2) мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттар пакетін тапсыруға ниеттенген мемлекеттік
қызметті алушының күту уақытының барынша ұзақтығы – 20 минуттан аспайды, құжаттарды тапсырғанын
растайтын анықтаманы алу үшін күту уақытының барынша ұзақтығы – 20 минуттан аспайды;
      3) мемлекеттік қызметті алушыға өтініш жасаған күні сол жерде көрсетілетін қызметті
көрсету үшін рұқсат етілетін ең ұзақ уақыт – 20 минуттан аспайды.
      ХҚО-ға өтініш берген жағдайда:
      1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 
 айқындалған қажетті құжаттарды
11-тармағында
тапсырған сәттен бастап – 4 ай.
      Қарау мерзімі мына жағдайларда ұзартылады:
      егер білім туралы құжат қазақстандық жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру
стандарттарына (ҚР МЖБС) сәйкес келмесе, онда орталық мемлекеттік қызметті алушыға күнтізбелік
30 күн ішінде білім беру ұйымында тестілеуден өту қажеттілігі туралы жазбаша хабарлама береді;
      егер білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы мемлекеттік қызметті алушының білім
туралы құжаттарының түпнұсқалығын растау жөніндегі орталықтың сұрауына күнтізбелік 30 күнге
дейін жауап бермесе;
      2) мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттар пакетін тапсыруға ниеттенген мемлекеттік
қызметті алушының күту уақытының барынша ұзақтығы – 20 минуттан аспайды, құжаттарды тапсырғанын
растайтын анықтаманы алу үшін күту уақытының барынша ұзақтығы – 20 минуттан аспайды;
      3) мемлекеттік қызметті алушыға өтініш жасаған күні сол жерде көрсетілетін қызметті
көрсету үшін рұқсат етілетін ең ұзақ уақыт – 20 минуттан аспайды.
      ХҚО арқылы мемлекеттік қызметті жүзеге асыру кезінде құжаттарды ресімдеуде қандай да бір
кемшіліктер табылса не осы стандарттың 
 көрсетілген құжаттар пакеті толық
11-тармағында
ұсынылмаған жағдайда, орталық бес жұмыс күні ішінде бас тартудың себептерін негіздей отырып
ХҚО-ға хабар жібереді.
      Электронды жауапты алғаннан кейін ХҚО бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті алушыға
хабар жібереді және орталықтың қайтару/бас тарту себептері туралы негіздемесін береді.

      8. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету құны кеткен
шығындарды ескере отырып анықталады және оны орталық директоры бекітеді. Ақы төлеу қолма-қол
ақшасыз баға көрсеткішіне сәйкес жүргізіледі.
      Банк деректемелері:
      ҚР БҒМ «БПАҰО» РМК
      СТН 620200256368
      БСН 050640004360
      ЖСК KZ117998ВТВ0000002884
      «Цеснабанк» АҚ астаналық филиалы
      BCK TSES KZ KA
      Кбе 16
      Түбіртек нысаны ақы төлеу жүргізілетін банктің қалауы бойынша белгіленеді. Жеделдетіп
қызмет көрсету көзделмеген.
      9. Мемлекеттік қызмет:
      орталыққа өтініш жасаған жағдайда:
      сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен бейсенбі аралығында сағат
09.00-ден 13.00-ге дейін көрсетіледі. Куәліктер сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда,
күн сайын 09.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін) беріледі.
      Алдын ала жазылу немесе қызметті жеделдетіп ресімдеу көзделмеген.
      ХҚО-ға өтініш жасаған жағдайда:
      жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда,
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген жұмыс кестесі бойынша сағат
09.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады. Қабылдау «электрондық» кезек күту
тәртібімен, жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүргізіледі.
      10. Орталықта құжаттарды қабылдау кеңсенің жеке кабинетінде жүзеге асырылады. Қажетті
құжаттар тізбесі, құжаттар мен өтініштерді толтыру үлгілері, жұмыс кестесі көрсетілген
ақпараттық стенд бар. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін лифт мен пандус көзделген.
      Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша ХҚО ғимаратында
да көрсетіледі, онда мемлекеттік қызметті алушыларға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға
қызмет көрсету үшін жағдай жасалған. Күту залында анықтама бюросы, күтуге арналған кресло,
бланкілерді толтыру үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
      11. Осы мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды
ұсынады:
      Орталыққа:
      1) осы стандартқа 
 сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттарды
2-қосымшаға
тану/нострификациялау туралы өтініш;
      2) білім туралы құжат (қажет болған жағдайда мемлекеттік немесе орыс тіліндегі
аудармасымен бірге);
      3) білім туралы құжаттың: өткен оқу пәндері мен практикасы (бар болса) сағатының көлемі,
алған қорытынды бағалары, курстық және бітіру кезіндегі біліктілік жұмыстары, оқу процесін
құрайтын басқа да ақпараттар бар қосымшасы (қажет болған жағдайда, мемлекеттік немесе орыс
тіліндегі аудармасымен бірге);
      4) білім туралы құжаттың және оның қосымшасының мемлекеттік және/немесе орыс тіліне
нотариалды куәландырылған аудармасы;
      5) білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған
көшірмесі (қажет болған жағдайда мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге).
      Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын
ауыстырса, растау құжаттарының (неке туралы куәлік, жеке куәлік немесе паспорт) нотариалды
куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет;
      6) оқу орнының мөрімен расталған негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік

үлгідегі құжаттарды қоспағанда, білім туралы құжатты берген оқу орнын аккредиттеу туралы
лицензияның және/немесе куәліктің көшірмесі (қажет болған жағдайда мемлекеттік және/немесе орыс
тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен бірге). Оқу орнының лицензиясы және/немесе
аккредиттеу туралы куәлігі болмаған жағдайда, білім беру ұйымы туралы қажетті ақпаратты беру
(сайттарға және басқа да дереккөздерге сілтеме жасай отырып) қажет;
      7) төлем туралы түбіртек;
      8) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (жеке куәлік немесе паспорт) және
алушының өкілі өтініш берген кезде қызметті уәкілдікке өкілеттілігін куәландыратын құжат.
      Білім беру ұйымы берген білім туралы диплом немесе оның қосымшалары апостильденген және
ресмилендірілген болуы тиіс не алушы оқу орнынан өзінің оқығандығын растайтын мұрағаттық
анықтаманы ұсынуы қажет.
      Білім туралы ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығына мемлекеттік қызметті алушы жауапты
болады.
      ХҚО-да:
      1) тану/нострификациялау туралы өтініш;
      2) білім туралы құжат (қажет болған жағдайда мемлекеттік немесе орыс тіліндегі
аудармасымен бірге);
      3) білім туралы құжаттың: өткен оқу пәндері мен практикасы (бар болса) сағатының көлемі,
алған қорытынды бағалары, курстық және бітіру кезіндегі біліктілік жұмыстары, оқу процесін
құрайтын басқа да ақпараттар бар қосымшасы (қажет болған жағдайда мемлекеттік немесе орыс
тіліндегі аудармасымен бірге);
      4) білім туралы құжаттың және оның қосымшасының мемлекеттік және/немесе орыс тіліне
нотариалды куәландырылған аудармасы;
      5) білім туралы құжат иесінің жеке куәлігі мен паспорты (Қазақстан Республикасының
резиденті болмаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмесі) (қажет болған жағдайда
мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге).
      Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын
ауыстырған жағдайда растау құжатының (неке туралы куәлік, жеке куәлік, паспорт) электронды
көшірмесін көрсетуі қажет;
      6) оқу орнының мөрімен расталған негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік
үлгідегі құжаттарды қоспағанда, білім туралы құжатты берген оқу орнын аккредиттеу туралы
куәліктің және/немесе лицензияның көшірмесі (қажет болған жағдайда мемлекеттік және/немесе орыс
тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен). Егер оқу орнының лицензиясы және/немесе
аккредиттеу туралы куәлігі болмаған жағдайда білім беру ұйымы туралы электронды ақпаратты беру
(сайттарға және басқа да дереккөздерге сілтемемен) қажет;
      7) төлем туралы түбіртек;
      8) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (жеке куәлік немесе паспорт) және
алушының өкілі өтініш берген кезде қызметті өкілдікке өкілеттілігін куәландыратын құжат.
      Білім беру ұйымы берген білім туралы диплом немесе оның қосымшалары апостильденген және
ресмилендірілген болуы тиіс не алушы оқу орнынан өзінің оқығандығын растайтын мұрағаттық
анықтаманы ұсынуы қажет.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі жеке басты куәландыратын, өкілдікке өкілеттікті
растайтын құжаттардың мәліметтерін, неке туралы куәлікті ХҚО тиісті мемлекеттік ақпараттық
жүйелерден ХҚО-ның ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ)
куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.
      Өтініш, білім туралы құжат және оның қосымшалары, білім туралы құжат пен оның қосымшасының
нотариалдық куәландырылған аудармасы, неке туралы куәлік, білім туралы құжатты берген оқу
орнының лицензиясы және/немесе аккредиттеу туралы куәлік, төлемдер туралы түбіртек, оқу орнынан
марапаттық анықтама, уәкілетті өкілдің жеке куәлігі мен паспорты және өкілдікке өкілеттікті
растайтын құжат – мемлекеттік қызметті алушының өкілі өтініш берген жағдайда ХҚО қызметкерлері
ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері нысанында сұранысқа бекітіледі.
      ХҚО қызметкері құжаттарды қабылдау кезінде құжаттардың түпнұсқаларын мемлекеттік
ақпараттық жүйе арқылы ұсынылған мәліметтермен және құжаттардың электрондық көшірмелерімен
салыстырады, содан кейін түпнұсқаларды алушыға қайтарып береді.

      Құжаттың аудармаларын куәландыруды Қазақстан Республикасы аумағындағы нотариус немесе
құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары жүзеге асырады.
      ХҚО-ға келіп түскен құжаттар пошта аударымдары арқылы орталыққа да қоса жіберіледі. Пошта
арқылы аударым жасау ХҚО есебінен жүзеге асырылады.
      12. Білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы өтініштердің үлгілері Орталықтың
www.naric-Kazahstan.kz сайтына орналастырылады.
      ХҚО-да өтініштердің бланкілері арнайы орында не ХҚО консультанттарында болады, сондай-ақ
ХҚО РМК-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсына орналастырылады.
      13. Орталықта белгіленген нысан бойынша толтырылған өтініштің бланкісі осы стандарттың 
 көрсетілген құжаттар тізбесінің барлығымен бірге мына мекенжайға тапсырылады:
11-тармағында
Астана қ., Жеңіс даңғ., 16\1, 4-қабат.
      ХҚО-да құжаттарды қабылдау операциялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы жүзеге
асырылады.
      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттардың тапсырылғанын орталық берген,
төмендегі мәліметтер көрсетілген анықтама растайды:
      1) құжаттарды қабылдау күні мен нөмірі;
      2) мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты; уәкілетті өкілдің тегі, аты,
әкесінің аты;
      3) ұсынылған білім туралы құжатты берген білім беру ұйымының атауы;
      4) білім туралы құжаттың нөмірі мен сериясы;
      5) осы стандарттың 
 сәйкес құжаттармен бірге өтінішті қабылдаған орталық
11-тармағына
маманының тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы;
      6) сұралған мемлекеттік қызметтің түрі.
      ХҚО-ға өтініш жасаған жағдайда тиісті құжаттардың қабылданғандығы туралы қолхат беріледі,
онда мына мәліметтер көрсетіледі:
      1) өтінімнің қабылданған күні мен нөмірі;
      2) сұралған мемлекеттік қызмет түрі;
      3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
      4) құжаттар берілетін күні (уақыты) және орны;
      5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
      6) мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты; уәкілетті өкілдің тегі, аты,
әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.
      Орталық және ХҚО қызметкерлері сұралатын мемлекеттік қызмет түрін осы стандартқа 
 сәйкес анықтайды.
3-қосымшаға
      15. Білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы куәлікті алу үшін мемлекеттік
қызметті алушының өзі немесе мемлекеттік қызметті алушының сенімхатымен уәкілеттік берілген
адамдардың келуі талап етіледі.
      ХҚО-да мемлекеттік қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді ХҚО қызметкері қолхат
негізінде онда көрсетілген мерзімде «терезе» арқылы жүзеге асырады.
      Егер мемлекеттік қызметті алушы белгіленген мерзім ішінде құжаттарын алуға келмеген
жағдайда, ХҚО құжаттардың 1 ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін құжатты орталыққа
береді.
      Мемлекеттік қызметтің көрсетілуіне жауапты адамдар Орталық және/немесе ХҚО басшылары болып
табылады. Орталық пен ХҚО мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа  , 
1
5-қосымшаларда
көрсетілген.
      16. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
      1) осы стандарттың 
 көрсетілген құжаттар пакетінің толық ұсынылмауы;
11-тармағында
      2) мемлекеттік қызметтерді алушылардың шетелдік білім беру ұйымдарында оқығаны және білім
туралы құжаттың берілгені 4 ай ішінде расталмаған жағдайда;
      3) ұсынылған білім туралы құжатта Қазақстан Республикасының білім деңгейлері бойынша
даярлау бағыттары мен мамандықтар не ұқсас мамандықтар жіктеуішінде жоқ біліктіліктердің
көрсетілу фактісі;
      4) мемлекеттік қызметті алушының Орталықтан жазбаша хабарлама алғаннан кейін 1 жыл ішінде
тест тапсыруға келмеуі;

      5) теріс нәтижелер негізінде тестілеуден өтпеуі.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету үшін
төленген ақы қайтарылмайды.
      Білім туралы құжаттың жасанды екені анықталған жағдайда, Орталық бұл фактіні Комитеттің
назарына жеткізеді, ол заңнамада белгіленген тәртіппен шешім қабылдайды.
      Егер білім алған елдің білім беру құрауышы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандартының құрауышына сәйкес келмесе (айырма 35 %-дан асса), Орталық
мемлекеттік қызметті алушыны тестілеуден өту үшін тиісті білім беру ұйымына жібереді. Тестілеу
нәтижесі оң болған жағдайда, мемлекеттік қызметті алушының құжаттары орталықтың сараптау
комиссиясының отырысында қарастырады, олай болмаған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуден
бас тартыла отырып, құжаттар пакеті иесіне қайтарылады.
      Мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 
 көрсетілген құжаттардың бірін
11-тармағында
ұсынбаған жағдайда, ХҚО құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
      Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда орталық қызметкері мемлекеттік қызметті
алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып, қолхат береді.
3. Жұмыс қағидаттары
      17. Орталық және ХҚО мемлекеттік қызметті көрсету кезінде:
      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандығын сақтау;
      2) қызметтік борышты атқару кезінде заңдылықты сақтау;
      3) жан-жақты және толық ақпарат беру;
      4) сыпайылық;
      5) мемлекеттік қызметті алушылар құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың қорғалуын,
сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылған
жағдайда құжаттардың қайтарылуына кепілдік беру қағидаттарын ұстанады.
4. Жұмыс нәтижелері
      18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы
стандартқа 
 сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
4-қосымшаға
      19. Мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де
субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділік
көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
тиісті бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
      20. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданудың тәртібін
түсіндіру және шағымды дайындауға көмек көрсету үшін Комитетте жауапты (төраға, талдау жұмысы
және мониторинг басқармасының бастығы, талдау жұмысы және мониторинг басқармасының сарапшысы)
тұлғалар белгіленеді.
      Орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты осы
стандартқа 
, ХҚО қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданудың тәртібі
5-қосымшада
туралы ақпаратты осы стандарттың 
 көрсетілген телефондар арқылы, сондай-ақ
1-қосымшасында
ақпараттық-анықтамалық қызметтің 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      21. Орталық тарапынан көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда,
мемлекеттік қызметті алушылар жоғары тұрған орынға – 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй
мекенжайында орналасқан Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау
комитетіне (интернет-ресурс: www.educontrol.kz) хабарласуына болады.
      Шағым Комитетке кеңсе арқылы беріледі (834-бөлме, байланыс телефоны: (87172) 74-23-77).

Жұмыс кестесі: 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен 09.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс
күндері - сенбі, жексенбі.
      22. Мына:
      1) орталық қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағымды мемлекеттік қызметті алушы
еркін нысанда жазбаша түрде орталық басшысының атына береді. Басшының мекенжайы мен телефоны осы
стандартқа 
 көрсетілген. Қажет болған жағдайда мәселенің сипатына байланысты қосымша
5-қосымшада
құжаттар қоса беріледі;
      2) ХҚО қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым ХҚО басшысының атына беріледі.
ХҚО басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 
 көрсетілген.
1-қосымшада
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік
қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      24. Шағым ауызша немесе жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электронды түрде не орталықтың
кеңсесі арқылы немесе ХҚО-ға жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
      25. Қабылданған шағым уәкілетті органның, орталықтың кіріс хат-хабарлар журналында
тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12
қаңтардағы Қазақстан Республикасының 
 белгіленген мерзімдерде қаралады.
Заңында
      Мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымының қабылданғаны туралы растама ретінде берілген
шағымға жауап берілетін күні мен уақыты, байланыс деректері, шағымды қарастыру барысын білуге
болатын адамның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
      Шағымды қарау нәтижелері мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы
жіберіледі.
      26. Комитет төрағасы мен Орталық, ХҚО басшыларының байланыс телефондары ресми ақпарат
көздерінде және Комитеттің, орталықтың, ХҚО-ның үй-жайларында орналасқан(стенділерде, сондай-ақ
осы стандарттың  , 
 көрсетіледі.
1
5-қосымшаларында
«Білім туралы құжаттарды    
тану және нострификациялау»  
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша         

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет